Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Египеттіктер 14 page


Date: 2015-10-07; view: 573.


6. Туристердің қауіпсіздік мәселесі.

Туристің қауіпсіздігі мемлекеттің саясатына, туроператорлар мен турагенттердің турларды ұйымдастыру кезінде қабылдайтын шараларына тікелей байланысты. Террорлық актілердің, індет пен техногендік сипаттағы жағымсыз зардаптардың өсіп отырған жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі өткір қойылып отыр.

Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мыналар қажет:

- туристік кадрларды арнайы даярлауды және туристерге қызмет көрсету жөніндегі туроператорлар мен турагенттердің қызметінде қауіпсіздік техникасы жөніндегі нормалардың, ережелердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру мәселесін пысықтау;

- туристік ортаны қорғау және күзету;

- қорғану және қауіпсіздік мәселелері бойынша халықты және туристерді ақпараттандыруды қамтамасыз ету;

- ұйымдасқан қылмысқа, лаңкестікке және адам саудасына, әйелдер мен балаларды жұмыспен және жыныстық қатынаспен қанауға қарсы күрес жүргізу;

- Қазақстанға туристік және өзге де көші-қон ағындарының кіріп кету, оның ішінде туристің атын жамылған экстремистердің «ыстық нүктелерге» өтіп кету мүмкіндігінің алдын-алу үшін бақылауды күшейту;

- облыстар мен Астана және Алматы қалаларында туристерге көмек ретінде «hot line» режиміндегі телефондық ақпараттық қызмет құру.

Жоғарыда айтылғандай, Қазақстанның басымдығы ұсынылатын туристік қызметтердің түрінде болып табылады (экологиялық туризм, мәдени-тарихи туризм және т.б.). Бұл түрлерінің әрқайсысы өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты бірқатар мәселелерге ие.

Іскерлік туризм көлемі шағын. Шетелдік компаниялардың іскерлік жоспарлары ертерек Қазақстанда ашқан тек өздерінің бизнестерімен шектеледі. Бұнда өсу тенденциясы байқалмайды, өйткені қазір отандық бизнесмендердің өзі бос нарықтарды жаулай алады. Сол себептен Қазақстанда күш-жігерлерін жұмсап, капиталдарын салуға болатын сфераларды іздестіретін бизенсменердің ағымы енді өспейді деуге болады. Ал саяси туризм басқаша жағдайда. Қазақстан күннен күнге дүние жүзілік саяси аренада күш алып келе жатыр. Және өткізілетін жері Алматы мен Астана болатын аймақтық және халықаралық симпозиумдар мен саммиттер шетелдік туристердің зор ағымын тарта алады. Экстремалдық спорт туризмі еліміздің кеңдігіне қарамастан нашар дамыған. Тауларға қызығып келетін альпинистер саны өте аз. Шетелдік тау шаңғышылары мен атпен жүруді жақсы көретіндер туралы да солай айтуға болады. Спорттың экстремалды түрімен шұғылданатын резидент емес туристер оларды Қазақстанда күтетін экстремалды тұрмысқа дайын емес.

Сонымен қатар кластер ішіндегі фирмалар арасында туындайтын қиындықтарды айыра білу керек. Олар қолдаушы институттар (ғылыми орталықтар, университеттер, қоғамдық ұйымдар, сауда-өнеркәсіптік палаталар, биржалар мен компаниялар) арасында, сонымен мемлекетік сектор органдары мен жеке бизнес арасындағы кооперация мәселелері болуы мүмкін. Әрине, туристік қызметтер нарығында 100%-дық кепілдік бола алмайды. Ең тәжірибелі туристік агенттіктердің өзінде авиакомпаниялар, қонақ-үйлердің өз міндеттемелерін орындамауынан немесе ауырып қалған автобус жүргізушісінің келген рейсті күтіп алмауынан төтенше қиындықтар туындауы мүмкін. Алайда бұл қиындықтар дұрыс, әрі профессионалды жұмыс пен кластер қатысушылары арасындағы байланыс қалыптасқан кезде азаяды.

