Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Архивтеу программалары.


Date: 2014-02-26; view: 1417.


Жоспар:

1. Файлдарды архивтеудің қажеттілігі.

2. Архивтік файл.

3. Файлдарды архивке орналастыру, енгізу.

4. Файлдарды архивтен шығарып алу, мазмұнын қарап шығу.

 

Әдебиеттер:

1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова

Р. Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

2. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

3. А.Левин. “Самоучитель работы на компьютере” Москва, 1997.

4. Г.Евсеев, С.Симонович “WINDOWS 98 полный справочник в вопросах и

ответах”. Москва 2001.

 

1. Файлдарды архивтеудің қажеттілігі.

Дербес компьютерді пайдалану кезінде әртүрлі себептермен магниттік дискідегі (МД)информацияны жоғалтып немесе бүлдіріп алуымыз мүмкін.

Бұл МД –нің физикалық ақаулықтарынан, абайсызда ойламаған жерден файлдарды жойып алудан немесе оларды түзету кезінде кеткен қатеден, компьютерлік вирустар әсерінен , информацияның бұзылуынан, файл эталойдтарын сақтауды талап етуден және т.б. болуы мүмкін. Осындай жағдайларда шығатын шығынды азайту үшін файлдардың архивтік көшірмесін алып, оларды тұрақты түрде жаңалап отыру керек.

Архиваторлар –дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы.

Олардың сақтау тәсілдері әртүрлі болғанымен, жалпы қызметін былай түсіндіруге болады.

Файлда қайталанатын фрагменттер болады, оларды түгелдей дискіде ұстаудың ешқандай қажеті жоқ. Сондықтан архив жасауға мүмкіндік беретін программалардың жалпы қызметі – файлда қайталанып тұратын фрагменттер орнына қысқаша басқа информацияны жазып , кейіннен олард өз реттіліктерін сақтай отырып алғашқы қалыпқа келтіретін мүмкіндік болуы тиіс.

Файлдарды архивтеуге арналған программалар дискідегі файлдар көшірмесін қысылған күйде архивтік бір файлға орналастыруға, кейіннен файлды архивтен шығарып алуға, архив мазмұнын көруге, т.б. істер атқаруға мүмкіндік береді. Архивтік программалар бір-бірінен қысылған файлдың форматымен, жұмыс істеу жылдамдығымен, архивке орналастырылғандығы файлды қысу деңгейі сияқты әртүрлі мүмкіндіктермен айрықшаланады.

Архивтеу программалары тегін немесе делдалдық әдіспен таратылады. Олардың ішінде кең таралған архиваторлар тобына ARJ, RAR, ZIP тәрізді программалар жатады.

2. Архивтік файл.

Архивтік файл – қысылған күйде бір файлға енгізілген, қажет болғанда бастапқы күйінде шығарып алуға болатын бір немесе бірнеше файлдың жиынтығы. Оның мазмұны әр файлдың сақтаулы циклдік бақылау коды болады. Архив құрамындағы әрбір файл үшін оның мазмұны тәрізді мынадай ақпараттарсақталады:

1. Файлдың аты;

2. Файл орналасқан каталог туралы мағлұмат;

3. Файл көлемін дискідегі бастапқы және архивтегі қысылған түрдегі мөлшері (байтпен беріледі);

4. Архив бүтіндігін тексеруге арналған әр файлдың циклдік бақылау шарттаңбасы.


<== previous lecture | next lecture ==>
Лекция № 20 | Файлдарды архивке орналастыру.
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.154 s.