Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






CD, MD, RD командалары.


Date: 2014-02-26; view: 2681.


Лекция №19

Операциялық жүйе MS-DOS

DOS- тың кейбір өте пайдалы командалары.

Жоспар:

1. MS-DOS операциялық жүйесі.

2. CD, MD, RD командалары.

3. DIR, CLS командасы.

4. COPY, REN, COPY CON командалары.

5. TYPE, DEL командалары.

6.VER, TREE, TIME, DATE командалары.

Әдебиеттер:

1. О. Комардинов “Есептеуіш техника және программалау”

2. А. Левин “Самоучитель работ на компьютере”

 

1. MS-DOS операциялық жүйесі.

Осы уақытқа дейін каталогтарға, файылдарға қатысты көптеген операцияларды WINDOWS жүйесінің қосымшалары арқылы және NC қабықшасы арқылы орындап келдік. WINDOWS жүйесі, NC қабықшасы пайда болғанға дейін бұл операциялар қалай орындалып келді, компьютер жұмысын басқаратын операциялық жүйе қандай болады.

Көп уақытқа дейін әлемде кең тараған операциялық жүйе Microsoft фирмасының дайындаған MS-DOS дискілік операциялық жүйесі болып келді. Бұл жүйені

WINDOWS 95, 9х, 2000 операциялық жүйелері ауыстырды.

MS-DOS операциялық жүйесінің командаларымен жұмыс істеуді жеңілдету мақсатында NC, DN, т.б. қабықшалар пайда болды.

MS-DOS жүйесін әліде кейбір жағдайларда пайдаланады. Microsoft Windows 98 операциялық жүйесінде Сеанс MS-DOS деген программа бар. MS-DOS жүйесі іске қосылғанда экран қара түсті болып тұрады да, с:> шақыруы көрініп тұрады. Қандайда бір операцияны орындау үшін команданың барлығы клавиатурадан теріліп отыруы қажет. Бұл жұмысты күрделендіріп жібереді. Сондықтан NC, DN қабықшалары пайда болады. Одан соң дамын талаптарын қанағаттандыратын, MS DOS-тың (жалғасы) жұмысына қарағанда жеңіл басқарылатын Microsoft Windows операциялық жүйелері пайда болады.

 

Каталогты алмастыру. CD, CD.. командалары.

Каталогтармен жұмыс істеу кезінде бірінші деңгейлі каталогтан ішкі каталогқа өту не керісінше әрекет жиі кездеседі. MS DOS- та ағымдық каталогтан ішкі каталогқа өту командасы - СD, ал ағымдық ішкі каталогтан бірінші деңгейлі каталогқа өту командасы

–СD… . Мұндағы қатар орналасқан екі нүкте (..) – ағымдық каталогтан бір деңгей жоғары болатын каталогтың қысқаша белгісі мысала,

1) С: ағымдық дискісінде жазулы DOS каталогына өту. (DOS –ты ағымдық ету) командасы:

С:\> CD DOS

2) С:\ DOS ағымдық каталогынан С:\ каталогына қайтып өту командасы:

С:\ DOS> CD..

Бұл кезде командалық жолда С:\> шақыруы қайта көрінеді.

3) F:\ STUDENT\ TREN\ PROF ағымдық каталогынан бірден

F:\ каталогына, яғни түбірлік каталогқа өту үшін

F:\ STUDENT\ TREN\ PROF> CD \

Жаңа каталог ќ±ру. MD командасы.

Атауы латын альфабитінің бас әріптері мен цифрлардан тұратын жаңа каталог ќ±рып, оны ішкі каталогтар тізіміне тіркеп қоюға болады. Каталог ашу командасы –MD (Make directory – каталог құру). Мысалы,

1) С: дискісінде жаңа каталог, айталық KURS каталогын ашу командасы мынадай:

С:\> MD KURS

Бұл кезде С:\- те жазулы каталогтар тізіміне KURS каталогы тіркеліп қойылады да, командалық жолда С:\ KURS> шақыруы көрінеді.

2) С:\FOTON > ағымдық каталогының ішкі каталогы ретінде INFOR каталогын ашу командасы.

С:\FOTON > MD INFOR

Бос каталогты жою. RD командасы.

Алғашқыда бос болатын KURS сияқты каталогты түрлі файлдармен толтыра беру

мүмкін қажет болмаса, бос каталогты RD командасы арқылы алып тастауға да болады. (Remove Directory- каталогты алып тастау). Жоғарыдағы мысалдағы бос KURS каталогын алып тастау үшін

С:\> RD KURS

RD командасы бойынша бос емес каталогты алып тастау үшін алдын ала атаулары осы каталогта тиеулі файлдарды толық өшіріп алу керек. (түбірлік және ағымдық каталогтарды өшіру мүмкін емес).

 


<== previous lecture | next lecture ==>
Лекция №18 | COPY, REN, COPY CON командалары.
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.086 s.