|
Есім хан (1598-1628) 15 pageDate: 2015-10-07; view: 1647. референдумға салу талаптары алға тартылды. 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақ КСР - інің атауы Қазақстан Республикасы (Қазақстан) деп өзгертілді. 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлауда 98,78% дауыспен Н.Ə.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды. 10 желтоқсанда Н.Ə.Назарбаев Республика сарайында салтанатты түрде ант қабылдады. Н.Ə.Назарбаев еңбек жолын 1960 жылы Қарағанды облысы, Теміртау қаласында «Қазметаллургқұрылыс» тресінде жұмысшы болып бастады. 1969 жылы партиялық қызметке ауысып, Теміртау қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, қалалық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, қалалық партия комитетінің екінші хатшысы болды. 1973-1977 жылдары Қарағанды металлургия комбинатының партком хатшысы, Қарағанды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы қызметтерін атқарды. 1979-1984 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы, 1984 жылдан Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып қызмет істеді.1989 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болды. 1990 жылғы сəуірде Қазақ КСР-нің Президенті болып сайланды. 1991 жылғы 16 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тəуелсіздігі туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы қабылданды. Тәуелсіз Қазақстан демократиялық даму жолын қалаған, зайырлы, әлеуметтік жəне құқықтық мемлекет болып құрылды. Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықтың тең құқықты мүшесі болып жарияланды. 1992 жылғы 2 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды. 1991 жылғы 21 желтоқсанда Алматыда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан,Тəжікстан, Түркіменстан, Ресей Федерациясы,Украина, Беларусь, Молдова, Əзірбайжан, Армения басшылары бас қосты. Тәуелсіз МемлекеттерДостастығының (ТМД) құрылғандығы туралы хаттамаға қол қойылды. Бұл жолы одақ сөзі достастық сөзімен алмастырылды. КСРО іс жүзінде өмір сүруін тоқтатты. Бұл кездесуде ядролық қаруы бар мемлекеттер (Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь) ядролық қару жөнінде біріккен саясат қалыптастырып, ТМД мүшелерінің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге келісті.
XI тарау. Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы. Жоғарғы Кеңес және 1993 жылғы Конституция 1990 жылдың басында сайланған Жоғары Кеңестің ХII шақырылымының құрамы заң шығарумен тұрақты айналыса бастады. 1992жылдың шілдесінде “Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы” және “Қазақстан Республикасының ішкі істері әскерлері туралы”, желтоқсанда “Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы” заңдар қабылданды.
1992 жылы 2 шілдеде “Қазақстан Республикасының Конституциялық сотын сайлау туралы” ҚР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы шықты.Сонымен Қазақстанда үш тармақты билік пен басқару жүйесінің негізі қаланды.
1992 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы қабылданды. Желтоқсан айында Әнұран бекітілді.
1992 жылдың тамызында “ Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы” заң шықты. Өзі өмір сүрген 4 жылға жуық уақыт ішінде Жоғарғы Кеңес 250-ден астам заңдар мен құжаттар шығарды.
1993 жылғы 28 қаңтар - Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрады. Конституцияда негізгі мəселелерге ерекше көңіл бөлінген. Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, біртұтас мемлекет деп атап көрсетілген. Ұлттық, унитарлы мемлекеттің бұлжымастығы қуатталды. Қазақ тілі – мемлекеттік, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі. Республика жері-біртұтас, ол бөлінбейді жəне оған қол сұғуға болмайды. Халық – мемлекеттік биліктің қайнар көзі. Қазақстан халқының атынан билік жүргізуге Республика Жоғарғы Кеңесінің жəне Президенттің құқығы бар. Республика азаматтарына заңды жолмен ақпарат алу, еркін қоныс аудару, жиналыстарға, шерулерге, митингілерге қатынасу, ереуілге шығу, меншік иесі болу құқығы берілді. Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адам басқа елдің азаматы бола алмайды. Шетелде тұратын қазақтарға тарихи отанына оралуға жол ашылды. 1993 жылғы Конституция екі жыл бойы Республиканың Негізгі заңы ретіндегі тарихи міндетін атқарды.
