|
Есім хан (1598-1628) 14 pageDate: 2015-10-07; view: 1304. Әсіресе Қазақстан тарихы қатты бұрмаланды. Тарихшылар тек Кеңес заманының жетістіктерін зерттеуге жұмылдырылды. Тəуелсіздік үшін күрескен қайраткерлер буржуазияшыл-ұлтшыл ретінде сипатталды. Кеңес билігі тұсындағы ауыр нəубеттердің сырын ашуға бағытталған зерттеулер жүргізуге тыйым салынды.
Әдебиет және өнер Республика жазушыларының ішінен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, танымал сөз шебері Ғ.Мүсірепов ең жоғары Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды. “Қан мен тер” трилогиясының авторы Ə.Нұрпейісов жəне ақын Ж.Молдағалиев КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды. І.Есенберлин хан Кенесары туралы тарихи шындықты ашық жазып, əдебиет тарихында батыл қадам жасады. Шығармаларын орыс тілінде және екі тілде жазатын қазақ жазушыларының шоғыры дүниеге келді: Ә.Әлімжанов, О.Сүлейменов, Б.Момышұлы. Ə.Əлімжанов Əл-Фараби туралы жазған “Ұстаздың оралуы” романы үшін Дж.Неру атындағы халықаралық сыйлыққа ие болды. 1961 жылы О.Сүлейменов тұңғыш ғарышкерге арнап “Адамға табын, Жер, енді” поэмасын жазды. Тілі орысша болса да, шығармаларынан ұлттық реңк айқын сезіліп тұратын еді. Қазақ халқының басынан өткерген ауыр кезеңдерді бейнелеп, бірегей жеке тұлғаларды өз шығармаларында кейіптеген жазушылар - Т.Ахтанов, Қ.Жұмаділов,М.Мағауин,Ə.Кекілбаев, С.Сматаев. Көркем əдебиетте елеулі орын алған оқиға қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі болды. Ш.Аймановтың “Атаманның ақыры”, С.Қожықовтың “Қыз Жібек” фильмдері халық арасында ілтипатпен қабылданды. Эпостық шығармаларды сахналаумен беделді болған ұлттық театр1980 жылдары деңгейін төмендетіп алды . Ш.Айтматовтың "Құс жолы" повесі, Ə.Нұрпейісовтің "Қан мен тер" романының сахналық үлгілерін жасау театрға уақытша бедел сақтау мүмкіндігін әперді. Н.Тілендиев этнографиялық оркестр құрып, əн жазуды ұлттық сарындағы аспапты музыканы уағыздаумен ұштастырды. Ə.Дінішевтің есімі əлемге əйгілі болды. Музыка мәдениетінде әлем эстрадасының деңгейіне жеткен туындылар мен көркемһнер ұжымдары дүниеге келді. “Дос-Мұқасан” ансамблі, əншілер Р.Рымбаева, Н.Есқалиева халықаралық сайыстар лауреаты атанып, шетелдерге танылды. 1980 жылдары республика тұрғындарының 75%-ы теледидар көре алатын болды. 4 республикалық, 19 облыстық бағдарламалар телехабарлар таратты. Республикада “Қазақ совет энциклопедиясының бас редакциясы”, “Қайнар”, “Жалын”, “Өнер” баспалары құрылды. 1978 жылы 12 томдық “Қазақ совет энциклопедиясын” шығару аяқталды.1978 жылы республикада 19 мыңнан астам кітапхана болды. Бірыңғай кітап қорында 160 млн-нан астам кітап жинақталды. 1970 жылдары әл-Фарабидің туғанына 1100 жыл толуы, Азия және Африка жазушыларының V мәслихаты өткізілді.
