|
Египеттіктер 6 pageDate: 2015-10-07; view: 774. Саяхатшылар Бадахшаннан Памирға қарай жоғары өрлеп, Оке өзенінің ағысымен жоғарылап, Кашмир алқабы арқылы өтті. Керуен Кашмирден сотүстік-шығысқа қарай Памирге көтеріледі. Марконың жол бастаушылары Памирді дүние жүзіндегі ең биік тау деп иландырды. Марко ол жерде болғанында ауаның суық болғаны сондай, ұшқан құсты көрмегендігін әңгімеледі. Поло Памирден Гез (Гездария — Қашқар өзенінің оңтүстік саласы) өзенінің шатқалымен қазір Синьцзян деп аталатын Шығыс Түркістанның кең жазығына шығады. Поло өз саяхат жазбаларында жүз жылдан изумруд өндірілетін көне қала Хотан туралы жолай сипаттама береді. Бұл қала әсіресе нефрит саудасымен атақты болып, Қытай базарына ғасырдан ғасырға нефрит жеткізіп тұрды. Саяхатшылар жұмысшылардың тартылған өзендердің аңғарынан бағалы тастардың кесектерін қалай қазып алып жатқанын ез көздерімен көрді, бұл жерден бұл тастарды әлі күнге дейін осылай қазып алады. Нефритті Хотаннан шөл даламен тасып, Пекинге, Шачжоуға жеткізген, онда бұл тасты жылтыратып, қасиетті сипат берген. Қытайлықтардың нефритке құмарлығында тойым жоқ, олар үшін одан қымбат еш нәрсе жоқ, себебі нефритгі квинтэссенция деп санайды, яғни бұл тас ян күшінің, қастерлі еркектік бастаманың әлемдік құрылымының материалдық іске асырылуы деп біледі. Поло Хотаннан кетіп бара жатқанда тыныстау үшін сирек кездесетін оазистерде, құдық бастарына тоқтады, құм басқан, мүлгіген шөл даламен жүріп отырды. Керуен отызыншы күн дегенде құммен шекаралас жатқан Шачжоуға («Құмды өлкеге») жетті. Марко осы жерде ғана алғаш рет нағыз қытайға тән әдет-ғұрыптарды көрді. Оны Шачжоуда ерекше таңырқатқан нәрсе — ол жерлеу рәсімі, ол табытты қалай сақтағанын, өлген адамның рухымен қалай «тілдескенін», қағаз бейнелерді қалай жаққанын дәлме-дәл суреттеп жазды. Марко Полоның биографтары мен комментаторларының көбісі «Кітап» еңбегінде баяндалған оқиғалардың бәрі оньщ өз көзімен көрген саяхаттарының нәтижесі деп біледі. Дегенмен де жұмбақ тұстар жеткілікті. Ол өзінің саяхаттарында әлемде теңдесі жоқ қорғаныстық құрылыс Ұлы Қытай қорғанын қалай «көрмеді»? Қытайдың солтүстік астанасында соншама жыл тұрған, оның көптеген қалаларын, әйелдерін көрген Поло сол кезде-ақ кең тараған қытайлык әйелдердің аяқтың өкшесін бүлдіру ғұрпы жөнінде бір ауыз сөз айтпайды? Поло неге ең бір маңызды дерек - Қытайға тән нерсе шайды олардың жаппай ішетіндігін еске алмайды? Міне, «Кітаптың» осындай кемшіліктері, Марконың қытай тілін, географиясьш білмейтіндігі XIX ғасырдың I жартысындағы кейбір тарихшыларды «Марко Поло ешқашан Қытайда болған емес» деген күдікті ойға қалдырды. Марко Полоның «Кітабы» ХІУ-ХУ ғасырларда картографтар үшін жетекшілік маңыз атқарды. Оның «Кітабының» тарихта ұлы жаңалықтардың ашылуында ерекше рөлі болды. Мұнымен қоймай, оның еңбегінің ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы португалиялық және испаниялық экспедициялардың ұйымдастырушылары мен жетекшілерінің картасын жасауына әсер етіп, оның шығармалары космографтардың, теңізшілердің, тіпті X. Колумбтың негізгі кітабына айналды. Марко Полоның «Кітабы» орта ғасырлардың сирек шығармасына — әдеби туындыға, ғылыми еңбекке — жатады, олар әлі күнге дейін бірнеше қайтара оқытуда. Ол әлемдік әдебиеттің алтын қорына енді. Әлемнің бірнеше тіліне аударылып, көптеген елдерде басылуда, қайтадан жарық көруде. 