1993 жылдың күзінде кейбір жергілікті кеңестер өзін-өзі тарата бастады. Алматы қаласындағы Алатау аудандық Кеңесі өзін-өзі тарату жайлы алғаш рет мəлімдеді. 1993 жылғы қараша айының соңына дейін 100-ге жуық кеңестер таратылды. Бұдан былайғы кезеңде мәжілістерін өткізуге жергілікті кворумның болмайтындығын білген соң, 1993 жылғы 13 желтоқсанда Жоғарғы Кеңестің төрағасы С.Əбділдин оның таратылғанын ресми түрде жариялады. Республиканың жаңа парламенті сайлағанша мемлекетті басқару өкілеттігі Президентке тапсырылды.
Қазақстандық парламентаризм. 1995 жылғы Конституция 1993 жылдың 9 желтоқсанында Президент ҚР сайлау туралы кодексін қабылдау туралы Жарлыққа қол қойды. Жоғарғы Кеңес құрамы 177 депутаттан тұрады. Оның 42-сі Президент жасайтын мемлекеттік тізім бойынша тағайындалады. Депутаттыққа кандидаттарды қоғамдық бірлестіктер ұсынады. Жекелеген азаматтар да өздерін-өздері ұсына алады. ҚР Жоғарғы Кеңесіне жəне маслихатқа сайлау 1994 жылдың 7 наурызына белгіленді.
Қазақстан Республикалық партиясы (ҚРП) аса қуатты және ірі азаматтық қозғалыс “Азаттың” мүшелерінен құрылды. 1992-1993 жылдары ҚРП аса ауыр дағдарыс жағдайды басынан кешірді. Жетекшілері арасында бітіспес жанжал, баспасөз бетінде бірін-бірі әшкерелеу басталды. Сайлау қарсаңында саяси күш ретінде көріне алмады. Осы жағдай ҚРП-на балама саяси ұйым құру қажеттігін туғызды. Халықтық Конгресс партиясы (ХКП) осылай дүниеге келді. ХКП интернационалдық бағыт ұстайтынын, Президент әкімшілігінің ішкі, сыртқы саясатына сәйкес әрекет жүргізетінін бағдарламаларында айқындап берді.
1993 жылдың ақпанында Қазақстан халық бірлігі одағы ( ҚХБО) дүниеге келді. Бұл одақ жетекшісі ретінде Президент Н.Назарбаевты атады.
1993 жылдың соңында 3 саяси партия ресми тіркелді. “Қазақстан социалистік партиясы”, “Қазақстан Республикалық партиясы”, “Қазақстан Халық конгресі партиясы”. Қоғамдық қозғалыстар арасынан“Невада-Семей”, “Азат”, ҚХБО беделді жəне танымал болды.
Республикада 300-ден аса қоғамдық- саяси бірлестіктер, 11 ірі ұлттық- мəдени құрылымдар әрекет етті.
Алғаш реет көппартиялық негізде заң шығаруға қабілетті парламент сайланды. Сайлау құқығы бар азаматтардың 73,52%-ы қатысты. ҚР Жоғарғы Кеңесіне 176 депутат сайланды. Ең көп орынды КХБО алды.
11 адам - ҚР кəсіподақ федерациясынан, 9 адам – Халық Конгресі партиясынан, 8 адам - Қазақстан Социалистік партиясынан, 4 адам - ҚР шаруалар одағынан, 4 адам – “Лад” қоғамдық қозғалысынан.
1994 жылы 19 сəуірде жаңа парламент өз жұмысын бастады. Төрағасы - Ə.Кекілбаев. Алайда кейбір учаскелерде сайлау тәртібінің бұзылуына байланысты 1995 жылы көктемде парламент таратылды.
1995 жылы референдум өткізілді. Қатысушыларға: “ҚР Президенті ННазарбаевтың өкілеттік мерзімін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзартуға келісесіз бе?-деген сұрақ қойылды. Көпшілік Н.Назарбаевтың президенттік мерзімін ұзартуды жақтап дауыс берді.
