|
Туристік индустрияны дамыту жолдарыDate: 2015-10-07; view: 632. 14.1 Қазақстан Республикасындағы туризмді дамыту көрсеткіштері Соңғы 10-12 жыл ішінде Қазақстан Республикасында ту-ризмнің дамуы төмендегідей 2 көрсеткішпен сипатталады: 1) туризмге арналған мемлекеттің және кәсіподактың қар-жысының барынша қысқарғандығы, яғни соның салдарынан ішкі туризмнің біржола жойылуы; 2) экономикалық туризм (оның тиімділігі туристік іс-шара-лардан түскен табыстармен өлшенеді) бүрын сауықтыру, таным-дық және қарым-қатынастық қызметтер атқарған әлеуметтік туризмнен толуы басым болып алды. Экономиялық туризмнің республикада негізгі 3 бағыты бар: 1)Қазақстан азаматтарының шет елдерге коммерциялық (шоп-) сапарлары; 2) Азаматтардың рекреациялық-танымдық мақсаттағы шет елдік сапарлары; 3)Шет елдік азаматтардың Қазақстан және шекаралас мем-декттермен саяхаттың белсенді (немесе аралас) тәсілімен тур-лар жасауы. Біздің туризм мазмүнына қарай халықаралыкка жатады, яғни адамдар өздерінің үнемі түратын жерінен басқа мемлекеттерге саяхаттар жасайды. Коммерциялық (шоп-) туризм 90-жылдардың басында ерекше қарқынмен дамыды, себебі қазақстандықтар шет елге валютаға табар алуға жаппай аттанып, оларды республикамызға алып келіп сатуға машықтанды. Әрине, бүл іс-әрекет белгілі себептермен біздің халқымыздың қажеттілігін өтейтіндігіне сөз жоқ, бірақ республикамыздың экономикасы мен әлеуметтік жағдайына қыруар зиян келтіреді. Біріншіден, шоп-туристер әкелген табарлар ішкі рыноктағы отандық өнімдерге бәсекелестік тудырады, үлттық өңдірістік күштердің қысқаруына жағдай жасап, халықтың жүмыспен қамтамасыз етілуіне нұқсан келтіреді. Екіншіден, қыруар ақша мөлшері құнды валюта күйінде шет елге түсіп, басқа мемле кеттің экономикасын нығайтады. Мәселен, Әмірліктегі Дубайға бір жыл ішінде ТМД елдерінен, соның ішінде Қазақстаннан 100 мың турист барады. Жергілікті туризм мен сауда комитетінің есебінше, олардың әрқайсысы Дубайда 5- 7 мың доллар қалдырады. Біздің азаматтардың шет елге, негізінен әлемнің теңіздік және таулы курорттарына рекреация. танымдық сапарларының ел үшін келтіретін экономикалық: әлеуметтік шығындары да осындай. Қазақстанға шет елдік азаматтар үшін үйымдастырудың; экономикалық тиімділігі және әлеуметтік мақсаттылығы _ себебі республикаға валюта түседі, жаңа жүмыс орындарының болуы, үлттық туристік инфрақүрылым дамиды. Бірақ бізде бұл бағытта жүмыс істейтін турфирмалар өте аз [55; 20]. Демек, Қазақстандағы экономикалық туризм оңтайлы мен дамып отырған жоқ деген сөз. Мүның басты себебі туризмнің әлеуметтік маңызын жете мойындамайтындығы, соның салдарынан салық және туристік заң жетілмеген, шет ел туристерін қабылдайтын фирмаларға, туризм индустриясына мамандар даярлайтын оқу орындары мемлекетгік саясаттың жоқтығы. Енді туристік саланы дамытудың басым бағыттарына тоқталайык. Алдымен саяхаттың белсенді түрлерін дамыту (бүған негізінен шет елдіктер келеді); шағын және қонақ үйлерге негізделген қонақ үйлік бизнес қажет; Қазақстан жерімен рекреациялық-танымдық түрлер және экскурсиялар жүргізу дүрыс. Біз осылай ғана туризмді толық пайдаланып, Қазақстан «ашық есік» саясатының іске асырылуының