Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Алтын Орда. 1 page


Date: 2015-10-07; view: 630.


Билет

Билет

Билет

Билет

Билет

Билет

Билет

Билет

Билет

Билет

Билет

Билет

Билет

Билет

Билет

Билет

Билет

Билет

Билет

Билет

Билет

Билет

Билет

Билет

Билет.

Билет

Билет

1. Ғұндар.

Ғұндар бзб 4ғ–бз 3ғ өмір сүрген. Енисей мен Алтай тау\р мекен еткен. Билеушісі – шаньюй болған. Билік мұрагерлікпен берілген. Оған іле-шала түменбасы деп аталатын бекзаттар басқарған. Жазба деректерге қарасақ түменбашылар шаньюйдің аға-інілері, ағайын-туғандары болды. Түменбасылардың саны небәрі 24 еді. Әр түменбасында 10 мыңнан астам әскер болган. Деректерге қарағанда онда алым-салық болған. 3 қанатқа бөлінген: сол, оң, орталық. Жылына 3рет ақсақалдар кеңесін өткізген. Ғұндар патриархальді қоғамда өмір сүрген. Олар 24 руға бөлінген. Оларда жерге, суға деген жеке меншік болды. Олар тұтқын құлдарды бақташы, кәсіпқой, егінші ретінде пайдаланған. Оларда жазу-сызу да болған деген деректер бар.

Ғұндардың шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы, жер өңдеу, аң аулау. Оларда жылқы өсіру басты рөл атқарған. Себебі жылқы көшуге өте қолайлы. Олардың жылқының шоқтығы аласа дене бітімі, аласа, тығыз, басы үлкен. Олар тау қыраттарында, өзен-суларда емін-еркін жүре беретін. Ғұндар өмірінде аңшылық та үлкен орын алған. Өлім жазасы болған. Бұйымдарды безендіру үшін аңдардың бейнесін пайдаланған. Жүннен киім тоқыған.

Ғұндарды Мөде бзб 2–1 ғ\да біріктірген. Қытай соғыс 300 жылға созылған. Бзб 3ғ аяғында Қытайлар ұлы қытай қорғанын салдыруға мәжбүр еткен.алым салық төлеген. Бзб 1ғ мен бз 1ғда Чжи Чжидің басқаруымен Қазақстанға келген. Қытайдың Хань әулетін жеңіп, Нәтижесінде Байкал көлінен Тибет тауына дейін, Шығыс Түркістаннан Хуанке өзенінің орта ағысына дейін ҒҰН МЕМЛКЕТі пб. Чжи чжи 2 жыл Шу өзенінде астана салып оны Чжи чжи деп атаған. Оған Римдік Марк Красс армиясын пайдаланған.

Бзб 1 ғ ортасында Ғұндар өзара талас-тартыстан ақ, қара болып 2-ге бөлінген. Олардың бір бөлігі еділдің бастауымен рим империясына шабуыл жасады. Халықтардың қоныс аударулары ғұн тайпасынан басталады. Б.э.д. 170 ж. Үйсіңдер ғұндарға қарсы күресте қытайлармен одақ жасады.

ІІші қоныс аудару бз 93 жылы басталады.Ғұндар Сырдария, арал, орт ж\е бастыс қаз\ды жаулап алады.

Бзб ІІші ғасырдан бастап бз ІV ғ дейін Дунай арқ Батыс еуропа жетеді. (Ұлы қоныс аудару мерзімі).

Аттила 400–450 ж өмір сүрген. V ғ 30 ж\да Римді жеңіп, Францияға жеткен. Еуропаны Рим үстемдігінен азат еткен. Аттиланы алғаш ғылымға енгізген Ш.Уалиханов болған. Джузеппа Верди «Аттила операсын» жалғзан.

2. XVII ғ. Қазақ хандығы.

Қазақ хандығының құрылуы.

