Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






ФОРМАЛАРЫ 6 страница


Date: 2014-03-21; view: 991.


оқытушының (мұғалімнің) қызмет үрдісін айтады. Мұндай өзара байланыс қандай нысанда болмасын, оқыту үрдісінің барысын жан-жақты қамтиды. Мұғалім оқушының іс-әрекетін қамтамасыз етіп, оны ұйымдастырып әрі оны бақылаған жағдайда ғана ол сондай дәрежеде болады. Іс жүзінде оқыту үрдісінің былайша ұйымдастырылады:

-мұғалімдердің оқуға қатысты ақпаратты (оқыту жобасындағы) іріктеуі, жүйелендіруі және оны оқушыларға педагогикалық тұрғыдан жеткізу;

- бұл ақпараттар арқылы және жұмыс әдістерін қолдап отырып, оны оқушылардың қабылдауы, сезінуі және меңгеруі;

- тұтас педагогикалық үрдісте әр оқушының білім мен әдістерді жүйелі меңгеруі бойынша әр оқушының оқу барысын ұтымды, тиімді, пара-пар ретінде жүргізе білу.

Оқыту әрекеті белгілі бір дәрежеде білім мазмұнының аясында қызметке басшылық ету ретінде көрінеді, ол жеткіншек ұрпақтардың интеллектуалды, өнегелілік және күші мен тәсілдің үйлесімді дамуының міндеттерін айқындайды. Оқытушының тарапынан педагогтік басшылық сабақ өтуі кезінде өзінің жеке қызметін оқушылардың әрекет жоспарлаудан мектеп оқушыларының білімдер мен қызмет тәсілін меңгеру бойынша белсенділігі мен саналылығын ынталандырудан, оқу үйренуінің сапасын реттеуден және оқушылардың оқу талаптарын орындаудан, оқып- үйренудің нәтижелерін талдаудан және оқушылардың жеке өзінің одан әрі дамуын болжаудан қалыптасады. Мүнда мүндай педагогтік ықпал ету тек жөнге салуымен шектелмейді, сонымен қатар қалыптастырушы сипатқа ие болады және оқушының санасын жаңғыртуда және онда ақыл-ой, өнегелілік қызмет және жеке бастың ерекшеліктері қалыптасуы барысында өзіне тән белгілері болады. Бұл орайда мұғалімге ең алдымен оның әр алуандығын және тұтқаларын, оның нәтижелерін жақсы білуі керек, мақсатты дүрыс қоя біліп олардың жеткен жетістіктерін бағалау керек, қызметтің сыртқы, сондай-ақ ішкі реттелуін қамтамасыз етуі тиіс.

Оқып үйрену үрдісіндегі танымдық әрекетке басшылықты кейде тым тар мағынада түсінеміз, оны жеке танымдық міндеттер шеңберінде меңгеруді басқару деп білеміз. Мысалы, әртүрлі типтегі мәселелік ахуал үрдістерін басқару мәселелік ахуалдан шығуда үрдісті басқару тәрізді болып көрінеді және т.б. Ондай түсінікте (оперативтік басқарудың) басқару құралдары әр түрлі қарқынды көмекшісі, «жетекші міндеттер» болып табылады. Бұл құралдар мектеп оқушылары танымының сатылап ілгері жылжуын көздейтін міндеттер жүйесін білдірудің тұтас үрдісін элементтері болуы тиіс. Бұл баспалдақтар оқушылардың мәселелпік және танымдық дербестігінің төменгі деңгейінің міндеттерін өтеуді көздейді. Оларды шешу барысында шығармашылық, зерттеушілік жүзеге асады, сонымен қатар білімнің қасиеттерін, сапаларын (жүйелілігін, іс-қимылын, жинақтауды және т.б.) қалыптасудың белгілі бір деңгейін саналы түрде меңгеруді жобалайды. Оқып-үйретуді мұндай ұйымдастыру кезінде оқытудың бағыт-бағдары сабақта оқушының оқу

 