тиімді құралдарын жасай аламыз. Сонымен қатар туризмнің дамуына шаруашылықтың аралас салалары да кедергі жасап отыр. Бүған алдымен транспорт , оның ішінде әуе көлігі жатады. Қазақстандағы үсақ және ірі авиакомпаниялардың үшақтары 70%, одан да көп мерзімге тозған. Әрине, Қазақстанның туристік саласы басқа мемлекетгің көліктерін пайдалана ала-ды, бірақ бүның экономикалық тиімділігі мүмкіншіліктен тіпті төмен болады. Бүдан тағы да Қазақстан туризмі отандық емес, шет ел экономикасына жүмыс істейтін болады. Қазақстанның туризм индустриясыньщ келесі бір мәселесі — ол турфирмалардың ресурстары бола түра, олар туризмнің белсенді түрлерін пайдаланбай келе жаткандығы. Сонғы 5 жылдан шет елдік туристер тобын кабылдайтын қазақстандық фирмалар дәл осындай турларды жиі ұсынып жүр. Қазақстанның туристік иңцустриясыңда белсенді саяхаттар кең түрде қолдануының өмірлік те маңызы бар. Белгілі бір территорияны туристік тұрғыда игеру үшін өміршеңдігіне баға беру, ол үшін жаңа туризм нысанді іске қосу керек екендігі, жұмыс істеп тұрған туристік нысандардың сол өңірде туризм индустриясын дамытуға маңызы бағаланды. Сонымен қатар туристік-экскурсиялық қызмет көрсететін жерлердің Одақтық құрылымдағы орны айқындалды. бағалау бойынша Қазақстан (Жамбыл, Шымкент, Алтай, мен өңірлері, Көкшетау биіктері, Семей, Қапшағай, Орал, Гурьев, Ақтөбе зоналары) 14-орында, Өзбекстан 16-орын, Қырғызстан 23-орында, Тәжікстан 24-орында, Түркіментан 25-орында болды [62; 43-44]. Ел туристерінің Қазақстандағы келуінің ең көп болғаны 1990 жыл болды, олар елді еркін де белсенді аралай алатын еді. Қазақстанға әсіресе Шығыс Европа елдерінен, яғни Венгриядан, Чехословакиядан, Румыниядан, Болгариядан туристер көптеп келді. Бірақ КСРО тараған соң кедендік, валюталық қиындықтар туындады, тәуелсіз мемлекеттердің чиновниктері жасанды кедергіге барды, сондықтан да Қазақ-станды саяхаттың белсенді түрімен аралағысы келген турис-хердін саны бірден азайды. 1994 жылы ғана туристердің келім-кетімі тұрақтады. Демек, Қазақстанға туристердің келіп-кетуінің деңгейі оның туристік-рекреациялық ресурстарының бар-жоқтығынан немесе олардың сапасынан емес, елдегі саяси ситуациямен және өкіметтің туристік салаға деген қатынасына байланысты. Бір жағынан, туризмді дамытудың орасан зор мүмкіншіліктері бар екенін, екінші жағынан, туризмге деген мемлекеттік мығым саясаттың жоқтығын байқаймыз. Мемлекеттік органдардың туризмді тиімді түрде үйлестіріп отырмауы туристік фирмалардың транспорттық және басқа үйымдармен ынтымақтастығының әрдайым конструктивті бол-мауына әкеліп соқты. Транспортгық үйымдардьщ турфирмалар алдындағы міндеттемелерін орындамауы турфирмаларды тури-стермен түсінбестікке жеткізеді және Қазақстанға туристердің келуін кемітеді.Қазақстан Республикасы өкіметінің экономикалық кризисті желеу етіп туризмге қомақты қаржы салмай отыруынын ешқан-дай да сенімді негізі жоқ. Оған мысал — жакында ғана елінде үлтаралық қиян-кескі соғыс болған - Хорватия. Бұл ел мерзім ішінде бұрын болған туристік ағынның жартысынан көбін қалпына келтіріп алды, туристік қызметтен мол табыс тапты. Елді қайта қалпына келтіруді Хорватия туризмнен бастады [55; 22]. Өкіметтік қүрылымдар қазақстандық трансоператорлар үшін салық жеңілдігін жасау жөніндегі өтінішке де қүлақ түріп отыр.