|
Египеттіктер 12 pageDate: 2015-10-07; view: 764. 3. Шет ел азаматтары (көршілес жатқан бұрынғы КСРО енген елдер) үшін; Қазақстан аумағында турлар ұйыстыру. Жаңа ереже бойынша (1995 г.) лицензиялауға дейін Қазақстанда 2000 астам туристік фирмалар жұмыс істеді.Статистика жөніндегі агенттіктің 2009 жылғы деректері бойынша қазақстанда тіркелген туристік фирмалар саны 1 203 Алынған деректерге жасалған талдаулар Анализ полученных данных показывает, чтуристік фирмалардың басым бөлігі өз қызыметін жоғарыда аталған үш бағыттың бастапқы екеуі бойынша жүргізетінін көрсетті. Қазақмстандағы біршама ірі туристік фирмалардың қатарына «Яссауи» акционерлік компаниясы мен «Спутник» акционерлік қоғамы жатады. 1993ж. «Интурист-Қазақстан» компаниясы таратылып оның орнына 19 облста агенттіктері, 360 орындықты «Отрар» қонақ үй кешені, «Қазақ ауылы», «Қорғас» бөлімшелері бар туризм бойынша мемлекеттік акционерлік «Яссауи» компаниясы болып қайта құрылды. Компанияның негізгі қызыметі республика халқына туристік қызымет көрсету, азаматтардың шет елдерге сапарларға бару қажеттіліктерін өтеу, шет ел туристері мен іскер адамдарын қабылдау болды. 1994ж. «Яссауи» компаниясы шет елдерге 10 000 астам адамды шығарып 34 000 шет ел туристерін қабылдады. Компанияның пайдасы бір жыл ішінде екі есе артып осы уақыт ішінде ҚР президентінің қаулысына сәйкес валюталық табысының 50% немесе 1,5 млн. шамасындағы АҚШ доллары немесе 28 млн теңге салық ретінде бюджетке аударылды. Қазіргі кезеңде компания дүние жүзінің 50 астам елінің ынтымақтасады. АҚШ, Жпония, Испания, Израиль, Түркия, Қытай, Сирия, БАӘ, Пәкістан, Англия және басқа елдермен тура байланысы бар. Туризм индустри ясының дербес технологиялық тізбегін (әуежай – әуе көлігі – қонақ үй – туристік қызымет мекемесі) алу үшін мемлекеттік акционерлік туристік компания Алматыда өзінің жеке меншік қонақ үйін салуды жоспарлап «Азияавиасервис».жеке меншік құрылтайшыларының бірі болды. Материалдық-техникалық, ақпараттық-жарнамалық және мамандармен қамтамасызету жағынан біршама күрделісі шетелдік туристердің еліміз аумағында белсенді сапарларын ұйымдастыру болып табылады. Бұл бағытта Қазақстанда санаулы ғана фирмалар жұмыс істейдіСолардың қатарына «Хан тәғңірі» халықаралық альплік лагері ЖШС, «Жібек жолы» холдингтік компаниясын «Азия-тур» туристік фирмасын т.б. жатқызуға болады. «Хан тәғңірі» халықаралық альплік лагері мемлекеттік альплік лагер ретінде 1989 жылы құрылды. 1992ж. лагерь К.Ш. Уәлиевтің жетекшілігімен жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып қайта құрылды. Қазіргі кезеңде «Хан тәғңірі» халықаралық альплік лагеріне Жапония Оңтүстік Корея, Англия, Франция, Германия, Австрия, Испания, АҚШ жүз елуден астам альплік туристер келеді. Болашағы аса зор туризм салаларынабасты мақсаты артық салмақтан арылуды көздейтін емдік-сауықтырутаулы трекингтері болып табылады. Қазақстанда ұйымдастырылатын таулы емдік-сауықтыру трекингнің әлеуетті тұтынушысы Қытай болып табылады. 