![]() |
Есім хан (1598-1628) 17 pageDate: 2015-10-07; view: 6412. Ауыл шаруашылығы шикізатының молдығы 1960 жылдары Қазақстанда жеңіл және тамақ өнеркəсібін дамытуға ықпал етті. Ең ірі кәсіпорындар: Алматы мақта-мата комбинаты, Қарағанды аяқкиім мен шұлық фабрикалары, Жамбыл былғары аяқкиім фабрикасы, Қостанай костюмдік штапель маталар комбинаты, Жезқазған, Семей, Ақтөбе тоқыма фабрикалары. Бұл жылдары Ақтөбе, Шымкент, Жамбыл, Теміртау жаңа ет комбинаттарыөнім бере бастады. Шу мен Ақсуда қант зауыттары, Алматыда маргарин зауыты, Ақтөбеде кондитер фабрикасы іске қосылды. 1970 жылға қарай жеңіл өнеркəсіп жалпы өнеркəсіп өнімінің 16%-ын берді. 1950 жылдан бастап Қазақстан нағыз экологиялық апат аймағына айналды. 1949-1963 жылдары Семей полигонында ауада 113 ашық жарылыс жасалған. 1964-1989 жылдары қуаты 150 килотоннаға дейін 343 жерастылық жарылыс жасалған. Кеңестік ядролық қару сынақтарының 70%-ға жуығы Семей полигонында өткізілді. Батыс Қазақстанда Капустин Ярде атом полигоны жұмыс істеп тұрды. Қазақ жерінде ядролық қалдықтарды көметін 300 орын болған. Экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы тіршілік үшін өте ауыр болды. Cемей өңірінің және онымен іргелес жатқан Қарағанды, Павлодар, Өскемен облыстарының тұрғындары арасында қатерлі ісік, қан ауруларымен т.б. ауыратындар көбейді. Әсіресе бір жасқа дейінгі нәрестелердің шетінеуі, іштен мүгедек болып туу құбылыстары да көбейді. Қазақстанның оңтүстігі мен Өзбекстанда суармалы егіс алабының артуына байланысты мелиорациялық жұмыстар жүргізілді. Арал теңізінің тартылуы Қазақстанға ғана емес, бүкіл Орталық Азияға экологиялық апат əкелді. Теңіз суы 3 есе азайып, жағалаудан 80 шақырымға дейін ысырылып, деңгейі 49 м дейін төмендеді. Теңіз түбі 30 мың шаршы шақырымға құрғады. Теңізден ұшқан тұзды боран мыңдаған шақырымға дейін жетіп, мұздықтарды ерітті, шөп пен егінді тұздандырды. Арал аймағының климаты күрт нашарлады. Өкпе, ентікпе аурулары көбейіп, балалар өлімі күрт артты. Арал өңірінде балық өнеркəсібі қатты зардап шекті. Елді мекендер қаңырап бос қалды. Ірі кəсіпорындар шоғырланған Алматы, Қарағанды, Шымкент, Жамбыл, Өскемен, Теміртауда экологиялық дағдарыс шиеленісті. Зауыт, фабрика, кен орындарында технологиялық үрдістер жаңартылмады. Табиғи ресурстарды ысырапсыз пайдалану ескерілмеді. Өндірістік зиянды қалдықтарды суға, ауаға, топыраққа араластыруға тосқауыл қойылмады. Қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын мекемелерге қаржы бөлу ісі тыңғылықты жүргізілмеді. Конспект сұрақтар 1.1960 жылдардағы машина жасау саласының басты кәсіпорындары: 2.1960 жылдары мұнай мен газ құбыры тартылды: 3.1965 жылғы пленумда ұйғарылған өнеркəсіпті басқару əдісі: 4.1967 жылы жоспарлаудың жаңа тəртібіне көшірілген кəсіпорын саны: 5.Бүкіл Орталық Азияға экологиялық апат əкелген жағдай: 6.Жамбыл электр станциясы салынған мерзім: 7.Костюмдік штапель маталар комбинаты орналасқан қала: 8.Түсті металлургияның аса ірі орталығы: 9.Экологиялық дағдарыс шиеленіскен қалалар: 10.