![]() |
Алтын Орда. 5 pageDate: 2015-10-07; view: 1107. Орталық Азия жаһангері. Әмір Темірдің (Темуридтер) империясының негізін қалаған. Барлас руынан шыққан. Барлас руы түркі тілдес тайпаларына жатқан, қазір ұрпақтары өзбек халқының ішіне кіреді. Темір барластарның бір бөлігінің бекі, жетекшісі еді. Кейін өзіне басқа бектерін қаратты, Шағатай ұлысының хандары - Моғолстанның билеушілеріне қарсы көтеріліс бастаған. Темір басқарған жігіттері керуендеріне шабуыл жасаған, соңдықтан оны жасында баспашы болды дейді. Бектердің бекі болып, Шағатай ұрпақтарынан тәуелсіз мемлекет құрған. Бірақ Шыңғысханның тікелей ұрпағы болмағандықтан, өзінің лауазымы "хан" емес, "әмір" еді.Әмір Темір Тоқтамыс ханмен көп жылдар бойы соғыс жүргізеді. Әмір Темір алғашында Қашқадария уәлаятының билеушісі (1361) болды. Осы кезден бастап Әмір Темір Моғолстан ханы Тоғлұқ-Темірмен, оның ұлы Ілияс Қожа және Балх пен Самарқан әмірі Хұсейнмен билік үшін күрес жүргізіп, 1370 ж. Мауараннахрды өзінің қолына алды; ал 1370 – 80 ж. Хорезм, Шығыс Түркістан, Хорасан, Қандағар, Сұлтания (Оңтүстік Әзербайжан), Иран және Ауғанстанды бағындырды. Әмір Темір 1380 – 90 ж. Тоқтамыс хан мен Едіге әмірдің арасындағы алауыздықты шебер пайдалана отырып, Дешті Қыпшақ, Ақ Орда мен Моғолстанға оннан астам жойқын соғыс жорығын жасады. Әмір Темірдің Алтын Орданы талқандауы Ресейдің тәуелсіздік алуына оң жағдай жасады. 1390-жылдары Кавказ бен Ирак Әмір Темір мемлекетінің құрамына енді. 1398 ж. Үндістан басып алынды. Сирия мен Лубнан (Палестина) мәмлүктері бағындырылды. 1402 ж. жазда Әмір Темір Анкара шайқасында түрік сұлтаны Илдырым Баязидті (Баязид І) тұтқындады. Әмір Темірдің үздіксіз соғыстарының нәтижесінде алып империя – Темір мемлекеті құрылды. Оның жалпы аумағы 14 млн. км2-ге жетті. Әмір Темір 1405 ж. Қытайға жорыққа шыққанда жолай ақпанның он сегізі күні Отырарда қайтыс болды. Сүйегі Самарқандағы Гүр-Әмір кесенесіне жерленген XIV ғ. Темір империясы - Қазақстан мен Орта Азиядағы ірі мемлекет. Темір-барлас тайпасынан шыққан Тарағай бектің баласы (1336-1405 жж.). 1370 жылы Мэуереннахрдағы билікке ие болып, елді 35 жыл бойы басқарды. Астанасы -Самарқанд қаласы. Темірдің Орта Азияны біріктіруі 18 жылға созылды. XIV ғасырдың 70-90 жылдары Шығыс Дешті Қыпшаққа, Жетісуға он рет жорық жасады. Ақ Ордаға Токтамысты қаруландырып жібергендегі мақсаты: - Түркістанды өзіне қосып алу. - Ак Орда мен Алтын Ордаға жол ашу. Әмір Темір варварлық эдістермен жүргізген жорықтарын Ақ Орда мен Моғолстан мемлекеттерінен бастады. Темірдің мақсаты- Шағатай үрпағының бұрынғы иеліктерінде, бір орталыкқа бағынған мемлекет қүру мақсатына кедергі болатын моғол билеушілерін әлсірету. Темірдің Моғолстанға алғашқы жорығы 1371-1372 жылдары басталды. Кейін тағы дабірнеше рет шабуыл жасады: 1375-1377, 1383 жылдар. 