IX тарау. Қазақстан түбегейлі бетбұрыстар кезеңінде. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары 1980 жылдардың ортасына қарай Коммунистік ұлыдержавашыл аппараттың кеңес қоғамын дағдарыстан алып шығуға қабілетсіз екендігі белгілі болды. 1985 жылы наурызда КОКП-ның басшылығына М.С.Горбачев бастаған жаңашыл топ келді. 1985 жылдың сәуір пленумында әлеуметтік-экономикалық дамудың жеделдету бағыты қабылданды. 1986 жылдың ақпанында болған КОКП-ның ХХYII съезі жаңа саясат жүргізудің негіздерін айқындап берді. Қысқа мерзім ішінде экономикада тежеуші факторларды жою, ҒТП-ны жеделдету, адамдардың тұрмыс деңгейін көтеру, саяси даму саласында демократиялық ұстанымдарды енгізу, сайлау жүйесін өзгерту, халықтың саяси белсенділігін арттыру, партия мүшелерінің моральдық келбеті мәселелері де айтылды. Қайта құру мен қоғамды демократияландыру үдерісіндегі қадам 1987 жылы жасалды. М.Горбачев кеңес қоғамы дамуының негізгі кезеңдеріне талдау жасады. Сталинизмнің жан түршігерлік қылмысты әрекеттері жайында ашық айтылды. Алайда КОКП басшылығы қайта құруды баянды ете алмады, көптеген жолсыздықтар мен заңсыздықтарға жол берді. 1986 жылдың желтоқсанына дейінгі бір жыл сегіз ай ішінде республикада қоғамдық-саяси даму бағыттарын қозғаған реформалар болған жоқ. Бұл жағдай Қазақстандағы басшылықты ескі тәсілмен – бір күнде ауыстыра салу әрекетіне итермеледі. 40 жылдан астам Қазақстан үкіметінің, республика партия ұйымының басшылығында болған дарынды қайраткер Д.А.Қонаев (1912-1993ж.ж.) КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшелігіне дейін көтерілді. Д.Қонаев тұсындағы қол жеткен жетістіктер: табиғи байлықтарды игеру кең ауқымда жүргізілді, ауыр өнеркəсіп өсу үстінде болды, ұлт зиялы қауымы жаңа сапалық деңгейге көтерілді. 1986 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің V пленумында ұйымдастыру мəселесі қаралды. КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Г.П.Разумовский ұсынысымен Д.А.Қонаевтың орнына Г.В.Колбин тағайындалды (1986-1989). Г.В.Колбин Грузияда республикалық партия ұйымының екінші хатшысы, Ульяновск облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған. Орталық баспасөз “ұлтаралық қатынастар мəселелерін жақсы білетін маман” деп жазып жатты. Қоғамда жарияланған мақсаттар мен нақты өмір арасындағы күрделі қайшылық нəтижесі 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғаларына əкеп тіреді. Қоғамдық- әлеуметтік, мәдени салаларды қамтыған өрескел кемшіліктер, ұлт мәселесінің шиеленісуі жастарды ашық қимылға еріксіз алып келді. Басшылықтың ауыстырылуы жаппай наразылықтың шығуына түрткі болды. 1986 жылғы 17 желтоқсанда Алматыда Брежнев атындағы алаңда жаппай толқу басталды. Жиналғандар орталықтың кадр саясатын жүргізудегі өктемдігіне наразылық білдірді. Лениндік ұлт саясатының дұрыс жүргізілуін, республиканың егемендігін сыйлауды, жергілікті халық арасынан саяси қайраткерлердің шығуына кедергі келтірмеуді, ұлттық тіл мен мәдениеттің дамуын қамтамасыз етуді талап етті. Брежнев атындағы алаңдағы шеру бейбіт жəне саяси сипатта болды. 18 желтоқсанда сағат 13-те алаңға əскери училищенің жеке құрамасы енгізіліп, Орталық Комитет үйі қоршауға алынды. КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің шекара училищесінің курсанттары ерекше қатыгездік көрсетті.“Бұрқасын-86” атты құпия жедел жоспар жасалды. Ол жоспар бойынша жастарға қылмыскер немесе ұлтшыл деп айдар тағып, арандатушылық бағытқа бұрып жіберуге мүмкіндік алды. Бұл жоспар кейіннен әдейі құртылып жіберілгені белгілі болды. Шеруді тарату кезінде сойылдар, саперлік күректер, үйретілген иттер, өрт сөндіруші машиналар , бронды транспортерлер пайдаланылды. Ұсталған жастарды аязда бірнеше сағат бойы қар үстіне жатқызды. Жастарды қаладан алысқа əкетіп, жұқа жəне су киімдерімен түнгі аязда ұстады. Бейбіт шеру күшпен басылғаннан кейін, аса қатыгездікпен және мейірімсіздікпен жаппай жазалау басталды. Желтоқсан оқиғаларын тексеру комиссиясының төрағасы М.