|
Талапкер-2009Date: 2015-10-07; view: 4416. 9. Қазақ- Жоңғар қатынастары 1.Жоңғариядағы жоғарғы билеушісінің титулыҚонтайшы 2.Жоңғар хандығы қай ғасырда құрылды17ғ. 1635ж. 3.17ғ. Қазақ хандығына қауіп төндірген көрші ел Жоңғар мемлекеті 4.17ғ. Еділ бойына көшіп келген қай тайпаларды қалмақтар деп атады? Ойраттар 5.Мемлекетті басқаруда жоңғар қонтайшысы кімдерге сүйендіНояндар мен жайсандарға 6.ОртаАзиялық деректерде ойраттар қалай аталды? Қалмақтар 7.Жоңғар хандығы қай жылы құрылды? 1635ж. 8.Жоңғарлармен соғысқан кезде қазақ әскерлерінің қару –жарақтарының қандай түрлері болды? Садақ, найза, қылыш, білтелі мылтық, 9.Жоңғарлардың қазақтарға қарсы жорықтары қашаннан бастап тұрақты бола бастады? Батыр қонтайшы басқарғаннан бастап 10.17ғ. 40жылдары Батыр қонтайшы басшылығымен Жоңғар әскерлерінің қазақ жеріне басып кіруі немен аяқталды? Батырдың қолға түскен тұтқындарымен кері қайтуы 11.1643 ж. Қазақ жоңғар ұрысында қазақ әскерін қай хан басқарды? Жәңгір хан 12.18 ғ. І жартысында Жоңғар билеушілерінің түпкі мақсаты қандай еді? Қазақ жерлерін жаулап алып, билік жүргізу 13.1710ж. Тәуке ханның ордасында үш жүздің өкілдері қандай мәселелерді талқылады? Жоңғарларға тойтарыс беру үшін әскери күшті ұйымдастыру 14.Жоңғарларға қарсы күресу үшін үш жүздің бізріккен әскер жасақтарын құру туралы бірінші құрылтайдың шақырылуы. 1710ж. Жазда 15.1712жылы үш жүздің әскері қайда басып кірді Жоңғарияға 16.Жоңғар қонтайшысының қазақ жеріне 1713ж. Жорығы немен аяқталды? Жеңіліспен 17.Әбілқайыр Қайып сұлтандар жоңғар хандығы тарапынан қауіпті ескере отырып І Петрге бодандық туралы өтініш жасады. Бұл қай жылы болды? 1717ж. 18.Аягөз бойындағы қазақ жоңғар соғысы қашан болды? 1718ж. 19.1718ж. Аягөз бойындағы қазақ жоңғар ұрысында қазақтардың жеңілу себебі неде? Әбілқайыр, Қайып сұлтандар соғыс қимылын келісіп жүргізбеді 20.Ақмола облысының тумасы, жоңғар шапқыншылығында ерлік көрсеткен батыр: Бөгенбай 21.Жоңғарлардың қалың қолы Қазақстанға тұтқиылдан басып кірген жыл: 1723ж. 22.Әбілқайыр сұлтан қашан кіші жүздің жоғарғы билеушісі болды? 1723ж. 23.Жоңғарлармен соғыста барлық жасақтарға қолбасшылық жасаған Әбілқайыр 24.Жоңғар басқыншыларының басты мақсаты Үш жүздің халқын бағындыру 25.Неліктен қазақтар аңырақай шайқастан кейін қалыптасқан тиімді жағдайды пайдалана алмады? Шыңғыс ұрпақтары арасындағы таққа талас 26.Қазақтың біріккен әскер күшін басқарған қолбасшы Әбілқайыр хан 27.Абылай неше жастан бастап жоңғарларға қарсы күреске араласа бастады 15 жастан 28.Қандай сыртқы жағдай қонтайшы Цеван Рабтанға Қазақстанға шапқыншылық жасауға жағдай жасады? Жоңғарларға қарсы соғысқан Цинь боғдыханының өлімі 29.Жоңғарияның шығыстағы ең қауіпті көршісі? Цинь империясы 30.«Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық қазақтары және башқұрттар қазақтарды жан- жақты ойрандады, малдарын айдап әкетті...» деп Шоқан Уалиханов қай кезең туралы жазды? XVIII ғ. Басы 31.Жоңғарларды үлкен жеңіліске ұшыраған Бұланты өзенінің жағасындағы жер тарихта қандай атпен қалды? «Қалмақ қырылған» 32.Бұланты өзенінің жағасында жоңғарларды үлкен жеңіліске ұшыратқан «қалмақ қырылған» шайқасы қай жылы болды? 1726ж. 33.Қазақ жеріне ерекше қаталдық көрсеткен жоңғар билеушілерінің бірі: Цеван- Рабдан 34.XVIIIҒ. 20жылдары Ордабасы тауының маңында қазақтардың негізгі жаңа күштерінің жинақталуы немен түсіндіріледі? Осы жерден Жоңғариямен шекаралас аудандарға шығу қолайлы болды 35.Бізге жеткен фольклорлық мәліметтер бойынша қазақ әскері Ордабасы тауында қалай ұйымдастырылды және орналастырылды? Жүзіне қарай 36.XVIII ғ. І ширегінде жоңғар шапқыншылығынан Алтай зауыттары мен бекеністері қалай аман қалды? Зауыттар мен бекеністерді Романов әулетінің меншігі деп жариялады 37.