|
Есім хан (1598-1628) 16 pageDate: 2015-10-07; view: 965. Қазір Үндістанмен байланыстарды қайта жандандыруға жас қазақ дипломатиясы ерекше мән беріп отыр. Түркиямен, Иранмен өзара тиімді экономикалық, мәдени құндылықтар алмасуға екі жақ та ұмытылыс білдіруде. Қазақстан үшін айтарлықтай инвестиция беріп отырған АҚШ-пен қарым-қатынас орнатудың маңызы зор. АҚШ Қазақстанға мəдениет пен білімді дамыту саласында үлкен қолдау көрсетуде. “Болашақ” бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия т.б. оқу орындарында оқиды. Қазақстанның Батыс Еуропа мемлекеттерімен, соның ішінде, Ұлыбританиямен қатынасы егемендік жарияланбай тұрған кезден басталған болатын. 1992 жылдың күзінде Германияда Н.Назарбаев канцлер Г.Кольмен кездесті. 1992 жылы Елисей сарайында Франция Президенті Ф.Миттеран Н.Назарбаевты қарсы алып, достық, ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы шарт жасалынды. Қазақстан Президенті жаңа Еуропаға арналған Париж хартиясына қол қойды. Қазақстан Венгриямен, Болгариямен, Чехиямен, Румыниямен өзара тиімді қатынастар орнатты. Қазақстан НАТО-мен байланысты кеңейту шараларын қолдайды. Оңтүстік-Шығыс Азияда АСЕАН (Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассосациясы) мемлекеттерімен, Солтүстік –Шығыс Азияда Жапониямен, Кореямен, Монғолиямен қатынастарын жолға қойды. Қазақстан Азияда өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесін, дүниежүзілік және дәстүрлі дін өкілдерінің съездерін өткізу бастамасын көтерді. 2003, 2006 жылдары дінбасыларының съездерінде жасампаздық идеялары мен адамзаттық игіліктер төңірегінде пікір алысты. Қазақстан Тәжікстанда, Ауғанстанда, Иракта болып жатқан лаңкестікке қарсы күреске, бітімгерлік миссияларға белсене қатысты. Соңғы жылдары Қазақстан дипломатиясы елдің Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) қабылдануын көздеген келіссөздер жүргізуде. 2010 жылы Қазақстанның Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық етуі туралы шешім қабылданды. Бұл шешімді аталған ұйымға мүше 56 мемлекеттің 100 пайыздық келісімімен қабылданды. ҚР тәуелсіздігін алғанына 16 жыл толуына арналған жиналыста сөйлеген сөзінде Н.Назарбаев былай деді: “Қазақстан - ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететін бірінші ТМД елі, ол – бірінші түркі елі, ол – тарихи тұрғыдан өркениетті ислам кеңістігіне жататын бірінші ел, соңында, ол – бірінші азиялық ел. Сондықтан бұл біздің ортақ жеңісіміз”. Осы шараға байланысты экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, технология мен басқару тәжірибесін алып келуге, қазақстандық заңдарды жетілдіруге септігін тигізетін “Еуропаға жол” атты бағдарлама қабылданды.
XII тарау. Елдің мәдени-рухани өмірі. Тәуелсіздік жағдайындағы мәдени құрылыс Тәуелсіз Қазақстанның ғылыми тарихының негізі қалана бастады. 1995 жылы Республика үкіметі “ҚР тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасын” мақұлдады. Отандық тарих ғылымын дамыту басымдықтары айқындалды. Қазақстан тарихының көптомдық академиялық тарихын жазу қолға алынды. Қазақстан тарихының ағылшын тіліндегі бір томдығы шықты. 1998 жылдан бастап Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты “Отан тарихы” журналын шығара бастады. Тарихқа жаңа көзқарас қалыптастыруға “Қазақ тарихы”, әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың “Хабаршы” журналдары үлкен үлес қосты. Ұлттық Ғылым академиясының толық мүшесі Н.Назарбаевтың 1999 жылы жарық көрген “Тарих толқынында” кітабы ұлт пен мемлекеттің өткені мен келешегіне жаңа көзқарас қалыптастыруда қомақты үлес қосты. ХХ ғасырдың соңында Абай мен Жамбылдың 150 жылдық, М.