Шаханов Швеция мен Англияның университеттерінде оқыған дәрістерінде көрсетілген мәліметтер бойынша: 8,5 мыңға жуық адам ұсталып, жаза тартты. 1720 адам жарақат алды. 99 адам сотталды, оның екеуі өлім жазасына кесілді. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам жұмыстан қуылды. Жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды. 246 студент оқудан шығарылды. Желтоқсан құрбаны - Қайрат Рысқұлбеков, Алматы архитектура құрылыс институтының студенті. Оған “жасақшы С.Савицкийді өлтірді” деген айып тағылды. Құқық қорғау жүйесінің 5 қызметкері “кісі өлтірушіні тез тапқаны үшін” марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Қайраттың өлім жазасына кесілуі дүниежүзілік қауымдастықтың наразылығын тудырды.Чехословакияның,Польшаның, Венгрияның, АҚШ-тың қоғам қайраткерлері мен зиялыларынан қарсылық хаттары келіп жатты. Қайрат абақтыда жұмбақ жағдайда қаза тапты. Желтоқсан оқиғалары алғашқы күннен бастап халыққа бұрмаланып түсіндірілді. Алматыға арнайы жіберілген КОКП ОК Саяси Бюросының мүшесі М.С.Соломенцевтің нұсқауы бойынша бұл оқиғаларды “Маскүнемдер мен нашақорлардың бұзақылық, ұлтшылдық арандату əрекеттері” деп түсіндірілді. 1986 жылғы Алматы оқиғалары қазақ топырағына ұлттық санасын намысы жетелеген қайсар буынның келгенін әйгіледі. Желтоқсан оқиғалары Кремль әкімшілігінің саяси мәдениетінің мейлінше төмендігін айқындады. Кәсіпорындарда темір таяқтармен, шынжырлармен қаруланған 16 мың адамнан тұратын жасақты орыс және өзге славян ұлтынан құру арқылы компартия басшылары екі ұлттың – қазақ пен орыстың арасына сына қағып, дүрдараздық психологияны өршітті. Желтоқсан оқиғалары кейінгі кезеңде экономикалық реформалардың, әлеуметтік бетбұрыстардың соны қарқынмен өрістеуіне себеп болды.
Қоғамды жаңарту шараларының қарқын алуы Қазақстанда Г.Колбин генерал-губернатор миссиясын атқарды. Республика кадрларының жоғарғы легін тазалаудан өткізді. 1989 жылы КСРО халық депутаттарының I съезінде Халықтық бақылау комитетінің төрағасы қызметіне сайланып, Қазақстаннан кетті. 1989 жылы маусымда Қазақстан КП Орталық Комитетінің 1-хатшылығына Н.Назарбаев келді. Халықты “қазақ ұлтшылдығы” деген айыпты атақтан арашалауға күш салынды. 1987 жылы қазақ жəне орыс тілдері туралы Қаулылар шықты. 1989 жылы 22 қыркүйекте “Қазақ КСР-дегі тілдер туралы Заңды” республиканың Жоғарғы Кеңесі қабылдады. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі болып жарияланды. Республикада қазақ тілін қайта түлету жəне дамыту жөнінде жұмыстар атқарылды. 1990 жылдың маусымынан 1991 жылдың маусымына дейін қазақ тілінде тəрбиелейтін 482 балабақша, қазақ тілінде білім беретін 155 мектеп, 4 кəсіптік-техникалық училище ашылды. Іс қағаздарын қазақша дайындайтын жəне қазақ тілінде басатын мамандар даярлайтын кəсіптік-техникалық училище жұмыс істеді. Жоғары оқу орындарында қазақша факультеттер, бөлімдер ашылды, қазақ тілін үйрететін топтар құрылды. Өзге ұлттық топтардың – татар, украин,неміс, ұйғыр, түрік тілдерінде оқытатын мектептер ашылды. Қазақстан Компартиясы ОК-нің идеология мен ғылым мəселелері жөнінде әр жылдары қабылдаған бірқатар қаулыларының күші жойылды. Бұл шаралар тыйым салынып келген көптеген көркем шығармаларды терең зерттеуге мүмкіндік туғызды. 1988 жылы Қазақстан компартиясы ОК-нің қаулысымен 30-50-жылдары жазықсыз жазаға ұшыраған қазақ зиялыларының бір тобы ақталды. Ақын, философ Ш.Құдайбердіұлы (1858-1931), жазушы əрі ғалым Ж.Аймауытов (1889-1931), жазушы, педагог М.Дулатұлы (1885-1935), тіл, əдебиет, саясат, ғылым, журналистика салаларында мол мұра қалдырған А.Байтұрсынұлы (1873-1937), атақты ақын, белгілі саясатшы, педагог М.Жұмабаев (1893-1938 ). Баспасөз беттерінде көрнекті қоғам жəне мəдениет қайраткерлерінің өмірі мен қоғамдық қызметтерінің шындықтары айтылған материалдар жариялана бастады. Олар – Ə.Бөкейханов, М.Тынышбаев, Х.Досмұхамедұлы, Ж.Досмұхамедұлы, М.Шоқай, Қ.Жұбанов.
