|
Египеттіктер 5 pageDate: 2015-10-07; view: 814. Патша қаланың үлгі жобасын, үлкен көшелердің, базарлардың және храмдардың орналасуын өзі сызып, өз атының Египетте ешқашан ұмытылмауын көздеп, қаланы Александрия деп атауға бұйрық берді. Фарос аралында биіктігі 100 метрлік маяк тұрғызылып, Александрия айлағына түнде келетін корабльдерге жол көрсетіп тұрды. Маяктың жарығы ондаған шақырымдардан көрінетін. Қала орны ретінде таңдалған жердің сәтті болғаны соншалық, Александрия каласы 50 жыл болмай жатып-ақ Египеттің ең көп тұрғыны бар, гүлденген қаласына айналды. Оның өркендеуі әлі күнге дейін жалғасып келеді. Александрияға қазір келіп-кететін туристердің саны ұшан-теңіз. Александр Египеттен Тигр мен Евфрат өзендерінің ортасындағы Ниневийге (Тигр өзенінің жағасындағы) жақын Гавгамелы деген жерге жетіп, парсы патшасы Ш Дарийдің әскерін талқандады. Дарийді көп ұзамастан өз айналасындағылар өлтірді. Македон әскері екі өзен ортасынан Орта (Орталық) Азияға жылжыды. Мұнда олар қатты қарсылыққа ұшырады. Тек қана үш жыл соғыстан соң, мындаған адамдарды қырып-жойып барып, македондықтар Орта Азияның шамалы ғана бөлігін бағындыруға қолы жетті. Әлі күнге дейін осы жерлерде македон патшасын еске түсіретін бірнеше туристік нысан бар. Орта Азия тұрғындары оны Ескендір Зұлқарнайын деп атайды. Мәселен, қазіргі Тәжікстан территориясын Ескендір көлі деген көл бар, ал осы көл жағасында туристік база жұмыс істейді. Туристерге сарқырама түбіндегі Александр демалған сәкіні көрсетіп, түн ішінде жақын жердегі қүз-жартастар арасынан македон патшасы Буцефалдың сүйікті атының көлеңкесі көрінеді деген аңыз айтады. Александр әскері Орта Азиядан Үндістанға қарай жылжып, Инд өзенінің бай аңғарларын жаулап алып, шығыстағы Ұлы мұхитқа дейін барғысы келді. Александр Индтің алқабынан соң тұрғын жер аяқталады деп есептеді, көзбен көре келе ол ойының дұрыс еместігіне көзі жетті. Үндістандықтармен қиян-кескі шайқастардан македониялықтар мен гректердің күші сарқылып, жорықты жалғастырудан бас тартгы. Сондықган да әскер Үнді мұхитына жеткенде екіге жарылды. Александр Үндістаннан Парсы шығанағына баратын теңіз жолын зерттеу қажет деп тауып, оны тәжірибелі теңізші Неахтың корабльдеріне тапсырды. Және оған Евфрат өзенінің ернеуіне дейін жүзуді бұйырды. Әскердің көп бөлігі патшаның өзінін басқаруымен батысқа, Үнді мұхитын жағалап кетгі. Ауыр да азапты екі айлық сапарда Александр 100 мың адамнан құралған сарбаздарының төрттен үшінен айрылып, әскер парсы жеріндегі Гедрозияға (қазіргі Белуджистанға) келді. Соғыстан кейінгі демалыстан соң Евфрат өзенімен келген флотқа мініп, Вавилонға оралды. Александрдың Шығысқа жорығы осылай аяқталған еді. Александр өз жорықтарында өзі жаулап алған мемлекетгердің кейіннен де әлемнің туристік нысанына айналған даңқты жерлерін аралауды жақсы көрді. Мәселен, Кіші Азияның ішкергі аймақтарын, Гордияны жаулап алған кезде Фригия қалаларының бірінен патшаның арба тертелерінің күрделі байламдармен