Студопедия

Главная страница Случайная лекция


Мы поможем в написании ваших работ!

Порталы:

БиологияВойнаГеографияИнформатикаИскусствоИсторияКультураЛингвистикаМатематикаМедицинаОхрана трудаПолитикаПравоПсихологияРелигияТехникаФизикаФилософияЭкономика



Мы поможем в написании ваших работ!




Кіріспе. 1 Франчайзингтің дамуына теориялық негіздері және дамуы

Кіріспе

1 Франчайзингтің дамуына теориялық негіздері және дамуы

1. 1 Франчайзингтің тарихи бастамасы және оның мәні мен мазмұны

1.2 Қазақстан Республикасындағы франчайзингтің пайда болуы

және даму кезеңдері

1.3 Франчайзингтің шағын және орта бизнестегі қолдану

артықшылықтары мен кемшіліктері

2. Алматы қаласының франчайзингтік кәсіпорнының қызметіне анализ

2.1 Отандық кәсіпорындардың франчайзингтік қызметтіне сипаттама

2.2 Алматы қаласындағы франчайзингтік “РосИнтер Алматы”

кәсіпорынының, “IL Патио” және “English First” компаниясы

2.3 ”Ростикс” мейрамханаларының қызметін маркетингтік талдау және “Swot” талдауы және жетілдіру жолдары

3 Қазақстан Республикасының франчайзингтік қызметін дамыту бағыттары

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе

Қазақстанның нарықтық экономика жағдайына өтуіне байланысты, шағын және орта кәсіпкерлікті жүргізудің әдісі ретінде біздің нарыққа — франчайзинг термині енді. Қазір бұл еліміздің экономикасындағы елеулі құбылыстардың бірі болып отыр. Франчайзинг – белгілі бір бизнесті жүргізуге арналған фирманың ұзақ мерзімдік келісім – шарттық қатынастары. Ол кәсіпкер өз тауарларын сату құқығын немесе лицензиясын шектеулі сауда кәсіпорындарына тік кооперация арқылы ұсынатын өткізу жүйесі. Экономиканың қазіргі заманғы жағдайы мен оның интернацианалдандыруы бизнестің біріккен нысанын қалыптасуының ұйымдық-экономикалық негізін әзірлеу қажеттілігінен туындады. Атап айтсам, бұл тенденция өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің төмендеуі жағдайында, әр өндіруші тұтынушы назарын өздерінің өнімдеріне аударту арқылы қызмет атқарушы кәсіпорындарға тән сипат алуда. Осындай себептерге байланысты, бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік нысанының қалыптасуы мен дамуы ұйымдық-экономикалық тетіктерін дайындаудың басым бағыты болып саналады. Мұндай қажеттілік елдегі кәсіпкерлік қызмет жағдайларымен байланысты. Қазіргі таңда көптеген адамдардың арман-мақсаты франчайзингтің арқасында шынайлыққа айналуда.

Бүгінгі франчайзинг — өздерінің мақсаттарына берілген және оны іске асыруда франчайзинг иесінің атауымен, өзінің меншікті бизнесін құштарлы түрде бастаушы дербес тұлғаларға кең мүмкіншілік беретін жан-жақты реттелген өнеркәсіп. Франчайзинг құбылыс ретінде өз істеріне берілген, жігерлі және талантты адамдар үшін ерекше шектеусіз мүмкіншіліктерді ұсынады. Бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік нысаны қарапайым әрі тиімді. Оның негізгі мәні — бір компанияның немесе франчайзердің өзінің тауарлық белгісін, атауын (бренд) белгілі бір анықталған шартта басқа бір кәсіпорынға немесе франчайзиға қолдану құқығын ұсыну.

Франчайзинг — жеңілдік, кәсіпкерлік, жалғасымды іскерлік ынтымақтастық нысанындағы үрдісте, ірі компания, жеке дара кәсіпкерге немесе кәсіпкерлер тобында өнімді өндіруге, тауарлар сауда – саттығында және осы компанияның сауда маркасымен белгілі бір шектелген аумақта өзара шартпен анықталған бір мерзімде және белгілі бір шарттағы қызметтерін ұсынады. Франчайзинг ол бизнесті жүргізудің ең тиімді түрі. Қазіргі таңда шағын және орта бизнесті дамытуда франчайзингтің орны үлкен болып табылады. Бұл құбылыс экономиканың көтерілу деңгейіне де өз үлесін қосады. Дамыған мемлекеттердің экономикасындағы кәсіпкерліктің қарқынды дамуында франчайзингтің рөлі жоғары. Мұнда тауарлар мен қызметтер нарығында жоғары беделге‚ жақсы атаққа ие болған “ата компаниялар” басты фирманың атынан әрекет жасау‚ оның таңбасы мен белгісін пайдалану құқығын пайдалану жөнінде ұсақ фирмалармен немесе жекелеген заңды тұлғалармен (франчайзилермен) шарт жасасады. Бұл орайда франчайзер франчайзиді тауармен‚ технологиялармен жабдықтауға‚ ақыл кеңес беруге‚тағы басқа міндеттенеді‚ франчайзи өзінің бизнесін тек басты фирма белгілеген нысанда ғана және белгілі бір уақыт бойына ғана жүзеге асыруға‚ белгілі бір төлемақы аударып тұруға тиіс. Тәжірибелі кәсіпкерлер өзінің тәжірибесін, білімін нарық жағдайында ұсына отырып, белгілі бір нәтижеге жетуі мүмкін. Бұл орайда франчайзер франчайзиді тауармен‚ технологиялармен жабдықтауға‚ ақыл — кеңес беруге‚ тағы басқа міндеттенеді‚ франчайзи өзінің бизнесін тек басты фирма белгілеген нысанда ғана және белгілі бір уақыт бойына ғана жүзеге асыруға‚ белгілі бір төлемақы аударып тұруға тиіс. Негізінен екі нысанда — бұйымдар мен айналым франчайзингі нысандарында көрініс табады. Бір жақ екінші жаққа белгілі функцияларды орындауға рұқсат беруін франчайзингалық лицензия деп атайды. Тәжірибелі кәсіпкерлер өзінің тәжірибесін, білімін нарық жағдайында ұсына отырып, белгілі бір нәтижеге жетуі мүмкін. Сондықтан, франчайзинг атаулы бизнес, ақпарат пен тәжірибені алуға жағдай жасай отырып, техника мен технологияны қолдануға кететін шығындарын төмендетеді, яғни шығарылған тауарлар мен көрсетілген қызметтердің нарықтық бағасын төмендетуге мүмкіншілік алады. Франчайзинг атаулы бизнес, ақпарат пен тәжірибені алуға жағдай жасай отырып, техника мен технологияны қолдануға кететін шығындарын төмендетеді, яғни шығарылған тауарлар мен көрсетілген қызметтердің нарықтық бағасын төмендетуге мүмкіншілік алады.