ҚРПрезидентінің ұсынысымен 1995 жылы 30 тамызда референдумда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл негізгі Заңымызда еліміздің өркендеу үрдістері, әлемнің жоғары дамыған елдерінің (Францияның) конституциялық тәжірибесі ескерілді. 1993 жылғы Конституциядағы кейбір қайшылықтар түзетілді. Жаңа Конституцияда заң шығарушы, атқарушы, сот билігі жүйелерінің міндеттері айқындалған. Конституция 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. Президенттік басқаруды қалыптастыру ісі аяқталды. Парламент екі палатадан тұрды: Сенат жəне Мəжіліс. Сенат құрамы әр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ҚР астанасының əрқайсысынан сайланатын 2 адамнан және Президент тағайындайтын 7 депутаттан құралады. Мəжіліс 67 депутаттан тұрады. Конституцияның негізіне адам мен азаматтың құқықтары алынды .
1995 жылы күзде парламенттің жаңа сайлауы өтті. 1996 жылдың 30 қаңтарында парламент өз жұмысын бастады.
ҚР мемлекеттік тəуелсіздігін жариялағаннан кейін Қорғаныс Комитеті құрылды. 1992 жылы 7 мамырда Қорғаныс Комитеті ҚР Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Алғашқы Қорғаныс министрі –генерал-лейтенант Сағадат Нұрмағамбетов. 1997 жылғы қарашадан бастап Республика Қарулы Күштері жалпы міндеттерді орындайтын, əуе кеңістігі мен мемлекеттік шекараны қорғайтын үш бөліністен тұратын құрылымға көше бастады.
Экономикалық даму: нарықтық қатынастардың орнығуы Экономиканы нарықтық жүйеге көшіру аса қиын әрі күрделі болып шықты. Қағаз ақшаны шамадан тыс көп шығару салдарынан оның құнсыздануы күшейді. Халықтың қолында 13 миллиард сомға жуық тауармен қамтамасыз етілмеген ақша болды. 1992 жылдың басынан Ресейде бағаның босатылуы республикадағы жағдайды қиындата түсті. 1992 жылдың 6 қаңтарында Қазақстанда бағаны еркіне жіберу туралы жарлық шықты. Еркін бағаның енгізілуіне байланысты тауарлардың бағасы қымбаттады. Зейнеткерлер, мұғалімдер, дәрігерлер жалақыларын көбейтуді талап еткен ереуілдерге шықты. 1992 жылы өндірістің құлдырауы халық шаруашылығының барлық салаларын қамтыды. Өнеркəсіпте ауыр жағдай қалыптасты. Өнім шығару1991жылменсалыстырғанда 14,8%-ға, ұлттық табыс 14,2%-ға кеміді. Электр қуатын өндіру 3,9%-ға кеміді. Шойын қорыту 5,8%-ға , болат 4,9%-ға , темір өндіру 20%-ға қысқарды. Аяқкиім кәсіпорындарының жұмысы іс жүзінде тоқтап қалды. Ауы шаруашылығында бірқатар жетістіктер болды. 1992 жылы астықтан рекордты түсім – 33 млн т. өнім жиналды. Өсімдік шаруашылығынан 66,5 млрд сом пайда түсті. Бірақ ет пен жүн өндіруден бұрынғыдай жетістік болмады. Көптеген шаруашылықтардың жалақы төлеуге, техника сатып алуға, жанармай, қосалқы бөлшектер үшін есеп айырысуға шамалары келмеді. 1993-1994 жылдары қыстың қаталдығынан мал шығыны көп болды. ТМД елдеріндегі хромит қорының 98%-ы, бариттің 82%-ы, фосфориттің 64%-ы, вольфрамның 53%-ы, қорғасынның 38%-ы, молибденнің 29%-ы, мыстың 28%-ы Қазақстан аумағында орналасқанымен, әлемдік рынокқа шығарып пайда табудың сәті түспеді. Қазақстанның өзіндік құны жоғары астығына да сұраныс азайды. 