|
Египеттіктер 10 pageDate: 2015-10-07; view: 676. Туризмнің дамуына серпінді күш берген «Елдегі туризм мен экскурсиялардың ары қарай дамуы жөніндегі шаралар туралы» қаулы болды (1969 ж). Қазақстанда туризм және экскурсиялар бойынша облыстық кеңестер, экскурсиялық бюролар, саяхат және экскурсия бюролары ашыла бастады. Маңызды орынды Республикадағы туризмнің материалдық базасын күшейту бойынша шаралар – жаңа туристтік базалар мен қонақ үйлерді салу, оларды мейрамханалар, кинотеатрлар және басқа да мәдени және тұрмыстық қызметтермен жабдықтау алды. Туристтік құрал-жабдықтарды жалға беру орындары, моторлы қайық стансциялары, мамандалған автобазалар ашылды. Елдің бас қаласы Алматы: туризм қарқынды түрде дамыды. 1959 жылы облыста «Алматы» турбазасы ашылып, қаланың сыртында орналасты. 1972 жылы Алматыға жақын жерде Талғар ауданының Горный садовод ауылынан жоғарырақта «Алматау» турбазасы ашылды. 1970 жылдан бастап Алматылық автобаза қаланың және облыстық туристтік ұйымдарына қызмет көрсетіп келеді. 1975 жылы биіктаулы мұз айдыны «Медеу» салынғалы «Медеу» және «Алатау» атты туристтік қонақ үйлер де салына бастады. Алайда, мұның барлығы әлі де жеткіліксіз еді. 1979 жылы Алматылық туристтердің қалалық клубының мәліметтері бойынша, қалада 100 шақты туристтік секциялар, 7 туристтік клубы жұмыс істеді. Туризммен айналысатындардың саны 213 мың адамнан асты (Алматыда бұл кезде 900 мыңдай тұрғын халық болды). Тау туризмнің техникасы бойынша, жарыстар әдетке айналып, туристік слеттер, туристтік кештер, «Турист күні» мейрамдары жыл сайын Горький атындағы мәдениет пен демалыс Орталық паркінде ұйымдастырылып отырды. 1988 жылы КСРО-да туризмді басқару құрылымы өзгереді. Туризм мен экскурсиялар бойынша кеңестердің орнына туристтік – экскурсиялық бірлестіктер (ТЭБ) аймақтық қағидаға байланысты құрыла бастады. Басқа республикалардағыдай, Қазақстанда ТЭБ – ге бұрын кеңестер басшылығындағы туристтік кәсіпорындар мен ұйымдар енді (турбазалар, қонақ үйлер, кемпингтер, тамақтандыру кәсіпорындары, автобазалар және т.б.). Туризмде басталған қайта құрылыс туристтер клубтарының қаржыландырылуын бірден қысқартып, кейіннен оларды шаруашылық есепке өткізді. Олардың халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған іс-әрекеті нашарлай бастады. Жорықтар, слеттер мен жарыстардың ұйымдастырылуы сирей береді. Кейбір туристтік клубтар жабыла бастады. Терең экономикалық дағдарыс Қазақстанға 1990 жылы келді, сонымен қатар елдің нарықтық қатынастарға көшуі туризмнің дамуына үлкен әсерін тигізді. Қоғамның кедейленуі мен әлеуметтік жағдайының әркелкілілігі туристтік қозғалыстың бірден қысқаруына әкеліп соқты. 90-шы жылдарда туристтік саяхаттарға қатысушы адамдардың саны күрт төмендеді. Қортыа келгенде, қазіргі шақта жас егеменді Қазақстан Республикасына қазіргі тұрғыдағы туризм индустриясын құру үшін барлық жұмыстарды жаңадан бастау керек. Бүгінгі күнде туризм коммерциялық қызметтің ең қарқынды түрде дамып келе жатқан түрі болып табылады. Қазіргі заманда әлемдегі әрбір 15-ші жұмыскер туристтік және қонақ жай бизнесінде жұмыс істейді. Туризм үлесіне әлемдік жалпы ұлттық өнімнің 6 % және әлемдік тұтынушылық шығындардың 11% келеді. 