Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Следственные ситуации, незаконного сбыта курительных смесей, совершенные в соучастии.


Date: 2014-03-11; view: 1758.


Орта

Орта келесі факторлармен: ылғалдылықпен, шаңдылықпен, газдылығымен, жемірлігімен, температуралық құбылыстармен және көлік жұмысын қиындататын басқа қасиеттермен сипатталады.

Орта ылғалдылығы көліктің жылжымалы құрамы пайдаланатын бетіне түсетін атмосфералық жауын-шашындарға немесе пайдалы қазбалардың немесе тау жынысының ішінде 2,0 м3/сағ ағындар кезінде жағымсыз деп саналатын тау жыныстарының сулылығына байланысты. Ылғал көлік машиналарына теріс әсер етеді: металл коррозиясын, машина тетіктері мойынтіректері майларының шайылуы, қажалатын беттердің қатты тозуы және т.б. қозғалтқыштан тартым күшін жұмыс органына үйкеліс арқылы (конвейер таспасы мен барабан арасында, локомотив доңғалағы мен рельс арасында, автомобиль шиналары мен ылғалды жол жабыны арасында) жіберу кезінде орта ылғалдығы ілінісу коэффициентінің азаюын тудырады, осының салдары ретінде таспаның, доңғалақтың немесе шинаның тұрып қалуын тудырады.

Сонымен қатар ортаның ылғалдығы бірқатар жағдайларда оның металл коррозиясына әкелетін химиялық белсенділігімен (орта агрессиялығы) үйлеседі (конвейердегі сапты, жақтауларды, локомативтердегі доңғалақтар мен рельсті және т.б. бағыттаушы). Коррозиямен күрестің жалпы мемлекеттік маңызы бар, себебі [5] дайындайтын металдың 30 % жуығы коррозия құрайтыны белгілі.

Осы көрсеткішті төмендету үшін қоспаланған болатты, полимер материалдар түрінде коррозияға қарсы жабындарды, арнайы бояулар мен лактарды қолданады.

Орта жемірлігі тасымалданатын тау массасының жүк тасушы органға және көлік машиналарының басқа элементтеріне қажалу қабілеті арқылы байқалады. Әсіресе жемірлік автомашиналар шанақтарында, вагондарда, конвейерлерде, тиеу-түсіру науаларында және басқаларында байқалады. Жемірлік дәрежесі М. М. Протодьяконов шкаласы бойынша 20 класқа бөлінетін жүк бөлшектерінің қаттылығына, сүйір қырлылығына, яғни өткір кескіш қырларына байланысты. Сүйір қырлылық таспалардың кесілуіне немесе тесілуіне, тиеу барысында айтарлықтай биіктіктен құлауы кезінде шанақтың майысуына алып келуі мүмкін. Әсіресе осыған қатысты темір рудалары, шахталар мен карьерлерден берілетін тау жыныстары, қатты тау жынысының ірі кесектері және басқалары қолайсыз болып табылады.

Көлік қондырғыларының жүк тасушы элементтерінің қажалу мен деформацияға қарсы тозу төзімділігін арттыру үшін болаттың сәйкес маркаларын таңдайды, бетінің қаттылығын арттыратын шынықтыру түрінде термиялық өңдеу жүргізеді немесе жабын түрінде арнайы материал немесе металды басқа материалдарға алмастырушыны қолданады.

Температуралық құбылулар да көлік машиналарының жұмыс қабілетіне әсер етеді. Қыс мезгілінде, мысалы төмен температуралар кезінде теміржол көлігінің жылжымалы құрамымен, автомобильдермен, кемелермен және басқалармен тасымалданатын жүктердің кейбір түрлері, әсіресе руда, көмір, байыту фабрикаларының өнеркәсіптік өнімдері, шымтезек және басқалары жүру жолында қатып қалады және қатқан күйінде түсіріледі, бұл оларды түсіруді қиындатады, сондықтан жібіту, еріту және т.б. үшін қосымша еңбек шығындары мен материалдық шығындарды талап етіледі. Күрт температуралық өзгерістер машиналардың жұмыс қабілетіне де (тығындаудың тозуы, энергияның қосымша шығыны, осалдық және жарықшақтар және т.б.) әсер етеді.

Бірқатар жағдайларда көлік машиналары - газ ортасында, ал жер асты жағдайларында жарылыс қауіпті кеніш атмосферасында жұмыс істейді. Осындай ортаның жарылыс қаупі метан газының болуына байланысты, оның 2 бастап 9 % дейін концентрациясы жарылысқа әкелуі мүмкін, сондықтан көлікті осындай ортада пайдалану үшін барлық жабдығы мен ұшқын шашатын элементтер (дизель қозғалтқыштары, ажыратқыштар, аккумуляторлар және т.б.) жарылыстан қорғалған болып жасалуы керек.