қызметін ұйымдастырудың қажетті шарттарын анықтау болып табылады, бұл талаптарды сақтау оған талаптар қызметінің пәндік және ұйымдық үйлесімділік


бірлікт оның меңгеруіне мүмкіндік береді. Сонымен катар: а) оқу қызметінің пәнінде сапалы түрде бағыт-бағдар жасау (оқушы үшін бұл оқыту барысында немесе өзге мотивпен жүргізілетіы қызметтің күтілетін нәтижесіне қол жеткізу үшін оның орындайтын әрекеттері болып табылады); б) олардың мақсаттарына қол жеткізу тәсілі ретінде өзінен кейінгі әрекеттерінде бұрынғы әрекеттерінің меңгерілген мазмұнын енгізу; в) мақсаттарды анықтау және қызмет бағдарламаларын әзірлеу бойынша әрекеттермен, тиісінше және аталған бағдарламаны орындауға бақылау әрекетін қоса алғанда, елеулі байланыстар мен заңдылықтарды ашуды бөліп қарау фактілерін анықтау бойынша дербес қолданылатын әрекеттерді салыстыру.

Оқытып үйрету үрдісін ұйымдастыру педагог пен оқушының жеке мінез-қүлқын, оның оқудың белсенді іскер субъектісі ретінде ерекшелігін есепке алуын талап етеді. «Берілген білімдерді» игере алмау, педагог пен оқушының жеке ой-пікірлері кездескенде эмоционалдық-көңіл-күй сезімталдық әсер болатын жағдайларда бұл білімдерді бірлесіп игеру керек. Таным үрдісін- дайын ғылыми теориялардың нәтижесін біліп (болжап) қана қоймай, оларды ашуға процестің өзі қатысуы керек.

Аталған жағдайда маңызды шарт ретінде міндеттердің

Типтік міндеттердің жүйесі-типтік жүйесі бой көрсетеді. Оларды қолдану оқушыларда

оқушылардың танымдықөзінің оқу танымы мен практикалық қызметінде меңгеру

қызметін басқару шартыжәне тұрақты пайдалану қажеттілігін қалыптастыруға жаңа білімдерді алудың кұралы ретінде жәрдемдеседі.

Оқушылардың оқу-танымдық қызметін басқару оқып-үйрену құрылымында оқытудың қызмет пәні ретінде сипатталады. Аталған жағдайда ол ең алдымен мектеп оқушыларының оқуын ұйымдастыру кезінде сабақ тақырыбын оқып-үйренудің және тұтастай алғанда тақырып бойынша сабақ жүйесінің оқып-үйрену соңында оның қажетті мақсатка жетуін сол сәтте орындаудың бастапқы тапсырмасына қатысты болады. Басқарудың ондай деңгейіне жету үшін (оқушының оку жұмысын ұйымдастыру) мұғалім оқып-үйретуді ұйымдастыра отырып оқушының әрекетіне оның игере алатын қандай білімін енгізу керектігін айқындайды. Қызмет таңдауы оқып-үйретудің мақсатында көзделген міндеттермен айқындалады. Осыған байланысты оқып-үйрену үрдісіндегі мұғалімиің басшылық рөлі көрінеді. Оның белгіленуі оқу материалын меңгеру бойынша белсенді және саналы қызметті басқару арқылы жүзеге асырылады.

Бұл үшін мыналар қажет: негізделген оқу міндеттерін белгілеу; оқушының бұл міндеттерді қабылдауы үшін қолайлы жағдайлар жасау; алдағы әрекеттің тәсілі туралы оларға нақты нұсқау беру; оқушыға уақытылы қажетті әрі жеткілікті түрде көмек беру; онда білуге деген талпыншылықты, қызығушылықты борыш пен жауапкершілік сезімін туғызу керек.