5-дәріс. Жаңа дәуірдегі туризмнің қалыптасу тарихы 5.1 Ұлы географиялық ашылулар кезеңіндегі туризмнің даму тарихы 5.2 Туризм дамуындағы көлік саласындағы ғылыми-техникалық прогрестің рөлі 5.3 ХІХ ғасырлардағы туризмнің қалыптасуы мен дмуы Жалпы тарихтың орта ғасырлар дәуірінің соңғы кезеңінде ұлттық мемлекеттердің қалыптасуына байланысты зайырлы билік бекіп, феодализм ыдырап, капиталистік қатынастар біртіндеп құрала бастады. Феодалдық және енді қалыптасып келе жатқан капиталистік укладтардың қайшылықтарының күшеюі европалық мемлекеттердің өз ішінде өнеркәсіптік өндірісті дамыту саясатын табанды түрде жүргізуіне әкеліп тіреді. XV ғасырдың II жартысында-ақ европалық мемлекеттерде шексіз монархияның туындауы өнеркәсіптік табарлардың ішкі және сыртқы рыноктары негізінің біртіндеп қалануына жағдай жасады. Дамудың буржуазиялық жолы адамдардың крепостнойлық тәуелділіктен ада болуын ғана емес, бастапқы капитал қорының, шикізаттың жаңа көздерінің жөне табарды өткізу нарқының еркін болуын талап етті. Бірақ европалықтардың бұрынғы құрлық және теңіз жолдарын пайдаланып, оңтүстік-шығыс Азияға шығуға түріктердің жаулап алуы мүмкіншілік бермеді. Сондықтан Португалия ірі теңіз державасы ретінде Африканы айналып өтетін оңтүстік жолдарын, Испания мен Англия Европадан Азияға Атлантика мұхиты арқылы баратын батыс жолдарын іздей бастады. Ұйымдасқан саяхаттар тарихында «Теңізде жүзгіш» деген лақап атқа ие болған Португалия принці Генрихтің алатын орны ерекше. Оның жетекшілігімен көптеген тәжірибелі теңізшілер дайындалып, корабль жасау ісі дамып (каравелла — жеңіл, тура және көлбеу желкенді, үш мачты корабльдер көптеп жасалды, жылдамдықтары сағатына 22 шақырым болды), Африканың батыс жағалауы 3500 шақырымға дейін зерттеліп, картаға түсірілді. Осы португалдықтар компасты, арабтардан алған ай мен күннің жайын, ендігін есептейтін бұрыш өлшегіш аспапты жетілдірді. Испандықтардың зерттеушілік саяхаттарын дайындаушы басқа елдердің ғалымдары болды. Мәселен, неміс географы Мартин Бехайм (1459-1506 жж.) 1492 жылы үлкен глобус жасады, ол біздің заманымызға жеткен ең ескі глобус, неміс ғалымы сонымен қатар күннің биіктігіне қарап бағдар алудың әдісін ойлап тапты. Итальян астрономы Паоло Тосканелли (1397-1482 жж.) де Жердің шар тәріздес екендігі жөніндегі ілімді жақтады, ол Үндістанға ең қысқа батыс жолын ашты деген де пікір бар. Сондықтан да Америка жағалауларын алғаш ашушы Х.Колумб М.Бехайм және П.Тосканеллилермен саяхатқа шығар алдында хат жазысқан. Х.Колумб 1451 жылы қазан айында Италияның Генуя қаласының маңында дүниеге келді. Ол төрт тіл білген, итальян, испан, португал және латын тілдерінде көп оқыған. Колумб теңізде жүзудің тарихы туралы көптеген информация жинап, Үндістанға барар батыс жолын ашуды ойға алды. Португалиядан қолдау таппаған ол испан королі Фердинандқа және королевасы Изабеллаға өтініш жасады.