Көмір тозаңы да жарылысқа қауіпті, оның концентрациясы жұмыс өндірісі орындарында, тиеу-түсіру пункттерінде қажетсіз салдарларға алып келуі мүмікн, сондықтан осы жерлерде шаң басу құралдары (суландыру, шаң сору және т.б.) қолданылуы қажет. Өз кезегінде көлік жабдығы түйіндері, мойынтірек түйіндері, редукторлар, гидрожүйе, қозғалтқыш шаңның кіруінен сенімді қорғалған болуы керек.

Машина майы мен отын булары да жарылыс және өрт қауіпті қасиеттерге ие. Сондықтан гидрожүйелердің түрлі түйіндерінде тығыздау герметикалығына, майдың қатты қызуынан, жанармайдың ағып кетуінен қорғауға және т.б. көңіл аударған жөн.

Көлік машиналары жұмыс істейтін ортаның агессиялы әсерін күрделендіретін айтарлықтай фактор сазды тақтатастар, көмір ұсақтары, ылғал құм, аршымалы тау жынысы және басқалары сияқты тау массасының жабысқақтығы болып табылады. Жүктердің жұмыс беттеріне жабысуы автомобильдер мен вагондар шанақтарының, конвейерлік таспалар және пластиналы мата науаларының сыйымдылығын азайтады, шиналар, доңғалақтар, барабандар мен аунақшалар және т.б. бетін «майлайды», бұл көліктің сынуына немесе тоқтауына алып келеді. Жабысуға қолайлы жағдайларға бетінің тегіс еместігі, майысулар, тетіктің немесе түйін пішіні өзгерістерінің күрт ауысуы, «қалталар» мен бұрыштық ауысулардың және т.б. болуы жатады.

Егер артық жүкті уақытылы жоймаса, онда ол машинаның сол немесе басқа түйіндерімен цементтеліп қатты қабатталуға алып келуі мүмкін. Жүк таситын беттерді тазарту үшін түрлі тәсілдерді қолданады: механикалық құрылғылар, гидравликалық және пневматикалық қондырғылар, дірілдеткіштер және басқалары, олар көпшілігінде көлік құралдарының әр түрлері үшін ерекше болып табылады.

Жұмыс кеңістігі

Көптеген жағдайларда көлік машиналары жұмыс жасайтын жұмыс кеңістігі жұмыс орнының тарлығымен және тұрақсыздығымен, көлбеу орналасуымен және көтерілу мен түсуде ауыспалы бұрыштармен, жоспар мен пішінде қисықтығымен, үлкен созылыңқылығымен және т.б. сипатталады.

Сондықтан көлік құралдары биіктігі, ені, ал кейде ұзындығы бойынша жинақтылығымен ерекшеленуі тиіс.

Мысалы, вагондар мен локомотивтер ені темір жолда рельс жолдарының ені және қозғалыс кезінде төзімділігі бойынша регламенттеледі; ұзындығы автомобиль көлігінде бұрылу кезінде қисықтар ішіне жазылған параметрлер бойынша таңдап алынады, габариттік параметрлері автожолдың өтетін бөлігінің ені және көпірлерді, эстакадалар, троллейлік өткізгіштер және т.б. қиып өткен кезде биіктігі бойынша - ұйғарымдық жағдайына; конвейерлік көлік галереяларында, шахта қазбаларында және т.б. шахта қазбаларында орналастыру жағдайынан таңдап алынады.

Жұмыс орнының тұрақсыздығы шахталарда, карьерлерде, кеніштерде, порттарда және теміржол станцияларында (әңгіме белгілі бір жерлерге бекітілмеген көліктің магистральдық түрі жайында) парктің түрлі өнімдер жеткізушілер мен тұтынушылар және т.б. автомашиналарына қызмет көрсету кезінде жұмыстың жылжымалы сипатынан шыға отырып анықталады. Бұл талап технологиялық ерекшеліктермен және орындалатын операциялар сипатымен ұсынылады, бұл жоғары маневрлі көлік құралдарын жасау қажеттілігін, тиеу-түсіру айла-амалдарын орындау кезінде ұтқырлықты, бірқатар жағдайларда (шахталарда, карьерлерде, кеніштерде) құрастыру-бөлшектеу, қысқарту-ұзарту, тасымалдау және жылжыту жеделдігінің қажеттігін байланыстырады.