Оқытудың әрбір актісі окушы қызметінің сипатына, сондай-ақ

Мұғалімнің оқытуоның жеке тұлғасының калыптасу үрдісіне енгізуге

кезіндегі міндеттеріарналған. Бұл үшін мұғалім оқыту қызметін жүзеге асыра

отырып оқытудың нақты жағдайларына, нақты оқытылатын оқу пәніне және оның жеке бөліміне мұқият талдау жасауды жүзеге асырады. Сабақта оқытудың мақсаты оқуды ұйымдастырудағы міндеттерді шешуді жүзеге асыруға дейін қамтылуы тиіс. Оқытудың (сабақтың мақсаты) ондай мақсатғарын анықтамайынша оның нәтижелеріне нақтылап қол жеткізу қиындық туғызады, олар педагогикалық бақылауға бағынбайды. Білім кандай міндеттерді шешуге бағытталғанын накты білмей тұрып, мұғалім оқытудың субъектісі ретінде бұл білімдерді оқыту кезінде оқушыға қандай әрекет тиісті екендігін айқындай алмайды. Сондықтан


мұғалім оқытып-үйрету басталмас бұрын «нені оқытатындығынын» нақты бағдарламасын біліп қана қоймай, оқушы меңгеруге тиісті мазмұнға қатысты міндеттерді алдын ала реттеп алуы тиіс. М. А. Данилов мұғалімдерге оқыту кезінде танымдық міндеттерді

жүзеге асырудың төмендегідей ережелерін ұсынады:

-танымдық міндет пәндік мазмұннан туындауы тиіс;

-міндеттерді орындау үшін нақты жағдайларды қалыптастыруға орай оқушының нақты даму деңгейін және олардың дайындығын есепке алу керек;

-міндеттерде ақыл-ойды, алғырлықты, шығармашылықты дамыту үшін қажетті ақпараттар болуы тиіс;

-оқушының пәндік қызметін жүзеге асыруға қажетті жағдайларды жасау керек;

-оқушыға міндеттерді шешуді үйрету кажет, оларды қажетті тәсілдермен жарақтандырған дұрыс, алдымен мұғалім арқылы, кейін ұжымдық жұмыста өз бетінше жеке әрекеттер жоспарына біртіндеп аударуы керек.

Мұғалім ондай бағдарламаларды әзірлеу кезінде оқушыға қандай білімді, қандай мақсатпен және қандай дәрежеде олардың аталған материалды үйрену нәтижесіндегі қалыптасуын бағалай білуі тиіс. Бұл үшін оған оқу пәндерінін жекелеген түрлерінің ерекшелігін білуге тура келеді және оқушылардың әр түрлі қызмет түрлерінің жиынтығын айқындауы тиіс, бұл оқып-үйренушінің ақыл-ой және психикалык сапасын қалыптастыру ісінде алға қойған мақсаттарға жетуді қамтамасыз етеді. Бұл орайда оқып білім алушы әрекеттерінің кезектілігін белгілеу, әрекеттің операциялық кұрамының құрылмы (атқарушылық, бағалау және бағдарлау әрекеттерін айқындау), мектеп оқушыларының таным әрекеті үрдісіне қатысу деңгейін арттырудың тәілдерін табу маңызды рөл атқарады. Міне, оқып-үйрену құрыдымындағы оқытудың бірінші міндеті осындай.

Екінші міндет оқушының танымдык әекетіне белсенділік және өзін-өзі басқару ұстанымын жүзеге асыруға қатысты болады. Ол оқытушы оқу-танымдық әрекеті қамтамасыз ету және ұйымдастыру бағдарламаларының көмегімен оқу сабақтарын ұйымдастырудан көрініп, ол оқу-танымдык міндеттерді шешу кезінде негізгі теорияларды және оны қолданудың тәсілдерін меңгеру бойынша әр оқушының белсенді, дербес және нәтижелі жұмысын бағыттауы және жұмылдыруы тиіс. Бұл орайда мұғалімнің оқыту құрылымындағы ынталандыру әрекеттеріне, сондай-ақ жәй бақылау, ауызша және жазбаша сұрақтар қою, өз бетінше жұмыстарды тексеру және педагогикалық қызметтің өзге де тәсілдері мен әдістерін қолдану нысанында, оқушылардың оқыту нәтижелеріне үздіксіз бақылау негізінде оқып-үйрену үрдісі реттеу және жөнге салудың тәсілдері мен іс-қимылы жатады. Егер оқып-үйрету үрдісі дұрыс болса және алға қойылған міндет оқушыға жоспарланған және күткен нәтижелерді әкелсе, егер игерілген білімдер оқушы үшін пайдалы болса, ендеше онда езі қолға алған жұмысқа деген қызығушылығы туындап, өз бетінше оқу қызметіне ден қояды. Ал мұның өзі оқып-үйрену үрдісінің тиімділігін бұрынғыдан да жоғары деңгейге көтеруге жәрдемдеседі.