Қазақ хандықтарының сыртқы саяси жағдайын 1741-1742 жж. Кімнің шапқыншылығы төмендетті Қалдан Цереннің 38.1745ж. Қазақ жеріне жоңғар шапқыншылығының уақытша тоқталуына не себепші болды? Қалдан Цереннің қайтыс болуы жоңғарлардың өз ішінде билік үшін күресті күшейтті 39.1757ж. Алтайда кен өндіру ісіне өте үлкен қауіп туды. Ол қай оқиғаға байланысты еді? Маньчжур- Цинь империясы әскерлерінің қазақ жеріне шабуылы 40.17ғ. Қазақ хандығының астанасы қай қала болды? Түркістан 41.Қазақ халқының тарихында Ақтабан шұбырынды оқиғалары қай жылы болды? 1723ж. 42.Жоңғар шапқыншылығының Қазақстанға тигізген негізінен экономикалық зардаптарын атаңыз? Жүздердің арасындағы шаруашылық байланыстар әлсіреді және ыдырады Қалалардың қирауы Көшпенділердің шаруашылық және мәдени байланыстарының әлсіреуі Қазақтың тарихи ескерткіштерінің қирауы 43.Ақтабан шұбырынды жылдарының халыққа әкелген қасіретін...Монғол шапқыншылығымен теңестіруге болады 44.Ақтабан шұбырынды жылдарынан қандай ән қалды? Елім- ай 45.1723-25 жж. Ұрыстар нәтижесінде қазақтар қай қалалардан айырылды? Түркістан, Ташкент 46.1726ж. Жоңғарларды талқандаудың қандай маңызы болды? Қазақ халқын басқыншыларға қарсы күреске жұмылдырды 47.«Қалмақтардың аңырауы мен бозаруы» деп аталатын жоңғарлар мен қазақ жасақтарының арасындағы «Аңырақай шайқасы» қашан болды? 1729ж. 48.Жоңғар феодалдарының шапқыншылығы Кіші жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауын тездетті. Бұл қай жылдары болды? 1730-1735 жж. 49.Жоңғарларға қарсы күресті қол бастаған қазақ батырларынан кімді білесіз? Бөгенбай 50.Бөгенбай батыр қай ғасырда өмір сүрген? 18ғ. 51.Батыр және дипломат Бөгенбай қай рудан шыққан? Қанжығалы 52.Қабанбай батыр қай рудан шыққан Қаракерей 53.Райымбек батыр қай рудан шыққан? Албан 54.Қай шайқаста Райымбек батыр бастаған қазақ әскерлері жоңғарларға күйрете соққы берді? Ойрантөбе жерінде 55.Жоңғар шапқыншылығы кезінде Алматыда жерленген батырлардың бірі: Райымбек 56.Қазақтар мен жоңғарлар арасында бір-біріне тиіспеу жөніндегі келісім Аяқ жеріндегі шайқастан кейін болған еді. Бұл шайқас қашан болды? 1750ж. 57.Қытайлармен шайқаста жеңіліс тапқан Орта жүз ханы Абылайдан көмек сұраған, Жоңғар тағының мұрагерлігіне таласқан кім? Әмірсана 58.Жоңғарияны қытай әскерлері қашан талқандады? 1756-1758 жж. 59.Жоңғария 1758ж. дербес ел ретінде тарихи санадан жоғалып, 1761ж. Қай елге айналды? Шыңжан әкімшілік бірлестігі болып, Цинь империясының құрамына кірді. 60.1712ж қазақ жасақтары қайда басып кірді? Жоңғарияға 61.Жоңғарлардың Ташкент және Түркістан қалаларын басып алған уақыты: 1724-1725жж 62.1726ж Қазақ әскері Жоңғарларға ойсырата соққы берген жер: Бұланты өзені жағасы. 63.Қаракерей Қабанбай батырдың шын есімі: Ерасыл. 64.Аңырақай түбінде барлық жасақтарға қолбасшылық жасаған: Әбілқайыр. 65.Абылай Жоңғар тұтқынында болған жылдар: 1742-1743 жж 66.Жоңғар тағынан дәмеленушілердің бірі Абылайды паналап орта жүзге қашқан кім?: Әмірсана 67.Жоңғария тарихи сахынадан қай жылы жойылды: 1758ж 68.1761ж. Жоңғарияның тағдыры: Цинь үкіметінің қол астына өтті. 2008 жылы қосылған сұрақтар 1.XVIIғасырдың 40 жылдарынан бастап, Қазақ хандығына қауіп төндірген мемлекет: Жоңғария 2.1715 жылы Тәуке өлгеннен кейін оның мирасқоры: Қайып 3.Қазақстанға жойқын жорықтар ұйымдастырған Жоңғарияның мақсаты: Қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, ұлан-байтақ жерді өзіне қарату 4.1710 жылы қазақ жүздерінің белгілі өкілдері бас қосып, жоңғарларға соққы беру мәселесін талқылаған жер: Қарақұм 5.1723 ж. Жоңғарияның барлық күш – қуатын қазақ еліне қарсы жұмсауға мүмкіндік алуының себебі:С) Цин императоры Кансидың өлімі 6.Қазақ халқының қасіреті болған «Ақтабан шұбырынды»: XVIII ғ. 20 жылдары 7.Жоңғардың қалың қолы Қазақстанға тұтқиылдан басып кірген жыл: 1723 жылы 10.Жоңғарлардан қашқан Орта жүз рулары үдере көшті: Самарқанға 11.Жоңғар шапқыншылығынан қатты ойрандалған: Жетісу 12.Қазақтардың қалмақтарға Бұланты өзенінің бойында соққы беруі 1726жылы 13.