Алғашқы қазақ хандығы 15 ғасырдың 50-70 жылдар арасында әбілхайыр хандығынның сұлтандары керей мен Жәнібек моғолстан билеушісі Есен Бұғаның берген жері Жетісудың шу-талас өзенінің жағасында 200 мыңдай адам көшіп келді. Олардың қоныс аударуының себебі - әбілхайырдың қол астындағы қанаушылығының күшеюі. 1465‐1466 ж құрылды. Қ х\ның алғашқы территориясы: Батыс Жетісу мен Талас. Қозыбас жерінде ұлттық ту тігілді. М.Х. Дулати дерегі бойынша Қх хижраның 870жылы құрылды. Қаз-ның алғашқы ханы болып керей (1458-1473ж.) Жарияланды. Одан соң жәнібек 1473-1480 ж сайланды. 1462 ж. Моңғолстан ханы есенбұға өлген соң, феодалдық талас-тартыстың салдарынан жетісудың қазақ рулары керей-жәнібектің қол астынан кіруі қазақ мем-нің нығаюына жол ашты. Жәнібек, керей жошы әулетінен шыққан сұлтандардың шығыс дешті-қыпшақты билеу жолындағы күреске қатысты. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр қайтыс болған соң өрши түсті. Дешті-қыпшақты билеудің маңыздылығы: сауда байланыстарының орталығы, мықты бекініс пен қалалар, құнарлы жер.

Бұл жерлереге соғыс М. Шайбанимен соғыс 30жылға созылды. Бұрындық пен Қасым хан тұсында жеңіспен аяқталды.

Соғыстар нәтижесіндегі қх\ң жері (ХVғ): Батыс Жетісу, Оңт Қаз қалалары, Қаратау аймағы, Сырдария, Сол аралдың төменгі ағысы, Орт қаз.

3. 19ғ\дағы қаз-н мәдениеті.

Халық ағарту ісі: 1789 ж Азиялық училище ашылды. 1813ж Орынбор әскери училищесі ашылды. Ченовниктер дайындалды. Ол 1837ж Сібір кадет корпусы болды. 1844ж Неплюев кадет корпусы болды. 1831ж Cемейде алғашқы орыс училищесі ашылды. 1841 Бөкей ордасында Жаңгір хан татар орыс тілінде оқытатын мектеп ашты. 19ғ. 2-жарт. Орыс ғалымдары қаз-н жерін зерттей бастады. Көтерілісті орыс ғалымы семенов тянь-шаньский, с.мушкетов,радлов өз зерттеулерін ғылымдағы өркендеудегі орыс ғалым-ы қаз-ң тұрмысын,тарихын,мәдениетін,тілін зерттеуде көп жұмыс істеді. Радлов вильямех,зернов,дабрамыслов украйн ақыны шевченко қаз-н жерінде 1868ж. Орынборда ұйымдасқан еді. Оған патакин уәлиханов белсене ат салысты. Ол халқымыздың мәденметі мен қоғамдық ой пікірерінің тарихында қазақтың тұңғыш ғалымы аса көрнекті демократ зерттеуші. Қаз-н 19ғ. 61-ж-да мектептің ашылуы аса көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл-педагог этомгроф ғалым қаз-ң жазба әдебиетінің тілінің негізін салушы алтынсарин айтыскер ақын қыздар орынбай. Шөже,біржан,жамбыл,майкөт,әсет,сара,айсұлу,манат,балқа т.б. Қаз. Музыкасын дамытуға үлес қосқандар құрманғазы,дәулеткерей(төре күйлердің атасы),дина,ықылас,тәттімбет(40тан астам күй шығарған лирик: Саржайлау, Балбырауын). Атақты әншілер – мұхит,әсет,біржан сал, жаяу мұса (ақын публицист: .қ жуык ән шығарған. Петропавлда орысша оқыған. Ақсиса, Хаулау, Толғау, Сұршақыз) есімдері бүкіл қазақ даласына таратылды. Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы а.Құнанбаев оның балалары,ақылбай,мағауия,оның туысы көкбай,інісі шәкәрім. 19ғаяғы 20басы қазақ халқының саяси-мәдени өмірінде жарық жұлдыздай көге түскен әкімші-әміршіл заманның құрбаны болып аттары ұзақ уақыт бойы айтылмай келген адамдар олар а.Байтұрсынов (1873-1938).Жұмабаев(1893-1938ж), ж.Аймауытов(1889-1931ж), м.Дулатов(1885-1935ж) осы ғалымдардың асыл мұраларымен қазақ халқы кейін танысуға мүмкіндік алды.