 

1 Франчайзингтің дамуына теориялық негіздері және дамуы

1. 1 Франчайзингтің тарихи бастамасы және оның мәні мен мазмұны

 

Бүгінгі күндегі күнделікті айтып жүрген франчайзингтің тарихы, тамыры ортағасырлыққа алып келеді. АҚШ пен Аустралияда “франшиза“, ол белгілі біреуге мемлекеттік билікті беру деген ұғымды береді. Ал ортағасырлық Ұлыбританияда ол король құзырлығымен берілетін әр түрлі құқықты айтатын, мысалы біреуге салық жинауға берілетін құқық.

1840 - жылдары немістік сыра өндірушілер осындай құқықты кейбір таверналар мен барларға өздерінің сыраларын сатуға және сыра өндірушілердің символикаларын қолдануға рұқсат берген.

Қазіргі заманның франчайзингтік жүйесінің негізін қалаушы ретінде “Singer Sewing machine company“ компаниясын құрған Исаак Зингер деп есептелінеді. Оның тігін машиналарды сатудағы және қызмет көрсетудегі қолданған жүйесі франчайзингтік қызметтің түп нұсқасы болып табылады.

1851 жылдан бастап Исаак Зингер сатушылармен Америка Құрама Штатынның нақты бір аумағында тігін машиналарын сату мен оларды жөндеу жұмыстарына байланысты құқық беруге келісім шартқа отырды, міне осы кезден франчайзинг тарихы басталды.

Бүгінгі таңдағы франчайзингтің ең бір шарықтау, күшті даму кезеңі 1898 жылы болды, ол “Дженерал Моторс” компаниясының франчайзингтік жүйені қолданылуымен басталды.

Ал 1920 жылы Америка Құрама Штаттарында тауарлы франчайзинг стандарты даму үстінде болды. Сәйкесінше сол франчайзинг принципі негізінде әр түрлі кәсіпорындар құрылды.

1930 жылы Америка Құрама Штаттарындағы экономикалық дағдарыстан кейін, елдегі мұнай өндіруші компаниялардыңда франчайзингті игеру процесі басталды. Франчайзинг идеясы бүкіл әлемдегі талапты, іскерлі, болашаққа сенімділікпен қараушы адамдардың көңілін аударуда. Тек АҚШ пен Канадада бүгінгі таңда әлемнің барлық құрлықтарының ондаған елдерінде 600000 өкілдік франчайзиін иемденуші 3200 франчайзер-компания (2400-ге жуығы АҚШ-та) қызмет атқарады. Дамыған елдерде франчайзинг тұтынушылардың әр түрлі қызметтерге деген қажеттіліктерін қанағаттандырудың құралы ретінде жарты ғасырдан астам уақыт пайдаланылып келеді. Франчайзингтің әлемдік жылдық тауар айналымы 2 триллион АҚШ долларынан астам соманы құрайды, оның әлемдегі франчайзингтік 20 мың желілерінде 30 миллионнан астам адам қызмет етеді. Шетелдердегі франчайзингті қолданудың көпжылдық тәжірибесі оның іскерлік тиімділігін дәлелді түрде көрсетеді. Бүгінгі таңда франчайзингтік желілердің саны бойынша әлемдегі көшбасшысы – Қытай, оның 3000-нан астам франчайзингтік желілері бар, екінші орында АҚШ, үшіншіде Жапония тұр.

Франшизинг ( ағылшын тілінің franchіse — жеңілдік және franchіsіng — артықшылық) — ұсақ және ірі кәсіпкерліктің аралас нысаны‚ ірі компанияның (франчайзердің) өзінің фирмалық таңбасы мен тауар өндіруге (қызмет көрсетуге) лицензиясын (франшизаны) біреуге (франчайзиге), әдетте белгілі бір кезеңге және шектеулі аумақта беруі. Мұнда тауарлар мен қызметтер нарығында жоғары беделге‚ жақсы атаққа ие болған “ата компаниялар” басты фирманың атынан әрекет жасау‚ оның таңбасы мен белгісін пайдалану құқығын пайдалану жөнінде ұсақ фирмалармен немесе жекелеген заңды тұлғалармен (франчайзилермен) шарт жасасады. Бұл орайда франчайзер франчайзиді тауармен‚ технологиялармен жабдықтауға‚ ақыл — кеңес беруге‚ тағы басқа міндеттенеді‚ франчайзи өзінің бизнесін тек басты фирма белгілеген нысанда ғана және белгілі бір уақыт бойына ғана жүзеге асыруға‚ белгілі бір төлемақы аударып тұруға тиіс. Негізінен екі нысанда — бұйымдар мен айналым франчайзингі нысандарында көрініс табады. Бұйымдар франчайзингі бойынша дайындаушы бұйымды қатаң түрде белгіленген нарықта не белгілі бір аумақта сату құқығын береді, өз кезегінде франчайзингіні пайдаланушы тауарды тек дайындаушы — лицензиаттан ғана сатып алуға міндеттенеді. Айналым франчайзингінің мәні лицензиатқа қызметтер пакетін ұсынуында, олар: өндіріс құпиясы, “ноу-хау”, жинақталған тәжірибе, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тағы басқа шын мәнінде франчайзинг шарты аралас лицензиялық және агенттік шарт болып табылады‚ ал осы табыстау үшін және салық салу мақсатымен төленетін төлемақыны роялти ретінде қарау керек. Бұны жәй тілге аударғанда мына түсінікті білдіреді: кәсіпкер жаңа техника мен технологияны авторлардың рұқсатымен пайдалана отырып, дер кезінде үйреніп, күнделікті тірлігіне қолдануына мүмкіндік береді.

Бір жақ екінші жаққа белгілі функцияларды орындауға рұқсат беруін франчайзингалық лицензия деп атайды. Тәжірибелі кәсіпкерлер өзінің тәжірибесін, білімін нарық жағдайында ұсына отырып, белгілі бір нәтижеге жетуі мүмкін. Сондықтан, франчайзинг атаулы бизнес, ақпарат пен тәжірибені алуға жағдай жасай отырып, техника мен технологияны қолдануға кететін шығындарын төмендетеді, яғни шығарылған тауарлар мен көрсетілген қызметтердің нарықтық бағасын төмендетуге мүмкіншілік алады.

Филип Котлер франчайзингтің келесі белгілерін атап көрсеткен:

Франчайз – құқық беретін (франчайзер) фирма мен осы құжатты алатын (франчайзи ) фирма арсындағы фирма арнайы келісімдегі ескерілетін құқықтар.

Франчайзи – арнайы келісімде анықталған құқықтарды алатын кәсіпорын.

Франчайзер – өз құқықтарын басқа кәсіпорынға беретін кәсіпорын, франшиза беруші, лицензия, бас кәсіпорын, құқық йесі.