Аңырақай түбінде барлық жасақтарға қолбасшылық жасаған: Әбілқайыр 14.Аңырақай шайқасы болды: 1729-1730 жылдары. 15.1726 жылы болған «Қалмақ қырылған» шайқасының маңызы: Қазақстанның солтүстік-батысы азат етілді 16.1726 жылы қазақ жасақтарының жоңғарларды талқандауының басы болған оқиға: «Қалмақ қырылған» 17.Жоңғарларға қарсы күресте қол бастап, ерекше көзге түскен қазақ батыры: Бөгенбай 18.Болат хан өлгеннен кейін, аға хандыққа таласқан қазақ хандары: Сәмеке мен Әбілқайыр 19.Аякөз өзені жағалауында қазақтардың жоңғарлармен соғысы: 1718жылы 20.Жоңғарлардың Ташкент пен Түркістан қалаларын басып алуы: 1724-1725жылы 21.Қазақстанның оңтүстігіндегі Ордабасы тауының маңына қазақ жасақтарының жиналуының себебі:Бұл жер Жетісуды азат ету үшін жақын болды 22.Топонималық мәліметтер бойынша қазақ жасақтарының Ордабасы тауында Шашыраңқы ұрыс тактикасымен ұйымдастырылды 23.XVII ғасырдың II жартысындағы қазақ хандығының астанасы: Түркістан 24.XVII ғасырда қазақ хандығының ішкі-сыртқы саясаттағы беделінің әлсіреуіне себеп болған: Кіші хандардың дара билікке ұмтылуы 25.1628-1652 жылдары хан тағына отырған Есім ханның баласы: Жәңгір 26.Ғажайып ерліктері үшін Жәңгір ханға халықтың берген атауы: Салқам Жәңгір 27.Жәңгір хан 600 жауынгерімен жоңғардың 50 мың жауынгеріне қарсы тұрған шайқас Орбұлақ 28.Орбұлақ шайқасы болған жыл: 1643 29.ХҮІІ ғасырдың 70 жылдары жоңғар әскерлерінің Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға басып кіріп, қосып алған қалалардың саны: тоғыз 30.1680 жылы жоңғар шапқыншылығы кезінде аман қалған қала: Түркістан 31.1710 жылы қазақ жерінің Қарақұм маңында бас қосу себебі: Жоңғарларға қарсы тойтарыс беру 32.XVII ғасырдың ортасында жоңғар мемлекетінің күш-қуатын біршама арттырған қонтайшы: Батыр 33.Аягөз маңындағы қазақ жасақтарының жоңғарлардан жеңіліске ұшыраған жыл 1718 34.1726 жылы қазақ жасақтарының жоңғар әскерлеріне күйрете соққы берген жер: Бұланты өзені 35.Ордабасы тауына жиналған қазақ жүздерінің шешімі бойынша жоңғарларға қарсы күресте қазақ жасақтарының бас қолбасшысы болып сайланған хан: Әбілқайыр 36.Балқаш көлінің маңында Аңырақай жерінде жоңғарларға күйрете соққы берген жыл: 1729 37.Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қайғы-қасірет әсерінен туған ән: «Елім-ай». 38.Есімі аңызға айналған Бөгенбай батырдың руы: Қанжығалы. 39.1718 жылы жоғары Ертіс бойына салынған әскери бекініс: Семей. 40.Орта жүздің сұлтаны, Уәлидің баласы Әбілмансұр дүниеге келген жыл? 1711 жыл. 41.Қаракерей Қабанбай туралы жазылған Қ.Жұмаділовтың диалогиясы: «Дарабоз» 42.Жоңғар қонтайшысы Қалдан-Сереннің Орта жүз бен Кіші жүзге жасаған шапқыншылығы болды:1741-1742 жылдары. 43.Абылай ханның азан шақырған есімі: Әбілмансұр. 44.Абылай хан дүние салды: 1711 жылы. 45.Сабалақ атанған Абылай келіп қосылған әкесімен ағайындас Орта жүздің ханы:Әбілмәмбет. 46.Абылай жоңғарларға қарсы күреске белсене ат салысты: 15 жасында. 10. Қазақстан Ресей империясы құрамында 1.ХҮІІІ ғ. 1 жартысында қазақтардың Ресейге қосылуын ұйымдастырушы Әбілқайыр хан 2.Әбілқайырдың Ресей құрамына кіруіне алғашқы әрекеті қашан болды? 1726ж. 3.Қазақстанның Ресейге қосыла бастауы қай жылы болды? 1731ж. 4.Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу туралы Әбілқайыр ханға жіберілген грамотаға Анна Иоановна қашан қол қойды? 1731ж. 5.1731ж. 10 қазанда қазақ старшындарының жиылысының едәуір бөлігі Кіші жүздің Ресейге қосылуы жөніндегі актіні қабылдауды қолдады. Осы актіні қабылдауға қарсы күресті кім басқарды? Барақ сұлтан 6.Ресейге қосылуға қарсы болғандар Тевкелевті өлтіруге тырысты, оның өмірін сақтап қалған кім? Бөгенбай батыр 7.Қазақстан Реседің құрамына толығымен қашан қосылып болды? 19ғ. 60ж. 8.18ғ. І жартысында Ресей үшін Қазақстанның қандай маңызы болды? Азияға кіретін қақпа мен кілт 9.Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың басшылығымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген және оны сәтті аяқтаған елші: Құндағұлы, Қоштайұлы 10.Билер мәжілісі әскери келісім шарт үшін, ал Әбілқайыр Ресейдің құрамына кіруді қуаттайтын, Ресейге елшілік жіберген жылы: 1730 ж. 11.Қайып және Әбілқайыр сұлтандар қазақ руларының сыртқы саяси жағдайының қиындығын және жоңғар мемлекетінің қауыптылығын ескере отырып, І Петрге қол астына алуға өтініш білдірді. Бұл қай жылы болды? 1717ж. 12.Қазақстан да Семей бекінісі қай жылы салынды? 1718ж. 13.Орыстар мен қазақтардың саяси сауда байланысында маңызды болған Орынбор қаласы қай жылы салына бастады? 1735ж. 14.Мемлекет тарапынан шекаралық аймақтарда тұратын халықтың санын көбейту шаралары қарастырылып, 1762 ж. Бастап әскери бекіністерге кімдер көшіріп әкелінді? Тұтқындағылар 15.Қазақстан мен Россия екі мемлекеттің жақындасуына бірдей мүдделі болды. Қазақстанмен тығыз байланыс құруда І Петр қандай мақсатты көздеді? Өз мемлекетінің шекарасын кеңейту үшін Россияның шығыс шекарасын қауыпсыздендіруге ұмтылу Сібір ханы Көшіммен күресте қазақтарды пайдалану Қазақстан арқылы Орта Азия базаларына бөгетсіз шығу; 16.Әбілқайыр ханның екінші елшілігі Ресейге қай жылы барды? 1730ж. 17.1737 ж. Әбілқайыр кіші жүздің жасақтарын қандай көтерілісті басып тастауға жұмсады? Башкириядағы көтеріліс 18.Қазақтардан ант алуға Ресейден орыс елшілігін кім басқарып келді? Тевкелев 19.1731ж. Ресей құрамына кіші жүз қазақтарын алу жөніндегі документке қол қою қай жерде болды? Хан ордасында 20.Әбілқайыр хан Ресей құрамына қосуды сұрағанда қандай мақсатты көздеді? Еділ қалмақтар мен башқұрттардың шабуылын тоқтату үшін 21.1731ж. Кіші жүздің ханы қай жерде Ресейге өз еркімен қосылатындығы жөнінде ант берді? Хан ордасы 22.Не себепті 1726ж. Петербургке елші Көбекұлы келгенде Қазақстанның Ресей құрамына кіруі жөніндегі мәселе қаралмады Ресей қазақ елшілігінің өкілеттігіне күмәнданды 23.18ғ. 20ж. Бірнеше рет көмек сұрағанына қарамастан Ресей империясы Қазақ даласын жоңғарлардан сақтап қалуға не себептен көмек бере алмады? Сол кезде Ресей Швециямен соғысты 24.Ресейдің Қазақстанды қол астына алуы туралы грамотаға қол қою үшін қазақ даласына келген Тевкелев бастаған делегацияның құрамында қандай ғалым болды? М.Зиновьев және А. Писарев 25.Қай жылы орыс үкіметі Кіші жүздің жасақтарын башқұрттардың көтерілісін басуға пайдаланды? 1737ж. 26.Орта жүздегі Шыңғыс хан ұрпақтары Ресейге қашан ант берді? 1748 ж. Тамызда 27.Ресейге орта жүздің толық қосылуы қай жылы аяқталды? 19ғ. 40жылдары 28.1750-1770 жж. Кіші жүзде Ресейдің отарлау саясаты қалай көрінді? Бекініс линиялары құрылысын салуы Өзендерге көлденең он шақырымға дейін жақындатпай тиым салуды орнату Жайық өзенінің ішкі бетіне мал жаюға тыйым салуы Қазақ билеушілерінің шектен шығуы 29.1750-1770 жж. Ресей кіші жүзге қандай отаршылдық саясат бастады 1756 ж. Жарлық 30.1785ж. жазда кіші сұлтандардың съезінде қабылданған шешім Нұралы ханды тақтан тайдыру 31.Кіші жүздегі барлық билікті Шекаралық сот қолына ұйымдастыруды ұсынған кім? О. Игельстром 32.Игельстромның реформасының мәні неде? Кіші жүздегі хандық билікті айырбастау жолы 33.Қазақ феодалдарының агрессиясы кіші жүз қазақтарының бір бөлігінің Ресейге тәуелді болуын тездетті. Бұл қай жылдары болды? 1730- 1735 жж. 34.1750-1770жж. Кіші жүзде Ресей отарлау саясаты қай шаралардан көрінді? Жайық бойында жақын жерлерге мал жаюға тыйым салудан 35.1748ж. Барақ сұлтан Әбілқайыр ханды өлтірді. 1749 ж. Патша әкімшілігі Әбілқайырдың баласы Нұралыны Кіші жүздің ханы етіп тағайындауға қарамай, Кіші жүздің ішкі саяси жағдайы шиеленісе түсті. Мұның себебі неде болды? Кіші жүзде орыс басқармасы хан билігін жойып, жаңа жүйе орнатуға ұмтылуы Қазақтардың Орынбор әкімшілігіне қарсы күресі 1756 ж. Қазақтарға қысқы уақытта Жайықтың оң жағын мал айдап өтуге тыйым салу туралы патша жарлығының шығуы 36.