Демократияландыру үрдісінің одан әрі жалғасуы 1980 жылдардың соңында қозғалыстар мен саяси бірлестіктер пайда бола бастады. Олардың ішіндегі ең ірілерінің бірі- “Невада-Семей” антиядролық, экологиялық қозғалысы болды. 1989 жылы 28 ақпанда құрылған бұл қозғалыстың жетекшісі – О.Сүлейменов. Мақсаты: Семей ядролық полигонын жабу. Сонымен қоса “5-5” формуласы бойынша əлемдегі ірі полигондарды жою, ядролық соғыс қаупін ыдырату. 1990 жылдың жазында “Азат” азаматтық қозғалысы құрылды.Саяси-əлеуметтік мақсаты: егеменді ел болу, жеке мемлекет ретінде əлемдік қауымдастыққа ену. “Славян” қоғамы Қазақстанда тұратын cлавян текті ұлт өкілдерінің мүдделерін қорғау мақсатында құрылды. Қазақстандық немістердің “Видергебурд” (қайта өрлеу) ұйымының мүшелері көп, қаражаты мол, танымал бірлестікке айналып, Германиямен тығыз байланыста болды. 1990 жылдың соңында саяси-қоғамдық бірлестіктер саны жүзден асты. 1991 жылдың маусымында “Қазақ КСР-дегі қоғамдық бірлестіктер туралы” заң қабылданды. Республикада көппартиялық саяси құрылымның негізі қалана бастады. 1989 жылдың күзінде Қазақстанның Жоғарғы жəне жергілікті кеңестерінің сайлауы өтті. Алғаш рет балама кандидаттар дауысқа түсті. 1990 жылға таман партияның барлық іске араласуына шек қойыла бастады. Кеңестер алғаш рет өздерінің төл істерімен айналысып, заң шығарды, мемлекеттің даму үрдісіне қатысты өзекті мəселелерді талқылап, шешімдер қабылдады. 1989 жылғы маусымдағы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында ірі бас көтеру болды. Әлеуметтік мәселелер ашық наразылыққа шығуға мәжбүр етті. Олар: жастар арасындағы жұмыссыздық, жұмыс күшін вахталық əдіспен сырттан əкелу, тұрғын үй бөлуде жəне балабақшаға орналастыруда бұрмалаушылыққа жол берілуі, сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерінің жұмысындағы ірі кемшіліктер. Əлеуметтік қақтығыстың түрткісі: вахталық әдіспен келгендердің жергілікті халықтың дәстүрлерімен санаспауы, дөрекі түрде кемсітуі. Жанжал алдымен жергілікті ұлт өкілдері мен кавказдықтар арасындағы қайшылықтан басталды. Сырттай қарағанда ұлтаралық қақтығыс сипатында өтті. Бұл жанжал құқық қорғау орындары мен арнайы тапсырмалы əскерлердің күшімен тоқтатылды. Бірақ көптеген мəселелер бұрынғысынша шешілмей қалды. 1989 жылғы шілде айындаРесейдегіКузбасс,Украинадағы Донбасс кеншілерінің ереуілге шығуыҚарағандыдағы кеншілер ереуіліне ықпал етті. Олар экономикалық жəне саяси талаптар көтерді: еңбекақыны арттыру, азық түрлерін көбейту, шахталардағы жұмыс жағдайын жақсарту. Сонымен бірге Семей ядролық полигонын жабу,одақтық министрліктердің монополиясын жою мәселелерін көтерді. Ереуілді тоқтату үшін КСРО көмір өнеркəсібі министрінің келуі кеншілерді тоқтатпады. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.Назарбаев шұғыл ұшып келіп, кеншілермен бірнеше кездескеннен кейін ереуіл тоқтатылды. Республика басшылығы кеншілердің талаптарын орындауға уəде берді. Экономикада қалыптасқан жағдай “ Қазақ КСР-індегі меншік туралы заң ” бұған дейінгі социалистік қоғамдық даму бағытынан бас тартып, экономикада түбегейлі бетбұрыс жасап, нарықтық қатынастарды енгізудің бастамасы болды. Қазақстан экономикасы да нарықтық қатынастарға бағыт алды, кооперативтер, жекеменшік фирмалар, шағын кәсіпорындар көптеп құрыла бастады. Республика экономикасына халық шаруашылығының қалыптасқан салалық құрылымы кері əсер етті. Республиканың Ресейге экономикалық тәуелділігі арта берді. 