1883 ж Семей 260 кітап қоры бар қоғамдық кітапхана ашлды.

Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы – қазақтың ұлы

ғалымы: ориенталист, тарихшы, фольклоршы,этнограф,

географ, ағартушы, демократ .

Ол 1835 ж.қарашада Құсмұрын бекінісінде туып,

Сырымбетте өсті. Әкесі Шыңғыс – Абылай ханның

немересі. Оның жетіліп, сана-сезімінің ерте оянуына әжесі

Айғаным әсер етті. 1847 ж күзде 12 жасында Омбыдағы

Сібір кадет корпусында оқуға түсіп, 1853 ж 18 жасында

бітіріп, корнет деген офицерлік атақ алды. Кадет

корпусында Г.Н.Потанин танысып, дос болады.

Шоқанның орыс ғалымы И:Н.Березинмен, ұстазы

Н:Ф.Костылецскиймен байланыста болуы, оның ғылыми

бағытын дұрыс анықтауына себеп болды. Ол Пушкин мен

Лерментовтың және Батыс Еуропа жазушыларының

шығармаларымен таныс болды.

 

1. Қалалар саяси өмiрдiң, сауданың, қолөнердiң, мәдениеттiң орталығы ретiнде (VI-XIIғғ).

Қала мәдениеті. Оңтүстік Қаз-да Сырдария алабында қалалар көптеп салынған. Жетісуда екі тарихи – мәдени аудан болған: 1. Оңтүстік – Батыс Жетісу (Шу, Талас аңғары);

2. Сол-к – Шығыс Жетісу (Іле алқабы).

Жетісу қалаларын алғаш рет сипаттаған қытай тарихшысы, буддист Сюань Цзянь(630ж). Қаз-ң оңтүст-нен 25 қала орны (6-11ғғ) табылды: Испиджаб, Будухкет, Отырар, Шауғар т.б. Жетісудың оңт-тік бат-да 27 қала болған деп болжайды: Тараз, Құлан, Атлах, Жаумкет, Мереке т.б.Х-ХІ ғғ – қалаларда ислам дінінің енуіне байланысты мешіттер пайда болды. Осы кездегі қалалардағы жаңа құрылыс түрінің бірі - шығыс моншасы (Тараз, Отырар, Иассы моншалары). ХІ-ХІІ ғғ тұрғын үйлер бір-бірімен байланысты қатар салынған 3 бөлмеден тұрды. Бұл үйлер «қоржын үйлер» деп аталған (Құйрықтөбе қ). Бөлмеде еденге орнатылған дөңгелек немесе тік бұрышты темір ошақ болған. Ошақ өсімдік және геометриялық өрнектермен безендірілген. Ташнау – лас суды ағызуға арналған құбыр (ХІІғ). Терракота – ғимараттары өрнектеуге арналған оюланған кірпіш.

Әр қаланың өз билеушісі болған, өз әскері, теңгесң болған. Өала халқы негізі қол өнермен айн. Тараз «саудагерлер қаласы», Испиджап «ілем саудагерлерінің қаласы» и тд

Қала ауданы:

Цитадель: қала билеушісі тұрған.

Шахристан: бай шонжарлар, дін қызметкерлері, әскер басшылары.

Рабад: қол өнершілер, егінші, саудагерлер.

Діні. Ежелгі түркілердің діни сенімдері әр түрлі болған: Тәңірге табыну, жер – суға табыну, ұмай – анаға табыу, отқа табыну. Шығу тегін белгілі – бір аңмен байланыстыратын тотемге табыну белгілері кездескен. Зороастра дінінің ескерткіштері Сырдария өңірінен табылағн. Ерте орта ғасрда будда дінін таратудағы негізгі міндетті атқарды. Түріктерде буддизмнің таралуын олардың отырықшылыққа көшумен байланыстырды. 8 – 9 ғғ несториандық бағыттағы христиан діні Оңтүстік Қаз-н мен Жетісуда кең тараған. Манихейлік дінді соғдылар таратты. Бұл дін – зороастризм мен христиандықтың қосындысы. Самарқанда менхейлік басшысының резинденциясы болған (8 ғ басы).

