Студопедия

Главная страница Случайная лекция


Мы поможем в написании ваших работ!

Порталы:

БиологияВойнаГеографияИнформатикаИскусствоИсторияКультураЛингвистикаМатематикаМедицинаОхрана трудаПолитикаПравоПсихологияРелигияТехникаФизикаФилософияЭкономика



Мы поможем в написании ваших работ!




Блиц тест. 1. Әртекті заттардың массасынның алып жатқан бар көлемге қатынасымен анықталынатын шама

1. Әртекті заттардың массасынның алып жатқан бар көлемге қатынасымен анықталынатын шама


A. Тығыздық

B. Көлемдік тығыздық

C. Қатысты тығыздық

D. Ұсақталған тығыздық

E. Дұрыс жауабы жоқ


2. Анықталған ортаның шартына сай ρ-зат тығыздығының ρэт- эталонды зат тығыздығына қатынасы. ρқат =ρ/ρэт;


A. Тығыздық

B. Көлемдік тығыздық

C. Қатысты тығыздық

D. Ұсақталған тығыздық

E. Дұрыс жауабы жоқ


3. Әдетте қандай температурада қатты және сұйық металлдардың тығыздығын судың тығыздығымен (1000 кг/м³)салыстырады?


A. 100°С

B. 4°С

C. 25°С

D. 6°С

E. 18°С


4. Тығыздық қандай формуламен анықталынады?


A. ρ=m/Vе

B. ρ=m/V

C. ρ=mе/V

D. ρ=m/Vе

E. дұрыс жауабы жоқ


5. Кристалл торы жалпы түрде қандай параметрлермен сипатталады?


A. а, b, с тор параметрлерімен

B. координат осі α,β,ɣ арасындағы бұрышпен;

C. координациялық санмен; ŋ каэффициентімен

D. формуладағы Z бірлік санымен

E. барлық жауап дұрыс

 


 

 

Лабораториялық жұмыс №5

Қос қорытпадағы диаграмманың фазалық тепе-теңдігін анализдеу.

Терминдер мен анықтамалар.

Тәжірибелік жұмыстың мақсаты-шынайы екі түрлі жүйенің тепе-тең фазаның диаграммасын анықтау.

Фазалық тепе-теңдіктің диаграммасын (күй диаграммасы)– күй параметрлері (температура, құрам, қысым) арасындағы графикалық кескіндеме, термодинамикалық жағынан жүйеге тең, яғни өз концентрациясына тәуелді компоненттің жүйедегі анықталған кез келген қорытпаның фазалық күйі.

Компонент -қорытпа құраушы негізгі химиялық элемент бөлігі.

Конода- көлденең сызық, оның ұшы тепе-тең,өз бетінше өмір сүретін фазамен және оның құрамындағы компонентпен шектелген; фаза құрамын анықтайды.

Ликвидус -күй диаграммасындағы әр түрлі компоненттер құрайтын бинарлы қорытпаның қатып қалған нүктенің бастапқы көлденең орны.

Фигуралы нүктелердің сызығы -қорытпаның химиялық құрамына байланысты күй диаграммасының тік сызығы.

Ерітіндінің шекті сызығы -компоненттің еру өзгерісімен температура өзгерісін сипаттайтын күй диаграммасындағы бинарлы қорытпа.

Перитектика -фазаның механикалық қосындысын анықтайтын құрылымды қорытпа; ол алдында қатқан фазамен анықталатын күйдің кристалданған сұйық бөлігін анықтайды.

Қатты ерітінді -қатысты компонент өзгермелі болатын және оның біреуі (еріткіш) кристалды торды сақтап қалатын, ал басқа компоненттің атомы осы компоненттің торында орналасып, оның өлшемін есептей отырып есептейтін қорытпаның бірфазалы қатты күйі.

Жүйе (гетерогенді) - термодинамикалық, әртекті макроскопиялық жүйе. Ол әр түрлі физикалық және химиялық бөлшектен тұрады.

Химиялық қосылыс- оны құрайтын кристалл торы компонент торынан өзгеше фаза.

Солидус - күй диаграммасындағы нүктенің геометриялық орны.

Құрамды құрылымды - біртекті құрылыс пен бөлшектің жоғары бөлігінен өзгешеленген қорытпа бөлігі.

Фазалық құрам -әр түрлі фаза материалындағы құрамның санды сипаттамасы.

Химиялық құрам -химиялық элементтің материалындағы құрамның санды сипаттамасы.

Құрылуы -заттың тұрақты байланысының қатысы, ол негізгі қосылысты сақтайды.

Микроқұрылыс -гетерогенді жүйенің құрылатын фазаның қалпы, өлшемі, саны. Ол электронды және оптикалық микроскоппен анықталады.

Фигуралы нүктелер -берілген температурадағы жүйенің физикалық және химиялық құрамын анықтайтын күй диаграммасындағы нүктелер.

Фаза - зат жүйесінің термодинамикалық тепе-теңдігі. Агрегатты күйін, атом құрылымы мен құрылысын, сонымен қатар сол заттың басқа мүмкін тепе-теңдік құрамының шекарасын анықтайды.

Эвтектика - фазаның механикалық құрылысын анықтайтын, екі фазаның бір мезгілде кристалдануын қайталайтын құрылымды қорытпа құрамы.

Эвтектоид - фазаның механикалық құрылысын анықтайтын, екінші рет екі фазаның бір мезгілде кристалдануын қайталайтын құрылымды қорытпа құрамы.


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Теория негізі. 1.1. Қарапайым қорапшаның параметрі, сингониясы және көлемі | Теория негізі

Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 285; Нарушение авторских прав




Мы поможем в написании ваших работ!
lektsiopedia.org - Лекциопедия - 2013 год. | Страница сгенерирована за: 0.003 сек.