Қазақ жеріндегі ядролық қалдықтарды көметін орын саны: 11.Қазақстан нағыз экологиялық апат аймағына айнала бастады: 24.Ауыл шаруашылығы Ертеректе басталған ұжымшарларды кеңшарларға айналдыру үдерісі 1960 жылдардың алғашқы жартысында жаңа қарқынмен жүргізілді. 1965 жылдың соңында кеңшар саны 1521- ге жетіп, ауыл шаруашылығы өнімдерінің 57%-ын өндірді. Астық өндірудегі кеңшарлардың үлесі - 80%. Мал шаруашылығы өнімдерін өндірудегі кеңшарлар үлесі - 52,8% болды. 1970 жылға дейін ғылыми-зерттеу институттары жанында оқу-эксперименттік кеңшарлар, 104 мал бордақылайтын кеңшарлар құрылды. Жүргізіле бастаған реформалар шеңберінде республикада 586 кеңшар толық шаруашылық есепке көшті.
1965 жылғы наурыз пленумында ұжымшарлар мен кеңшарлардың экономикасын көтеруге бағытталған шаралар жүйесін іске асыру көзделді. Ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу бағасы 2 есеге өсіріліп , жоспардан тыс өнім өндіргені үшін үстеме ақы төленетін болды. Табыс салығы ережелеріне өзгеріс енгізілді. Ауыл шаруашылығына бөлінетін қаржы көлемі ұлғайтылды. Ауыл шаруашылығы техникасы артты. Өндірісті мамандандыру қанат жайды. Дәнді дақылдар өндіретін шаруашылықтардың жартысы жуығы тауарлы астық өндіруге мамандандырылды.
1960 жылдардың соңында ауыл шаруашылығын интенсивтендіру шаралары жүргізілді. 50-ден астам кəсіпорын ауыл шаруашылығы техникасы мен қосалқы бөлшектер шығарды. Қуатты тракторлар мен өздігінен жүретін комбайндар алдырылды. Ауыл шаруашылығының энергетика қуатымен жабдықталуы төмен болатын. Ірі жылу орталықтары мен СЭС-тер салудың нәтижесінде ауыл шаруашылығын электрлендіру ісі жақсара бастады. Бұл жұмыс электр станцияларына жақын жатқан Шығыс Қазақстан, Семей, Солтүстік Қазақстан облыстарында жақсы жүрді.
1970 жылдары Қазақстан Одақ көлемінде өндірілетін бидайдың 23,9%-ын, күріштің 24,6%-ын өндірді. Тауарлы астық өндіруден 2-орын, ет пен жұмыртқа өндіруден 3-орын, сүт өнімінен 4-орын, қаракөл дайындаудан 2-орында болды. Ауыл шаруашылығын интенсивтендірудің, шаруашылық жүргізудің тиімді əдістерін пайдаланудың орнына тиімсіз шаралар қолдану жиіледі. Жоспарды қол жеткен жетістіктерге қарай құру асыра сілтеушілікке апарды. Мерейтой өткізу, көтеріңкі міндеттемелер қабылдау жолындағы қозғалыстар ұйымдастыру дағдыға айналды. 1970 жылдары ауыл шаруашылығының салалық өндірісін, материалдық-техникалық базасын нығайту, мамандандыру мен шоғырландыру жұмыстары жүргізілді. Жерді суландыру мен химиялық жолмен тыңайтуға көп көңіл бөлінді. Сонда да ауылшаруашылық өнімдерін өндіру қарқыны төмендей берді. 1971-1975 жылдары ол 13%-ға дейін құлдырады. Шаруашылықты жүргізудің қалыптасқан жүйесін өзгертуге әрекеттенгендер болды. Алматы облысының Еңбекшіқазақ жəне Күрті аудандарында кеңшар директоры болған И.Н.Худенко басқарудың жаңа түрлерін енгізуге тырысты. Ол фермерлік шаруашылықты құруға әрекеттеніп, қағазбастылыққа шек қойды. Шаруалардың еркін еңбектеуіне жағдай туғызды. Нəтижесінде еңбек өнімділігі артып, тəртіп нығайды.