1388 жыл - Темір Иранға жасалған жорығынан оралып, бүлік шығарған Хорезм халқын қырғынға үшыратты. Астанасы Үргенішті тонады. 1389 (120 мың әскерімен), 1390 жылдары Моғолстанды қайтара шабуылдап, нэтижесінде Жетісу жері қаңырап бос калды. Алтын Ордаға қарсы бірнеше жорықтар жасады (1389, 1391, 1395 жылдар). Әмір Темір XIV ғасырдың 90-жылдары Иран, Ирак, Ауғанстан, Үндістан, Кіші Азия, Еділ бойы, Кавказ, Қазақстан, Орта Азияныкамтитын империя күрды (барлығы 27 мемлекетті жаулады). Әмір Темір өз өкіметінің тірегі ретінде ислам дінін барынша қолдап, мешіт пен медреселер, Иассыда Ахмет Иассауи кесенесін салғызды (1397ж.). 1404 жылы Темір Қытайға жорыққа дайындалды. 1405 жыл - Әмір Темір жолда ауырып, Отырарда қайтыс болды. Әмір Темірдің тонаушылық жорықтары Шығыс Дешті Қыпшақтын, зсіресе Онтүстік - Шығыс Қазақстанның демографиялық және экономикалық жағдайын қүлдыратты. 3. XIX ғ. қазақтардың шаруашылығындағы, әлеуметтiк және демографиялық құрылымындағы өзгерiстер. 19ғ 60-90жж самодержавенің аграрлық саясаты. Қазақстанға орыс шаруалардың жаппай қоңыс аударудың басталуы. Ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуы. Қоныс аудару себебі: Манчжур Цин империясындағы көтеріліс шабуылдары Манчжур Цин империясы Чыңжан болып құрылғаннан кейін Ұйғыр дүнгендерге қысым көрсету күшейді сол себепті.19ғ 80ж Жетісуға қоныс аударды Ұйғыр дүнген мәдениетінің негізі әлеуметтік шаруашылық қоғамдық салалардағы байланыс оларды қоныс аударуы Ресейдің мәдениетіне жаңа мазмұн берді. 1885ж Петербург келісімімен Ресеймен Қытай Қазақстан арқылы сауданың дамуына жол ашты. Осы келісім бойынша өлкесіндегі ұйғырлар дүнгендер Жетісуға қоныс аударуға құқылы болды. Ұйғырлар дүнгендер қытай өкіметінің тарапынан Жетісуға қоныс аударуға мәжбүр болды.Қоныс аударушылар Ресейдің Еуропалық бөлігімен ғана емес басқа облыстардан келді. Өйткені қазақ даласы ұланғайыр кеңдігі мал шаруашылығына, егінге де қолайлы болды. 1900ж. Халық санағы бойынша тек қаз-ң 5 облысында (Ақмола, Торғай,Орал,Жетісу,Семей ) ғана 3463598 адам болса оның ішінде Еуропалық Ресейден келгендер 247мыңдай адам Сібірден- 42119, Орта Азиядан-23530, Польшадан-1191,Кавказдан-1672, басқа жерлерде-3557 адам келді. Сөйтіп 1900ж. 3 облыс бойынша сырттан келушілер өлкенің барлық халқының 10,5% қамтыды оларға 44млн гектар жер таратылды. 1. Сақ тайпаларының шаруашылығы мен мәдениетi. Темір қорыта бастаған, көшіп-қону, мал шаруашылығы дамыды. Рулар арасы жер-су үшін соғыстар, ру одақтарының қалыптасуы: 1. сақ, б.э.д. ҮІІ-ІҮ ғ 2. кангюй, б.э.д. ІІІ ғ 3. үйсіңдер, б.э.д. ІІ-І ғ 4. ғұндар, б.э.