1996 жылы халықаралық туризмнен түскен елдердің жиынтық табысы 425 млрд. АҚШ долларына жетті, ал ол әлемдік экспорттың 8 % және әлемдік қызмет экспортының 1/3 бөлігін құрайды. Дүниежүзілік туристтік ұйымның болжамы бойынша 2020 жылы туристтік сапарлардың саны 3 есеге көбейіп, 1,6 млрд. адамға жетеді. Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша соңғы жылдары кіру туризмі көлемінің 2002 жылы 3,7 млн.-ға, ал 2004 жылы 4,3 млн. туристтерге жеткен. Соңғы жылдары туризм географиясы кеңейіп келе жатқанына қарамастан, Қазақстанға туристтердің көп бөлігі Германиядан (51,1 %) келеді, екінші орынды Ресей (30,6 %), үшінші орынды - Өзбекістан (24,6 %), төртінші орынды – Қытай (22,6 %), бесінші – АҚШ (5,7 %) алады. 9.4 Қазақстанның туристік инфрақұрылымының даму тарихы Қоғамды қайта құру мен демократизациялау кезеңі халық ағарту ісіне де әсер етті. 1990 жылы сәуірде «Мектептен тыс мекеме туралы жоба ереже» шықты. Осы құжат негізінде әрбір республика өз құжаттарын дайындау керек болды. Жас туристердің республикалық станциясы өз «Ережелерінің» жобасын дайындады, ол республикалық станцияларға ғана тиесілі болып, облыстық станциялар өз іс-әрекеттерінің өз «Ережелерін» жасады. 1991 жылы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Оқу министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев жаңа «Ережені» бекітті. Бұл құжатта тіпті станциялардың халықаралық іс-әрекеттеріне дейін қарастырылды. 1995 жылы жағдайдың өзгеруіне, мекеменің атының өзгеруіне және өкілеттілігінің кеңеюіне байланысты станциялар туралы жаңа «Ереже» қабылдауға тура келді. Жас туристердің республикалық станциясы 1995 жылдың 2 тамызынан бастап «Қазақстан Республикасы Оқу министрлігінің оқушылардың халықаралық туризм орталығы» деп аталды. Бұған дейінгі «Ережелерге» қарағанда Орталықтың мазмұны нақтылығымен және Қазақстан Республикасының Ата заңына, Білім туралы заңға және Оқу министрлігінің нормативті актілеріне сәйкестігімен ерекшеленеді. 1997 жылы оқушылардың республикалық туризм орталығы қаржы жетіспегендіктен жабылып, кейбір облыстардағы орталықтар ғана жұмыс істеп тұрды. 2000 жылы балалар мен жасөспірімдердің туризм және экскурсия бойынша Алматы облыстық орталығы Қазақстан альпинизм ардагерлерінің кеңесімен тығыз байланыста жұмыс істеді. Альпинизм федерациясы және Ұлттық альпинизм қоры бірігіп, оқушылардың кезекті 15-альпиниадасы өткізілді. Түрлі категориялы және деңгейлі күрделіліктегі жорықтар, ұзаққа экскурсия мен саяхаттар, альпиниада мен туриадалар, туризм мен бағдарлаудың (ориентирование) түрлерінен жарыстар өткізу елде дәстүрге айналды. Туристік көпсайыс бойынша спорттық жарыстарда Алматы облысы оқушыларының командалары жақсы нәтижелерге жетті. Олар бес жыл бойы Шымкент қаласында Памир тауларына қайғылы қазаға ұшыраған Н.