Қазақстан қой саны жəне қой өнімдерін өндіруден Ресей Федерациясынан кейінгі екінші орында тұрды. 1975 жылдың соңында 34,6 млн. қой мен ешкі болды. Одақ бойынша республикада өндірілген өнім үлесі: жүн - 24%, қой еті - 23,3%, қаракөл елтірісі - 34%. Қазақстанда ет өндіру мен дайындауда қой етінің үлесі 25-30% аралығында болып отырды. 1960 жылдардың соңында қой өсірумен айналысатын 1285 шаруашылықтың 587 –сі осы салаға арнайы мамандандырылды.
1971 жылы Семей облысы Шұбартау ауданының комсомол ұйымы мектеп бітіретін жастарды қой шаруашылығына келуге шақырып, бастама көтерді. Қой өсіруші комсомол-жастар бригадалары жаппай құрыла бастады. Бригада отармен емес, 3-5 мың қойды бір жерде, ауысыммен бағуға тиіс болды. Мал шаруашылығы еңбегін ұйымдастырудың бұрын болмаған түрлері дүниеге келді. Компартия жастардың алдына қой санын 50 млн-ға жеткізуді мақсат етіп қойды. Жастар бригадалары бұл міндетті орындай алмады. Республикада мал басы көбеймей, керісінше азайып кетті. Конспект сұрақтар 1.1970 жылдары Одақ бойынша Қазақстанның қой саны жəне қой өнімдерін өндіруден алатын орны: 2.1965 жылдың аяғында еліміздегі кеңшарлар саны: 3.1975 жылдың аяғында Республикамыздың мал шаруашылығында қанша қой мен ешкi болды: 4.Қай жылы Шұбартау ауданы жастарды қой шаруашылығына көмекке шақырған: 5.Қай жылы Шұбартау ауданының комсомол ұйымы жастарды қой шаруашылығына 6.Ауылшаруашылығын интенсивтендіру шаралары жүргізілген мерзім: 7.Жастарды қой шаруашылығына келуге шақырып, бастама көтерген облыс: 8.Жоспардан тыс өнім өндіргені үшін үстеме ақы төлеу туралы шешім қабылданды: 9.И.Н.Худенко енгізген шаруашылық түрі: 10.Тауарлы астық өндіруден Қазақстанның Одақ көлемінде алатын орны: 11.Толық шаруашылық есепке көшкен кеңшарлар саны: 25. Әлеуметтік даму 1980 жылдардың ортасына қарай славян өкілдерін қалаларға, жергілікті халықты ауылда шоғырландыру қалыптасты. Жергілікті халықтың үлесі басым болып келетін екі облыс орталығы –Қызылорда мен Атырау ғана қалды. 1979 жылы Алматы қаласындағы жергілікті ұлт өкілдері 11% болды. Республика бойынша өнеркəсіпте істейтін қазақ жұмысшылары - 12%, оның ішіндегі маманданған жұмысшылар – 3%. Солтүстіктегі өнеркәсіпті қалалардағы жергілікті ұлт өкілдері үлесі 3%-15%-ға дейінгі деңгейде қалды. Жергілікті ұлт өкілдерінің үлесі артып, 1959 жылы 29%, 1971 жылы 32,6%, 1979 жылы 36% болды. Орыс ұлты өкілдерінің үлесі төмендеп, 1979 жылы 40,8% болды. 1971-1989 жылдары жұмысшылар мен қызметкерлер орташа айлық табысы 123,7 сомнан 233,7 сомға өсті (89%). Өнеркəсіп жұмысшыларының табысы 133,9 сомнан 259,3 сомға өсті (93,6%). Ұжымшар мүшелерінің кепілді жалақысы - 210 сом. Кеңшар жұмысшыларының жалақысы - 247 сом. Орташа зейнетақы 51,1 сомнан 93,2 сомға көтерілді. Мемлекет ақшаның құнсыздануын халықтан жасырды. 