Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Египеттіктер 11 page


Date: 2015-10-07; view: 529.


Жылдар Қызымет көрсетілген барлық туристер Қабылданған туристер Сыртқа жіберіл -ген туристер Саяхаттық қызымет ҚР ЖІӨ туризмнің үлесі % есебімен
1514,9 420,0 622,4 - 0,06
1651,2 450,7 700,5 30,7 0,08
950,5 250,0 700,5 2,8 0,14
791,3 141,1 650,2 9,5 0,02
806,5 132,5 674,0 7,7 0,02
791,3 35,0 145,7 6,9 0,07
228,3 50,1 106,1 - 0,09
146,9 23,9 67,4 - 0,04
154,5 25,0 38,0 - 0,06
229,0 94,7 - 0,06

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2004 жылғы деректеріне сәйкес сыртқа шығатын туристердің үлеі 52,9% ал сырттан келетін туристердің үлесі 47,1% құрады. Дүниежүзі туристік ұйымының деректеіне сәйкес ТМД елдеріндегі сыртқа шығатын туристердің үлесі 11,3% дүниежүзінің елдерінікі 89,7% құрайды. Бұл арсалмақ негізінен халықаралық туризмнің дамығанын көрсетеді.

Статистика агенттігінің деректеріне сай 1999 жылы ішкі туризмнің үлесі 31,5% құраса 2004 жылы ол көрсеткіш 36,4% дейін көтерілген. Ол республика халқының демалыс пен жергілікті шипажайларда емделуге деген қызығушылықтың артқанын көрсетеді. 2004 жылы туризмнен түскен табыстың мөлшері 2 410 433,3 мың теңгені құрады. Оның 27,6% сырттан келетін туризмнің, ал 46,9% сыртқа шығатын, 25,5% ішкі туризмнің үлесіне тиді. 2004 жылы туризмнен түскен теңгеге шаққандағы табыстың 44,3% резиденттерден, 33,0% ішкі туризм, 22,7% резидент құрады [2 кесте].

2 кесте - 2004 жылы Қазақстан Республикасында туризмнің түрлері бойынша қызымет көрсетілген туристердің саны

 

Көрсеткіштер Қызымет көрсетілген туристер
адам % %
барлығы Туризмнің турдеріне елдерге
сырттан келетін туризм 10,7
ТМД   11,3
басқа елдер   88,7
Сыртқа шығатын туризм 52,9
ТМД   11,1
басқа елдер   88,9
Ішкі туризм 36,4  

Жеке өңірлер бойынша туристік қызымет көрсетуден табыстың 62,7% Алматы қаласының, 24,7% Астана қаласының, 3,3% Шығыс ҚӨазақстан облысының, 2,0% Алматы облысының, 1,5% Қарағанды облысының, 5,8% қалған облыстардың үлесіне тиеді. Туризмнен түсетін табыстың басым бөлігі халықтың біршама ауқатты бөлігі шоғырланған Алматы, Астана қалаларының үлесіне тиеді.

2004 жылы Қазақстанға дүниежүзінің 100 тарта елдерінің туристері келді. Туристермен қамтамасыз етуші елдердің көшбасшыларына Германия (21 592), Қытай 3694 адам), АҚШ (2745), Ұлыбритания (1837), Түркя (1004 адам ) жатады. Резидент емес туристердің Германиядан көп келуін Қазақстанда неміс диаспорасының көп болуымен т.сіндіруге болады. Елімізге келетін туристердің жалпы құрылымындағы үлесінің төмендеуіне қарамастан Ресей жетекші елдердің қатарында қалып отыр

Қазақстанда енетін дамушы елдерде туризмнің өркендеуіне тән ерекшелік ішкі ұлттық іс жүзінде нашар дамыған және туризм индустриясы сыртқы сұранысты қамтамасыз етуге бағытталуымен көзге түседі. Бұл ерекшелік белгілі бір дәрежеде елімізге де тән болғанымен, біздде керісінше сырттан келетін шетел туристерінің ғана емес, сыртқа шығатын резиденттердің сұранысын қанағаттандыруды көздейтін кері үрдістердің дамуы байқалуда.