бекітіліп, уақыт өте келе семіп қалғанын көреді. Және бұл жөніндегі осы шиеленіскен байламдарды кім шешсе, әлемнің билеушісі болады деген аңызды да естиді. Александр қиын түйінді кез келген әдіс қолданьш шешкісі келеді. Бірақ түйін шешілмейді. Ол көп ойланып тұрмастан қылышты алады да байлаулы жіпті шауып түсіреді («Гордияның түйінін шабу» — «разрубить Гордиев узел», яғни қиын міндетті қарапайым тәсілмен шешу деген мәтел осыдан қалған) Сарай есігіндегі жылмақай жағымпаздар оның бұл ісінен әлемді бағындырды деген қорытынды жасады. Александр Македонскийдің әскерінің Шығысқа жорығының тарихи-географиялық білімдер жинаудағы және ұйымдасқан саяхаттың одан әрі дамуындағы маңызы төмендегідей болды: 1) грек және шығыстық екі өркениеттің өзара әсері күшейді, олардың экономикасы, мәдиниеті және саяси формалары өрістеді; 2) осы кезеңде қалалардың қауырт өсіп, қызу сауданың, дамыған өнеркәсіптің ошағына айналды, ғылым мен мәдениеттің ірі орталықтары пайда болды; 3) қайта салынған қалаларда әлемдік маңызы бар мәдени құндылықтар нысаны жасалды. Мысалы, Александрияда Музей (музалар храмы) деген атаумен керемет ғылыми мекеме салынды. Ол бай кітапхана, түрлі сирек заттар мен көркемөнер шығармаларының жиынтығы, сонымен қатар ғылыми жиналыстар мен пікірталастар өтетін ғалымдар кездесетін орын боады. Гректер мен македониялықтардың Азия мен Египетке енуі Европа мен Шығыс елдері арасында сауда-саттықтың дамуына жағдай жасады. Жерорта теңізінің шығыс жағалауында қалалар саны күрт өсті. Мұнда шығыстан келетін керуен жолдары мен Жерорта теңізі елдерінен келетін теңіз жолдары тоғысты. Нәтижесінде әлемдік туристік ағынның негізі салынды. Көне заманның келесі бір даңқты географы грек Клавдий Птолемей (шамамен 90-168 жж.) өмірінің көп бөлігін Египетте өткерген. Ол өзіне дейінгі зерттеушілердің еңбектерін жүйеге келтіріп, солардың негізінде атақты «Географиялық жетекшілік» атты еңбекті жариялады. Онда Птолемей математикалық деректер негізінде өзіне белгілі елді мекендер мен жерлердің ендігі мен бойлығын анықтауға талпыныс жасады. Жоғарыда атгары аталып өткен Эратофен, Гиппархтардың зерттеулерінің нәтижелеріне сүйеніп, Птолемей әлем картасын құрастырды. 4-дәріс. Орта ғасырдағы туризмнің пайда болу тарихы 4.1 Орта ғасырдағы танымдылық, сауықтыру және басқа да мақсатта ұйымдастырылған саяхаттардың дамуы (5-15 ғ.ғ.) 4.2 Орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі туризм 4.3 А.Никитин мен М.Полоның географиялық сатыхаттары Орта ғасырлардағы (Ү-ХҮ ғғ.) экономикалық тоқырауларға байланысты танымдық және денсаулық мақсатындағы саяхаттардың саны азайды. Европа елдеріндегі тайпалар арасындағы көптеген соғыстар бұрын қалыптасқан жол желілері мен қонақ үйлерін қиратып, саяхат жасау өмірге қауіпті және қолайсыз бола бастады. ҮІІ-ҮШ ғасырларда ғана қажылық саяхаттар қайта жандана бастады. Орта ғасырлардағы Европада адамдардың жаппай орын ауыстырулары крест жорықтары кезінде, яғни европалық рыцарьлар