Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Туристік индустрияны дамыту жолдары


Date: 2015-10-07; view: 1443.


«Туристік индустрияның бірлесе қызмет етуінің кодексы» Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан Түркіменстан территориясы арқылы өтетін Жібек бөлігіндегі барлық туристік-рекреациялық ресурстарының мазмүнды өзегі бола алады. Мүндай концепция республикалардың әлеуметтік-экономикалық және мүратгарын көздеп, ЮНЕСКО-ның барлық ¥лы жібек жолын қайта қалпына келтіруіне күш салуына негіз болады. «Концепцияны» қүру мен іске асыру шет елдік туристер' Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстан арқылы өтетін ¥лы жібек жолының маршруттарын жасауға, іске асыруга мүмкіндік туғызады. Біздін, экономикалық туризмде он жылдык тәжірибеміз Қазақстанға келген әрбір шет елдік топта Ыстықкөл, Бүқара, Самарқандты көргісі келетіндердің бар екендігін байқадық. Бір сүйсінерлігі - мұндай тілекті Франция. Англия, Германия, Голландия және т.б. елдерден келетін ірі турфирмалардың өкілдері білдіріп отырады. Төрт респүбликада туристік индустрияны бірлесе отырып тиімді пай-далану үшін, төмендегідей бірнеше дайындық жүмыстарын жүргізу керек.

Біздің өңірдің туристік-рекреациялық ресурстарын тиімді де кең өрісті жарнамалаудың жүйесін қалыптасты-ру қажет, себебі біздің ел әлемдік туристік индустрияға белгісіз болып келді. Сонымен қатар дәстүрлі «туристік» елдердің ту-ризм министрлігі өзінің бюджетінің жартысынан көбін жар-намаға жүмсап, жаппай жарнамалық кампаниялар жүргізіп, әлемдік туристік рыноктың қатал бәсекесінен жетістікке жетіп жатады. Біздің елдің туристік-рекреациялық ресурстарына Батыс Европа, Америка және оңтүстік-шығыс Азияның кейбір елдерінің түрғындарына түтынушы болуға тілегі бар. Осыған қарамастан бүрынғы Кеңестер Одағына енген республикалар жөніндегі информациялар шет ел туристеріне белгілі болға-нымен, көбі «суық соғыс» кезіндегі пікірден әлі де айыға ал-май келеді.

Батыс елдерінің КСРО халкын жағымсыз бейнеде қандай көлемде насихаттағанын төмендегі мысалдардан байқаймыз. 1994 жылы осы жолдардың авторына солтүстік Тянь-Шань тау маршруты бойынша швейцариялықтуристер тобын ертіп жүруде

бүлінген, олар өнеркәсіпті жерлерден 1000 шақырым қашықтықта салынса да, сол қалалардағы әбден адамды жалықтыратын сәулетпен, канондармен түрғызылған. Бұл қүрылыс: жергілікті халықтың жерін тарылтады, олардың өмір сүру салтын, әдет-ғұрыптарын бүзады. Міне, туристер өздері кездесулер, жаңалықтар, әсер алмасулардың орнына осы сорақылықтарға жолығады» деп жазды. Жан Фоше әр жердің өзіндік табиғаттық-климатгық мәдени-тарихи қасиеттері болатынын әділ ескертіп отыру, үйінің айналасынан күнде көріп жүрген көріністі мың шақырымға барып тағы көрудің қандай қызығы бар.

Әрбір жер туризм нысаны ретінде өзінің өзіндік қасиет сақтауы керек. Сонда ғана адам өзі түратын жерді өзіндік салтымен мақтана отырып көрсетуге, өзіндік қайталанбас тартымдылығымен, ерекшелігімен басқа елден келген адамдарды кабылдай алады [55; 29].

Батыстағы әлеуметтік туризмнін даму логикасын біріншіден, туризмге бар адамның қүқығы бар екендігін кеңейту, екіншіден, экономикалык, әлеуметтік, мәдени қүралдардың жетістігі осы қүқықтарды іске асырудың қажеттілігі [55; 30]. Біз отандық тәжірибені пайдалана отырып осы жолмен жүрмесек, онда экономикалык туризмнің жетілген тұжырымдамасын жасау және іске асыру мүмкін емес.

Маныздылығы жағынан ерекше мәселенің бірі білікті ма-мандарды мақсатты түрде дайындау, онсыз байсалды іс болуы мүмкін емес.

1992 жылдан кейбір ТМД елдерінде нарықтық экономика жағдайында жүмыс істейтін туристік-экскурсиялық қүрылым-дардын баскарушысы дайындалып жатыр. Ал туристік кәсіптік білім жүйесін дамыту үшін осындай мамандар дайындайтын алыс шет елдердегі оқу орындарының тәжірибесімен салысты-рып, талдау корытындылар жасау қажет.

15-Дәріс. Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясын дамыту тұжырымдамасын негіздеу

15.1 Қазақстан Республикасының туризм индустриясының қазіргі даму жағдайына талдау

15.2 Қазақстан Республикасын-дағы туризм индустриясының дамуының негізгі тұжырымдамалары.

15.3 Туризмнің дамуының негізгі бағыттары

15.4 Туризм саласының мамандарын дайындаудың қазіргі проблемалары. Ғылыми туризмді

15.1 Қазақстан Республикасының туризм индустриясының қазіргі даму жағдайына талдау

Дүние жүзілік тәжірибеде табыс көзі жағынан туризм – мұнай мен газдан кейінгі орынды иемденеді. Туризм – кез-келген елдің экономикасында үш тиімді ықпалмен әсер етеді. Олар – шетелдік валюта ағынын көбейтеді, тұрғындарды еңбекпен қамтиды, мемлекет инфрақұрылымын дамытуға ықпал етеді. Дүниежүзілік туристік ұйымның мәліметі бойынша, бір турист барған жерінде 1 мың АҚШ долларын тастап кетеді екен. Бұл ешбір өсімсіз, қайтарып берусіз елде қалған ақша. Сонымен қатар бір туристің ақшасы 9 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Өйткені, турист қаржысының 30%-ін қонақ үйде, 20%-ін көлікте, 35%-ін қоғамдық тамақтандыру орнында және 15%-ін басқа да қызмет көрсету (музей, көрме т.б) орындарында қалдырады. Туризмді дамытудағы табыс оның мемлекеттік деңгейде қалай қабылданатына тікелей байланысты

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының туризмін дамытудың әзірленген жүйелі жоспарларына, Ақмола облысының Бурабай шипажайлық аймағын, Алматы қаласының маңындағы тау шаңғы аймағын, Кендірлі демалыс аймағын, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамытудың кластерлік бағдарламасының жоспарына сәйкес әзірленді. Дүние жүзілік экономиканың қазіргі даму жағдайында туризм жетекші және серпінді дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік туристік ұйымның деректері бойынша туризм тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің дүние жүзілік экспортында (7,4 %) тек автомобильдер, химия және отын өнімдерінің экспортына жол бере отырып, төртінші орынды иеленеді. Ал кіріс жағынан бұл сала әлемде мұнай өндіру өнеркәсібі мен машина жасаудан кейін үшінші орынды иеленеді.

