Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Египеттіктер 7 page


Date: 2015-10-07; view: 1210.


Автомобиль қатынасының дамуы жол желілерінің кеңеюіне түбегейлі әсер етті. Барлық жерлерде ол жөндеулерге және кеңейтулерге келді. Сонымен бірге, автострадалар деп аталатын тек автомобиль көліктерге арналған арнайы жолдардың құрылысына да кірісті. Алғашқы автострадалардың бірі 1923 ж. солтүстік Италияда салынды, ал оның дамуы 30-шы жылдың екінші жартысына келді.

Бұл кезеңде туристік тасымалдарда айтарлықтай рөлді авиация алды, бірақ тұрақты авиациялар көптеген елдерде 20-шы және 30-шы жылдары төңкерістерде пайда болды. Континент аралық байланыста туристік мақсаттардағы әуе қатынастары тек 1939 ж. маусымында ғана пайда болды. Ол Pan American Airways компаниясы Еуропаға Америка туристер тобын әкелген кезде пайда болды деп айтады.

Уақыт өте келе өнер шығармаларын көру үшін танымдық мақсатындағы саяхаттар кең таралым алды. ХІХ ғ. ортасына қарай туристер континенті интеллегенттер мен студенттер есебінен кеңейді.

ХІХ ғ. ІІ жартысы барлық дәрежедегі өкілдер үшін жаппай туризмнің дамуымен сипатталды. Фултонның пароходты (1807 ж.) Стефонсонның паровозды (1814 ж.) ойлап табуы, почта байланысы мен жолкөрсеткіш жетілуі саяхаттарды арзандатуға және жеделдетуге, ыңғайлы және қауіпсіз етуге мүмкіндік берді.

Еуропалықтардың Америкаға көшулері де жаппай халқаралық туризмнің дамуына септігін тигізді. Ғылыми техникалық прогресс нәтижесінде еңбек өнімділігі артты, ал еңбекшілердің әлеуметтік құқықтары үшін күрестері олардың жағдайларының көтерілуіне және бос уақытының (демалыс күндері, төленетін отпусктер) пайда болуына әкелді. Бұл орта деңгейдегі адамдардың саяхаттауына мүмкіндік берді.

6-дәріс. ХХ ғасыр мен біздің кезге дейінгі халықаралық туризмнің дамуы

6.1 Дүние жүзіндегі туристік ұйымның туристік аймақтарында дамуы

6.2 Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризмнің дамуы, конвейерлік және жіктелген туризмнің қалыптасуы

6.3 Дүние жүзілік туризмге басшылық етудің соғыстан кейінгі кезіндегі ұйымдастыру құрылымдарының жетілдірілуі

6.4 Қазіргі кезеңдегі дүние жүзінің ірі аймақтардағы туризмнің даму үдерістері

XX ғасырдың басы жаппай туризмнің қалыптасуымен ерекшеленеді. Бұл процесс әсіресе I дүниежүзілік соғыстан соң ұйымдаса түсті. Туризм тарихшылары мұны жалпы халықтық және әлеуметтік туризмнің пайда болуымен байланыстырады. Жаппай туризм деп мұнда туристік іс-әрекетпен халқының деншілігі немесе тең жартысы шұғылданатын елдерді санау қажет.

А.А. Крючковтың пікірінше, халықтық туризм дегеніміз — туристік іс-әрекетпен халықтың табыс көзі төмен өкілдерінің өз қаржылық мүмкіндіктеріне орай туризмнің ең арзан түрін тандауы екен. Ал әлеуметтік туризм деп мемлекеттік қазынадан немесе басқа көздерден қаржылық мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қаржыландыратын ұйымдасқан саяхаттарды (танымдық, ағартушылық немесе рекреациялық-сауықтыру) атайды.

I дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризмнің жаппай сипат алуына әсер еткен ол — автомобиль, самолет секілді көлік құралдарының туристік деңгейде қызмет ете бастауы. Ал әлемде XX ғасырдың басында туризмнің жаппай сипат алуына кедергі болған басты себеп — халықтардың көпшілігінің кедей күйде болуы және төлемді еңбек демалысының болмағандығы. Осыдан-ақ көптеген адамдардың туристік іс-әрекеттерге қатысуы аз болғандығын байқатса керек. Тіпті экономикасы басқа елдерге қарағанда алдыңғы қатарда болған Англияның өзінде ірі өнеркәсіп орындарының жұмысшылары мен қызметкерлерінің еңбек демалысы жылына 1903 жылы 1-2 апта ғана болды. Мемлекеттік қызметкерлердің еңбек демалысы 1908 жылдан бастап қызметі үш жылдан асса ғана 6 күн берілетін. Мұндай жағдай еңбекшілердің наразылығын тудырып, олар біртіндеп жұмыс берушілерге демалысын жақсартатын шарттарды орындата бастады. Сонымен қатар I дүниежүзілік соғыстан кейін жұмысшылардың туристік қозғалысы өрістеп, оларды кәсіподақтар мен социал-демократиялық партиялар ұйымдастырып, өздерінің туристік бюроларын құрып, туристерді жайғастыратын қаражаттар шоғырланды. Мұндай қозғалыстар әсіресе Германияда, Швейцарияда және Австралияда кең өріс алды.

Енді жаппай туризмнің туындауына екі мысал келтірейік. Швейцарияда «Отельилан» фирмасының құрылуы мен іс-әрекетін бастап, ол фирма әлі күнге дейін осы елдің ірі туристік қызмет көрсететін мекемелерінің бірегейі болып есептеледі. Бұл фирманың құрылуына 1935 жылы осы фирманың негізін салушы Г.Дуттвайлердің еңбектің «кішкентай адамдарын» туризмге тарту идеясы негіз болған. Жаппай да арзан туристік сапарлар бұл фирманың негізгі пайда көзіне айналды.

Германияда национал-социалистер «ұлт бірлігі» идеясын демалу мақсатындағы жаппай туризм арқылы іске асырып, бұл іс-әрекетті национал-социалистердің «Қуаныш арқылы күш дарыту» (Кvaft duch freude) деген арнайы ұйымы арқылы бағыттап отырды. 1933 жылы империялық туризм жөніндегі комитет негізделіп, ол Ағарту және үгіт-насихат министріне бағынышты болды. Герман мемлекеті демалу мақсатында ұйымдасқан топтық сапарларға, круиздерге, теміржол саяхаттарына көмек көрсетіп отырды. Саяхаттардың қалта көтерерлік құны алғашқы «туристік серпілістің» өсуіне жағдай жасады. Мәселен, 1934 жылы 2, 3 млн.адамның туристік сапары 1935 жылы 5 млн-ға жетті де, 1937 жылы 9, 6 млн., 1938 жылы 10, 3 млн. адам болды. Жекелеген адамдардың қыдырысынан топтық туризм біртіндеп басым бола түсті.

XX ғасырдың II жартысында қоршаған ортада көптеген өзгерістер болды. П.Г. Олдак айқындағандай, статикалық өмір типінің, яғни халықтың басым көпшілігінің тұрған жерінен жылжымай, отыра беруінің орнына жаңа динамикалық (өзгермелі) өмір салты ене бастады. Өзгермелі өмір салты миграциялық процестердің ерекше өсуімен сипатталады.

КСРО Ғылым академиясы географтарының деректеріне қарағанда, әлемдегі елдердің барлығын коса есептегенде, шет елдерде 1950 жылы - 25, 3 млн. адам, 1968 жылы - 141 млн. адам, яғни жер шары халқының 4%-ы турист болыпты.

II дүниежүзілік соғыстан соң миграциялық туристік ағымның күрт көбеюі елдер мен континенттердің экономикалық байланыстарының беки түсуімен, ғылыми және мәдени байланыстардың кеңейе түсуімен, транспорт саласындағы жетістіктермен, транспорттық тарифтердің арзандауымен, авиациялық рейстердің жеделдеуімен және жеке меншік автомашиналардың көбеюімен байланысты болды. Мәселен, «ЮНЕСКО курьерінің» (1996 ж., желтоқсан) мәліметтеріне қарағанда, 1965 жылы әлемде авиажолаушылар 180 млн. болса, ал автомашинаның саны 130 млн.-ға жетті.

Сол кезеннің туризмнің дамуына кейбір елдердің халықтарының кірістерінің өсуі, еңбек демалысы мерзімінің ұзаруы және үлкен қалалардағы өмірден адамдардың қатгы шаршайтындығы негіз болды. Зерттеулердің мағлұматтарына қарасақ, өнеркәсібі дамыған елдерден демалу мақсатында сапарға шығатындар негізінен ірі индустриялы орталықтардың тұрғындары екен.

