Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






I. Кіріспе.


Date: 2015-10-07; view: 1080.


II. Негізгі бөлім.

1. XX ғ. 60 – 80 ж. Саяси өмір.

2. Өнеркәсіптің дамуы.

3. Ауыл шаруашылық жағдай.

III. Қорытынды.

XXғ. 60-80 жылдарындағы саяси өмір.

Н.С.Хрущев Қазақстанды сынақ алаңы сияқты пайдаланып, көптеген тың тәжірибелерді, оның ішінде келешегі жоқ тәжірибелерді сынақтан өткізіп байқап көрді. Гидропоникалық әдіспен өсімдік өсіру, жүгері егу т.б. осы сияқты тәжірибелер Қазақстан шаруашылықтарында байқаудан өтті. Сойтіп, елдің экономикасын жаңа сатыға көтеру, халық шаруашылығын басқару, өндірісті жоспарлау мен ынталандыру жүйесін тубегейлі жақсарту қажеттігі кесіп жетілін келе жатты.

Осының артынша партия, совет және басқа қоғам ұйымдарын 1962 жылы жүзеге асырылған өндірістік принцип бойынша бөлу ойластырылмаған іс деп бағаланып, олардың территориялық — өндірістік принцип бойынша құрылуын қалпына келтіру ісі қолға алынды. Сонымен бірге жоспарлау мен экономикалық ынталандыру әдістеріндегі қателер де түзетіле бастады. Осы жылдарда іске асырылған шаруашылық реформа дәйекті жүргізілмегеннің өзінде елдің экономикасын көтеруге елеулі ықпал жасады.

Өнеркәсіптің дамуы.

1965 жылы қыркүйекте КОКП ОК-нің пленумы болып өтті. Пленум өнеркәсіпті дамытуға арналды. Пленумда қойылған міндеттер:
1. Өнеркәсіпті салалық принцип (ұстаным) бойынша басқару.
2. Өнеркәсіп салалары бойынша одақтық республикалық министрліктер құру.
3. Кәсіпорындар дербестігін арттыру.
4. Шаруашылық есепті дамыту.
5.Жұмыскерлерді экономикалық ынталандыру мен материалдық мадақтаулары көбейту.

КСРО жоғарғы Кеңесінің сессиясы 1965 жылғы өнеркәсіпті басқару жүйесін өзгерту және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі кейбір басқару оргадары өзгеше құру туралы заң қабылдады. Көп ұзамай осындай қаулылар мен заңдарды Қазақстан Компартиясы ОК-нің XIV пленумы мен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі де қабылдады. Қабылданған шешімдерге сәйкес 1965-1966 жылдары Қазақстанда халық шаруашылығы Қеңесі және экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері таратылып, салалық одақтық – республикалық министрліктер құрылып, өнеркәсіптік, құрылыс материалдары, орман, целлюлоза – қағаз және ағаш өңдеу, азық – түлік т.б. кәсіп орыңдары біріктірілді.

60 жылдардын басында өнеркәсіпті сапалық жағынан өзгерту, ғылыми негізде құру үрдісі басталды. Қазақстанда өнеркәсіпке жаңа техниканы енгізу жоспары жасалды. Ең алдымен өндірісті электрлендіру мәселесі қолға алынды. Қарағандыда іске кіріскен екінші МАЭС пен Бұқтырма су – электір станциясы техникалық – экономикалық көрсеткіштерінің жоғарылығымен ерекшеленді – 45 мың шақырымнан асатын қуатты электр тасымалдау жүйесін орнатты. Қарағанды көмір кеніндегі механикаландырылған жүйе еңбек өнімділігін 6%-ға дейін көтерді. Өндірістің автоматтандырылған жүйесі 27 мың адамның еңбегін атқарды. 1985 жылы жаңа технологиялық процесті өндіріске енгізгені үшін Ащысай полиметалл комбинатына Лениндік сыйлық берілді. Екібастуз көмір кесіндісіне озық технология қолданылып, қуатты экскаваторлар пайдаланылды. Ғылыми – техникалық жетістігі нәтижесінде Шымкенттегі М.И.Калинин атындағы заводта жұміс технологиясы жақсартілді. 1965 жылы Өзен кен орнында жаңа технология негізінде алғашқы мұнай өндірілді.