Марчукты еске алуға арналып өткен республикалық және халықаралық жарыстарда көш бастап отырды. Орталықтың негізгі іс-әрекетінің материалдық-техникалық базасы Алматы облысының қайталанбас табиғатты жерлеріндегі «Көлсай», «Ойжайлау», «Таугүл», «Хантәңірі» тур-базалары болды. Ең ерекшесі — Баянкөл өзенінің бассейнінде орналасқан «Хантәңірі» туристік базасы. Бұл нысан 1994 жылы пайдаланылуға берілді, қазіргі адамдардың демалу сыйымдылығы 180 адамға арналған. Бүгіндері облыста бір мезгілде 500 баланың белсенді демалысын ұйымдастыруға мүмкіндік бар. Өкінішке орай, Орталық 1997 жылдан бері өзін-өзі қаржыландыруға көшіп, бюджеттен еш көмек ала алмай отыр. Орталықтың дұрыс жұмыс істеуіне үнемі қаржыландыру ғана емес, бұл рекреациялық іс-әрекетгің түріне ерекше көңіл аудару қажет-ақ, себебі балалар туризмі демалыс қана емес, келешек қазақстандыктардың қылмыссыз, есірткісіз салауатты, денсаулықты өмір салтының кепілі. Республикада мектеп туризмі мен өлкетанудың алдағы дамуы әлеуметтік туризмді қайта қалпына келтірумен, дамытумен тікелей байланысты. Қазақстанда спорттық туризм ең алғашқы туристік ұйымдардың құрылуымен қатар жасақталды. Дегенмен де республиканың спорттық туризмнен негізгі жетістіктері соғыстан кейінгі кезеңде ғана, яғни 1949 жылы туризм КСРО спорттық классификациясына енгізген уақытта ғана болды. Жаяу, шаңғы және велосипед туризмдеріне спорттық разрядтар мен «КСРО спорт шебері» атағы нормалары қойылатын болды. Туризмнің түрлі түрлеріне арналған жорықтың барлық спорттық түрлері күрделілігіне қарай 3 категорияға бөлінді. Мәселен, жаяу туризмнің 1-категориялы күрделіліктегі жорыққа 180 шақырым-қашықтыққа он күн саяхат жасау керек. «КСРО спорт шебері» атағын алу үшін спортшылар бірінші — үшінші категориялы күрделіліктегі, КСРО-ның 4 географиялық ауданында, туризмнің 3 қатар бұл атақтан үміткердің туризм бойынша спорты, жүзу, ат спорты, тау шаңғысы немесе велосипед спорта түрлерінің бірінен 3-спорт разряды болуы қажет. 1945 жылы күзде Алматыда Қазақ дене тәрбиесі институты ашылды. 1 қаңтарда институтта туризм-альпинизм кафедрасы ашылып, В.М.Зимин басқарды. Бірақ кафедра бір-ақ жыл жұмыс істеді. Қазақстанда туризмнен бірінші спорт шебері атағын 1957 жылы В.Г.Хамулло алды, ол кейіннен Түркістан — Сібір темір жолы қызметкерлерінің туристік ісіне көптеген жылдар бойы жетекшілік жасады. Бұл атақты 1958 жылы В.М.Зимин, ал 1962 жылы Ю.С. Накатков алды. Қазақстанның туризмнің түрлі түрлерінен маманданушы спортшылары төмендегідей 4 түрден ерекше нәтижелерге жетті: 1) туристік мамандарды дайындауда; 2) КСРО-ның туристік игеру мақсатында түрлі экспедициялар өткізуде; 3) классификациялы туристік саяхаттар жасаудан; 4) түрлі слет, жарыс, чемпионаттарға қатысудан табысты болды. 