1994 жылы егістік 6 млн гектарға қысқарды. Осы жылдары “төлем дағдарысы” деген ұғым пайда болды. Бұл - өзара экономикалық байланыс жасап тұрған елдердің міндетті төлемдерін өтей алмауы. Ресей кəсіпорындары Қазақстаннан алған өнімдерінің төлемдерін уақытында қайтармауды əдетке айналдырды. Қазақстан экономикасын дамыту үшін оны ірі мұнай өндіруші елге айналдыру қажет болды. Республика өз мұнайын экспортқа шығару үшін теңіздерге жол ашуы керек болды. Республикаға жыл сайынғы ішкі қажетін өтеу үшін 20 млн т. мұнай керек болса, 1990 жылдардың басында мұнай өндіру көлемі - 27 млн т-ға жетті. 1993 жылдың қыркүйегінде жаңа деңгейдегі рубль аймағын құру туралы алты жақты және Ресей мен Қазақстанның ақша жүйесін біріктіру туралы екі жақты келісім жасалды. Ресейде жаңа үлгідегі ақша эмиссиясы жүргізілгенде, ескі ақшаның Қазақстанға ағылуы қаожы жүйесін шайқалтып, құнсыздану қарқынын күшейтті. Осы жағдай Қазақстанды тезірек ұлттық валютасын енгізуге мәжбүр етті. Ақша таңбаларының жаңа үлгілері жасалды. Ақша айырбастау тəртібі енгізілді. 1961-1992 жылдардағы сом үлгілерінің 500 рублі 1 теңгеге тең болды. АҚШ-тың 1 доллары 4,7 теңгеге теңесіп тұрды. 16 жастан асқан Қазақстанда тұрақты тұратын əр азаматқа 100 мың Ресей рублін теңгеге айырбастауға мүмкіндік берілді. 1993 жылғы 15 қарашада Республика Президентінің жарлығымен ұлттық теңге айналымға енгізілді. “Мұндай оқиға әр елдің тарихында тек бір-ақ рет болады,- деді Н.Назарбаев. – Баршамыз өзіміздің ұлттық валютамызды енгізудің қаншалықты қажеттігін және жағдайдың төтенше сипаты мен себептерін түсіне білуіміз керек. Біз үшін оның экономикалық қана емес, саяси маңызы да аса зор”. Ұлттық валютаның енгізілуі Қазақстанның халықаралық аренадағы беделінің де көтерілуіне септігін тигізді.
Жекешелендіру үдерісі және оның әлеуметтік салдары. Экономикадағы өрлеу 1993 жылдың соңына қарай жекешелендірудің бірінші кезеңі аяқталды.10 мыңдаған қазақстандықтар жеке меншік шаруашылықтарын жүргізді.1993 жылдың қазанында республикада 3,5 мыңнан астам кооператив,15 мыңнан астам шағын кəсіпорын, 11 мың жеке кəсіпорын, 15 мыңға жуық фермерлік жəне шаруа қожалықтары құрылды. 160 коммерциялық банктер, 37 түрлі биржалар болды. 7 мың кəсіпорын жекешелендірілді. Оның 5 мыңға жуығы сауда жəне қызмет көрсету саласы болды. 1994 жылдың көктемінде жекешелендірудің екінші кезеңі басталып, тұрғындарға жекешелендіру купондары таратылды. Азаматтар жан басына 100 купоннан алып, орта жəне ірі кəсіпорындардың иесіне айналу мүмкіндігіне ие болды. Азаматтар мен кәсіпорындар арасында делдалдық қызмет көрсету үшін қаржы салымының қорлары құрылды. Азаматтардың жекешелендіру чектерінің сатып алған акциялары енді жыл сайын белгілі бір мөлшерде үлеспайда түсіріп тұруға тиіс болды. Жекешелендіру купондары қағаз күйінде қалып қойды. Ұлттық валютаның айналысқа енгізілуі мен жекешелендіру үдерісінің аяқталуы халықтың əлеуметтік-психологиялық бейнесін өзгертті. Халықтың тұрмысы мүлдем нашарлап кетті. Қазақстан əлемнің 174 елінің арасында 93-орында, ал КСРО құрамында болған елдер арасында 7-орында (1997 ж.). 1990-1995 жылдар арасында қазақстандықтардың өмір жасының ұзақтығы 4,7 жасқа қысқарған. Білім алушылардың мөлшері 39%-ға азайған. Ұлттық табыс мөлшері 7 есе кеміп, 1995 жылы республика бұл көрсеткіш бойынша 129- орында болған. 