2.6. Оқыту үрдісіндегі окушыныц таньшдыц әрекеті

Оқу үрдісінің құрылымы психологтар мен дидактардың назарын үнемі өзіне аударумен келеді. Әр түрлі психологиялық мектептер өздерінің көзқарастарына сәйкес оқудың мазмұны мен мәнін өздерінше түсінеді. Оқудың атштған мәселесінің негізгі психологиялық теорияларына жататындар: бихевиоризм, гештальтпсихология, когнитивизм, әрекет теориясы және ізгілік психологиясы.

Бихевиористер (Д. Уотсон Э.Торнадейтк ) оқу (ілім) - бұл
Психологиялықорганизмнің жаңа мінез-құлық нысандарын иеленуі. «Формула


теориялар«ахуал - жауап реакциясы» кез келген оқу үрдісінің

көрсетеді -деп атады бихевиоризм Э. Торндайк бихевиоризмнің бастапқы позициясын

осылайша белгілеген болатын (Э. Торндайк Процесс учения у человека. М., 1935 с.16).

Кейін бұл теорияны оперантты үйрету (операциядан) тұжырымын ұсынған Б.Ф.Скинер

жедел дамыта бастады. Бұл жаңа тұжырымның мніне келетін болсақ, жаңа реакция

оларды өзі бекіту арқасында иеленеді және содан кейін барып сыртқы стимул реакция

туғызады.

Білім алутеориясыыда негізделген бихевиоризмнің маңызды қағидалары құрылым стимул-реакция-бекіту болып табылады. Индивид пассивті элемент болады. Ол сыртқы әсерге, сыртқы стимулға ғана әсер береді. Оқушының әрекеті мұндай жағдайда нақты операцияларды механикалык орындауға әкеледі.

Оқудың мәнін айқындайтын өзге көзқарастарды гештальтпсихология білдіреді. Олардың тұжырымдамасына сәйкес (қараңыз: М. Вертхаймер, В. Келер, К. Каффка, Л. Левин еңбектері) оқушының оқып-үйренудегі әрекеті қалауына, түсінуіне, жадына ұстауына (инсайт) негізделген құрылымдар мен дәлелдемелердің ішкі тұтастығының өзгеруінің қозғаушы күші рөлін көрсетеді.

Когнитивизм өкілдері, оның ішінде Дж. С. Брунер білім алуды әлеуметтік сипаты бар және мәдени-тарихи тұрғыдан негізделген жеке «мәдени тәжірибесі» бар оқушының құруы үрдісі ретінде қарастырады. Бұл бағыттың өзге өкілі, швейцар психологы Ж. Пиаже пікіріише, оқьш-үйрену үрдісіндегі оқушы құрылымды ақпаратты иеленеді, формальды-логикалық операцияны жүзеге асырады. Оның әрекеті ақыл-ой - танымдық дамудың жастық екершеліктеріне орай толықтай өзгереді: сеисорлықтан операцияға дейінгі кезең (мектеп жасына дейінгі), нақты операциялар стадиясы арқылы (кіші мектеп жасы), формальды-логикалык операцияларға дейін (он бес жас).