1970-1986 жылдары нақты жалақы 20% төмендеген. Өнеркəсіптік таза өнімдегі жалақының үлесі төмендеп, 1985 жылы 36% болды. 1985 жылғы 1 сом 1960 жылдардың ортасындағы 54 тиынға тең болды. Теңгермешілік барған сайын кең етек алып, бұқараның қоғамдық еңбекке деген құлшынысы азая бастады. Бұл жағдай “сұранысы жоғары тауарларға” деген бағаның ресми және жасырын түрде артуына, алыпсатарлық пен парақорлықтың өршуіне алып келді. Кейбір тауарларға тізім жасалды, карточка жүйесі енгізілді. 1980 жылдардың ортасында медициналық қызмет көрсету, білім беру, əлеуметтік салада артта қалушылық байқалды. Полигон маңында, Арал мен Балқаш өңірінде, алыс аудандарда тұратын адамдар өмірі өте ауыр болды. Конспект сұрақтар 1.1970 жылдардағы ұжымшар мүшелерінің кепілді жалақысы: 2.1979 жылы Алматы қаласындағы жергілікті ұлт өкілдері үлесі: 3.1970-1985 жылдар аралығында қанша пәтер тұрғызылды: 4.1971 - 1989 жылдар аралығында жасына байланысты төленетiн айлық орташа зейнетақы 51,1 сомнан қаншаға көтерілді: 5.1971- 1989 жылдар арасында жұмысшылары мен қызметкерлерiнiң орташа айлық табысы 123,7 сомнан қанша өсті: 6.1971-1989 жылдар арасында өнеркәсiп жұмысшыларының табысы 133,9 сомнан қанша өсті: 7.1979 жылы жергiлiктi ұлт өкiлдерiнiң Республикадағы үлесі: 8.Республика бойынша өнеркәсiпте iстейтiн қазақ жұмысшыларының үлесi: 9.Қай жылы ұжымшар мүшелері үшін зейнетақы белгілеу тәртібі енгізілді: 10.Медициналық қызмет көрсету, білім беру, əлеуметтік сала деңгейі төмендеген кезең: 26. Республиканың рухани өмірі: Білім және ғылым Соғыстан кейінгі жылдарда ағарту ісіне бөлінетін қаржының көлемі арта бастады. Мектептерге көмек көрсетілді, қор жасау үшін жексенбіліктер ұйымдастырылды, малшы балалары үшін мектеп-интернаттар салынды. 1947 жылы “Қазақ КСР-де жоғары жəне орта білім беруді одан әрі дамыту шаралары туралы” қаулы қабылданды. Жоғарғы және орта білім беру жүйесіне бөлінетін қаржы молайды. 1949 жылы жалпыға бірдей міндетті жетіжылдық білім беру ісі қайтадан қолға алынды. Оқуға тартылмай жүрген 15 жасқа дейінгі бала саны 1948 жылы 200 мың болса, 1955 жылы 16 мыңға азайды. 1950 жылдары мектептерде политехникалық білім беруге, оқушыларды өндірістік еңбекке араластыруға, мектептің өмірмен байланысын нығайтуға бағытталған шаралар жүргізілді. 1959 жылы “Мектептің өмірмен байланысын нығайту жəне халыққа білім беру жүйесін одан əрі дамыту туралы” заң қабылданды. 1962-1963 оқу жылынан бастап 8 жылдық білім беруге көшу, 11 жылдық еңбек-политехникалық мектептерін құру, жұмысшы жастар мектептерін көбейту, мектеп-интернаттар жүйесін кеңейту шаралары көзделді. 1946-1956 жылдары кəсіптік-техникалық білім беру жүйесінде 344,5 мың жас маман дайындалды. 1965-1966 оқу жылында 39 жоғары оқу орындарында 144,7 мың студент оқыды. Соғыстан кейінгі 20 жыл ішінде жоғары білімді мамандар даярлау 11 есеге өсті. 1965 жылы халық шаруашылығында 0,5 млн-нан астам дипломды маман жұмыс істеді. 