1997жылдың соңына қарай республика тұрғындарының жартысынан астамы кедейлікте өмір сүрді. Тұрғындар арасында әлеуметтік аурулар меңдей бастады.Үлкен əлеуметтік келеңсіздіктердің бірі-жұмыссыздық. Осының бәрі бұқараның наразылығын туғызды. Наразылық түрлері: ереуілге, пикеттерге шығу, аштық жариялау. Наразылықтар Жаңатас, Кентау, Шымкент, Тараз қалаларында жиі қайталанды. 1997 жылдың соңында үкімет зейнеткерлер алдындағы қарызын түгел өтеуге мүмкіндік алды. Жұмыссыздар үшін шағын несие бөлінді. Баға біршама тұрақтанып, құнсыздану ауыздықталды. 1998 жылдың соңында экономиканың 90%-ы жеке сектордың қолында болды. 500 мыңға жуық кәсіпкерлер тобы дүниеге келді. Қазақстан шетелдерден инвестиция тарту жөнінен ТМД елдері ішінде алдыңғы орында болды. 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап “ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету туралы” заң күшіне енді. Азаматтар еңбекақыларынан зейнетақы қорына қаражат аудару арқылы қартайған кезін қамтамасыз етуге тиіс болды. 1991 жылдан Қазақстанда белсенді көші- қон (миграция)үдерістері басталды. “Көші-қон туралы” заң қабылданды. Көші-қон жəне демография жөніндегі агенттік құрылды. Көші-қон үдерісі екі бағытта жүрді. Республика аумағынан еріксіз кеткен жергілікті халықтың тарихи отанына қайтып оралуы. Екінші бағыт, Қазақстанда тұратын орыс, украин, беларусь, неміс диаспораларының өздерінің тарихи отандарына кетуі. Республика тұрғындарының жалпы саны кеми бастады. 5 жыл ішінде əр 1000 адамға шаққандағы туу коэффициенті 19,1-ден 14,7-ге түсті. 1997 жылдың 1 шілдесінде жергілікті халық үлесі 50%-дан асты. Кеңес кезінде өз жерінде ұлттық азшылық жағдайында болған қазақ халқы қайтадан сандық және үлестік басымдыққа жетті. 1999 жылы ақпан, наурыз айларында әр он жыл сайын жүргізілетін халық санағы өткізілді. Қазақстанда 14 млн 952,7 мың адам тұратыны анықталды. 1989 жылы тұрғындар саны 16 млн 199,2 мың болған еді. 2009 жылы 25 ақпан – 6 наурыз аралығында кезекті халық санағы өтті. Халық саны 16 млн 402 мың адамға жеткен. Қазақтардың үлесі 67%-дан асқан. 2000 жылдан кейінгі кезеңде ел экономикасы біртіндеп дағдарыстан шықты, онда өрлеу нышандары байқала бастады. Павлодарда жобалық қуаты 250 мың т алюминий құймасын шығаратын электролиз зауыты және жіксіз болат құбырларын шығаратын 10 мың жұмыс орны бар зауыт іске қосылды. Ақтөбеде қуаты 6 млрд текше метр газ өңдейтін Жаңажол зауыты салынды. 2008 жылы 70млн т-ға жуық мұнай өндірілді. Дүниежүзілік қаржы дағдарысы басталғанға дейін Қазақстанда ішкі жиынтық өнім (ІЖӨ) жылына 9-10% өсім беріп тұрды. Соның нәтижесінде 2007 жылы ІЖӨ жан басына шаққанда жылына 7000 АҚШ долларын құрады. Орташа номиналды еңбекақы 50800 теңгеге жетті. Жас отбасылары мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қол жететін бағамен ипотекалық несие арқылы пәтер алуын қамтамасыз ететін мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Үш жыл ішінде (2005-2007жж.) 160 мың отбасы немесе жарты млн-нан астам қазақстандықтар жаңа пәтердің кілтін алды. Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуына қажетті жағдайлар жасалды.
Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық жағдайы 1991 жылдың соңына дейін Қазақстанның тәуелсіздігін 18 ел таныды. Алғашқылары Түркия, АҚШ, Қытай, Германия, Пәкстан мемлекеттері болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылында елімізді 108 мемлекет танып, оның 70- інің дипломаттық өкілдіктері ел астанасында жұмысқа кірісті. Қазақстан БҰҰ-ға, Халықаралық қайта құру және өркендеу банкіне, Еуропалық қайта құру және өркендеу банкіне, Халықаралық валюта қорына, ЮНЕСКО-ға мүше болып кірді. Қазақстанның жалпыадамзаттық қауымдастыққа енуіндегі үлкен қадамдарының бірі 1992 жылы Хельсинкиде жасалды. 8 шілдеде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің қорытынды актісіне бұрынғы Кеңес Одағы мен Югославия Федерациясынан тәуелсіздік алып шыққан мемлекеттердің басшыларымен бірге Президент Н.Назарбаев қол қойды. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мəселе: ең жақын жəне ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста - Қытай Халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату. 1992 жылғы 25 мамырда Мəскеуде Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық жəне өзара көмек туралы шарт жасалды. Қазақстан мен Ресейдің қазіргі шекараларының мызғымастығы туралы ереже ең маңызды болып саналды. ҚР мен РФ президенттері екі ел арасында мәңгілік достық пен қатынастар жөніндегі Декларация қабылдау, мұнай шығару, өңдеу және тасымалдау, Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану туралы келісімдерге қол қойды. Қазақстанның Қытай Халық Республикасымен (КХР) 50 шақты келісімдер, хаттамалар жасалды. Қазақ-қытай қатынастарында саяси байланыстарға жол ашылды. Қазақстан этностық туыс елдермен – Әзірбайжанмен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен, Түрікменстанмен көпсалалы байланыстар жасап келеді. Қазақстан Таулы Қарабақ пен Тəжікстандағы қақтығыстарды реттеуге күш салды. БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Н.Назарбаевтың мəлімдемесі қарулы жанжалдардың алдын алуға бағытталған Қазақстанның сыртқы істер қызметінің көрінісі болды. Азияда қауіпсіздік пен орнықтылықты қамтамасыз ету бағдарламасы, Азияда бірлесіп қимылдау жəне сенім шаралары жөнінде кеңес шақыру ұсыныстары салауатты қадам ретінде бағаланды. 1996 жылы 26сəуірде Шанхай ынтымақтастық ұйымыелдерінің (Ресей, Қытай, Қазақстан, Тəжікстан, Қырғызстан) алғашқы кездесуі өтті. Ортақ шекараларға байланысты әскери саладағы сенім мәмелелері талқыланды. ШЫҰ форумына қатынасқан мемлекеттердің басшылары кейін Мәскеуде (1997ж), Алматыда (1998ж), Бішкекте (1999ж) кездесті. Мәскеуде өткен кездесуде шекаралық аудандардағы қарулы күштерді қысқарту жөніндегі құжатқа қол қойылды. Алматы саммитінде ШЫҰ елдерінің өзара қатынастарындағы басым бағыттар айқындалып, сауда-экономикалық қатынастарды теңдік және өзара тиімділік негізінде дамыту мәселелері талқыланды. 1999 жылы ҚРПрезиденті Н.Назарбаев ҚХР Төрағасы Цзян Цзэминмен кездесуінде Қазақстан ТМД елдері арасында тауар айналысы бойынша Қытай үшін екінші әріптес болып отырғаны айтылды. Екі ел арасындағы шекаралық мәселелер әділ шешімін тапты. 1000 шаршы шақырымдық даулы жердің 57%-ы Қазақстанға, 43%-ы Қытайға қарады. Ашық теңізге тікелей шыға алмайтын Қазақстан үшін Каспий және Қара теңіз бен Жерорта теңізіне шығу мәселелері маңызды болды. Қазақстанның әсіресе Түркиямен қатынастары жақсы дамыды. Республикада жүздеген қазақ-түрік бірлескен кәсіпорындары пайда болды. Алматыда “Анкара” қонақ үйі салынды. Қазақ жастары Стамбұл мен Анкараның университеттерінде оқыды.
|