Көптеген көлік машиналары көлбеу күйде жұмыс істейді, мысалы конвейерлер, автомобильдер, теміржол көлігі. Сондықтан осындай машиналар сәйкес түрде тежегіштермен, ұстағыштармен, парашюттермен, ұрлап кетуге қарсы құралдармен және т.б. жабдықталуы тиіс. Осындай құралдарды қолдану аймағы техникалық сипаттамада көрсетіледі және бойлық тұрақтылық қорымен (жылжымалы құрам үшін), шанақтың артқы сырт қабырғасы арқылы төгілуімен, тартқыш элементтердің жарылыс күшімен және т.б. шектеледі.

Жұмыс кеңістігін сипаттайтын айтарлықтай параметрлердің бірі горизонталь (дөңгелену радиустары), сондай-ақ профильдік (көтерілу және түсу) жазықтықтардағы трассаның күрделігі болып табылады. Машиналардың әр түрлері үшін бұрылыстарға (рульмен басқару, бұрылыс арбашалары) енуін немесе жоғары дөңгелену радиустарын қамтамасыз ететін механизмдер қарастырылған.

Көлік желілері, автомобиль және темір жолдар үлкен созыңқылықпен тармақтылықпен сипатталады, бұл қондырғылар қуатын арттыру қажеттілігін, отын қорын, түйіндесу және бір көлік желісінен (жолынан) басқасына өту құрылғыларын, жолдар мен магистралдарды елді мекендерден айтарлықтай қашықтықта қанағаттанарлық күйде ұстауды және т.б. талап етеді.

Жүктер

Көлік машиналарына әсер ететін күштер ерекше. Біріншіден, жүк ағындарында үлкен біркелкі еместік коэффициенттері болады, екіншіден, машиналар ірі кесекті материалды тиеу кезінде жолдардың тегіс емес жерлерімен қозғалған кезде (рельстердің түйіскен жерлерде, шұңқырларға түскенде, автожолдардың тегіс еместігі және т.б.) айтарлықтай динамикалық күштерге түседі. Динамикалық жүктер көбінесе, вагондар мен локомотивтердің рельстерден шығып кетуі, тіркеуіштердің немесе тарту органдарының айрықтары, айналатын немесе сырғымалы тетіктердің сыналануы және т.б. сияқты нормасыз жұмыс режимдері кезінде туады.

Машиналардың тұтастай бір қатарына динамикалық күштер бекітілген қозғалыс кезінде де, мысалы қосылу-тоқтау, белгілі бір радиус бойынша қисық сызықты жолдарға енудің фронталь көлбеулері, қарсы желдің кедергісі, қозғалыс бетінен ілінісуді жоғалтқанда тұрып қалу және т.б. кезінде әсер етеді.

Динамикалық күштер тетіктер мен түйіндердің қажуда ұзақ мерзімділігінің төмендеуіне, ал кейде олардың деформациясы немесе сынуына алып келеді.

Сондықтан машиналарды ерекше пайдалану жағдайы үшін конструкциялау кезінде көлік құралдарын жасаушылар энергия-механикалық сипаттамалары, қуаттары, беріктігі және басқалары бойынша динамикалық күштерді, циклдік жұмыс сипатын және жүктің біркелкі тиелмеуін есепке алу мақсатында біршама резерв салады. Мысалы, көлік машиналарында пайдаланылатын тартқыш арқандарда беріктік қоры - 6 бастап 11 дейін, тізбелер - 6 бастап 8 дейін, тетіктер беріктігінің қоры кемінде 2,5 және т.б. болуы керек.

Барлық осы жүктерді есепке алу қондырғының негізгі параметрлерін анықтау кезінде пайдалану тәжірибесі негізінде есептеу жолымен орындалады және конструктордан терең теориялық машықтар мен білімін ғана емес, сондай-ақ көліктің сол немесе басқа түрін пайдалану тәжірибесін терең талдауды талап етеді.

Көлік түрлерін таңдау бойынша жалпы ұсыныстар

Жүктерді тасымалдауға байланысты мәселелерді шешу үшін төмендегілер қажет:

- өндірістік процесс, сонымен қатар жалпы пайдалану көлігінің талаптарын қанағаттандыратын жалпы көлік сұлбасын жасау;

- көлік сұлбасы учаскесінің әрқайсына анағұрлым мақсатты көлік түрлерін орнату;

- әрбір учаскеде жобалау нормаларын, жылжымалы құрамның техникалық сипаттамаларын ескере отырып, белгіленген көлік түрінің әрқайсының оңтайлы параметрлерін анықтау.