1970 жылдары жалпыға бірдей орта білім беруге көшу науқаны өріс алды. Кабинеттік жүйені енгізу шаралары атқарылды. Ауыл мұғалімдеріне жеңілдіктер жасалынды. Жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесін тарату, әдістемелік жаңалықтарды енгізу жұмыстары жүргізілді. 1980 жылдардың басында жалпыға бірдей міндетті орта білім берудің жүзеге асқандығы жарияланды. 1984 жылы кезекті мектеп реформасы басталды. Мектептің материалдық базасын нығайту, 6жастан бастап оқыту, жаңа пəндер енгізу, мұғалім беделін көтеру қарастырылды. Қазақ мектептерінің жағдайы ауыр болып қала берді.1970 жылдары ірі агрокешендер құрылып, “болашағы жоқ” елді мекендер жойылып, шағын комплектілі қазақ мектептері жабылды. 1950-1970 жылдары орыс тілінде оқытылатын мектептер1,5 мыңға артқанда, қазақ мектептері 3891-ден 2577- ге азайды. 1980 жылдардың ортасында ЖОО-ның саны 55-ке жетті. Бұл жылдары студенттік құрылыс отрядтары өріс алды. Орта арнаулы оқу орындарының саны 246-ға жетті. Жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 550 мыңға жуық студенттер мен оқушылар 200 түрлі мамандық алды. 1960-1970 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясы КСРО-дағы ірі ғылыми орталықтардың біріне айналды. Қазақстандық ғалымдардың еңбектері шет елдерге танымал болды. Д.В.Сокольский катализаторларды электрохимиялық əдістермен зерттеу мәселесін көтерді. Социалистік Еңбек Ері, академик У.М.Ахметсафин гидрогеология жəне гидрофизика ғылымдары саласында нәтижелі еңбек етті. М.А.Айтхожин бастаған ғалымдар тобы генетика мен микробиология саласында табысқа жетіп, өсімдік жасушаларындағы информасомаларды ашты. Академик А.И.Бараев басқарған Ленин атындағы Бүкілодақтық ауылшаруашылығы ғылым академиясының Шығыс бөлімі топырақ қорғаудың жаңа жүйесін жасауда зерттеулер жүргізді. Академиктер Ә.Х.Марғұлан мен Е.А.Букетов есімдері ғылыми ортада ғана емес, көпшілік қауым арасында кеңінен танымал болды. Ғалымдар аллергология, онкология, вирусология салаларында табыстарға жетті. Республикада 40.377 ғылыми қызметкер болып, оның 864-і - ғылым докторы, 650-і – Ғылым академиясының академиктері, корреспондент-мүшелері, профессорлар. Қазақтар негізінен, ауыл шаруашылығы, медициналық, гуманитарлық ғылым салаларында жүрді. Жаратылыстану ғылымдары саласында қазақтар үлесі тым аз болды. Ғылыми еңбектердің басым көпшілігі орыс тілінде жазылды. Қазақстан философтарының диалектикалық логика саласындағы еңбектері маңызды болды. 1970 жылдары құқықтық ғылымда жаңа бағыттар пайда болып, заң актілерін белгілеу жұмыстарына қатысты. Отырарда қазба жұмыстарын жүргізген археологтар табыстарға қол жеткізді. 