Студопедия

Главная страница Случайная лекция


Мы поможем в написании ваших работ!

Порталы:

БиологияВойнаГеографияИнформатикаИскусствоИсторияКультураЛингвистикаМатематикаМедицинаОхрана трудаПолитикаПравоПсихологияРелигияТехникаФизикаФилософияЭкономика



Мы поможем в написании ваших работ!




Етістік нені білдіреді?

A) заттың қимылын, амалын, жай – күйін білдіреді

B) заттың сынын, сапасын, көлемін білдіреді

C) іс - әрекеттің мекенін, мезгілін білдіреді

D) заттың, құбылыстың атын білдіреді

E) заттың қатарын, мөлшерін білдіреді

 

9. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін табыңыз

А) есім сөздер

В) бастауыш, баяндауыш

С) толықтауыш, пысықтауыш

D) одағай, шылау

Е) анықтауыш, қыстырма сөздер

 

10. Себеп бағыныңқы құрмаласты табыңыз

A) Тысқа шыққан Сырбай оралғанша, Рахмет хатты төрт-бес рет оқып шықты.

B) Екі көзі қанталған, денесі ашумен булығып қалшылдайды.

C) Іздеушілер көрмесін деп, біз тасалана қалдық.

D) Жолаушылар Алматыдан келді.

E) Қолынан келер бөтен жәрдем болмаған соң, ол қызға жылы сөзімен қайрат береді.

 

11. Қай сөз омоним бола алмайды?

A) бас

B) ара

C) түс

D) сөйле

E) ер

 

12. Екінші жақтың жекеше түрінде тұрған жіктеулі сөзді көрсетіңіз

A) студентсіз, экономистсіз, инженерсіз

B) студенттер, экономистер, инженерлер

C) студент, экономист, инженер

D) студентпін, экономистпін, инженермін

E) студентке, экономистке, инженерге

 

13. Одағайды табыңыз

А) сосын

В) алда

С) қап

D) сірә

Е) сеніңше

 

14. ІІІ жақтағы тәуелдеулі сөзді көрсет

A)мектебім,балам

B)мектептер,балалар

C)мектеп,бала

D)мектебі,баласы

E)мектебің,балаң

 

15.Сөз қатаң дауыссызға аяқталса, қандай көптік жалғау жалғанады?

A) –тар, -тер,

B) –дар,-дер,

C) –дер,-тер,

D) –лар,-лер,

E) –ыңыз, -іңіз,

 

16. «Қанша? Неше?» сұрақтары қандай үстеуге жауап береді?

А) мекен үстеу

В) мезгіл үстеу

С) мөлшер үстеу

D) қимыл-сын үстеу

Е) мақсат үстеу

17. Сан есімді тіркесті табыңыз

А) үйдің іші

B) тоғыз дәптер

C) дана қария

D) қайырлы күн

E) жақсы студент

 

18. Сұраулы сөйлемнен кейін .... қойылады

A) сұрақ белгісі

B) сызықша

C) жақша

D) нүкте

E) үтір

 

19. Зат есімнен болған етістікті табыңыз

A) ұрыс

B) суар

C) ұшар

D) ұзама

E) көр

 

20. Дара сын есімді көрсетіңіз

А) ақ, сұр, көк

B) қап-қара, ең биік

C) ана, ата, әке

D) дала, қала, ауа

E) бар, кел, жүр

 

21. Тәуелдеулі есімдікті табыңыз

А) кімім, нем, ештеңесі

B) балам, анам, ұлым

С) үйге, далаға, сізге

D) бұны, осыны, ананы

Е) ешкім, ешбір, дәнеңе

 

22. Осы шақтағы етістікті табыңыз.

А) Оның мақаласы жарыққа шықты.

В) Той болып жатқан еді.

С) Ол оқуға кірісті.

Д) Рұқсат сұрауға дәті шыдамады.

Е) Көптеген жаңа бұйымдар өндірілуде.

 

23. Құрамды етістікті табыңыз.

А) уәде бер.

В) айта бар.

С) келе сал.

Д) айтып сал.

Е) барып қал.

 

24. Ұлттық тағамдар қатарын табыңыз.

A) бауырсақ, құрт, наурыз көже

B) қуырдақ, шай, сүт

C) қазақша ет, шұбат, шырын

D) көже, палау, манты

E) түшпара, салат, қымыз

 

25. «Қазақстанның» сөзіндегі ілгерінді ықпалдың үндестік орнын көрсетіңіз

A) түбір мен қосымша аралығында

B) күрделі сөзде

C) қос сөзде

D) тіркес сөзде

E) түбір сөзде

 

26. Өткен шақта тұрған етістікті көсетіңіз

A) барамын

B) бардым

C) барармын

D) бармақшымын

E) барасың

 

27. Анықтауыштың сұрақтарын көрсетіңіз

А) кім? не? қандай? қай?

В) қашан? қалай? кімдер? кімнің?