мен саудагерлердің басқалардың байлықтары мен жерлерін басып алу мақсатындағы қимылдарымен байланысты болды. Одан кейін Шығысқа қарай кезбелер тобыры ілескен священниктер мен қажылар қозғалды. Орта ғасырлардағы саяхаттардың діни негізі мұсылмандар мен христиандардың қасиетті орындарына тәу етуде жатыр еді. Алғашқы қажылық саяхаттардың ұйымдастырылуы әлемдік төрт діннің қалыптасуына қатысты. Әуелде жеке-дара, келе-келе топ-топ болып қажылық саяхат жасау соңғы 1300 жылда халықаралық туризмнің ерекше бір түріне — қажылыққа айналды. Бұл процестің ерекше қарқындауына ислам дінінің пайда болуы әсер етті. VII ғасырда Аравияда пайда болу мезгілі жағынан үшінші (будда, христиандықтан соң) әлемдік дін пайда болды. «Мұсылман» сөзі «өзін аллаға тапсыру», «бағыштылық» деген мағыналар береді. Мұсылманның алты парызының 1) ол мейірбанды болуы керек; 2) тиесілі уақытта намаз оқуы керек; 3) жылына бір рет бір ай ауыз бекітуі керек; 4) бітір-садақа беруі керек; 5) ислам салтанат құру (джихад) үшін барлык күші мен мүмкіншілігін жұмсау қажет, қажет болса, кәпірлерге қарсы «қасиетті соғысқа» баруы керек бірі — Мекке мен Мәдинеге қажылық сапар шегуі шарт. XI ғасырға қарай христиандардың қасиетті орны Иерусалим болып, оған баратын адамдардың саны сол заманның өзінде біршамаға жеткен еді. Түрлі әлемдік діндерді ұстанушылардың қасиетті орындарға сапар шегуі батыс европалық феодалдардың шығыс Жерорта теңізі елдеріне әскери-отарлық қозғалыстарымен (1096 — 1270 жж.) байланысты болды. Бұл қозғалыс тарихта «крест жорықтары» деп аталады. Крест жорықтарының басты мақсаты батыстық феодалдар мен папалық топтардың жаңа иеліктер алып, байлықтарын арттыру еді. Сонымен қатар басқа да себептері болды. Мәселен, 1071 жылы селжүк түркілер Иерусалимді басып алып, қасиетті орындарға келушілердің жолын тыйды. Сондықтан да II Урбан папа 1095 жылы Шіркеу соборында Иерусалимдегі Құдіреттінің мәйітін құтқаруға шақырған сөз сөйлеп, жорыққа қатысушыларды күнәсынан арылтуға, бай табысты бөліске салуға, ал ұрыста қаза болғандарға жұмақ рақатын сыйлауға уәде берді. 1096—1270 жылдар аралығында сегіз крест жорығы болды. Оның ішінде ең қайғы-қасіретке толысы — 1212 жылғы балалардың крест жорығы. Олардың қолдарына қарудың орнына крест туларын ұстатты, мыңдаған бала құрбан болды немесе құлдыққа сатылды. Крест жорықтарының негізгі нәтижелері: европалықтарды Шығыс мәдениетіне тарту, сауданың дамуы, Жерорта теңізінде европалық саудагерлердің позициясының күшеюі, бұл өңірге саяхат жасаушылар толкынының көбеюі болды. Ренессанс және ағарту дәуірлеріндегі саяхаттардың діни мұраттары әлсіреп, жекелік сипаты және ағартушылық бағыттары күшейді. ХПІ ғасырдан бастап ғылым дамып, университеттер ұйымдастырылды. Европадағы студенттер саяхаты көбіне итальян университетіне және басқа елдерге бағытталды. Діни қастерлі орындар мен университет орталықтарымен байланысты миграция кейінгі орта ғасырлар дәуірінде саяхаттаушылардың дені болды. 