Ресейдің жазалаушы отрядтарынан қашып, 1735ж. Кіші жүзге 50000 башқұрткөшіп келді 37.1742жылы 19 қазанда Жайық жағасына мал бағуды тыйым салуды қай хан талап етті? Нұралы 38.1791жылы кіші жүздің ханы болып кім сайланды? Ералы 39.Генерал- губернатор Игельстром Кіші жүзде хандық басқаруды қалпына келтіріп, кімді хан етіп қойды? Айшуақ 40.Қай жылы Генерал- губернатор Игельстром Кіші жүзде хандық басқаруды қалпына келтіріп, Айшуақты хан етіп қойды? 1797ж. 41.1799ж. 21 қарашадағы жарлық бойынша Орта жүз руларына Ертістің оң жағына қайтадан көшуге рұқсат берген, император... Павел І 42.Патша үкіметі қай жылы Бөкейді Орта жүздің екінші ханы етіп сайлады? 1815ж. 43.Кіші жүздің қай сұлтаны патша саясатына қарсы топты басқарды? Қаратай сұлтан 44.Не себепті Орынбор генерал- губернаторы Эссен кіші жүздің ханы Арынғазыны хан деп есептемеді? Оның күшеюінен қорықты 45.1821ж. Кіші жүз ханы Арынғазы Петербургке шақырылды. Жолда ұсталып, Калугаға айдалып қайтыс болды. Ханның қайтыс болған жылы 1833ж. 46.19ғ. І жартысында Кіші жүз қанша жерді алып жатты? 850 мың верст (шақырым) 47.Ресей басшыларының хан билігін жою туралы шешімін 19ғ. 20 жылдарында қандай себеп бекіте түсті Жауаптарының барлығы дұрыс 48.1819жылы Орта жүздің ханы Уәлихан өлген соң, патша үкіметінің басқару жүйесін өзгерту туралы шешімі хандық басқару жүйесін жою 49.1865жылы орыс әскері басып алған Түркістандағы саяси, экономикалық орталық болған қала Ташкент 50.19ғ. Ортасында Орта жүздің орталық аймақтарының Ресейге қосылуына Қоқан хандығыкедергі жасады 51.Қоқанның әскери әлсіздігін көрсеткен Ұзынағаш шайқасы қашан болды? 1860 ж. 19-21 қазан 52.Қоқан әскери күштерінің Таушүбек бекінісін орыстардың жазда басып алуы 1851 ж 53.Ұлы жүз территориясындағы Қоқан хандығының тірегі болған Таушүбек бекінісі орыс әскерлеріне қан төгіссіз берілген жылы 1851ж. 7 шілдеде 54.Орынбор генерал- губернаторлығының әскерлері Қоқан феодалынан Ақмешіт бекінісін қашан тартып алды? 1853ж. 55.1853ж.орыс әскерлері Сырдария бойындағы Ақмешіт бекінісін басып алғаннан кейін қалай аталды? Перовск 56.Қазақ жеріндегі Ресей резиденциясы- Қапал бекінісі қай жылы салынды? 1847ж. 57.Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталу кезеңіндегі Жетісудың қай батырлары мен билері орыс әскерлерін қолдады? Сұраншы, Шаян батыр, Жайнақ би 58.ХІХ ғ. 20 жылдары қазақ халқының Ресей билігінің тарапынан сақтау және өзінің құқықтары үшін күресін басқарған Абылай ханның немересі Саржан 59.ХІХ ғ. 30-40 жж. Орта Азия феодалдары Жетісуда өз биліктерін сақтап қалу үшін жүргізілген саясаттары Ресейге қосылу процесін тоқтату 60.1847ж. Қазақстанның қай аймағы Ресей билігін мойындамады? Оңтүстік Қазақстан 61.Қай жылы Ұлы жүз қазақтарын басқару үшін осы өңірде Ресей приставы сайланды? 1848ж. 62.1854ж. Орыстар Верное бекінісінің негізін қалады. Бұл жерде қандай қазақ елді мекені болып еді Алматы 63.Верное бекінісінің негізін кімнің отряды қалады? М. Перемышельский 64.Қай жылы Қапалдағы Ұлы жүз резиденциясы Верныйға ауыстырылды 1855ж. 65.Іле Алатауының батысына жылжу және қоныстану үшін Сібір әскери шептерін құру туралы ұсынысты айтқан кім? Гасфорт 66.Қай жылы 4 мың қоңырат жанұясы және 5 мың Ұлы жүздің бестаңбалы рулары Ресейге қосылатындығын мойындады? 1863ж. 67.19ғ. Басында Қазақстанның қай бөлігі Ресейге қосылмаған еді? Жетісу 68.Жетісудың Ресейге қосылуының аяқталуы кезеңіндегі Алатау округын басқарушы: Колпаковский 69.Қашан орыс әскерлері Қазақ хандығының бұрынғы астанасы Түркістанды басып алды? 1864ж. 70.1865ж. Көктемде қай көрші елдің билеушісі Қоқонға қарсы соғыс ашты Бұқар әміршісі 71.Қай жылы Бұқар әмірлігінің жері Ресей империясының құрамына енді? 1867ж. 72.1867ж Қоқан езгісінде болған қазақ жерлері енді қай генерал- губернаторлықтың құрамына енді? Түркістан 73.