Қазақстан бай туристік-рекреациялық әлеуетке ие бола отырып, туризмнің жеткілікті деңгейде дамымауымен сипатталады. Оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі (тұру және тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтер ғана есептеледі) шамамен 0,3 %-ды құрайды.

2012 жылы туристік қызметтен түскен кіріс көлемі 151,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылғыдан 2 есе артық (77,6 млрд. теңге). Салада жұмыспен айналысатындар саны 129 000 адамды құрады. Республиканың бюджетіне төленген салық 2012 жылы 24,2 млрд. теңгені құрады. 2012 жылы елде 1 994 туристік ұйым жұмыс істеді, оларға 641,3 мың адам қызмет көрсетті. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,7 %-ға артық (2011 жылы 630,6 мың адам) және 2010 жылғы көрсеткіштен 32,1 %-ға артық (485,6 мың адам). Туристік қызметтің құрылымында ішкі туризм 31,5 %-ды, келу туризмі – 4,7 %-ды, шығу туризмі – 63,8 %-ды құрады.

2013 жылдың қаңтар-қыркүйегінде елімізде 1 705 туристік ұйым жұмыс істеді, олар 424,7 мың адамға қызмет көрсетті. Бұл 2012 жылдың тиісті кезеңінің көрсеткішінен 16,3 %-ға төмен. Көрсетілетін туристік қызмет құрылымында ішкі туризм 44,4 %-ды, келу туризмі – 2,3 %-ды, шығу туризмі – 53,3 %-ды құрады. Егер осы көрсеткіштерді 2012 жылдың қаңтар- қыркүйегінің деректерімен салыстырсақ, онда туристерге қызмет көрсетудің жалпы құрылымында шығу туризмі үлесінің 8 %-ға және келу туризмі 2,3 %-ға дейін азайғаны, ішкі туризмнің 10,3 %-ға артқаны байқалады. 2012 жылғы жағдай бойынша Қазақстанда 83 103 төсек-орындық сыйымдылығы бар 1 526 орналастыру орны жұмыс істеді, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 2,6 %-ға артық. Жалпы санның 61,5 % қонақ үйлерді құрады, оның ішінде 26,8 %-ы санаты бар, 34,7 %-ы санаты жоқ қонақ үйлер, ал 38,5 %-ды басқа да орналастыру орындарын құрады. Негізгі бөлігі (55,3 %) тиісінше Алматы (14,7 %), Астана (9,7 %) қалаларында, Шығыс Қазақстан (19,2 %) және Қарағанды (11,7 %) облыстарында шоғырланған. Сыйымдылығы 28 841 төсек-орын болатын 875 қонақ үй қонақ үйлердің жалпы санының 56,4 %-ын құрайды және олардың санаты жоқ екендігін атап өту қажет.

2012 жылы нөмірлік қор жүктемесінің ең жоғары коэффициенті Маңғыстау облысында 50,3 %-ды, Алматы қаласында 42,8 %-ды және Атырау облысында 41,3 %-ды құрады. Ең төменгі коэффицент Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында шамамен 13 %-ды құрайды. Астана қаласындағы нөмірлік қор жүктемесінің коэффициенті тиісінше 34,5 %-ды құрады. 2013 жылдың қаңтар-қыркүйегінде орналастыру орындарында нөмірлік қор жүктемесінің коэффициенті 22,7 %-ды құрады (2012 жылғы ұқсас кезеңде 26,1 %).

Қонақ үйлерде көрсеткіш 28,1 %-ды құрады (35,7 %-ы санаты бар қонақ үйлерде және 23,4 %-ы санаты жоқ қонақ үйде). Бұл ретте, толтырылуының ең жоғары деңгейі 5* санаты бар қонақ үйлерде (46,1 %), ең төменгі деңгей 1* санаты бар қонақ үйлерде (21,9 %) тіркелген. Өзге де орналастыру орындарында бұл көрсеткіш 15,1 %-ды құрады. 2013 жылдың алғашқы тоғыз айында нөмірлік қор жүктемесінің неғұрлым жоғары коэффициенті Атырау облысында – 54,2 %-ды, Маңғыстау облысында – 34,9 %-ды және Астана қаласында 33 %-ды құрады. Ең төменгі коэффициент Алматы (14,1 %) және Солтүстік Қазақстан (15,3 %) облыстарында тіркелген.

Алматы қаласында нөмірлік қор жүктемесінің коэффициенті тиісінше 26,8 %-ды құрады. Қонақ үйлер қызметтерінің деңгейі жоғары орналастыру орындарында тұру бағасы әлемнің жетекші туристік дестинацияларындағы осыған ұқсас қонақ үйлерге қарағанда айтарлықтай жоғары. Астана және Алматы қалаларындағы 5* санаты бар халықаралық бренд қонақ үйлеріндегі нөмірдің құны Еуропаға қарағанда 2-3 есе жоғары. Басқа орналастыру орындарында – пансионаттарда, туристік базаларда, паналарда, кемпингтерде, келушілерге арналған жатақханаларда және басқаларда көрсетілетін қызметтердің бағалары айтарлықтай төмен