1965 жылғы шаруашылық реформасы нәтижесінде ғылыми – технологиялық процестерді өндіріске енгізу ісі өнеркәсіптегі жағдайды түбірімен өзгертті. Реформа еңбекпен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруге оң жол ашты. Кәсіпорындар қызметін жоғарыдан реттеуге шамадан тыс әуестенушілік доғарылды, олардың шаруашылық дербестігі ұлғая тусті. Пайда, баға, ақшалай сыйлық, несие тәрізді экономикалық тұтқалар қозғалысқа келтірілді. Әрбір жұмыскердің, тұтастай алғандағы кәсіпорынның материалдық мүдделігіне баса назар аударылды. 1966 жылы Қазақстанның Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Шымкент – цемент заводы бастаған II өнеркәсіп жұмыс жүргізудің жаңа тәртібіне көшті. 1970 жылы Қазақстан өнеркәсібінің 70% — ы жоспарлаудың жаңа жүйесіне жұмыс істеді.

1970 жылға қарай КСРО-ның халық шаруашылығында Қазақстанның көмір және темір кенін өндіру, болат балқыту, қара металдар прокаттау жөніндегі үлес салмағы өсті. Республикада бұрын болмаған өнеркәсіп салалары өркендеді: титан, магний, синтетикалық каучук, полиэтилен, көтергіш крандар өндірістері т.б.. Мұнай өндіру және химия өнеркәсібі де бұл уақытта жалпыодақтық маңызға ие болды.

Женіл өнеркәсіптер қатары өсті: Теміртау, Жамбыл қалаларында азық-түлік өнеркәсібі, Алматыда мақта-мата өнеркәсібі, Семейде трикотаж фабрикасы алғашқы өнімін бере бастады. Бес жылдың ішінде республикада жеңіл өнеркәсіптің 14 кәсіпорны салынды.

Аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанда 170-ке жуық кәсіпорын іске қосылды. Қуатты Екібастұз отын энергетика кешенінің құрылысы 1970 жылға қарай басталды. 1975 жылға қарай еліміздегі кәсіпорындардың барлығы энергиямен қамтамасыз етілді. 80 жылдары одақ көлемінде өндіріске енгізілген ғалыми-техникалық жаңалықтардың 3% — ы Қазақстанға тиесілі болды.

Тоқырау кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске кабілетсіз, қарабайыр (экстенсивті) әдіспен жұмыс істеді. Соның өзінде халық шаруашылығының дамуында кейбір келелі көрсеткіштерге қол жеткізді. Мәселен, осы жылдарда өндіріс және ғылыми өндірістер құрылымдарының саны 28-162 дейін, оның ішінде кәсіпорындар 1971 жылы – 97, ал 1985 жылы – 610 дейін өсті.

Бірақ шаруашылық реформа нәтижесі күткендегідей болмады. Оның себептері:


- КСРО-да ҒТП негізінде түбегейлі өзгерістер жүргізу қажеттігі сөз жүзінде мойындалғанымен, іс жүзінде бұрынғы басқару әдістерін қолдану жалғаса берді.
- Мемлекетттік – монополистік меншік ҒТП – ты тежеп, экономиканың тиімді дамуына мүмкіндік бермеді.
- Өндірістік берлістіктер құру ісі ғылыми-техникалық саясатта монополиялық бетбағыттардың пайда болуына әкеп тіреді.