XX ғасырдың 50-60 — жылдарындағы батыс Европа елдерінде қонақ үйлерін, ойын-сауық орындарын салу ерекше қарқын алды. Европа туризмі негізінен америкалық туристерге икемделіп, қарсы алушы елдердің долларлық қазынасы тола бастады. XX ғасырдың 60-жылдарынан 70-жылдарының ортасына дейін келу-кету туризмі өсіп, туристік мекемелер мен олардың өндірістерінің көлемі артты.

Зерттеуші В. Б. Сапрунова бойынша түрлі елдердегі туризмнің жаппай сипаты оның жеделдігіне (интенсивность) ауыса бастады. Туризмнің жеделдеуінің көрсеткіші дегеніміз — елдің неше адамы (% өлшеммен алғанда) жылына біреу болсын туристік сапар жасады (нетто-интенсивность) және елдің 14 жастан үлкен бөлігінің пайыздық қатынасы қандай деген сөз. Туризмнің жеделденуі 50 %-дан асса, елдің жартысынан көбі турист болғандықтан, жаппай туризм болып есептеледі.

6.2 Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризмнің дамуы, конвейерлік және жіктелген туризмнің қалыптасуы

II дүниежүзілік соғыстан кейінгі дәуірде туризм нарқының сұранысы мен ұсынысында

түбегейлі өзгерістер болды, жалпай туризм сараланған жаппай туризмге ұласты. Туризмнің бұл екі түріне де жаппайлық тән, оған таңдаулылар (элита) ғана емес, орта класты халық та, 80-жылдардан бастап кірісі төмен деңгейдегі ел де қатысатын болды.

Конвейерлік туризм салыстырмалы түрде қарапайымдылығымен, қажеттіліктердің бірдейлігімен, туристердің мұраттарының ұқсастығымен, бір сөзбен айтқанда, көрсететін қызметтерінің жаппайлық-конвейерлік сипатымен ерекшеленеді.

Сараланған (дифференциялы) туризм қажеттіліктердің әр түрлілігімен, туристік мұраттардың сан салалылығымен, туристік сұраныстардың ұсақ түрлерімен, ұсынылатын қызметтердің сан алуандығымен, туристік ұсыныстардың әр түрлілігімен ерекшеленеді. Сараланған туризмде көрсетілетін қызметтерге кең де тереңдік сипат тән. Демек туристік фирма туристік өнімнің қыруар түрін емес, шектеулі кызметтің түрлі варианттарын ұсынады.

Конвейерлік туризмнің сараланған туризмге ауысуы өндіруші рыноктың тұтынушы рынокқа ауысуымен тұспа-тұс келді.

Ол кезеңдегі туристік қызмет көрсетудің қажеттіліктері туризмнің рекреациялық аспектісі болып табылады. Оған дәлел демалысты күнделікті ауыр еңбектен шаршаған физикалық күшті қайта қалпына келтіру мақсатында пайдалану болды.

Тұтынушы ретіндегі жалпы халықтың жағдайының жақсаруы, экономикалық өсудің жалғасуы, жұмысшы қауымның бос уақытына деген қарым-қатынасының өзгеруі демалысқа деген тұтынушылық мақсат пен психологияны мүлдем өзгертті. XX ғасырдың 60-70-жылдарының тоғысында «материалдық игіліктерді тұтыну қоғамы — тұтыну - тұтыну үшін» деген пікір қалыптасты. Өндіру рыногын тұтыну рыногы ауыстырды.

Туристік сұраныстардың мақсат-мүдделері күрделене түсті: туризмнің рекреациялық аспектісімен қатар ағартушылық, қарым-қатынастық және инвестициялык аспектілері пайда болды. Бұл аспектілер өзектілігін 80-жылдар бойына жойған жоқ.

XX ғасырдың 70-жылдарының ортасына дейінгі уақыттағы туристік фирмалардың нарықтық стратегиясы өндірілетін өнімдердің «универсалдылығымен» ерекшеленіп, ерекше, арнайы, жекелеген салалармен шұғылдану болған емес. Бұл кезеңді В.Б.Сапрунова конвейерлік туризмнің гүлдену дәуірі деп есептейді.

70-жылдардың II жартысынан бастап туристік сұраныстардың саралануына байланысты ұсыныстарда арнайы қызмет, арнайы өнім тенденциясы күшейіп, соңғы жағдай арнайы фирмалардың көрсететін қызмет ассортиментінде кеңейіп, туристік фирмалар қызметіне, қызметі көрсетудің басқа салаларына да ене бастады. Табарлар мен қызметтер нарқының шектен тыс көбеюі, экономиканың өсу қарқынының төмендеуі, 70-жылдардың ортасындағы экономикалық және құрылымдық дағдарыстар сараланған туризмнің қалыптасуына жағдай жасады, туризмнің бұл түрі 80-жылдарда басым бағыт ала берді. Бұл индустриалды қоғамның дағдарысының белгісі еді.