1969 жылы Есік қаласының жанындағы қорғаннан сақ жауынгерінің табылуы дүниежүзі тарихшыларының назарын аударды. Тоқырау жылдарында қатты зардап шеккен ғылым - қоғамдық ғылымдар. Ғалымдар ғылыми еңбектерін əкімшілік сызып берген шеңбер көлемінде ғана жазды. Ғылыми еңбектерді бағалау мен ғылыми дəреже беруді Мəскеу шешті. Жергілікті ұлт өкілдерінен шыққан ғалымдардың сандық мөлшеріне шек қойылды. Қазақ халқының ұлт ретінде ыдырау жолына түсуі сырына үңілу талабы жасалмады. Әсіресе Қазақстан тарихы қатты бұрмаланды. Тарихшылар тек Кеңес заманының жетістіктерін зерттеуге жұмылдырылды. Тəуелсіздік үшін күрескен қайраткерлер буржуазияшыл-ұлтшыл ретінде сипатталды. Кеңес билігі тұсындағы ауыр нəубеттердің сырын ашуға бағытталған зерттеулер жүргізуге тыйым салынды. Конспект сұрақтар 1.1965-1966 оқу жылындағы жоғары оқу орындарының саны: 2.1980 жылдардағы орта арнаулы оқу орындарының саны: 3.1984 жылы мектеп реформасындағы жаңалық: 4.1946-1956 жылдар аралығында республиканың кәсiптiк-техникалық бiлiм беру жүйесiнде қанша жас маман жұмысшылар дайындалды: 5.1980 жылдары еліміздегі ЖОО-ның саны қаншаға жеттi: 6.Генетика және микробиология саласындағы еңбегі Лениндік сыйлықпен атап өтілген ғалымды көрсетіңіз: 7.“Қазақ КСР-iнде жоғары және орта бiлiм берудi одан әрi дамыту шаралары” туралы қаулысы қашан қабылданды: 8.Есімдері ғылыми ортада ғана емес, көпшілік қауым арасында кеңінен танымал болған ғалымдар: 9.Жалпыға бірдей міндетті жетіжылдық білім беру ісі қайтадан қолға алынған мерзім: 10.Тоқырау жылдарында қатты зардап шеккен ғылым саласы: 11.Қазақтар үлесі тым аз болған ғылым саласы: 27. Әдебиет және өнер Республика жазушыларының ішінен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, танымал сөз шебері Ғ.Мүсірепов ең жоғары Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды. “Қан мен тер” трилогиясының авторы Ə.Нұрпейісов жəне ақын Ж.Молдағалиев КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды. І.Есенберлин хан Кенесары туралы тарихи шындықты ашық жазып, əдебиет тарихында батыл қадам жасады. Шығармаларын орыс тілінде және екі тілде жазатын қазақ жазушыларының шоғыры дүниеге келді: Ә.Әлімжанов, О.Сүлейменов, Б.Момышұлы. Ə.Əлімжанов Əл-Фараби туралы жазған “Ұстаздың оралуы” романы үшін Дж.Неру атындағы халықаралық сыйлыққа ие болды. 1961 жылы О.Сүлейменов тұңғыш ғарышкерге арнап “Адамға табын, Жер, енді” поэмасын жазды. Тілі орысша болса да, шығармаларынан ұлттық реңк айқын сезіліп тұратын еді. Қазақ халқының басынан өткерген ауыр кезеңдерді бейнелеп, бірегей жеке тұлғаларды өз шығармаларында кейіптеген жазушылар - Т.Ахтанов, Қ.Жұмаділов,М.Мағауин,Ə.Кекілбаев, С.Сматаев. Көркем əдебиетте елеулі орын алған оқиға қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі болды. Ш.Аймановтың “Атаманның ақыры”, С.Қожықовтың “Қыз Жібек” фильмдері халық арасында ілтипатпен қабылданды. Эпостық шығармаларды сахналаумен беделді болған ұлттық театр1980 жылдары деңгейін төмендетіп алды . Ш.