Көлік құралдарын таңдау кезінде олар:

а) болуы мүмкін әрекеттер арасында анағұрлым үнемді және тиімді болуы;

б) берілген жүк ағыны көрсеткіштерінің барлық жиынтығына – оның қуатына, жүктің габариттік өлшемдеріне және оның физика-механикалық қасиеттеріне жауап беруі;

в) кәсіпорында және оның әрбір учаскесінде өндіріс технологиясы ерекшеліктеріне жауап беруі;

г) максимум жұмыс өнімділігін және қауіпсіздік техникасын сақтау үшін анағұрлым қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуі;

д) жақын перспективада техника деңгейіне сәйкес келуі тиіс екенін ескерген жөн. Көлік түрін алдын ала таңдау үшін келесі негізгі басымдықтар мен әр түрлі көлік кемшіліктерін басшылыққа алған жөн.

 

3 ОРЫН АУЫСТЫРАТЫН ЖҮКТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ҚАСИЕТТЕРІ ЖӘНЕ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ЖІКТЕУ

Жүк түрлері және физика-механикалық қасиеттері

Жүктер ретінде тасымалдауға қабылдау моментінен бастап қабылдаушыға тапсырғанға дейінгі заттар мен материалдарды есептейді. Көлік құралдарына түсетін жүктер дайындауға, тиеуге, тасымалдауға, түсіруге, ал ейде көліктік сақтауға жатқызылады. Осы процестерді ұйымдастыру жүктердің сипаты мен олардың санына байланысты.

Жүктерді дайындау ораумен, бағыты бойынша сұрыптаумен, таңбалаумен, өлшеумен, пакеттеумен, тиеумен және тасымалдау құжаттарын құрастырумен шектеледі.

Жүкті тиеу мен түсіруді түрлі, оның ішінде механикаландырылған тәсілдермен, жүктердің физикалық қасиеттеріне және оларды орау түрлеріне байланысты жүргізеді. Тиеу және түсіру кезінде көлік құралы (үздіксізден басқа) тұрып қалады, бұл көбінесе тасымалдау құнын анықтайды.

Жүктерді тасымалдау оларды белгіленген орнына толық сақталған күйінде және мерзімінде жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс, бұл тасымалдаудың маңызды шартының бірі болып табылады.

Жүктерді сақтау қоймаларда жүргізіледі. Қоймалар типі мен өлшемдері, қоймаларда орналастыру тәсілдері және сақтау режимі жүктердің физикалық қасиеттеріне, оларды орауға, сақтау мерзіміне, жүктер санына және климаттық жағдайларына байланысты.

Физика-механикалық қасиеттері бойынша жүктерді келесі түрлері бойынша жіктеуге болады: үймелі (пайдалы қазбалар, тау жынысы, төгілмелі ауыл шаруашылық жүктері – қант, бидай және т.б.), даналанған (машина, жабдық, өнеркәсіп тауарлары және басқалары), құйылатын (су, жанар-жағармай материалдары, эмульсия, сұйылтылған және сығылған газдар) және газ тәріздес (табиғи газ, оттегі және т.б.).

Үймелі жүктер кесектілігімен (гранулометрлік құрамымен), үйінді массасымен, табиғи қиябет бұрышымен, жемірлігімен, ылғалдығымен, жабысқақтығымен, өздігінен тұтануға бейімдігімен, күмбез түзумен, жабысқыштығымен және т.б. сипатталады.

Үймелі масса (тығыздық) у т/м3— үймелі жүк көлемі бірлігінің массасы, ол физикалық қасиеттеріне, ұсақтау және тығыздау дәрежесіне байланысты. Үймелі тығыздығы әрқашан ұсақталмаған табиғи түрдегі материал тығыздығынан аз. Үймелі тығыздығына байланысты жүктер жеңіл (0,6 т/м3 дейін), орташа (0,6 - 1,1 т/м3), ауыр (1,1-2 т/м3) және анағұрлым ауыр (2,0 т/м3 жоғары) болып бөлінеді.

Табиғи қиябет бұрышын горизонталь беті бар еркін үйілген материалдың бүйір бетінен түзілетін бұрыш бейнелейді. Ол бөлшектер арасындағы үйкеліс күшіне, ылғалдылыққа, жабысқақтыққа және өлшемдеріне байланысты, сондықтан да тұрақты шама болып табылмайды. Табиғи қиябет бұрышы тыныштықта және қозғалыста болып бөлінеді. Ол көлденең қима ауданына және өнімділігіне (жүк айналымына) әсер етеді. Үймелі жүктер бойынша кейбір деректер 1-кестеде келтірілген.