Олардың көмегімен «Санта-Мария»деген флагманды үш каравелланы жабдықтады. Колумб 1492 жылы 3 тамызда өз корабльдерімен Андалуссиядан шығып, Атлантика мұхитымен 1492 жылы 12 қазанда Жаңа кеңес аралдарына жетті, ол аралдарды өзі Сан-Салвадор (Қасиетті құтқарушы) деп атады. Ол Үндістан жағалауларына жеткеніне сенімді болып, оның жергілікті тұрғындарын «индеецтер»деп атады. Колумб 1492 жылы 25 қазанда Куба аралына жетіп, оны Азияның жағалауы деп санады. Ол төрт саяхаттан кейін ғана Атлантика арқылы Европадан Америкаға дұрыс теңіз жолын салды. Х. Колумб 1506 жылы қайтыс болып, оның сүйегі көптеген тасымалдаулардан кейін барып Испаниядағы Севиль соборына жерленді. X. Колумбтың бұл жаңалықтары португалиялықтарды дүр сілкіндірді. Сондықтан да болар, португал королі I Мануэль Үндістан экспедициясына жас дворянин Васко да Гаманы (1460 ж.т.) жетекші етіп тағайындады. 1497 жылы 8 шілдеде 4 корабльден құралған эскадра (экипаж құрамында тіпті қылмыскерлер де болды) Лиссабоннан шығып, 4 қарашада Африка жағалауында болды. Эскадра Африканы айнала жүріп, Африка мен Мадагаскар арасындағы Мозамбик мүйісіне 2 наурыз күні келіп бас тіреді. Эскадра араб порты Малиндиден кейін Үнді мұхитын кесіп өтіп, 1498 жылдың 13 мамырында Калькутта жағалауына зәкір тастады. .Колумб Васко да Гама 18 қыркүйекте Лиссабонға оралып, «дон» деген мұралық лауазымды, адмирал шенін алды. Ол 1524 жылы португалиялық Үндістанның вице-королі болып тағайындалды. Васко да Гамма осы жылдың 24 желтоқсанында Үндістанда қайтыс болды. Европадан Америка континентіне баратын теңіз жолы жабылғаннан соң, көптеген зерттеушілер солтүстік және оңтүстік Америка жерін біртіндеп игере бастады, ол жерлер көптеген туристердің саяхат жасайтын нысанына айнала бастады. 1540 жьшы Франсиско Васке де Каранадо европалықтар үшін Колорадо өзеңіндегі Үлкен каньонды ашты. Бұл каньон қазіргі заманда америкалық та, шет елдік те туристер үшін таңсық нысанға айналды. Ұлы географиялық жаңалықтар Европадан Америкаға көптеп ағылған туристердің жолына айналып, ол әлі күнге дейін жалғасуда. Сонымен қатар дәулетті адамдардың Европаны жап-пай аралауы да белең алды. Мәселен, мұндай саяхаттар Англияда Лондоннан басталып, Францияның Парижінде біршама уақыт болып, одан кейін Италиядан Генуя, Милан, Флоренция, Римге сапар шегулер болды. Қайтар жалда Швейцария, Германия, Нидерландты басып өтті.Ресей империясындағы алғашқы экономикалық туризмнің жобасын 1777 жылы жасаған педагог Вениамин Генш еді. Мұндай ағартушылық мақсаттағы турларды ХУІП ғасырдың аяғы — XIX ғасырдың басында үшінші сословиедегілер жасай бастады. ХУІП ғасырдың ортасына дейінгі саяхаттардың ерекшелігі олардың қарапайымдылығында немесе саяхаттардың өзіндік мақсаттарды емес, сауда, білім алу, емделу, қажылық мақсаттарды көздеуінде болады. Мұндай саяхаттар таңдаулылардың, қолы жеткендердің ғана игілігі еді. 5.2 Туризм дамуындағы