|
Файлдарды архивке орналастыру.Date: 2014-02-26; view: 1261. ARJ архиваторы программасын пайдалану. ARJпрограммасының жұмыс режимдері : ARJпрограмасының орындай алатын бірнеше функциялары бар. Қажетті функцияны таңдау программаны шақыру кезіндегі командалық жолда белгілі бір латын әріпін көрсету арқылы орындалады. ARJпрограммасы функциясын көрсету команда кодын және оның режимін енгізу жолымен жүзеге асырылады. Команда коды бір әріптен тұрады, ол бірден программа атынан кейін көрсетіледі, ол программа орындалуы тиіс жұмыс түрін анықтайды. Мысалы: А (add)- архивке файл енгізу, Т (test)- архивті мәтін арқылы тексеру, Е (extract)- файлды архивтен шығарып бастапқы қалыпқа келтіру, D (delete)- архивтегі файлды жою және т.с.с. Ал программадан қандай әрекет талап етілгенін анықтау үшін режим көрсетіледі, ал команда кодынан кейін командалық жолдың кез-келген жерінде тұра береді. Режим белгісі алдында “-” немесе ”/” таңбалары болады. Файлдарды архивке орналастыру үшін мынадай команда форматы пайдаланады: ARJ <команда> <режимдер> <архив аты> [каталог/] [файл аттары] ... Команда параметрлері: Команда - ARJ командасы үшін орындалатын жұмыс түрін көрсететін бір әріптен тұратын команда аты, мысалы А – архивке файл қосу және т.с.с. Режимдер – “-” немесе ”/” таңбаларынан басталатын режим атаулары, олар команда атқаратын жұмысты айқындайды не анықтайды. Архив аты - өңделуге тиіс архивтік файлдың аты, бір сөзден тұрады. Егер мұндай атты архив болмаса, онда осы жұмыс барысында ол пайда болады. Бұл файлдың типі көрсетілмесе, ол ARJ болып саналады. Каталог – архивке енгізілуге тиіс файлдар орналасқан каталог аты. Каталог атын нақты түрде көрсете отырын, басқа каталогтағы файлдарды осы архивке енгізуге болады. Егер каталог аты көрсетілмесе, онда ол ағымдағы каталог болып есептеледі. Файл аттары – архивке енгізілетін файл аттары. Мұнда оларды топтайтын нұсқа таңбаларды (? және * ) қолдануға болады. Егер файл аттары көрсетілмесе, онда ағымдағы каталогтың барлық файлдары өңделеді. Ағымдағы каталогтардағы файлдарды сығу Ағымдағы каталогтардағ,ы файлдарды сығу үшін командалық жолда төмендегідей команда берілуі керек: F: [Student/Basic] arj.exe A [архив аты] Мұндағы: F: [Student/Basic] – ағымдағы каталог, [архив аты] - өзіміз қалауымызша қойған ат, А – архивке қосу дегенді білдіретін параметр. Архивке бір-екі файлды қосуға да болады. Ол үшін командадан соң қосылатын файл атын жазу керек. [a.k.] arj.exe A <архив аты> <қосылатын файл аты>
4. Файлдарды архивтен шығарып алу, мазмұнын қарап шығу.
Архивтің мазмұнын көру үшін командалық жолда төмендегідей команда берілуі керек: [а.к.] arj.exe L <архив аты> Архивті ашу үшін командалық жолда төмендегідей команда берілуі керек: [а.к.] arj.exe Х <архив аты> Архивтен бір – екі файлды шығаруға да болады. Ол үшін командадан соң шығарылатын файл атын жазу керек. [а.к.] arj.exe L <архив аты> [шығарылатын файл аты] Ішкі каталогтарды қоса архивтеу үшін командалық жолда төмендегідей команда берілуі керек: [а.к.] arj.exe A-R [архив аты] Архивтен шығару үшін берілетін команда [а.к.] arj.exe Х [архив аты] Файлдар архивтен шығарылады. Ішкі каталогқа келгенде “Create this directory?” – бұл каталогты құрайын ба?” хабарламасы шығады. У-ді бассақ ішкі каталог құрылып файлдары ішіне жазылады, N- ді бассақ ішкі каталог құрылмайды, файлдар бірінші деңгейлі каталогтағы файлдар қатарынан орын алады. Өзі ашылатын arj - архивін құру үшін командалық жолда төмендегідей команда беріледі: [а.к.] arj.exe A-jE [архив аты] Мысалы: [а.к.] arj.exe A-jE INF Архив аты INF.exe болады. Архивтелген файлдарды архивтен шығару үшін INF.exe программасын қоссақ болғаны, яғни [а.к.] arj.exe INF.exe
|