Әуезов пен Қ.Сәтбаевтың 100 жылдық мерейтойлары ЮНЕСКО-ның қолдауымен дүниежүзілік ауқымда аталып өтті. 1995 жылы Ұлы Абайдың 150 жылдығына арналған мерекелік шаралар Мәскеу, Стамбұл, Париж, Лондон, Алматы, Семей қалаларында өтті. “Абай” энциклопедиясы жарық көрді. 1996 жыл жыр алыбы Жамбыл Жабаев жылы деп жарияланды. Мерекелік шаралар Алматыда және ақынның туған ауылы Ұзынағашта(Алматы облысы) өтті. Алматыда ақынға ескерткіш орнатылды, деректі және көркем фильмдер түсірілді. 1997 жылы Мұхтар Əуезовтің 100 жылдығында Алматы, Париж, Мәскеу, Санкт-Петербург, Семей қалаларында жазушының дүниежүзілік әдебиет пен мәдениеттің дамуына қосқан үлесіне жоғары баға берді. М.Əуезовтің 50 томдық шығармалар жинағы шыға бастады. “Мұхтар Əуезов əлемі” атты жинақ пен жазушы туралы естелік кітап шықты. 1999 жылғы сəуірде әлемдік деңгейдегі ғұлама ғалым Қ.И.Сəтбаевтың 100 жылдық мерейтойы болды. 1998 жылдың сəуірінде “Қ.И.Сəтбаевтың есімін мəңгі сақтау” туралы арнайы қаулы қабылданды. 1998 жылдың 25 қарашасында Павлодарда Қ.Сəтбаевтың 100 жылдығына дайындық туралы мəжіліс өтті.1999 жылғы 13-23 сəуірде ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пəтерінде Қ.Сəтбаевқа арналған “Қазақстан ғылымы – кешегіден бүгінге” атты көрме ұйымдастырылды. Қ.Сəтбаевтың шығармалар жинағының алғашқы томдары жарияланды. “Қазақтың Қанышы” романы - Медеу Сəрсеке, “Академик Қ.И.Сəтбаев. Хаттар мен жазбалардан" құжаттар жинағы, “Қ.И.Сəтбаев жəне Қазақстанның қоғамдық ғылымдары” атты ғылыми мақалалар жинағы шықты. Баянауыл, Жезқазған, Қарсақбайдағы ғалымға арналған мұражайлар жөндеуден өтті. Алматы, Жезқазған қалаларында ғалымға ескерткіш орнатылды.
Президент жарлығымен 1997 жыл - Жалпыұлттық татулық жəне саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы”, 1998 жыл – “Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы”, 1999 жыл – “Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы” деп жарияланды. Экономикалық дағдарыс салдарынан Қазақстан ғылымы, мəдениеті, білім беру жүйелері қиындықтарға кездесті. Республиканың Ғылым Академиясы іс жүзінде ұлттық мəртебесінен айырылып қалды. 2003 жылғы 24 қазанда Н.Назарбаевтың жарлығымен Ұлттық Ғылым академиясы қоғамдық бірлестік болып құрылды. 1997 жылдан бастап қаражат тапшылығына байланысты мемлекеттік мекемелерді “оңтайландыру” (оптимизация) саясаты жүргізілді. Оңтайландырудың салдарынан 1997-1998 жылдары көптеген білім, мəдениет, денсаулық объектілері жабылып қалды. Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера жəне балет театры бірнеше жыл бойы ауыр жағдайда болды. 10 томдық “Қазақстан” Ұлттық энциклопедиясы, Қазақстан Тəуелсіздігінің 10 жылдығына орай екі тілде “Қазақстан Республикасы энциклопедиялық анықтамасы, Қазақстан тарихы, Қазақ фольклоры антологиясы жарық көрді. Монғолиядан Күлтегін ескерткішінің көшірмесі әкелініп, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне қойылды. “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы Президенттің бастамасымен 2004 жылы қабылданды. Мәдениеттің озық туындыларын жинап, қайта зерделеу, Кеңес кезінде бұрмаланған Қазақстан тарихының жарқын беттерін қайта жазу, алдыңғы қатарлы өркениеттер мәдениетінің үлгілерін қазақ тіліне аудару жұмыстары қамтылды. Бағдарламаның бірінші кезеңінде (2004-2006жж) ұлттық және дүниежүзілік мәдениет үлгілерін қамтитын 218 том жарық көрді, 35 сәулет өнері ескерткіштері күрделі жөндеуден өтті. Шетелдерде зерттеу жұмыстары жүргізіліп, отандық тарихқа байланысты 5000-ға жуық деректер жиналды. Қазақ мемлекеттігінің тарихи мұражайы, ғылыми кітапханасы, ұлттық дәстүрлер театры бар ҚР Президенттік мәдени орталығы құрылды. О.