12-дәріс-Туризмнің әлеуметтік құбылыс ретіндегі тиімділігін арттыру жолдары 12.1 Дүниежүзіндегі туризмнің қазіргі даму үдерістері 12.2 Дүние жүзіндегі ірі фирмалардың жұмыс технологиясындағы өзгерістер 14.3 Қазіргі кезеңдегі халықаралық туризмдегі абсолют және салыстырмалы басымдықтар 12.4 Қазақстан Республикасында туризмді дамытуға мүмкіндік беретін шет елдік инвесторларн тартуға жасалатын қолайлы жағдайлар Батыста туризмнің әлеуметтік-экономикалық маңызын баяғыда түсінген. Сондықтан да XX ғасырдың 80-жылдарының соңынан бастап түрлі сипаттағы комиссиялар, туристік ұйымдардың жекелеген сарапшылары туризмнің тиімді дамуын қарастырып, 2000 жылға қарай, тіпті 2025 жылға қарай туризм қалай, қандай болады деген сұрақтардың төңірегінде көп ойланып, біршама зерттеді. Сонымен қатар сонау 80-жылдардың өзінде туризм өз маңыздылығы жағынан халықаралық іс-әрекеттің ішінде алдыңғы қатарда тұратын шараның бірі болатындығы жазылған еді. Оған туризмнің дамуына жұмсалып жатқан қаржының өсу қарқыны да дәлел болатын, алғашқы кезекке ірі ұлтаралық қаржылық топтар өздерінің транспорттық компаниялармен, қонақ үй кешендерінің желісімен, электронды-есептеу және информациялық орталықтарымен шыға бастап еді. Европалық одақ комиссиясы туризм аясы дамыған көптеген мемлекеттердің іс-әрекетін қорыта келіп, 2000 жылға дейінгі кезеңде туризмнің дамуының негізгі тенденцияларына болжау жасап жариялады. Онда төмендегідей мәселелер қамтылды: 1. Европаны туризмнен түсетін пайда үшін қатаң бәсекелестік күтіп тұр, сондықтан да Европаның туризм индустриясы көрсететін қызметтерінің сапасын көтеруі керек. 2. Саяхаттың барлық түріне, әсіресе бірінші кезекте көлікке, шығын көбейеді, ол шығын отбасылық бюджеттің басқа шығынынан тез өсетін болады. Саяхаттар жекелік сипат алып, оның мерзімі ұзарады, себебі бір ғана рет барудың жол шығыны аз болады. Жалпы алғанда саяхатқа жұмсалатын қаржы сапалы демалыс үшін ғана жұмсалатын болады. 3. Сапарлар саны Европадан Америкаға, Азиядан Океанияға 4. Рынок пайдасының мезгілдік езгерісі жақын арада мәселе болудан қалады, себебі сәтті маркетингтер оларды тиімді пайдаланатын болады. Ол үшін мемлекеттік және жеке меншік туристік құрылымдар бір-бірімен белсенді ынтымақтастық жасауы керек. 5. Әуе көлігін пайдалану тездей, кеңи түседі, оған ыңғайлы 6. Топтық, жанұялық демалыстар азайып, адамдар демалудың әлдеқайда сан түрлі бағдарламаларын таңдайды. 7. Компьютерлік жүйенің белсенді түрде енгізілуіне байланысты броньдау мерзімі азая береді. 8. Басқалардан гөрі егде жастағы кісілер мен жастар белсенді 9. Туризмнің мәдени ескерткіштер мен демалыстың белсенді 10. Қоршаған ортаның тазалығы туристерді тартудың, әсіресе ауылдық және су жағасындағы аудандардың басым факторларының бірі болады. 11. Рынокта маркетингтік істі нақты жүргізу керек болады. Әлемдегі туристік индустрияның дамуының жалпы тенденциялары Әлемдік туристік ұйымның статистикалық зерттеулерінде көрініс берген. 1950 жылы туристер ең көп келетін ел АҚШ болды. 1970 жылы Италия осындай елге айналды. 1990 жылдан бастап шет елдік туристерді қабылдаудан Франция алда келеді. Франция халықаралық туризм ісінде XX ғасырдың соңына дейін көшбасшы болып қалды. Дәл осы XX ғасырдың соңында туристік қызметтерден түсетін экспорттық өнімдер салыстырмалы түрде ең жоғарғы көрсеткішке жетті. 1998 жылы текстиль мен киім экспортынан түскен жалпы әлемдік кіріс - 330 млрд. АҚШ доллары, жанар-жағар майды экспорттаудан - 400 млрд. АҚШ доллары, автомобильдер мен қосалқы бөлшектерді сатудан — 430 млрд. АҚШ доллары. Туристік қызметтерді экспорттауда 1998 жылы жалпы әлемдік түсім 560 млрд. АҚШ доллары болды. 1. Жаңа қызмет көрсетулер ұсынылады. 2. Кәсіпкерлер ақыл-айлалы тіршіліктер ұйымдастырып, демалыс пен сатып алуды, білім мен ағартуды, бизнес пен мәдени бағдарламаны қатар жүргізетін болды. 