Ресей құрамына ХІХ ғ. 70 жж. Енген Орта Азиядағы мемлекет Хиуа хандығы 74.1873ж. Хиуаның орыс әскерлерінен жеңіліске ұшырағанын неден байқауға болады? Хиуа хандығы билігінен қазақтардың толық бөлініп шығуы 75.Қазақстанның Ресей құрамына енуі қанша уақытқа созылды150 жылға 76.Қазақстанның Ресейге қосылуының тиімді жақтары Халықтың орталыққа көшуі Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің негізі қаланды Жергілікті дәстүр мен мәдерниетке жаңа келбет берілді Сауданың кеңеюі 77.Қазақстанның Ресейге қосылуының кері әсерін көрсетіңіз: Қазақстанның дамуы орталық сипатта жүрді Қазақ жерлерін тартып алды Қазақстанның дамуы саяси және экономикалық озбырлық негізінде жүргізілді Қазақтардың дамуы ұлттық келеңсіздіктермен қатар жүрді 78.ХІХ ғ. Ортасына дейін Маңғыстау жерінде тәуелсіздігін сақтап қалған ру. Адай 79.Құлжа келісіміне қашан қол қойылды? 1851ж. 25 маусымда 80.19ғ. І жартысында Хиуа ханы Мұхаммед Рақым екі мыңдай қазақ ауылын тонады. Бұл қай жылы еді? 1820ж. 81.Тентектөре бастаған 1821 ж. Халық көтерілісі кімге қарсы бағытталған Қоқан хандығына 82.ХІХ ғ. Ортасында Ұлы жүздің оңтүстік бөлігі қай хандыққа тәуелді болды? Қоқан хандығына 83.1831ж. Хиуаның қай ханы қазақ жеріне шабуыл жасады? Аллақұл 84.ХІХ ғ. 50 жылдары Оңтүстік Қазақстанда қазақ балалары ата- аналарының қарыздары үшін тартылып алынып: Орта Азия базарларында сатылды 85.1858ж. Қазақ шаруалары Қоқан әскерлерін қай қала түбінде талқандады Пішпек 86.Оңтүстік Қазақстанда Ташкент билеушісі Мырза Ахмет 3 сом 50 тиынға жеткен қосымша салық кімдерден жиналуы керек жеп көрсетті Тұрмыс құрмаған әйелдер мен қыздардан. 87.1858 ж. Қоқан билігіне қарсы көтерілістің нәтижесі қандай болды? Көтеріліс қоқандықтардың билігін құлатуға алғышарт жасады. 88.1860ж. 19-21 қазанда Ұзынағаш түбіндеболған шайқаста екі жақ қандай шығынға ұшырады? Қоқандықтар-400 адам,қазақтар-2 адам. 89.Оңтүстік Қазақстанда Әулиеата маңында Қоқан хандығына қарсы ең үлкен көтеріліс қашан болды? 1858ж. 90.1864ж. құрамында Ш. Уалиханов болған әскери экспедицияны кім басқарды? Генерал Черняев. 91.ХІХ ғ. 50-60 жж. Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азиядағы Ресейдің әскери қимылдарының өрістеуі неге байланысты болды? Орта Азияда Ресей мен Англия мүдделерінің қарама қайшы келуінен 92.Қай жылы Еділ мен Жайық өзендерінің арасына Бөкей ханның бастауымен 5 мың шаруа қоныс аударды? 1801ж. 93.Бөкей ордасы Қазақстанның қай жерінде болған? Еділ мен Жайық аралығында 94.І Павел патша Еділ мен Жайық арасында Ішкі орданы құру туралы жарлығы арқылы қандай мақсатты көздедіҚазақтардың жер үшін күресін әлсірету Ресейдің саяси билік аясын кеңейту, Қазақтармен сауда жасау арқылы пайда түсіру, Кіші жүздегі жағдайды тыныштандыру. 95.Бөкей ордасының бірінші ханы? Бөкей 96.Бөкей ордасында хан кеңесі қай жылы құрылды? 1827ж. 97.Бөкей хан өз билік құрған жылдары кімге арқа сүйеді? Патша- әкімшілігіне 98.Бөкей ордасындағы қазақ өмірінде дәстүрлі құқықтардың әлсіреуіне қандай жағдай әсер етті?Басқару жүйесінің өзгеруі, Хандық билеп төстеу саясатының күшеюі Салық көлемінің өсуі, Хан туыстарының озбырлығы 99.Қай жылға дейін ішкі орда хандық билік сақтады 1845ж. 100.19ғ. Қазақтардың шаруашылығына тән болған құбылыс... Ірі қара малдың үлес салмағының өсуі 101.1849ж. Алғаш ерулердің бірі өткен... Көкшетау кенді округінде 102.1731 ж Әбілқайыр хан мен Кіші жүз қазақтарынан ант алу үшін орыс елшілігін басқарып келген Ресейдің сыртқы істер коллегиясының аудармашысы: Тевкелев 103.Кіші жүз ханы Әбілқайыр қашан қаза тапты? 1748 ж Барақ хан өлтірді 104.Кіші жүзде Әбілқайыр қазасынын кейін (1748ж) Оңтүстік шығысында билік еткен: Батыр Сұлтан 105.Кіші жүзде Әбілқайыр қазасынын кейін (1748ж) Солтүстік батысында билік еткен: Нұралы хан 106.1817ж Сұлтан Сүйік Абылайхан-ұлы Патша үкіметіне жасаған мәліметі: Өзінің ресейге ашық қосылатындығы жөнінде мәлімдеді. 107.1790ж Уфада қайтыс болған хан: Нұралы 108.