Көп жағдайда франчайзердің рөлін тұтыну нарығында жоғары мәртебеге ие атақты сауда маркасы немесе бренді бар, жеке кәсіпкерлерге немесе олардың топтарына белгілі бір мерзімге және келісім - шартқа сәйкес сауда маркасын пайдалану құқығын беретін ірі фирма (корпорация) атқарады. Әдетте франчайзерлердің өз атынан ұсынатын тауарлық белгісі немесе қандай да бір өнімді өндірудегі қаржылық тәжірибесі мен жеке жүйесі болады. Франчайзер үшін франчайзинг өткізу нарығын жылдам кеңейту және персоналды басқару шығындарын азайту, шаруашылық субьектісінің тауарлық белгісі мәртебесін көтеру, өнім сапасы мен бірегей ассортиментіне деген тұтынушылар сенімінің артуы сияқты артықшылықтармен қамтамасыз етеді.

Франчайзинг компоненттерінің бірі – франшиза – белгілі бір шарттарға және сыйақыларға сәйкес неғұрлым ірі фирманың қызметтерін ұсынуға немесе оның өнімін сатумен айналысатын коммерциялық кәсіпорынды құруға берілетін құқық.

Кәсіпорынды ашуға қажетті алғашқы жарна – франчайзердің бизнес-тұжырымдамасын және брендін пайдалануға алу үшін төленетін алғашқы төлем мөлшері;

Роялти – франчайзингтік келісімде көрсетілген нақты мерзімде франчайзидің төлеп отыратын міндетті мерзімдік төлемдерінің мөлшері, немесе, франчайзердің авторлық құқықтарын пайдалану үшін төленетін төлемдер (лицензиялық төлем, роялти);

Жарнамалық қорға төленетін төлемдер – бизнестің тиімді жүргізілуін ынталандыратын, франчайзер тарапынан өткізілетін әр түрлі жарнамалық шараларға франчайзидің ат салысуының қаржылық мөлшері. Әдетте, франчайзингтік келісімде франчайзер оның мөлшері алдын-ала белгілейді.

Франчайзинг жүйесін әзірлеу үрдісі келесідей бес кезеңнен тұрады:

1) франчайзинг тұжырымдамасын әзірлеу кезеңінде жүйеге қатысушы

тараптарды анықтау және олардың міндеттерін тағайындау;

2) франчайзингтік келісімді әзірлеу кезеңінде жүйеге қатысушы тұлғаларды белгілеп, ережелер мен шарттар жасау;

3) франчайзинг жөнінде әдістемелік нұсқаулықты әзірлеу;

4) франчайзинг бағдарламасын әзірлеу кезеңінде жүйені кеңейту жоспарын жасау;

5) бағдарламаны жүзеге асыру және бақылау.

Франчайзингтің шетелдік және отандық ғалымдар ұсынған неғұрлым жиі кездесетін анықтамаларын талдай келе, оларды экономикалық мәні, ерекшелік белгілері бойынша келесі түрде бөлуге болады:

1) бизнесті жүргізудің ерекше әдісі;

2) ірі және шағын кәсіпорындардың интеграциясы;

3) кәсіпорынның дәстүрлі емес қаржыландыру көзі;

4) жеңілдікті кәсіпкерлік.

Франчайзинг орта және шағын бизнестің дамуына, отандық тауарлар мен тауар өндірушілерді ішкі және халықаралық нарықта жылжытуға, жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Франчайзингті оның белгілеріне байланысты оларды , шетелдік және отандық тәжірибеге сүйене отырып былай жіктелеуге болады:

Франчайзинг түрлері бойынша:

1) тауарлық сауда маркасын иелену

2) өндірістік өндіріс технологиясын иелену

3) сервистік қызметті жүзеге асыру тәжірибесін иелену

4) іскерлік корпорациялық атауы мен қызмет ету бейінін иелену

Франчайзинг әдістері бойынша:

1) классикалық тікелей келісім шарт бекітіледі;

2) аймақтық бас франчайзер белгілі бір географиялық ауданды қадағалайды;

3) субфранчайзинг аралық буын субфранчайзер франчайзилерді оқытады, қадағалау жасайды;

4) дамушы франчайзинг франчайзердің аймақты дамытуға айрықша құқығы бар ресми өкілінің қаржылық көмегімен франчайзилер өз бизнесін дамытады.

 

 

1.2 Қазақстан Республикасындағы франчайзингтің пайда болуы

және даму кезеңдері

 

Қазіргі таңда көптеген адамдардың арманы франчайзингтің арқасында шынайылыққа айналуда. Франчайзинг XX ғасыр бизнесінде “төңкеріс” тудырып, жалпы қалыптасқан іскерлік қарым-қатынас нормаларына қатысты көзқарасты түбегейлі өзгертті. Ешқандай да экономикалық жаңа енгізілімдер, франчайзинг сияқты, бүкіл әлем экономикасына, оның ішінде экономикасы дамыған алдыңғы қатарлы елдерде елеулі әсер бере алған жоқ. Сондықтан да франчайзинг XXI ғасырдың ұғымды, оңтайлы іскерлік модель үлгісі болмақ. Қазақстанда франчайзингтік қатынастардың орын алғанына 10жылдан асты, алайда отандық экономика үшін осы бизнесті кең дамыған ұйымдық нысаны әлі де бізге онша таныс емес жаңа құбылыс болып көрінеді.Қазақстан Франчайзинг қауымдастығының мәліметтері бойынша, елімізде 120 франчайзингтік жүйе және 1000 франчайзи кәсіпорындар бар. Экономиканың қарқынды дамуы, шағын және орта бизнестің ЖІӨ-гі үлесінің өсуі, алдыңғы қатарлы бизнес технологияларына сұраныстың артуы. Франчайзингтің дамуына кедергі болып отырған факторлар бар, олар: франчайзингтік секторға арналған мемлекеттік жеңілдіктер мен преференциялардың болмауы, санаткерлік меншіктің толық қорғалмағандығы, кәсіпкерлердің қаржылық мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігі, франчайзинг туралы ақпараттың аздығы, жылжымайтын мүлікке деген бағаның әлі де болса жоғары болуы. Жоғарыда аталғандарға байланысты, кәсіпкерлік дамуының ерекше нысаны ретіндегі франчайзинг жүйесін қалыптастыру мен дамытуға байланысты теориялық және практикалық аспектілерді зерттеу уақтылы және өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстанда франчайзингтің дамуының негізгі сипаттамалары бойынша талдай отырып, оның келесі кезеңдерін бөліп көрсетуге болады. Қазақстандағы франчайзингтік қатынастардың дамуының кезеңі келесіден көрсетіледі:

Франчайзингтік қатынастардың дамуындағы бірінші кезең (1-ші кестеде) (1994-1999ж.ж.) жекелеген кәсіпкерлердің отандық экономикада жаңадан қалыптасып келе жатқан нарықтық қатынастардағы франчайзингтік қатынастар жүйесін (ФҚЖ) пайдаланудағы талпыныстарымен сипатталады. Бұл кезеңде франчайзинг тамақтандыру саласында, пиццериялар мен шағын наубайханалар-ға арналған құрал-жабдықтар саласында дами бастады. Өндірістік және сервистік франчайзинг қалыптаса бастады, жекелеген кәсіпкерлердің отандық экономикада жаңадан қалыптасып келе жатқан нарықтық экономикада франчайзингтік қатынастар жүйесін пайдаланудағы талпыныстар мен сипатталды.