2012 жылы 3 026 227 келушіге дейін; 2000 жылғы 1 250 649 түнеуден 2012 жылы 7 560 134 түнеуге (төсек- тәулік) дейін ұлғайды. 2012 жылы туристік келу құрылымы мынадай көрсеткіштермен сипатталды: орналасу нысандарынің үлгілері бойынша: келушілердің 88,7 %-ы қонақ үйлерге (келушілердің 46,3 %-ы санаты бар қонақ үйлерге, 42,4 %-ы санаты жоқ қонақ үйлерге), келушілердің 11,3 %-ы өзге орналасу жерлерге орналасқан; өңірлер бойынша: тіркелген келушілердің 49 %-ы Астана (18,4 %) және Алматы қалаларында (18,2 %) және Шығыс Қазақстан облысында (12,4%) тіркелген. Қарағанды – 7 %, Атырау – 6,9 %, Маңғыстау – 5,9 % және басқа облыстарда 31,2 % келушілер тіркелген; шыққан елдер бойынша: 82,8 %-ы қазақстандық келушілер, резидент емес келушілердің (519222 адам) – 27,3 %-ы Ресей Федерациясынан келушілер, 10,4 %-ы Ұлыбритания Құрама Корольдігінен және Солтүстік Ирландиядан келушілер, 7,6 %-ы Америка Құрама Штаттарынан келушілер, 6,2 %-ы Түркия Республикасынан келушілер, 6,1 %-ы – Италия Республикасынан келушілер, 4,7 %-ы – Германия Федеративтік Республикасынан келушілер, 4,5 %-ы – Қытай Халық Республикасынан келушілер және 33,2 % – ы басқа елдерден келушілер; 6 сапарға шығу мақсаттары бойынша: іскерлік және кәсіптік – 64 %, демалыс және бос уақыт – 30 %, достары мен туыстарына бару – 4,1 %, басқа мақсаттарда – 1,9 %. Қазақстандықтар шетелдік келушілермен салыстырғанда демалыс және бос уақыт мақсатында көбірек саяхатқа шыққанын (34,6 %), бұл уақытта резидент еместер көбінесе іскерлік және кәсіптік мақсаттарда (88,1 %) келгенін атап өту қажет.

Қазақстан Түркия Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Тайланд Корольдігі сияқты елдерге «туристік донор» болып қалып отыр, одан туризм индустриясы қарқынды дамуда, жаңа жұмыс орындары құрылып, төлем балансының құрылымы жақсаруда және халықтың әл-ауқаты артуда. Қазақстандық туристердің сыртқа шығу туризміне сұранысы Қазақстандағы туристік дестинациялар мен орналастыру объектілері үшін бизнес үлесінің жоғалуын білдіреді. Сондықтан, республикада туризмнің сапалы дамуы арқылы қазір шетелде демалатын жергілікті туристердің белгілі бір саны туризмге жұмсалатын шығындарды ел шегінде қалдыра отырып, қазақстандық туристік дестинацияларды таңдайды деп болжауға болады.

Республикада туризмді жеделдетіп дамытуға қиындық келтіретін негізгі себептерге мыналар жатады:

-туризм орындарындағы инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы, туристік объектілерге жетудің қиындығы, туристер демалатын жерлердегі қызмет көрсету деңгейінің жоғары болмауы, жол бойы инфрақұрылымы нысандарынің сервис сапасының және санының жеткіліксіздігі;

- туризм саласында білікті кадрлардың жетіспеушілігі – оның ішінде білімнің академиялық сипаты, білім бағдарламаларының еңбек нарығының талаптарынан, өндірістердің қажеттіліктерінен, жұмыс берушілердің күтуінен біршама алшақтығы және т.б.;

Туристік кешенді құру бюджетке салықтық түсімдер, шетелдік валюта ағыны, жұмыс орындары санының өсуі есебінен еліміздің экономикасының дамуына да едәуір үлес қосады, сондай-ақ мәдени және табиғи мұраның сақталуына және оңтайлы пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз етеді. Туризмді мемлекеттік қолдау саланы орнықты дамытудың қажетті шарты болып табылады.

Халықаралық тәжірибе мемлекеттің туристік инфрақұрылымды дамыту үшін жағдайлар жасауға, жеке инвесторларды тартуға, туристік индустрия субъектілерінің қызметі үшін қолайлы экономикалық жағдайларды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық базаны қалыптастыруға бағытталған белсенді саясаты туристік саланың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды орын алуына мүмкіндік беретіндігін көрсетіп отыр. Сондай-ақ, дүние жүзілік тәжірибе туризмді белсенді дамытатын елдер өз азаматтарын сапалы туристік көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ете отырып, біршама бюджеттік қаражатты ұлттық жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға жұмсайтынын айғақтап отыр. Аталған Тұжырымдамада Horwath HTL, Ecosign Mountain Resort Planners Ltd, THR, IPK International ірі халықаралық консалтингілік компаниялардың ұсынымдары, сондай-ақ Қазақстандағы туристік әлеуетке 2012 жылы жүргізілген зерттеулердің нәтижелер ескерілген.

1994 жылы қазан айында Ташкент қаласында Әлемдік туристік ұйым мен ЮНЕСКО-ның басшылығымен Ұлы жібек жолын реставрациялау мен қайта қалпына келтіру мәселесіне арналған мамандар кездесуі болды. Осы мәжілісте аккредацияланған жалғыз қазақстандық фирма «Жібек жолы» холдингтік компаниясы еді. Дегенмен де келесі жылдарда бұл шаруаға біртіндеп республиканың мемлекеттік органдары да араласа бастады.

1998 жылы 27 ақпанда Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының Үкіметі «Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта түлетіп, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастықта дамыту, туризмнің инфрақұрылымын жасау» туралы мемлекеттік бағдарламаны бекітті.

«Туристік индустрияның бірлесе қызмет етуінің тұжырымдамасы» Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан территориясы арқылы өтетін Жібек жолы бөлігіндегі барлық туристік-рекреациялық ресурстарының тұтас та мазмұнды өзегі бола алады. Мұндай концепция санамаланған республикалардың әлеуметтік-экономикалық және мәдени мұраттарын көздеп, ЮНЕСКО-ның барлық Ұлы жібек жолын қайта қалпына келтіруіне күш салуына негіз болады. Ортақ «Концепцияны» құру мен іске асыру шет елдік туристер үшін Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстан арқылы өтетін Ұлы жібек жолының маршруттарын жасауға, іске асыруға мүмкіндік туғызады. Біздің экономикалық туризмде істеген он жылдык тәжірибеміз Қазақстанға келген әрбір шет елдік топта Ыстықкөл, Бұқара, Самарқандты көргісі келетіндердің бар екендігін байқадық. Бір сүйсінерлігі - мұндай тілекті Франция, Англия, Германия, Голландия және т.б. елдерден келген ірі турфирмалардың өкілдері білдіріп отырады. Төрт республикада туристік индустрияны бірлесе отырып тиімді пайдалану үшін, төмендегідей бірнеше дайындық жұмыстарын жүргізу керек.