2. Абылай хан және оның қазақ хандығын қалыптастыруы мен нығайтудағы ерекшек орны.

Абылай аса ірі мемл.т қайраткері. Қолбасшы, қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі Женібек ханның ұрпағы. Есім хан одан Салқам Жәңгір осы Жәңгір ханның төртінші ұрпагы Көркем Уәли оның ұлы Әбілмансұр Ол «ақтабан шұбырынды» тұсында жетім қалып Төле бидің қолында болып тәрбие алады. Қалмақтармен шайқас алдында жекпе жекте Шарышты жеңіп шабуылға шығып атасының аруағын шақырып «абылайлап» шауып содан соң өзі де Абылай атанып кетеді . 30-50 Абалай қызметі қалмақтармен күресте өтті. Абылай жәңгір ханнан соң қалмақтарда тұтқында болған хан.18ғ 50ж тағы қытайдан қауіп төнгенде басқа шығыстүркілерді және ойратты көмекке шақырады. 1756ж жазда қытайға тойтарыс береді.Орта жүз ханы ретінде Әбілмәмбетпен бірге 1740 Орынборда ресей билігін мойындайды.ант береді ол антты 1762 ж қайталайды. 18 орталық азияда қалыптасқан саясатты мазмұнын анықтаған қайраткер. 1771 түркістанда жалпы қазақ ханы бол.да ресейге елші жіберіп өзін үш жүз ханы етіп тағайындауды мойындауды талап етті.бірақ патша грамотасында тек орта жүз ханы деп мойын.ы. оны ол орынборда не троицкте аолуға тиіс еді бірақ алуғак бармады. 1781 ж қайтыс болады мұрагері Уәли болады.

3. ХХ ғ. 20-30-шы жж. мәдени құрылыс.

1921 ж. шілдеде Орынборда Қаз –н облысының І съезі болды.Онда Ғани Мұратбаев (1902 -1924) Түркістан қаласының Орталық комитетінің Қырғыз бюросының тұңғыш төрағасы болып сайланды. 1922 жылы Қызыл Керуен ұйымы құрылды. Оны Ә. Жангелдин басқарды. 1921 ж. қаңтарда Қазақ АКСР халық комиссарлар кеңесі қазақ – орыс тілдерін қолдау туралы декрет қабылданды. 1929 жылы Қаз АКСР астанасы Қызылордадан Алматыға көшірілді. 1924 ж. сәуірде сауатсыздық жойылсын қоғамы құрылды. 1921 -27жж. 200 мыңдай адам оқыды. 1926 -39 ж. салық сауаттылығы 25,2 пайыздан 83,6 пайызға жетті. 1931 жылы көктемде жалпыға бірдей оқу берілді.(жатақхана, степендия, оқулықтар) 20 ж. Байтұрсынов әліпбиі, Аймауытовтың Қазақ тілдері кітабы. 1931 – 32 ж. аштықта балалар саны күрт төмендеді. 1932 ж. балалар үйіне 65 мың бала орналастырды. 1929 ж. Алматыда тұңғыш ауылшаруашылық зоотехникалық – малдәрігерлік оқу орны ашылды. 1937 ж. наурызда Алматы медициналық оқу орны ашылды. 1934 ж. Киров атындағы қазақ мемлекеттік университеті ашылды. 1940 ж. онда 15 кафедра жұмыс істеді. 1935 жылы Асфендияровтың «Қазақстан көне заманнан бергі» тарихы басылып шықты. Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні»(1925),Қазақ халқының 500 әні мен күйі(1931) жария етілді. 1928 ж. Қызылордада тұңғыш ұлттық қазақ театры ашылды. Алғашқы пьеса «Еңлік – Кебек». 1934 жылы хронологиялық фильмдер студиясы ашылды. 1938 ж. І дыбысты фильм Амангелді түсірілді. 1934 жылы Абай атындағы опера және балет театры ашылды. 1934 ж. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрі құрылды. 1936 ж. Жамбыл атындағы Қаз. мемлекеттік филормониясы ашылды. 1939 ж. Пушкин атындағы мемлекеттік кітапхана ашылды. 20 – 30 ж. экономика саласы сияқты мәдениет саласында да күрделі қайшылықтар болды. Мәдениет бір мезгілде жасалып, жойылып отырды.