1-кесте – Франчайзингтік қатынастардың дамуы бірінші кезең

 

Компания атауы Құрылу жылы   Негізгі сипаттамалары
“Coca Cola” 1. Франчайзингті реттеуші нормативтік-құқықтық базаның болмауы. 2. Нарықта бәсекелестіктің жоқтың қасы. 3. Жекелеген шетелдік компаниялар іс- әркет аумағын кеңейту мақсатында Қазақстандық нарыққа шықты. 4. Өндірістік және сервистік франчайзинг қалыптаса бастады.
“Рахат Палас”
“Adidas”
“Алматы Кока Кола Ботлерс”
“Сеймар”
“Kodak”
“Дока”  
“Анкара”
“Рамстор”
Ескертпе: ҚФҚ мәліметтері негізінде автор құрастырған.

 

Бұл кезде франчайзинг тамақтандыру саласында, пицериялар мен шағын наубайханаларға арналған құрал – жабдықтар саласында дамып, өндірістік және сервистік франчайзинг қалыптаса бастады. 1994 жылы Қазақстанның сусындар нарығына америкалық “Coca Cola” компаниясы өз өнімдерімен келді. Компания газдалған сусындарды өндіру және өткізумен айналысады. Нарықтың осы сегментінде “Coca Cola” компаниясының үлесі 38%. Ал 1995 жылы Алматы қаласында “Алматы Кока Кола Ботлерс” сусындарды құю зауыты ашылды. Компания өз қызметінде өндірістік франчайзингті қолданады, ол негізінен зауыттың өндіріс технологиясы, сусындарды әзірлеу мен құю жүйесі және тасымалдау шарттары сипатында болады. “Kodak” компаниясының қызме-тін атап өтуге болады. Бұл компанияны 1880 жылы АҚШ-ң Рочестер қаласында Джордж Истман құрған. Компанияның ұсынатын қызметтері келесідей болды: әуесқой және кәсіпқой фотопленкаларды, кинопленкаларды, рентгенографияға арналған пленкаларды, фото қағазды, сандық фотоаппараттарға қажетті бөлшектерді, батареяларды көтерме және бөлшек сату. 1990 жылдан бастап “Kodak-Экспресс” халыққа жоғары сапалы тұрмыстық қызмет көрсетумен айналысатын халықаралық франчайзингтік бағдарламаны жүзеге асырады. Қазақстан нарығында “Kodak” компаниясы 1997 жылдан бастап қызмет етеді. Франчайзингтің тағы бір мысалы 1999 жылы ресейлік “Дока” компаниясының желілерінің ашылуы. Осы жылдары Алматы қаласында бірқатар жылдам тамақтандыру орындары франчайзинг негізінде ұйымдастырылды. Алайда бұл желілердің өмірлік циклі ұзаққа бармады, өйткені нарықта айтарлықтай қолдау таппады және сұраныс деңгейі төмен болды.

 

2-кесте – Франчайзингтік қатынастардың дамуындағы екінші кезең

 

Компания атауы Құрылу жылы   Негізгі сипаттамалары
“1C”   1. Франчайзинг туралы Заң қабылданды. 2. Шетелдік ірі фирмалардың франчайзилерінің нарыққа шығуына байланысты бәсекелестік қалыптасты. 3. Қазақстан Франчайзинг қауымдастығы құрылды. 4. USAID кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағытында франчайзинг бағдарламасын ұсынды.  
“Баскин 31 Роббинс”
Қазақстан Франчайзинг қауымдастығы    
Қазақстан Республикасының “Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы” Заңы
“Il Patio”, “Планета Суши”
“World Class”    
“Business Consult”, “Scot Holland Estates”
“Пятерочка”  
“MaxMara”, “Sela”
“Три Толстяка”
Ескертпе: ҚФҚ мәліметтері негізінде автор құрастырған

 

Екінші кезеңде (2-ші кестеде) (2000-2004жж.) – Қазақстанға ірі франчайзингтік фирмалардың келуімен, қазақстандық франчайзингтік заңнамасының қабылдануымен, соның нәтижесінде қазақстандық франчайзингтік қауымдастығының қалыптасуына себеп болған бүкіл елдің кәсіпкерлері мен аймақ басшыларына франчайзингтік семинарларын жүргізу бойынша USAID шараларының жүзеге асырылуымен байланысты – Қазақстан нарығына ірі шетелдік франчайзингтік фирмалардың келуі, еліміздегі осы салаға қатысты заңнаманың қабылдануы. Осы жылдары франчайзинг экономиканың әр түрлі салаларында қалыптасты: қоғамдық тамақтандыру, ақпараттық технологиялар, бөлшек сауда, туризм, мұнай өндіру, денсаулық сақтау тауарлары мен қызметтері, биологиялық белсенді қоспалар, емдік косметика. Еліміздегі Қазақстан франчайзинг қауымдастығының (ҚФҚ ) құрылуы, отандық кәсіпкерлер мен аймақ басшыларына тақырыптық семинарлар жүргізуі бойынша USAID жүзеге асырылды. Қазақстанда 400-ге жуық оператор - фирмалармен іскерлік қарым – қатынас жасайтын, Қазақстан франчайзинг қауымдастығына біріктірілген, 40 – 50 франчайзингтік жүйелердің қызмет көрсету, сауда, қоғамдық тамақтандыру саласында қызмет етуімен сипатталды.

3- кесте – Франчайзингтік қатынастардың дамуындағы үшінші кезең

 

Компания атауы Құрылу жылы   Негізгі сипаттамалары
“English First”   1. Санаткерлік меншікке, франчайзингке қатысты заңнамалар белсенді қолданылды. 2. Франчайзинг көрмесі ұйымдастырылды. 3. Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры франчайзингті несиелеу бағдарламасын әзірледі. 4. Бәсекелестік өсіңкі түрде дамыды. 5. Медиа және әлеуметтік франчайзинг пайда болды.
“Алма – TV”
“Tiffany Marble”
“Ромат”    
“Umex Realty”
“Сбарро”
“Finn Flare”
  “Aquatoria of Luxury Life”
Ескертпе – ҚФҚ мәліметтері негізінде автор құрастырған

 

 