1-кесте – Кейбір жүктердің үйме тығыздығы және табиғи қиябет бұрышы

 

    Жүк   т/м3 ,град ,град
Кептірілген көмір 0,8-0,95   30-40   19-28  
Магниттік теміртас   2,5-3,5   50-55   32-40  
Әктас   1.3-1,5   40-45   26-30  
Саз   1,85-1,9   38-40   25-30  
Құм   1,7-1,8   37-41   24-30  
Қатты тау жыныстары 1,8-2,35   40-45   29-35  
Тасшақпа   2,0-2,5 45-50   25-30  
Қара топырақ грунты 0,6-0,8   40-45   35-40  
   

W ылғалдығы 105 °С температура және t=4с уақыты кезінде кептіргіш камераларда кептіру арқылы анықталатын су мөлшерін көрсетеді:

%, (3.1)

Жемірлік, бұрын айтылғандай, - бұл жүктердің үстіңгі бетті үйкеу қасиеті. Жемірлік дәрежесі бойынша жүктер жемірлі емес А (түйіршік, цемент және т.б.), жемірлігі аз В (саз, көмір), орташа жемірлі С (құм, антрацит) және қатты жемірлі С (руда, букситтер) болып бөлінеді.

Құйылатын жүктер (сұйықтық) де меншікті салмақпен, тығыздықпен және тұтқырлықпен сипатталады.

Берілген нүктеде сұйықтықтың меншікті салмағы (кг/м3) деп сұйықтық массасының (сұйықтық салмағы) оның көлеміне қатынасын атайды

, кг/м3 , , (3.2)

мұнда G- сұйықтық салмағы;

m – сұйықтық массасы;

V- көлем.

Тұтқырлық – бұл сұйықтықтың - сұйықтық бөлшектерінің салыстырмалы ығысуына (қозғалысына) кедергі жасау қасиеті.

Сонымен қатар жүктер сапалық белгілері мен тасымалдау шарты бойынша жіктеледі [2]. Салалық белгісі бойынша жіктеу – бұл тасымалдарды халық шаруашылығының негізгі салалары: өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, сауда, коммуналдық шаруашылық, пошта байланысы мен тұрғындарды тасымалдау бойынша топтастыру.

Тасымалдау шарттары бойынша жіктеу төмендегілерге байланысты жіктеледі:

- ораудың болуына – ыдыссыз және ыдыспен;

- бір жүк орнының массасы – қалыпты, жоғары массалы және ауыр салмақтылар. Қалыпты жүктер ұсақ даналы (250 кг дейін) және жәміштелген (бөшкелер, орауыштар және басқалары, 500 кг дейін), жоғары массалы (250 кг дейін 30 т дейін) және ауыр салмақты даналанған массасы 30 т және одан артық болып саналады. Ұсақ даналы жүктер – бұл бір-бірінен оңай ерекшеленетін және үйіп тиеуге жол бермейтін заттар жиынтығы (плиталар, кірпіштер және басқалары);

- өлшемдері – қалыпты, ірі габаритті және габаритті емес;

- тиеу – түсіру – даналанған, төгілетін, үймелі, құйылатын, ұнтақ тәріздес және газ тәріздес тәсілдер;

- шамасы 1 бастап айтарлықтай төмен құбылатын жүк көтерімділік коэффициентімен анықталатын жүк көтерімділікті пайдалану.

- қауіптілік дәрежесі, яғни адамдарға, жануарларға, жылжымалы құрамға, құрылысқа, жолға зиянды әсер ету мүмкіндігі. Осындай жүктерді бірнеше топқа бөлуге болады:

а) қаупі аз (азық-түліктік және өнеркәсіптік, құрылыс материалдары, құм және т.б.);

б) тез тұтанатындар (бензин, ацетон, целлулоид);

в) шаңдатқыш және жанғыш (цемент, әк, асфальт);

г) күйдіргіш сұйықтықтар (қышқылдар, сілтілер);

д) баллондардағы сығылған және сұйылтылған газдар;

ё) уландырғыш, радиобелсенді және жарылғыш;

- сыртқы әсерлерден қорғау шарттары – әдеттегі және жауын-шашындардан, температуралық әсерлерден, соққылар мен селкілеуден ерекше қорғауды талап ететіндер (шыны, ыдыс, аспаптар және басқалары).

- тасымалдау және сақтау режимдері – әдеттегі, тез бұзылатындар (көбінесе азық-түлік өнімдері), өткір иісті, санитарияға қарсы (қоқыс, кір), тіршілік иелері (мал, құс).