XX ғ. бас кезіндегі қазақ мәдениетінің жаңа

мазмұнда қарқындап дамуына әсер еткен

жағдайлар:

l 1905-1907 жж революциялық қозғалыс;

l Демократиялық күрестің қайтадан өрлеуі;

l Таптық күрестің қайтадан өрлеуі;

l Баспа ісінің жолға қойылуы.

Ағарту ісін дамытуда және насихаттауда негізгі орын алған басылымдар: “Айқап” журналы, “Қазақ” газеті, “Киргизская степная газета”, “Сибирская жизнь”, “Степной край”, “Сибирский телеграф” газеттері.

1. Моғолстан — 14 ғ.ортасы ‐ 16ғ басында Оңтүстік Шығыс Қазақстандағы мемлекет. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған Тоғлық Темір (1348—1362) болды. Моғолстан атауы моңғол деген сөздің түркіше, парсыша атауы болып табылады. 14—15 ғғ. Моғолстан құрамына Түркістан, оңтүстік-шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір аумақтары кірді. Оған кіретін тайпалар: дұғлаттар, қаңлылар, керейттер, арғындар, барластар кірді. Орталығы — Алмалық қаласы. Бұрынғы Шағатай ұлысының жерін толық билеуді көздеген Тоғылық Темір Мәуереннахрды Шыңғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. Сөйтіп, ол 1358 ж. Қазаған әмірді өлтіртті. Бір жылдан кейін Қазағанның мұрагері Абдолла да қаза болды. Осыдан кейін Мәуереннахр тәуелсіз ұлыстарға бөлінді. Оны пайдалану үшін Тоғлық Темір жанталасты. Ал Осы кезде Ақсақ Темір өзінің шағын әскерімен Кеш қаласының әміріне қызмет етіп жүрді. Тоғылық әскерлері Кешті алады. Темір Тоғылық Темірге қызметке кіреді.1361 ж. Мәуереннахрға екінші рет шабуылға аттанып, оны бағындырған Тоғылық темір баласы Ілияс қожаны оған билеуші етіп қалдырды. Бұл жолы ол Темірді Кеш қаласының бастығы етіп тағайындады.1362 ж. Тоғылық Темір қаза тауып, Моғолстанда билік Ілияс қожаға көшкенде Мәуереннахрға билеуші болып Қазағанның немересі Хұсайн тағайындалды. Ақсақ Темір онымен бірге Моғолстанға қарсы шығып, Мәуереннахрды өздерінің қол астына біріктіруге кірісті. Ақсақ Темір мен Хұсайн Моғолстан әскерлерін талқандады.Енді Хұсайн мен Ақсақ Темір арасында билік үшін күрес басталды. Осындай шайқастардың бірінде Темір Балқы қаласында Хұсайнды өлтіріп, Мәуереннахрға ие болды. Моғолстанның құрылуы, жер аумағы. 14 ғ. ортасына қарай Шағатай ұлысы ыдырап, Шағатай ұлысының шығыс бөлігі – Оңтүстік шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан мемлекеті құрылады. Ал ұлыстың келесі бөлігі – Мауараннахрдың батысында Әмір Темір мемлекеті құрылған. Моғолстан аталу себебі, Шығыс деректерінде «монғол» сөзіндегі «н» әрпі түсіп қалып, «моғол» немесе «моғолстан» сөзі қалыптасып кеткен.Мемлекетті кезінде Шағатай ханға адал қызмет еткен дулат тайпасының әмірі Поладшы басқарған. Әмір Поладшы бастаған дулат ақсүйектері Поладшының хан болуға құқы болмағандықтан, өздерін тыңдайтын, Шағатай ұрпағы Дува ханның немересі, он алты жасар Тоғылық-Темірді 1348 жылы Моғолстан ханы етіп сайлайды. Ал негізгі саяси билік осы Әмір Поладшының қолында болған. Әмір Поладшы Моғолстанды Мауараннахрдан біржола бөліп алып, тәуелсіз, жеке хандық құруға бар күшін салды. Дулат тайпасы шонжарларының жаңа құрылған бұл өкіметте беделдері бұрынғыдан да күшейген. Жалпы, дулаттардың беделі Шағатай ханның кезінен белгілі. Атақшы тарихшы Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, Шағатай хан өз мемлекетін үлестерге бөлгенде, өзіне адал қызмет еткен дулат әмірі Поладшыға Маңлай-Сүбе жерін берген. Маңлай-Сүбе Шығыс Түркістаннан Ферғанаға дейінгі кең-байтақ жерді алып жатқан. Осы аумақта Шағатай кезінен бері өз биліктерін жүргізіп келген дулат тайпасының өкілдері Моғолстан хандығының құрылуына да белсене араласқан.«Тарих-и Рашиди» еңбегінде былай деп көрсетілген: «… қазіргі Моғолстан деп аталатын аумақтың ұзындығы мен көлденеңі 7-8 айшылық жол. Шығыс шеті (Моғолстанның) қалмақтардың жерімен шектеседі және Барыскөл, Емел және Ертісті өзіне қосады. Солтүстігінде оның шекарасы Көкшетеңіз (Балқаш), Түркістанмен және Ташкентпен шектеседі, оңтүстігінде Ферғана уәлаятымен, Қашғар, Ақсу, Шалыш және Тұрфанмен шектеседі». Моғол мемлекетіне қазақстанның Оңтүстік және Жетісу аймақтары жа кірген. 2. К. Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыс.1837-47ж.Себебі: қазақ халқының саяси жағдайының нашрлауы әскери бекіністер салу, аса жайылым жерлерді тартып алу, Шектен тыс салықтар салу, әкімшілік басқару патша реформасындағы бұрмалаушылық халықтың наразылығын өсірді.