3.Фирмалар арасында халықаралық туристер үшін бәсекелестік күрес күшейіп келеді. 4. Интернеттен бастап көзге көрінер шындықты елестетер қазіргі информациялық технологиялар қызмет көрсетуді сататын орындарды алдын ала алатын, түрлі туристік орталықтарды және мәдени-тарихи орындарды зерттейтін жаңа жолдар 5. XXI ғасырда туризмнің дамуы түрақты болмақ, турист 12.2 Дүние жүзіндегі ірі фирмалардың жұмыс технологиясындағы өзгерістер Мамандар ірі туристік фирмалардың жұмыс технологиясында да өзгерістер болатындығын жобалап отыр. Туристік тауарлар мен қызмет көрсетуді таддай келіп, туристік өнімнің сапасын күшейту ғана бәсекелестік күресте төтеп бере алатынын сезіну секілді жаңа тенденцияны байқауға болады. Оған: 1. Туроператорларда өз қонақ үйлерін немесе орналастыру мекемесінің үлесіне енуді сатып алу тенденциясы жатады. Ірі туроператорлар Испаниядағы, Тунистегі, Таиландтағы, Цейлондағы, Түркиядағы конақ үйлерінің акция пакеттерін сатып алып жатыр. 2. Туристік орталықтардағы туроператорлармен, яғни әріптестерімен вертикалды интеграция күшеюде. 3. Турагентстволар мен туроператорлар арасындағы еңбек бөлінісінің реттелу тенденциясы. Туристік өнімдерді сатып алудың қазіргі құрылымыңда көптеген турлар тәуелсіз турагентгер арқылы жүргізіледі. Мұндай жағдайда туроператорға өз маркетингтік тұжырымдамасын іске асыру қиынға соғады. Сондықтан да туроператорлар өздері сатып алатын каналдарының Әлеуметтік туризм мен еңбекшілердің демалысы бойынша халықаралық ассоциацияның президентті Жан Фоше туризмді дамыту негізіне қаржылық пайданы ғана іздейтін, оның әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық аспектілерін ескермейтіндердің ісі көпке ұзамайды, адам мен қоршаған ортаға пайдасы жоқ. Әлемде туризмнің дамуының басты концепцияларын жасау адамзаттың дамуының ұзақ мерзімдік жобасын жасай алса ғана әлеуметтік маңызы болады. Ол үшін, туризмнің дамуының басты тұжырымдамасын өте дәл болжау үшін, экологиялық және демографиялық тұрғыдан ұзақ дамудың адам үшін тиімді жолдарын қарастыру керек. Мұндай болжауларды әр түрлі елдердің ғалымдары үнемі жариялап отырады. Мәселен, Вашингтон институты өзінің жылдық баяндамасын «1998. Әлем жағдайы» деген атпен жариялады. Бұл құжатта әлемдік ресурстарды пайдалану соңғы 50 жылда күрт көбейеді деген ескерту бар. Біздің планетамыздың халқы 60%-ға артады деген көріпкелділік те бар. Бұл — қазіргі 6 миллиард адамға 3, 5 миллиард адам қосылады деген сөз, ол табиғи ресурстардың бұдан да көп пайдаланылатындығын білдіреді. Баяндамада әлем соңғы 50 жылда өзінің орман массивінің жартысын жоғалтқандығы айтылады. Әлемнің көптеген елдерінде топырақтың эрозияға ұшырауы үлкен апатқа айналып отыр. АҚШ-та, Европада, Қытайда, Үндістанда, Таяу Шығыста және Африкада су қоры сарқылып келеді. Баяндамада дүние жүзі елдерін паланетаның экономикасын сақтауға, қоршаған ортаның қажеттіліктерін ескеруге, олай етпесе, экожүйе өз мүмкіншіліктерін тауысатындығын ескертеді. Бұл мәселе төңірегінде Қазақстан да ойлануға тиіс, себебі біздегі экономикалық жағынан тиімді туризм негізінен табиғаттың рекреациялык ресурстарын пайдалану арқылы жүргізіліп жатыр. Адам дамуын болжаудың маңыздыларының бірі — демографиялық, яғни Жер шарындағы адамдар саны немесе оның кейбір өңірлеріндегі, немесе белгілі бір уақыт ішіндегі өсуі туралы, болжау. 