Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Температура воспламенения и пределы воспламеняемости горючих газов. 8 страница


Date: 2014-03-11; view: 1525.


Отынды ұнтақтау соққыштың соғумен, сайуытқа соққышпен және айналатын ротор мен сауыт арасындағы кеңістікке үйкеліс арқылы іске асады. Пайда болатын шаң екпіндік ажыратқышқа алынып отырады. Одан дайын шаң оттыққа жіберіледі, ал ірі бөлшектер қайтадан диірменге жіберіледі.

Балғалы диірменнің кемшілігі – жұмыс элементтерінің тез тозуы, мысалы, соққыштардың жұмыс қоры 400 сағ, соққыұстағыштың – 2000 сағ, сауыттың – 3000 – 8000 сағ.

Үрлегіш диірменде ротор екі қызмет атқарады: отынды R90=50-65 пайыз ұнтақтайды және диірменді желдетеді. Ротор білікке арыстап бекітіледі және негізгі мен қаптама дискілерден тұрады. Олардың арасында қалақтарорналасады. Үрлегіш-дирмендерге жоғары ылғалды қоңыр көмірді, жұмсақ тататасты, шымтезекті ұнтақтайды. Роторға жіберілетін ауаның температурасы 450 гардустан аспау керек, бұл үшін түтндік газдарды ауамен араластырады. Қалақтардың жұмыс қоры 2500 сағ, ал сауыттың – 7000 сағ. Үрлегіш – диірменнің түрөлшеміндегі сандар келесіні білдіреді: бірінші – ротор диаметрі, екінші қалақтардың жұмыс ені, үшінші- ротордың айналу жиілігі (айн/мин).

 

2. Шаң ажыратқыштары

Шаң ажыратқыштары диірменнен шыққан ауа қоспасынан дайын шаңды алу үшін арнатылады. Ол шаңды шанаққа немесе оттыққа жібереді, ал ірі бөлшектерді қайтадан диірменге апарады.

Төменде шаңажыратқыштардың көбінесе қолданылаты түрлері көрсетілген. Шаңажыратқыштар диірменнің түріне байланысты таңдалынады. Келтірілген суреттерде шарлы дағыралы және балғалы диірменлер үшін шаңажыратқыштар келтірілген.

 

1, 6 – кіреберіс және шығаберіс патрубоктар, 2, 3 – ұсталыңған шаңды әкететің патрубоктар, 4 – ішкі конус, 5 – сыртықы корпус, 7 – күрекшелер, 8 – күрекшелердің қоздырғышы.

Сурет 6.4 – Шарлы дағыралы диірменің ортадан тепкіш шаңажыратқышы

 

а – гравитациалық, б – инерционды, в – ортадан тепкіш; 1 – диірмен, 2 – шаңажыратқыштың кіреберіс бөлігі, 3 – шаңажыратқыштың корпусы, 4, 5 – отыңмен кептіру агенттің кіреберіс патрубогы, 6 – шаңауалық қоспаның шығаберіс патрубогы, 7 – реттегіш шибер, 8 – ішкі конус, 9 – күрекшелер, 10 – күрекшелердің қоздырғышы, 11, 12 – ұсталынған шаңды қайтару патрубогы.

Сурет 6.5 – Балғалы диірменің шаңажыратқыштары

Қарастырылған шаңажыратқыштарда ірі және ұсақ шаңдар бір бірінен ажыратылады. Ұсталыңған ірі шаңның бөліктері кайта диірменге жіберіледі, ал ұсақ боліктер арығарай жаңарғылпрға жіберіледі.

Айтылған шаңажырақыштар гравитациалық, ортадан тепкіш және инерциалық күштер арқылы жұмыс істеп шаңды ажыратады.

Диірменің түріне байланысты айтылған шаңажыратқыштардың барлық түрлері қолдаңылады.

 

3. Шаңжеткізгіш

Шаңжеткізгіштері шаңды шанақтан оттыққа жіткізу үшін орнатылады. Шаң шынақтан шаңжеткізгіштің қабылдау бөлігіне бөгетсіз түсу керек. Бұл үшін шанақтан қабырғаларға тік немесе 65 градус болу керек.

Төменде балғалы және шарлы дағыралы диірмедер үшін көмір және шаң жеткізгіштердің түрлері көрсетілген.