Оқу теориясын негіздеудегі ерекше рөлді — әрекет теориясы (деятельная теория) ойнайды. (А. М. Леонтьев, С.В. Рубинштейн.) Бұл теория оқуды оқытушы мен оқушьшың әрекеті ретінде қарастыруға және оқу үрдісінде соңғысының рөлінің күшеюін дәләлдеуге мүмкіндік береді. Бұл оқу теориясына сәйкес, оқушы оқу процесінде нақты, формалды-логикалық және шығармашылық әрекеттер жасайды, олар бағдарламаланған және толық әлеуметтік іс-әрекеттермен қарастырылады. Бұл кезекте оқушының оқуды ұғыну деңгейі жоғарлай түседі. Аталған оқыту тұжырымдамалары ортасында оқу мәнін әрекет ретінде ашып көрсетуде бұл күнде гуманистік психология өкілдерінің идеялары ерекше маңызға ие болады. (К.Р. Роджерс, А.Х.Маслоу).Олардың түсінігіндегі оқу-тұлғаның өзін-өзі жетілдіруі мен ұйымдастыру мақсатындағы жеке тәжрибені өзін-өзі басқаратын құрастыру болып есептеледі. Олар оқуды оқушының дербес іс-әрекеті ретінде қабылдайды және түсіндіреді; оның оқу үрдісіндегі жетекші рөлін мойындайды; оқу және шығармашылық мәселелерді шешудегі оқушылардың жеке тәжірибені қолдану қажеттілігін дәлелдейді; іс-әрекет формаларын таңдау бостандықтарын оқушы құзырына калдырады.

Оқудың аталған психологиялық теорияларына қысқаша шолу олардың авторларының дүниенің адамның және оның психикасьшың не механикалык, не органистикалык модельдеріне сүйенгенін көрсетеді. Және олардың жасаған қорытындылары көбінесе оқудың теориялық сілтемелері ретінде ғана қала береді.

Оқудың әрекет ретіндегі маңызды құрылымы, оның мазмұны

Оқу үрдісінің мен формасы болып табылады. Оку қызметінің мазмұны, және

құрылымы бірінші кезекте материалды практика мен сезімді заттың

практикасы, оның заттылығы объективті-субъективті табиғатқа ие болады. Пән, ақиқат, оқудағы сезім талдық — бұлар жай ғана пайымдаудың обьектісі мен формасы ғана емес, сондай ақ сезімді-адамгершілікті, субьективті танымдық практика болып табылады.



Оқушының әрекетінде пәндік-материалдык әлем мен оқушының осы қызмет объектісі ретіндегі белсенді өзгертуші рөлі көрініс табады. Кез-келген әрекеттің соңғы эффектісі— оқушылардың танымдық және практикалық қажеттіліктерінен қанағаттанумен байланысты және олардың санасындағы кызмет мақсаты, себебі мен амалы болжанған өзгертілген шындық.

Оқу үрдісіндегі оқушы әрекетінің пәндік кұралы болып, белгілі бір себептер тудыратын әрекеттіц болжанған нәтижесіне жету үшін орындалатын іс әрекеттер болып табылады. Осы әрекеттің маңызды қасиеті болып, өзін-өзі сыншылдық пен айналадағы сыншылдықтан көрініс табатын дербестік; қызығушылықтар, талаптар мен қажеттіліктерден анықталатын танымдық белсенділік, шыдамдылық және ерікпен байланысты қиындықтарды шешуге дайындылық оқушылар алдындағы қойылған тапсырмаларды дұрыс түсінуді шамалайтын оперативтілік, қажетті іс-әрекеті және оларды шешу темпін таңдау.

Оқу үрдісінің қозғаушы күштерін ашуға тырысқан К.Д. Ушинскийдің өзі: осы ұғымдағы мәні бойыиша әрекеттік белсенділік — күрес пен кедергілерді жеңу болып табылады, ешбір қызметті а) кедергісіз; ә) осы кедергілерді жеңуге ұмтылыссыз; б) және оларды шын мәнінде жеңусіз көзге елестетуге болмайды. (К.Д. Ушинский Собрание сочинений М. 1950. Ют. 511б.) Ал белсенді емес қызмет, оның ойы бойынша, қызмет емес, ол тек біреудің қызметіне төтеп беру ғана. (Сонда. 560 б.)