Сонымен қатар елімізде қалыптасып жатқан кластерлік жүйеге шекарасы неғұрлым кең халықаралық кластер сияқты жобаны енгізуге болады. Мысалы, туристер алдымен Самарқанд, Бұқара қалаларын көріп, одан кейін қыста шаңғы тебуге Қазақстанға немесе суға түсуге Ыстық көлге келе алар еді.

Осылайша, туризм индустриясы мен туризм кластерін дамытудағы негізгі бағыттар мыналар: жаңа ораластыру және демалу объектілерін салу, көлік пен тасымалдау кешенінің қызметін кеңейту, т.б. арқылы инфрақұрылымды дамыту;- туристік бағыттағы тартымды ел ретінде Қазақстанды үгіттейтін тиімді маркетингтік саясатты жүзеге асыру;- әкімшілік кедергілерді қарапайымдау, оның ішінде визаларды тіркеу процедурасы мен бақылау жүйесінің күрделелілігін әлсірету, «туристік өнімнің» арзандауына жағдай жасау, турфирмалар үшін салық ставкасын төмендету; қазақстандық туристік ұсыныс пен сұраныс жайлы ақпараттық базаны жеке сектормен ынтымақтастық жасау арқылы кеңейту; шетел туристері үшін жеке қауіпсіздік пен беріктілікті қамтамасыз етуде мемлекеттік кепілдікті ұсыну шараларын ұйымдастыру; компаниялар кооперациясына жағдай жасау, сол арқылы туризм қызметінің жоғары технологиялық кешенін қалыптастыру және саланың материалдық- техникалық базасын дамыту; дамыту жоспарын басқарудың барлық деңгейлерінде жүгізу;

- туристік объектілер құрылысын қаржыландыру.

13.3 «Ұлы Жібек жолындағы» туризм инфрақұрылымын дамыту жөніндегі мәселелер.

Жібек жолының қазақстандық бөлігіндегі негізгі туристік рекреациялық ресурстар Жетісуда, Оңтүстік Қазақстанда екендігі белгілі, бұл өңірдегі ерекше орынды Түркістан, Тараз, Алматы қалалары алады.

Түркістан — Қазақ хандығының алғашқы астанасы ғана емес, мұсылман әлемі үшін «екінші Мекке». Қаланың мұндай даңққа ие болуының басты себебі XIV ғасырда Әмір Темір Қожа Ахмед Йассауидің бейітінің басына мавзолей тұрғызды, ХУ-ХУІІ ғасырларда қорықтың территориясына Тәукенің, Тәуекелдің, Жәңгірдің, Есімнің, қазақ мемлекеттігінің негізін салушы Абылайдың ұлы кесенелері салынды. Осының барлығы, кесенелердің сәтті реставрациялануы, тарихи-мәдени ескерткіштер жүйесі инфрақұрылымын жасауға, Түркістанның Қазақстандағы қажылық туризмінің ірі орталығы болуына жағдай туғызады.

Тараз — Жібек жолының қазақстандық бөлігіндегі көне және ең ірі сауда-әкімшілік орталығы, орта ғасырлардағы Қазақстан өнерінің ерекше фортификациялық ескерткіші.

Алматы — б.д.д. I ғасырда ірге көтерген көне қала, республикамыздың ғылымы мен мәдениетінің орталығы, оңтүстік астана. Қаланың ескерткіштерінің 3 дәуірдегі дамуы үлкен танымдық мәні бар, қазіргіден де кең өрісте туристік айналымға түсіруге болады.

Жібек жолы бойындағы бұдан басқа да туристік нысандарға Құрлық, Тұрбат, Испиджап, Құлан, Меркі, Талқыз, Жаркент секілді орта ғасырлардағы қалалар мен елді мекендер жатады. Бағдарламада аталған қалалардың белгілі нысандарына реставрация жасау да жоспарда бар.

