|
Египеттіктер 9 pageDate: 2015-10-07; view: 871. Бірмезетте туризм мен экскурсиялардың жаңа ұйымдастырушылық формасын іздестіру басталды. Кейбір мекемелерде қала сыртына туристік жорықтар мен экскурсияларды өткізу міндеті болып табылатын бөлімшелер де құрылды. Бұл жұмысты алғашқылардың бірі болып 1917 ж. қараша айында ағарту халық комиссариатының мектептен тыс бөлімі (Наркомпрос) жүргізді. Оны Н.К. Крупская басқарды. Бұндай бөлімшелер Наркомпростың губерндік желісінде ұйымдастырылды. 1918 ж. ел бойынша экскурсиялық станциялар құрылады, Наркомпростың тәжірибелік-көрсетімді экскурсиялық базасы құрылады. 1919 ж. наурыз айында В.И. Ленин емдік туризмнің дамуына және емдік көздерге экскурсияларды ұйымдастыруға қолғабыс еткен «жалпы мемлекеттік маңыздағы емдік жерлер туралы» декретке қол қойды. 1920 ж. Наркомпроста Біріккен дәрістік-экскурсиялық бюро - қазіргі кездегі туристік-экскурсиялық мекемелердің үлгісі құрылады. Оның мақсаты – пролетарлық туризм мен экскурсияларды кең түрде насихаттау еді. 1920 ж. бастап экскурсияларды бірнеше ведомствалар мен мекемелер өткізе бастады. Жұмысшылар мен қызметкерлер үшін олардың ұйымдастырушылары кәсіподақтар болды. Оқушылар мен әскери қызметкерлер саяхатқа Наркомпрос пен РКСМмен бағытталып отырған. Бұл жұмысты негізінен штаттан тыс негіздегі энтузиастар жүргізді. Олар туристік бағдарламалар мен маршруттар әзірледі. Халықтың туризм мен экскурсияға қызығушылығының өсуімен оларды мәдени жұмыстарда қолдану қажеттілігі айқын бола түсті. Халықтар арасында осы мақсатпен және туризм мен экскурсия саласында барлық іс-шаралардың идеялық мазмұнын жоғарылату үшін туристік-экскурсиялық тәжірибенің әдістемелік жетекшілігі 1920 ж. Наркомпростың бас саяси-ағартушылық комитетіне (Главполитпросвет) міндеттеледі. Қоғамдық кадрлар дайындау туралы мәселелер қарастырыла бастады; құрылған экскурсиялық станциялар штаттан тыс активтерді – топ экскурсия жүргізушілерін және туризм ұйымдастырушыларын дайындай бастады. Главполитпросвет туризм мен экскурсияның бастапқы формаларының қаншалықты тиімді және олар қоғамның маңызды міндеттеріне жауап бере ме деген сұрақтарды зерттеуді қолға алады. Халықтық білім берудің Мәскеулік бөлімінің губерндік политпросветіне (Главполитпросвет МОНО) туризм саласында Мәскеу еңбекшілерінің сұраныстары мен тілектерін оқып зерттеу жүргізу жүктелді. 20 ж. басында туризм мен экскурсияға қызығушылық арта түсті. Экскурсияларға, сапарларға және саяхаттарға мыңдаған еңбекшілер тартылды. Мысалы, Губполитпросвет МОНО-ның бір экскурсиялық секциясы 1921 ж. ай сайын 400-ден аса топтық экскурсияларды жүргізіп отырды. Кәсіподақтардың, Главполитпросвет және Петроградтық экскурсиялық институттардың қатысуымен болған 1921 ж. Петроградта өткен экскурсиялық конференцияда экскурсиялық жұмыстың қорытындылары айтылды және оларды мектеп тәжірибелерінде қолданысын кеңейту ұсынылды. Туризм мен экскурсия желісінің құрылымдық кеңеюі басталды. Наркомпростың жанынан жақын және алыс экскурсиялардың бөлімдері құрылды. Онымен Крупская Н.