Біріншіден, біздің өңірдің туристік-рекреациялық ресурстарын тиімді де кең өрісті жарнамалаудың жүйесін қалыптастыру қажет, себебі біздің ел әлемдік туристік индустрияға белгісіз болып келді. Сонымен қатар дәстүрлі «туристік» елдердің туризм министрлігі өзінің бюджетінің жартысынан көбін жарнамаға жұмсап, жаппай жарнамалық кампаниялар жүргізіп, әлемдік туристік рыноктың қатал бәсекесінен жетістікке жетіп жатады. Ал біздің туристік істе келелі шешім қабылдауға өкілетті мемлекеттік органдар отандық туризмді жарнамалауға мардымсыз ғана қаражат шығарады.

Батыс елдерінің КСРО халқын жағымсыз бейнеде қандай көлемде насихаттағанын төмендегі мысалдардан байқаймыз. 1994 жылы осы жолдардың авторына солтүстік Тянь-Шань тау маршруты бойынша швейцариялық туристер тобын ертіп жүруге тура келді. Саяхаттың алғашқы екі-үш күнінде көптеген батыс туристеріне тән сипатпен біз секілді жол көрсетушілер бригадасының мүшелерімен аса бір сақтықпен әңгімелесіп жүрді. Келесі күндері күдік мұзы жіби бастағанда, жас швейцариялықтардың бірі әскерде болған кезде әскер командирлері «орыстардың» агрессивтілігі, олардың өмір бойғы арманы Швейцарияны басып алу деп әңгімелегендігін баяндады.

Барлық Орта Азия республикалары ішінде өздерінің туристік-рекреациялық ресурстарын халықаралық жарнамада үзбей, үнемі жүргізіп келе жатқан Өзбекстан ғана. Менің өз тәжіри-бемнен білетінім өзбек делегациясы әлемнің барлық ірі шара-ларында, оның ішінде жыл сайын Берлин қаласында өтетін Халықаралық туристік биржаға өте өкілетті құраммен белсене қатысады. Бұл Өзбекстанға шет елік туристердің ағынының өте көп болуын қамтамасыз етеді.

Осы тәжірибелерге сүйене отырып, келешекте «Концепция» Орта Азия мен Қазақстан туристік-рекреациялық ресурстарын халықаралық жарнама жасағанда негізделген жүйесін алдын ала дайындау қажет. Мұндай жарнаманың мазмұны белгілі бір елге арналып, біздің туристік-рекреацияльщ ресурстарымызды тұтынатын елдің, адамдардың менталитетін есепке алу ләзім.

Екіншіден, зерттеу жұмыстарын жалғастыра беру керек, жекелей алғанда Ұлы жібек жолының бойындағы отандық бөліктің ұзына бойына туристік-рекреациялық ресурстарына инвентаризация жасаған дұрыс. Бұл мәліметтерді «Туристік атлас» деген тұтас құжатқа жинақтаудың мақсаттылығы бар.

Үшіншіден, туристік істе шет елдік инвестицияны пайдалану стратегиясына және біздің өңірлерде шет елдік фирмалардың жұмысына қатысты біртұтас саясат жүргізуде ортақ мәмлеге келуіміз керек.

Көптеген дамыған капиталистік елдерде өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының талай секторлары қирап, ыдырап жатыр. Бұл еларалық компаниялардың туризм индустриясын Жер шарының басқа аудандарына көшірудің есебінен пайда тапқысы келген әрекеттері. Мұндай жағдайда туристік капитал келіп жатқан елдегі арзан жұмыс күшін жалдауға болады. Бұл процестің қарқын алып дамуын біз көптеген ТМД елдерінен, әсіресе Ресейден көріп отырмыз. Ресейде Испанияға, Италияға, Францияға келешегі зор туристік рыноктарды ресейлік туристік фирмалар «ашып» берді. Дәл осындай фирмалар ресейлік туристердің мол ағынын аталған елдерге жасап берді.

Төртіншіден, туризмнің материалдық-техникалық базасын нығайту мен кеңейтудің тұтас жолын табудың маңызы орасан. Көптеген мамандардың Қазақстанда тиімді туризм индустриясының жасау үшін сан тарамды туристік инфрақұрылымды ұйымдастыру керек деген пікірлерімен келісуге әбден болады. Бірақ ол инфрақұрылымды батыстың үлгісімен, «Хилтон» типтес көптеген қонақ үйлерін салу жолымен емес.

Әрбір жер туризм нысаны ретінде өзінің өзіндік қасиеттерін сақтауы керек. Сонда ғана адам өзі тұратын жерді өзіндік өмір салтымен мақтана отырып көрсетуге, өзіндік қайталанбас тартымдылығымен, ерекшелігімен басқа елден келген адамдарды қабылдай алады.

Ортақ «Концепция» стратегия жасақтауда тағы бір жағдайды ескеруі керек. Бұрынғы КСРО құрамына кірген территориядағы туризмнің бәрі экономикалық туризмге бағытталған, демек туризмнің тиімділігі туристік іс-шаралардан түскен кіріспен өлшенеді. Онда әлеуметтік туризм, яғни тиімділік сауықтыру, танымдық және туризмнің қарым-қатынастық қызметі басым болатын туризм болмайды.

1991 жылға дейін КСРО-ның барлық республикаларындағыдай Қазақстанда да әлеуметтік туризм жылдан-жылға карқын ала дамыды. Әлемдегідей отандық әлеуметтік туризмді мемлекет қана емес, кәсіподақ ұйымы да қаржыландырды, тур-база жолдамасының құны жарты айлықтың мөлшерінен асқан жоқ. Кәсіподақ ұйымы облыстық және республикалық туризм жөніндегі комитеттер арқылы мыңдаған адамдар шұғылданған спорттық туризмді қаржыландырды.

Қазіргі кездегі турфирмалар әлеуметтік туризм кезінде дайындалған мамандарды пайдаланып жатыр. Ал бұл мамандар күші сарқылғанда не болады?

Батыстағы әлеуметтік туризмнің даму логикасы, біріншіден, туризмге бар адамның құқығы бар екендігін кеңейту, екіншіден, экономикалық, әлеуметтік, мәдени құралдардың жетістігі, осы құқықтарды іске асырудың қажеттілігі. Біз отандық тәжірибені пайдалана отырып осы жолмен жүрмесек, онда экономикалық туризмнің жетілген тұжырымдамасын жасау және іске асыру мүмкін емес.

