Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Эквипотенциал беттер.


Date: 2014-03-11; view: 5151.


Потенциалдың таралуын график жүзінде бейнелу үшін эквипотенциал беттер пайдаланылады. Эквипотенциал беттер дегеніміз барлық нүктесінде потенциалдары бірдей мәнде болатын беттер.

Көбіне эквипотенциал беттерді екі көрші эквипотенциал беттердің арасындағы потенциалдар айырымы бірдей болатындай етіп жүргізеді. Сонда эквипотенциал беттердің қалыңдығы әртүрлі нүктедегі өріс кернеулігін көрнекі етіп сипаттайды. Осы беттер қалың орналасқан жерде өріс кернеулігі үлкен. Суретте үзік сызықтармен күш сызықтары, тұтас сызықтармен эквипотенциал беттердің қимасы: оң нүктелік заряд (а), диполь (б), екі аттас заряд (в) күрделі конфигурациялы зарядталған металл өткізгіш (г) үшін бейнеленген .

Нүктелік заряд үшін потенциал , сондықтан эквипотенциал беттер концентрлік сфера болады. Екінші жағынан кернеулік сызықтар радиал түзулер болады. Сонымен кернеулік сызықтары эквиотенциал беттерге перпендикуляр.

Барлық жағдайда векторы эквипотенциал бетке перпендикуляр және 2)барлық уақытта потенциалдың кему бағытына қарай бағытталғанын көрсетуге болады.

 

Бақылау сұрақтары.

1. Кернеулік векторының циркуляциясы.

2. Зарядтың потенциалдық энергиясы.

3. Электростатикалық өрістің потенциалы.

4. Потенциалдың өлшем бірлігі

5. Электростатикалық өрістің потенциалдарының суперпозиция принципі

6. Эквипотенциал беттер.

7. Кернеулік пен потенциал арасындағы байланыс.



<== previous lecture | next lecture ==>
Потенциалдар айырымы. | Лекция 12
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.087 s.