Сүлейменов “Жазу тілі” кітабында дүние жүзі тілдерінің даму заңдылығын саралады. Адам бойындағы ізгі қасиеттердің көмескіленуі мәселесін көтерген М.Шахановтың “Өркениеттің адасуы” кітабы республикадан тыс жерлерге мәлім болды. Ə.Нұрпейісов Арал жəне ондағы адам тағдыры туралы “Соңғы парыз” романын, М.Мағауин “Мен” атты философиялық толғауын, Қ.Жұмаділов Қаракерей Қабанбай туралы “Дарабоз” дилогиясын жазды. Композитор Е.Рахмадиевтің “Абылай хан” (либреттосы Ə.Кекілбаев), АСеркебаевтің “Томирис” (либреттосы ЛИманғазинанікі) опералары жанр табысы деп танылды. А.Мұсаходжаева, Ж.Əубəкірова, М.Мұхамедқызы, Н.Үсенбаева классикалық музыка өнерінде шығармашылық жетістіктерге жетті. Режиссерлер Р.Ибрагимбеков, Т.Теменовтың “Көшпенділер” фильмінде (шетелдерге “Номад” деген атпен таралды) ұлттық мемлекеттің құрылу кезеңіндегі қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы ауыр күресі, саяси элитаның әрекеті, сарбаздардың ерлігі сипатталды. “Сталинге сыйлық” атты фильмде (режисссері Р.Әбдірашев) соғыстан кейінгі жылдары Қазақстанға жер аударылып келген еврей баласының ауыр тағдыры көрсетіледі. Белгілі ақын Махамбет туралы фильмді (режиссері С.Тәуекел) сценарий авторы О.Сүлейменов жаңа ғасырдағы алғашқы ұлттық фильм деп атады. “Қош бол, Гүлсары” лентасы (режиссер А.Әмірқұлов) “Қазақфильм” және Қырғызстанның “Ардфильм” студияларының бірлескен туындысы. Ш.Айтматовтың аттас шығармасының желісіне құрылған бұл фильмде адамдардың тартымды тарихы мен адамзаттық құндылықтар туралы баяндалады. Бұдан басқа “Мұстафа Шоқай” (режиссері С.Нарымбетов), “Тюльпан” (режиссері C.Дворцевой) фильмдері түсірілді. 1999 жылы республика парламенті “Білім туралы заңның” өзгерген редакциясын қабылдады. Негізгі мектеп 9-сыныппен аяқталып,10-11 сыныптарда қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану –математика бағыттары бойынша бағдарлы мектептен білім алатын болды. 2004 жылы “Қ.Р. 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы” қабылданды. Жоғары білім беру жүйесіне өзгерістер енгізілді. Кредиттік және екі сатылы жоғары білім беру жүйесіне ауысу жүзеге асырылды. 2007-2008 оқу жылы мектептер 1-11 сыныптарға арналған жаңа буын оқулықтарымен және оқу-әдістемелік кешенімен толық қамтамасыз етілді. Қазір республикада 8 мыңға жуық мектеп жұмыс істейді, сабақ қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр тілдерінде жүргізіледі. Жексенбілік мектептерде тәжік, украин тілдерінде оқытылады. Бұл мектептерде 3 млн-нан астам оқушы оқиды. 1992 жылғы қыркүйек, қазан айларында Алматыда дүниежүзі қазақтарының құрылтайы өтті. Азия, Африка, Еуропа, Американың 40-қа жуық елдеріндегі 3 млн. 200 мың (32%) қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Бұл жиынды өткізу және шетелдерге ауа көшкен қандастарымызды шақыру гуманизмнің көрінісі болды. Құрылтайдың мәнді оқиғасы 1992 жылдың 19 қыркүйегінде Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында өтті. “Қазақтар: кеше, бүгін және ертең” атты тақырыпта ғылыми конференция болды. Құрылтайдың ресми ашылуы 30 қыркүйекте Республика сарайында болды. ҚРПрезиденті Н.Назарбаев “Құшағымыз бауырларға айқара ашық” деген баяндама жасады.Түркиядан "Алаш" сыйлығының иегері, қадірменді қария Халифа Алтай келді. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайына қатысушылардың Қазақ халқына Үндеуі жарияланды. “Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы бүкіл əлемдегі отандастарымызды Қазақстанның экономикалық-əлеуметтік, мəдени-интеллектуалдық мүмкіндігін молайтуға, бар қабілеті мен еңбегін туған ел игілігіне жұмсауға шақырады ”.
Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан. Қоғамды демократияландырудың жалғасуы 1997 жылғы қазан айында Президент Н.Назарбаевтың “Қазақстан-2030” стратегиясы жарияланды. Президент бұл стратегияяны болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік сезіміміздің көрінісі деп бағалады. Ұзақ мерзімді 7 басым бағыт көрсетілді. Олар: 1.Ұлттық қауіпсіздік. 2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы. 3. Экономикалық өрлеу. 4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен əл-ауқаты. 5. Энергетика ресурстары. 6. Инфрақұрылым, көлік және байланыс. 7. Кəсіпқой мемлекет. Қазақстан қоғамын реформалау барысында астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру идеясы туындады. 1995 жылғы 15 қыркүйекте Президенттің республика астанасын Ақмола қаласына көшіру туралы жарлығы шықты.1997 жылы астана Ақмолаға көшірілді. 1997 жылғы 10 желтоқсанда Ақмола ресми астана болып белгіленді. Астананы ауыстырудың бірнеше себептері болды. Ақмола –географиялық орталық, тоғыз жолдың торабында орналасқан қала. Өңірдің экономикасын көтеріп, солтүстіктегі демографиялық ахуалды ұлт мүддесі бағытында өзгертуге қызмет етеді. Ақмола мемлекетіміздің стратегиялық геосаяси мүдделеріне жауап беріп, ұлт қауіпсіздігін нығайтуға қызмет етеді. 1998 жылғы 6 мамырда Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылғы 10 маусым да жаңа астананың тұсаукесер рәсімі болып өтті. 2008 жылы Астананың алғашқы онжылдығы болып өтті. Өнеркәсіп өндірісі көлемі 7 есе ұлғайды. Тұрғындарының саны 700 мыңға жуықтады.К. Байсейітова атындағы опера және балет театры, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық университет ашылды. 1999 жылы ЮНЕСКО Астананы “бейбітшілік қаласы” деп атады. Бейбітшілік және Келісім сарайы жанынан “Қазақ елі” ескерткіші орналасқан. Оның биіктігі 91 метр. 1999 жылы 10 қаңтарда Қазақстан Президентін мерзімінен бұрын сайлау өткізілді. Сайлау болардың алдында 1998 жылы Конституцияға Парламенттің шешімімен өзгерістер енгізілді. Президенттің өкілдік мерзімі 5 жылдан 7 жылға ұзартылып, үміткер жасының 65-тен аспауы керектігі алынып тасталды. 2001 жылы “ Қазақстанның демократиялық таңдауы” қоғамдық қозғалысы пайда болды. Оның ұйымдастырушылары үкімет құрамындағы және басқа билік құрылымындағы жас олигархтар еді. Кейін осы қозғалыстың негізінде екі саяси партия құрылды. 2004 жылы қыркүйекте Парламент Мәжілісінің кезекті сайлауы алдында саяси өмірде белсенділік байқалды. Саяси партиялар туралы жаңа заң бойынша ресми тіркелу үшін 50000 мүшесі болу талабы қойылды. 12 саяси партия тіркеліп, әрекет ете бастады. 2005 жылы келесі президент сайлауы өтті. 4 кандидаттың қатысуымен өткен сайлауда, 91% дауыс жинаған Н.Назарбаев 7 жылға сайланды. Қазақстанда президенттік басқару формасын сақтай отырып, президенттік-парламенттік республикаға адым жасалды. 2007 жылы Парламент Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде келесі заңды қабылдады. Президент 5 жылға сайланатын болды. Мәжіліс пропорциялық жүйемен жасақталады: 107 депутаттың 98-і партиялық тізіммен, қалған 9 депутат Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланады. 2007 жылғы 8 тамыздағы кезектен тыс сайлау қорытындысы бойынша “ Нұр Отан” Халықтық-демократиялық партиясы 88%-ды жеңіп алып парламентті құрды. Сонымен түйіндей келе, өткен XX ғасырды, Кеңес тарихының 74 жылын Қазақстан халқы үшін босқа өткен кезең деп айта алмаймыз. Бұл туралы Президент Н.Назарбаев “Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын” деген еңбегінде былай деп жазды: “…өз басым Қазан төңкерісінен кейінгі жылдар біз үшін текке өткен жоқ деген байлам жасадым. Материалдық өндіріс жүйесін түбірінен жаңарту, адамдардың білім деңгейінің күрт өсуі, қоғамның түрлі әлеуметтік топтарының арасындағы қатынастарды жақсарту, ғарышқа самғау – мұның бәрін өзіміздің тарихи жүгіміздің асылдарына жатқызған
|