Үшінші кезең (3-ші кестеде) 2005 жылдан басталып осы кезеңге дейінгі уақытты қамтиды. Қазіргі уақытта мамандардың берген бағасы бойынша қазақстанда 100-ге жуық оператор – фирмалармен іскерлік қарым-қатынас жасайтын, қазақстандық франчайзинг қауымдастығына біріктірілген, 15-20-ға дейінгі бас фирмалар қызмет етеді. Сервистің салалары бойынша франчайзингтік қатынастар жүйесінің таралу аумағы алуан түрлі, бірақ тұтастай алғанда жалпы әлемдік тенденцияларға сәйкес келеді. Әлемде франчайзинг бойынша дамып келе жатқан 70-тен астам бизнес түрі бар. Алайда, Қазақстанда франчайзинг жеткілікті дәрежеде әртараптандырылмаған (диверсификацияланбаған), ол негізінен жылдам тамақтандыру, мейрамханалық бизнес, сауда және қызмет көрсету салалары жүйесіндегі кәсіпорындарды қамтиды. Франчайзингтің дамуының үшінші кезеңінде оның қолдану салаларының кеңейе түскенін байқаймыз. Франчайзинг әдеттегі қоғамдық тамақтандыру, бөлшек саудаға қосымша, тұрмыстық қызмет көрсету саласында да қолданыла бастады. Еліміздегі дербес франчайзингтік қатынастар техника – технологиялық, материалдық және тұтынушылардың мәдени-әлеуметтік даму ерекшеліктерін ескеретін экономика салаларының қажеттілігіне сәйкес пайда болуда. Қазақстаңдағы франчайзингтің дамуының бірқатар ерекшеліктерін атап өтуге болады, біріншіден, елімізде бөлшек саудадағы франчайзинг қарқынды даму үстінде болса, ал батыс елдерінде іскерлік франчайзингтің үлесі басым. Оған мысал ретінде "Пятерочка" бөлшек сауда дүкендерінің желісі, "Se1а" киімдер дүкендерін келтіруге болады. "Рос Интер Алматы", "Еnglish Ғігst" компаниялары және тағы басқаларыда осы кезеңді қамтиды.

 

 

1.3 Франчайзингтің шағын және орта бизнестегі қолдану артықшылықтары мен кемшіліктері

 

Қазіргі таңда шағын және орта бизнесті ұйымдастырудың немесе жүргізудің үлкен мүмкіндік беретін нысанына – франшиза көмегімен жүзеге асыру болып табылады. Статисталық мәліметтерге сүйенетін болсақ франшизалық нысандағы бизнестің жүзеге асырылуы, өз күшіңмен барлығын жаңадан бастағаннан бизнестен 2-3 есеге артық мүмкіндігі бар, яғни кәсіпорынға франшизалық келісім шартқа байланысты құқықтар беріледі, нақты бір уақыт аралығында белгіленген жерде өзінің бизнесін жүзеге асырады.

Міне осы келісім шарт негізінде франчайзер компания бизнесті жүргізуге байланысты кеңес береді, яғни қай жерден қандай құрал – жабдықтарды және өнімді, персоналды қандай критеририлер бойынша қабылдау, сонымен қатар бизнес жоспарды құрастыру керек екеніне және технологиялар мен ақпарат мәселелері бойынша көмек көрсетіледі. Бұл көмек көрсетілу себебі, екі жаққада пайда әкелуімен түсіндіріледі.

Бизнесті франшиза көмегімен жүзеге асыратын кәсіпкер мына факторларға байланысты жетістікке жетуі тиіс:

– Франчайзер компанияның жан жақты қолдау көрсетуі

– Франчайзер компанияның коммерциялық жетістікке жетудегі қызығушылығы

– Шикізаттардың төмендетілген бағамен сатып алынуы

– Нарықта тауар белгісінің белгілі болуы

– Бизнесті жүргізудің жүйеленген әдістемесінің болуы

– Жарнамаға деген шығындардың аз болуы

Осы жоғарыда айтылған факторларды франшиза көмегімен бизнесті жүргізудің артықшылықтарына жатқызуымызға болады .

Бизнесті ұйымдастыру кезінде жарнама өте үлкен рөл атқарады. Жарнаманың шығыны өте көп болады. Сондықтан франчайзерге келісімшарт кезінде кететін шығынның көп бөлігін франчайзи жарнама жұмысы атқарады. Сонымен қатар франчайзер үшін маркетингтік зерттеулер жүргізіп, маркетинг-тік ақпараттарды жинайды. Франчайзи франчайзерден басқаруға қажетті кеңесті алып нарықты зерттеуді, бизнесті басқарудың басқа да аспектілерін және ақшалай көмек алуға мүмкіндігі болады. Тәжірибелі кәсіпкерлер өзінің тәжірибесін, білімін нарық жағдайында ұсына отырып, белгілі бір нәтижеге жетуі мүмкін. Сондықтан, франчайзинг атаулы бизнес, ақпарат пен тәжірибені алуға жағдай жасай отырып, техника мен технологияны қолдануға кететін шығындарын төмендетеді, яғни шығарылған тауарлар мен көрсетілген қызметтердің нарықтық бағасын төмендетуге мүмкіншілік алады.

Франчайзинг бизнесмен үшін кең мүмкіншіліктер береді. Ешқандайда тәжірибені иемденбей, кішігірім алғашқы капиталды игере отырып, ол бастау алған жерден тез арада қарқынды өріс алады.

Бірақта бизнесті жүргізудің кез келген түрі сияқты, франчайзингте өзінің артықшылықтары мен кемшіліктері орын алған. Франчайзингтің тез дамуы мен кең таралу мүмкіншілігі келесілерде анықталады:

1. Франчайзер үшін, сонымен қатар франчайзи үшін де өзара табысты болып саналады.

2. Салық салыну базасының қысқаруы.

А. Франчайзер үшін мүмкін кездесетін артықшылықтар:

- өткізу нарығының жылдам кеңеюі, сату көлемінің ұлғаюы мен бизнестің территориалдық түрде таралуы;

- шұғыл басқару қажеттілігінен босатылуы;

- меншіктік капитал салымдарының төмен деңгейі;

- лицензияны сатудан табыс;

- франчайзи төлемінің есебіне қосымша табыстар иемдену;

- меншіктік сауда желісі арқылы өткізу бойынша шығын-дардың қысқаруы;

- жалданбалы жұмысшыларға қарағанда тәуелсіз бизнес-мендер сәттілікке күштірек ынталандырылған.

Б. Франчайзер үшін мүмкін кездесетін кемшіліктер:

- өзінің кәсіпорнына қарағанда франчайзидан алатын пайда деңгейінің төмен болуы;

- франчайзидің біреулерінің лайықты дәрежеге беделінің сай келмеуі, сапаны лайықты бақылаудың болмау есебінен франчайзердің өзінің беделіне кесірін тигізуі мүмкін;

- франчайзидің қаржылық есеп беруінің шынайлығын бақылау қиыншылығы;

- франчайзи бизнесі негізіндегі жеткілікті таңдау қиыншылығы;

- франчайзиді оқыта, үйрете отырып, франчайзер өзіне болашақ мүмкін бәсекелесті даярлау мүмкіншілігі;

- жүйе ережесіне бағынбайтын франчайзимен қарым-қатынасты доғару мүмкіншілігінің болмауы;

- коммерциялық құпияның сақталыну қиыншылықтары.