Маңыздылығы жағынан ерекше мәселенің бірі білікті мамандарды мақсатты түрде дайындау, онсыз байсалды іс болуы да мүмкін емес.

1992 жылдан кейбір ТМД елдерінде нарықтық экономика жағдайында жұмыс істейтін туристік-экскурсиялық құрылымдардың басқарушысы дайындалып жатыр. Ал туристік кәсіптік білім жүйесін дамыту үшін осындай мамандар дайындайтын алыс шет елдердегі оқу орындарының тәжірибесімен салыстырып, талдау қорытындылар жасау қажет.

2001 жылдың 6 наурызында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында туризмді дамыту тұжырымдамасы» деген №333 қаулысы қабылданды, бұл қаулыны дайындауға Қазақтың спорт және туризм академиясының мамандары да атсалысты. Бүл концепцияның мән-маңызы мынада.

Әлемдік туристік ұйымның ұсыныстары жинақталған тәжірибелерді талдаудың негізінде қазақстандық туристік өнімнің 2 базалық компонентін, яғни Ұлы жібек жолына мәдени туризм (қажылық және дәстүрлі) және сонымен тікелей байланысты экохикаялы туризм (сафари, рафтинг, орнитоло-гиялық, треккинг, альпинизм, аң және балық аулау). Бұл жерде экохикаялы туризм ресурстары бар Жібек жолы өтетін өңірлерді айқындап алуымыз керек. Олар: Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстары. Осымен байланысты алғашқы кезекте жөнге келтірілуі керек аудандар мен тірек орталықтары нақтыласық:

2. Іле өңірі (Алматы, Есік, Талғар, Қаскелең, Қапшағай қалалары, Ұзынағаш, Түрген ауылдары);

3. Солтүстік Тянь-Шань (Кеген, Нарынқол, Жалаңаш, Шунжа, Қолжат ауылдары);

4. Жаркент-Талдықорған (Талдықорған, Жаркент, Текелі қалалары, Көктал, Басшы ауылдары, Жаркент-Арасан курорты);

5. Балқаш (Балқаш көлі);

6. Солтүстік Жоңғар (Дружба, Лепсі, Жарбұлақ, Көктұма ауылдары, Сарқант қаласы, Алакөл, Лепсі өзені аудандары, Арасан-Қапал курорты);

7. Жамбыл (Тараз қаласы, Меркі ауылы, Талас ауданы);

8. Түркістан (Түркістан, Кентау қалалары, Тұрбат, Отырар,
Шәуілдір, Бабата, Шаян ауылдары);

9. Сайрам-Шымкент (Шымкент, Арыс, Шардара, Сарыағаш, Ленгір қалалары, Сайрам, Ванновка ауылдары);

10. Маңғыстау (Ақтау қаласы, Ералиев-Құрық аумағы, Фетисово ауылы);

11. Жоғары Бұқтырма (Қотанқарағай, Беріл ауылдары, Ма-
рқакөл көлінің ауданы, Рахман бұлақтары курорты).

Бұлардан басқа ландшафтары жоғары деңгейдегі тартымдылығы, туризм ұйымдастыруға территориясы игерілген, жүруге ыңғайлы мемлекеттік ұлттық табиғи парктер бар, олырдың бұрыннан жұмыс істеп тұрғандары немесе енді игерілу жоспарланған «Іле-Алатау», «Алтынемел» (Алматы облысы), «Ақсу-Жабағылы» (Оңтүстік Қазақстан облысы), «Баянауыл» (Павлодар облысы), «Қарқаралы» (Қарағанды облысы), «Бурабай», «Көкшетау» (Ақмола облысы) мемлекеттік ұлттық табиғи парктері, «Қорғалжын» (Ақмола облысы) мемлекеттік табиғи қорығы бар.

Инфрақұрылымның жоғарыдағы сегменттерге қойылатын талаптары бар. Ол қарапайым, қымбат емес, үлкен емес (25-100 орьгадық) орналасу нысандары (уақытша, тұрақты) бар, экологиялық таза жерлерде туристік маршрут бойында орналасқан, клиенттердің бір жерде 2-3 күн тұрақтайтындай болуы қажет.

Туристік өнімнің маңызды құрамдас бөлігінің бірі — көлік. Қазақстанға туристер жеткізудің басты көлігі — авиақатынас. Сондықтан да рынокта ұлттық авиатасымалдың дамуы мен күшеюі ерекше рөл атқарады. Ұлттық авиажелілердің шет елдік авиакомпаниялар маршрутымен бәсекелестік кезінде шарасыз күн кешуін де қорғау керек.

Республика территориясының кеңдігін есепке алғанда, сенімді автобус қатынасының, теміржол келігінің болғаны жөн, себебі жеке-дара жүретін туристер рынок сегментінің көпшілігін құрайды, олар өз беттерімен автобуста, поезда жүргенді жақсы көреді.

Туристік тұрғыда дамыған мемлекеттердің көпшілігінде ішкі туристік рынок жалпы туризмнен түсетін кірістің 30-50%-ын құрайды. Бұл жағынан Қазақстаннның келелі келешегі бар. Тағы бір айтар нәрсе, қазіргі екі туризм негізінен ұйымдаспаған сипатта жүріп жатыр. Бұған кейбір ғана курорт, санаторий және туристік базалар кірмейді. Туризмнің бұл түріне жеткілікті мән берілмегендіктен, мемлекет қазынасы бұдан қыруар қаржы таппайды, ал инфрақұрылым күннен-күнге ыдырап, табиғат, мәдениет және тарихи ескеркіштерге эколо-гиялық жағдайдан шығын келіп жатыр.

Республикамыздың келешек экономикалық потенциалы бюджеттен тыс көздерден қаржыландырылатын әлеуметтік туризмнің дамуын, оқушылардың, жастардың, зейнеткерлердің, мүгедектердің, соғыс және еңбек ардагерлерінің, басқа азаматтардың саяхаттауына жағдай жасау мақсатында мемлекет, мемлекеттік және мемлекеттік емес қорлар, одан басқа қайырымдылық ұйымдары мен қорлар оларға халықтың ең аз қамтамасыз етілген бөлігі ретінде, демалу құқықтарын пайдалану үшін әлеуметтік қолдау көрсетеді.

15.2 Қазақстан Республикасындағы туризмді дамыту тұжырымдамасының маңызы мен мазмұны

2001 жылдың 6 наурызында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында туризмді дамыту кон-цепциясы» деген №333 қаулысы қабылданды, бүл қаулыны дай-ындауга Қазақтың спорт және туризм академиясының маман-дары да атсалысты. Бүл концепцияның мән-маңызы мынада.