2001 жылы БҰҰ экспорттары халықтың қауырт өсуі 2050 жылға дейін, 9, 3 млрд. болғанға дейін өсе береді, 2015 жылы ғана 10 млрд. деңгейінде тұрақталады деген болжау жасады. Бірақ қазір демографтар басқаша болжаулар жасап жатыр. Европаның көптеген бөліктерінде және Жапонияда туу деңгейінің төмендегеніне біраз жылдың жүзі болды. Демографтар мұндай тенденцияны әлемнің 74 елінен байқап отыр. Ол елдердегі әйелдердің орта есеппен үш қана баласы бар. Тууы аралық деңгейдегі елдерге Бразилия, Филиппин, Сирия, Израиль, Малайзия, Индонезия, Египет және Үндістан жатады. Қыруар халқы бар (1,2 млрд.) Қытайдағы туу деңгей көрсеткішінен төмен, Ресей халқы да кеміп барады. Мұндай тенденция католиктік Польшада да байқалады. Туу төмендеген сайын өсім деңгейі төмендейді, бір-екі ұрпақ өткен ол халық өсуін тоқтатып, кеми бастайды. Эксперттердің көбі елдің тұрмысы өскен сайын, әйелдердің білім деңгейі көтерілген сайын әйелдер аз тууды дұрыс көре бастайды екен дейді. Көптеген кедей елдерде де, сауаттылық төмен елдерде де туу деңгейі төмендеп барады. Африкада, Таяу Шығыста әлі де туудың орташа деңгейі жоғары елдер бар. Бірақ ол елдердің халық санының әлемдік масштабтағы үлес салмағы жоғары емес. Адам дамуын болжаудың тағы ір маңыздысы, туризмнің даму тұжырымдамасын жасаудың мәндісі ол — планетаның құрғап бара жатқандығын болжау. БҰҰ-ның 2002 жылдың 21 наурызында жарияланған баяндамасында Бүкіл дүниежүзілік су күнінде егер адамзат суды қазіргі пайдаланғандай қарқынмен пайдалана берсе, әлемде 2, 7 млрд. адам 2025 жылға қарай су тапшылығына ұшырайтын болады делінді. Ал 2, 5 млрд. адам ауыз су шектеулі өңірлерде өмір сүретін болады. Су тапшылығының басты себебі ретінде құжат авторлары су ресурстарын бөлуде қателіктер мен табиғат құбылыстарының өзгеруін атайды. Жердің бұл тапшылыққа келешекте тап болатын өңірлерге Африканың оңтүстігіндегі Сахараға қарай аудандарды, Азияны жатқызады. Сонымен қабат БҰҰ-ның Европа экономикалық комиссиясының өкілдері әрбір 7 европалық (барлығы 120 млн.) бүгінде ауыз судан таршылық көріп отырғанын нықтап айтқан. Баяндамада қазір Жер бетінде 1, 1 млрд. адамға ішер суға зәру болса, 5 млн. адам жыл сайын судан жұғатын аурулардан өледі. Әлемнің судың жетіспеуінен қақтығыстар туындауы мүмкін аймағы ретінде Орталық Азияны атайды. Сондықтан да бұл өңірге Сібір өзендерін бұру мәселесі тағы да өзекті әңгімеге айналды. Бұл идея кеңестік кезеңде талқыланған еді, бірақ бұған Ресей зиялылары белсене қарсы шыққандықтан, Кремль бұл шешімін өзгертуіне тура келді. Бұл заманда өзендерді бұру жобасы Қазақстан мен Орталық Азия үшін мән-маңызын жойған жоқ. Бұл елдерге керекті су ресурстарының мөлшері Ресейде ғана бар. Осыған байланысты Сібірдегі Ертіс, Обь және т.б. өзендердің су ресурстарын пайдалану мүмкіндіктері бар, олар үнемі арнасынан тасып, шаруашылықтарға шығын келтіріп жатады. Кейбір аналитиктердің пікірінше, Орталық Азия мен Ресейді мұнайдан гөрі су жақындата түседі. XXI ғасырдың басында ірі туристік фирмалардың жұмыс технологиясында елеулі өзгерістер болды, өз бағдарламаларын халықаралық денгейдегі циклдық іс-шараларға сай жоспарлап, олар Олимпиадалық ойындар мен спорттың кең тараған түрлері бойынша өтетін Әлем чемпионнаттарын басты бағдарға алған. Ол бағдарламаларды бірнеше делдалдардың көмегімен турфирмалар іске асырады. Бұл технология, бір жағынан, турфирмалардың менеджерлерінің міндеттерін жеңілдетсе, екінші жағынан, оларды туристік бизнестің түрлі жағымен байланысы бар көптеген брокерлерге