д. І ғ Сақтардың терр. Қазақстан, Орта Азия. Оларды грек деректерінде скифтер, парсы деректерінде – құдіретті еркектер, иран деректерінде – жүйрік атты турлар деп атаған. Сақтардың 3 түрі бар: 1. тиграхауд – шошақ басты сақтар; 2. парадория – теңіздің арғы жағындағы сақтар; 3. хаумоварг – хаома сусынын дайындайтын сақтар. Сақтар негізінен мал шаруашылығымен айналысқан. Жылқы, сиыр, қой, түйе ұстаған. Малдың етімен, сүтімен қоректеніп, малдың терісін, жүнін пайдаланған. Сақтар өміріңде әсіресе жылқы өсіру маңызды орын алған. Жүйрік жарау әдемі аттарды көсемдер мен атақты жауынгерлер мінген. Сақтар парсы патшасы Кирмен соғысты. Сақ патшасы Томирис (Зарния). Томирис Кир патшаның басын алған. 519-518 жж. Парсы патшасы Дарий Жетісудағы сақтарға шабуыл жасап, сақтар жеңіледі. Сақ батыры Ширак Дарий әскерін шөл далаға апарып, өзі де өледі. Дарий әскерін де өлтіреді. 330-327 жж Александр Македонскийдің шапқыншылығына тойтарыс береді. Парсылармен бірігіп, гректерге қарсы Иарафон, Фермопиль шайқастарына қатысты. Ол Египет-Грецияда болған. 1969 ж. Алматы облысы Есік қаласынан 5 ғ. жататын 18 жасар сақ көсемінің мүрдесі табылған. Олардың нәсілі – Европоидтық көне түркі (үнді-иран) тілде сөйлеген, көне түркі жазу болған. Қызылордадан 300 шақырым жерде Ширақ-Рабат қаласы табылды. Ол апасиактардың астанасы болған. Археологиялық ескерткіштері: бесшатыр (Іле өзені), Есік (алтын адам). 2. XVI ғ. 20-30-шы жылдарындағы Қазақ хандығы. 16-17 ғғ. Қазақ шаруашылығындағы жетістіктердегі орын алған – мал шаруашылығы болды. Ол қазақтардың тұрмысына қолайлы еді. Сауда айырбас түрінде жүрді. Қазақстанның Оңтүстігі мен Жетісуда егіншілік дамыды. 16-17 ғасырда Отырар, Түркістан, Сауран маңында егістік жерлерге құбыр арқылы су жіберген. Дақылдары: тары, бидай, арпа т.б. Ресей мемлекетімен сауда жүргізген Сыр маңындағы қалалар. Сығанақ, Түркістан, Сауран, Отырар, Сайрам т.б. қалалар өркендеді. Мәдениеттің дамуы әр жерде әртүрлі жүрді. Жәнібек- Қасымның Сарайшықтағы, Қазанғаптың Ұлытау ауданындағы кесенесі 16-17 ғғ. Халық кәсібінде зергерлік ұсталық бұйымдар, кен өндіру, тері илеу, етікшілік, тігіншілік, үй салу т.б. қолөнер басым болды. Олар Наурыз тойын тойлады. Ислам діні кенінен тарады.Отты қастерледі, ол кезде ауыз әдебиетіорын алды, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін адамдар – ақын, сал-сері, жыраулар еді. Жыраулардың орны ерекше еді. Батырлар жырын туғызған жыраулар еді. Аса ірі тұлғалар - Шалкиіз (15 ғ) , Доспанбет (16 ғ.), Жиембет (17ғ). Қазақтардың батырлар жыры эпосқа тән. Ауызша болған олардың барлығы тарихи оқиғаларға құрылған. Қобыланды, Алпамыс, Ертарғын, Ерсайын, Қамбар. Қазақтардың феодалдық өмірін суреттейтін Қозы-Көрпеш – Баян сұлу, Қыз Жібек. Араб әліпбиін тұтынды. 15-17ғғ қазақ хандығында шаруашылықтың мәдениеттің дамуында ілгерушілік болды. Оның себебі Қазақ халқының біртұтас мемлекет болып бірге ұмтылуы еді. 3. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiс. 1916ж. Ұлт-азаттық қозғалыс болды. Оған сылтау патша жарлығы. 1916ж. 25 маусымда патша 19-43 жас аралығындағы қазақтың ер азаматтарын жұмысқа алу үшін жарлық шығарды. Қозғаушы күші қазақ шаруалары, жұмысшылар, қолөнершілер. 