К. айналысты. 1923 ж. Наркомпростың алыс экскурсиялар бөлімі Мәскеулік мұражайлық-экскурсиялық институтының құрамына, кейіннен – «Советский турист» акционерлік қоғамының құрамына кірді. Туризм мен экскурсия ұйымдастырумен әртүрлі мекемелер айналысты. Алғаш 1914 ж. кейін Қырымға сапарларды мектептен тыс жұмыс әдістері Институты, Свердлов Я.М. атындағы Коммунистік университет, Шығыстың еңбекшілерінің коммунистік университеті ұйымдастырды; кейбір жоғары оқу орындары мен рабфактар туризмді студенттер мен тыңдармандар арасында насихаттады. Жас натуралистер станциясы табиғаттанымдық экскурсияларды ұсынды. Кейбір мұражайлар қалалық емес туристеріне арналған «сквозные мұражайлық экскурсияларды» тәжірибеге енгізді. Туризм мен экскурсияның ұйымдастырушылық принциптері мен әдістерін кеңейту және оқып-зерттеумен алғашында мектептен тыс жұмыс әдістерінің Мәскеулік Институты, Петроградтың ғылыми-педагогикалық күштері, МГУ экскурсиялық іс кафедрасы, Главполитпросвет экскурсиялық секциясы айналысты. Біраздан кейін Наркомпрос жанындағы ғылыми және ғылыми-көркем мекемелердің бас басқармасы елдің көптеген қалаларында өлкетану ұйымдарының жұмыстарының әдістемелік негіздерін әзірледі. Олар сол жерде топтық өлкетану жорықтарының, саяхаттарының, экскурсиялардың бірінші тәжірибелік моделін құрды. 8.3 Бұрынғы КСРО дағы туризмнің дамуының ұйымдастырушылық орталықтанған кезең (1927 – 1960 жж. соңына дейін) 1928 жылы туристердің Ресейлік қоғамы пролетарлық туризм қоғамы болып қайта құрылды. 1925-1926 жылдары «Кеңес туристі» ұғымы пайда болды. Бұл қоғам сапарларды жолдамалар бойынша пойыздар мен пароходтарда серуендеулерді ұйымдастырумен айналысты. Бұл қоғам сапарларды материалдық қамтамасыз ететін кеңестік, кәсіподақтық және шаруашылық ұйымдары құрайтын акционерлік қоғам болды. Ол туризмнің қалыптасуында өте үлкен роль ойнады. Бірақ та, бұл таза коммерциялық қоғам болып, жаппай туризмнің мәселелері оның міндетіне кірмеді. Ал бұл жұмысшы жастар мен студенттердің арасында туризмнің дамуын тежеді. Яғни пролетарлық туризмнің дамуы мен нығаюының талаптарына жауап бермеді. Сондықтан да, 1930 жылы 8-наурызда Ұлттық комиссарлар кеңесі ««Кеңес туристі» акционерлік қоғамы мен пролетарлық туризм қоғамының бірігуі және пролетарлық туризм мен экскурсияның Бүкілодақтық еркін қоғамын құру туралы» қаулы қабылдады. Оның алғашқы төрағасы Н. В. Крыленко болды. Ол юстицияның халықтың комиссары, бірінші класты альпинист, шахмат федерациясының төрағасы болған адам. Оның құрамына 75000-ға жуық адамды біріктірген туризм бойынша барлық ұйымдар кірді. 1929 жылы «Интурист» Бүкілодақтық акционерлік қоғамы негізін қалады. Оның пайда болуына шетелдік туризмнің дами бастауы мен шетелдік қонақтарды қабылдауды бір жүйеге келтіру болды. 1929 жылы Кеңес туризмінің пайда болу жылы деп есептелінді. 