1988 жылы республикадан сыртқа 6,7 млрд. сомның өнімі шығарылды, сырттан 13,8 млрд. сомның өнімі əкелінді. Кейбір кәсіпорындар ұзақ мерзімге тоқтауға мәжбүр болды. 1991 жылы республика кəсіпорындарының 11%-ын құрайтын 533 зауыт пен фабрика жылды шығынмен аяқтады. 1980 жылдардың соңында Орталық тарапынан бақылаудың әлсіреуінен республикалардың тікелей шетелдермен экономикалық, сауда байланыстарын жасау мүмкіндігі арта түсті. Қазақстан сыртқы рынокқа неғұрлым белсенді шыға бастады. Экспорттың 97%-ы шикізаттар, материалдар, жартылай дайын өнімдерден тұрды. “Қазақ КСР-індегі еркін экономикалық аймақ туралы” жəне “Қазақ КСР-індегі шетел инвестициялары туралы” заңдар қабылданды. Республикалық сыртқы экономикалық байланыс министрлігі, Сыртқы экономикалық банк құрылды. Экономикалық ассоциациялардың, корпорациялардың құрылуы сауданың дамуына әсер етті. 1990 жылы сыртқы сауданың көлемі 1,5 есе өсті. Бірлескен кәсіпорындар мен банктер құрыла бастады. 1990 жылғы қарашада “әл- Баракабанк-Қазақстан» банкісі Сауд Арабиясымен бірлесе құрылды. Корея республикасының “Самсунг” корпорацияcымен байланыс орнады. Қазақстанның Қытаймен сауда байланысы артты. Алматы – Үрімші əуе, Жəркент – Инин тасжол қатынасы ашылды. 1991 жылдың бірінші жартысында республикада 24 елдің қатысуымен 35 біріккен кəсіпорын ресми тіркелді. Шетел кариталын көптеп тарту үшін шетелдік инвесторлар 5 жылға дейін пайда салығынан босатылды. Біріккен кəсіпорындар көпшілік қолды тауарлар шығаруға тиіс болды.
X тарау. Тәуелсіздік жолында. Тәуелсіздік жолындағы қадам 1988 жылдан бастап, Балтық бойындағы ұлттық-демократиялық қозғалыстар тарапынан жаңа одақтық шарт жасау туралы мәселе қойыла бастады. Бұл мәселе КСРО халық депутаттарының I съезінде көтерілген болатын. 1989 жылғы маусымда КСРО халық депутаттарының І съезінде Кеңес қоғамының дағдарысқа ұшырау себептерін талдауға талпыныс жасалды. Онда нарықтық қатынастарға көшу, жекеменшікті енгізу, тоталитарлық империяның орнына демократиялық, азаматтық, құқықтық қоғам орнату мәселелері ай тылды. КСРО-дағы реформалардың жүргізілу барысындағы түбегейлі бетбұрыстар осы кезеңнен басталды.1990 жылдың күзінде КСРО құрамындағы республикалар өз егемендіктерін жариялай бастады. Ұлттық республикалардың тәуелсіздікке бағытталған қадамдарын орталық басшылары сепаратизм және жершілдік, ұлтшылдық деп бағалады. Ресей Федерациясының өз егемендігін жариялауы кеңестік жүйеге ауыр соққы болып тиді. 1990 жылы сәуірде республиканың Жоғарғы Кеңесінің ұйғаруымен Қазақ КСР-і Президентінің қызметі тағайындалды. Тұңғыш президент болып Н.Назарбаев сайланды. 1990 жылғы 25 қазанда Жоғарғы Кеңес “Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация” қабылдады. Аумағына, табиғи ресурстарына, суына республика ерекше меншік құқығын жариялады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері көрсетілді. Халықаралық қатынаста республиканың дербестік танытатыны айқындалды. Декларацияның тарихи маңызы: республиканы толық тəуелсіздікке бастап апаратын шынайы қадам болды. Жоғарғы Кеңес жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң қабылдады. Тұтас парламенттік аппарат құрылды. Халықаралық қатынастардағы жаңа