|
ТапсырмаDate: 2015-10-07; view: 506. Оқушыларға бейнефильмде көргендерін, яғни әсерін қағаз бетіне түсіртемін. Тапсырманы орындаған кезде көрнекілік ретінде Астана қаласының суреттерін де таратып беремін. Оқушылар тапсырманы орындап болғаннан кейін төрт-бес оқушыға жазғандарын окытып, пікірлерін білемін. Мұғалім оқушыларға Есіл өзенінің жағасында орналасқан орта ғасырдағы Бозоқ қаласы жайында айтып беруі керек. Бозоқ қаласының орнын мұғалім картадан көрсетіп береді. Бозоқ қаласын археолог К.Ақышев бастаған ғалымдар зерттеді. Оқушылар назарын XX ғасырдағы Қазақстан астанасы болған қалаларына аударамын. 1. Орынбор (1920-1924 жылдары). 2. Қызылорда (1924-1929 жылдары). 3. Алматы (1929-1997 )жылдары. 4. Астана(1997жылдан). Қазақстан астанасының Алматыдан Акмолаға көшу тарихын баяндаймын. Ақмола Қазақстаннын орталығында (Еуразияның кіндігінде) орналасқан. Тоғыз жолдың торабы. Төрт жағынан электрлендірілген темір жол келіп кіреді. Жері өте қолайлы, жазықта далада, Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астананы Ақмолаға көшіру туралы жарлық 1996 жылы 6 шілдеде шықты. 1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола Қазақстан астанасы болып жарияланды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері болды. Осы жылы Ақмола қаласына Астана атауы берілді. Жоспарда көрсетілген үшінші бөлім бойынша түсіндіргенде бейнефильмді пайдаланамын. Бейнефильм бойынша әңгімелеп беремін. Астана көркі болған әр ғимарат жайында кеңірек тоқтала отырып түсінік беремін. Қорытынды кезең Сабақты бекіту мақсатында екі-үш оқушыны шығарып тақырыптын мазмұнын айтқызамын. Арасында сұрақ қойылады. Бір оқушыдан тақырыпқа байланыста картадан білімін тексеремін. Астана ғимараттарының суретін үш-төрт оқушыға таратып беріп, пікірлерін білемін. Соңында сабақты қорытындылаймын. Онда елорда тарихына қысқаша тоқталып, Алматыдан Ақмолаға бағытталған Ұлы көш жайында, Астананың бүгінгі жағдайына шолу жасаймын. Астананың дамуы Қазақстанның дамуы екенін атап көрсетемін. Астана XXI ғасырдың қаласы, еліміздің жүрегі іспеттес. Бағалау: Үй тапсырмасы: 1. 59-параграфты оқу. 2. Астана қаласы жайында сұрақ, сөзжұмбак құрастыру.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер Сабақтың тақырыбы: § 60. Бүгінгі Қазақстан Сабақтың мақсаты:
Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: дәстүрлі сабақ Пән аралық байланыс: құқық, география. Көрнекілік: Қазақстан Республикасының саяси картасы, еліміздің әсем табиғаты бейнеленген суреттер (Бурабай, Алтай, Алматы, Каспий теңізі), ірі өнеркәсіп орындарының суреттері, буклеттер т.б. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Үй тапсырмасын тексеру. Ұйымдастыру кезеңін өткізген соң үй тапсырмасын тексеруге кірісемін. Оқушылардан үйге қандай тапсырма берілгенін сұраймын. Ең алдымен үйде оқушылардың құрастырған сұрақ, сөзжұмбақтарын тексеремін. Осыдан кейін өткен тақырыпты қайталау, үй тапсырмасын тексеру мақсатында сұрақтар қойылады. 1. Қазіргі Астана қаласына таяу жерде қандай ортаға-сырлық қала болған? 2. Қазақстан астанасы неліктен Ақмолаға көшті? 3. XX ғасырда Қазақстан астанасы болған қалаларды ата. 4. Қазақстан астанасы ресми түрде Ақмолаға қай жылы көшті? 5. Астана қаласының қазіргі кездегі гүлденуі туралы айт. 6. Астана қаласының орналасқан аумағының маңыздылығын көрсет. Оқушылардың жауабын тыңдаған соң, оны толықтыра отырып үй тапсырмасын қорытындылаймын. Өткен сабақты қорытындылай келе өткен тақырыппен байланыстыра отырып жаңа сабақты бастаймын. III. Жаңа сабақ. Жаңа сабақтың тақырыбы мен жоспары тақтаға жазылады. Оқушыларға тақырыпты жаздырып, сабақтың мақсатымен таныстырып өтемін. Тақырыпты түсіндіру үшін мынадай жоспар құрамын: 1. Аумағы. 2. Халқы. 3. Даму жолында. Алдымен жаңа сабаққа аздап кіріспе жасаймын. Онда Қазақстанның бүгінгі жағдайы баяндалады. Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан Қазақстан әлемдегі ірі мемлекеттердің біріне айналып отыр. Аздап кіріспе жасағаннан кейін негізгі бөлім бойынша сабақты түсіндіруге кірісемін. Картаны пайдалана отырып, Қазақстанның жер көлемі жайында толық түсінік беремін. - Аумағының келемі 2,7 млн км.кв. Әлемде жер көлемінің үлкендігі жөнінен тоғызыншы орында. Еліміз Азия аумағының 6,5%-ын алып жатыр. Қазақстанның көрікті жерлері туралы суреттерді пайдалана отырып, шағын әңгіме өткіземін. Жоспардың екінші бөліміндегі сандық көрсеткіштерді оқушыларға сұрақ ретінде беріп өздеріне тапқызамын. Еліміздің демографиялық жағдайы. Халық саны - 15 миллионға жуық. Қала халқы 56%, ауыл халқы 44%. Қазақтар 56%, орыстар 30% т.б. Әлемде халық саны бойынша 70-орында. Қазақстанда 130-ға жуық этнос өкілдері тұрады. Әлемдегі қазақтардың саны 12 миллион. Бұдан әрі халқымыздың этниқалық көрсеткіштеріне тоқталамын. Қазақ халқы еліміздегі автохтонды ұлт. Қазақтар алтай тіл семьясының түрік тобының қыпшақ тармағына жатады. Нәсіл жағынан турандық топқа кіреді. Жоспардың үшінші бөлімін әңгіме түрінде еткіземін. Оқушыларды Қазақстанның бүгінгі жағдайы туралы әңгімеге сұрақ қою арқылы тартамын. Қазақстанның бүгінгі дамуына сипаттама бер. Қазақстанның жерастында қандай қазба байлықтар бар деп ойлайсыңдар? Оқушыларға Қазақстандағы жерасты байлықтарын, яғни пайдалы қазбаларды жазып шығу тапсырылады. Кесте.
Кестені толтыру арқылы бүгінгі Қазақстан жайында оқушылардың пікірін білемін. Онда мыналарды негізге аламын. - Экономиқалық дамуы. - Мәдени жағдайы. - Сыртқы саясаты. Қорытынды кезең Сабақты бекітуді негізінен әңгіме түрінде өткізгемін. Оқушыларды әңгімеге тарту үшін проблемалық, қызықты сұрақтар қоямын. Соңында тақырыпты қысқаша қорытындылап, Қазақстанның бүгінгі дамуы мен келешегіне тоқталамын. Оқушыларға өздерін еліміздің болашағы ретінде еркін сезінулерін айтып, сабақты аяқтаймын. Бағалау: Үйге тапсырма:60 5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер Өлкетануға арналған сағаттарды ұйымдастыру үшін төмендегі тақырыптардың жоспарын ұсына аламыз. Тақырыптар: 1. Туған өлкеміздің тарихы бойынша археологиялық деректер. а) Өлкеміздегі археологиялық ескерткіштер және оның тарихы. ә) Археологиялық зерттеулер мен қазба жұмыстарын 2. Этнографиялық материалдар а) Этнографиялық материалдарды жинау әдістері а) Өлкеміздегі ертеден сақталып келген салт-дәстүрлер мен бүгінгі күнде жаңадан пайда болған салт-дәстүрлер. 3. Тарихи дәулет және өнер ескерткіштері. а) Сәулет және өнер ескерткіштерінің туындылары. ә) Тарихи ескерткіштер тарихы 3. Жазбаша және ауызша тарихи деректер. а) Кітаптар, мерзімді баспасөз, мұрағат деректері. ә) Ауызша тарихтағы жергілікті жер-су, өзен-көл т.б. атаулар тарихы 5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер Сабақтың тақырыбы: Қайталау Сабақтың мақсаты:
Сабақтың түрі: қайталау Әдісі: интерактивті Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, география, орыс тілі, қазақ әдебиеті Көрнекілік: карта, сызба Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі · Оқу құралын тексеріп түгелдеу · Әнұран орындау, «Хабар» · Оқушылар зейінін сабаққа аудару Қайталанатын материалдар: 1. Біз Республика күні мен Тәуелсіздік күнін қашан тойлаймыз? 2. Республика күні деп неліктен аталады? 3. Қазақстан Республикасының Ата Заңы қандай бөлімдерден тұрады? Оларды атап шғгыңдар. 4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын бейнелеп, олардың қандай мағына білдіретінін айтып беріңдер. 5. Ұлттық теңгенің айналымға енуінің тарихи маңызы неде? 6. Қазақстан тарихында астана рөлін атқарған қалалар туралы айтып беріңдер. 7. Қазақстанның болашағы мен мүмкіншіліктері туралы не айта аласыңдар?
Бекіту: Ü «Иә-жоқ» Ü Бетпе-бет Ü Эрудит Ü Мұны әркім білуі тиіс Ü Эссе Бағалау:Қорытынды жылдық бағаларын қою Үйге тапсырма: ІҮ тоқсан материалдарын қайталау.
|