көлік саласындағы ғылыми-техникалық прогрестің рөлі Туризмнің дамуына көліктің революциялық қарқынмен дамуы ерекше әсер етті. Мысалы, 1807 жылы Фултонның пароходты, 1814 жылы Стивенсонның паровозды ойлап табуы, Европадағы жолдар желісінің кеңеюі. Осының барлығы орын ауыстыруға деген үлкен сенімді және жылдамдықты арттырды, саяхатшылардың шығыны азайды. Көне құрлықтан Америкаға жаппай қоныс аударушылардың күрт көбеюі теңіз қарым-қатынасының ерекше қарқынмен дамуына игі әсерін тигізді, XIX ғасырдың ортасында ірі пароход компаниялары пайда болды. Ғылыми-техникалық прогресс, еңбекшілердің әлеуметтік күресі, қоғамның игілігінің артуы жұмыс уақытының біртіндеп азаюына, бос уақыттың молырақ болуына жағдай жасады, әуелде кепілдемелі төленбейтін, кейіннен төленетін демалыстар енгізілді (мысалы, Германияда демалыстар 1873 жылғы «Мемлекеттік қызметкерлер туралы заңда» тағайындалды). Тасымалдайтын көліктің сапасы мен сенімділігінің артуы әрі арзандауы, сонымен қатар жұмыс уақытының қысқаруы саяхатшылар санының артуына сеп болды, уақытша келушілерге қызмет көрсететін алғашқы мекемелер ашылды. Германияда ХУІІІ-ХІХ ғасырлардың тоғысында Хайлиген-дамм, Нордерней, Травемюнда секілді минералды сулары бар алғашқы курорттар пайда болды. Швейцариялық туризм зерттеушісі, профессор К.Каспар: «туризмнің қалыптасуының осы кезеңінде алдымен сән-салтанатты қонақ үйлері салынып, олар бекзада өкілдеріне, «жаңа дворяндарға», жоғарғы офицер шеніндегілерге қызмет көрсетті». Таңдаулы адамдар тобы жыл мезгіліне қарай француздың немесе Италияның Ривьересінде, не Германияның, Швейцарияның курорттарында демалды немесе солтүстік Африкаға, Египетке, Грецияға ұзақ саяхаттар жасады. Сауда және мәдени байланыстардың кеңеюі, географиялық жаңалықтар халықтың қозғалысының одан әрі артуына алғы шарт болып, адам баласының қоршаған орта туралы танымын арттырды. Көптеген адамдарда жаңа аудандар мен елдерді көруге деген, олардың өмірімен, әдет-ғұрпымен танысуға деген табиғи қажеттілік күшейді. Осының барлығы саяхаттың ерекше түрі туризмнің пайда болуына негіз болды. Шаруашылық байланыстары елдің әрі-бері келім-кетімін арттырып қана қойған жоқ. Сонымен қабат жол салу, жайлы қонақ үйлер тұрғызу, ресторан, демалыс аймақтарын ашу, танымдық нысандарды оқып-үйрену өрістеді. Жолаушылар тасымалдау қозғалысының реттелуі, тамақтанатын және мекендейтін орындардың тұрақталуы саяхаттың көптеген қауіпті, қиын элементтерін жойды. Саяхат атаулы бұрынғысынан көңіл көтеру, ойын-сауық серуеніне айнала бастады. XVIII ғасырдың соңынан бастап шет елдерді қызығушылықпен, көңіл көтеру мақсатымен аралайтын дәулетті адамдардың тобын «туристер» деп атай бастады. 1841 жылы ағылшын кәсіпкері Томас Кук Ланкастерден Лонгоборугқа дейінгі аралыққа ең алғашқы жаппай серуендеуді (600 адам) теміржол арқылы ұйымдастырды. 1845 жьшы осындай көпшіліктің экскурсиясын Ливерпульге арнады. 1847 жылдан бастап Куктың қоғамы саяхаттар мен экскурсияларға арналған арнайы билеттерді Англияда ғана емес, шет елдерге де тарата бастады. Кук 1863 жылы Швейцарияға, 1868 жылы Солтүстік Америкаға үлкен туристік саяхаттар ұйымдастырды. 