|
Египеттіктер 13 pageDate: 2015-10-07; view: 688. Ендігі жаңа инвестициялық саяхаттың басты міндеті - инвестицияның қазіргі модельдерін өтпелі кезеңдегі Қазақстанның нақты жағдайларына ыңғайлау керек. Соның бірі - бюджеттік емес табыстарды инвестицияны қаржыландыруға жұмылдыру, бұл кез дамыған елдерде капитал салу мен ұлттық шаруашылықты қамтамасыз етудің негізгі бөлігі болып табылады. Тартылған инвестициялық құралдардың ішінде бәрінен бұрын лизингтің капитал салуды қаржыландыру формасынын маңызы зор. «Лизинг» ұғымы кең мағынасында мүліктік қатынастардың кешені, нақтылай айтқанда сатып алынған нақты мүліктің ұзақ мерзімге (1 жылдан 15-20 жылға дейін) уақытша пайдалануға, кейін өз иелігіне алу үшін беру. Лизингтің экономикалық мәні - несиенің табар түрінде берілуі, мүнда мүлікті пайдалану құқығы мүлікті иелену құқығынан бөлінеді және мекеменің инвестициялық іс-әрекетін қаржыландырудың ерекше тәсілі. Лизинг 3 жақты шарт төңірегінде іске асырылады: лизингілік фирма (жалға беруші) мүлікті дайындаушыдан (иесінен) клиенттің (жалға алушылық) тандауымен сатып алады да, оны жалға оқушының қарамағына беріледі. Лизингтің халықаралық, жай, жедел және қаржылық деген түрлері бар. Халықаралық лизинг дегеніміз — түрлі елдердің мекемелері мен ұйымдарының арасында жал (аренда) туралы келісімшарт. Жай лизинг — арендатор машинаны сатып алады, құрал-жабдықтың қызмет ететін мерзімнен аз мерзімге алу туралы келісімшарты. Жедел лизинг — транспорттық құралдар, құрылыс техникалары, приборлар мен аппаратураларды және басқа техникалық құралдарды қысқа мерзімге тапсыру. Қаржылық лизинг — лизингтің кең тараған формасы, келісімшарттар орташа және ұзақ мерзімге жасалу сипатымен ерекшеленеді, бұл процестің іске асырылуы мүлік құнының тарамдылығы (амортизация) толық немесе көп бөлігі пайдаланылады. Қазақстанда лизингтік қызметтер 1989 жылдан қаржылық лизинг компания, лизингтік операциялармен шұғылданатын коммерциялық формаларында қалыптаса бастады. Қазіргі кезеңде негізгі қорлардың тозығы жетіп шет-шекарасына жетті, елдің өндірістік потенциалы қирай бастады. Қазақстан Республикасына инвестиция ағынын тежеп отырған барлық факторларды, респонденттер берген бағаны тұжырымдай келгенде, 3 категорияға бөледі. Бірінші — тежеудің күшті факторлары, екінші — тежеудің өлшемді факторлары, үшінші — тежеудің әлсіз факторлары. Тағы да сол респонденттердің пікірінше, инвестициялық процесті қатты тежеп тұрған салдарлар: қазіргі салықтық режимнің жетілмегендігі, қаржылық тәуекелдің, бюрократизмнің жоғарылығы, тұрақты заңнамалық базаның жоқтығы, құқықтық инфрақұрылымның дамымағандығы. Сауалнама нәтижелері бойынша Қазақстандағы инвестициясының сапасы орта деңгейден жоғары тартымдылықта деп бағаланады. Экомиканың көбірек тартымды саласы ретінде мұнай және газ өнеркәсібі, тұтыну табарлары, сауда және қызмет көрсету өндірістері аталады. Қазақстанда инвестициялық климатты жақсарту үшін тежеу факторларын жою және жағдай жасауды дамытуғы ұмтылу керек. Туристік жобарлардың инвестициялық технологиясы бойынша олардың іске асырылуы үшін оған міндетті түрде мемлекеттік органдардың өкілеттік қызметкерлері қатысуы қажет. Қазір бұған Қазақстан Республикасы туризм және спорт агентствосы, облыстық және қалалық әкімдіктердің туризм департаменттері жатады. Жоғарыда аталған мемлекеттік құрылымдарда төмендегідей міндеттерді жұмылдырған жоқ. Олар: туристік ұйымдар ұсынған ивестициялық жобалар, жобаларға экономикалық және әлеуметтік тиімділігі