С) қандай? қай? нешінші? қаншасыншы?

D) қалай? қайтіп? кім? не?

Е) не себепті? неліктен? қалай?

 

28. Біріккен үстеуді көрсетіңіз

А) биыл

В) анда санда

С) бүрсігүні

D) жорыта

Е) ертең, кешке

 

29. Күрделі реттік сан есімді табыңыз

A) он-он бес

В) екі бүтін оннан үш

C) он бір кітап

D) он бірінші үй

E) жасы жетпіс алтыда

 

30. Жаңбыр жауып тұр ма? Қандай сөйлем түріне жатады?

A) лепті

B) сұраулы

C) хабарлы

D) бұйрықты

E) жай

 

5-нұсқа

1. Етістіктен жасалған зат есімді анықтаңыз

A) қиыншылық

B) айтыс

C) шеберхана

D) жолдастық

E) күші

2. Сапалық сын есімді табыңыз

А) үлкен, әдемі, сұлу

B) қара, су, өзен

C) бір, бес, жақсы

D) сабақ, студент, алыс

E) берді, жүру, отыр

 

3. Туынды сын есім қалай жасалады?

А) жалғау арқылы

B) жұрнақ арқылы

C) есімше арқылы

D) көсемше арқылы

E) есімше, көсемше арқылы.

 

4. Сөйлемдерден белгісіздік есімдікті табыңыз

А) Кейбір студенттер жақсы оқиды.

B) Студенттердің бәрі дәрісте отыр.

С) Мынау - менің туған ауылым.

D) Бұл бала – менің інім.

Е) Бүгін ешкім келмеді.

 

5. Етістіктің жедел өткен шағын көрсетіңіз.

А) жеткізер

В) жеткізген

С) жеткізетін

D) жеткізеді

Е) жеткізді

 

6. Жазда ауа-райы қандай болады?

A) суық, кейде жылы, аяз

B) желсіз, аспан ашық, ыстық

C) салқын, жаңбыр, жиі

D) аппақ қар жауып, жиі боран

E) қар еріп, күн жылы

 

7. Өзгелік етісті табыңыз

А) айтып, қалған.

В) жинас, сөйлесті.

С) жаздыр, сөйлет.

D) таран, мақтан.

Е) оқыр, болар.

 

8. Тұйық етістікті көрсетіңіз

A) жинады

B) жинаған

C) жинау

D) жинапты

E) жинамақ

 

9. Есімшеден жасалған бастауышты табыңыз

А) Қайсар қыстауды әлі таба алмай келеді.

В) Жақсы - ісімен жақсы.

С) Жығылған күреске тоймайды.

D) Басында құндыздаған қара пұшпақ бөрік.

Е) Жаңа ғана жаққан сабанның иісі мұрынды жарып барады.

 

10. Мақсат бағыныңқы құрмаласты табыңыз.

A) Қазір де Абай көңілі қандай салқын болса, Ділдә да сондай салқын.

B) Күзетші сезіп қалмауы үшін, біз жыраның ішімен еңбектеп кеттік.

C) Кітабым болмағандықтан, дайындығым нашар.

D) Тезек бықсып жанбаған соң, келіншек еңкейіп үрлеп отты жандырды.

E) Патша тағынан түсіп, Жәуке түрмеден құтылып үйіне келіп еді.

 

11. Әрі жуан, әрі жіңішке дауысты болып келетін дыбысты табыңыз

A) Е

B) Ы

C) Ұ

D) А

E) У

 

12. Шығыс септігіндегі сөзді табыңыз

A) қабатқа

B) қабатты

C) қабаттан

D) қабатпен

E) қабатта

 

13. «Арманыма» сөзіндегі соңғы қосымша

A)Тәуелдік жалғау

B)Көптік жалғау

C)Жіктік жалғау

D)Барыс септік

E)Септік жалғау

 

14. Жатыс септіктегі сөзді көрсетіңіз

A) менде

B) менен

C) мені

D) менің

E) менімен

 

15. Өте, тым, ең үстеулері мағынасына қарай қандай үстеуге жатады.

А) күшейткіш үстеу

В) себеп-салдар үстеу

С) мақсат үстеу

D) қимыл-сын үстеу

Е) мекен үстеу

 

16. Сан есімнің мына сөйлемде атқаратын қызметін анықтаңыз

Жеті жұрттың тілін біл.

А) пысықтауыш

B) анықтауыш

C) бастауыш

D) толықтауыш

E) баяндауыш

 

17. Лепті сөйлемнен кейін .... қойылады

A) сұрақ белгісі

B) тырнақша

C) леп белгісі

D) үтір

E) нүкте

 


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
A) барыс септік | Зат есім дегеніміз не?

Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 553; Нарушение авторских прав




Мы поможем в написании ваших работ!
lektsiopedia.org - Лекциопедия - 2013 год. | Страница сгенерирована за: 0.011 сек.