Өнеркәсіп көлігі құралдарын жіктеу

Өнеркәсіп көлігі түрі, мақсаты, әрекет ету мерзімі мен әрекет ету тәсілі бойынша жіктелуі мүмкін.

Түрі бойынша келесі: теміржол, автомобиль, өзен және арнайы көлік құралдарына бөлінеді. Арнайы көлік түріне гидравликалық пневматикалық, «құбыржол» терминімен бірігетін, монорельсті, аспалы жатады. Осы түріне рольгангты, ілмекті және пластиналы конвейерлер, платформалар, арбашалар, авто және электрокарлар жатады.

Өнеркәсіптік көлік мақсаты мен жұмыс сипаты бойынша сыртқы және ішкі болып бөлінеді.

Сыртқы кәсіпорын шикізатты, дайындамаларды, жарты фабрикаттар мен материалдарды жеткізуге және дайын өнімді алып шығуға арналған.

Ішкі жүктерді, дайындамаларды және басқаларын кәсіпорын ішінде, яғни цехтар арасында немесе цехтар ішінде тасымалдауды жүзеге асырады. Зауыттарда ішкі көлікті - зауыт ішілік, ірі құрылыстарда – іштей салынатын, шахталарда - шахта ішілік немесе жер асты, карьерлерде ашық өндіру тәсілі кезінде карьерлік деп атайды.

Зауыттарда ішкі көлікті цехтық және цех аралық деп бөледі. Осыған орай цех ішілік көлік ретінде, әдетте - конверейерлік немесе арнайы көлікті, сонымен қатар автотиегіштерді, электр- және автоарбашаларды, ал цех аралық ретінде теміржол, автомобиль, құбыржол көліктерін және басқаларын пайдаланады.

Әрекет ету тәсілі бойынша циклдік немесе үзілістік және үзіліссіз көлік түрлеріне бөлінеді.

Үзілістікке (циклдікке) теміржол, автомобиль, монорельстік, аспалы, пневмоконтейнерлік, арбаша көліктер жатады.

Үзіліссіздерге конвейерлік, құбыржол және гравитациялық көліктер жатады (ауырлық күші әсерінен жүк науалар, төсемдер бойымен орын ауыстырады).

Соңғы жылдары жұмыс технологиясының дамуымен және жаңа көлік түрлерін жасаумен қатар циклдік және үздіксіз түрлерінің қасиеттерін біріктіретін циклдік-ағымдық көлік ұғымы енгізілді. Осы түрінің өкілдері тұтас технологиялық процеспен байланысты элеваторлар, конвейерлік поездар, бункер – поездар болып табылады.

Әрекет ету мерзімі бойынша көлік тұрақты және уақытша болуы мүмкін. Уақытша көлік ретінде тасымалдануы, қысқаруы, ұзаруы және т.б. мүмкін уақытша (жылжымалы) жолдармен қозғалатын түрлерін түсінген жөн. Ережеге сай, осындай түрлері пайдалы қазбаны ашық (карьерлер) немесе жер асты (шахталар, кеніштер) тәсілімен өндіру кезінде қолданылады (2-суретті қараңыз).

Сыртқы және магистральды көлік өндірістік процесті жалғастыру міндетін орындайтынын байқаған жөн. Көбінесе осы мақсатта теміржол көлігі пайдаланылады, оның көмегімен кәсіпорынға шикізат, отын, жарты фабрикаттар үлкен көлемде және айтарлықтай қашықтыққа жеткізіледі. Құрылыс материалдарының, шаруашылық жүктерінің және басқаларының көп санын жақын жерлерден жеткізу автомобиль көлігімен жүзеге асырылады. Шикізат көздеріне жақын орналасқан кейбір өнеркәсіптік кәсіпорындарға жеткізуді құбыржол, өзенмен, контейнерлік немесе басқа көлік түрлерімен жүзеге асыруға болады, оның үлесі соншалық болмашы.

Өнеркәсіп көлігінде тасымалдау көлемінің қатынасы келесі пропорцияда көрінеді: сыртқы көлікке - 30 % жуық, ал ішкіге барлық тасымалданатын жүктердің 70 % жоғары келеді [7].

Келтірілген деректерден шамамен жүктің үштен бірі - қара металлургия кәсіпорындарында, 15 % астамы – көмір шахталарында, 12 % жуығы құрылыс индустриясында және т.б. тасымалданады. Автомобиль көлігімен, теміржолға қарағанда екі есе көп жүк тасымалданады, оның үстіне автотасымалдаудың орташа ұзындығы - 17 км, ал теміржол көлігімен 7 км құрайды.