В. Франчайзи үшін мүмкін кездесетін артықшылықтар:

- шағын бастапқы капиталмен меншіктік істі бастау мүмкіншілігі;

- дайын “қуыс”, франчайзи фраичайзермен жан-жақты сыналған, дайын бизнесті сатып алады;

- материалдар, шикізаттар, құрал-жабдықтар, жабдықтау-шылар, өткізу жүйесі, жалпы жұмыс жүргізу әдістері мен тәсілдері турасында мазмұнды ақпаратты иемденетін нақты нұсқаулардың толық жинағын меңгеру;

- бизнес және менеджментті жүргізу технологиясындағы франчайзер көмегі.

Г. Франчайзи үшін келесі кемшіліктерді қарастыруға болады:

- қызмет ету бостандығының шектелінуі;

- сервистік төлем;

- кызмет етуде икемділіктің жетіспеушілігі;

- франчайзер компанияға қатысты жағымсыз сипаттамалардың

франчайзи-кәсіпорын үшінде тән болуы;

- франшизаны иемденгендегі құрылған жоспарлар ойдағы-дай іс жүзіне аса бермейді.

Жоғарыда аталған себептерге байланысты қорытынды жасайтын болсақ, елімізде франчайзингтің дамып, кең етек алуы келесі жетістіктерге жетелейді:

- инвестицияның сыртқы және ішкі ағымын күшейтеді;

- жаңа технологиялардың, құралдардың, бағалы ноу-хау-лардың пайда болуына септік етеді;

- бар өндірістерді дамытып және жаңа өндірістерді қалыптастыру, сәйкесінше жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әсер етеді;

- шағын және орта кәсіпкерлік аясының кеңеюі мен бекітілуіне тұғыр болады;

- жұмыс күшінің біліктілігін жетілдіреді; елімізді сапалы тауарлар мен қызметтерге қанықтыруды жылдамдатады;

- қазақстандық өнімді жаңа нарықтарға өткізуге мүмкіндік тудырады.

Франчайзингтік іс-әрекетті жүзеге асыру барысында әкімшілік кедергілерді төмендету шаралары жоғарыда атап өткен нормативтік-құқықтық базаны жетілдірумен тығыз байланысты, өйткені франчайзингтік қызмет заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

 

2. Алматы қаласының франчайзингтік кәсіпорнының қызметіне анализ

2.1 Отандық кәсіпорындардың франчайзингтік қызметтіне сипаттама

Отандық нарықтағы франчайзингтік негізде қызмет атқарушы кәсіпорындардың қызметін жан-жақты сараптау барысында олардың бәсекеге қабілеттілігінің басты көрсеткіші тұрақты пайда алу екені анықталды.

 

4-кесте – Отандық нарықта қызмет атқарушы франчайзерлердің сипаттамасы:

 

Компания атауы Қызметінің сипаты Франчайзинг түрі Роялти мөлшері
“Сеймар” (жалпы табыстан, %) Құс шаруашылығы өнімдерін өндіру, сату өндірістік
“Транссистема” (жалпы табыстан, %) Автокөлік кәсіпорыны мастер-франчайзи
“Ромат”(жалпы табыстан, %) Дәріханалар желісі саудалық
“Алма – TV” (жалпы табыстан, %) Кабельді телеарна мастер - франчайзи
“Көтерме сауда клубы” (жалпы табыстан, %) Азық - түлік дүкендері желісі саудалық
“Медведь”(жалпы табыстан, %) Мейрамхана сервистік
“Мебельер” (жалпы табыстан, %) Жиһаз өндірісі саудалық
Ескертпе: ҚФҚ мәліметтері негізінде автор құрастырған

 

 

1996 жылы Қазақстандық нарықта франчайзинг жүйесі бойынша даму шешімін алғаш қабылдаған отандық “Сеймар” инвестициялық-өнекәсіптік компаниясы бұл салада көшбастаушы болды. “Сеймар” компаниясы үшін франчайзинг бизнесті бағалауда маңызды критерий болып табылатын компанияның табыстары мен шығындарын плюс - минус 5 пайыз дәлдігімен жоспарлау мүмкіндігі түрінде тиімді болды. “Алматы Құс” АҚ тиімділігін, рентабельділігін және өткізу көрсеткіштерін жоғарылату мақсатында, компания өзінің “Сеймар” сауда маркасының франшизасын жеке кәсіпкерлерге, жанұялық кәсіпорындарға ұсынды. “Алматы Құс” АҚ құрамындағы франчайзилермен қарым-қатынастарды қатаң қадағалайды. Келісім шарттары жарты жылда бір рет қайта қарастырылады. Франчайзилер жемді тек “Алматы Құс” АҚ құрамындағы Қапшағай комбижем зауытынан ғана сатып алуға міндеттенеді, сонымен қатар олар ай сайын амортизациялық өтемдерге сәйкес теңгемен роялти төлемдерін жүргізеді. Бизнестің франчайзингтік үлгілерін жүйелеу мен жіктеу коғамдық тамақтандыру саласында франчайзинг тұжырымдамаларының таралу келешегі үшін қажетті шарт болып табылады. Зерттеу тақырыбын жан - жақты ашу мақсатында қоғамдық тамақтандыру саласындағы франчайзингтің ерекшеліктеріне тоқталып өтейік. Мейрамхана бизнесі кез келген елдің экономикасының маңызды құрамдас бөлігі және релаксация мен рекреация функцияларының шешімдерін қамтамасыз етеді. Кафе, мейрамханалардың және дәмханалар франчайзерлерінің орналасқан жерін қарастырсақ, олардың көбі қала орталықтарында және жанданған сауда орталықтарында орналасқан. Орналасу орнына байланысты мейрамханалардың көлемі мен интерьері де өзгереді. Осы мәліметтер бойынша, қоғамдық тамақтандыру саласындағы франчайзингтік компаниялардың – 2,8 %-ы мейрамханалардың үлесінде. Бұл осы салада мейрамханалардың кеңінен таралуымен айқындалады. Ал 2,3%-ы кафелер мен барлардың және асханалардың- 2%-ы франчайзингтік екені анықталды. Отандық франчайзинг нарығының сублицензиялық сипаты, халықаралық франчайзерлердің қазақстандық нарыққа әлі де болса сенімсіздікпен қарап, тікелей қарым-қатынастардың орнына ресей, түрік субфранчайзерлері арқылы жұмыс істеуді таңдайды. Атап айтқанда, түрік субфранчайзерлері "Магіоttі", "Интерконтиненталь" қонақүйлері, "Соса-Соlа" сусындар өндірісі, "Мапgо" киім дүкендері. Үшіншіден, Қазақстан нарығында шетелдік франшизалар саны басым. Жоғарыда аталған ерекшеліктерді бағалау барысында еліміздің шетелдік франчайзерлердің Орта Азия нарықтарына шығуының себепшісі болу мүмкіндігі айқ-ындалды. Мұнда отандық кәсіпкерлердің де өзіндік үлесі болатыны анық. Сонымен бірге еліміздегі ірі және шағын бизнес арасындағы ішкі франчайзингтік қатынастардың дамымауы оның басты кемшіліктерінің бірі болып тұр. Бұл кемшіліктің алдын алу үшін ірі мемлекеттік компаниялар аймақтық даму бағдарламасында шағын және орта бизнес субъектілеріне франчайзинг жүйесі арқылы қызметті жүгізудің технологиясы мен әдістерін ұсынуды қарастыру негізінде қол жеткізуіне болады. Қазіргі кезде осы бағдарлама аясында ұлттық байланыс операторы "Қазақтелеком" компаниясы кәсіпкерлерге интернеттегі уақытты жалға беру франшизасын, "Қазақстан темір жолы" франчайзинг негізіңде темір жолдарды жөндеу шеберханаларын жеке меншікке ұсынуда. Министрліктер, әкімдер және тағы басқа ведомстволар жылдан-жылға мол бюджеттік салымдарды игере алмай жатыр, сол үшін де олар үнемі үлкен сынға ұшырайды. Қаржыгерлер несиелеу және инвестициялау объектілерін үнемі іздестіру үстінде. Республикадағы ірі “АТФ Банк” жақын уақыттан бері әлемдік деңгейдегі компаниядан франшизаны сатып алып, қазақстандық компанияларға мақсатты несиелерді бере бастады. Бұл несиелеу бағдарламасы тек франчайзи үшін тағайындалған, кепілдік ретінде сатып алатын франшизаның өзі немесе ұзақ мерзімдік активтерді жіберу үшін алынған құрал-жабдықтар мен 6 түріндегі жылжымайтын мүліктің болуы мүмкін. “АТФ Банк” таяудағы 2-3 жылда өзінің несиелік портфеліндегі шағын және орта бизнестің үлесін қазіргі 35%-дан 50%-ға дейін арттыруды ниет етуде.