1931 жылы шетелдік туристерді орналастыру үшін «Отель» Бүкілодақтық акционерлік қоғамы құрылды. Бұл қоғамның иелігінде елдің әр түрлі қалаларында 17 отелі болды. 1932 жылы 3-сәуірде Мәскеуде ОПТЭ-нің І Бүкілодақтық съезі болып өтті. Оған 290 делегат қатысты. Пролетарлық туризм мен экскурсия қоғамының жұмысының кемшілігі дене шынықтыру кеңесінен оның бөлек қалып қалуы және жеткіліксіз жұмысы болды. 1936 жылы халық комиссариаты кеңесінің шешімімен пролетарлық туризм мен экскурсия қоғамы жойылды. Туризм дене шынықтыру және спорт ісі бойынша Бүкілодақтық комитеттің және осы жылы құрылған Туристік-экскурсиялық басқарманың жетекшілігіне берілді. 1938 жылы туризмнің Бүкілодақтық секциясы құрылды. Ол «КСРО туристі» белгісінің нормативтерін әзірледі. 1939 жылы күзде Мәскеу маңында кеңес туризмінің 10 жылдығына арналған туристердің слеті болып өтті. 1939 жылы Қызыл армияға көмек ретінде еркін альпинистік отрядтары құрылды. 1940 жылы туризмде туристік атақтар енгізілді. Осы жылы азаматтық соғыстың күрескерлік даңқ маршруттары бойынша жаппай жорықтар жарияланды. Ұлы Отан соғысы кезінде көптеген жерлерде барлық туристік шаруашылық бұзылды. Тек соғыстың соңында ғана туризмнің Бүкілодақтық секциясы өзінің жұмысын қайта жаңартты. Ал туристік-экскурсиялық басқарма туристік базаларды қайта қалпына келтіруді бастады. 1945-1952 жылдар аралығында туризм мен дене шынықтыру спорттық ұйымдардың құрылымының өзгеруіне қарай бірқатар қаулылар қабылданып, іс шаралар жүргізілді. Мысалы, туризм бойынша спорттық нормалар енгізілді, спорттық разрядтар мен туризм бойынша спорт шебері атағы енгізілді, туризм инструкторы туралы және туристік-инструкторлық атақты беру тәртібі туралы қаулы шықты. 1954 жылы жас туристердің алғашқы слеті болып өтті. Ол Тургаяк көлінде (Оңт. Урал) өтті. 1956-1957 жылдары пионерлер мен мектеп оқушыларының бүкілодақтық экспедициясы өткізілді. Оны РСФСР Орталық балалар экскурсиялық-туристік станциясы «Пионерская правда» газетінің редакциясымен бірге ұйымдастырды. 1956 жылы КСРО ресми туристік ұйымдардың халықаралық одағының мүшесі атанды. Халықаралық жастар туризмін дамыту мақсатында 1958 жылдың маусымында «Спутник» халықаралық жастар туризмінің бюросы құрылды. Бұл бюро КСРО-ның жастарын басқа елдермен байланыстыру мәселелерімен айналысты. Бірақ 60-70 жылдары аралығында шетелдік сапарларға КСРО азаматтарының 0,4%-ы ғана шыққан. 1960 жылы курорттар мен туризмді басқару бойынша Орталық кеңесі құрылды. 1962 жылдың 20 шілдесінде Кәсіби одақтардың бүкілодақтық кеңесінің (ВЦСПС) президиумы «Туризмді ары қарай дамыту туралы» қаулы қабылдады. 1969 жылы 30-мамырда КСРО-ның министрлер кеңесі мен ВЦСПС «Елде туризм мен экскурсияны ары қарай дамыту бойынша іс шаралар туралы» қаулысын қабылдады. 