Өндіріс саласындағы кемшіліктер:
- Республикада бұрынғысынша шикізат өндірісіне біржақты бағдар ұсталды.
- Республика өндірісінде-көмірдің 50-60%-ы; мұнайдың 70%-ы, темірдің 11,5%-ы рәсуа етілген.
- Әр түрлі себептермен жұмысқа шықпай қалушылық салдарынан жұмыс уақыты босқа жоғалды.
- Кәсіпорындар құқы шектелді.
- Орталықтың өктемдігі күшейді және де басқа ұнамсыз құбылыстар көбейді.
- Жоспарларға түзетулер енгізу сақталды. 1981-1985 жылдары әр түрлі министрліктер мен ведомстволардың жоспарлары 300 реттен астам түзетілді.
- Директивалық жоспарлау экономикаға орасан зор нұқсан келтірді.

Нәтижесінде Арал теңізі проблемасы пайда болды:
1. Арал теңізі атырабына өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген стратегиялық қателіктер.
2. Жер мен су қорын есепсіз пайдалану.
3. Мақта мен күріш дақылдарын өсіруге дара үстемдік беру. Нәтижесінде теңіз түбі 27 мың шаршы шақырымға құрғап қалды. Теңіз суының тұздылығы 3 есеге өсті. Балық өнеркәсібі жойылды. Теңіз түбінен тұз бен шаң көтеріліп, Арал аймағының климаты күрт нашарлады. Адам өлімі, әсіресе балалардың шетінуі көбейді. Аймақ тұрғындарының 80%-ы әр түрлі сырқаттарға шалдықты.Экологиялық апат қазақ ұлтының генетиклық өсіп-өнуі мүмкіндігін сақтап қалу проблемасын көтерді.

Осындай экономикалық дамудағы кемшіліктерге қарамастан 70-жылдары өнеркәсіп жетекші орын алды. 170-тен астам өнеркәсіп кәсіпорны мен цехтар бой көтерді:
1. Лисаков кен-байыту комбинаты,
2. Шерубай – Нұра шахтасы,
3. Талдықорған аккумулятор заводы,
4. Павлодар облысында Ертісте Шүлбі СЭС-і құрылысы басталды. 1970-1985 жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом жұмсалды (32%). 1970-1985 жылдары өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі – 2 есе, машина жасау, химия өнеркәсібі – 3 есе өсті.

Ауыл шаруашылық жағдай.

1965 жылдан бастап ауыл шаруашылығы саласына бөлінетін қаржының көлемі көбейді, 7,1 млрд. сом бұл салаға тек қана 8-бесжылдықта бөлінді. Республикада 1893 шаруашылық дәнді дақылдар өсіруге мамандандырылды, 1285 шаруашылық қой өсірумен айналысты. 1967 жылдан бастап ауыл шаруашылық кәсіпорындар шаруашылық есепке көшіріле бастады. Бұл кезде ауыл шаруашылық саласына басқа республикалардан жұмысшылар келе бастады. 1968 жылы Қазақстанға армия қатарынан босатылғандар және басқа одақтас республикалардан 16 мыңға жуық комбайншы келді.

70-80 жылдары ауыл шаруашылығы жөнінде ауқымды шешімдер қабылданып, оларда сала өндірісінің материалдық базасын нығайту, оның осұ қарқынын барынша ұлғайту, мамандыру мен шоғырландыру көзделді. 1971-1980 жылдар ішінде республиканың ауыл шаруашылығына 18 млрд. сомнан астам кұрделі қаржы жұмсалды. Жерді суландыруға, химияландыруға да орасан зор көлемде қаражап бөлінді.

Ауыл шаруашылығының мәселелерін тек күрделі қаржыны көбейту арқылы ғана шешуге тырысу күткендей нәтиже бермеді. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру төмендей бастады. 9-бесжылдықта — 13%, 2-бесжылдықта – 0,4%.

1964-1985 жылдары мал шаруашылығы құлдырады: 4,2 млн. – ірі қара; 55 млн.-қой-ешкі; 5,1 млн. – шошқа өлім – жітімге ұшырады. Ауыл шаруашылық кәсіпорындар солақай саясаттың кесірінен көптеген шығынға батып отырды.