1916ж. көтерілістің аса ірі орталығы Жетісу болды. Куропаткин генерал-губернатор болып тағайындалды. Ол қалай болса да көтерілісті басып тастауға тырысты. Көтерілістің басшылары: Бекболат Әшекеев, Тоқаш Бокин, Ұзақ Саурықов патша үкіметі 14 батальон, 83 жүздік, 12 зеңбірек пайдаланды. Тағы бір орталығы Торғай облысы болды. Көтерілістің сардабегі Амангелді Иманов, ал саяси жетекшісі Жангелдин болды. Жауынгерлердің саны бір мезгілде 20 мыңға жетті. Амангелді жауынгерлері сарбаздар д.а. Оның әскеріне қарсы жазалаушы экспедиция жіберді. Соғыстар татыр, шошқалы қора, т.б. жерлерде болды. Доғалы үрпек түбіндегі соғыс қайғылы болды. 40 сарбазды жазалаушы отряд қоршап алды. Көтеріліске шыққан халықты басып жан ұшты. Көтерілістің сипаты –Ұлт-азаттық империализмге, отаршылдыққа қарсы көтерілістің жеңілу себептері: 1.Ұйымдаспаған.2.Патша Үкіметі әскермен көтерілісті тез арада басып тастап отырды. 3. Қоныстандыру жеделдетті. 4. Байлардың сатып кетуі. 5. Ру аралық қарама қайшылықтар 6. Демократиялық зиялылардың екі түрлі көз-қараста болуы. Біреуі әскерге баруға, екіншісі бас тартуға шақырды. Себебі ұлттық езгі патша үкіметінің зорлық-зомбылығы, жер жайылымдарын тартып алуы (42млн г. Десятина 20млн 1900 жылдан бастап). Салықтардың көбөйуі. 1.Үйсiн мемлекетi. Б.э.д. 2-1 ғ. өмір сүрген. Терр. Жетісу оңт-шығ. Қазақстан. Астанасы Қызылаңғар болған. Билеушінің титулы – гуньмо (күн би). Үйсіңдер өзара сары және қара үйсін болып екіге бөлінген (нәсілі – европоидтық), мал жайылымы үшін қаңлы мен ғұндармен қатынас жасаған. Жылқы шаруашылығы дамыған. Қыстап шығу үшін тас қора салған. Олар ата-баба аруағына, табиғатқа табынған. Үйсіңдердің қыстаулары мен жайлаулары Жетісу таулары мен олардың аласа беткейлерінде, Іле, Шу, талас өзеңдерінің алқаптарында болған. Өзеңдер алқаптарында егін шаруашылығы өркендеген. Тұрмыс жағдайы жөнінен үйсіндер бірдей болмаған. Олардың арасында жері, малы бар байлар болған. Бұлар тайпа мен ру басшылары. Діни басшылар мен жасауылдар да орташа ауқаттылар қатарына жатқан. Сонымен қатар қарапайым бұқара халық малшылар мен егіншілер болған. Үйсіңдер арасында құлдар да бар еді. Құлдардың еңбегі негізінен үй шаруашылығында, ұсақ малды күту, малдан алынатын өнімдерді өңдеуге ғана пайдаланылған. Олар соғыс тұтқындары болған. 4-5 отбасы 1 ауыл болып саналған. Ауыл жаңында бейіттер болған. Қыш ыдыстар жасаған. Темір, мыс т.б. өңдіріп қорыта білген. Астанасы Ыстықкөл маңында орналасқан. 2. XV ғ. аяғы – XVI ғ. басындағы Қазақ хандығы. 13-14 гасырларда Ак ОРда,Моголстан,Абилхайыр хандыгы,ногай Ордасынын курылуы мен ныгаюы казак тайпаларынын биригуине акелди.15 гасырда Казак хандыгынын курылуы казак халкынын калыптасуы процесинин аякталуын тездетти.16 г. Басында Казак хандыгы бириктирген тайпалар казак этносынын негизин курады:Уйсин,канлы,кыпшак,аргын,дулат,керей,Найман,алшын,Коныраттар жане т .