8.4 Әкімшілік – нормативті кезең (1970 – 1990 жж.) жәіне өтпелі кезең (1990 жылдан бастап) Бұл кезеңдегі туризмнің дамуы міндетті түрде орындалды. Жоспарларға сәйкес жүзеге асырылды. Жоспарлардың ұзақ мерзімі 5-10 жылға әзірленіп, туризм бойынша жоғарғы органдармен бекітілді. Жоспарлардың нормативті көрсеткіштері қатаң бақылауға жатқызылды. Бұл кезең әлеуметтік туризмді ары қарай дамытумен сипатталды. Туризм жас ұрпаққа тәрбиелік әсер ету құралы ретінде қолданылды. 1970 ж. маусым айында КСРО ағартушылық министрлігінің Орталық балалар экскурсиялық -туристік станциясы құрылды. Сонымен қатар, 1970 ж. жастар мен мектеп оқушыларының бүкілодақтық жорықтары мен экспедициялары жүргізілді. Мұндай жаппай туристік іс-шаралардың мақсаттары патриотизмге тәрбиелеу мен экскурсиялық өлкетану жұмыстары, спорттық жаттығулар болды. 1980- 1992 жж. аралығында емдік-сауықтыру туризмінің материалдық-техникалық базасы өсті, ірі қалаларда жаңа қонақүй кешендері пайда болды, қызмет көрсетудің жаңа түрлері - жанұялық демалыс пен курстық емдеу таралым алды. Курстық емдеу кезінде демалушылар пәтерлер мен жеке сектордың үйлерінде тұрса, ал емдеу мен сауықтыру курсын санаторийлерде алды. Бұл кезеңде экскурсиялық қызмет көрсету жақсы дамыды. Ел бойынша экскурсиялық бюролар саны 900-ден асты. Ал рекреациялық қызмет көрсету санаторийлер мен демалыс үйлерінің базасында жүзеге асырылған. 1985 ж. туристік ұйымдар 38 млн адамға қызмет көрсетсе, экскурсиялық ұйымдар 21 млн адамға қызмет еткен. КСРО-дағы шетелдік туризмнің жыл сайынғы өсуінің ең жоғарғы қарқыны 1976-1980 ж. аралығына келді. Ол орташа әлемдік көрсеткіш 5-6 % болғанда, КСРО-дағы шетелдік туризмнің өсімі 10% құраған. 1972 ж. «Пионерская правда» газетімен орталық балалар экскурсиялық-туристік станциясы «Моя Родина - СССР» деген пионерлер мен мектеп оқушыларының бүкілодақтық туристік-өлкетану экспедициясы туралы қаулыны қабылдады. Әкімшілік нормативті кезеңнің негізгі белгілері: - туризмнің дамуы қатаң нормалау мен жоспарлау жағдайында болуы; - туризмнің географиясының кеңеюі; - жағымды территориялық-климаттық зоналарда рекреациялық қызмет көрсетудің шоғырлануы; - қызмет көрсетудің жаңа формаларының таралуы; - әлеуметтік және өзіндік туризм базасының қалыптасуы; - туризмді зерттеудің ғылыми негіздерінің құрылуы; - шетелдік туризм көрсеткіштерінің өсуі. Өтпелі кезең (1990 ж. бастап).Туризм дамуының бұл кезеңі туризмді әкімшілік реттеуден экономикалық нарықтық қатынастарға өтуімен сипатталады. Өтпелі кезеңге келесідей тенденциялар тән: - туристік ұйымдардың мемлекеттік иеліктен жеке иеліктерге өтуі; - жаңа заңдардың негізінде туристік нарықтың қалыптасуы; - жаңа экономикалық және құқықтық қатынастар негізіндегі нарықтық жағдайда туристік ресурстарды пайдалану; - туристік қызметтердің жаңа түрлерінің пайда болуына байланысты сұраныс сипатының өзгеруі (шоп турлар, көңіл көтеру, тіл үйрену т.б); - туризмнің материалдық базасына сұраныстың болмай қалуы; - көптеген кіші және орташа кәсіпорындардың пайда болуы; - шығу туризмінің орташа көрсеткішінің өсуі, әсіресе шоп туризм мақсатында. 