бағынышты етеді. Оған 2002 жылдың қысқы олимпиадалық ойындарына дайындалу іс-шараларын айтуға болады. Салт-Лейк-Ситиде өтетін қысқы Олимпиадалық ойындардың жарысына билетгердің аз сатылуына туристік агентстволар мен брокерлер мысқал да мазасызданған жоқ, себебі олар өздерінің шығынға бататындығын есептеп те қойған еді. Осы екі ортада Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті спорттық ойындарға арналған жалпы құны 180 миллион доллар тұратын билеттің 85%-ы сатылды деп хабарлады. Ақша шынында да комитеттің банктегі есеп шотына түскен, бірақ билеттердің біраз бөлігін келешек Олимпиада көрермендері емес, сатып таратуды жоспарлаған брокерлертуристік агентстволар арқылы сатып алған. Кейін белгілі болғандай, Солт-Лейк-Ситиге барғысы келгендерден сатылмақшы болған билет саны әлдеқайда көп болған көрінеді. Брокерлер Олимпиададан қыруар пайда таппақшы болған, кейін келе аз шығындарын кемітуге талпыныс жасады. Турагентстволар да шығынға батып, Солт-Лейк-Ситиге дейінгі жол құнын, қонақ үй бағасын туристерді тарту үшін арзандатуға мәжбүр болды. Брокерлер осы сәтсіздіктердің бәріне ұйымдастыру комитетін Олимпиадалық ойындарды жарнамалауға жеткілікті көңіл бөлмеді, Америка экономикасының құлдырап бара жатқандығы мен 11 қыркүйіктегі теракті секілді факторларды есепке алмады деп кінәлады. Саяси тұрақсыздық көбіне-көп туризмге кері әсер етеді. Дегенмен де ірі турфирмалар өз іс-әрекеттерінде апаттардың салдарының өзін тиімді пайдаланады. 11 қыркүйектегі терактіден кейін Нью-Йоркке туристердің келуі үрейден азаюы мүмкін деп ойлады. Бірақ өмірде басқаша, Бүкіләлемдік сауда орталығының қираған орны Нью-Йорктің жұрт көруге ұмтылатын жеріне айналып кетті. Бұл жерге күн сайын мыңдаған адамдар қираған дүниенің көлемін өз көздерімен көру үшін келеді. Манхэттеннің бұл ауданында адамдардың көптігінен көше қозғалысы қиындады. Осы жағдайлардың барлығын есепке алған қала мэриясы, бір жағынан қала экономикасына келген шығынның орнын толтыру үшін трагедия орнын көру үшін билет сатылсын, көру ұзақтығы жарты сағаттан аспауы керек деген шешім шығарды. Әрбір адам билет алған соң арнайы алаңқайға тұрып анық көруге мүмкіндік алды. 12.3 Қазіргі кезеңдегі халықаралық туризмдегі абсолют және салыстырмалы басымдықтар Мамандар халықаралық туризмді бәрінен бұрын тауарлар мен қызмет көрсетудің халықаралық саудасының бір бөлігі ретінде қарайды. Халықаралық сауда теориясына (Г.А. Папирян) абсолютті басымдық теориясын, салыстырмалы басымдықты, факторлардың өзара қатынасын, өнімдердің тіршілік циклын жатқызады. Абсолютті басымдықхалықаралық туризмде ерекше рөл атқарады. Табиғаттың және тарихи-мәдени мұралардың қайталанбас ескерткіштері кейбір елдерді басқа елдердің алдында, туристер жіберуші елдердің алдында, басымдығын көрсетеді. Абсолютті басымдық табиғат ескерткіштері тобы бойынша Непалда, Қытайда, Пакистанда (бұл елде биіктігі 8 мың метрден асатын ең биік шыңдар, оның ішінде Эверест те, бар), АҚШ-та (Гранд-Каньон), Венесуэлада (әлемдегі ең биік сарқырама) және т. б. Абсолютті басымдық тарихи-мәдени ескерткіштер тобы бойынша Египетте (Мемфис, Гиза-Дахшур ауданындағы пирамидалар, көне Фивы), Грецияда (Афинадағы Акрополь, Бассайдағы Аполлон Эпикурейскийдің храмы), Францияда (Версал мен Фонтенблодағы сарайлар мен саябақтар), Ресейде (Санкт-Петербург, Москва Кремлі, Қызыл алаң), Қытайда (Ұлы Қытай қорғаны) және т. б.