Отандық нарықтағы франчайзингтік негізде қызмет атқарушы кәсіпорындардың қызметін жан-жақты сараптау барысында олардың бәсекеге қабілеттілігінің басты көрсеткіші тұрақты пайда алу екені анықталды.

Егер де франчайзер мен франчайзидің мүдделері тұрғысынан шаруашылық сферасын реттеуші заңдар жинағын тұтас бағалауға талаптанып көретін болсақ, біріншісінің құқығы көбірек, ал екіншісініңкі – міндеттмелер болып табылады. Әйтсе де көп нәрсе, әрине, өздерінің арасындағы келісімшарттарды талқылауға байланысты. Бірақ ең бастысы – заңдылықтардағы басқа да ақаулар қалай болғанда да бірте-бірте түзеледі, ал қабылданған заңдарды орындаудың өзінде кемшіліктері болады. Коррупция деңгейі, соның ішінде жоғары дәрежелі шенеуніктердің арасында да төтенше деп айтуымызуға болады. Кейде бір-біріне қарсы келетін рулық үш жүздің ішінен біреуіне тиісті қазақстандық элиталардың әулеттік ұйымы көп мәнді жобаларды іске асыруда күтпеген қиыншылықтарға алып келеді. Франчайзингтік келісімшарттар ұлттық заңдылықтар мен жергілікті жағдайларға бейімделе бастаған шақта (ал бұл уақыт таудың арғы жағында емес) және “екі жақты есеп” пен құқықты иеленуші интеллектуалды пайдаланымының ұрлығы мәселелерін орындап шығуға мүмкіндік бере бастаған кезде франшизалар Ұлы Даланы қалыңдата жауып тастайды. Ең бастысы, Қазақстанға мақсатпен қарайтындар – бұл сәтті қалт жібермейді. Шынын айтқанда, Қазақстан Республикасының кен өндіруші өнеркәсібіне тым ертерек қол жеткізген шетел инвестицияларының франчайзингтік тәжірибесі осы сфераға ену, тіпті 3 жыл бұрынғыны салыстырғанда да бірнеше рет қиындағаны байқалғандығын көрсетеді. Өте ірі инвесторлардың өзі ұсыныстарын қарап талқылау үшін кезекке тұрды, ал ресми бас тартулар жағдайы оларға дағдылы іс болып та қалды. Барлық заңды мәселелер мен бюрократиялық қасиеттерге қарамастан қазақстандық кәсіпкерлер франчайзингке шын көңілмен қарайды, ал шетел брэндтері бұл жерде

Жылдан - жылға көбеюде және олардың иелері өктемдік жүргізуін ұзартуға бел байлаған. Күткеніміз сияқты, қарқынды өспелі төлемге қабілетті сұраныс барлық минустарды қайтадан таразылайды, өзіне тән дамушы елдерге біздің көршімізді жатқызуға болады.

2.2 Алматы қаласындағы франчайзингтік “РосИнтер Алматы”

кәсіпорынының, “IL Патио” және “English First” компаниясы

“Rostik International” халқаралық компаниясы 1981жылы Венесуеллада құрылған. 1989 жылы алғаш Ресей нарығына келді. Ал 1991 жылы ЖШС ретінде тіркеліп мейрамханалық және сурет – бизнесін біріктірген. Ал 1995 жылы стратегиялық бағытын мейрамханалық бизнеске өзгертіп қайта құрылды. Қазіргі таңда оның негізгі бағыты осы Ресей мен ТМД елдеріндегі мейрамханалық бизнес. Қазақстан Республикасында Ресейден бірталай франчайзерлері жұмыс істейді. “РосИнтер” – бұл тамақтандыру кәсіпорындарының пайдалылығы жоғары желісі. Қазір осы марка атауымен ТМД және Еуропа елдерінде 250-ге жуық мейрамхана бар, олардың 22-і Қазақстанда қызмет етеді. Тамақтандыру кәсіпорындарындағы шаруашылық қызметтің франчайзингтік үлгісін ұйымдастыру ерекшеліктері қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының франшизасы екі негізгі құрамдастан, яғни санаткерлік меншік объектілері мен көрсетілетін қызметтен тұратындығымен түсіндіріледі. Франчайзерлердің басым бөлігі франчайзингтік желі қызметіне бір жағынан, оның шығындарының төмендеуінен, екінші жағынан, бәсекелік артықшылықтарын арттырып, осыған сәйкес нарық үлесін өсіру негізінде пайда алады. Қазіргі кезде отандық нарықта бірқатар әлеуетті франчайзерлер тобы айқындалуда. “РосИнтер” компаниясының франчайзингтік желілерді дамытуда жоғары жетістіктерге қол жеткізуі – оның әлеуетті франчайзиді таңдап, оларды оқыту, бизнесті регламенттеу және желіні кеңейтуді қамтитын барлық мәселелерді табысты шешуімен айқындалады. Қазақстан нарығындағы франчайзинг негізінде қызмет ететін жылдам тамақтандыру саласындағы көшбасшы “РосИнтер Алматы” кәсіпорынының “Ростик`с”,“IL Патио” және “English First” мейрамханаларының франшизаларының сипаттамалары.