Мақсаты: ресейге қосылмаған аудандардың дербестігін сақтау; отарлауды тоқтату; Қоқандықтардың тепкісінен қазақтарды азат ету.

К.Қң көз қарасының қалыптасуына әсер еткен сұлтан Қасым.

Сипаты үш жүзді түгел қамтыған ұлт азаттық күрес. Қозғаушы күші: қазақ шаруалары. Ір түрлі ұлт өкілдері қатысты: орыс, өзбек, қырғыз.

Қозғалыстың барысы 1837ж. көтерілістер отряды күзде құрылды. Қарашада Актау бекінісігің казактарына ашық қарсылық көрсетті. 1838ж Ақмола бекінісін Кенесары отряды талқандады. Жазда сұлтандар аулына шабуыл жасалды. Күзде Кенесары отряды көбейді. Көтеріліс орта және кіші жүздерді қамтыды. Жоламан Тіленшіқлы қосылды.

К.Қасымұлы екі майданда соғысты. 1840ж. Кенасары Қоқан хандығына басып кірді. 1841 ж Қоқандықтарпдың Жаңақорған, Ақмешіт, Жүлек бекіністерін алды. Қоқандар Кенесарының әкесін өлтірді. 1841 ж Кенесары патша жарлығына қарсы хан етіп сайланды. Ол Ресеймен тепе-тендік қарым- қатынас жасауға тырысты. Қатал хан болды. 1843ж. Батыс шекара бөлігіне және Қоқан иеліктеріне шабуыл жасайды. Кенесарыға қарысы патша жазалау отрядына қарсы шабуыл ұйымдастырылады. 1843ж Лебедевтің 1900 солдаты бар отряд, Жантөрин мен Айшуақовтың жасақтары мен полковник Бизановтың отрядтары көтерілісті басуға тырысты бірақ нәтижесіз болды. 1844 ж шілдеде Жантөрин отрядын талқандады. 1844-45ж. көтеріліс Қазақстанның барлық аудандарын қамтыды. Көтерілістер Константиновск бекіністеріне шабуыл жасалды. Кенесары сарбаздары көтерілістерге қолдау көрсетпеген ауылдарды қырып жойды. 1847 ж сәуірде қырғыз жеріне басып кірді. Кеңесарының қаталдығы өз араларында алауыздықты тудырды. Бұл жеңіліске алып келді. 1847 ж Кенесары мен өз серіктестері 32 сұлтанмен қаза тапты. Манызы: Ең көлемді ұлт- азаттық көтеріліс; орта Азияны жаулауды шешеуілдетті. Халықтын біркелкі орталықтан мемлекеттік құруға тырысатынын көрсетті

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi.