Қазақстандағы туристік қызымет көрсетудің жағдайына жасалған талдауларға сәйкес жоғарыда келтірілген дәйектер заңнамалар туризмнің өзекті мәселелерінің барлығын қамтымағанын, тариф пен салық төлемдерінің жоғары болуын, туристік инфрақұрылымның нашар дамығанын, республикамыздың бірегей көрікті табиғатын шет елдерде насихаттау мен туристік жарнаманың әлсіз жүргізілуін көрсетеді.

Еліміздегі экономикалық және қаржы жағдайың қиындығы халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі, нақты табысының төмендеуі,сатыпалу қабілетінің төмендеуі сыяқты туризмнің өзекті мәселелерінің әлеуметтік астарында шиеленістіріп жіберді.

Соңғы жылдары Қазақстандағы ақшалай табыстың барлық түрлері артуымен қатар жұмсалатын шығында белгілі дәрежеде аратты. Ақшаның күннен-күнге құнсыздануы жүріп жатқан қазіргі жағдай халықтың туристік саяхаттар мен еңбек демалысы кезінде демалысты ұйымдастыруды ойластыру мүмкіндігін шектейді. Қазақстандағы жұмыс істейтін адамдардың еңбек демалысын өткізуіне қатысты статистикалық деректерге жасалған талдаулар 1997-2004 жылдар аралығында демалыс үйлері мен пансионаттарда демалатындардың саны шамалы өскені байқалады. Тұтастай алғанда Қазақстанда жұмыс істейтіндердің 91,8% еңбек демалысын үйлерінде өткізеді

10.2 Қазақстан Республикасында туризм индустриясын қалыптастыру мен дамытуы

Қазақстанда туризм индустриясын қалыптастыру мен дамыту шетел туристерін тартумен тікелей байланысты. Бірақ бүгінгі таңда олар елімізге келетіндерінің саны өте аз. Республикадағы 750 тарта туристік фирманың тек 14,5% ғана елімізге шетелден туристерді тартуды ұйымдастырумен айналысады. Қалған туристік фирмалар өз инфрақұрылымдарын дамытуды қолмастан тек сыртқа туристерді жіберумен ғана айналысуда.

1994 жылы Елімізге сырттан келетін туризм қолайсыз кезеңін бастан кешуде. 1994 жылы Қазақстанға шетелдерден ең көп келетін туристер келді. Біз үшін ең қолайлы сол жылы сырттанген келген туристердің саны 450 мыңға жетті. 2000 жылы ол көрсеткіш 23,9 мыңға дейін төмендеді.

Бірқатар себептерге сәйкес Қазақстан шетел қонақтары үшін біршама тартымсыз елге айнала бастады. Олардың ең бастыларының қатпарына туризмді өркендетуге мүмкіндік беретін инфрақұрылымдардың нашар дамуын, дың шетел туристерге қызымет көрсетудің халықаралық талаптарға сәйкес келмеуін және материалдық-техникалық базаның нашарлығын жатқызуға болады. Себебі, тартымдылығымен ерекшеленетін тарихи-мәдени және табиғи көрікті орындардың көп болуына қарамастан Қазақстанда 1980 жылдардан бастап демалыс пен саяхат саласын іс жүзінде дамытуға көңіл бөлінген жоқ. Сол кезде болған орналастыру құралдарынің қолайлылығы мен техникалық жабдықталу деңгейі төмен болды. Осыған орай еліміздегі туристерге қызыметкөрсетудің бәсекелестікке қабілеті төмен болды. Шетелдік туристерге қызымет көрсететін жоғары сыныпты бес жұлдызды қонақ үйлер тек Алматы мен Астана қалаларында ғана шоғырланған. Бағасы шектен тыс жоғары болғандықтан оларды қонақтардың белгілі бір бөлігі ғана пайдалана алады.

Шетелдік туристер келуі төмендеуінің тағы бір себебі Қазақстанды тартымды туристік бағыт ретіндетиімді жарнамалаудың дұрыс жоолға қойылмауы, еліміздің туристік имиджін қалыптастыру жөнінде үйлесімді әрекеттің болмауын жатқызуға болады.