 

5 – кесте – Мейрамханалардың негізгі көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер “Ростик`с фудкорт”, “IL Патио” “English First”
Мейрамхананы/компанияны ашуға қажетті алғашқы жарна (АҚШ доллары)
Инвестиция мөлшері (АҚШ доллары) 170000-250000  
Роялти мөлшері (жалпы табыстан %)
Жарнамалық қорға төленетін мерзімдік төлемдер (%) 2-4
Мейрамхана/компанияны ашуға қажетті алаң мөлшері (шаршы метр)     200-300  
Ескертпе – ҚФҚ мәліметтері негізінде автор құрастырған

 

 

Кесте мәліметтері бойынша, Алматы қаласындағы “Рамстор” сауда кешенінде орналасқан “Ростик’с” мейрамханасын ашу үшін қажетті алғашқы жарна 25000 АҚШ долларын, ал инвестиция мөлшері 170-250 мың АҚШ долларын құрайды. Роялти ай сайынғы жалпы табыстың 7 %-нан тұрады. “IL Патио” мейрамханасының алғашқы жарнасы 40 мың АҚШ доллары және инвестиция мөлшері 500 мың АҚШ долларын құрайды. Бұл жағдай, яғни, бір компанияның франшиза құнының әр түрлі болуы әрбір мейрамхана тұжырымдамаларының өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты.

Аталған төлемдерді мейрамханалардың ашылған кезден 3 - 6 ай өткеннен кейін өтеуіне мүмкіндік беріледі. Жарнамалық қорға төленетін мерзімдік төлемдер осы аймақтағы жарнама науқаны кезінде франчайзердің жарнамалық шығындарының белгілі мөлшері ретінде төленеді. Әлемдегі білім беру саласындағы ағылшын тілін үйретуге маманданған “English First” компаниясы Қазақстандағы жеке меншік франчайзингтік кәсіпорындардың бірі болып табылады. Компанияның мектептері дүние жүзінің 50 мемлекетінде жұмыс атқарады. Оның алғашқы жарнасы 30 мың АҚШ доллары, ал қажетті инвестициялары 160 мың АҚШ долларын құрайды. Роялти мөлшері алдыңғы екі кәсіпорынмен салыстырғанда жоғары – 10%, оның себебі – білім беру саласындағы шығындар мейрамханалармен салыстырғанда төмен. Жоғарыдағы келтірілген мәліметтер екі компанияның бизнесін жүргізу үшін франчайзингті таңдауы, оның кәсіпкерліктің бірден-бір тиімді бағыты екенін дәлелдейді. Қазақстан франчайзинг қауымдастығының мамандарымен бірге жүргізілген зерттеулер бойынша Қазақстан нарығындағы франшизалардың көпшілігінің құны 5000 АҚШ долларынан басталып, 500000 доллар шамасы аралығын қамтитыны айқындалды. Алайда, еліміздің көптеген кәсіпкерлерінің осындай сомаларды төлеуге қаржылық мүмкіндіктері жоқ, бұл франчайзингтің дамуын тежеуші факторларының бірі болып табылады.

Франчайзерлердің басым бөлігі франчайзингтік желі қызметіне бір жағынан, оның шығындарының төмендеуінен, екінші жағынан, бәсекелік артықшылықтарын арттырып, осыған сәйкес нарық үлесін өсіру негізінде пайда алады. Қазіргі кезде отандық нарықта бірқатар әлеуетті франчайзерлер тобы айқындалуда. “РосИнтер” компаниясының франчайзингтік желілерді дамытуда жоғары жетістіктерге қол жеткізуі – оның әлеуетті франчайзиді таңдап, оларды оқыту, бизнесті регламенттеу және желіні кеңейтуді қамтитын барлық мәселелерді табысты шешуімен айқындалады. “РосИнтер” – бұл тамақтандыру кәсіпорындарының пайдалылығы жоғары желісі. Қазір осы марка атауымен ТМД және Еуропа елдерінде 250-ге жуық мейрамхана бар, олардың 22-і Қазақстанда қызмет етеді. Тамақтандыру кәсіпорындарындағы шаруашылық қызметтің франчайзингтік үлгісін ұйымдастыру ерекшеліктері қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының франшизасы екі негізгі құрамдастан, яғни санаткерлік меншік объектілері мен көрсетілетін қызметтен тұратындығымен түсіндіріледі. Сонымен қатар басты қиындық франчайзингтік компаниялардың ешбір әкімшілік органдарда тіркелмеуінен туындайды. Аймақтық және қалалық әкімшіліктердің кәсіпкерлікті қолдау департаменттерінде франчайзингті тіркеу және қолдау бөлімдерін құру тиімді болар еді. Франчайзерлердің басым бөлігі франчайзингтік желі қызметіне бір жағынан, оның шығындарының төмендеуінен, екінші жағынан, бәсекелік артықшылықтарын арттырып, осыған сәйкес нарық үлесін өсіру негізінде пайда алады. Осы мақсатпен “РосИнтер Алматы” компаниясы келесідей

іс-шараларды жүзеге асырады:франчайзингтік кәсіпорын тұжырымдамасы тиімділігін дәлелдеу, оның беделінің параметрлерін анықтау, әзірлейтін тағамдар мен ұсынатын қызметтер сапасын талдау, жұмыс әдістерін, қолда бар жүйесін басқа кәсіпорындарға ұсыну мүмкіндігін айқындау, роялтиді өтеуі, еңбек ақыны, франчайзердің құрылған жүйеден алатын пайдасын есептеу.

 

6-кесте – “РосИнтер Алматы” компаниясы келесідей іс-шараларды жүзеге асырады:

 

- Ас мәзірі; - “Фирмалық тағамдарды”, коктейльдерді әзірлеу технологиялары мен рецептурасы; - Қажетті жабдықтардың ерекшелігі және оларды орналастырудың жоспары; - Жобаны әзірлеудің техникалық тапсырмасы; - Дайын тағамдар мен сусындарды үлестірудің дизайны; - Қызметкерлерінің атқарымдық міндеттерін анықтайтын бойынша еңбек ақы мөлшері; және қонақтарға стандартты қызмет көрсету; Ø Тағайындалған жабдықтаушылардың тізімі.

- Ғимараттарды таңдау критерилері және таңдалған орнының мейрамхана қ
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Организационно-технические условия | Можно сначала выбрать корпус, а затем под него развести печатную плату

Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 833; Нарушение авторских прав




Мы поможем в написании ваших работ!
lektsiopedia.org - Лекциопедия - 2013 год. | Страница сгенерирована за: 0.017 сек.