 

а – скребкалық, б – скребкалық өлшегіш, в – тарелкалық; 1 – тартым жұлдыз, 2 – бөлгіш стөл, 3 – цепь, 4 – қабат реттегіші, 5 – қоздырғыш, 6 – кіреберіс патрубок, 7 – бункер, 8 – қоздырғыш жұлдыз, 9 – шығаберіс патрубок, 10 – стөл, 11 – радиалды арағашықтар, 12 – редуктор.

Сурет 6.6 – Көмір жеткізгіш

 

 

Шнекті шаңжеткізгіштерді ылғалды және тас көмірлер үшін қолданылады, қалған түрлері құрақ отыңдар үшін қолданылады.

Шаңкөмірлі қоспаның жылдамдығы жоғарлағанда, шаңжүргіштер треу және егеу арқылы тозады.

 

а – шаң жеткізгіштің жалпы түрі, б – шнекті жеткізгіштің қимасы, в – лопасты жеткізгіш; 1 – корпус, 2 – шнек, 3 – шибер, 4 – бункер, 5 – электрқоздырғыш, 6 – шығаберіс патрубок, 7 – араластырғыш, 8, 12, 13 – терезелер, 9 – қақпақ, 10, 11 – өлшегіш және бергіш доңғалақтар, 14 – вал.

Сурет 6.7 – Шаңжеткізгіш

Қазіргі уақытта қалақтың шаңжеткізгіштер пайдаланылады және ауашаңжеткізхгіштер тексеруден өтіп жатыр. Ал шнекті шаңжеткізгіштер берілістің орнықсыздыңынан ендішығарылмайды.

 

4. Шаң дайындау жүйесі

Барлық шаңдайындау жүйелері арасында дара жүйелнр ең қолайлы болып табылады. Олардың екі түрін ажыратады: тура үрлемелі және аралық шанағы бар жүйе.

Тура үрлемелі жүйеде дирменмен тікелей ошаққа біріледі, ал аралық шанақтыда алдын-ала шанақта жиналады.

Пайдаланған ауаны алып тастау тәсілі бойынша дара жүйелер екіге бөлінеді: тұйық, оларды газдар ошаққа беріледі және ажыратылған, оларға газдар атмосферасына жіберіледі.

Дара жүйелер тікелей қазан жанында орналасады. Әрбір қазанға екі және одан да көп жүйеден келеді.

 

 

а – тура үрлеумен балғалыдиірмендермен және отыңды ауалық кептірумен, б – тура үрлеумен үрлегіш диірмендермен және газауалық кептірумен, в – шаң бункерлерімен, ауалық кепітірумен және шаңды кептіру агентімен бірге беруімен, г – шаң бункерлерімен, газауалық кепітірумен және шаңды ыстық ауамен бірге беруімен; 1 – көмір бункері, 2 – шибер, 3 – көмір жеткізгіші, 4 – дабылдағыш клапан, 5 – кептіргіш құбыр, 6, 7, 8 – ыстық ауа коробтары, 9 – диірмен, 10 – шаңды қайтару ағымы, 11 – ажыратқыш, 12 – жарылу клапан, 13 – шаңжұргіш, 14 – жаңарғы, 15 – қазан, 16, 32 – үрлеу және диірменді урлегіштер, 17 – ауақыздырғыш, 18 – екнші ауаның ауажүргіші, 19 – араластырғыш, 20 – газжүргіш, 21 – лақтыру соплолар, 22 – шаңконцентратор, 23 – циклон, 24 – ылғалдық сору құбырлар, 25 – ауыспалы шибер, 26 – реверсивті шнек, 27 – шаң бункері, 28 – рециркуляция сызығы, 29 – шаңжүргіш, 30 – шаң араластырғыш, 31 – бірінші ауаны таратқыш, 33 – ыстық ауаның ауа жүргіші.

Сурет 6.7 – Шаңдайындау жүйелер

Бақылау сұрақтары:

1. Көмірұнтақтағыш диірмендерінің жұмыс режимі?

2. Шаң ажыратқыштары жұмыс істеу принципі?

3. Шаңжеткізгіш қалай жұмыс істейді?

4. Шаңдайындау жүйесі?