тұрғысынан сараптау бағасын беру, халықаралық және отандық көрмелерге түрлі инвестициялық жобаларды іске асыруға қызығушылық білдірген қаржылық және банк ұйымдарын ұсыну. Басты мәселе - Қазақстанның болсын, ТМД аумағында болсын туристік нысандарды инвестициялаудың механизмі үйлестірілмеген. Қазіргі несие берудің шарттары отандық емес, шет елдік инвесторларға өте тиімді: Европада туристік инвестициялық жобаға берілетін қаржыны жылына 6-8%-бен алуға болады, мұндай талап шет елдік үшін жұмсалған қаржының қайтуын жеделдетеді. Ал отандық инвесторлар несиені ең кем дегенде 15-20%-бен алады, одан да көп болуы мүмкін. Көп жағдайда қаржыландыру халықаралық бизнес шарттарымен, яғни келешекте 1-12 жыл ішінде нысанды өздері басқаратындай, нысанды одан әрі инвестор сатып алатындай шарттарымен жүргізіледі. 13-дәріс. Қазақстан Республикасында туризм инфрақұрылымының қазіргі жағдайы және оны жетілдіру жолдары 13.1 Қазақстан Республикасының қазіргі туризм инфрақұрылымы 13.2 Ұлттық туризм индустриясын дамытудың өзекті мәселелері 13.3 «Ұлы Жібек жолындағы» туризм инфрақұрылымын дамыту жөніндегі мәселелер 13.4 Туризм саласын дамыту жөніндегі Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен жасаған үкіметаралық келісімдердің негізгі бағыттары 13.1 Қазақстан Республикасының қазіргі туризм инфрақұрылымы Қазіргі туризм индустриясында бай материалдық қорлар бар, миллиондаған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Шетелдік статистиканың мәлеметтеріне қарағанда, туристік қатынастар дамыған елдердің шамамен 25%-ы халқы шетелдік туристерге қызмет көрсету жұмыстарын атқарады. Мәселен, АҚШ-та бұл елдің конақ үйлерінде тұратын әрбір мың туриске қызмет көрсететін 279 қызмет керек болса, ал туризммен жанама түрде байланысы бар салаларға 107 қызмет қажет. Әрбір мың туриске орныққан кемпингтерге 57 қызмет орны, ал бұған жанама қатысы бар салаларға керегі 32 қызмет орны. Қызмет көрсетуші жұмыскерлердің мұндай нормалық есебі Европа, Америка елдерінде 80-жылдардың басында болған. Ал қазір әрбір мың адамға қызмет көрсететін мамандар саны арта түсті. Туристік саланы басқару жүйесі Батыс және Шығыстың өнеркәсібі дамыған және дамушы елдерде жетілдіріліп келеді. XX ғасырдың 60-жылдары Италияда, Бельгияда, Египетте, Мексикада, Алжирде, Түркияда, Румынияда туризм министрліктері құрылды. Мәселен, 1970 жылы Италияның туризм министрлігі 7 негізгі бағытпен жұмыс істеді: рекреациялық ресурстар мен рыноктарды зерттеу, жарнаманы жолға қою, туризмнің жаңа формаларының дамуына қолдау көрсету, мамандар дайындаудың туризмнің барлық секторлары үшін персоналдарды институттарда, курстарда оқытуды көбейту шараларын да күшейтті. Батыстың көптеген дамыған елдері өз игіліктерінің деншілігін туризмнен түсетін кірістерден тауып отыр. Сондықтан да соғыстан кейінгі жылдарда мықты зерттеу базалары мен туризм экономикасы саласында кәсіптік дайындық жүйесін жасады. Бұл тәжірибе біздің республика үшін ерекше маңызды, себебі Қазақстан қазіргі кезде дамушы туристік ел болып табылады. Алматы қаласындағы туристік фирмалар директорларынан туризмді дамытуға кедергі келтіріп отырған себептер туралы сұрағанымызда туризмнің дамуына кері әсер ететін басты себеп ретінде бірінші орында шамадан тыс салықтың салынуын атап өтті. Бұл жөнінде директорлардың 78%-ы айтқан. Қазақстан туроператорларының салыққа жеңілдік беру жөніндегі өтініштері де өкіметтік құрылымдардан ешқандай қолдау таппай келеді. Әлі күнге дейін шетел туристерін қабылдау үшін