Бұқар хандығы Ресейдің қандай әкімшілік аумағының құрамына енді: Түркістан генерал-губернаторлығының құрамында. 109.ХІХ ғ басында 66 мың адаммен Ресейдің құрамына алынған Ұлы жүз руы: Жалайыр 110.1817ж Ресей құрамына енген ру:Жалайыр 111.1825ж Ұлы жүздің қай болысының адамдары ресей билігін мойындады: Үйсін. 112.1846 ж орыс отрядтары қай өзеннің бойына келді? Қызылағаш өзені 113.1853ж Орыс әскерлері Сырдария бойындағы қай бекіністі басып алды: Ақмешіт 114.1865ж Орта Азиядағы Орыс әскерлері басып алған ірі қала: Ташкент 115.Ташкент қаласының ежелгі атауы: Шаш. 116.Қаскелең өзені сағасындағы қоқан хандығының бекінісі: Таушүбек 117.ХІХғ. 30-40жж. Орта Азия феодалдары Жетісуда өз биліктерін сақтап қалу үшін жүргізген саясаттар: Ресейге қосылу процесін тоқтату. 118.1866 ж орыс әскері жеріне кірген хандық: Бұқар хандығы 119.1873ж Орыс әскерлерінің Хиуа хандығын жеңінуінің нәтижесі: Қазақтардың тәуелділіктен құтылуына әсетр етті. 120.Ұлы жүз қазақтары өңіріне пристав тағайындалған жыл: 1848ж 10 қаңтар. 121.Бөкей хан өзі билік құрған жалдары кімге арқа сүйеді: Хан кеңесіне 122.1864ж Ресей өкіметінің Қоқан хандығына қарсы отрядын басқарған полковник: М.Черняев. 123.Ресейдің Қазақстанды қосып алуы мен жаулап алуы қашан аяқталды? ХІХғ 70 жылдары. 2008 жылы қосылған сұрақтар 1.Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жылы: 1731жылы 2.Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша: Анна Иоанновна 3.XVIIғ.1 жартысында қазақтардың Ресейге қосылуын ұйымдастырушы:Әбілқайыр хан 4.Кіші жүз ханы Әбілқайырдың жұмсауымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген елшілер: Құндағұлұлы,Қоштайұлы 5.1731 жылы Әбілқайырды қолдап, Ресейдің қол астына кіруге ант берген Кіші жүз старшындарының саны: 29 старшын 6.Қазақтардан ант алуға Ресейдің орыс елшілігінен басқарып келген: А.Тевкелев 7.1735 жылы Қазақстанның солтүстігінде өзен бойында салынған бекініс Ор 8.Әбілқайырдың Ресей құрамына кірудегі ең басты мақсаты: Ресеймен сенімді байланыс орнатып,бар күшті қалмақтарға жұмылдыру 9.1738 жылы Орынборда қазақ сұлтандарының съезін шақырған Орынбор комиссиясының басшысы В.Татищев 10.Әбілқайырды 1748 жылы өлтірген: Барақ сұлтан 11.Башқұрттардың көтерілісін басуға патша үкіметі Кіші жүз жасақтарын: 1735-1737 жж 12.1740 жылы Кіші Жүздің шекарасына қауіп төндірген мемлекет: Иран 13.Өзінің зардабы жағынан жоңғарлардың «Ақтабан шұбырындыдан» кем түспейтін шабуылы қай жылдары болды? 1741-1742 жыл 14.Орынбор қаласының салынуы 1743 жылы 15.1714-1720 жылы патша өкіметінің Ертіс бойына әскери бекіністер салудағы басты мақсаты: Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу 16.1742 ж.20 мамырдағы Ресей Сенатының Жарлығы Қазақтарды және шекаралық өңірдегі бекіністерді қорғау туралы 17.1747 жылы Нәдір шах өлгеннен кейін Хиуа тағына отырған хан: Қайып сұлтан 18.XVIII ғ. 50 ж. Солтүстік – Шығыс Қазақстандағы ұзындығы 723 верст болатын шеп Колыван шебі 19.XVIII ғ. II ж. қазақ – орыс саудасының белгілі орталықтары Семей, Өскемен, Бұқтырма 20.Қазақ – орыс сауда байланыстарының кеңейген кезеңі XVIII ғ. 60ж. 21.1766 жылы Әбілмәмбет ханның II Екатеринаға хат жолдау себебі Түркістан арқылы өтетін керундерді Семей Жәміш бекіністерінде шек қоймай қабылдауға рұқсат алу 22.Көшпенділердің күнделікті қажеттерін қатамасыз ететін басты орыс тауарлары Шойын қазан, шұға, қант 23.1756 жылы қыркүйекте патша әкімшілігі Кіші Жүз қазақтарына ресми шек қойды: Жайық жағалауына мал жаюға 24.Жайық бйында қазақтарға мал жаюға патша өкіметі алғаш рет шек қойды 1756 жылы 25.Патша өкіметі Каспий теңізі мен Жайық өңіріндегі шұрайлы жерлерді отарлаулауда пайдаланды Нұралы хан мен Батыр сұлтанның алаутанның алауыздығын 26.1766 жылы Екатерина патшадан Түркістан арқылы өтетін ірі керуенді Семей, Жәміш бекіністерінде қабылдауға рұқсат алған хан Әбілмәмбет 27.