б.Бул тайпалардын тили –турки тили.антропологиялык типи-монгол насилинин онт.сибир тобы.Шаруашылыгы-кошпели мал шаруашылыгы жане егиншилик. Қазақ хандығының құрылуы. Алғашқы қазақ хандығы 15 ғасырдың 50-70 жылдар арасында әбілхайыр хандығынның сұлтандары керей мен Жәнібек моғолстан билеушісі Есен Бұғаның берген жері Жетісудың шу-талас өзенінің жағасында 200 мыңдай адам көшіп келді. Олардың қоныс аударуының себебі - әбілхайырдың қол астындағы қанаушылығының күшеюі. 1465‐1466 ж құрылды. Қ х\ның алғашқы территориясы: Батыс Жетісу мен Талас. Қозыбас жерінде ұлттық ту тігілді. М.Х. Дулати дерегі бойынша Қх хижраның 870жылы құрылды. Қаз-ның алғашқы ханы болып керей (1458-1473ж.) Жарияланды. Одан соң жәнібек 1473-1480 ж сайланды. 1462 ж. Моңғолстан ханы есенбұға өлген соң, феодалдық талас-тартыстың салдарынан жетісудың қазақ рулары керей-жәнібектің қол астынан кіруі қазақ мем-нің нығаюына жол ашты. Жәнібек, керей жошы әулетінен шыққан сұлтандардың шығыс дешті-қыпшақты билеу жолындағы күреске қатысты. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр қайтыс болған соң өрши түсті. Дешті-қыпшақты билеудің маңыздылығы: сауда байланыстарының орталығы, мықты бекініс пен қалалар, құнарлы жер. Бұл жерлереге соғыс М. Шайбанимен соғыс 30жылға созылды. Бұрындық пен Қасым хан тұсында жеңіспен аяқталды. Соғыстар нәтижесіндегі қх\ң жері (ХVғ): Батыс Жетісу, Оңт Қаз қалалары, Қаратау аймағы, Сырдария, Сол аралдың төменгі ағысы, Орт қаз.
3. XIX ғ. ағарту iсi мен бiлiмнiң дамуы. 19-20ж. басындағы Қаз-н мәдениеті. 19ғ. 2-жарт. орыс ғалымдары Қаз-н жерін зерттей бастады. Көтерілісті орыс ғалымы Семенов Тянь-Шаньский, С.Мушкетов,Радлов өз зерттеулерін ғылымдағы өркендеудегі орыс ғалым-ы қаз-ң тұрмысын,тарихын,мәдениетін,тілін зерттеуде көп жұмыс істеді. Радлов Вильямех,Зернов,Дабрамыслов Украйн ақыны Шевченко Қаз-н жерінде 1868ж. Орынборда Ұйымдасқан еді. Оған патакин Уәлиханов белсене ат салысты. Ол халқымыздың мәденметі мен қоғамдық ой пікірерінің тарихында қазақтың тұңғыш ғалымы аса көрнекті демократ зерттеуші. Қаз-н 19ғ. 61-ж-да мектептің ашылуы аса көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл-педагог Этомгроф ғалым қаз-ң жазба әдебиетінің тілінің негізін салушы Алтынсарин айтыскер ақын қыздар Орынбай. Шөже,Біржан,Жамбыл,Майкөт,Әсет,Сара,Айсұлу,Манат,Балқа т.б. қаз. музыкасын дамытуға үлес қосқандар Құрманғазы,Дәулеткерей,Дина,Ықылас,Тәттімбет. Атақты әншілер – Мұхит,Әсет,Біржан сал, Жаяу Мұса есімдері бүкіл қазақ даласына таратылды. Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы А.Құнанбаев оның балалары,Ақылбай,Мағауия,оның туысы Көкбай,інісі Шәкәрім. 19ғаяғы 20басы қазақ халқының саяси-мәдени өмірінде жарық жұлдыздай көге түскен әкімші-әміршіл заманның құрбаны болып аттары ұзақ уақыт бойы айтылмай келген адамдар олар А.