2000 ж. туризмнің дамуы келесідей бағыттармен сипатталды: - туристік нарықтың ары қарай дамуы; - заңдық базаның жетілдірілуі; - қонақүй бизнесіндегі жаңа технологияларды игеру; - туристік өнімнің жаңа түрлерін әзірлеу; - алдын-ала орындарға тапсырыс берудің компьютерлік жүйесін қолдану; - туризмнің білімдік және ғылыми базасының дамуы; - туристік нарықта монопольді құрылымдардың пайда болуы; - нарықта туристік өнімді жылжытужы белсендіру. 9-дәріс. Көне дәуірден қазіргі заманға дейінгі Қазақстанда туризмнің қалыптасуы, даму тарихы 9.1 Ерте орта ғасырдағы Ұлы жібек жолының Қазақстандағы ұйымдасқан саяхат пен туризмнің дамуынадағы алатын орыны 9.2 Қазақ КСР-да туризмнің ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы даму тарихы 9.3 Қазақстандағы халықаралық туризмнің даму тарихы 9.4 Қазақстанның туристік инфрақұрылымының даму тарихы Ұлы жібек жолының Қазақстандағы ұйымдасқан саяхат пен туризмнің тарихы негізінен әлемдік туризмнің тарихын дәуірлеумен сәйкес келеді. Дегенмен Қазақстан туризмінің тарихының өзіндік ерекшеліктері де бар. Қазіргі Қазақстан территориясын біздің жыл санауымызға дейін мекендеген адамдар аңшылық пен терімшіліктен өндірісті еңбекке әлемнің басқа аудандарына қарағанда кешірек көшкен. Қазақстан ғалымдардың пікірінше, біздің республикамыздағы ең көне адамдар осыдан шамамен жарты миллион жыл бұрын пайда болған. Оның негізгі дәлелі — адам қолымен жасалған еңбек құралы. Көне Қазақстандағы тұрғындардың өндірістік шаруашылығы б.д.д. ІІІ мыңжылдықта басталған. Көне әлемнің тарихында қазіргі Қазақстан аумағындағы алғашқы ұйымдасқан саяхаттар басты туристік нысан - Ұлы жібек жолымен байланысты. Ал оның қалыптасуының бастапқы дәуірі б.д.д. ІІІ мыңжылдыққа сәйкес келеді. Б.д.д. зерттеушілер өз еңбектерінде Қытай туралы мәліметтер келтіріп, ол елге баратын жолдардың сипаттамасын берді. Кейіннен Ұлы жібек жолы аталған жолдың алғашқы бізге жеткен сипаттамасы осы. Ал бұл сипаттаманың қағазға түсуі — б.д.д. I ғасырдың аяғы. Птолемейдің өзі бұл сипаттаманы біздің заманымызға жетпеген Марк Тирскийдің шығармасынан және саудагерлердің ұрпағы Май Тицианның Евфрат өзенінің жағасындағы шекаралық қала Гиераполь арқылы Месопотамияны көктеп өтіп, Тигр өзеніне шыққан, одан әрі Мидиядағы Экбатанға, сонан соң Каспий теңізінің оңтүстігін орай жүріп, Парфияның астанасы Гекатомпилге, Маргияндық Анохияға, Бактрияға және Камед таулары арқылы (бұл Алай және Алайдан арғы қыраттар болуы мүмкін) Татим өзенінің бассейніне түскен. Ол жерден Қытай астанасына барған. Кейіннен Ұлы жібек жолы деп аталған жолдың классикалық көне сипаттамасы осы. Көптеген зерттеушілер ұлы жолға бұл атауды неміс ғалымы Ф. Рихтгофен өзінің «Қытай» деген кітабында 1877 жылы берген деген пікірді ұстанады. Дегенмен де атақты экономика тарихшысы А. М. Петровтың пікірінше, мұндай атау көне әлемде де болған. Римдіктер жібекті «серикум», ал өндірушілер мен сатушыларды «сера», яғни «жібек адамдар» деп атайды. Келешек атаудың қайдан шыққаны туралы мәліметтер К. Птолемейде де бар, онда жол Жібек еліне апарады. Аллмиан Марцелиннің «Тарихының» 23-кітабында «Сералармен қарым-қатынастағы үлкен сауда жолы» деп көрсетіледі. Ұлы жібек жолының қалыптасуының ұзақ процесс болуы — батыс пен шығыс өркениеттерінің, көне әлем мен Қытайдың бірін-бірі біртіндеп тануының дәлелі. Бірнеше ғасыр, тіпті бірнеше мың жыл әлем Қиыр Шығыстағы ірі отырықшы өркениет иесі Қытай жайлы ешнәрсе білмеді десе де болады.Көне заманның саяхатшылары, зерттеушілері және басқыншыларының (Геродот, Аристотель, А. Македонский, Эратосфен және т.б.) ойынша б.д.д. II ғасырға дейін ойкумен (әлем) Шығыста шөл даламен аяқталады деп түсінді. VI -XIV ғасырларда Ұлы жібек жолының солтүстік түркі трассасымен саудамен ғана емес, қажылық, емдік, ағартушылық мақсаттардағы да сапарлардың болғандығына толық негіз бар.Мәселен, монғол-татар басқыншылығы кезінің өзінде қазіргі Қазақстан жерінде кең көлемді иеліктер арасында жақсы қарым-қатынастардың болуы хан жаушылары арқылы іске асып, оларға да демалатын, түнейтін жерлердің қажет болғаны ақиқат.Атақты саяхатшы Марко Поло қазақ жерімен өтетін жолдармен жүре келіп: «Ұлы ханның жаушысы Канбаладан қай жол арқылы шықса да олар 25 мильден кейін станцияға, оларша Ямб, бізше ат поштасы, келеді, әдемі үйлер бар. Ол қоналқалық сарайлардың төсегінде құлпырған жібек көрпесімен бай, мұнда патша түссе де ұялмастай». Қазақстан аумағындағы ең алғашқы туристік нысандардың пайда болуы түркі тайпаларының көші-қонымен, басқыншылықпен байланысты. Қазақстанда алғашқы қажылық туризмді ұйымдастырушы Темір болды, оның атымен байланысты ескерткішті жерлер әр түрлі жылдарда түрлі әлеуметтік туризмдерді ұйымдастыруға септігі тиді. Мұндай негізгі ескерткіш — 1399 жылы Ақсақ Темірдің бұйрығымен Ахмед Яссауиге салынған мавзолей. Қазақстан туризмінің тарихының айрықша табыстарға қол жеткізуі жаңа дәуірде болды. Қазақстанда туристік индустрияның біртіндеп қалыптасуы өлкетану негізінде іске асырылды. 9.2 Қазақ КСР-да туризмнің ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы даму тарихы КСРО – ның басқа да аудандары сияқты Қазақстанда да туризм екпінді түрде дами бастады. Қазақстанда туризмнің дамуы ХІХ ғасырда жергілікті немесе аймақтардан келген әуесқой адамдар жалғыз басына немесе топ түрінде экскурсияларды, жорықтарды және көрікті жерлерге серуендерді өткізе бастады. Ал ондай көрікті жерлер Қазақстанның таулы аумақтарында көп болды. ХІХ ғасырдың басында-ақ Верный қаласында Орыс тау қоғамының бөлімшесі ашылып, 1927 жылға дейін іс-әрекет аясына болды. Жетісудің ең бірінші туристі деп казак есаулы А.В. Хорошхинді айтуға болады, ол Іле-Алатауының тау бөктерлерімен көп саяхат етіп, 1875 жылы оның ең биік шыңы Талғарды бағындыруға әрекет жасады. Алайда, ол тек 4 мың метрлік биіктікке шыға алды. Таулар Верный қаласының көптеген тұрғындарын өзіне тартты, бұл ұғымда оқушы жастар мен интеллегенция үлесі көп болды. Мұндай жорықтарға Верныйда тұрған Лев Толстойдың немересі Михаил Сухотин де қатысты. Тау инженері К.