1986 жылы еліміздегі барлық ауылшарушылық кәсіпорындар, шаруашылықтар өздерінің қаржысынан айырылып, несиемен ғана жұмыс ітей бастады.

70-жылдары республиканың бірқатар ауылшаруашылық қызметкелер шаруашылық жүргіздің қалыптасқан құрылымын өзгертуге әрекеттенді, И.М. Худенко сондай адамдардың бірі болатын.

Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданындағы «Іле» және «Ақши» совхоздарының директоры И.М. Худенко шаруашылықты басқарудың құрылымын өзгертуге бағытталған бірқатар шаралар қолданып, еркін еңбек ету жүйесін енгізеді, фермерлер усадьбаларын дамытуға әрекеттенді.Бюрократиялық жүйенің кесірінен И.М. Худенко қуғындалып, ақырында бас бостандығынан айырылады. Түрмеге түсіп, сонда қайтыс болады.

Колхоздардың дербестігін жоюға бағытталған қадамның бірі – ауыл шаруашылығын мамандыру, кооперациялау және агро-өнеркәсіптік интеграциялау туралы КОКП ОК-нің 1976 жылғы шешімі болды. Оның негізінде колхоздар мен совхоздарды механикаландырылған агро-өнеркәсіптік бірлестіктерді күштеп біріктіру жұргізілді.

1982 жылы мамыр айында КОКП ОК-нің пленумы болып өтті. Онда Азық-түлік программасы қабылданды және агро-өнеркәсіптік кешеннің тиімділігінің жеткіліксіз дәрежеді екендігін мойындауға мәжбур болды. Пленум азық-түлік проблемасын шешудін бірден-бір мүмкін жолы интесивтілігі басым өсу факторларына көшу деп тапты.

Алайда Азық-түлік бағдарламасы мен ауылшаруашылық өндірісінің қулдырауын тоқтатуға бағытталған өзге де әрекеттер айтарлықтай нәтиже бермеді. Өйткені бағдарлама басқарудың ескірген жүйесі аясында жасалды және шаруалардың түбегейлі мүдделерін, ауыл еңбеккерлерінің экономикалық мүдделерін қозғаусыз қалдырды. Колхоздар мен совхоздардың шаруашылық дербестігі бұрынғысынша жоғарыдан реттелді. Осының салдарынан ауыл шаруашылығындағы жағдайдың дағдарыстық сипаттары көбейе түсті. 80-жылдардың орта шенінде іс жүзінде барлық жерде тамақ өнімдерімен шектеулі қамтамасыз ету жүйесі енгізілді. Село тұрғындарының еңбегі бағаланбай, олар қалаларға, басқа жақтарға көшіп кетуге мәжбүр болды. Жүздеген қаңырап қалған кішігірім ауылдар пайда болды.

Пайдаланылған әдебиеттер :

Ø Сабырұлы Сұлтанмұрат “ Қазақстан тарихы ” – Алматы 2006 ж. – 224 бет

Ø Ярмұхамедов М.Ш. “ Қазақстан халық шаруашылығының географиясы ” – Алматы 1980 ж. – 236 бет

Ø Қонаев Д.А. “ Туысқан халықтардың достық құшағында ” \\ Қазақстан коммунисі 1961 ж. //№ 6 . 10 – 18 бет. Қазақстан ауыл шаруашылығы

Ø Жамбыл Артықбаев “ Қазақстан тарихы ” энциклопедиялық баспасы Алматы – 2008 ж.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем

Тілдер Университеті

СРС 2 : 1965 – 1985 ж. Қазақстандағы халық шаруашылығы.

Орындаған: Бейсенбай Айя

Группа : 106 ПФИЯ

Қабылдаған : Жүзтаева Бибіажар

Алматы 2012

Ø Аймақ — бірнеше елді мекендерді біріктіретін елдің кез келген бөлігінің жалпы атауы. Аймақ деп әкімшілік ауданды, облысты, облыс топтарын атауға болады.