Индустриялы қоғамға тән нәрсе - адамға өндірісті іске асырушы ретінде қарау, адамға деген мұндай қарым-қатынас индивидтің өз іс-әрекетінің нәтижелерін және адамның, оның мәдениетінің, рухани кескін-келбетінің қалыптануын (стандартазациялануы) күшейтеді.

Қазіргі дүниеде туризм түрлі елдердің ынтымақтасуында, өзара мәдени игі әсер етуде ерекше рөл атқарады. Туризмнің дамуы халықтың рекреациялық қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймайды, өнеркәсібі дамыған және дамушы елдердің арасындағы әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан маңызды мәселелерді шешуге де пайдасы зор. Туризм ісі дамыған елдердің туризмнен табатын пайдасы экспорттың барлық мөлшерінін 10-нан 35-ке дейінгі пайызын құрайды.

БҰҰ мен ЮНЕСКО 60-70-жылдарда-ақ туризмді дамыту дамушы елдердің ең қиын әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешудің «таңғажайып әсерлі шансы» деп есептеген. Дамушы елдер жаңарып келе жатқан халықаралық туризм рыногына өз ресурстарын шығару арқылы өздеріне қажетті тұрақты валюта табудың, жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етудің, ез экономикасын жұмылдыра білудің жолын тапты.

Осылайша, халықаралық туризмнің көмегімен тұтынушылықтың өрісін кеңейтті. Дамып келе жатқан туристтік бизнес түрлі ұйымдардың ұлттық алда ғана емес, әлемдік масштабта бірлесе жұмыс істеуін талап етті. Мұндай ұйым 1898 жылы Люксембургте алғаш рет ұйымдастырылды, ол бірлестік «Туристік ұйымдардың халықаралық лигасы» деп аталды.

1925 жылы Гаагада туризмді насихаттайтын ресми ұйымдардың халықаралық одағының бірінші конгресі бас қосып, оның жұмысына Европаның 14 мемлекетінің өкілдері белсене ат салысты. Нәтижесінде бұл саладағы алғашқы ұйым — «Туризмді насихайттайтын ресми ассоциациялардың халықаралық конгресі» құрылды, ол 1927 жылы «Ресми туристік ұйымдардың халықаралық конгресі» деп аталып, ал 1930 жылы «Туризмді насихаттайтын ұйымдардың халықаралық одағы» болып құрылды.

 

6.3 Дүние жүзілік туризмге басшылық етудің соғыстан кейінгі кезіндегі ұйымдастыру құрылымдарының жетілдірілуі

Соғыстан кейінгі дәуірдегі әлемдік туризмнің жетекшілігі ұйымдастыру құрылымдарын жетілдіруді талап етті. Сондықтан да 1947 жылы Парижде жоғарыда санамаланған ұйымдардың базасында «Ресми туристік ұйымдардың халықаралық одағы» құрылды. Бұл ұйымның нағыз мүшелері ретінде 116 мемлекеттің өкілі тіркелді.

Кейін келе БҰҰ басшылығымен әлемдегі шетелдік туризмнің басын арнайы біріктіретін бірден-бір ұйым - Бүкіләлемдік туристік ұйым жасақталды. Бұл ұйым БҰҰ-ның Бас ассамблеясының ұсынысына сәйкес 1975 жылы құрылды. Штаб-квартирасы Испанияның астанасы Мадрид қаласында. Ұйымның жарғысы 1975 жылы 27 қыркүйекте қабылданды. 1980 жылдан бастап бұл күнді Бүкіл әлем туризм күні ретінде белгілі бір ұранмен мерекелеп отырады. Ұйым 4 жылда бір рет сессияға жиналып тұрады, ол екі аралықта Бас ассамблеяның атқарушы кеңесі жұмыс істейді.

Айрықша оқиғаның бірі 1980 жылы Филиппиннің Манила қаласында өткен II бүкіл әлемдік конференция болды. 1985 жылы Болгарияның София қаласында Бүкіләлемдік туристік ұйым «Туризм хартиясын», «Туризм кодексін» қабылдап, туризмнің бейбітшілікті нығайту ісіндегі рөлі және жастар туризмі туралы қарарлар қабылдады.