Цех аралық тасымалдар үшін көліктің анағұрлым тиімді түрін таңдау кезінде, кәсіпорын көлігі – бұл негізгі өндіріс технологиясымен тығыз байланыста және бір ырғақта жұмыс істейтін көліктің әр түрінен, жүк көтергіш машиналардан, тиеп-түсіру механизмдерінен, жиналмалы механикаландырылған кешендерден тұратын тұтас кешен екенін ескерген жөн.

Көбінесе ішкі көлік ретінде қолданылатын өнеркәсіптік көлік тасымалдану тәсілі, тартқыш орган типі, жүк таситын элементтер типі, тұтынатын энергия тегі және т.б. бойынша жіктеледі.

Тасымалдау тәсілі бойынша көлік қондырғылары жүкті сүйрелеу арқылы жылжытатын қондырғыларға (қырғыш конвейерлер, бекіткіштер, бульдозерлер), сырғанау (гравитациялық, өздігінен ағатын), жүк таситын элементтерде (таспалы және пластиналы конвейерлер, вагондар, автомобиль шанақтары), су және ауа ортасында (құбыржол бойымен гидравликалық немесе пневматикалық көлік).

элеваторлар  
тиеушілер  
Конвейерлі поездар  
Бункер-поездар  
Циклдік ағымдық  
Циклдік (үздіксіз)  
электровоздарр  
дизеловоздар  
Өзі жүретін вагондар  
автомобильдер  
ауа тасушылар  
шексіз арқандық  
гравитациялық  
құбыржол  
өзі ағатын  
конвейерлер
үздіксіз    
ӘРЕКЕТ ЕТУ ПРИНЦИПІ БОЙЫНША КӨЛІК ҚҰРАЛЫ
ТАСЫМАЛДАУ ТӘСІЛІ
ТАРТҚЫШ ЭЛЕМЕНТТЕР ТИПІ
ЖЕТЕК ТИПІ
ЖҰМЫС ҰЗАҚТЫҒЫ
ӘРКЕТ ЕТУ ПРИНЦИПІ  
ЖІКТЕУ БЕЛГІЛЕРІ

 

2-сурет - Көлік құралдарын жіктеу

Көлік құралдарын тартқыш органдарының типі бойынша тізбекті, таспалы немесе арқанды органы (конвейерлік көлік), доңғалақтары (теміржол, автомобиль немесе өзі жүретін көлік) бар, сондай-ақ тартқыш элементтерсіз (құбыржол көлігі, гравитациялық және тербелетін қондырғылар) қондырғыларға бөледі.

Жүк тасушы элементтер типі бойынша қозғалыстағы жүк тасушы элементтері бар қондырғылар (вагондар, автомашиналар мен тіркемелер шанақтары, платформалар, арбашалар, конвейерлер, элеваторлар), тербелістегі (тербелетін, дірілдік қондырғылар) және жылжымайтын (науалар, төсемдер және т.б.) болып бөлінеді.

Тұтынатын энергия тегі мен жетегі бойынша - электр жетекті (конвейерлер, электровоздар, өзі жүретін вагондар), дизельдік (тягачтар, тепловоздар, автомобильдер), карбюраторлық (автомобильдер, тиеушілер), пневмо-гидравликалық (құбыржол) жетектері бар және гравитациялық (науалар, төсемдер бойымен өзі ағатын)қондырғылар және т.б.

Өнеркәсіптің кейбір салаларында көлікті технологиялық бағыттылығы бойынша да жіктеу болады, оның негізіне еңбек құралына бөлу жатыр [8].

Осы белгілері бойынша көлік машиналарын келесі кластарға бөлуге болады: технологиялық, көліктік және көліктік-технологиялық.

Көлік машиналары өндіріс процесінде жүктерді түрлі тәсілдермен жылжытуды жүзеге асырады, сондықтан да олар негізгі сегіз класқа бөлінеді:

- тартқыш машиналар тарту құралы болып табылады және тіркеме экипаждарды жылжыту үшін, сондай-ақ жарты тіркемелермен және төсемдік жабдықпен жұмыс істеу үшін қызмет етеді;

- тарту құралы ретінде де қолданылатын, сондай-ақ тұрақты (машинаға орнатылған) немесе ауыспалы бола алатын жеке тасымалдау ыдысы болатын тартқыш-көлік машиналары. Оларға моторлы автоарбашалар, моторлы вагондар, ауыспалы жабдықпен жұмыс істеуге арналған ершікті және бір осьті тартқыштар, сондай-ақ өзі жүретін шасси-вагондар жатады.