Әлемдік туристік үйымның үсыныстары жинақталған тәжірибелерді талдаудың негізінде қазақстандық туристік өнімнің 2 базалық компонентін, яғни ¥лы жібек жолына мәде-ни туризм (қажылық және дәстүрлі) және сонымен тікелей байланысты экохикаялы туризм (сафари, рафтинг, орнитоло-гиялық, треккинг, альпинизм, аң және балық аулау). Бүл жерде экохикаялы туризм ресурстары бар Жібек жолы өтетін өңірлерді айқындап алуымыз керек. Олар: Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстары. Осы-мен байланы.сты алғашқы кезекте жөнге келтірілуі керек аудандар мен тірек орталықтары нақтыласақ:

1 Іле өңірі (Алматы, Есік, Талғар, Қаскелең, Қапшағай қалалары. Үзынағаш, Түрген ауылдары);

2. Солтүстік Тянь-Шань (Кеген, Нарынқол, Жалаңаш, Шунжа; Қолжат ауылдары);

3 Жаркент-Талдықорған (Талдықорған, Жаркент, Текелі қала-лары. Көктал, Басшы ауылдары, Жаркент-Арасан курорты);

4. Балқаш (Балқаш көлі);

5 Солтүстік Жоңғар (Дружба, Лепсі, Жарбүлақ, Көктүма ауылдары, Сарқант қаласы, Алакөл, Лепсі өзені аудандары, Арасан-Қапал курорты);

6. Жамбыл (Тараз қаласы, Меркі ауылы, Талас ауданы);

7.Түркістан (Түркістан, Кентау қалалары, Түрбат,
Шәуілдір, Бабата, Шаян ауылдары);

8. Сайрам-Шымкент (Шьшкент, Арыс, Шардара, Сарыағаш
Ленгір қалалары, Сайрам, Ванновка ауылдары);

9. Маңғыстау (Актау каласы, Ералиев-Қүрық аумағы, Фетисово ауылы);

10. Жоғары Бүқтырма (Қотанқарағай, Берел ауылдар
Марқакөл көлінің ауданы, Рахман бүлақтары курорты).

Бүлардан басқа ландшафтары жоғары деңгейдегі тартымдылығы, туризм ұйымдастыруға территориясы игерілген ыңғайлы мемлекеттік үлттық табиғи парктер бар, бұрыннан жұмыс істеп түрғандары немесе енді игерілу жоспарланған «Іле-Алатау», «Алтынемел» (Алматы облысы), «Ақсу- Жабағылы»(Оңтүстік Қазақстан облысы), «Баянауыл» Павлодар облысы), «Қарқаралы» (Қарағанды облысы), «Бурабай» «Көкшетау» (Ақмола облысы) мемлекеттік үлттық табиғи парктері, «Қорғалжын» (Ақмола облысы) мемлекеттік табиғи қорығы бар.

Инфрақүрылымның жоғарыдағы сегменттерге қойылатын талаптары бар. Ол қарапайым, қымбат емес, үлкен емес (25 орындық) орналасу нысандары(уақытша, түрақты) бар, экологиялық таза жерлерде туристік маршрут бойында орналасқан клиенттердің бір жерде 2-3 күн түрақтайтындай болуы :

Туристік өнімнің маңызды қүрамдас бөлігінің бірі —Қазақстанға туристер жеткізудің басты көлігі — авиақатынас. Сондықтан да рынокта үлттық авиатасымалдың дамуының күшеюі ерекше рөл атқарады. Үлттық авиажелілердің шет ел авиакомпаниялар маршрутымен бәсекелестік кезінде шарасыз күн кешуін де қорғау керек.

Республика территориясының кеңдігін есепке алған сенімді автобус қатынасының, теміржол көлігінің болғаныі себебі жеке-дара жүретін туристер рынок сегменті көпшілігін қүрайды, олар өз беттерімен автобуста жүргенді жақсы көреді.

Туристік түрғыда дамыған мемлекеттердің көпшілігінде туристік рынок жалпы туризмнен түсетін кірістің 30-50% қүрайды. Бүл жағынан Қазакстаннның келесі келешегі бір айтар нәрсе, қазіргі екі туризм негізінен ұйымдаспаған сипатта жүріп жатыр. Бүған кейбір ғана курорт, санатория және туристік базалар кірмейді. Туризмнің бүл түріне жеткілікті мән берілмегендіктен, мемлекет қазынасы бүдан біруар каржы таппайды, ал инфрақұрылым күннен-күнге ыдырап. табиғат, мәдениет және тарихи ескеркіштерге экологиялык жағдайдан шығын келіп жатыр.

Республикамыздың келешек экономикалык потенциалы бюд-жеттен тыс кездерден қаржыландырылатын әлеуметтік ту-ризмнің дамуын, оқушылардың, жастардың, зейнеткерлердің, мүгедекгердің, соғыс және еңбек ардагерлерінің, басқа азамат-тардың саяхаттауына жағдай жасау мақсатында мемлекет, мем-лекеттік және мемлекеттік емес қорлар, одан басқа қайырым-дылық үйымдары мен қорлар оларға халықтың ең аз қамтама-сыз етілген бөлігі ретінде, демалу қүқықтарын пайдалану үшін әлеуметгік қолдау көрсетеді.

Мемлекеттік және жергілікті басқару органдары шағын биз-нес мекемелеріне, оның ішінде әлеуметтік туризм аясындағы қызметгі іске асырушыларға деген қолдау шараларын жалғас-тыра беруі керек. Әлеуметтік туризмге қатысты жомарттық, қайырымдылық және көмек көрсетушілік істёрі ынталанды-рылып отырғаны жөн.

«Концепция» Қазақстан Республикасында туризмді дамыту мақсаттарын төмендегідей сипатта айқындайды:

а) тиімділігі жоғары туризм индустриясын жасай отырып, туризмді экономиканьщ кірісті саласына айналдырып, халықаралық туристік рынок өнімдерімен бәсекелестікке түсе алатын, сапалы қызметтерді жасауға және шығаруға қабілетті іске айналдыру керек;

ә) республиканың туристік потенциалын арттыру;

б) мәдени-тарихи және табиғи-рекреациялық ресурстарды сак-

тау және тиімді пайдалану;

в) халықтың барлық топтары туристік ресурстарға қол жеткізе

алатындығын қамтамасыз етіп, туристік қызметтегі қызмет-

тердің барынша қанағаттанарлық болуы;

г) Халықтың жүмыс істеуге деген ынтасын арттыру; туризм аясындағы мемлекеттік және жеке меншік қүрылымдардың өзара әрекетінің тиімділігін көтеру;

д) шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту.