Бұл елдер өз абсолютті басымдықтарын соңы туристік өнімдер жасап пайдалануда, осы арқылы халықаралық туризм рыногында өз орындарын мығым ұстап отыр. Кейбір абсолютті басымдық табиғат ескерткіштері бойынша Қазақстанда да бар. Ол — теңіз деңгейінен 7 мыңнан астам метр биіктікте орналасқан, әлемнің ең солтүстігіндегі тау шыңы Хан тәңірі, шың Алматы қаласы секілді мегаполиске өте жақын екендігі белгілі. Алматының турфирмаларының қызметкерлері Қарқара және Байынқол өзендерінің аралығына аэродром салып, альпинистер тобын Алматыдан Хан тәңіріне вертолетпен 3,5-4,5 сағатта жеткізіп тұруына болады. Бұл шындығында да басқа елдер алдында жеті мыңдық тау шыңы бар басымдық. Мәселен, Гималайдың мұндай шыңдарына альпинистер экспедициясын шығару үшін бірнеше жүк тасушылар керуенімен, жүк таситын көліктермен бірнеше апта жүреді. Сондықтан да мұндай шыңдарға шығу Хан тәңіріне шығуға қарағанда әлдеқайда қымбат. Салыстырмалы басымдық теориясы дегеніміз — абсолютті басымдығы бар елдердің табарлардан (қызмет көрсетуден) бас тартып, басқа, өздеріне тиімді деген өндіріске мамандануы, өздері өндіруден бас тартқан табарларды (қызмет керсетуді) басқа елден сатып алуы. Бір бұл жағдайды Қазақстан Республикасы секілді дамушы ел толық іске асыра алмайды. Халықаралық туризмде басқа елдер алдында салыстырмалы басымдықты алу үшін туристік мекеме қызметкерлерінің еңбек құнын төмендетуі керек, соған сәйкес туристік қызметтің құнын азайтуы қажет. Факторлардың өзара қатынасы теориясы дегеніміз — елдер арасындағы халықаралық туризмнің ағынын айқындайды. Факторлардың өзара қатынасы дегеніміз — елдердің халықаралық туризмдегі қызмет көрсету өндірісін қамтамасыз етудің қарапайым құралы. Мамандар барлық экономиканың басты факторларымен тығыз қарым-қатынаста қызмет ететін 3 топқа бөледі: табағаттық; тарихи-мәдени нысандар; капитал; еңбек ресурстары. Инвестиция деп экономика салаларына ел ішінен және шет елден ұзақ мерзімге капитал салуды, пайда табу максатында өндірістік құралдар сатып алуды айтады. Инвестиция қаржылық және реалды болып екіге бөлінеді. XX ғасырдың соңғы 10 жылындағы ТМД елдеріндегі туризм индустриясына тікелей салынған инвестиция ағыны көп емес. мамандар атап өткеніндей, мұндай инвестицияның нәтижелерін әзірге Батыс елдері көріп отыр. Инвестиция түрлерінің жобаны несиелеу, жобаға бірлесіп қатысу, басқаруға келісімшарт деген түрлері көбірек таралған. 12.4 Қазақстан Республикасында туризмді дамытуға мүмкіндік беретін шет елдік инвесторларн тартуға жасалатын қолайлы жағдайлар Қазақстан Республикасы шет елдік инвесторлар үшін төмендегідей басты негіздерде қызғылықты болып отыр: 1)табыс коэффиценті жоғары;2) рыноктың потенциалы мол; 3)табиғат ресурстарына рұқсат етілген;4) келешекте Шығыс пен Батысты жалғайтын халықаралық транспорт маршруттарының перспективасы бар. 1997—2000 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының өкілетті ұйымдары көлемі 1240 млн. доллар болатын 171 инвестициялық контрактіге қол койды. Оның ішінде туризм аясына қатыстысы— 12,21 млн. долларлық инвестиция. Туризм аясына тартылған инвестиция көлемінің осыншама төмен болуының негізі себептері: 1)РК бағдарламасының жоқтығы;2) жер-жерлерде қалыпты сервис пен қарым-қатынас құралдарының жоқтығы;3)Республика аумағында жетілген транспорттық схеманың аздығы. Бұлардан басқа ең басты себеп - Қазақстан турфирмаларының негізгі белігі елден капиталды алып шығуға жұмыс істейді.
|