Соған қарамастан сырттан келетін туристерді тарту арқылы туризмді дамытуға әсер ететін қолайлы жағдайларда бар.

10.3 Қазіргі кезеңдегі туризмді дамытудың түйінді мәселелері

Туризм мен демалыс саласының бүгінгі таңда елімізде нашар дамуының ең маңызды себебі, оның дамуын қамтамасыз ететін ғылыми негіздерінің әліде болса баяу жүргізілуі болып табылады. Қазақстанның аумағын рекреациялық тұрғыдан игерудің географиялық және экономикалық мәселелерін зерттеу 1970-1980 жылдары басталды.

Қазіргі Бүгінгі таңда елімізде туризмнің нашар дамуының маңызды себептерінің бірі республика көлемінде рекреациялық ресурстарды бағалау жұмыстарын жүргізу, болжау, туризм мен демалысты аумақтық ұйымдастырудың ғылыми тұғырнамасын құру және басқару, жобалау және ұзақ мерзімді жобалау жұмыстарымен айналысатын арнайы ғылыми мекемелер жоқ. Оның себептерін егемендік алғанға дейін туризм саласына сәйкес мамандар даярлау мүлдем болмауымен түсіндіруге болады. Осыған орай экономиканың табыс әкелетін қызымет көрсетудің маңызды саласы ретінде бүгінгі таңда заман талабына сәйкес туризм мен демалыс индустриясын жедел дамыту міндеті тұр.

Өйткені көптеген дамыған елдерде туризмнен түсетін жалпы табыстың 30 дан 50% дейігнгі үлесі ішкі туризм нарығынан түседі. Табиғи және тарихи-мәдени рекреациялық ресурстар қорының жеткілікті болуына орай бұл тұрғыдан алғанда Қазақстанның болашағы зор. Шипажайлар мен жекелеген туристік базалардың қызыметтерін есепке алмағанда ішкі туризм ұйымдаспаған түрде дамып келеді. Табыстың көзі болып табылатын ішкі туризмді дамыту үшін тарихи-мәдени және табиғат ескерткіштерін сақтап, қоршаған ортаны қорғай отырып, туризм индустриясы инфрақұрылымдарын қалыптастыру мәселелерін мемлекеттік деңгейде шешіп, туризм кластерін қалыптастыру қажет. Ол үшін емдік сауықтыру рекреациясымен қатар экологиялық, оқу-танымдық және саяхаттық туризмді қатар дамыту қажет.

Сонымен қатар, балалар мен жастар, өлкетану, спорттық-сауықтыру, мәдени-танымдық сыяқты әлеуметтік туризмді дамытудың экономикалық маңызы зор. Әлеуметтік туризмді оданары дамытуға баса назар аудару мемлекеттік, мемлекеттік емес қорлардың, басқада қайырымдылық ұйымдар мен қорлардың есебінен халықтың аз қамтылған бөлігіне қолдау көрсету арқылы олардың демалу құқығын пайдалануына мүмкіндік береді. Бұл бірінші кезекте мектеп оқушыларының, жастардың, зейнеткерлердің соғыс пен еңбек ардагерлері мен басқада азаматтардың саяхатқа шығуына қолайлы жағдай тудырады. әлеуметтік туризмді дамытуға жағдай жасаған жомарттық танытқан демеушілерге, қайырымдық ұйымдары мен қорларға мемлекет тарапынан қолдау көрсету қажет.