1994 жылдың қарашысында ЮНЕСКО мен Бүкіләлемдік туристік ұйымның жетекшілігімен Ташкентте мамандардың Ұлы жібек жолын қайта қалпына келтіру және қайта реттеу мәселелері бойынша кездесу өтті. Осы кеңесте аккредитация алған жалғыз қазақстандық фирма «Жібек жолы» холдингтік компаниясы болды. Дегенмен де бұл іске кейінгі кезде республиканың мемлекеттік органдары да араласа бастады.

Бүкіл әлемдік туристік ұйымның құрылымында 6 аймақтық комиссия жұмыс істейді. Олар: Европа, Таяу Шығыс, Африка, Америка, Шығыс Азия жане Тынық мұхит аймағы, Оңтүстік Азия. Мексикада туризм жөніндегі жоғары оқу орталығы кызмет етеді.

Атқару кеңесінің өкілеттілік мерзімі 4 жыл. Кеңестің бірнеше көмекші органдары бар: туристік құжаттауды жеңілдету жөніндегі комитет, бюджеттік-қаржылық комитет, қоршаған орта жөніндегі комитет, бағдарламалар мен үйлестіру жөніндегі техникалық комитет. Ұйымның Бас хатшысын 4 жылға Бас ассамблея тағайындайды. Ресми тілдері — ағылшын, француз, испан тілдері. Ұйымның бюджеттік шығындары мүшелік жарналар есебінен құралады. Ұйымның бірнеше қоры бар: жалпы қор, айналым капиталы қоры, сенім білдіру жөніндегі қор.

Әлемде әлемдік сипаттағы 200-дей халықаралық туристік ұйым бар. Оларды ең атақтыларына Туристік агентстволар ассоциасының бүкіләлемдік федерациясы, Туристік агентстволардың бүкіләлемдік ұйымы жатады, бұлар туристік фирмалардың коммерциялық бірлестігі — кооперативтік негізде жұмыс істейтін белгілі ұйымдар, ал Халықаралық туристік альянс — автомобильдік туризмге қоғамдық көмек ұйымы, Әлеуметтік туризм және еңбекшілердің демалысы жөніндегі халықаралық бюро, Жастардың туристік ұйымдарының халықаралық федерациясы, Туризм жөніндегі халықаралық академия, Туризм бойынша жазушылар мен журналистердің халықаралық федерациясы, Туризм саласындағы құжаттау, хабарлау және мәдениет бойынша халықаралық ассоциация, Халықаралык айырбас бойынша ассоциация, Туризм бойынша парламентаралық ұйым, Туризм бойынша эксперттердің халықаралық ассоциациясы, Туризм саласында және конақ үйлік басқару бойынша оқытудың халықаралық ұйымы, Халықаралық автомобильдік ұйым, Кедендік тарифтер жөніндегі халықаралық бюро, Әуе транспортының халықаралық ассоциациясы, Туристерге дәрігерлік көмек бойынша халықаралық ассоциация, Халықаралық қонақ үй ассоциациясы, Мұражайлардың халықаралық кеңесі және т. б.

Бүкіләлемдік туристік ұйымның аймақтық ұйымдарының құрамына Араб туристік ұйымы, Туристік агенттердің американдық қоғамы, Тынық мұхиттық аймақтық туристік ассоциациясы, Латын Америкасы елдері туристік агенттерінің конференциясы, Британ туристік агенттерінің ассоциациясы, Европалық туристік комиссия кіреді.

Қазақстан Республикасы халықаралық туризмнің іс-әрекетіне халықаралық парламентаралық, аймақаралық ұйымдардың кейбіріне толық, кейбіріне жартылай мүше немесе бақылаушы ретінде катысады.

Қазақстан Республикасындағы туристік ұйымдар халықаралық туристік ұйымдарға төмендегідей мақсаттарда қатыса алады: халықаралық туристік алмасу, экономикалық және техникалық ынтымақтастықты дамыту туризмінің инфрақұрылымы мен материалдық базасын нығайту үшін, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, туризм бойынша информацияяар алмасу үшін, халықаралық туризмнің түрлі салалары бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу үшін, туризм аясындағы басқа да халықаралық ынтымақтастықты іске асыру үшін.Қазақстан Республикасының туризм және спорт агенттігі БҰҰ-ының әлемдік туризм жөніндегі арнайы мекемелерімен, бағдарламаларымен жұмыс істейді.