жұмыс істейтін фирмалар да (валютаның елімізге келуін және өз азаматтарымызға жаңа жұмыс орындарын жасап отырса да), біздің азаматтардың шетелге сапарын ұйымдастыратын фирмалар да салықты бірдей телейді. Бұл — басқа елдердің экономикасын күшейтіп, өз еліміздің табысын кеміту. Туризмнің өркендеуіне кедендік қатынастардың реттелмеуі және Қазақстанның ТМД, әсіресе Ресеймен, басқа да экономикалық байланыстарының жетілмеуі кедергі жасап отыр. Өйткені 1996 жылы Қазақстанға туристердің көпшілігі Ресейден (47,28%) келген болатын. Оңтүстік астана (барлық шетелдік туристердің 44%-ы жылына Алматы қаласына келеді) мен Жетісуды туристік зона деп жариялап, оларға ерекше жағдай жасау қажет, себебі бұл жерлерге негізгі туристік-рекреациялық ре-урстар шоғырланған. 1986 жылы бұрынғы КСРО құрамына енген республика арасында туристік ресурстарға талдау жүргізгенде, Қазақстан территориясы белсенді туристік саяхаттарға қажетті туристік ресурстар мүмкіндігінің мол екендігі анықталған болатын. Бүл ресурстардың көпшілігі әсіресе тау және су туризмінің дамуына қолайлы. Бұған Тянь-Шань, Алтай және Жоңғар Алатауының қазақ жеріне кіретін орталық, солтүстік және батыс бөліктері жатады. Қазақстандық турфирмалар отандастар үшін де, шетелдіктер үшін де республика территориясы бойынша белсенді туристік саяхаттар ұйымдастыруды әлі күнге дейін қолға алмай келеді. Ал Қазақстанның туристік-рекреациялық ресурстарын жақын және алыс шетелдер ұтымды пайдаланып келеді. Мәселен, москвалық «Азия Трэвел» деген турфирма Тянь-Шаньда (альпинизм, таудағы, даладағы трекингтер, рафтинг, велотурлар) спорттық және хикаялы турлар, Шымғанда (батыс Тянь-Шань) мен Шымбұлақта (солтүстік Тянь-Шань) тау шаңғысы турларын ұйымдастырып жүр. Қазақстандық турфирмалардың белсенді саяхаттарды өз жұмыстарында мардымсыз қолдануының көптеген себептері бар. Соның бірі — туризмнің бұл бағыты бойынша жұмыс істейтін мамандардың тапшылығы. Белсенді туристік саяхаттарды ұйымдастыру үшін байсалды ғылыми талдаулар мен қызмет көрсететін адамдардың биік кәсіптік дайындығы болуы қажет. Саяхаттың белсенді тәсілімен әрекет ету барысында қызметкердің білігі мен қызмет ету сапасы ғана емес, туристердің қауіпсіздігін де сақтай білу керек. Сондықтан да туристерге жолбасшылар бригадасының дилетанттардан құралуы жақсылыққа апармайды. тық және белсенді түрлері» мамандандырына оқуға түсуге талпынар еді. Туризмнің белсенді және спорттық түрлерін дамыту үшін қаржылық, материалдық жабдықтар, кәсіби дайындығы бар мамандар ғана емес, мемлекеттік қамқорлық қажет. Қазіргі кезде ТМД-ға мүше елдердің туризм жөніндегі кеңесі құрылып, қызмет етіп жатыр. Ал халықаралық туристік-спорттық одақтың ІУ конгресі Москвада болып, онда «Достастыққа (ТМД) мүше елдер мен Балтық мемлекеттерінің аумағында ерікті спорттық туризмді өрістету үшін тұтас туристік кеңістік құрудың тұжырымдамасы» қабылдады. Қазақстанға белсенді туристік саяхат жасау үшін адамдардың көбі осы елдерден келеді. Бұл концепцияның тиісті қолдауының негізінде Қазақстан Республикасы жақын және алыс шетелдерден келген туристік топтардан, дұрыс ұйымдастырған жағдайда ТМД елдерінің спорттық туризм топтарынан пайда тапқан болар еді. Бұл пайда өсіп келе жатқан ұрпақтың белсенді және спорттық туризм түрлерімен шұғылдануы үшін қаржы бөлуге де жағдай жасар еді. Осылайша елді бірқалыпты сауықтыруға және Қазақстан Республикасының басты әлеуметтік мәселелерін шешуге болады. Әрине, бұл үшін республикаға отандық туризм индустриясы мен