Халықтың дерсаулығын жақсартып, туризмді ұйымдастырушы, туризм нұсқаушысы сыяқты қоғамдық туристік мамандарды дайындауда ерекше орын алатын спорттық туризмді дамытуға қолайлы жағдай тудыру қажет. Өйткені Қазақстандағы туристік бағыттарды жақсы білетін жоғарыда аталған маандар шет елден келетін туристер топтарына жолбасшы болып олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нұсқаушы болып жұмыс істеу арқылы қазіргі кезедегі коммерциялық туризмді дамытуда олар басты тұлға болып отыр

Туристік-рекреациялық іс-әрекеттің маңызды тармағы шетелден келетін туристерге Қазақстан ұсынатын туристік өнім болып отыр. Оның басты міндеті еліміздің туристік өнімі сұраныс пен ұсыныстың нарықтық дәрежелеріне сәйкес келуі тиіс. Халықаралық нарықтың тармағы ретіндегі Қазақстандық туристік өнімнің даму болашағын айқындауда маркетинг стратегиясын құру қажет. Бұл тұрғыдан алғанда Ұлы Жібек жолының Қазақстандық тармағында мәдени, экологиялық және мінәжаттық туризмді дамыту қажет.

Қорыта айтқанда соңғы он жылдағы жаңа және ең маңызды үрдіс республикамыздың жаһандық туризм саясатына еніп, туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуі болып табылады. ТМД шеңберінде құрамдасу үрдісіне сәйкес ТМД елдерінің туризм саласындағы Келісіміне қол қойылды. Туризм бойынша ТМД елдерінің кеңесі құрылып, Мемлекетаралық «ТМД-ға мүше елдердің мемлекетаралық туристік байланысы» мақсатты бағдарламасы қабылданды.

Қазақстан Республикасында туризмнің дамуының қазіргі жағдайына жасалған талдаулар бір жағынан туристік саланың қарқынды дамуы мен қарама-қайшылығы, екінші жағынан туризмнің экономикалық, әлеуметтік, мәдени және адам өмірінің басқа салаларындағы маңызы біртұтас мемемлекеттік туристік саясат жүргізуді қажет ететінін көрсетті. Оны Қазақстанда ұлттық экономикаға үлес қосатын өркениетті және бәсекеге қабілетті туристік нарықты қалыптастырып, нығайтуды қолдайтын заңдар мен Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары айғақтайды.

Қазақстан Республикасында туризмнің дамуының қазіргі жағдайына жасалған талдаулар бір жағынан туристік саланың қарқынды дамуы мен қарама-қайшылығы, екінші жағынан туризмнің экономикалық, әлеуметтік, мәдени және адам өмірінің басқа салаларындағы маңызы біртұтас мемемлекеттік туристік саясат жүргізуді қажет ететінін көрсетті. Оны Қазақстанда ұлттық экономикаға үлес қосатын өркениетті және бәсекеге қабілетті туристік нарықты қалыптастырып, нығайтуды қолдайтын заңдар мен Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары айғақтайды.

11-дәріс. ТМД мен Қазақстан Республикасында туризм мен экскурсияның қазіргі даму жағдайы

11.1 ТМД мен Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуыне байланысты туризм мен экскурсияны дамытуда туындаған өзекті мәселелер

11.2 Қазақстан Республикасының туризм дамытуды өкімет тарапынан қолдау мен құқықтық реттеудің саладағы түйінді мәселелерді шешудегі маңызы

113 Қазақстанның қазіргі туристіка-экскурсиялық ұйымдарының жұмыстарына талдау

Қазақстанның жоспарлы экономикадан бірден нарықтық экономикаға өтуі туристік саланың дамуына да кері әсерін тигізді. Қажыландырудың тұрақты түрде қысқарылуы республикамыздағы туризмнің дамуын терең дағдарысқа ұшыратты. Қалпына келтіруге қажетті қаржының болмауы туристік шаруашылықтың материалдық-техникалық базасын әлсіретті. Мұның барлығы туроизм индустриясының өркендеуін тежейтін төменде көрсетілген түйінді мәселелерді тудырды:

1.туризм индустриясының дамуын жүйелі түрде ғылыми қамтамасызетілмеуі және турлар бағасына салыстырмалы талдаулардың жасалмауы;

2. халықаралық туристік қызыметкөрсету нарқының жағдайына бағытталған біліктілігі жоғары мамандарды дайындау құрылымының нашар дамуы;

3. туризм кәсіпорындарының көліктік және өндірістік құрылымдармен өзара тиімді іскерлік байланыстардың болмауы.