1961 жылы КСРО спорттық қоғамдар одағының орталық кеңесі туристік саяхаттар өткізудің және туризм бойынша классификациялық нормативтердің жаңа ережелерін бекітті. Бұрынғы туристік жорықтардың күрделілігіне қарай 3 категорияға бөлінуі 5 категорияға бөлінетін болды, разрядтардың орнына «КСРО турисі» деген 3 дәрежелі белгісі және «КСРО туризмінің шебері» деген атақ енгізілді. «Үшінші дәрежелі турист» белгісін алу үшін 1-категориялы күрделіліктегі бір жорық жасау ғана жеткілікті болса, ал «КСРО туризмінің шебері» атағын алу үшін 1-шіден 5-ші категориялы күрделіліктегі 10 жорық жасау қажет болды. Осылайша классификациялық нормативтер күрделене түсті. 1953 жылы жазда «Горельник» турбазасында бүкілодақтық кәсіподақтың тау туризмі инструкторларын дайындау бойынша бірінші жиын өтті. Жиынның бастығы И. И. Ларионов; оқу бөлімінің бастығы В. М. Зимин болды. Бұл жиынды бітірушілердің кейбіреулері «Горельник», «Ыстықкөл» турбазаларында жұмыстарын жалғастырды. 1971 жылы Қазақ денешынықтыру институтында тау туризмі инструкторларын дайындайтын факультативтік курс ашылды. Бұл жұмысты КСРО спорт шебері А. А. Вододохов басқарды. XX ғасырдың 60-жылдарының аяғы 70-жылдарының басында бүкілодақтық кәсіподақтың туризм мен экскурсия жөніндегі орталық кеңесі ең үздік туристік саяхатқа конкурс ұйымдастырып бастады. Бұл жарыстарға Қазақ Кеңестік «Горельник» турбазасының инструкторлар командасы еді. В.Н. Вуколов жетекшілігіндегі бұл команда 1970 жылы күзде солтүстік Тянь-Шаньның 4-категориялы күрделіліктегі туристік маршрутымен өтіп, бүкілодақтық конкурста 9-орын алды. 1973 жылы А.Г.Нам жетекшілігіндегі Алматы туристерінің командасы орталық Тянь-Шаньның 4-категориялы күрделіліктегі туристік маршрутымен өтіп, Қазақстан туризмнің тарихында бірінші рет бүкілодақтық жарыста жүлделі үшінші орынды иемденді. 1977 жылы Қазақ Кеңестік Республикасының туризм федерациясы ұйымдасып, оның төрағасы болып тау туризмі бойынша КСРО спорт шебері А.М.Чеусов тағайындалды. 80-жылдардың аяғында ең үздік туристік саяхат бойынша бүкілодақтық конкурс туризм бойынша КСРО чемпионаты болып өтетін болды. 1990 жылы Қазақстан командасы КСРО спорт шебері В.Н. Вуколовтың жетекшілігімен солтүстік Тянь-Шаньның ең қиын алтыншы категориялы күрделіктегі туристік маршрутымен алғаш рет өтіп, КСРО тау туризмі бойынша чемпионатта үшінші орын алды. 1991 жылы осы команда КСРО чемпионаты аясында орталық Тянь-Шаньның алтыншы категориялы туристік маршрутымен алғаш рет өтіп, және Қазақстанның ең биік шыңы 7010 метрлік Хантәңіріне шықты. 1974-1991 жылдар аралығында Бүкілодақтық кәсіподақтың туризм мен экскурсия жөніндегі орталық кеңесінің түрлі іс-шараларының аясында тау туризмінің техникасы бойынша 9 бүкілодақтық жарыстар өткізілді. Олар: 1974 ж. (Тау туристерінің I бүкілодақтық слеті, Краснояр өлкесі, Красная поляна), 1975 ж. (Тау туризмінің техникасы бойынша I бүкілодақтық жарыс, Солтүстік Осетия, Цей), 1978 ж. (Тау туристерінің II бүкілодақтық слеті, Грузин КСР, Казбеги), 1981 ж. (Туристердің I бүкілодақтық слеті, Солтүстік Осетия, Дзинага), 1984 ж. (Тау туристерінің II бүкілодақтық слеті, Кабардино —Балгария, Чегем), 1985 ж. (Туристердің II бүкілодақтық слеті, Украина КСР, Яремча), 1987 ж. (Тау туризмнің техникасы бойынша бүкілодақтық жарыс, Қазақ КСЕ, Кіші Алматы шатқалы, Тұйық-су), 