Оқу әрекетінің жемістері — білім, әрекет тәжрибесінде олардың заттылығы ғана емес, сондай -ақ руханилығы, қоғамдық және жеке қатынастары, бағалаулары, қолданыс әдістері көрініс табады. Танымдық қызмет пен білім мазмұнының құрылымы болатын бұл қасиеттер әр түрлі негіздерден шығып, бір-біріне қарама-қарсы бағытта шығады. Олардың кездесуі танымдық қызметті тудырады. Бірақ олар өзара сәйкестендірусіз қалса, онда әрекет жүзеге аспайды, әрекет елеңімен алмастырылады.

Осы жағдайды қазіргі заман мектебіндегі оқу шарттарына нақтыласақ, сай нақтыласақ бірінші кезекте оку әрекетінің субъектісі, оқушы болмысының формасы екендігі атап айтқан жөн. Онда тұлғаның барлық қасиеттері мен сипаттамалары қалыптасып өз көрінісін таба біледі.

Оқу әрекетінің құрылымы, оның құрамынан, тұлғасынан қарағанда мазмұндық, мақсаттық және жүйелік кұрамдарынан тұруы керек. Оқу тапсырмаларын шешуші әрекет ретіндегі үрдістік кұрылымында әрекеті жүзеге асырудағы кезектілікті айқындайтын бір-бірімен байланысты келесі құрылымдар бөлініп көрсетіледі: міндеттерді талдау, оқу тапсырмасын қабылдау, бар бөлімді өзекті ету, міндетті шешу тапсырманы шешудегі жоспарды құру; сол жоспарды іс жүзінде жүзеге асыру; тапсырманы шешудегі бақылау мен бағалау, оқу міндетті үрдісінде орын табатын әрекет әдістерін түсіну.

Оқудын мәні оқушының тек пәндік білімдер мен біліктерді меңгеруінде ғана емес, сондай-ақ қабылданатын пәндік мазмұнға қатнасындағы іс -әрекеттер әдістерін меңгеруінде де жатыр. Сондықтан жобасын жасаған кезде оқушы санасына жүретін оку әрекеті үрдісі мен әрекет жүйесі байланыстырылады. Оқушылардың әрекет әдістерін онын құрылуынан бастап қабылдауға бағытталған ұйымдасқандық пен бағытталғандық оқудың ерекшелігі болып табылады. Оқу үрдісінде қабылдау жоспарланған қызметтің нақты мазмұны субъект санасында іс-әрекетті орындау мен іс-әрекет жүйесімен байланыстырылады. Осылайша, танымдық әрекеттер қабылдауда үрдісі алғашқы болып табылады. Меңгеру үрдісі, сондай-ак меңгерілген білімдер екінші мәнге ие болып, оқу және нақты мақсаттар стимулы, танымның құралы мен қаруы ретінде өз күшінен айрылады.

Танымдық әрекеттің құрылымында кез-келген пәнді оқуда оқушылар жүзеге асыратын жалпы іс- әрекеттер ерекшеленеді. Бұл қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін нақты әдістерді жоспарлау, сол нәтиже параметрлерін ойша ерекшелеу, қажетті


нәтижеге қол жеткізу әдістерін айқындау, қолжеткізген нәтижесіннің қажетіне сай келуін қадағалау, ұстанымдарын сай келмеушілік егер олар бар болса, себептерін тексеру, әрекет ұстанымдарын негіздеу, әдіс таңдау іс-әрекет жолдарын болжау, шешім қабылдау, соның ішінде іс-әрекеттің тиімді жолдарын таңдау жолымен шешім кабылдау, бастапқы жоспарға қажетті түзетулерін енгізу оқушы осы әрекеттерді орындау кезінде әрекет объектісін, соңғы және аралық мақсаттарды көз алдына елестетуі керек. Осы негізде алдыға алдыға қойған мақсатқа жету үрдісінің ондағы әрекет құрамын бөлу жолымен ойша құрастырумен болжауы қажет; бөлінген әрекетті оның толық құрамымен салыстыруды жүргізуі абзал, айырмашылықтар және олармен байланысты зерттелінген үрдістің ерекшеліктеріне талдау жасауы тиіс, сол ерекшеліктердің әрекет объектісіне тигізетін әсеріне талдау жасалуы керек.