Бұл концепцияның өміршеңдігін көптеген мәліметтер дәлелдей түседі. А. Щурова, Ж. Қаңтарбаева, О.Саурамбаевтардың есебінше, Ұлы жібек жолының Қазақстандық бөлігіне жасалған туризмнен түскен таза табыс 39,1 млн. АҚШ доллары болыпты.

Жібек жолының нысандарын ұтымды пайдалану, хабарламалық-жарнамалық іс-шараларды ұтқыр ұйымдастыру экономикалық және әлеуметтік пайда әкелері сөзсіз. «Хан тәңірі» халықаралық алыплагерінің директоры К. Ш. Валиеваның (Қазақстан) дерегінше, мәселен, өзбектің 60 адамнан тұратын үлкен делегациясы әлемдегі ең ірі туристік көрмелерге қатысу арқылы Өзбекстанға шет елдік туристердің келу ағынын күрт көбейтіп отыр.

Негізгі халықаралық туристік ағымдар экономикасы дамыған және тұрмысы жоғары адамдар тұратын елдерден көбірек болуда. Міне, осындай елдердің халқына Қазақстанның туристік-рекреациалық ресурстарын жарнамалауды жаппай бағыттаған жөн. Бұл арада 1996 жылғы ең көп турист (барлық туристердің 47,8%) Ресейден келгендігін қаперде ұстау қажет. Сондықтан да біздің жарнамаларымыздың басым көпшілігі Ресейде жүргізілуі дұрыс.

Қазақстанның туристік индустриясы үшін қыруар табыс көзі болатын тағы бір бағыт — ол ТМД еддеріне, оның ішінде Ресейге, біздің ел арқылы атанған шет елдік туристер болып табылады. Осы жолдардың авторының өз көзімен көргендей, бұл туристердің көбі бір саяхаттың барысында Ресейді де, Қазақстанды да және Орта Азия мемлекеттерін де көргісі, қызықтағысы келеді. Міне, осы игілікті тиімді пайдалану үшін ТМД елдері аумағында заңмен бекітілген тұтас туристік кеңістікті қалыптастыру қажет. Бұл бағыттағы алғашқы адымдар да бар.

Туризм жөніндегі Қазақстан мамандары ТМД елдерінің туристік атласын жасау идеясын айтқан еді. Бұл атластың жобасы бойынша, онда республикада бұрын аз немесе тіпті белгісіз болып келген ұйымдар мен туристік жүйенің қызмет ететіндігі туралы информациялар жинақталмақ, сонымен қатар жерлердің табиғаттық және антропогендік жағдайлары, туристік ресурстары, туризмнің мақсаты, тарихы, келешегі, оның рекреациялық пайдасы туралы баяндалмақ. Атластар туризмді кешенді жоспарлауға, туристік ұйымдарды басқаруға, туризмді насихаттауға, туризм мамандарын оқытуға туризмді белсенді демалыстың тиімді құралы ретінде пайдалануға мол үлесі бар. Атластағы туристік шолу карталары туристік саяхаттар шарттарын барынша дәлдікпен бейнелейді. Мұндай минианалог — «Жетісудың туристік-рекреациялық ресурстарының картасы» жарық көрді. Қазір келесі екі кезеңдік әлдеқайда кең масштабтағы жұмыс дайындалып жатыр.

ТМД елдері мен Қазақстандағы туризмнің дамуы мәселелері туристік мамандар дайындауға тиімді жүйе болмай отыр. «Туризм» мамандығы бойынша студенттер дайындау қазіргі туристік фирманың менеджерлерінің іс-әрекетінің моделіне сәйкес құрылуы керек. Қазақтың спорт және туризм академиясының туризм факультетінің барлық мамандықтары Қазақстандағы қазіргі туризмнің негізгі бағыттарына сәйкес келеді. Бірақ жалғыз академия мен республикадағы бірнеше ЖОО-ының пәрмені жете бермейді. Сондықтан да мемлекет ретке келтіріп, туристік нақты мамандықтарға дайындайтын бірер жоғары оқу орындары ғана балу крек.