1989 ж. (Туристердің ІІІ бүкілодақтық слеті, Свердлов облысы), 1991 ж. (Тау туризмінің техникасы бойынша бүкілодақтық ашық жарыс, Кабардино — Балгария, Чегем). Бұл жарыстарда Қазақстанның тау туризмі бойынша құрама командасы спорттық шеберліктің биік деңгейін көрсетті. Қазақстан командасы 1974 жылы «Өткелдегі қимыл техникасы және сақтану» кезеңіндегі жарыста 3-орын, 1975 жылы мұзды өткелден 1-орын, 1978 жылы өткелден және мұзды жерден өтуден де 1-орын алды. .Туризм және экскурсия жөніндегі Қазақ республикалық кеңесі мен Қазақ кеңестік республикасы туризм федерациясы бірігіп, В.Н.Вуколовтың жетекшілігімен Жоңғар Алатауына экспедиция ұйымдастырды. Туристердің екі тобы жиырма күннің ішінде жиырмадан астам асудан тұңғыш рет асып, олар кейіннен «Алтай, Жоңғар Алатауы, Кавказ, Памир, Памир-Алтай, Тянь-Шань асуларының классификациялық тізіміне» енді. Қазақстанның автотуристері өткен ғасырдың 60-70-жылдарында КСРО спорт шебері В.Х.Булашевтың жетекшілігімен бүкілодақтықтың бірнеше раллилердің жүлдегері атанды. 1988 жылы Алматы қаласының автотуристер командасы Б. Б. Резванцевтің жетекшілігімен Қазақстан аумағындағы 5-категориялы күрделіліктегі маршруттардан сәтті өтіп, КСРО чемпионатында 2-орынды иемденді. Қазақстанның туризм спортшылары ең үздік туристік саяхаттарға арналған бүкілодақтық жарыстарда үздік спорттық жетістіктерге, әсіресе велотуристер жетті. Олар: 1917 жылы В. М. Чеховскийдің жетекшілігіндегі Петропавловск қаласының командасы Алтайдың 4-категориялы күрделіліктегі жарыста 2-орын, 1976 жылы А. А.Онучиннің жетекшілігіндегі Қарағанды облысының командасы Алтайдың 4-категориялы күрделіліктегі жарыста 2-орын, 1976 жылы. А.Кораблевтің жетекшілігіндегі Алматы қаласының командасы Алтайдың 5-категориялы күрделіліктегі жорықта 3-орын, 1977 жылы А. А. Онучиннің жетекшілігіндегі Қарағанды облысының командасы Кавказдың 5-категориялы күрделіліктегі жорықта 1-орын, 1977 жылы В. А. Кораблевтің жетекшілігіндегі Қазақстан командасы Кавказдың 5-категориялы күрделіліктегі жорықта 3-орын алды. 1991 жылға дейін бүкіл КСРО республикаларындағыдай Қазақстанда да әлеуметтік туризм қарқындап дамыды. Ол кездегі әлеуметтік туризмді бүкіл әлемдегідей мемлекет қана емес, кәсіподақ та қаржыландырды, сондықтан да турбазаға 20 күндік жолдаманың бағасы орташа айлықтың мөлшерінен асқан жоқ. Кәсіподақтар сонымен қатар туризм жөніндегі облыстық, республикалық кеңестер арқылы мыңдаған адам шұғылданған спорттық туризмнің дамуын қаржыландырды. Қазақстандықтардың туризмнің спорттық және басқа да белсенді түрлерінен елеулі жетістіктерге жетуінің төркіні де осында жатыр. Қазіргі кезеңде Қазақстандағы әлеуметтік туризмнің орнын экономикалық туризм басты, сондықтан да туризмнің бұл түрін жоғары дамыған индустрияға және ұлттық экономиканың басым бөлігіне айналдыруымыз қажет. 10-дәріс. Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың қазіргі жағдайы 1.1 Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың қазіргі жағдайы мен өзекті мәселелерін талдау 10.2 Қазақстан Республикасында туризм индустриясын қалыптастыру мен дамытуы 10.3 Қазіргі кезеңдегі туризмді дамытудың түйінді мәселелері Туризмді дамыту көзқарасы тұрғысынан алғанда Қазақстан әлемдік қауымдастықта рекреациялық ресурстармен жақсы қамтамасыз етілген болашағы зор елдердің бірі санлады. Қазақстан Республикасының экономикасын дамытып, шағын кәсіпкерлікті өркендетуде еркше орын алатын туризм мен демалысты дамытудың маңызы зор. 24 «Туризм» түсінігі Қазақстан Республикасында ұзақ уақыт бойы табыс әкелетін экономикалық-өндірістік қатынастармен емес, спортпен денсаулықты қалпына келтірумен тығыз байланысты болды. Бірақ біртіндеп экономикалық-өндірістік қатынастардың дамуына және халықаралық саудаға енуіне байланысты негізгі қызыметі халықтың алуантүрлі демалысын ұйымдастырау болып саналатын еңбектің ерекше түрі туризмді дамытты. Қазіргі кезде туризмді көпнесе ұлттық экономиканың құрамдас бөлігі ретінде қарастыруда. Бүгінгі таңда туризм түсінігі халықаралық туризм ұйымы ЮНВТО-ның анқтамасына жақындады және оны 2001 жылы 13 шілдеде қабылданған. Қазақстан аумағының ірілігі мен алуан түрлі ландшафттарының, тарихи-мәдени мұралардың болуы орасан зор туристік-рекреациялық әлеуетке иеболуына негіз болады. Осыған орай еліміздің алдында орасан зор әлеуетті әлемдік және ішкі нарықта зор сұранысқа иеболатын бәсекелестікке қабілетті туристік өнімге айналдыру міндеті тұр. Қазіргі кезде республиканың туристік саласы әліде болса дамудың бастапқы сатысында тұрғандықтан туризм инфрақұрылымдары жақсы дамыған елдерден ғана емес, көршілес Қырғызстаннанда артта қалуда. Сондықтан туризмнен түсетін табыс жалпы ішкі өнімнің оннан бір бөлігін ғана құрайды. Қазақстанд Республикасында туризм индустриясы нашар дамуына экономиканың маңызды саласы ретінде кеңестік кезеңде мемлекеттік деңгейде айналыспауы, кешенді жоспарлау, туризм мен демалысты дамытудың ұзақ мерзімді жоспарын жасау ға. мемлекеттік емес құрылымдарға дұрыс көңіл бөлінбеі мән ды. Саланы дамытуды тежейтін факторларға жергілікті бюджетке туризмнен қомақты табыс түсіп жатуына қарамастан туристік іс-әрекетті жергілікті басқару органы тарапынан басым бағыттардың бірі ретінде танымауын жатқызуға болады. Қазіргі кезде туризм дамып келе жатқан сала болғандықтан оның Қазақстан Республикасы экономикасындағы ықпалы төмен. Себебі басқа әлеуметтік салалар сыяқты мемлекет бұл саланы дамытуға қаржыны қалдық қағидасына сай бөледі. Туристік инфрақұрылымның дамымауы, қызымет көрсету сапасының төмендігі, телекоммуникация құралдарының болмауы, түйінді экологиялық мәселелер және басқада факторларға байланысты еліміздің үлесіне дүниежүзіндегі туристер ағынының тек 1 % ғана тиеді. Туризмді дамыту үшін Қазақстан Республикасында нормативтік-құқықтық база жасалған. Қазақстан Республикасының туризм және спорт бойынша агенттігі мен ұлттық компаниялардың қатысуымен дайындаған және еліміздің Өкіметі қабылдаған Қазақстан Республикасының Туристік қызымет туралы» Заңы; «Қазақстан Республикасында