Қазіргі қазақстанға туризм мен экскурсия ісінде жоспарлауда бірліктің болмауы тән. Қазақстанда туризмнің дүние жүзілік деңгейле дамуын отандық және шет елдік туристерге қызмет көрсететін барлық министрлік пен ведомствалардың өзара үйлесімді әрекет ету негізінде ғана қамтамасызетуге болады. Қазіргі кезеңде КСРО тарағаннан кейін туындаған түйінді мәселелерді жаңадан қайта шешу қолғаалынуда.

В настоящее время Казахстану после ликвидации СССР приходится многие проблемы решать заново и на непростой основе. Это полностью касается туризма.

2000 жылы Қазақтың туризм және спорт академиясында құрылған көп салалы көп құрылымды туризм индустриясының ғыдыми-зерттеу институтынан басқа зерттеу мекемелері жоқ.

Бүгінгі таңда туризм индустриясының дамуына байланысты қонақ үйлердің, тау беткейлеріне көтерілетін сапалы автомобиль және аспалы арқанды жолдардың салынуда. Бірақ оларды тауда салуға қойылатын экологиялық талаптардың орындалуын ешкім бақылап жатқан жоқ. Ландшафттары тұрақсыз биік тауларда құрылысты жоспарсыз салу топырақ пен өсімдік жамылғыларына, жауарлар дүниесіне орасан зор нұқсан келтіруде. Оған Кіші алматы шатқалында, Тұйықсу мұздығына (3450 м) және Үлкен алматы шатқалындағы Көлді асуына (3500м) баратын автомобиль жолының сарыну тәжірибесі мысал болады.

Құрлысшылардың таудың тік беткейінде жол салунәтижесінде шымдылықтың бұзылуынан көптеген телімдерінде сырғымалар пайдаболып, 1994 жылы 3 шілдеде Көлді өзеніндегі Үлкен Алматы көлі бұзылып 40 жылда болмаған сел жүрді.

Өзекті мәселелердің бірі Қазақстан мен көрші елдердің шет елге туристік сапармен бару бағасына ғлыми негізделген салыстырмалы талдаудың болмауы болып отыр. Мұндай талдаудың болмауның салдарынан Иран мен Түркияға баратын Қазақстан туристер ағынының біршама бөлігінің Өзбекстан, Түркменстан туристік фирмалары арқылы кетуіне әкеліп соқтыруда. Жоғарыда аталған туристер ағынының біршама бөлігін жоғалту Қазақстандағытуристік фирмалардың шетелге туристік сапарға бару бағасының көршілес елдермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болуында.

11.2 Қазақстан Республикасының туризм дамытуды өкімет тарапынан қолдау мен құқықтық реттеудің саладағы түйінді мәселелерді шешудегі маңызы

Туризм индустриясындағы бірқатар түйінді мәселелер туризм кәсіпорындарымен көлік және өндірістік құүрылымдар арасында үйлесімді байланыстың болмауынан туындап отыр. Атап айтсақ шетелдік туристердің басым бөлігі елімізге ұшақпен ұшып келетіні белгілі. Қазақстан әуежайларында туристерді қабылдайтын, халық аралықө талаптарға сай дұрыс жабдықталған күту залдары жоқ, қол жүктері ұзақ беріледі. Мұның барлығы әуекомпаниялардың туристер ағынын көбейтуге мүдделі болмауынан туындайды

Қазақстанға келетін туристердің уәжін оқып-үйрену оларды жергілікті халықтың мәдениеті мен салт-дәстүрлерімен танысуға ұмтылу, еліміздің бай табиғатының тартымдылығы қызықтыратынын көрсетті. Бірақ әлі күнгедейін шет ел туристері силық ретінде сатып алатын қазақ халқының мәдениетін ашып көрсететін жергіліакті қол өнер шеберлерінің әшекейлі бұйымдарынн өндіру ісі әлі күнге дейін өдұрыс жолға қойылмаған. Әшекейлік бұйымдарды шығару өндірісін кеңейтііп оны дамытуға тұтынушылар санының аздығы кедергі келтіруде.