4.2 Орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі туризм Ортағасырларда туристік қозғалыс бәсендей түсті. Ішкі жағдайлары тұрақсыз көптеген жаңа мемлекеттердің құрылуы бұрын-сонды болмаған саяси кедергілерге әкеп соқты.Туристтік саяхаттардың ұзақ уақыт тоқырауды болуына көптеген себептер әсер етті, олардың ішінде: феодалдық жүйеге байланысты Еуропаның көптеген аймақтарындағы шаруашылықтың күйреуі, бұрыңғы жол тораптарының түгелімен және сол жолдар бойындағы түнеу орындарының жойылып кетуі, саяхатшылардың қорғаныс дәрежесінің төмендеуі, сонымен қатар қатар қалалардың күйреуі. Біздің заманның тек ІІІ және ІV ғасырларында қайтадан діни табыну саяхаттары жанданып, аз уақыт ішінде діни туризмнің жақсы дамыған түріне айналды. Пилигримдердің Палестинаға саяхаттары біздің заманның ІІІ - ІV ғасырларының өзінде-ақ басталды. Император Константин кезінде Иерусалимде, дәлірек айтқанда Иса пайғамбардың табыты үстінде храмдар салынды. ІV ғасырда қасиетті жерге қажылық бұқаралық сипатқа ие болғаны соншалықты, табынушылар арасында ол жиілеп жай шетелдік туризм ретінде қабылдана бастайды. Біздің заманның VІІ және VІІІ ғасырында саяхаттар діни мақсаттар үшін қайтадан жаңадан басталды. Бұндай саяхаттарға қатысушылар әртүрлі еуропалық елдердің тұрғындары болды. Олар Италия (Рим), Испания (сантьяго де Компостела) және Палестина елдерінің қасиетті жерлеріне саяхаттар жасады. VІІ ғасырда халифа Омар кезінде Иерусалимді мұсылмандар жаулап алады. Алайда бұл қажылықты тоқтата қойған жоқ.VІІІ ғасырдың деректері бойынша, Иерусалимге Галльск епископы-қасиетті Аркульф келіп, өзінің саяхаты жайында естеліктер қалдырған. Қажылар Палестинаға тек табыну үшін ғана емес, сонымен қатар ескі құнды заттарды сатып алу үшін де сапар шекті. Әр жылы 15-ші қыркүйекте Иерусалимде, қасиетті Мариямның шіркеуі алдында жәрмеңке ұйымдастырылып отырды. Қажылық үшін ең қолайлы жағдайлар Абастар әулетінен шыққан Халифа Гарун әл Рашид (786-809) кезінде туды. Халифа мен император Ұлы Карл (768-814) арасында түсінушілік қатынастары орнатылып, оның дәлелі ретінде Гарун әл-Рашид сыйлық жібереді. Ол Ұлы Карлға Иса пайғамбардың табыты-Храмының және ең қасиетті қаланың қақпаларының кілтін сыйлайды. Бұл уақыттары Ұлы Карлдың бұйрығымен Иерусалимде қажылар үшін арнайы қонақ күтетін үй салынады. Еуропада Ұлы Карл пилигримдер үшін демалыс үйлерін VІІІ ғасырдың өзінде-ақ салдырған. Кейбір серілік қауымдардың басты шаруасы пилигримдерді қорғау және оларға қасиетті жерлерге жол жүру барысында қонақжайлылық көрсету болды. Мұндай үйлердің бірі-Ронсеваль шатқалындағы аббаттығы қақпа алдында құшақ жая қарсы алып, ақысыз нан, цирюльник және етікші қызметтерін, жеміс-жидек, жаңғақтар ұсынып, аурулар үшін екі хоспис, ал мүлдем халсіздер үшін қасиеттендірілген жерлеу орнын да ұсынып отырды. Алдында қарапайым қонақ үйлік объектілер ХІV ғасырдың өзінде-ақ сол заман үшін өте жайлы түнеу орындарына айналды. Қонақ үй кәсібінің дамуы, кейбір қалаларда