И. Богданович оқушылармен жергілікті шатқалдарға экскурсиялар ұйымдастырды. Олармен бірге Мүшкетовтың баласы да барып отырды. Верныйдың әйгілі ағаш ұстасы П. Зенков Алма-Арасаннан Жусалы Кезең асуы арқылы Үлкен Алматы көліне дейін өтті. Әліби Жангельдин 1910-1912 жылдары таяу «жер дүниесін айналып өтетін» саяхатын жүзеге асырды. Бұл саяхаттың мақсаты - өзінің білімін арттыру, әуесқой адамның басқа елдермен танысуға ұмтылысы. Ең алғашқы нұсқаушылардың бірі Г.И. Белоглазов болатын. 1925 жылдың жазында ол әскерге шақырылатын жігіттермен Алматыдан Ыстық көлге дейін жаяу жорық шекті. Ол басқарған жас туристтер тобы Озерный, Ақсу асуларын аты. Чон-Ақсу өзені бойымен Сазановкаға (қазіргі Ананьево) дейін түсті. Г.И. Белоглазов Алматының №10 мектебінде дене шынықтыру мұғалімі болып жұмыс істеген. Өзінің оқушыларымен ол жақын жатқан шаткалға жиілеп шығып отырды. 1926 жылы жазғы демалысында ол қайтадан оқушылармен Ыстық көл жағалауларына сапар шекті. Біртіндеп секция жалпы қалалық масштабқа ие болды. 1931 жылы республикамыздың астанасында Жетісу губерниялық мұражайы жанынан Пролетарлық туризм мен экскурсиялардың бүкілодақтық қоғамының бастауыш ұйымы ашылды (ТЭКҰ). Оның құрамында 10 адам енді. Оның белсенділері арасында Г.И. Белоглазов, В.Д. Городецкий, Н.Н. Дублицкий және т.б. Болды. Олардың бастауымен Қазақтық өлкетану кеңесі құрылды. Туристтік актив күшімен Горель шатқалында туристтер үшін тау лашығы (үй) құрылып, 1936 жылы 50 орынды «Горельник» туристтік базасына айналады. 1936 жылдың қыркүйегінде ТЭҚҰ жабылып, оның орнына кәсіподақтар жанына ұйымдастырылған Қазақтық туристтік-экскурсиялық басқармасы (ТЭБ) ашылды. 9.3 Қазақстандағы халықаралық туризмнің даму тарихы 1955 жылы Алматыда «Интурист» Бүкілодақтық Акционерлік қоғамның Қазақстандық бөлімшесі ашылды. 1956 жылдың 12 мамырында Алматыға 25 шетелдік турист келді, келесі жылы олардың саны 157-ге, ал 1971 жылы Қазақстан 8 мың адам қабылдады. 1995 жылы әртүрлі елдерден келген туристтердің саны 28 мың адамға, 2001 жылы 2507 адамға жетті. 1991 жылы қоғам «Қазақстан Интуристі» ұлттық компаниясы болып қайта құрылды. 1965 жылы Қазақстан Республикасына туризм мен экскурсия одағы ұйымдастырылады және 5- облыстық одақ құрылады: Алматы облысында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Орал және Шымкент облыстарында, сондай-ақ бұл облыстарда экскурсия бюролары да ашылды. Республиканың өте көркем жерлерінде жаңа туристтік базалар салына бастайды: Баян аул – Павлодар облысындағы, Жансыбай көлінің жағасында, Қарқаралы – Қарағанды облысының тау-орман көгалды алқабында, Алтай – қойнау – Шығыс Қазақстан облысы Бұқтарма су қоймасының жағасында алтын бор – Көкшетаудың тауларында. Қазақстан туристтік базасы Қырғызстанда Ыстық - Көлінің жағалауында.
|