1992 жылғы маусым айының 4-ші жұлдызы ҚР тарихындағы ерекше мәртебелі күні болып есептеледі. Бұл күн еліміздің мемлекеттік рәміздері – туы, елтаңбасы, әнұраны дүниеге келген күні ретінде мәңгі есте қалады. Егеменді Қазақстанның жаңа елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер: Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уалиханов. Олар бәйгеге түскен елтаңбаның 245 жобасымен, 64 суреттемесімен жеңіп шыққан. Елтаңбаның жалпы пішіні толық шеңбер кескінін береді. Шеңбер ішіндегі нышан белгі – елтаңба идеясының басты жүгін арқалап тұрған, әрине, шаңырақ. Қазақта «шаңырағың шайқалмасын» дейді. Елтаңбадағы ай мүйізді, алтын қанатты ғажайып пырақтар қорғап қияға көтерген қазақтың қара шаңырағының бейнесіне қарап тұрғанда бірден еске түсер ойда осы. Елімізідің туына айналған ұлы идея еркіндік идеясы, жұрт-жұрағатымыз аман болсын деген тағы бір ұлы идея - өміршендік идеясын туғызған қасиетті белгі, барша халқымыздың бойтұмарына айналған. Шеңбер ішіндегі киіз үй шыңайы шеберлікпен шеңдестірілген түндігі – аспан күнбезіндегі асыл шырақ – күн бейнесін елестетсе, уықтары – одан тарап жатқан алтын сәулелердей әдемі әсер қалдырады. Әр бөлшектегі әсем айшықталған шаңырақ алдымен өз халқымыз, одан қалды, қатар тіршілік кешкен басқада ұлт өкілдері бар бірлесіп кереге – уықтай кірігіп, күш жігер жұмсап, аяғынан тік тұрғызуға кіріскен қасиетті отауымыздың, тәуелсіз мемлекетімізді меңзегендей болады. Киіз үй көшпелілер мәденитетінің ғажайып туындысы. Елтаңба композицисын құрап тұрған келесі бір маңызды бөлік – ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ бейнесі. Ол геральдистер тілінде арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгізідің ғаламат қара күшін, еліктің ғажайып көзге ілінбей шапшаңдылығын, қырмызы қызыл түлкінің қалай болғанда да жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді. Көшпенділер ұғымында жылқы – түлік біткеннің төресі. Көне түсініктер бойынша киелі көк пырағы адамды тәңірлер мекен еткен аспанмен байланыстырады. Ал басқа түліктердің барлығы адамға қызмет етуге жаратылған, бар тіршілігі жер-анамен ғана байланысты деп есептелінеді. Ат болса – адамның қанаты. Елтаңбадағы енді бір назар аударарлық белгілер – маңдайдағы бес бұрышты жұлдыз бен елдің аты. Тәуелсіз мемлекетіміздің құшағы бес құрлыққа бірдей ашық, әлемдік өркениет көшіне өз болмыс – бітімімізді сақтай отырып, ілеспек ниетіміз бар дегенге меңзейтін бес бұрышты жұлдыз бізге бұрыннан таныс бес бұрыш формасы Күлтегін ескерткішінде де қолданылған. Ол аспан денелерін, әсіресе күн мен айды одан кейін жұлдыздарды қос тұтатын халқымыздың «бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманын арқалап тұр. Ал елдің аты – Қазақстан – қазақ елі болып өрлеуі көркемдіктігі жағынан да мағыналы жағынан да айтарлықтай ұтып тұр. Елтаңбаның негізгі бояуы алтын түстес. Оған зергер көк нұрдың қосылуы мемлекеттік нышанды айрықша әрлендіре түскен. 1992 ж. 6-шы маусымда Абай атындағы опера және балет театырының зәулім ғимаратында президент Назарбаев салтанатты түрде ту шашағын сүйіп тұрып: «Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін» деген еді. Еліміздің туы – қасиетті көк байрақ. Оның авторы – суретші Шәкен Ниязбеков. Мемлекеттік тудың негізгі ерекшелігі оның түсі. Зеңбір көк түс адам баласы түйсініп қабылдап, қолданып жүрген бояулардың еңбір реңділері қатарына жатады. Бұл кездейсоқтық емес, өйткені адамзаттың бойына біткен өнер өзін қоршаған ортаға, табиғатқа еліктеуі нәтижесінде дүниеге келген. Ерекше аспан түстес бояудың айрықша ықыласқа бөлеуі әбден заңды. Ол табиғаттың өзі жасайтын ғаламат гүл шоғын – кемпірқосақ болмысындағы қасиетті жеті бояудың бірі. Туымыздағы нұр шұғылалы алтын күн бейнесі – қыран көңіл халқымыздың асыл арманын арқалаған адал бүркіті мен рухани болмысымыздағы жарқын бір көрінісі болып табылатын ұлттық өрнек – сондай айтары мол астарлы айшықтар. Сондай-ақ Геральдикада заңы бойынша күн бейнесі байлық пен берекенің нышаны болып саналады. Табиғаттың төл баласына айналған көпелілер ұрпағы үшін тудағы қанатты қыран – дала бүркітінің де орны бөлек. Бүркіт бейнесі өкімет билігін паш етіп көрегендік пен кеңдікті білдіреді. Төл туымызды даралап тұрған тағы бір белгі – оның сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнекті жолақ. Онда «қошқар мүйіз» деп аталатын қазақи өрнек қойылған. өрнек халқымыздың қолдаңбалы өнер мен жеткен ең ұлы табыстарының бірі. Тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа ән-ұраны 2006 жылы қабылданды.