ХІV ғасырдың өзінде қонақ үйлердің қожайындары өзіндік цехтарға бірігіп, өз уставтарын құруына әкеп соқты. Осындай ең бірінші цех 1356 жылы Венецияда құрылды. Осы секілді цехтар ХІV ғасырда Римде, Сиякада, Флоренцияда да құрылды. ХVІ ғасырдың екінші жартысында танымдық сипаты бар саяхаттар жасала бастады, ал ең қалаулы ел Италия болды. Мұнда көбіне Испания, Франция және Германиядан шетелдіктер келіп отырды. ХVІ ғасырдың соңынан Англияда «гранд-тур» әйгілі бола бастады-бұл ауқатты адамдардың континетке саяхаты, гранд-турдың арқасында адамдар оқуын бітіріп, Жерорта теңізін көріп, өркениеттің шығу тегін көріп, сауаттанып қайтуына мүмніндіктер туды. Әлеуметтік құбылыс сияқты туризмнің дүниеге қайта келуі ХVІІ ғасырдың соңы мен ХVІІІ ғасырдың басына жатады. 4.3 А.Никитинмен М.Полоның географиялық сатыхаттары Орта ғасырлардағы дәулетті адамдардың саяхаттары емдік орындарға бағытталды. Бұл саяхаттар адамзаттың географиялық танымын кеңейтгі. Христофор Колумб, Васко де Гама, Марю Поло, Афанасий Никитиндер өздері көрген-білген өзеңдер, теңіздер және елдер турасында нақты сипаттамалар жазып қалдырды. XV — XVII ғасырлардағы географиялық ұлы жаңалықтардың алғы шарттары, міне, осылайша жасалған еді. Бұл кезеңде адамзаттың Европа бөлігіндегі тұрғындары жаңа әлемге еврейлердің арман еткен жеріне ұмтылғандай құлшынды. Американың өз филистиляндары, яғни жойылуға тиіс индеецтері болды. Бұл ұлы көшке әсер еткен құдайсыз айдаудағылар емес, дініне берік адамдар еді. Бұл ацгек пирамидаларындағы алтынға ынтыққан испан конкистадорлары еді. Олар Еуропада қудалауға ұшыраған, діни бостандықтан ащы-тұщы дәмін татқан простестанттар болды. Көпшілігі бір құдайлы (монотеизм) дінді ездерінің шаманизміндей (политеизм) қабылдаған шынжыр бұғаудағы африкалық дінсіздер болды бұл құрамда. Ағылшындар жаңа әлемге әкелінген ақ құлдар - ирландықтар оларға жеккөрушілігін сақтап, бостандыққа ұмтылды. Америкаға масондар мен социалист-утопистер орнады. Адамдардың әр түрлі топтары өздерінің «күн қалаларын», филадельфиясын және «жаңа Иерусалимдерін» ұйымдастырды. Америкалық жұмаққа кірген европалық Адам да алтыаның бағасын білгендіктен, бейкүнә да бола алмады. Нәтижесінде Америка континентінде ерекше өлке калыптасты, оларға қалған әлем құдайға табынғандай иілді, орта ғасырлардағы сайтаннан қорыққандай сескенді. Орта ғасырдың ең атақты жиһангері, Корчула аралында (Доп-мат аралдары, қазіргі Хорватия) дүниеге келген Марко Поло (1254-1324) болды. Ол 1271-1275 жылдары Қытайға саяхат жасап, сонда 17 жылдай тұрған. 1292-1295 жылдары Италияға теңіз жолымен оралған. 