Туризм салаларынын республикада іске асырылуы төмендегідей принциптер негізінде жүргізіледі:

а) әрбір адамның демалуы мен сауығуына деген құқықты
асыру;

ә) өзара түсінісудің идеясын, халықтар мен қабылдаушы мемлекет арасындағы ынтымақтастықты, құрмет пен бейбіт адам қүқығын сактауды, нәсілі, жынысы, тілі, дініне негізгі бостандықтаррды қамтамасыз ету;

б) әділдік пен егемендіктің теңдігі, саяси, экономикалық
әлеуметгік жүйесіне - қарамастан еш мемлекеттің ішкі саясатына араласпау;

в) қоршаған орта мен мәдени игілікке жанашырлықпен қарау;

г) әлеуметтік теңдік, жеке және коғамдық дәулетті азаматтарды дамыту;

ғ) туризмді түрақты дамыту.

Мемлекеттік және жергілікті басқару органдары шағын бизнес мекемелеріне, оның ішінде әлеуметтік туризм аясындағы қызметті іске асырушыларға деген қолдау шараларын жалғастыра беруі керек. Әлеуметтік туризмге қатысты жомарттық, қайырымдылық және көмек көрсетушілік істері ынталандырылып отырғаны жөн.

«Концепция» Қазақстан Республикасында туризмді дамыту мақсаттарын төмендегідей сипатта айқындайды:

а) тиімділігі жоғары туризм индустриясын жасай отырып, туризмді экономиканың кірісті саласына айналдырып, халықаралық туристік рынок өнімдерімен бәсекелестікке түсе алатын, сапалы қызметтерді жасауға және шығаруға қабілетті іске айналдыру керек;

ә) республиканың туристік потенциалын арттыру;

б) мәдени-тарихи және табиғи-рекреациялық ресурстарды сақтау және тиімді пайдалану;

в) халықтың барлық топтары туристік ресурстарға қол жеткізе
алатындығын қамтамасыз етіп, туристік қызметтегі қызметтердің барынша қанағаттанарлық болуы;

г) халықтың жұмыс істеуге деген ынтасын арттыру;

ғ) туризм аясындағы мемлекеттік және жеке меншік құрылымдардың өзара әрекетінің тиімділігін көтеру;

д) шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту.

Туризм салаларының республикада іске асырылуы төмендегідей принциптер негізінде жургізіледі:

а) әрбір адамның демалуы мен сауығуына деген құкықты іске
асыру;

ә) өзара түсінісудің имандылығын, халықтар мен мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты, құрмет пен бейбітшілікті, адам құқығын сақтау, нәсілі, жынысы, тілі, дініне қатысты негізгі бостандықтарды қамтамасыз ету;

б) әділдік пен егемендіктің теңдігі, саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйесіне қарамастан еш мемлекеттің ішкі ісіне араласпау;

в) қоршаған орта мен мәдени игілікке жанашырлықпен қарау;

г) әлеуметтік теңдік, жеке және қоғамдық дәулетті арттыру, дамыту;

ғ) туризмді тұрақты дамыту.

Қойылған мақсаттарды іске асыру үшін төмендегі міндеттерді шешу керек:

I) туризм саласындағы мемлекеттік саясаттың белсенділігін
арттыру;

2)туристік іс-әрекетті реттеу жүйесін жетілдіру;

3)туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық тұрғыда одан әрі дамуы;

4) мемлекет қолдауына сүйеніп, туристік рынокты қорғау;

5)туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

6)Қазақстанның туристік нысан ретіндегі абыройын (имиджін) қалыптастыру;

7) жүйенің информациялық қамтамасыз етілуін жетілдіру;

8)туризм жүйесіндегі ғылыми зерттеулерді тереңдету;

9)туризм аясының қызметтеріне статистикалық есеп жүргізудің методологиясын халықаралық стандарттарға келтіру;

10) туризмнің инфрақұрылымын дамыту, туристік нысандарды қайта құру, тұрғызу үшін отандық және шет елдік инвестициялар тарту жолымен ынталандыру;

11) туристерге қызмет көрсетудің сапасын туристік іс-әрекеттерді стандартизация, сертификация және лицензиялау негізінде жақсарту;

12) туризм саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру
мен дайындау жүйесін дамыту;

13) туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

14) қоршаған ортаны қорғау шараларымен қамтамасыз етіп,
жағымсыз әлеумеггік әсерлерді жеңілдетіп, мәдени мұраны сақтау;

15) туризм аясындағы жағымсыз тенденцияларды жою.

15.3 Туризмнің дамуының негізгі бағыттары

Туризмнің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес туристік саланың төмендегідей негізгі даму бағыттары анықталды:

- Туристік іс-әрекетті мемлекеттік реттеу;

- Туризмді мемлекттік реттеудің жүйесін жетілдіруге жаңаша
көзқарас қажет. Ол қазіргі толық өзгеріске түскен әлеуметтік-
экономикалық жағдайларды, туристік іс-әрекетті іске асырудың принциптері мен міндеттерін ескеруі керек. Бүгін де
мемлекеттік реттеудің рөлін күшейту үшін туризм аясына
әсер ететін өкіметтің атқарушы органдарының, ұйымдарының жұмысын қалыпқа келтірген жөн. Бұл саланы орталықтан басқару Қазақстан Республикасының туризм және спорт агенттігіне жүктелген.

- Туризмді кешенді дамытуды сәтті іске асыру саланы мемлекеттік реттеу барысында дұрыс таңдаған әдісімен тікелей байланысты.