Ø Әкімшілік — аумақтық бөліну — елдің аумағының ұсақ әкімшілік бірліктеріне бөлінуі (облыстар, аудандар, округтер).

Ø Гидропоника – өсімдіктерді, топыпақ, жасанды ортада қоректі заттардың судағы ерітісінде өсіру әдісі.

Ø Өнеркәсіп – халық шаруашылығының шикізатты өңдейтін және одан жаңа бұйымдар жасайтын саласы.

Ø КОКП – Кеңес Одағы Коммунистік партиясы

Ø Пленум – белгілі бір ұйымның немесе партияның сайланып қойылған басшы органы мүшелерінің толық құрамды жиналысы.

Ø Кәсіпорындар – тұрмысқа, шаруашылыққа қажетті түрлі бұйымдар шығаратын, өндіретін өндіріс орны.

Ø Өндіріс құралдары – еңбек құралдарының негізгі және басты бөлігі.

Ø Экономика — шаруашылықты жүргізу «өнері» туралы қоғамдық ғылым. Ол қоғамның өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін шектеулі қорларды тарату әдістерін зерттейді.

Ø Экология — тірі организмдер мен қоршаған ортаның өзара байланысы туралы ілім. Экономикалық географиядағы экологиялық аспект — халық, шаруашылық және қоршаған орта арасындағы өзара байланыс.

Ø Колхоз – ұжымшар.

Ø Реформа – өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылым негіздерін жоймай, қоғамдық өмірдің кейбір жағын жетілдіру, дамыту мақсатында қайта өзгерту.

Ø Әлеуметтік – саяси қоғамның құрылысы мен ахуалына қатысты.

Ø КСРО – Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы

Ø БК(б)П – Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясы.

Ø Саяси – экономия – қоғам дамуының түрлі сатыларында тұрмыстық игіліктерді өндіруде, бөлуде, айырбастауда және тұтынуда адамдар арасындағы өндірістік қатынастардың жұмыс істеу және даму заңдарын зерттейтін ғылым, мемлекеттің экономикалық шаруалар жүйесі.

Ø Ауылшаруашылық ғылымдары – агрономия, зоотехника, егіншілік, агрохимия, ветеринария, тұқым өсіру шаруашылығы, орман өсіру, өсімдік өсіру салаларын бөледі. ( ҚҰЭ ).

Ø Агрохимия – өсімдіктерді қоректендіру, жоғары сапалы артық өнім алу үшін тыңайтқыш пен химиялық заттарды қолдану мәселелерін зерттейтін ғылым, пән.

Ø Экологиялық апаттар – табиғат пен қоғам арасындағы тепе – теңдіктің күйреуі.

Ø СЭС – санитарно – эпидемиологические службы

Ø Жеңіл өнеркәсіп - халық тұтынатын көпшілік қолды заттар, ең алдымен, мата, іш және сырт киімдік трикотаж, шұлық-үйық бұйымдарын, аяқ киім, тігін және галантерея бұйымдарын өндіретін салалар мен кәсіпорындар жиынтығы жеңіл өнеркәсіптің негізгі салалары — мақта-мата, зығыр, жүн, жібек, кендір-кенеп, аяқ киім, былғары жөне аң терісі бұйымдарын өндіретін салалар.

Ø ҒТП – ғылыми – техникалық прогрес

Пайдаланылған әдебиеттер :

Ø Қазақстан Ықшам Энциклопедиялық сөздік

Ред : Аяған

Алматы : « Қазақ Энциклопедиясы » ЖАҚ – ы , 2005 , 560 – бет.

Ø Қазақ әдеби тілінің сөздігі 15 томдық

құр: А.Үдербаев, Д.Науысбеков

Алматы : «Қазақ Энциклопедиясы » 2010 , 1-14 томдар 752 бет.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем

Тілдер Университеті

СРС 1 : Қазақ хандығының құрылуы

Орындаған: Бейсенбай Айя

Группа : 106 ПФИЯ

Қабылдаған : Жүзтаева Бибіажар

Алматы 2012

Ø Дешті Қыпшақ .