1882 жылы «Куктың әлемге саяхатының» алғашқы сапары болды. Кук қоғамы теміржол және пароход компанияларымен, конақ үй иелерімен келісімшарт жасап қана қойған жоқ, сапарлардың бағыттарын, сейіл-серуен құрудың бағдарламаларын жасады. Адамдардың басқа елдерге, аймақтарға бару және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау қажеттілігін қанағаттандыру мақсатындағы сапарлардың саны артгы. «Domestic travel» немесе жан мен тәннің рақаты үшін ішкі саяхаттар құбылыс ретінде XVIII ғасырдан басталды. Бұл теңіз курорттарында демалу модасының шығуымен тұспа-тұс келді. Минералды және теңіз суларының адам денсаулығына пайдалылығын білу ондай жерлердің сол кездегі қоғамның таңдаулыларының (элитаның) қажылық жасайтын орнына айналды. Он сегізінші жүз жылдықтағы саяхаттар негізінен қоғамдағы таңдаулылардың «кәсібі» болды. Олардың негізгі мақсаттары білімдік-ағартушылық, қазіргі тілмен айтқанда, бизнесті мақсат тұтты. Қарапайым халықтың басым көпшілігі өз елдерінен тыс тұрақты орындарынан ұзап шыға қойған жоқ. Ол кездегі сауық құру тек қана жоғары таптың атрибуты болып, қоғамның әрбір мүшесінің игілігіне айнала қойған жоқ еді. ХVІП ғасырдың соңына қарай ерекше көріне берген феномен, қазіргі атаумен айтқанда, өнеркәсіптік революция болды. Бұл феномен көптеген елдердің экономикасына әсер етіп қана қойған жоқ, қазіргі туризмнің негізі болып саналады. 1780-1870 жылдар аралығындағы кезеңнің негізгі белгісі — Жер шарындағы адамдардың екі есеге өсуі. Адам санының көбеюі экономиканың индустриализациялануымен тікелей байланысты. Халық санының өсуі миграцияға әкеліп тіреді. Адамдар өз тұрған жерлерін тастап, жаңа индустриалды қалаларға көше бастады, оның себебі сондай қалалардан ғана жұмыс табу мүмкін еді. Жаппай құрылыс басталды да, оған құрылысшы жұмысшылар қажет болды. Сонымен қатар ауыл адамдарын қажет ететін жаңа жұмыс салалары пайда болды. Бұл процестің басты пайдасы қала халкының санының артуы болып табылады. Бұрынғы мигрант болғандардың балалары қалада өсіп, олардың өмір сүру деңгейі жоғарырақ болып, ата-аналары ауылда өскендерден жақсырақ еді. Түйіндей келгенде, индустрализация қоғамның екі жаңа секторын құрады. Олар: 1) қала халқы теміржол жолаушылары нарқының және жалпы экскурсия нарқының негізі болды; 2)қор ұстаушы және қаржыгерлердің жаңа табы, дәулетті адамдар саяхат пен туризм нарқының қалыптасуына, сонымен қатар көліктің дамуы туризмнің өркендеуіне негіз болды. XIX ғасырдағы саяхаттар мен туризм негізінен теміржол және пароход арқылы іске асырылды. Оған теміржол мен су жолы көлігінің түрлерінің технологиялық негізі ғана емес, экономикалық дамудың (саудада және қызмет көрсету индустриясында) ірі жобалары дамыды. Осы жобалардың іске асырылуы көліктің дамуымен тікелей байланыстытын. Теміржол көлігінің жедел қарқынмен дамуы халықтың одан әрі урбанизациялануына әкелді. Үлкен қалалар өсе түсіп, индустриалды мегаполиске айналды. Ірі қалалардың көпшілігіндегі ортаңғы тап