қонақ үй ісі жұмысының ұзақ мерзімге арналған бағдарлама керек. Отандық бизнесте туризм (әсіресе өңірлік деңгейде) экономиканың жанама саласы ретіне саналып, туризмнің денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамтамасыз етуге кететін қоғамдық шығындардың өсуін азайтатынын есепке ала бермейді. Қазақстан мен Орта Азия республикаларында соңғы жылдардағы әлеуметтік-саяси өзгерістерден ең алдымен ауылдық жер зардап шекті. Ауылда жұмыссыздық қаладағыдан әлдеқайда жоғары, өмір сүру деңгейі тіпті төмен. Қазақстан туризмінің бағдарламасының басты мақсаты — Жібек жолының қазақстандық бөлігіндегі еліміздің әлеуметтік-экономикалық, халықаралық және жалпы ұлттық рөлін қайта жандандыру. Қойылған мақсаттың өз нәтижесіне жетуі нысандардың археологиялық, архитектуралық және қала салу өнері тұрғысынан зерттелуіне, Жібек жолының тарихи-мәдени мұра ретінде мәліметтер қорының жасалуына байланысты. Жібек жолының негізгі кезеңдерін көріктендіру, мұражайлық сипат беру, сақтау қажет. Ұлы жолдың бойындағы туризм нысандарының тізбесіне енген тарихи қалалар мен елді мекендерді дамыту керек. Жібек жолы бойындағы дәстүрлі үлгіде салынған қалалар мен елді мекендердің базасында туризмнің инфрақұрылымын жасаған дұрыс. Олар: сауда мен сервистік қызмет көрсету мекемелері, туристік, қажылық кешендер, халық қолөнерінің шеберханалары, этнографиялық мұражай мен театрлар, тарихи-діни және әдет-ғұрыптық орталықтар және т.б. туристік нысандар. 13.2 Ұлттық туризм индустриясын дамытудың өзекті мәселелері Әлемнің көптеген елдері үшін туризм экономиканың ең табысты салаларының бірі болып табылады, бірақ Қазақстанның зор табиғи әлеуетінің болуына қарамастан бұл тенденция біздің еліміз үшін әлі шынайы емес. Дамыған инфрақұрылым, қазіргі заманғы қонақ-үй кешендері, халықаралық стандартты аэропорттар болмай біз үлкен туристік ағымдарды, сәкесінше табыстарды да күте алмаймыз. Қазіргі күні Қазақстан шетел азаматтары үшін демалыс орны ретінде көрінбейді. Бұл бірнеше объективті себептерге байланысты. Қазақстандық туризм дамуының 5 негізгі мәселесін атап көрсетуге болады: 1.Білікті мамандардың болмауы мен зерттеулердің аз мөлшері. Туризм саласында зерттеулермен шұғылданатын арнайы институттар жоқ (қазіргі уақытта тек мемлекеттік мекемелер зерттеулер жүргізуде). Қазақстандық компаниялар нарықты зерделеуді өз күштерімен жүргізеді. Сондай-ақ туристік объектілерді, мысалы, ойын-сауық паркінің құрылысын әзірлейтін компаниялар жоқ. Қазақстан ұсына алатын туристік қызметтерге халықаралық сұраныс, сондай-ақ Қазақстанға келуші туристердің қалаулары жеткіліксіз зерделенеді. Туризм саласының барлық білім беру институттары аталмыш саланы зерттеулер мен әзірлемелер жүргізуге қабілеті бар мамандармен қамтамасыз етпейді. Білім беру жүйесі құрылатын кластерлер үшін қажетті мамандарды даярлауда қолдау көрсетуді ынталандыу қажет. Туристік кадрларды сапалы дайындауды қамтамасыз ету үшін мыналарды орындау қажет: - Халықаралық тәжірибеге сәйкес Дүниежүзілік туристік ұйым ұсынған туризм бойынша мамандықтарды «Қазақстан Республикасының бакалавриат және магистратура мамандықтарының жіктегішіне» енгізу. ДТҰ ұсынатын туризм мамандықтары келесідей: туризм менеджері, халықаралық туризм менеджері, маркетинг пен жарнама бойынша менеджер, ақпараттық технологиялар бойынша менеджер, туристік агенттіктерде сатулар бойынша менеджер, қоғаммен байланыс бойынша менеджер, туризмнің белсенді түрлері, жолсеріктер мен экскурсоводтарды даярлау. - туристік сала