Қазақстанда 2002 жылдың маусымында лицензиясы бар 450-ден астам, Алматы қаласы мен облысы бойынша 273 туристік фирма жұмыс істейді. Қазір жұмыс істейтін турфирмалардың жұмыс мазмұны біршама өзгерген. Бұрындары көптеген фирмалар отандастарымызды шет елге жіберумен шұғылданса, қазір қоғамдағы жағдайларға (халықтың кедейленуі, сатып алу қабілетінің төмендеуі, әкелінген табарлардың базарда жоғары конкуренцияға ұшырауы) байланысты көптеген фирмалар Қазақстанда шет елдік туристерді қабылдауды ұйымдастырып, отандық туристік-рекреациалық ресурстарға жұмыс істеп жатыр. Бұл туристік іске оқыған маманды талап етіп, турфирмалардың қазіргі іс-әрекеттерінің негізгі түрлерінің ерекшеліктерін білуге итермелейді. Егер Қазақстан Республикасының туристік индустриясы әлемдік туризм ағымына енсе, онда кәсіби дайындығы жоғары адамдарға бұдан да зәру болады.

Әрине, қазіргі Қзазақстанның туризм индустриясында шешімін күткен мәселелер жетерлік. Дегенмен де ұсынылып отырған шараларды іске асыруға болатындығын, халықаралық туризмнің Қазақстан экономикасының пайдалы, тиімді бөлігі болатындығын шетелдік және отандық тәжірибе дәлелдей түседі.

Қазақстан алғашқы шетелдік туристі 1956 жылы қабылдаған болатын. Сол жылы біздің елге бүдан басқа 26 адам келген. Жоғарыда айтылғанындай, қазіргі кезеңдегі Қазақстанның туристік-экскурсиялық ұйымдары өз іс-әрекеттерін осындай бағытта дамытпақшы.

Материалдық-техникалық хабарлық-жарнамалық және мамандармен жеткілікті қамтамасыз етілмегендігі саяхаттың белсенді түрлері мен шет елдік туризмді ұйымдастыруға және экономикаға қиындық келтіріп отыр. Сондықтан да бұл бағытта Қазақстанның саусақпен санарлық қана турфирмалары жұмыс істеуде. Олардың ішіндегі ең үздіктері: «Хан тәңірі» халықаралық альпинистік лагерь» ЖШС, «Жібек жолы» холдинг компаниясы, «Азиятур» фирмасы және т. б.

Қазақстан өзінің рекреациалық потенциалы жағынан «туристік Мекке» болған болар еді. Республиканың туристік индустриясының стратегиялық міндеті — елімізге шет елдік туристер тарту және өз отандастарымыздың демалуы үшін барлық жағдайлар жасау.

Басты нәрсенің бірі - Қазақстанның туристік фмрмалары тиімдірек ынтымақтасып жұмыс істей алатын елді дұрыс таңдай білу қажет. XX ғасырдың соңы — XXI ғасырдың басында да Европа планетамыздың ең тартымды бөлігінің бірі ретінде қалып отыр. 1996 жылы әлемде 593 млн. турист болған, соның жартысынан көбі Европа мемлекеттерін аралаған.

Әлемдік туристік ұйымның деректеріне қарағанда, туристер ең көп болатын бірінші орындағы ел - Франция, онда 61,5 млн. адам болған, бүл 1995 жылға қарағанда 2,3%-ға көп. Екінші орында АҚШ (44,7 млн., 3,2%), үшінші орында Испания (41,4 млн., 5,3%) - Америкалықтар дегенмен де кез келген мекемеден ақшаны ептілікпен ала алатындығын дәлелдеді. АҚШ Франциядан келім-кетім кісілері жағынан қалыс болса да, туризмнен түсетін кіріс жағынан алда келеді, олардың кірісі 64,3 млрд. болса, Франциянікі - 28,2 млрд. доллар. Жалпы әлемнің туристік бизнесінің пайдасы - 423 млрд. доллар.