6.4 Қазіргі кезеңдегі дүние жүзінің ірі аймақтардағы туризмнің даму үдерістері

Енді қадам басқан XXI ғасырдың алғашқы 10 жылдығындағы әлемдік туризмнің дамуының негізгі тенденциясын бағдарлау — Бүкіл әлемдік туристік ұйым аналитиктерінің ісі. Жоғарыдағы информацияның барлығы Бүкіл әлемдік туристік ұйымның Европа аймағы бойынша өкілдің көмекшісі А.Ш-левковтың 2001 жылдың қазан айында Алматыда өткен «Эко-туризм — XXI ғасырда өтпелі экономикалы ТМД, Қытай және Монғолия секілді елдердің тұрақты дамуының құралы» деген тақырыпта өткен семинарда жасаған баяндамасынан алынды. Онда әлемдік туризмнің басты аймақтық даму тенденциялары ретінде төмендегі ағымдар аталады:

1) 2020 жылға қарай аймақаралық туризмнің жалпы көлемдегі үлесі: Овдүстік Азия — 85 %, Таяу Шығыс — 63%, Африка — 43 %, Америка — 38%, Европа — 15 % болмақ;

2) 2020 жылға қарай туристік рыноктың маңызды нысандары:
күншуақ пен жағажай, спорттық туризм, хикаялы туризм, табиғи туризмі, мәдени туризм, қалалық туризм, ауылдық туризм, тақырыптық парктер, конгрестік туризм, алыс сапарлар, аралас сапарлар, спорттың қысқы түрлері, спорттың судағы түрлері болмақ;

3) туристік бағдарламалардың жеке және жалпы түрлері араласады, электронды технологиялар басым қолданылады, тур тұтынушыларының шарттары басым болады, туристік сұраныстар ерекшелене түседі;

4) туристік рынок туристік өнімнің үш түріне бағытталады:

а) ойын-сауық, өте әсерлі көріністер, ағарту;

ә) туристік орталықтар өз абыройларының артуына көбірек көңіл бөледі;

б) туристік ұйымдар азиялық туристердің келуіне құлықты
болады;

5)туризмнің тұрақты дамуын және туризмдегі «әділ сауданың» болуын қамтамасыз ету; тұтынушылардың өсіп келе жатқан әлеуметтік-экономикалық санасы мен туристік өнімдерді белсенді пайдалануға ұмтылу арасындағы қарама-қайшылық;

6) XXI ғасырдың жақын арадағы 10 жылындағы ұлттык туристік ұйымдардың басым бағыттары:

а) мақсатты бағыт күшейеді, көтеріледі және маркетингтің
өктемділігі артады;

ә) өнімдерді саралау, олардың сапасы мен бағасы арқылы бәсекелестік басымдыққа жету үшін үнемі ұмтылыста болу;

б) туризм ұзақ та игілікті болу үшін туризмді тұрақты дамыту
қажет;

в) мемлекеттік бақылаудың азайып, мемлекеттік-меншіктік
бәсекелестікті арттыру;

7) Бүкіл әлемдік туристік ұйым ұлттық туристік ұйымдарды зерттей келе төмендегідей құбылыстарды айқындады:

а) ұлттық туристік ұйымның 78%-ы өз маркетинггік іс-әрекетін
туристік рыноктың шешуші бағыттарына жұмылдырады;

ә) ұлттық туристік ұйымның 77%-ы өз маркетингтік іс-әрекетін сегменттік рыноктың неғұрлым тиімді түрлеріне бағыттайды;

б) ұлттық туристік ұйымның 88%-ы өз маркетингтік іс-әрекетін шет елдерге кеңейткен;

в) ұлттық туристік ұйымдардың 90%-ы өз кооперативті маркетингін жеке сектормен көбейткен;

г) ұлттық туристік ұйымдардың 77%-ы өктем маркетингтік саясат ұстанады.

 

7-дәріс. Ресей империясында (1771-1917) туризмнің дамуы

7.1 XVIII ғасырдың екінші жартысында Ресей империясындағы туристік саяхаттардың пайда болуының негізгі себептері. Ағартушылық кезең (ХІХ ғасырдың 90 жылдарына дейін)

7.2 ХІХ соңы мен ХХ басындағы Ресей империясындағы қоғамдық туристік ұйымдардың құрылымы

7.3 ХІХ соңы мен ХХ басындағы Рессейліктердің Жер шарын айналған алғашқы туристік саяхаттары


<== previous lecture | next lecture ==>
Египеттіктер 6 page | Египеттіктер 8 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.944 s.