![]() |
Есім хан (1598-1628) 19 pageDate: 2015-10-07; view: 1675. 1990 жылдың соңына қарай Қазақстан Компартиясы қатарында 800 мыңдай коммунист болатын. Мемлекеттік төңкерістің сəтсіз аяқталуы Кеңес Одағы Коммунистік партиясының беделін түсірді. 1991 жылы 23 тамызда Н.Ə.Назарбаев КОКП ОК Саяси Бюросының қатарынан шығатынын мәлімдеді. Кейін Қазақстан Компартиясының өзі де тұтастай КОКП қатарынан шықты. 1991 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан Компартиясының төтенше съезі шақырылып, Қазақстан Компартиясы таратылды. Жаңадан Қазақстан Социалистік партиясы құрылды. Алайда Қазақстанда демократиялық еркіндікті сезіну, бүкілхалықтық істерде белсенділік таныту өте төмен болды. 1991 жылғы 17 наурызда жүргізілген референдум қорытындысы осының айғағы. Халықтың 94,1%-ы Одақты сақтау қажеттігін жақтап дауыс берген болатын. Бұрынғы Компартия мүшелерінің көпшілігі өздері Коммунистік партия атаған саяси ұйымдарын құрды. Конспект сұрақтар 1.1990 жылдың соңына қарай Қазақстан Компартиясының қатарында қанша коммунист болды: 2.1991 жылы Қазақ Кеңестiк Социалистiк республикасы қандай атауға өзгертілді: 3.Минскi қаласында бас қосқан 3 славян мемлекетiнiң басшылары қай шарттың күш жойғандығын жариялады: 4.Н. Ә. Назарбаев КОКП Орталық Комитетi Саяси Бюросының құрамынан шығатыны жөнiнде мәлiмдедi: 5.Қазақстан қай жылы БҰҰ-ның мүшесі болып болды: 6.Қазақстан қай жылы БҰҰ-ға мүше болды: 7.Қай қалада 3 славян мемлекетiнiң басшылары бас қосып, 1922 жылғы КСРО-ны құру туралы шарттың күш жойғандығын жариялады: 8.Қай қалада Қазақстанның және Орта Азия республикаларының жетекшiлерi бас қосты: 9.Қазақстан Компартиясы таратылған мерзім: 10.Қазақстан Компартиясының орнына құрылды: 11.“Тамыз бүлігін” ұйымдастырушылардың мақсаты: 12.“Төтенше жағдай жариялау елдің негізгі заңына сәйкес емес…” деп мәлімдеме жасады: 34. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауда және ТМД-ның құрылуы
1991 жылғы тамыз төңкерісінен кейін КСРО- ның ыдырау үрдісі тез қарқынмен жүзеге аса бастады. 1991 жылғы 8 желтоқсанда Минскіде Беларусь, РКФСР, Украина республикаларының басшылары өзара келісіп, 1922 жылғы КСРО-ны құру туралы шарттың күшін жойғанын жариялады. Сонымен қатар Тəуелсіз Мемлекеттер Одағының (ТМО) құрылғандығын мәлімдеді. 1991 жылғы 13 желтоқсанда Ашхабадта Орта Азия мен Қазақстанн басшылары бас қосып, Минскіде қабылданған шешімдерді қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылдың желтоқсанына дейін КСРО- ның құрамында болған республикалардың бəрі мемлекеттік тəуелсіздігін жариялады. Қазақстанда тəуелсіздік алуға қарсы күштер белең алды. Орыс автономиясын құру немесе солтүстік облыстарды Ресейге қосу идеялары көрініс берді. Тəуелсіздік туралы заңды қабылдауды референдумға салу талаптары алға тартылды. 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақ КСР - інің атауы Қазақстан Республикасы (Қазақстан) деп өзгертілді. 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлауда 98,78% дауыспен Н.Ə.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды. 10 желтоқсанда Н.Ə.Назарбаев Республика сарайында салтанатты түрде ант қабылдады. Н.Ə.Назарбаев еңбек жолын 1960 жылы Қарағанды облысы, Теміртау қаласында «Қазметаллургқұрылыс» тресінде жұмысшы болып бастады. 1969 жылы партиялық қызметке ауысып, Теміртау қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, қалалық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, қалалық партия комитетінің екінші хатшысы болды. 1973-1977 жылдары Қарағанды металлургия комбинатының партком хатшысы, Қарағанды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы қызметтерін атқарды. 1979-1984 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы, 1984 жылдан Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып қызмет істеді.1989 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болды. 1990 жылғы сəуірде Қазақ КСР-нің Президенті болып сайланды. 1991 жылғы 16 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тəуелсіздігі туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы қабылданды. Тәуелсіз Қазақстан демократиялық даму жолын қалаған, зайырлы, әлеуметтік жəне құқықтық мемлекет болып құрылды. Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықтың тең құқықты мүшесі болып жарияланды. 1992 жылғы 2 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды. 1991 жылғы 21 желтоқсанда Алматыда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан,Тəжікстан, Түркіменстан, Ресей Федерациясы,Украина, Беларусь, Молдова, Əзірбайжан, Армения басшылары бас қосты. Тәуелсіз МемлекеттерДостастығының (ТМД) құрылғандығы туралы хаттамаға қол қойылды. Бұл жолы одақ сөзі достастық сөзімен алмастырылды. КСРО іс жүзінде өмір сүруін тоқтатты. Бұл кездесуде ядролық қаруы бар мемлекеттер (Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь) ядролық қару жөнінде біріккен саясат қалыптастырып, ТМД мүшелерінің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге келісті. Конспект сұрақтар 1.Нұрсұлтан Назарбаев қай жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң Төрағасы болып тағайындалды: 2.Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы қай қалада құрылды: 3.Қазақстан Республикасының алғашқы Қорғаныс Министрі: 4.Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгі қашан құрылды: 5.ҚР ішкі істер әскері қай жылы құрылған: 6.Ашхабад келісімі болған мерзім: 7.Еліміз Қазақстан Республикасы болып атала бастады: 8.Н.Ə.Назарбаевтың Теміртауда 1969 жылы атқарған қызметі: 9.Тəуелсіз Мемлекеттер Одағын құру туралы келісім жасалды: 10.Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрамына кірген елдер саны: 11.Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына қабылданды: 35. Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы. Жоғарғы Кеңес және 1993 жылғы
|