Байтұрсынов (1873-1938).Жұмабаев(1893-1938ж), Ж.Аймауытов(1889-1931ж), М.Дулатов(1885-1935ж) осы ғалымдардың асыл мұраларымен қазақ халқы кейін танысуға мүмкіндік алды. 1. Қаңлы мемлекетi. Б.э.д. 3-2 м.ж. өмір сүрген. Терр. Сырдария мен Қаратау жотасы. Астанасы Битьян. Ақтөбеде қаңлы қоныстары табылған. Европоидтық нәсілде болған. Шаруашылығы көшпелі мал, отырықшы жер өңдеу. Қабырғалы бекіністер, лайдан үйлер салынған. Археологтардың жұмыстары арқылы сарай құрылғаны, әртүрлі әшекейлер, керамикалық бұйымдар табылған. Олар ірі әрі күшті мемлекет еді. Қаңлылардың этникалық құрамы өте күрделі еді. Олардың қай тілде сөйлегендері жайлы нақты дәлел жоқ. Литвинский қаңлылар иран тілді сақтардың ұрпағы деп ескерген. Самарқан обл. Қорған төбе қалашығында тасқа салынған суреттер табылды. Ол суретте атты мен жаяу әскер айқасы. Екіншісінде атпен аң аулау бейнеленген. Археологиялық ескерткіштер Шардарға таяу Сырдарияның оң жағалауында қоныстанған Ақтөбе мекені. Оңда Орда сарайы табылды. Қазба жұмыстарында ас әзірлеуге арналған ыдыс-аяқтар, су таситын ыдыстар, кеселер, құмырылар табылған. Оны күнделікті тұрмысқа пайдалана білген. Олар орақ, пышақ, жебе ұштарын жасаған. Зергерлік бұйымдар мен әшекейлер алтын мен қоладан жасаған. Шаруашылықтың ең маңыздысы мал шаруашылығы болған. Үй жануарлары: жылқы, қой, ешкі, сиыр. Балық аулаған. Алма, алмұрт, өрік теріп жеген. 2. XVI ғ. II жартысындағы Қазақ хандығы. 3. ХХ ғ. басындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтiк- экономикалық жағдайы. XX ғасыр басында қазақ өлкесі 6 облыстан тұрды: Түркістан генерал-губернаторлығы (Орталығы Ташкент), Сырдария облысы ,Жетісу облысы ,Дала генерал-губернаторлығы (Орталығы - Омбы) ,Ақмола облысы ,Семей облысы ,Орал облысы ,Төрғай облысы 1897 жылы өлкеде халықтың саны 4147,8 мың адам, оның ішінде қазақтар 3354 мың, 1915 жылы 4205,2 мың, ал 1917 жылы- 3615,1 мың адам болды. Сонымен, осы жылдар ішінде қазақтар саны небәрі 231 мың адамға, яғни 6,8 пайызға өскен. Қорытындысында өлке халқының құрамындағы қазақтардың үлес салмағы 1897 жылғы 81,7 пайыздан 1917 жылғы 59,8 пайызға дейін кеміп кетті. Қазақтар арасындағы демографиялық жағдайдың нашарлауы, бірінші кезекте оның табиғи өсуінің төмен болуымен түсіндіріледі. Қазақ халқы табиғи өсімінің төмен деңгейіне көшпелі тұрмыс салтының ауыр жағдайы, эпидемиялық аурулардың кең таралуы және медициналық қызмет көрсетудің болмауы себепті оның қатарындағы, әсіресе балалар арасында өлім-жітімнің жоғары болуы себеп болды. Қазақтардың 1916 жылғы көтерілісінің зардаптары да ерекше келеңсіз роль атқарды. Көтерілісті патшаның жазалау отрядтары басып, жаныштап сол кезде осы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушылар ғана емес, сонымен қатар бейбіт тұрғындар да мыңдап қаза тапқан еді. Қазақтардың едәуір бөлігі империя шегінен Қытайға, Туркияға және басқа елдерге үдере көшіп кетті. 