Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Кесте толтыру 9 page


Date: 2015-10-07; view: 503.


Ақша адам баласы үшін аса қажетті зат. Ол айырбас ретінде, қандай да бір қажетті заттың орнына беретін ақы ретінде қолданылады. Ақшаның тарихы тым тереңде, сонау тас дәуірінде жатыр. Ол кезде ақшаның орнына түрлі заттарды қолданған.

Нумизматика - ақша, теңгені, оның тарихын зерттейтін ғылым.

Осы жерде оқушыларға әлемнің біраз мемлекетінің қазіргі кезде қолданыста жүрген валюталарын жаздырамын.

Мысалы: АҚШ-доллар, Ресей-рубль, Қытай-юань, Түркия-лира т.б.

Қазақстан Республикасының ұлттьщ валютасы - теңге туралы түсіндіремін. Онда көрнекі құралдарды пайдаланамын.

Мына бағытта баяндаймын:

– Ұлттық теңгенің қажеттілігі.

– Ұлттық теңгенің шығу тарихы.

– Теңге құрылымы.

Оқушыларға еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы ауыр экономикалық жағдай, Ресейдегі бағаның босатылуы, ең соңында еліміздің тәуелсіздік алуы - осының барлығы өзіміздің ұлттық ақша бірлігі - теңгенің қабылдануына басты фактор екенін айтамын.

Қазақстан теңгесін Ұлыбританияның «Харрисон» фирмасы жасап шығарған. Қазіргі кезде теңгені өз елімізде жасайтыны туралы да айтамын.

Теңгенің еліміз аумағында айналымға енген уақыты -1993 жыл 15 қараша.

Теңге құрылымына қыскаша тоқталамыз. Теңге металл және қағаз түрінде болады. Алғашқы шыққан теңгелерде белгілі тұлғалардың суреті салынған. 3 теңгелікте Сүйінбай, 5 теңгелікте Құрманғазы, 10 теңгелікте Шоқан, 20 теңгелікте Абай, 50 теңгелікте Әбілқайыр, 100 теңгелікте Абылай суреттері, ал 1, 200, 500, 1000, 2000, 5000 теңгеліктерде әл-Фарабидің суреттері бейнеленді.

Бұдан кейін оқушылармен теңге жайында шағын әңгіме өткіземін. Онда теңгенің адам өміріндегі орны жайында пікірлесеміз.

Қорытынды кезең

Сабақты бекіту үшін карточкалық сұрақтарды пайдаланамын.

1. Нумизматика ғылымы.

2. Валюта деген сөзді қалай түсінесің?

3. Ақшаның қажеттілігі туралы айт.

4. Неліктен ақшаның бетіне белгілі адамдардың суреті салынады?

Қосымша бір-екі оқушыға тақырыптың мазмұнын айтқызамын. Ақшаның маңызына, теңгенің шығу тарихына, қазіргі кезде теңгеге енгізілген өзгерістерге тоқталып өтемін.

Бағалау:

Үй тапсырмасы:

1. 58-параграфты оқу.

2. Теңге жайлы шағын әңгіме жазу.

 

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: § 59. Астана-Қазақстанның бас қаласы.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: қазіргі елорда Астана қаласы жайында, оның тарихы, Алматыдан астананы Ақмолаға көшірудің алғышарты жайында оқушыларға жалпылама мағлұмат беру, елорда жайында білімдерін кеңейтуге жағдай жасау.
  • Дамытушылық: өз беттерінше білім алу, ізденіс әрекеттерін дамытуға жағдай жасау, тарихи оқиғалардың маңыздылығын түсіне білу, оған баға беріп, пікір алу дағдыларын қалыптастыруға көмектесу.
  • Тәрбиелік: Астана арқылы мақтана білуге үйрету, елордаға, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық, азаматтық тәрбие алуға көмектесу, рухани-материалдық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақ әдісі: әңгіме, пікір алысу.

Пән аралық байланыс: құқық

Көрнекілік: Астана қаласының суреттері, Қазақстан Республикасының саяси картасы, Астана қаласы туралы деректі фильм кассетасы.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген тапсырманы тексеру және бағалау мақсатында төмендегідей сұрақтар мен тапсырманы беремін.

1. Ақшаны пайдалану қай кезде пайда болған?

2. Нумизматика ғылымының негізін салушы кім?

3. Қандай металдан ақша жасайды?

4. Теңге кашан айналымға енгізілді?

5. Теңгені айналымға енгізудің себептері мен алғышарттарын көрсет.

6. Теңге бетіндегі түлғаларды ата.

Оқушылардың дәптерлерін үйде теңге жайлы жазған әңгімелерін тексеруге жинап аламын. Өткен сабақты көрнекі құралдарды пайдаланып, оқушылармен әңгімелесе отырып қорытындылаймын.

III. Жаңа сабақ.

Өтілетін сабақтың тақырыбы мен жоспарын алдын ала тақтаға жазып қоямын. Сонымен қатар оқушылардың назарын сабақтың тақырыбына, жоспарына, мақсатына аударамын.

Тақырыптың жоспары.

1. Бұзоқ - ортағасырлық қала.

2. Алматыдан Ақмолаға.

3. Астана - ел мақтанышы.

Сабақты көрнекі құралдарды пайдалана отырып бастаймын. Бір оқушыға Қазақстан картасынан Астана қаласын көрсетуді сұраймын. Осыдан кейін тақтаның ортасына «Астана» сөзін жазамын.

Теледидар мен бейнемагнитофонды іске қосып оқушыларға Астана қаласы жайында деректі фильмді көрсетемін (7-10минут).

 


<== previous lecture | next lecture ==>
Кесте толтыру 8 page | Тапсырма
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.08 s.