Десек те туристік белсенділіктің өсу қарқыны Европада да, Америкада да емес, Таяу Шығыста болып тұр. Ал Африка туризмнің дамуы жағына қиын кезеңді бастан өткеріп отыр, себебі бұл континенттегі көп елдердегі тұрақсыздық саяхатшылардың үрейін туғызады.

Қазақстанның турфирмаларының мамандарының көп вариантты туристік бағдарламалар жасауға тәжірибелері жете бермейді, сондықтан да біздің туризм бәсекелістікке төтеп бере алмай отыр. Мәселен, шет елдік турфирмалар халықаралық туристік табарлар мен қызметтер рыногында орнығып қалу үшін өзінің тұрақты болады деген клиенттеріне экзотикалық ұсыныстарды көбірек жасайды.

Қазақстанның альпинистік құрылымы да осындай жолмен жұмыс істемек. Қазақстан әскерінің орталық спорт клубының альпинистері 1998 жылы «Континенттердің ең биік шыңдарына шығу» деген бағдарлама жасады. Бағдарлама авторлары оны «Әлемнің шыңдары» деп атайды. Бағдарламаға сәйкес қазақстандықтар Килиманджаро, Вилсон, Аконкагуа, Мак-Кинли, Кэрстинг шыңдарына көтерілмек. Бағдарлама коммерциялық сипатта, экспедицияға қатысушылардың барлығы (әрине, кәсіби гидтерден басқалары) әрбір шыңға шығу үшін 3 500 доллар төлеуі керек.

Экспедиция алдына спорттық міндеттерден басқа жарнамалық та мақсат қойылған. Альпинистердің сәтті сапарлары Қазақстан туралы информацияны әлемнің барлық континентіне паш етеді және республикаға шетелдік туристер мен альпинистердің келу ағынын арттырады.

 

13.4 Туризм саласын дамыту жөніндегі Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен жасаған үкіметаралық келісімдердің негізгі бағыттары

.

Қазақстан Республикасы осы кезеңде туризм бойынша төмендегідей келісімдер жасады:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Пакистан Ислам Республикасы үкіметі арасындағы мәдениет, спорт және туризм салаларындағы ынтымақтастық туралы келісім. Исламабад, 1992 жылдың 24 ақпаны.

2. Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. Тегеран, 1993 жылдың 20 маусымы.

3. Қазақстан Республикасы туризм, спорт және жастар ісі жөніндегі министрлік пен Венгер Республикасы өнеркәсіп және сауда министрлігі арасындағы туризм саласында ынтымақтастық туралы келісім. Алматы, 1994 жылдың 30 наурызы.

4. Қазақстан Республикасы туризм, спорт және жастар ісі жөніндегі министрлік пен Египеттің туризм министрлігі арасындағы туризм саласында ынтымақтастық туралы келісім. Каир, 1995 жылдың 25 мамыры.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Израиль үкіметі арасындағы туризм саласында ынтымақтастык келісім. Алматы, 1995 жылдың 30 тамызы.

6. Қазақстан Республикасы денсаулық, мәдениет және білім
министрлігі мен ҚХР-сының туризм ісі жөніндегі басқарма

17. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Литва Республикасы үкімет арасындағы туризм саласында ынтымақтастық туралы келісім. Астана, 2000 жыл 11 мамыр.

18. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан үкіметтері арасындағы санаториялық-курорттық, сауықтыру және туристік мекемелер мен ұйымдарды дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. Астана, 2000 жыл 8 маусым.