түрғындар өнеркәсіптің қызмет көру саласында еңбек етті. Осы басым көпшіліктің табыстары күннен-күнге артып, олардың кәсіптік іс-әрекеті, әрине, демалыссыз, үзіліссіз болған жоқ. Бұл жағдай барлық жұмыс істейтін тұрғындарға тән болатын. Демалысты дұрыс өткізуге деген мүмкіндіктер адамдардың демалуға деген қажеттіліктерін арттырды, демалу мен көңіл көтерудің индустриясы қалыптаса бастады. XIX ғасырдағы кеме жасау технологиясы техника мен өнеркәсіптің қарқындап дамуына түрткі болды. Аз мерзім ішінде бу двигательдерін қолдана білу елдер арасындағы қашықтықты екі есеге «жақындатты». Круиздерде теплоходтарды қолдану XIX ғасырдың ортасынан басталғанға ұқсайды. Сол уақытқа дейін қозғалыс құралы болып келген теплоход бұдан бұрын круиздерде көрікті жерлерді көрудің құралы болмаған. Олардың жолаушылар тасымалдау желісінде салтанат құруы I дүниежүзілік соғыстың алдында ғана болды. Бұл дәуір үлкен де сенімді корабльдердің заманы еді, олармен жолаушылар тасымалдауды іске асырған елдер де, компаниялар да өте аз болатын. Бірақ компаниялар арасында бәсекелестік өте текетіресте болатын, барлығы қалталы адамдар — бірінші класта жолаушылар үшін күресті. Дегенмен де атлантидалық тасымалдаулардың дені эмигрант жолаушылардың есебінен толығып отырды. Әдетте теңіздегі ұзақ сапар пароходтарына дәулетті американдықтар мен европалықтар тапсырыс беретін. .5.3 ХІХ ғасырлардағы туризмнің қалыптасуы мен дмуы ХІХ ғасырдың жартысына дейін Еуропалық туризм тек қана элитарлық келбетке ие болады, ал оған қатысушылар ауқатты жоғарғы сынып өкілдері болып, сол кезгі кейбір авторлар туризмді «аристократтық туризм» деп те атады. Тек ХІХ ғасырдың екінші жартысында ғана әсіресе, ХХ ғасырдың 20-ші жылдарында туристтік қозғалыс өзгерістерге ұшырап демократиялана бастайды. ХІХ ғасырда және ХХ ғасырдың 1-ші жартысында туризмнің дамуы көптеген факторларға байланысты болды, олардың ішінде ең маңыздылары мыналар: көлік құралдарының дамуы; өнеркәсіптің дамуы және оған байланысты халықтың тіршілік деңгейінің жақсаруы; урбандалудың дамуы; бос уақыттың артуы; қоғамның мәдени деңгейінің жоғарлауы; туризм жөніндегі мемелекеттік саясат. Көлік құралдарының дамуы, әрине, туристтік қозғалыстың интенсивтігі мен оның кеңістіктік өзгерістерге ұшырауына ең басты себеп болды. Ең 1-ші темір жол желісі – Манчестер – Ливерпуль 1825 жылы Англияда ашылды. Бұрын апталар шығындалатын саяхаттарға, ендігі жолы әркімнің және өте қымбат емес бағамен қолы жететін болды. Темір жолдар барлық мемлекеттерде өте шапшаң қарқынмен салына бастады. Олар туристтік қозғалыстың кеңістіктік құрылымын және көлемін өзгертті. Теңіз техникасының дамуы әсіресе желкенді кемелер орнына пароходтардың қолданысқа енуі континент аралық саяхаттарды жақсартты. Атлант мухитін кесіп өту мерзімі бірнеше есе қысқарды, ол Ливерпуль – Нью-Йорк трассасында 1816 жылғы 20 - 25 күннен, 1838 жылы 12 күнге, 1850 жылы 8 күн 17 сағатқа, 1883 жылы 6 күн 18 сағатқа қысқарды. Пассажирлік континентаралық теңіз саяхаттарымен бірге Еуропалық теңіздер әсересе Жерорта