үшін кадрлар дайындайтын жоғары оқу орындарына туристік білім беру сапасының «WTO - Ted Qual» сертификатын енгізу; - республикада ғылыми-практикалық конференциялар өткізуді және кадр дайындау мен туристік индустрияны дамытудың негізгі мәселелері жөніндегі халықаралық туристік іс-шараларға Қазақстанның қатысуын ұйымдастыру; - туристік кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары және орта оқу орындары үшін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдарды, оқулықтар мен көрнекі материалдарды әзірлеуге қатысу; - гидтер, экскурсияшылар, туризм нұсқаушыларын қоса алғанда, туристік индустрия мамандарын, оның ішінде айрықша қорғалатын аумақтар мен мемлекеттік ұлттық парктер үшін, оқытып-үйрету семинарлары мен біліктілігін арттыру курстарын тұрақты негізде жүргізу; - Еуропа білім беру қоры мен халықаралық ынтымақтастық шеңберінде дайындалған «Туризм саласындағы ұлттық біліктілік құрылымы» (ҰБҚ) пилоттық жобасын іске асыруды және Алматы қаласында ҰБҚ әзірлеу жөніндегі Үйлестіру орталығын және ортаазиялық өңір елдері үшін басқа да бірлескен халықаралық жобалар құруды жүзеге асыру. Бұдан басқа, халықаралық сарапшылардың қорытындысы бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі маңызды шаралардың бірі оның ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуі болып табылады. Республикада саланың ғылыми-әдістемелік базасы жоқтың қасы, ал осы уақытта Германия, Ұлыбритания секілді әлемнің дамыған елдерінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұлттық туризмнің даму болашағын зерттеу және болжамдау жөніндегі орталықтар бар. 2. Инфрақұрылым мен демалыс индустриясының осал дамуы. Негізгі проблема дамыған инфрақұрылымның, атап айтқанда, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қызмет көрсету саласының жетіспеушілігі болып табылады. Туристік ынтаның көптеген объектілері жеткілікті дәрежеде дамымаған. Проблемалардың бірі негізінен нашар халдегі жолдарға байланысты объектілерге жету қиындығы болып табылады. Көптеген, әсіресе аймақтардағы қонақ-үйлер, кемпингілер, мейрамханалар Кеңес Одағының кезінде салынған. Қазіргі уақытта олардың ахуалы сыни болып табылады және жөндеуді талап етеді. Осы бағытта туристік компаниялар USD 260 миллион сомасына 29 инвестициялық жоба әзірледі. Алайда, тек 8 жобаны іске асыру перспективалары бар. Қазақстан Республикасында санаторийлік-курорттық істі дамыту ерекше маңызға ие, ол мынадай шараларды іске асыруды талап етеді: санаторийлік-курорттық объектілерге сертификаттау және жіктеу жүргізу, олардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету. Бірінші кезекте коммуникациялық жүйелерді Қапшағай су қоймасындағы, Алматы облысындағы Алакөл көлінде, Маңғыстау облысындағы Каспий теңізі жағалауындағы (Кендірлі ауданы), жағажай туризмі және ойын-сауық индустриясы дамыған аудандарда, Жібек жолының қазақстандық учаскесінің орталығы – Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар Жібек жолының Қазақстан аумағындағы бөлігінің туристік инфрақұрылымын дамыту, Түркістан қаласында тартымды туристік орталық құру, сауықтыру туризмін ұйымдастыру бойынша халықаралық жобаларды іске асыру, Каспий бассейніндегі елдерге халықаралық теңіз саяхатын ұйымдастыру сынды кешенді жұмыстарды іске асыруды да жоспарлауда. Қазақстан аумағында тұрақты рейстермен жұмыс істейтін 6 шетелдік авиакомпания бар. Қазақстандық авиа желілерде алыс шетелдің 7 еліне тұрақты рейстер бар. 12 авиакомпания ТМД елдерінен тұрақты рейстермен жұмыс істейді. 