Статистика жөніндегі агентствоның мәліметтері бойынша 1998 жылы республикада 430 туристік мекеме қызмет етсе, оның тоғызы - мемлекет меншігіндегі мекеме, 388-і - жеке меншік және алтауы - шетелдік туристік агентство. Қазақстандық мекемелер осы кезеңде 80 елдің туристік фирмаларымен келісім-шарт жасасса, 25 алматылық және 5 облыстық турфирма 7 мемлекетке чартерлік авиарейс ұйымдастырған.

Соңғы 5 жыл ішінде Қарағанды, Алматы, Павлодар, Оңгүстік Қазақстан облыстарының, Алматы (50%), Астана қалаларының туристік фирмалары ерекше дамыды. Бұл облыстар мен қалалардың туристік ұйымдары жылына 88% туристер мен экскурсанттарға қызмет керсетті.

1998 жылы барлық меншік формасындағы мекемелер 1916, 6 млн. теңгеге азық-түлік сатып, жұмыстар орындаған, қызмет керсеткен. Оның ішінде мемлекеттік туристік мекемелер 22,4 млн. теңгеге, жеке меншіктер 1883,9 млн. теңгеге, шетелдік фирмалар 10, 3 млн. теңгеге жұмыс істеп, қызмет еткен. Туристік іс-әрекеттен түскен салықтың республика бюджетіне түскен жалпы салықтағы мөлшері 1998 жылы 0,1% (1997 жылы 0,06%) болды.

Республикадағы көптеген туристік мекемелер шағын және орта кәсіпкерлікке жатады. Туристік мекемелердің 1998 жылғы шаруашылық іс-әрекеті шығынды нәтиже берді. Шағын мекемелер (50 адамға дейін) 14,5 млн. теңге шығын мөлшерін көрсетсе, орта мекемелер (51-ден 250 адамға дейін) 3,9 млн. теңгеге шығынмен шықты. Ал жеке меншік сектордың ірі мекемелері (250-ден көп адам еңбек ететін) 1998 жылдың қорытындысы бойынша 1 841 мың теңге кіріспен шықты.

1998 жылдың қаңтар-желтоқсаны аралығында туристік мекемелер 246 мың турист пен экскурсантқа қызмет көрсетті. Айта кетер ерекше жайт, 1998 жылы Қазақстанның туристік фирмалары 35 мың шетелдік азаматқа, яғни 1997 жылға карағанда 7 мыңға немесе 25%-ға көп кызмет керсетті.

1998 жылы Қазақстанның 146 мың азаматы жақын және алыс шетелдерге туристік жолдама алған. Осы кезенде қазақстандық туристердің ТМД елдеріне шығуы азайған, ал Литваға - 2, 3 есе, Өзбекстанға - 3, 8 есе артқан. Қазақстан адамдарының ең көп баратын ТМД елдері - Ресей мен Қырғызстан, барлық туристің 63%-ы солар.

Ал қазақстандық туристердің әлемнің басқа еддеріне 1998 жылы барғандары 140 мың адам (1997 жылмен салыстырғанда 14%-ға кем). Қазақстаннан барған 83% адам Қытайға, Германияға, Түркияға және Біріккен Араб Әмірліктеріне тиесілі. 1997 жылмен салыстырғанда Қазақстан азаматтарының Австрияға, Бельгияға, Финляндияға, Венгрияға, Кореяға, Малайзияға, Мальдивыға, Нидерландыға, Швейцарияға баруы көбейсе, олардың бізге келуі өте аз мөлшерде. Қазір коммерциялық сапарлар кең ерістеді.

Қазір шетелдіктерге Қазақстан бойынша турлар ұйымдастыруда тиімді экономикалық пайда және әлеуметтік мақсаттылық та бар, ішкі туризмнің дамуы республикаға валютаның ағынын, жаңа жұмыс орындарын және ұлттық туристік инфрақұрылымның дамуын қамтамасыз етеді. Қазіргі кезеңде Қазақстанда туроператорлар, яғни турларға кешенді қызмет ететін және жолдарын қарастыратын фирмалар (5%) мен турагенттердің, яғни турларды іске асыратын фирмалардың (95%) қатынасы ойдағыдай емес.