Тіркемелі көлік құралдарында жеке энергетикалық қондырғы болмайды, бірақ машинаның барлық белгілері болады, олар көбінесе тиеу-түсіру құрылғыларына жанасатын қондырғыларымен жабдықталған. Оларға автомобиль тіркеме-самосвалдар, төңкеретін шанағы бар өзі түсіретін вагондар, думпкарлар,тракторлық топырақ таситын арбашалар және басқалары жатады.

Тасымалданатын органы бар машиналар жүктерді осы органның созылыңқылығы немесе қол жетерлігі шегінде жылжытады. Оларға таспалы және тізбекті конвейерлер, арқанды лебедкалар және басқалары жатады.

Көтергіш машиналарға бірнеше кластар кіреді, олар жүктерді түрлі тәсілдердің көмегімен, иілгіш органдарды (тальдар, тельферлер, көтергіш крандар), бұрандалы жабдықтарды (домкраттар, телескопиялық мұнара) немесе гидравликалық соташықпен қоса, көтеру және түсіруді жүзеге асырады.

Тиегіш машиналар немесе тиеушілер жүктерге материал түріне байланысты түрлі аспаптардың көмегімен орын ауыстыру жүргізеді. Мысалы, конвейерлік тиегіштерді жемірлігі аз жүктермен (қар, цемент) жұмыс істеу үшін қолданады, ашалы тиегіштер жәшіктермен, машиналармен, теңдермен және басқа ыдысты жүктермен операция жасауға қолайлы. Шөміштің немесе ілгекті траверсаның орнына сусымалы жүктерді салуға болады.

Сору немесе айдау принципі пайдаланылатын арынды орын ауыстыру машиналары сұйықтықтар мен газдарды, сондай-ақ сұйық және газ тәріздес орталарда материалдарды, мысалы бетон қоспаларын құбыр жолдары бойымен тасымалдау үшін қолданылады. Осы кластағы топтар сорғылармен, компрессорлармен, ауа үрлегіштермен және басқа құрылғылармен берілген.

Көліктік - технологиялық машиналар еңбек мәнін өзгертіп қана қоймай, бір мезгілде көліктік операцияны орындай отырып, мысалы жүкті жылжытумен қатар қопсыту, сол немесе басқа заттарды кесу барысымен жүзеге асырылады. Осы жіктеу тазарту, жер қазу, пішіндегіш-таратқыш және материалдардың технологиялық қасиеттерін сақтай отырып, тасымалдауға арналған машиналар болып бөлінеді.

Тазартқыш машиналар объектілерді орманнан, бұталардан, түбіртектерден, қар жамылғысынан және т.б. босатуға арналған. Көбінесе бұл тракторлар, оларға қосымша жұмыс жабдығы ілінеді (мысалы, шнекті-роторлық қар тазартқыш, болат тарақты қорғаны бар түбіртектерді тамырымен жұлғыш-жинағыш және басқалары).

Жер қазатын машиналар топырақты діңгектен немесе массивтен бөлу бойынша жұмыс істейді, бұл топырақ қасиеттерінің өзгеруімен қатар жүреді, ал орын ауыстыру қазу процесін үздіксіз құраушы болып табылады. Мысалы, шұңқырлар, орлар, құдықтар қазу кезінде топырақтың бір бөлігі шығарылады және жылжытылады. Осы класқа түрлі машиналар, оның ішінде қырғыштар, грейдерлер, бульдозерлер, котлован қазғыштар және т.б. енеді.

Пішіндегіш-таратқыш машиналар топырақтың өңделетін беттеріне немесе сусымалы материалдарға (көмірге, балластқа) қажетті кескін береді. Оларға өзі түсірілетін балластық вагондар, асфальт төсегіштер, бетон төсегіштер, үйінді қиябетін бекітуге арналған машиналар және басқалары жатады.

Қатаю, суыну және т.б. салдарынан өзгеруі мүмкін жүк қасиеттерін сақтай отырып, материалдарды тасуға арналған машиналар. Осындай машиналардың мысалы дайын бетон бөлігін қозғалыс кезінде араластыра жүріп, тасымалдайтын бетон араластырғыштар орнатылған автомобильдер, сонымен қатар битумды қыздырылған күйінде жеткізуге арналған автогудронаторлар болып табылады.

Технологиялық машиналар жіктеуін еңбек құралына әсер ету айырмасына жіктеуге негіздейді, осыған орай оның қасиеттері өзгереді. Мұнда кесу, бұрғылау, жону, ұсақтау және т.б. бойынша машиналардың


<== previous lecture | next lecture ==>
Сущность профессионального самоопределения | Кіріспе
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.592 s.