1298 жылы Марко Полоның әңгімелеуімен жазылған «Кітап» европалықтардың орталық, шығыс және оңтүстік Азия жайлы алғашқы білімдерінің қайнар кезі болды. Венециялық саяхатшының Қытай жайлы кітабы негізінен өзінің жеке байқауларынан, әкесі Никколонның әңгімелері, ағасы Марфеоның және кездескен адамдардың әңгімелерінен құрастырылды. Пололар Азияны батыстан шығысқа, шығыстан батысқа үш рет кесіп өтті. Никколо мен Маффеолар Венециядан шамамен 1254 жылы кетіп, Константинопольда алты жыл болған соң саудагерлік мақсатпен оңтүстік Қырымға, одан кейін 1261 жылы Волгаға келді. Ағайынды Пололар орта Волгадан оңгүстік-шығысқа Алтын Орда жері арқылы Каспий даласын кесіп өтіп, Үстірт аймағы арқылы Хорезмге, Үргеніш қаласына барды. Олардың одан арғы жолы оңтүстік-шығыс арқылы болып, Әмудария өлкесімен жоғары қарай Зарафшан ойпатына және жоғары қарай Бұқараға дейін жетгі. Онда Иранды жаулап алған Илхан Құлағудың елшісімен, ол арқылы ұлы хан Құбылаймен кездесіп, елші венециялықтарға өздерінің керуеніне қосылуды ұсынды. Олар керуенімен солтүстікке, солтүстік-шығысқа бір жыл жүрді. Зарафшан өлкесімен Самарқандқа барып, Сырдария өңірімен жүріп отырып Отырар қаласына барып түсті. Бұл жерден батыс Тянь-Шань етегін жағалап жүріп Іле өзініне келді. Одан әрі Іле өңірімен жоғары өрлеп, Жоңғар қақпаларымен Алакөл көлін (Балқаштың шығысын) айналып өтті. Бұдан кейін шығыс Тянь-Шаньның маңызды белігі солтүстік тармағымен Қытайға, Қытайдан Орта Азияға жетті. Халидан оңтүстікке бұрылып, Сулэхэ өзені алқабына, одан әрі шығысқа, ұлы хан қақпасына кейінен Маркомен бірге жүрген жолмен жүрді. Олардың бүл сапардан қай жолмен қайтқаны белгісіз. Олар Венецияға 1269 жылы оралды. Никколо мен Маффеоның Венецияға оралуы Марконың өміріне ерекше өзгерістер әкелді. Ол әкесі мен ағасының өзіне беймәлім, жұмбақ елдер жайлы, олар көрген, арасында тұрған халықтар туралы, олардың сырт келбеті, киім-кешектері, әдет-ғұрыптары мен наным-сенімдері турасындағы, олардың венециялықтармен ұқсастығы, ерекшелігі жайындағы әңгімелерін аузының суы құрып отырып тыңдады. Тіпті Марко олар үйреткен татар, түркі және басқа да өзіне таңсық тілдердің сөздерін жаттай бастады, әкесі мен ағасы өздерінің венециялық тілдеріне сол тілдердің сөздерін араластырып сөйлейтін болды. Марко олар болған елдер қандай табарларды сатады, сатып алады, қай тайпада қандай ақша қолданылып, ұлы керуен жолдарының бойында қандай халықтар кездесетінін, нені, қашан ішіп-жейді, сәби дүниеге келгенде, үйленгенде, адам өлгенде қандай ғұрыптар жасағанын, неге сеніп, неге табынатынын жаттайтын еді. Ол осылайша келешек саяхаттарына пайдасы зор болған танымдық дүниелерді жинақтай берді. 1271 жылы Никколо мен Маффео және он жеті жастағы Марко саяхатқа бел байлады. Сапар алдында олар енді ғана таққа отырған X Григорий папамен кездесті, ол Пололардың жанына проповедник орденіндегі екі манархты — Пикколо Виченцкий мен Гильом Триполийскийді қосып берді. Үш венециялық пен екі монах Лаясқа жетіп, шығысқа бет бұрды. Бірақ олар Арменияға жете бергенде, бұрынғы құл Бейбарыс Арбалетчиктің мәмлүктер тағына отырып, өз әскерімен жолында кездескен елді қиратып, қолына түскен халықты қырып, осы маңға жақындағаннан хабардар болады. Саяхатшылар өміріне шын қауіп төнсе де, алға қарай жылжи беруге тәуекел етеді. Зәре-құты қалмаған монахтар Акраға қайтып