туризмді дамыту тұғырнамасы»; еліміздің Өкіметі қабылдаған «Туризм саласын дамытудың кезек күттірмейтін шаралары туралы қаулысы бар. Премьер- Министрдің жанында туризмді үйлестіру кеңесі құрылған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Өкіметі туризм мәселелері бойынша бірнеше қаулы шығарған. Олардың бірі «Туристік қызыметті лицензиялау туралы» қаулысы. Онда Қазақстан Республикасында туризм саласын дамытудың күшті және әлсіз жақтарына экономикалық шолу жасалған. 1993 жылы Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамытудың Ұлттық бағдарламасы, 1997-2003 жылдар аралығында туризмнің инфрақұрылымын жасау» туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. 1993 жылы Қазақстанның Бүкілдүниежүзілік туристік ұйымға мүше болып кіруі халықаралық тұрғыдан туризм саласын дамытудағы маңызды қадам болды. Қазақстан туризм саласындағы ынтымақтастық туралы Түркиямен, Иранмен, Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданымен, Моловамен, Венгриямен, Египетпен және басқада елдермен келісімге қол қойған. Бүгінгі таңда Қазақстанға дүниежүзінің 24 елінен келетін шетел туристерін тікеу 2002 жылдан бастап өткізу-бақылау қосындары арқылы жүргізіледі. Соңғы он жылдағы жаңа және ең маңызды үрдіс республикамыздың жаһандық туризм саясатына еніп, туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуі болып табылады. ТМД шеңберінде құрамдасу үрдісіне сәйкес ТМД елдерінің туризм саласындағы Келісіміне қол қойылды. Туризм бойынша ТМД елдерінің кеңесі құрылып, Мемлекетаралық «ТМД –ға мүше елдердің мемлекетаралық туристік байланысы» мақсатты бағдарламасы қабылданды. Қазақстан Республикасында туристік саланы құру туралы мәселе көптен бері көтеріліп келе жатыр. Батыс Еуропаның дамыған жоғары дамыған елдерінен айырмашылығы Ресей мен басқа ТМД еллдері сыяқты әліде болса ғылыми талдау пәні, әлеуметтік-мәдени қажеттілікті өтейтін толық қанды қызымет көрсету саласы ретінде қабылданбай келеді. Соңғы 17 жылда туризмді дамытудың ұйымдастыру-экономикалық және құқықтық негіздері қалыптасты. 2001 жылға дейін айналымда болған Қазақстан Республикасы «Туризм туралы заңы» бабтарының жартысынан астамы туристік іс-әрекетте іс жүзінде қолданыс таппады. 90 жылдары қабылданған «Қазақстан Республикасында туризмді дамыту тұғырнамасы» ( жаңасы 2001 жылы қабылданды) мен жаңа нысандарды салып, тарихи-археологиялық ескертескерткіштері мен мәдени сәулет, көркем өнер мұраларын қалпына келтіруді көздеген 12 маңызды туристік аудан анықталған «Туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы» тек қағаз жүзінде қалды. Туризмді дамытудың негізгі қозғаушы күші «Жібек жолының тарихи орталықтарын өркендетудің мемлекеттік бағдарламасы» баяу болсада біртіндеп жүзеге асырылып жатыр. 1993 жылмен салыстырғанда 2003 жылы он есеге жуық қысқарды. Ол Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне сүйеніп құрылған 2 кестеде көрсетілген [1 кесте]. 1 кесте - Қазақстан Республикасындағы туристік-саяхаттық қызыметтің динамикасы, мың адам есебімен
|