Әлі күнге дейін шет елден туристер қабылдайтын фирмалар да, біздің азаматтарды шет елге жіберетін фирмалар да салықты бірдей төлейді. Бүл — басқа елдің экономикасын нығайтып, өз еліміздегі экономикалық дағдарысты тередету деген сөз. Мамандардың пікірінше, жылына туристер Қазақстаннан шет елге 4 млрд. доллар алып кетеді. Әлі күнге дейін туризм экономиканың қосалкы саласы саналып, оның денсаулық сақтау және әлеуметгік қамтамасыз ету жүйесіне қоғамдық шығындарды жұмсаудың тежейтіні есепке алынбай келеді. Біздін тәжірибеміз көрсеткендей, Қазақстанға келетін батыстык туристердің көбісі «үшінші жас мөлшеріндегі», яғни зей-неткерлікке шыккан немесе соған жақындаған адамдар болып келеді. Бүл адамдардың дені туристік саяхаттың белсенді түрлерін және тау шыңына шығуды қалап түрады. Қазақстандағы қазіргі туризмде саяхаттардың мақсаттарын кешендендіру, яғни белсенді туризмге туризмнің басқа түрлерін сабақтастыру байқалады.Туристер қызмет көрсетуде кепілдіктің, саяхат бағдарламасының әр түрлі болуын талап ететін болды. 14.2 Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттері арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық Қазақстан мен Орта Азия республикалары арасында туризм саласындағы ынтымақтастықтың келісім- шарттық-құқықтық не-пздері өткен ғасырдың 90-жылдарының II жартысында қаланған. Мәселен, 19.96 жылы мамырда Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттері премьер-министрлерінің кезекті мәжі-лісінде бірнеше қүжатқа, соның ішінде «Көлік және коммуни-кация саласында келісілген саясат жүргізу жөніндегі мәмілеге» де қол қойылды. Бүл қүжатта мәжіліске қатысқан мемлекеттер Халықаралық сауданың, туризмнің, транспорттың дамуына көмектесу үшін байланыс, көлік қүралдарына, жүктерді өткізуге саық салмау жөнінде міндеттенді [55; 24], Мемлекеттер арасындағы мәмілеге дейін Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттері арасындағы туристік индустрияның бірлесіп дамыту мүмкіндіктері туралы зерттеу жүмыстары жүргізілген болатын. Ал ¥лы жібек жолын халықаралық да кешенді түрде зерттеудің жобасы 1987 жылы Париж қаласында ЮНЕСКО-ның бас конференциясының 24-сессиясында қабылданған еді. Осы жобаның аясында Алматы «Казгиппоград» институты ¥лы жібек жолының Қазақстаннан бөлігінде туризм нысандарын орналастыру мен кешенді схемасын 1992 жылы жасаған болатын. 1994 жылы қазан айында Ташкент қаласында Әлемдік Туристік ұйым мен ЮНЕСКО-ның басшылығымен ¥лы Жібек жолын реставрациялау мен қайта қалпьша келтіруге арналған мамандар кездесуі болды. Осы мәжілісте аккредитацияланған жалгыз қазақстандық фирма «Жібек жолы» компаниясы еді. Дегенмен де келесі жылдарда бұл шара біртіндеп республиканың мемлекеттік органдары да араласа бастады. 1998 жылы 27 ақпанда Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының «Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта түлетіп, түркі тілдес мемлекетгердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастықта дамыту, туризмнің инфрақұрылымын жасау» туралы мемлекеттік бағдарламаны бекітті.
|