 

 

14 дәріс – Органикалық отынды жағу әдістері – 1 сағат

Жоспар:

1. Қабаттық жағу

2. Төмен температуралы жағу

3. Қайнаған қабатта жағу

4. Бақылау сұрақтары

1. Қабаттық жағу

Қабаттық ошақта жағу сипаттамасы. Қабаттың ошақтар-кесектері 100 мм-ге дейін қатты органикалық отынды қылыңдығы 300 мм-ге дейін қабатта, торлы оттыққа жағуға арналған құрылғы. Торлы отыққа қажетті пропорцияда кесекті отын мен ауа беріледі. Отын торға, эәдітте үстінен, сирек – бүйірінен немесе астынан беріледі. Ал ауа әрқашан астынан арнайы тесіктер арқылы беріледі. Тесіктердің қимасы 5-15 пайыз және жоғары болады. Отынның негізгі, ал жанатын газдар – қабатта және ошақтың қабат үстіндегі кеңістігінде. Сөйтіп келесі теңдікті жазуға болады

 

(6.5.1)

 

мұнда - ошақта, қабатта және құтында бөлініп шыққан жылу мөлшері.

Қабаттық ошақты жану қарқындылығы екі көрсеткішпен сипатталады: жану бетінің көрінулі жылулық кернеуімен Q/R3, МВт/м2. Жану бетінің нағыз жалулық кернеуімен Q/Vт, МВт/м2. Жану бетінің нағыз жылулық кернеуі Q/Rзр, МВт/м2 көрінулі кернеуден кем болады, себебі қабатта бүкіл жылу бөлінбейді. Тор бетінің шектік өлшемдері және жану бетінің меншікті жылулық жүктемесі қалыпты жағдайда қабаттық ошақтың бу өнімділігін 14-21 кг/с (50-75 т/сағ) жоғары көтеруге мүмкіндік бермейді.

а) б)

 

а – қозғалымды қабатта, б – қозғалмайтын қабатта

1 – бункер, 2 – ауажүргіш, 3 – решетка қозғалтқышы, 4 – салу терезесі, 5 – колосниктер, 6 – оттықтың қабырғасы, 7 – тіреу балкалары.

Сурет 6.5.1 Қабатта жану процестерінің түрлері

 

Түсіндісіз тізбектегі торлар

Қабатты ошақта үш негізгі операция жасалады: отынды жүктеу, қабатты бақылау және қожшығару. Бұл процестерді автоматтандыру барысында жартылай механикалық, оларда оерацияның бірі (әдетте отынды жүктеу. Механикалық, ал қалғаны қолмен немесе жартылай механикалық іске асырылады, және механикалық, оларда үш операция қимасы берілген.

Шахталы ошақтар

Шахталы ошақтар Ресейде 19-шы ғасырда жоғары ылғалды шамтезекті жағу үшін жасалады.

 

 

а – торф жағу үшін, б – ағаш жағу үшін

 

1 – бункер, 2 – қақпақ жүкпен, 3 – шахта, 4 – свод, 5 – кірпіштен жасалған арашалар, 6 – шиберлер мен қалтқылар.

 

Сурет 6.5.2 – Шахталы ошақтар отынның жылжуымен

 

 

2. Төмен температуралы жағу

Шаңды шығудың кезкелген белсенді жану аймағында Vm=1500-17000C күлді жоғары температуралы өңдеу болады, яғни отынның минералды бөлігі сұйық күйге өтеді, ал температура төмендегенде пластикалық күйге. Бұл күйде ол ошақ қабырғасына жабысып қалуы мүмкін. Бұл себептен минералды қалдықтар барлық ошақтан қатты күйде өтетін жағу тәсілі ыңғайлы болады.

Сондықтан 70-ші жылдары көмірді төмен температуралы жағу ошақтың салу және тексеру басталады. Осында белсенді жану аймағында максималды температура t2 (50-1000C)-ден аспайды. Осындай температураны алу және ұстау қиынға соғады. Бұл үшін төмен қыздыру, жоғары ауа артықшылығы және ошаққа түтіндік газдарды жіберу қажет (кцир=30%).

Жану аймағында экономайзер аймағынан 300-400 0С дейін суытылған түтіндік газдар жібереді. Олар жану температурасын қажетті деңгейге дейін төмендетеді.

 

3. Қайнаған қабатта жағу

Отынды қайнаған қабатта жағу оның астынан үстіне қозғалып жатқан ауадан қалқыған күйде жануымен сипатталады. Жалғансуылған қабат ауа жылдамдығымен анықталатын шекарада болады, бірінші аумалық жылдамдықтан екінші аумалық жылдамдыққа дейін. Жалғансуылған жүйелердің бірқатар артықшылығы бар, кейбір өндірістерде қолдану мүмкіндігіне, белсенді жылу-массалық алмасуға, қабаттық изотермиялығына, зиянды қалдықтар төмендігіне байланысты.