теңізі мен Ла-Манш каналы бойымен саяхаттарға қатысушылар саны әрдайым өсіп отырды. Өткен ғасырдың 20-шы, әсіресе 30-шы жылдары көптеген елдердің туристтік карталарында елеулі өзгерістер пайда болады, бұл саяхаттар автомобильді көліктің барлық жерде қолданыла бастауынан туындайды. Мысалы, 1938 жылы автомобильдер мен туристік автобустарда Швейцарияға 762,2 мың шетелдіктер, бүкіл шетелдік туристтердің 47,8 % құрады. Туристтік белсенділіктің артуын саяхат бюроларының ашылуына әкеп соқты, ал олар уақыт өте келе, «туристтік индустрияның» маңызды тірегіне айналды. Негізінен ең маңызды да бастапқы нүкте 1841 жылы ағылшын мұғалімі Томас Куктың Мидленд округіндегі темір жол компаниясы Лейстер – Лафборо деген 18 км трассада мейрамдық поезді еңгізуге үгіттеуінен басталады. Германия, Швейцария, Франция, Италия, Чехияда халықаралық туризм орталығына айналып отыр. ХVІІІ ғасырдың аяғында, басқа елдерге барып, әр түрлі мақсаттармен саяхат жасап жүрген адамдарды туристер деп атай бастады. Әлемде бірінші біріккен әуесқой тау саяхатшылары – Англиялық алып клубы – 1857 жылы Лондонда пайда болды. Артынша, 1862 жылы Туринде Австриялық альпі клубы құрылды да, кейінірек Италиялық болып аталынды. 1863 жылы Швейцар клубы бекітіленеді. ХХ ғасырдың бірінші жартысында халықаралық және ұлттық туризм өз шеңберіне басқа да елдерді тартып, онан әрі дами түседі.Туристік сапар желісіне жиі тарихи орындар мен мәдени ескерткіштер енгізілінеді. Халықаралық туристік қозғалыстың басым көпшілігі бұл кезеңде Еуропаға келеді. ІІ Дүниежүзілік соғыс халықаралық туризмнің көлемін қатты қысқартты. Соғысқа дейінгі туризмнің деңгейіне 40 – шы жылдардың соңында ғана жетті. Соғыстан кейінгі кезеңде туристік саяхаттар АҚШ пен Канадада кең тарай бастады. 1948 жылдың шілде айынан бастап шетелдік туристердің Жапонияға баруына ресми түрде рұқсат етілді. Егер қазіргі жағдайындағы туризм ХІХ ғасырдың соңында пайда болып құрылса, ол ХХ ғасырдың екінші жартысында ғана шынайы интенсивті дамуға ие болып, техника, технология, қоғамдық қатынастардың шапшаң дамуымен қатар келіп ХХ ғасырдың феномені атағына ие болды. Англиядан Францияға жасалған ұйымдастырылған турлар 1815 ж. болғаны белгілі. 1829 ж. кезінде саяхатшыларға арналған әлемдегі бірінші жолкөрсеткіш шыққан. Оны К.Бедекер атты неміс шығарған. Бұл жолкөрсеткіш әлі күнге дейін Еуропада өз бетімен саяхаттайтын туристер арасында кең қолданыс алған. Көлік құралдарының дамуы сөзсіз туристік қозғалыс пен оның кеңістікте өзгеруіне әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады. Туризм тарихында бұндай төңкеріс «ат арбалардың орнына техникалық көлік құралдарының (теміржол мен су кемелері)» пайда болуынан болды. Келесі кезең автомобиль мен самолеттердің пайда болуына байланысты болды. Жаңа көлік құралдары кең халыққа саяхаттар жасауға мүмкіндік берді. Ал теміржолдың пайда болуы, ең алдымен, туристік станциялар мен емделу орындардың географиясын өзгертті. Яғни көптеген жаңа орындарға теміржолдың тартылуы арқасында олардың желісі айтарлықтай кеңейді.
|