|
COPY, REN, COPY CON командалары.Date: 2014-02-26; view: 1053. DIR, CLS командасы. DIR – ағымдық каталог мазмұнын экранға шығару командасы. Бұл команданың бірнеше берілу түрлері бар, Мысалы 1. С:\> dir Бұл команданың орындалу нәтижесінде ағымдық С: каталогының мазмұны бір бағанда бәрі бірден көрінеді. 2) С:\> dir / D -каталог мазмұнын экранға парақтап шығару. Ол каталогтың экранға сиятын бірінші бөлігін экранға шығарады да, компьютер жұмысын уақытша тоқтатады. Оның келесі бөлігін экранға шығару үшін кез-келген клавишті басса болғаны. 3) С:\> dir / W Каталог мазмұнын экранға 5 бағанға бөліп шығару. 4) С:\> dir / W / P Каталог мазмұнын экранға 5 бағанға бөліп парақтап шығару. 5) С:\ BASIC> dir *. BAS ағымдық С:\ BASIC каталогындағы .BAS типті файлдарды экранға сипаттамаларымен шығару. CLR – экранды тазалау командасы. (Clear SCREEN – экранды тазалау) Команданың берілу түрі: С:\> CLR
COPY командасы. Файл мен файлдар тобын көшіру және текстік файл құру үшін пайдаланылады. (COPY – көшіру). Бұл команда бойынша файлдарды бір дискіден екінші бір дискіге, бір каталогтан екінші бір каталогқа көшіруге не бір каталогта оған басқа ат беріп, көшірмесін алуға болады. Команданың берілу мысалдары: 1) BASIC каталогының барлық файлдарын С: дискісінен А-ға көшіру: С:\>С:\> COPY BASIC A: \ BASIC 2) С:\ BASIC каталогында жазулы ESEP. BAS файлын A:\ BASIC каталогына жазу: С:\ BASIC> COPY ESEP. BAS A:\ BASIC \ ESEP. BAS 3) С:\FOTON каталогында жазулы kazega. com файлын С:\ DOS каталогына көшіру: С:\FOTON > copy kazega. Com C: \ DOS\ kazega. Com 4) С:\ BASIC каталогына ендірілген Ornek1.bas файлының сол каталогта Ornek2.bas аты берілген көшірмесін алу: С:\ BASIC> COPY Ornek1.bas Ornek2.bas
5) С:\FOTON каталогында жазулы f1.txt және f2.txt файлдарын ретімен f3.txt файлына біріктіру: С:\FOTON> COPY f1. txt + f2. txt f3. txt Бір дискіде жазулы файлдарды түгелімен екінші дискіге көшіру үшін DISKCOPY командасын беруге болады. Мысалы, барлық файлдарды А: - дан В-ға көшіру командасы: А:\ diskcopy А: В: REN командасы файлдың орнын ауыстыру, атын өзгертіп, басқа ат беру үшін пайдаланылады. (rename – атын өзгерту, басқа ат қою)
REN және COPY командаларының берілу түрлері ұқсас. Мысалы, REN командасын пайдаланып, C:\ BASIC каталогына ендірілген Ornek1.bas файлының атын Ornek2.bas атына өзгерту командасы мынадай: С:\ BASIC> REN Ornek1.bas Ornek2.bas Бұл команданың орындалу нәтижесінде дискідегі алғашқы Ornek1. bas файлы жойылып кетеді де, сол мазмұнды Ornek2. bas файлы пайда болады. (Ал COPY командасының берілуі кезінде Ornek1.bas файлы жойылмайды). COPY CON – MS DOS жүйесінде текстік файл құру командасы. Команданың берілу үлгісі: [а.к] > copy con <файл аты> ( [а.к]- ағымдық каталог) Тексті клавиатурадан теру кезінде әр жолды теріп болған соң Enter клавишін басу керек. Тексті теруді аяқтаған соң оны дискіге жиеу үшін 1) CTRL + Z 2) Enter командаларының ретімен берілуі тиіс. Мұның біріншісі терілген текстің соңын белгілеу нұсқауы. Оны F6 клавишін басу арқылы орындау да мүмкін.
|