Техникада жоғары температуралы және төмен температуралы қайнаған қабатты ошақтар білгілі. Төмен температуралы (800-9000С) жағу қабаттың ішінде қыздыру беттерін орнату арқылы іске асады. Қайнаған қабатта кесектері 25 мм-ге дейін ұнтақталған көмір жағылады. Қабатта масса бойынша отын үлесі 5-7 пайыз болады. Ал жылуберу коэффициенті 840 кДж/(м2сағּК) - дейін немесе 220 ккал/(м2сағּК)- дейін жетеді. 4.4 суретінде бу қазанында тақтатасты қайнаған қабатта екі сатылы жағу көрсетілген. Екі жағдайды да жалған сұйылған қабатқа қыздыру беттері батырылған. Олар қабаттағы температураны, сұйық қождың жоқтығын және ошақ қожданбауын қамтамасыз етеді. Қазанда 3 ошақтық бөлік бар. Олардың газдары қазанның ортақ ағындық газ жолына жіберіледі.. Жағудың 2-ші сатысында қабатта дайындалған отынның белсенді жануы іске асады.

Төмен температуралы қайнаған қабатты бу қазандарын негізгі артқышылықтары: зиянды қалдықтың төмендігі, қазанның өлшемдері мен метеал шығындарының төмендеуі, төмен сапалы отынды жағу мүмкіндігі. Бұл тәсілде қалқандардың қождануы болмайды. Сонымен қатар отынның құралы мен жану жылуына қойылатын талаптары төмендейді. Ал кемшіліктеріне жоғары жанбай қалу мен жоғары аэродинамикалық кедергі (тордың) және қазан жүктемесін реттеу мүмкіндігін төмендігі жатады.

 

а – жоғары температуралы циклонмен қазанның құрылымы, б – орнатылған қызу бетімен құрылымы.

1 – тор, 2 – отың, 3 – оттық, 4 – көмір бункері, 5 – қоспа бункері, 6 - жоғары температуралы циклон, 7 – үрлегіш, 8 – орнатылған қызу беті.

Сурет 6.7 – Отыңды қайнаған қабатта жағуы

Бақылау сұрақтары:

1. Қабаттық жағу дегеніміз не?

2. Төмен температуралы жағу дегеніміз не?

3. Қайнаған қабатта жағу дегеніміз не?

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1 Померанцев В.В. и др. Основы практической теории горения. М., «Энергия», 1973. – 264 с.

2 Резников М.И., Липов Ю.М. Паровые котлы тепловых электростанций. – М.: Энергоиздат, 1981. – 240 с.

3. Сидельковский Л.Н., Юренев В.Н. Котельные установки промышлен-ных предприятий. – М.: Энергия, 1988. – 528 с.

4. Панкратов Г.П. Сборник задач по теплотехнике. М.: «Высшая школа», 1986. – 248 с.

5 Баубеков К.Т. Методические указания к практической работе «Расчеты горелок и форсунок» по дисциплине - Источники энергии для студентов специальности -050717 Теплоэнергетика. ПГУ им. С. Торайгырова, 2009. – 28 с.

6 Акмен Р.Г. Топливо, основы теории горения и топочные устройства. Текст лекций и задачи по отдельным разделам курса для студентов заочного обучения специальностей «Теплоэнергетика». Харьков: НТУ «ХПИ», 2005. – 68с.

7 Мунц В.А. , Павлюк Е.Ю. Основы теории горения топлив : Учеб. пособие. Екатеринбург: ГОУ ВПО УГТУ-УПИ, 2005. – 102 с.

8 Хзмалян Д.М., Коган М.А. Теория горения и топочные устройства. М., «Энергия», 1976. – 488 с.

9 Пашков Л.Т. Основы теории горения. Учебное пособие. М., МЭИ. 2002. – 125 с.

10 Блинов А.Е. Основы теории горения. Учебное пособие. СПб.: Изд. СЗТУ, 2007. – 119 с.

 

 


<== previous lecture | next lecture ==>
Температура воспламенения и пределы воспламеняемости горючих газов. 7 страница | Тема 1: Предмет і система ЦПП
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.135 s.