келіп, ұлы ханға арналған папаның хаттары мен сый-сыяпаттарын ағайынды Пололарға жеткізеді. Олардың алғаш өткен елі «кіші Армения» (Киликия) мен Лаяс порты болды. Мұнда мақта мен тәтгі тағамдардың қызу саудасының үстінен түсті. Саяхатшылар Киликиядан Марко «Туркомания» деп атаған қазіргі Анадолыға келді. Ол туркомандар әлемдегі ең нәзік те әдемі кілемдерді тоқиды екен деп таң қала хабарлады. Венециялықтар Түркманияны көктей өтіп, ұлы Армения жеріне аяқ басты. Марко Арарат тауының басында Нұқ пайғамбардың кемесі бар екен деп баяндайды. Армян билеушісі Хайтон 1307 жыяы монастырь қызметшісі болып жүргенде жазған кітабында өз Отанының тарихын баяндай келіп, «бұл таулар әлемдегі барлық таулардан биік» деген тұжырымға келген. Марко да, Хайтон да қысы-жазы қалың қарымен бой алдырмас бір тау туралы әңгімелеп, жылдың кез келген мезгілінде тау басындағы қарда қап-қара (кеме) болып көрінетінін айтады. Венеция саяхатшысы әңгіме еткен келесі бір қала — Мосул қаласы. «Мосулин» деп аталатын барлық жібек және алтын маталар осы қалада тоқылатын болатын. Мосул қаласы Тигрдің батыс жағауылында көне Ниневияға қарама-қарсы орналасқан еді. Ол қала жүннен тоқылған маталармен даңқы шыққаны сонша, кейбір жақсы жүннен тоқылған маталар әлі күнге дейін «Муслин» деп аталады. Саяхатшылар бұдан кейін адамдар әлемнің шартарабынан жиналатын, ірі сауда орталығы болған Саяхатшылар Тәбрізден шығып, Иранды оңтүстік-шығыс бағытта кесіп өтіп, Керман қаласына ат басын тіреді. Бұл венециялықтар үшін қатерлі орын болды, себебі Парсы елінің бұл бөлігінде «караунас» деп аталатын қарақшылар бар еді. Марко бұл карақшылардың шешесі үндістандық әйелдер болса, әкелері татарлар еді деп жазады. Қарақшылар венециялықтарға тұтқиылдан шабуыл жасап, олар бет-бетімен қашты. Марокко, әкесі мен ағасы және бірнеше адам — барлығы жеті адам маңайдағы елді мекендердің жасырынып жан сақтады. Қарақшылар қалғандарын ұстап алып, өлтіргенін өлтіріп, өлтірмегендерін құлдыққа сатты. Ер жүрек венециялықтар керуенді қайта жасақтап, өздері діттеген бағытқа, Парсы шығанағы мен Ормузға қарай беттеді. Олар мұнда корабльге мініп, Қытайға жүзіп кеткен бояды. Ормуз Қиыр Шығыс пен Персия аралығындағы теңіз саудасының соңғы пункті болатын. Бұл жерден саяхатшылар солтүстік- шығыстағы елдерге, Памирге, шөл-шөлейтті жерлермен Кабианға, одан Тонокайын Сапурганға (Шибарганға) жетті. Сапурганнан керуен солтүстік Ауғанстанның Балх қаласына табан тіреді. Саяхатшылар Балхтан шыққан бетте бірнеше күн құрлық жолымен жүріп, жабайы жеміс-жидек, жаңғақ, жүзім, бидай мен тұздың неше атасын көріп қарық болды. Олар осындай жаннатты жерлермен бірнеше күн жүріп, қайтадан кенересі кепкен шөл даламен Бадахшанға (Балашанға) жетті, бұл мұсылман өлкесі Оке (Әмудария) өзенін бойлай орналасқан еді. Мұнда олар «балаш» деп аталатын үлкен лағыл тастарды, сапфир, көк дәрі өндірілетін кен орындарын көріп, Бадахшанның бұл өнімдерімен ғасырлар бойы даңқы шыққаннына көздері жетті.
|