1. Қарахандар мемлекетi. Негізін салған – Сатух Борахан (915-955 жж). Ордасы Баласағұн, кейіннен Тараз. Территориясы Жетісу, оңт. Қазақстан мен Орта Азия Сатұх Бораханның немерелері Сүлейен Арсыланхан кезінде Қарахан мемлекеті 2-ге бөлінді: батыс және шығыс қарахандықтарға. Хорезм мемлекеті мен Қарақытайлар жиі шапқыншылық жасаған. Хорезм шахы Мұхаммедтің кезінде мемлекет ыдырап жойылып кету қаупі туғанда қарахан билеушісі Арсыланхан қарақытайлардан көмек сұрайды. Олардың көмегі қарахандықтарды жаулап алумен аяқталды. Мемлекеттік діні – Ислам. 942 ж. Сатұх Баласағұн билеушісін құлатып өзін қағанмын деп жариялайды. 992 ж. олар шығыста Хотонды батыста Бұқарды жаулап алды. 999 жылы Саманилер мемлекетін құлатты. 12 ғ. басында құмырсқадай қаптаған қарақытай халқы Жетісуды, Баласағұнды, шығыс Қарахан жерін түгел басып алды. Хандар ақсүйектер салықты қалай да өз пайдасына шешуді ойлады. Мұндай салықты «ихта» деп атады. Оны берушілер ихтадар деп аталды. Моңғолдар 1210 ж Қарахандарды жаулап алып оның табиғи процесін үзіп тастайды. Көшпелі және отырмалы халық идеологиясында ежелгі түріктердің діни түсініктері орын алды. Қағанатта ислам діні дами түсті. Араб әрпіне негізделген жаңа түркі жазуы енді әдебиеттер түрік тілінде шыға бастады. Жүсіп Баласағұнның есімімен тығыз байланысты қарахан дәуірі қоғамның барша саласында жаңа кезең болып табылады.


<== previous lecture | next lecture ==>
Мінск 2012 | Алтын Орда. 2 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.374 s.