Патша үкіметі шекаралық аймақтарда тұратын халықтың санын көбейту мақсатымен 1760 жылы өлкеге қоныстандырды: Казактарды 28.1799 ж. қарашада Орта жүз қазақтарын Ертістің оң жағасына қайта қоныс аударуға рұқсат еткен император: I Павел 29.Абылай ханның өмір сүрген жылдары 1711-1781ж.ж 30.Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан Ресей империясының билігін мойындаған жыл 1740ж 31.Хиуа ханы Мұхамед-Рахымның қазақтарға жасаған жойқын шабуылы 1820 жылы 32.Хиуа ханы қаңыратып кеткен қазақ ауылдарының саны 2000 жуық ауыл 33.1821 жылы Тентектөре бастаған шаруалар көтерілісінің сипаты: азаттық 34.1817 жылы Сүйік Абылайханұлының патша үкіметіне жасаған мәлімдемесі Қарамағындағы рулардың Ресей құрамына өтуді қалауы 35.1821 жылы Орта Азия хандықтарына қарсы Ұлы Жүздегі шаруалар көтерілісін басқарған Тентектөре батыр 36.Ресей бодандығын 1817 жылы бірінші болып қабылдаған Ұлы жүздің руы Жалайыр 37.ХІХ ғасырдың 40 жылдарында Оңтүстік Қазақстанда салынған Ресей әскери бекіністері Ақтау, Алатау, Қапал 38.Қазақстанда «Азия комитеті» құрылды ХІХ ғ. 20-30 жылдары 39.Тентектөре бастаған көтерілісшілер саны 10 мың 40.Қапал бекінісі салынды 1847 жылы 41.Ұлы Жүзді басқаратын пристав тағайындалған жыл: 1848 жылы 42.ХІХ ғасырдың ортасында Ұлы Жүздің оңтүстік аймақтарын билігінде ұстаған хандық: Қоқан хандығы 43.1825 жылы өз жерлерінде сыртқы округ ашуға келісім берген Ұлы Жүздің руы Үйсін 44.Ресейдің экономикалық және саяси мү дделеріне орай көз тіккен аймақтарыЖетісу мен Іле өңірі 45.ХІХ ғасырдың ортасында болған Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы көтерілістер бағытталды: Қоқан хандығына қарсы. 46.Қаскелең өзені бойындағы Қоқан хандығының бекінісі Таушүбек 47.Ұлы Жүздегі Қоқан хандығының тірегі Таушүбек бекінісін орыс әскерлерінің қантөгіссіз басып алған жылы 1851 жылы 7 шілде 48.1853 жылы Ресейдің қол астына алынған қоқандықтардың бекінісі Ақмешіт 49.1854 жылы көктемде құрылған бекініс Верный 50.1854 жылы салынған Верный бекінісінің ертедегі атауы Алматы 51.Ұлы Жүздің приставтығы Қапалдан Верныйға ауыстырылған жыл 1855 жыл 52.1858 жылы Верныйда іске қосылған өнеркәсіп сыра зауыты 53.ХІХ ғасрдың 60 жылдары Верныйда тұрған ғалым, саяхатшы Ш.Уалиханов 54.Ресей мен Қоқан арасындағы қақтығыста қазақ феодалдарының ұстанған позициясы Екіге бөлініп, екі жақта да соғысты 55.Кенесарының баласы Сыздық бастаған топ қарсы күресті: Ресей патшасына 56.1860 жылы 19-21 қазанда қоқандықтар мен орыс әскерлері шайқасқан жер Ұзынағаш 57.1860 жылғы Ұзынағаш шайқасының тарихи маңызы Жетісудың Қоқан езгісінен құтылуына ықпал етті 58.Верный бекінісінің негізін қалаған отрядты басқарған М.Перемышельский 59.Ресейден Верныйға қоныс аударушылар арасында аталған облыстан шыққандар басым болды: Воронеж облысы 60.ХІХ ғасырдың 50-60 жылдары Орта Азия үшін Ресейдің басты бәсекелесі Англия 61.1864 жылы көктемде Ресей үкіметі басып алған бекініс Түркістан 62.Орта Азияның ірі саяси экономикалық орталығы Ташкентті орыс әскерлерінің басып алған жылы 1865 жыл 63.1866 жылдың басында орыс әскерлері басып алған Орта Азия хандығыБұқар хандығы 64.1868 жылы қаңтар айында келісім бойынша Қоқан хандығына қарасты жерлер аталмыш генерал-губернаторлыққа бағындырылды: Түркістан 65.Қазақстанның Ресейге қосылу процесі созылды: 150 жылдай уақытқа 66.1731 жылы ақпан айының 19 күні Кіші жүз елшілері Анна Иоанновнаның қабылдауында болып талқыланған мәселе: Кіші жүзді империя құрамына қабылдау. 67.Әбілқайыр Ресейге қосылуға ант берді: 1731 жылы. 68.1738 жылы қазақ сұлтандарының съезі шақырылды: Орынборда. 69.Анықталған мәліметтерге қарағанда,1745-1759 жылдары қазақ даласы арқылы Орынборға жеткізілген мал басының жалпы құны: 1 млн. сом. 70.1735 жылы Патшаның отарлық саясатына қарсы күреске шыққан башқұрттардың қарсылықты жаныштау кезінде бас сауғалап көршілес Қазақстанға қашқандары:50 мың
|