бағыт ретінде Семейдегі атом полигонының жабылуының маңызы зор болды. Қазақстан Президенті Қазақ КСР-нің Қауіпсіздік кеңесін құру жөнінде, Қазақ КСР-нің алтын және алмас қорын құру жөнінде, Қазақ КСР-нің сыртқы экономикалық қызметінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету жөнінде Жарлықтар шығарды. Қазақстан 1990-1991 жылдары Беларусь, Əзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Украинамен экономикалық шарттар, ынтымақтастық келісімдер жасасты. Егемендік жағдайындағы саяси даму 1991 жылдың жазына қарай егеменді республикалар Одақтық шарт қабылдау мәселесіне келіп тірелді. 1991жылы 20 шілдеде Қазақстан Компартиясы ОК кеңейтілген IV пленумы болып, жаңа одақтық шарттың жасалуын жақтаған баламасыз шешім қабылдады. Республикалар өкілдерінің шартқа қол қоюға жиналуына үш күн қалғанда мемлекеттік төңкеріс әрекеті жасалды. Тарихта “тамыз бүлігі” деп аталған бұл акцияны ұйымдастырушылар өздерін “Кеңес басшылығы” деп атап, КСРО-ны қайта қалпына келтіруді мақсат етіп қойғандарын мәлімдеді. Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеттің (ТЖМК) мемлекеттік төңкеріс жасауға ұмтылысы КСРО-да, сонымен бірге Қазақстанда да үлкен абыржушылық туғызды. 1991 жылы 19-20 тамыз күндері Н.Назарбаев теледидардан мәлімдеме жасады: “Төтенше жағдай жариялау елдің негізгі заңына сәйкес емес, сондықтан да үш адамнан тұратын басшылықтың жарлықтары мен құжаттарының заңды күші жоқ, сонымен қатар олар республикалардың мемлекеттік егемендік туралы декларацияларын аяққа басу болып табылады”. 1990 жылдың соңына қарай Қазақстан Компартиясы қатарында 800 мыңдай коммунист болатын. Мемлекеттік төңкерістің сəтсіз аяқталуы Кеңес Одағы Коммунистік партиясының беделін түсірді. 1991 жылы 23 тамызда Н.Ə.Назарбаев КОКП ОК Саяси Бюросының қатарынан шығатынын мәлімдеді. Кейін Қазақстан Компартиясының өзі де тұтастай КОКП қатарынан шықты. 1991 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан Компартиясының төтенше съезі шақырылып, Қазақстан Компартиясы таратылды. Жаңадан Қазақстан Социалистік партиясы құрылды. Алайда Қазақстанда демократиялық еркіндікті сезіну, бүкілхалықтық істерде белсенділік таныту өте төмен болды. 1991 жылғы 17 наурызда жүргізілген референдум қорытындысы осының айғағы. Халықтың 94,1%-ы Одақты сақтау қажеттігін жақтап дауыс берген болатын. Бұрынғы Компартия мүшелерінің көпшілігі өздері Коммунистік партия атаған саяси ұйымдарын құрды.
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауда және ТМД-ның құрылуы 1991 жылғы тамыз төңкерісінен кейін КСРО- ның ыдырау үрдісі тез қарқынмен жүзеге аса бастады. 1991 жылғы 8 желтоқсанда Минскіде Беларусь, РКФСР, Украина республикаларының басшылары өзара келісіп, 1922 жылғы КСРО-ны құру туралы шарттың күшін жойғанын жариялады. Сонымен қатар Тəуелсіз Мемлекеттер Одағының (ТМО) құрылғандығын мәлімдеді. 1991 жылғы 13 желтоқсанда Ашхабадта Орта Азия мен Қазақстанн басшылары бас қосып, Минскіде қабылданған шешімдерді қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылдың желтоқсанына дейін КСРО- ның құрамында болған республикалардың бəрі мемлекеттік тəуелсіздігін жариялады. Қазақстанда тəуелсіздік алуға қарсы күштер белең алды. Орыс автономиясын құру немесе солтүстік облыстарды Ресейге қосу идеялары көрініс берді. Тəуелсіздік туралы заңды қабылдауды
|