Жоғарыда аталған түйінді мәселелерді шешу үшін туристік мекемелердің, туристерге қызымет көрсететін көлік пен өндірістік кәсіпорындарының, туризм индустриячсмына білікті мамандар даярлайтын жоғарғы және орта арнайы оқу орындарының жұмыстиарын өкімет деңгейінде үйлестіру жұмыстарын жүргізу қажет.

Қазақстан Республикасы аумағында туристік қызыметті жүргізуді құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырудың негіздерін 1992 жылы 3 шілдеде ҚР президенті Н.Ә. Назарбаев қол қойған ҚР «Туризм туралы» Заңы; 2001 жылы 13 шілдеде №211-II шешімімен ҚР өкіметі бекітке ҚР «Туристік қызымет туралы» жаңа Заң айқындайды. Оның 22 және 23 туризм саласына кәсіби мамандар дайындау негіздері анықталған. Жаңа заңда туристік қызыметтің негізгі түсініктері, мемлекеттік реттеу мәселелері, туристік қызымет саласындағы сертификаттауға, лицензиялауға қойылатын талаптар айқындалған

Аталған заң ҚР туризмді дамытудың төмендегі мақсатты бағыттарын анықтадайды:

1. Қазақстан аумағына келетін туристерді табиғи-географиялық, тарихи-мәдени құндылықтарымен, бірегей табиғи, көркем өнер және өндірістік нысандарды таныстыру;

2. Қазақстан азаматтарының республикамыздың әр түрлі өңірлері мен дүниежүзі елдерінің табиғи және мәдени көрікті орындарымен таныстыру мақсатын көздейтін саяхаттар мен жорықтар ұйымдастыру;

3. Қазақстан Республикасының халықаралық гумаитарлық байланысын кеңейтіп нығайту.

4. Туристік қызыметті экономиканық табысы жоғары саласына айналдыру.

Туристік субъектлерге Заң белгіленген негізгі міндеттерге сәйкес туристік қызымет туристік және экскурсиялық сапарлар мен жорықтарды ұйымдастыру, туристік қызыметтің барлық түрлерін көрсету, барлық туристік тауарлар мен басқа да өнімдерді шығару және оларды өткізуді жүзегеасырады. Заңда туристердің құқықтары мен міндеттерін және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптар көрсетілген арнайы баптардың болмауы Елімізде туристік қызыметті одан ары дамытуға қиындық тудырады. Қазақстан Республикасының статистика жөнінждекгі агентіктің 2010 жылғы деректері бойынша 2009 біздің елімізге шет елдерден 2009 біздің елімізден шет елдерге 8 689 571 адам келіп [1- кесте] , 6 413 943 отандастарымыз шет елдерге барып қайтты .

1- кесте.Қазақстанға келген шетел азаматтарының саны елдер бойынша

 
Барлығы 5 990 691 7 129 648 9261 554 9 388 207 8 689 571
ТМД елдері 5 601 571 6 640 893 8 637 857 8 772 259 8 141 977
Алыс шетелдерге 389 120 488 755 623 697 615 948 547 594

2-кесте. Басқа елдерге шыққан Қазақстан азаматтарының саны

 
Барлығы 2 974 869 3 687 849 4 544 440 5 242 643 6 413 943
ТМД елдеріне 2 577 026 3 179 915 3 749 996 4 557 146 5 797 478
Алыс шетелдерге 397 843 507 934 794 444 685 497 616 465

 

11.3 Қазақстанның қазіргі туристіка-экскурсиялық ұйымдарының жұмыстарына талдау

Қазіргі кезеңде Қазақстанның туристіка-экскурсиялық ұйымдары төменде көрсетілген үш бағытта ұйымдастырылуда:

1. коммерциялыө (шоп-) туризмді ұйымдастыру;

2. Қазақстан азаматтарының алыс-жақын шет елдердегі рекреациялық-танымдық сапарларын негізінен теңіз шипажайларындағы демалыстарын ұйымдастыру;


<== previous lecture | next lecture ==>
Египеттіктер 10 page | Египеттіктер 12 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 1.092 s.