Оқудағы жалпы әрекеттерді қолдану оның мазмұнының іргеленуінің белгісі болып табылады. Ол мазмұн қабылдау үрдісімен қатар оқыту үрдісі үшін жаңа білімді калыптастыруға бағытталған үрдістің де үнемі болуы шарт. Оқушының құрастырушылық әрекеті таным құралдары сыртқы дүние заттары мен құбылыстарымен өзара әрекеттеседі. Білім элементтерімен байланысқа түсетін жерде басталады. Бұл байланыс интуицияны кең қолданумен танымдық іздемпаздық әрекет мазмұнына кіреді және оқудағы танымдық қызығушылық пен қажеттіліктің дамуымен байланысты болады. Егер оқу танымының құралы ретінде білімнің инварианттары — қызметтің барлық жолдары негізінде жататын іргелі, теориялық, ғылыми жағдайлар орын алса, ізденімпаздық әрекеті анағұрлым нәтижелі түрде жүзеге асады.

Оқушылардың танымдык әрекеті мен формаларын

Оқушының танымдық да оқытуда ерекше маңызға ие болады. Ежелгі кезден

әрекетінің формалары бұның үш форма белгілі: материалды, ақыл-ой және

сөйлеу. Алайда оқыту теориясындағы оларға қатынас

әр түрлі болды. Ақыл ой әрекеті оқытуда — жетекші, ал сөйлеу ой жеткізу құралы ғана деген пікір тарихи түрде қалыптасқан. Материалды әрекст болса, қолданылса аз қолданылады, тек өндірістік практика кезінде оқушыларды практикалық дайындау барысында ғана пайдаланылады. Алайда бұл жағдай кейбір кездерде ғана әділетті. Мысалы: белгілі білімдік және өндірістік оқу жұмыстарындағы дағдыларды бекіту қажеттілігі туындаған уақытта ғана, дұрыс болып табылады. Жалпы алғашқы мәссле қарапайым емес, сондықтан оның жан-жақты талдауын жасамай-ақ, оны шешудегі кейбір теориядағы бар амалын қарастырайық. Әрекеттің бұл 3 формасы объективті түрде қоғамдық, ғылыми және еңбек әрекеттерінін формалары ретінде (өндіріс, ғылыми, мәдениет және т.б. ) өмір сүретіні белгілі. Ал бұл қоғамдық, ғылыми және еңбек әрекеттерінін формалары қоғамда да, оқытуда да анықталған ерекше қызметтер атқарады. Сөйтіп, оқыту үрдісі барлық жақтарына өз ықпалын тигізеді. Бұл ықпал оқушылардың дұрыс жазуына, санауына математикалық есептеуіне және т.б. практикалык дайындық сапасына қойылатын талаптар түрінде тура, немесе оқу пәнінің мазмұны мен оқыту формалары мазмұны арқылы жанама түрде жүзеге аса алады. Әрекеттің қоғамдық формалары оқу үрдісіне жалпы, бір-бірімен байланысқан түрде әсер етеді. Осылайша, дәріс сабақтарында ғылыми мәселелер, әдетте өмірден, техникалдан алынған осы заманғы мысалдармен түсіндіріліп, өндіріс үрдістері оку пәндерінің теориялық ақпараттарын қолданумен суреттеледі. Оқушылардың оқу жұмысына әрекеттің қоғамдық формаларының тигізетін жалпы әсерін анықтау үшін, олардың мәнді байланыстарын орнату қажет. Археология мен мәдениет тарихында адамзат қоғамының дамуындағы қоғамдық әрекеттік формаларының заңдылықты сабақтастығы анықталған. Адам әрекетінің бірінші формасы болып, еңбек


<== previous lecture | next lecture ==>
ФОРМАЛАРЫ 5 страница | ФОРМАЛАРЫ 7 страница
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.362 s.