Айтматовтың "Құс жолы" повесі, Ə.Нұрпейісовтің "Қан мен тер" романының сахналық үлгілерін жасау театрға уақытша бедел сақтау мүмкіндігін әперді. Н.Тілендиев этнографиялық оркестр құрып, əн жазуды ұлттық сарындағы аспапты музыканы уағыздаумен ұштастырды. Ə.Дінішевтің есімі əлемге əйгілі болды. Музыка мәдениетінде әлем эстрадасының деңгейіне жеткен туындылар мен көркемһнер ұжымдары дүниеге келді. “Дос-Мұқасан” ансамблі, əншілер Р.Рымбаева, Н.Есқалиева халықаралық сайыстар лауреаты атанып, шетелдерге танылды. 1980 жылдары республика тұрғындарының 75%-ы теледидар көре алатын болды. 4 республикалық, 19 облыстық бағдарламалар телехабарлар таратты. Республикада “Қазақ совет энциклопедиясының бас редакциясы”, “Қайнар”, “Жалын”, “Өнер” баспалары құрылды. 1978 жылы 12 томдық “Қазақ совет энциклопедиясын” шығару аяқталды.1978 жылы республикада 19 мыңнан астам кітапхана болды. Бірыңғай кітап қорында 160 млн-нан астам кітап жинақталды. 1970 жылдары әл-Фарабидің туғанына 1100 жыл толуы, Азия және Африка жазушыларының V мәслихаты өткізілді. Конспект сұрақтар 1.12 томдық “Қазақ совет энциклопедиясын” шығару аяқталды: 2.1978 жылы елімізде қанша кітапхана болды: 3.1980 жылдары республика тұрғындарының қанша пайызы теледидар көре алатын: 4.20 ғасырдың 50-ші жылдары Қазақстаннан кетуге мәжбүр болған қазақтың дарынды жазушысын көрсетіңіз: 5.«Ұстаздың оралуы» романының авторы: 6.Е.Бекмахановтың қатысуымен жазылған «Қазақ КСР тарихы» қай жылы жарық көрген: 7.Олжас Сүлейменовтiң “Адамға табын, Жер, ендi!” поэмасы кімге арналған: 8.Олжас Сүлейменовтың «Aз и Я» кітабы қай жылы жарық көрді: 9.Қай жылдары ұлттық театр өнерінің деңгейі төмендеп кетті: 10.Қай жылы әнші Әміре Қашаубаев Майндағы Франкфурт қаласында өнер көрсетті: 11.“Қан мен тер” трилогиясының авторы: 12.Дж.Неру атындағы халықаралық сыйлыққа ие болған шығарма: 13.Республика жазушылары арасынан тұңғыш Социалистік Еңбек Ері атағын иеленді: 14.Этнографиялық оркестр құрған сазгер: 28. Қазақстан түбегейлі бетбұрыстар кезеңінде. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары
1980 жылдардың ортасына қарай Коммунистік ұлыдержавашыл аппараттың кеңес қоғамын дағдарыстан алып шығуға қабілетсіз екендігі белгілі болды. 1985 жылы наурызда КОКП-ның басшылығына М.С.Горбачев бастаған жаңашыл топ келді. 1985 жылдың сәуір пленумында әлеуметтік-экономикалық дамудың жеделдету бағыты қабылданды. 1986 жылдың ақпанында болған КОКП-ның ХХYII съезі жаңа саясат жүргізудің негіздерін айқындап берді. Қысқа мерзім ішінде экономикада тежеуші факторларды жою, ҒТП-ны жеделдету, адамдардың тұрмыс деңгейін көтеру, саяси даму саласында демократиялық ұстанымдарды енгізу, сайлау жүйесін өзгерту, халықтың саяси белсенділігін арттыру, партия мүшелерінің моральдық келбеті мәселелері де айтылды.
|