1916 жылы Жетісу облысынан ғана шетелге 150 мыңға жуық қазақ көшіп кетті. Отаршылдыққа, империализмге қарсы күресті басқарушы, ұлт-азаттық қозғалыстардың идиологтары ұлттық зиялылар болды. Олардың басшысы Ә.Бөкейханов болды. Қозғалыстың белсенді мүшелері: А.Байтурсынов, МДулатов, Ж.Досмухамедов, Х.Досмухамедов, Ә.Ермеков, М.Шоқай, Ж.Ақбаев, Ш.Құдайбердиев, Х.Габбасов, М.Тынышбаев. Олардың мақсаты қазақ елін отарлық езгіден құтқарып, өз алдына ұлттық автономия құру болды. 1. Қазақстан тарихының негiзгi деректерi және тарихнамасы. Әлемдік немесе кез келген елдің тарихын оқып үйрену ең алдымен сол тарихтың түп-төркіндері мен тарихнамасын оқып үйренуден басталады. Яғни, оқытылатын пәннің ақиқаттылығына күмән тумас үшін ол деректердің қайдан алынғандығын, қалай алынғандығын, бізге дейін қалай жеткендігін, аталған тақырыптар бойынша қандай зерттеулер жүргізілетіндігін және т.б. білу абзал. Тарих ойдан, қиалдан немесе біреудің болжамынан шықпайды. Қандай да бір оқиға, факт немесе болжамдар болмысын белгілі бір заңдылыққа, дерекке, айғаққа немесе себепке негізделуі керек. Қазіргі ғылым мен техниканың дамуы бұдан миллиондаған жылдар бұрын өткен, табылған түп-деректерге ғылыми сипатта бере алады, олардың жасын, құрамын және т.б. анықтауға комектеседі. Дегенмен де тарихи түп-деректердің басым көпшілігін жазба деректер құрайды. Жазба деректерге өз заманының өмір сүрген адамдардың қалдырған әр түрлі жазбалары: өтініштері, хаттары, құжаттары, елшілердің, саяхатшылардың жазбалары және т.б. 2. Қазақ жүздерi. Қазақтардың құрамындағы субэтникалық топтар (төре, қожа, төлеңгіттер). 3. Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы. Оңтүстiк Қазақстанды Ресейдiң жаулап алуы. 1859 жыл - Ұлы жүзде тұргызылған Қастек бекінісі Ресей тірегі саналып, Қоқан ханының шабуылдарына тосқауыл болды. Шу алқабынан полковник Циммерман тобы шабуылдап, 1860 жылы 26 тамызда Тоқмақты, 4 қырқүйекте Пішпекті (Қоқанның Жетісудағы тірегі) алды. Қоқан ханы Верный бекінісіне 22 мыңдық әскер жіберді (орыстардан 10 есе көп). Қазақ феодалдары екіге бөлінді: Кенесарының баласы сұлтан Садық тобы Ресейге қарсы шықты Феодалдардың көпшілігі Қоқан ханына қарсы шықты. Ұзынагаш шайқасының маңызы: - Жетісудың Қоқан озбырлығынан құтылуына зор ықпал етті. Патша үкіметінің жеңістері: 1860 жылғы 19-21 қазан - Алатау округінің билеушісі Г.А.Колпаковский әскері Ұзынагаш шайқасында қоқандықтарды жеңді. Қоқандықтар - 400 адамнан, орыстар - 2 адамнан айрылды. 1862 жылгы қазан - Пішпектің екінші рет алынуы Қоқан билігіне қарсы қазақ, қыргыздардың қарсылығын үлгайтты. 1863 жыл - Ресей қүрамына 4 мың шаңырақ Қоңырат, 5 мың шаңырак Бестаңбалы рулары кірді. 1864 жылғы көктем - Қоқан хандығына қарсы жіберілген патша эскері Шу алқабын, Мерке, Әулиеата, Түркістан бекіністерін алды.
|