Алтын Орда кезіндегі араб және парсы жазбаларында Сырдарияның төменгі сағасы мен Балқаш көлінен Дунай жағалауына дейінгі ұлан байтақ дала « Дешт – и – Кипчак » деп аталған.

Ø Би – қазақ қоғамындағы бұрын соңды қалыптасқан әдет – ғұрып , салт – дәстүрді өте жетік білетін, сөзге шешен, өзі заңгер, өзі істің ақ – қарасын айқындап үкімін шығаратын сот.

Ø Кіші жүз – қазақ халқының этникалық құрамына енетін үш жүздің бірі. Шежіре бойынша кіші жүз рулық бірлестіктері Әлімұлы, байұлы, жетіру тайпаларынан тарайды.

Ø Ұлы Жүз — қазақ халқының этникалық құрамына енген рулар мен тайпалардың саяси, экономикалық және мәдени бірлестігі. Жалайыр, қаңлы, дулат тайпалары енеді.

Ø Орта жүз – қазақ халқының этникалық құрамына енген рулар мен тайпалардың саяси, экономикалық және мәдени бірлестігі. Орталық және солтүстік шығыс Қазақстанды мекендеген қазақ тайпаларының одағы болған. Шежіре бойынша Орта жүз құрамы алты рудан тұрады: арғын, найман, керей, уақ, қоңырат, қыпшақ.

Ø Сұлтан-(«билік», «құдіреттілік») - тәуелсіз ақсүйек билеушінің атағы.

Ø Көшпенді халықтар (көшпенділер) — көшіп-қонып тіршілік ететін, негізгі кәсібі – мал-шаруашылығы болып табылатын халықтар.

 

Ø Бегазы мәдениетіне жататын тарихи жәдігерлер ерте заманнан, дәлірек айтқанда, қола дәуірден жеткен мұралар болып табылады.

Ø Қазақтар — Орталық Еуразияны мекендейтін түркітілдес этнос және ұлт. Депшті-Қыпшақ даласын мекендеген көптеген этностар мен этно бірлестіктердің өзара араласуының негізінде қалыптасты. Қазақтар ретінде Қазақ Хандығының құрылуымен белгілі бола бастады. Тілдік құрылымы жағынан Түркі .тілдес халықтардың солтүстік-батыс қыпшақ тобына жатады. Қазақ тілінде сөйлейдi.

Ø Мәуереннахр (араб.: ما وراء النهر‎ — Ma Wara' un-Nahr, дәлме-дәл — «өзен әр жағы»), тағы да Трансоксиана (лат. Transoxiana) және Фараруд (парсыша: فرارود‎ — Farārud) — тарихи-жағрапиялық ұғым. Осылай Орта ғасырларда Сырдария менен Әмудария өзендерінің арасында орналасқан жерлерін атаған.

Ø Қасым ханның қасқа жолы - қазақ халқының хандық дәуіріндегі әдет-ғұрыптық заң ережелерінің жиынтығы. Қасым хандық құрған кезде (1511 - 23) ел басқару ісінде қолданылған.

Ø Жеті жарғы – Тәуке хан (1678 – 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы.

Пайдаланылған әдебиеттер :

Ø Қазақстан Ықшам Энциклопедиялық сөздік

Ред : Аяған

Алматы : « Қазақ Энциклопедиясы » ЖАҚ – ы , 2005 , 560 – бет.

Ø Қазақ әдеби тілінің сөздігі 15 томдық

құр: А.Үдербаев, Д.Науысбеков

Алматы : «Қазақ Энциклопедиясы » 2010 , 1-14 томдар 752 бет.


<== previous lecture | next lecture ==>
Жоспар : | 
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.149 s.