Қазіргі кезеңдегі туризм саласын мемлекеттік реттеу төмендегідей шараларды іске асыруға бағытталуы керек:

1) республикалық және өңірлік деңгейдегі туризмнің дамуының саясаты мен жоспарлануын үйлестіру;

2) туристік индустриядағы қатынастарды жетілдіру және ретке келтіру үшін заңнамалық және құқықтық нормативтік базаны қамтамасыз ету;

3)туристердің қауіпсіздігі мен олардың қорғалуын қамтамасыз ету туристік енімнің сапалы болуының ажырамас бөлігі;

4) статистика мен зерттеу іс-әрекетін жетілдіру;

5)туризмге кәсіптік мамандарды даярлау, оқыту мен оқу стандарттарын жасау;

6) туризм саласында министрліктер мен ведомостволар, мемлекет пен жеке сектор аралығандағы үйлестірудің биік деңгейін қамтамасыз ету;

7)туризмді дамыту барысында жерді пайдалану мен кұрылыстар салуда нақты аудандардағы нормалардың сақталуына бақылау жасау;

8)туристік ұйымдардың тарифтеріне, іс-әрекеттерінің лицензиялануына, туристік нысандардың сапасына, жолаушы тасымалына және қызмет көсетудің стандарттарының орындалуына бақылау;

9) ел абыройын көтеру, маркетинг бойынша басым шараларды анықтау, қазақстандық өнімді туристік көрмелер және т. б. шаралар ұйымдастыру арқылы жарыққа шығару;

10) ел арасында туризмнің және қоршаған ортаны қорғау
құндылықтары жөнінде насихат жүргізу;

11) түрлі әлеуметтік-демографиялық категориялар мен адамдардың топтары арасында әлеуметтік туризмнін дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау;

12) визалық және кедендік әрекеттерді оңайлату;

13) мемлекеттік туристік орындарды сақтау және жасау;

14) туризм инфрақұрылымының маңызды базалық компонеттерін жасау.

Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Қауіпсіздік — туризмнің дамуына, әсіресе келушілердің көбе-юіне немесе азаюына әсер ететін басты фактор.Қауіпсіздік мемлекеттің саясатымен, турфирмалар қамтамасыз еткен шаралармен және туристің өзінің іс-әрекеттерімен тікелей байланысты.

Тұтынушыны қорғау мен қауіпсіздікпен қамтамасыз етілгендігінен хабардар ету оларды туристік сапарлар кезінде туристік өнім сапасының ажырамас құрамдас бөлігі екендігін сезінеді, қауіпсіздік туризмнің басқа табарларымен, қызметтерімен пара-пар, оның сапасы жолдаманың бағасына кіреді.

Мемлекеттік органдар, туристік және халықаралық ұйымдар туризмге қауіп төндіретін табиғи апаттар, әлеуметтік тәртіпсіздіктер, террористік актілер, транспорттық қозғалыстағы кідірістер, эпидемия және т.б. факторларды, саяхатшылардың денсаулығына зиян келтіретін жағдайларды ескертеді.

15.4 Туризм саласының мамандарын дайындаудың қазіргі проблемалары. Ғылыми туризмді дамыту

Туризмде адам ресурстарын жоспарлаудың маңызы ерекше, себебі туристік іс-әрекеттің табысы онда қызмет ететін мамандардың сапалық деңгейіне де байланысты.

Қазақстанның тиімді туристік саласын талапқа сай құру үшін, мамандар құрамын жақсарту үшін:

1)«Туризм» мамандығы бойынша кәсіптік жоғары білім берудің жаңа мемлекеттік стандартын жасау кажет;

2)туристік кадрлар дайындайтын жоғары оқу орындарына туристік іс-әрекеттің түрлі бағыттарының даму деңгейін және қажеттіліктерді есепке ала отырып, мамандандыруларды анықтау керек;

3) мамандарды оқытуда туристік ресурстарды игеруіне, оларды пайдалану әдістеріне, жаңа информациялық технологияны білуіне және тілдік дайындыққа баса назар аударғаны жөн;

4) бірінші деңгейдегі туристік мамандарды орта арнаулы оқу
орындарында дайындауды ұйымдастырған дұрыс;

5)жалпы білім беретін оқу орындарында туристік сыныптар, үйірмелер, секциялар ұйымдастыруға көмектескен ләзім;

6)тарап кеткен республикалық және өңірлік балалар мен жасөспірімдердің туризм станциялары қайта қалпына келтірілсе;

7)ерекше назарды зерттеу жұмысына аударып, Ұлы жібек жолының 1700 шақырым Қазақстан жерінен өтетін бөліктерінің бойындағы туристік-рекреациялық ресурстарды инвентаризациялау және реставрациялау керек.

Мәселеге ғылыми зерттеулер жүргізбей, туризм рыногының салаларының, құрылымдарының, механизмдерінің және заңдылықтарының қалыптасу, дамуын оқып-үйренбей, сонымен қатар саланың дамуын ғылыми тұрғыда қамтамасыз етпей, қазіргі туризм индустриясын құру мүмкін емес. Бұл мәселелердің барлығы Қазақстанда туризм экономикасын зерттеушілер үшін тың жатқан тақырыптар.

Тағы бір ескерер түс, Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының даму тұжырымдамасын ғылыми негіздеуге басқа да факторлар әсер етеді. Мәселен, Қазақстанның туризм саласында жақын шет ел мамандарымен бірлесуі қажеттілік екендігі күмән тудырмайды. Алдымен біздің республика үшін шекаралас мемлекеттермен, яғни Ресеймен, Қырғызстанмен, Қытаймен және т.б. елдермен ынтымақтасу өте пайдалы.

Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі агенттіктің мәліметтеріне қарағанда, Қазақстанға келетін шет елдік туристердің ішінде Ресей Германиядан кейінгі екінші орында, жақын шет елдер арасында бірінші орында тұр. 1997 жылы Қазақстанға шет елден 27683 турист келген, оның 7968-і Германиядан, Ресейден 5612 адам, Корей Республикасынан 4350 адам, АҚШ-тан 1259 адам, Қытайдан 447 адам.

1998 жылы Қазақстанға 34542 шет ел турисі келді: Германиядан — 14838, Ресейден — 3624, Түркиядан — 1898, АҚШ-тан — 1538, Ұлыбританиядан — 1454, Қытайдан — 1002. Ал Қазақстаннан туристердің баруы жағынан шекаралас елдер ішінде бірінші орында Қытай — 30 838 адам, екінші орында Ресей — 1271 адам. Туристік салада жақын шет елдермен ынтымақтастықта болудың басты қажеттілігі келім-кетім адамдардың көбеюімен нәтижелі болмақ.

Бізге туризм саласында жақын шет елдерде жинақталған тәжірибені үйренудің де пайдасы бар. Ондай ірі туристік орталыққа Москва мен Пекин жатады.


<== previous lecture | next lecture ==>
Туристік индустрияны дамыту жолдары | Жылы Екатерина ІІ Абылайды ... ханы етіп бекітті.
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 3.636 s.