8 халықаралық әуе айлағы, халықаралық трафикке уақытша қол жеткізу мүмкін 7 әуе айлағы және ішкі трафикке қол жеткізу мүмкін 6 әуе айлағы бар. Кейбір жергілікті туристік компаниялар сондай-ақ тікұшақтарды да пайдаланады, бірақ олар негізінен қымбат турлар үшін немесе туристерді басқа көлікпен жетуге қиын аудандарға апаруға арналған. Кейбір қонақ-үйлерде автомобильдерді жалға беру қызметтері дамыған. 3. Әкімшілік кедергілердің болуы да өзекті мәселе балып табылады. Бөліп айтар болсақ, құқықтық-нормативтік базаны жетілдіру және визалық және әкімшілік-төрелік процедураларды оңайлатумен байланысты мәселелерді шешу маңызды. Бұл мәселе өз кезегінде мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға барлық мүдделі тараптардың қатысуын, мемлекеттік және жеке секторлардың серіктесе қызмет етуін талап етеді. Сондықтан туристік индустрия нысандарын дамытуда барлық мүдделі министрліктер мен жергілікті атқарушы органдар қызметінің жұмылдырылғаны бұл күнде аса маңызды болып отыр. Туризм сферасында бұл мәселені шешу үшін түрлі елдер азаматтары визаларды тек өкілеттіліктерде ғана емес, сонымен аэропорттарда да алу мүмкіндігі жөнінде ұсысынтар қарастырылуда. Азаматтары жеңілдетілген визалық және тіркеу режимдері құқығына ие елдер тізімін үлкейту қажет. Мұндай жалпы мәселелерді жекелеген компаниялар шеше алмайды. Сондықтан олар мақсатты бағытталаған мемлекеттік саясат тарапынан бақылануы тиіс. 4. Маркетингтің болмауы. Елімізде көптеген әдемі жерлер болса да, олар шетел туристері арасында танымал емес. Уникалды туристік әлеуеті бар, бүкіл әлем үшін ашық, туристерге қауіпсіз туристік орталық ретінде Қазақстанның имидждік стратегиясын жасау оларды елге тартудың маңызды факторы болып табылады. Маркетинг стратегиясы келесі бағыттарда жүзеге асады: - «Қазақстандағы туризм» атты бірегей ақпараттық Интернет-порталын жасау. Интернеттен Қазақстанның туристік әлеуеті туралы ақпаратты жекелеген сайттарда іздеу арқылы табуға болады. - әлеуетті туризм түлері бойынша BBC, CNN, Euronews, Discovery, Tourism and Adventures, «Әл-жазира», т.б. дүние жүзілік медиаканалдарда видеоматериалдарды көрсетуді ұйымдастыру; - қазақстанның туристік потенциалы бойынша брифинг, презентацияларды ұйымдастыру; - мақсатты нарықтардың ерекшеліктерін ескере отырып жекелеген видеороликтерді әзірлеу; - алдыңғы қатарлы БАҚ мен ірі туроператорлардың өкілдері үшін ақпараттық және пресс турларды ұйымдастыру; - ірі көрмелерге қатысу және сонымен бірге осындай көрмелерді Қазақстанның өзінде де ұйымдастыру көзделген. Мысалы, 2008жылы Берлин қаласында серіктес ел ретінде «ІТВ» халықаралық туризм көрмесінде Қазақстан презентациясын ұйымдастыру, ал 2007жылы Германиядағы БАҚ өкілдері мен алдыңғы қатарлы туроператорлар үшін презентацияны өткізу. 5. Қаржылық ресурстар мәселесі, бұл мәселе кластердегі барлық «экспериментті» кәсіпорындар қақтығысуымен шартталады. Салаға мол инвестиция тарту сынды стратегиялық маңызды міндет, сонымен инвестициялар тарту мен Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруда мемлекеттік қолдаудың мықты болуын талап етеді. Туризмнің экономиканың басымдықты салаларының бірі болып жариялануы салдарынан осы салаға салынатын инвестициялар «Инвестициялар туралы» Заң әрекетіне ұшырайды. Бұл оларға салынатын салықтардың және кедендік алымдарды төмендетеді. Отандық туристік кәсіпорындарды оларға артықшылықтар мен жеңілдіктерді ұсыну жолымен несиелендіру мен инвестициялауға да ерекше көңіл бөлген жөн.
|