Республикадағы туристік іс-әрекеттің жағдайына туристік инфрақұрылымның (қонақ үйлер, көлік тұрақтары, туристік базалар, жолдар, автокөлік, туристік маршруттар) төмен деңгейде болуы кері әсерін тигізуде. Ал инфрақұрылымның дамуы үшін ол жүйелі түрде инвестициялануы кажет. Туризм басым бағытта инвестициялануы қажет сала болса да, шетелден болсын, жекелеген болсын инвестицияға стимул боларлық жағдай жасалмаған. Ішкі және сыртқы рынокта ұлттық туристік өнімдер ғылыми және жарнамалық-хабарлық тұрғыда жүйелі қамтамасыз етілмеген.

Туристік инфрақұрылымның дамымауының бір себебі обьективті экономикалық қиындықтар ғана емес, әлі де жетілмей келе жатқан салықтық, туристік заңдар, атап айтқанда, салалардың дамуын және мемлекеттік стандарт бойынша тұтынушының құқығының сақталуын бақылайтын заңдар тіпті жоқ.

Қазақстандағы туристік фирмалардың көбі шегелдік туристік компаниялардың турагентгері, сондықтан да Қазақстанға келуші шетел азаматтарынан шетелге барушы адамдар саны әлде-қайда көп. Сонымен қатар қазақстандық туристік мекемелердің ұйымдастыру, ескерту, түсіндіру жұмыстары нашар жүргізілгендіктен, еліміздегі зандық нормалар келушілер есебінен көп бұзылып жатады.

Қазіргі нормативті базаға сәйкес келген шетелдіктердің келу режимін, жеке бастарының және олардың мүліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында туристік фирмалар ішкі істер органдарына олардың тұрақтайтын орындарының жобасын, болатын мерзімін, мекен-жайын, қозғалу маршрутын дер кезінде хабарлауы керек.

Бірақ туристік ұйымдар Қазақстан Рбспубликасының заңдарына сәйкес шетелдік азаматтардың ел территориясына келу ережелерін жауапкершілікпен сақтай бермейді, өз міндеттерін талап деңгейінде орындамайды. Шетелдік туристерді келген жерінде қарсы алуды, тұрғын орындармен қамтамасыз етуді, экскурсиялық қызмет көрсетуді, мекен-жайына және ішкі істер органына тіркеуді ұйымдастырмайды.

Ішкі істер органдарының назарынан тыс қалған шетелдік туристер заңсыз коммерциялық іс-әрекеттермен шұғылданып, қазақстандық заңдылықтарды бұзады, немесе өздері қылмыстың нысанына айналады.

Қазақстан Республикасының төлемдік балансын «сапарлар» (халықаралық туризм) бабын талдай келіп, туризм аясының толық жағдайын, сонымен қатар бұл бап бойынша төлемдік баланстың сальдосын талдап көруге болады. Мәселен, 1997, 1998 жылдарда Қазақстанның төлемдік сальдосының «сапарлар» деген бабының қызмет көрсету сальдосы кеміп, яғни шығынды көрсеткішті көрсетіп тұр. 1999 жылы 1998 жылмен салыстырғанда көрсетілген қызметтің жалпы көлемінде төмендеу тенденциясы байқалады. Қызмет көрсетудің баланстық сальдосы 1999 жылы кемуде болып, ерекше өзгерістер бола қойған жоқ.

14-дәріс. Әлемдік туризм индустриясы дамуының негізгі тұжырымдамалары және оның Қазақстан үшін маңызы

14.1 Қазақстан Республикасындағы туризмді дамыту көрсеткіштері

14.2 Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттері арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық


<== previous lecture | next lecture ==>
Египеттіктер 13 page | Египеттіктер 15 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.164 s.