![]() |
КонституцияDate: 2015-10-07; view: 7296. 1990 жылдың басында сайланған Жоғары Кеңестің ХII шақырылымының құрамы заң шығарумен тұрақты айналыса бастады. 1992жылдың шілдесінде “Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы” және “Қазақстан Республикасының ішкі істері әскерлері туралы”, желтоқсанда “Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы” заңдар қабылданды.
1992 жылы 2 шілдеде “Қазақстан Республикасының Конституциялық сотын сайлау туралы” ҚР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы шықты.Сонымен Қазақстанда үш тармақты билік пен басқару жүйесінің негізі қаланды.
1992 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы қабылданды. Желтоқсан айында Әнұран бекітілді.
1992 жылдың тамызында “ Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы” заң шықты. Өзі өмір сүрген 4 жылға жуық уақыт ішінде Жоғарғы Кеңес 250-ден астам заңдар мен құжаттар шығарды.
1993 жылғы 28 қаңтар - Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрады. Конституцияда негізгі мəселелерге ерекше көңіл бөлінген. Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, біртұтас мемлекет деп атап көрсетілген. Ұлттық, унитарлы мемлекеттің бұлжымастығы қуатталды. Қазақ тілі – мемлекеттік, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі. Республика жері-біртұтас, ол бөлінбейді жəне оған қол сұғуға болмайды. Халық – мемлекеттік биліктің қайнар көзі. Қазақстан халқының атынан билік жүргізуге Республика Жоғарғы Кеңесінің жəне Президенттің құқығы бар. Республика азаматтарына заңды жолмен ақпарат алу, еркін қоныс аудару, жиналыстарға, шерулерге, митингілерге қатынасу, ереуілге шығу, меншік иесі болу құқығы берілді. Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адам басқа елдің азаматы бола алмайды. Шетелде тұратын қазақтарға тарихи отанына оралуға жол ашылды. 1993 жылғы Конституция екі жыл бойы Республиканың Негізгі заңы ретіндегі тарихи міндетін атқарды.
1993 жылдың күзінде кейбір жергілікті кеңестер өзін-өзі тарата бастады. Алматы қаласындағы Алатау аудандық Кеңесі өзін-өзі тарату жайлы алғаш рет мəлімдеді. 1993 жылғы қараша айының соңына дейін 100-ге жуық кеңестер таратылды. Бұдан былайғы кезеңде мәжілістерін өткізуге жергілікті кворумның болмайтындығын білген соң, 1993 жылғы 13 желтоқсанда Жоғарғы Кеңестің төрағасы С.Əбділдин оның таратылғанын ресми түрде жариялады. Республиканың жаңа парламенті сайлағанша мемлекетті басқару өкілеттігі Президентке тапсырылды. Конспект сұрақтар 1.1993 жылдың қараша айының соңына дейін қанша кеңестер өздерін таратқандығын жариялады: 2.Жоғарғы Кеңес таратылған соң, жаңа Парламент сайланғанша мемлекеттi басқару өкiлеттiгi кімге тапсырылды: 3.Қазақстан Республикасының Конституциясында орыс тілі..... деп анықталды: 4.Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі..... деп анықталды: 5.Қазақстан Республикасының әнұранының мәтіні бекітілді: 6.“Қазақстан Республикасының Конституциялық сотын сайлау туралы” Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысы қашан жарыққа шықты: 7.Жоғарғы Кеңестің 4 жылға жуық уақыт ішінде шығарған заңдары мен құжаттары: 8.Жоғарғы Кеңестің таратылғаны ресми түрде жарияланды: 9.Конституция бойынша халық атынан билік жүргізу құқығы берілген: 10.Қазақстан Республикасының Туы мен Елтаңбасы қабылданды: 36. Қазақстандық парламентаризм. 1995 жылғы Конституция
1993 жылдың 9 желтоқсанында Президент ҚР сайлау туралы кодексін қабылдау туралы Жарлыққа қол қойды. Жоғарғы Кеңес құрамы 177 депутаттан тұрады. Оның 42-сі Президент жасайтын мемлекеттік тізім бойынша тағайындалады. Депутаттыққа кандидаттарды қоғамдық бірлестіктер ұсынады. Жекелеген азаматтар да өздерін-өздері ұсына алады. ҚР Жоғарғы Кеңесіне жəне маслихатқа сайлау 1994 жылдың 7 наурызына белгіленді.
Қазақстан Республикалық партиясы (ҚРП) аса қуатты және ірі азаматтық қозғалыс “Азаттың” мүшелерінен құрылды. 1992-1993 жылдары ҚРП аса ауыр дағдарыс жағдайды басынан кешірді. Жетекшілері арасында бітіспес жанжал, баспасөз бетінде бірін-бірі әшкерелеу басталды. Сайлау қарсаңында саяси күш ретінде көріне алмады. Осы жағдай ҚРП-на балама саяси ұйым құру қажеттігін туғызды. Халықтық Конгресс партиясы (ХКП) осылай дүниеге келді. ХКП интернационалдық бағыт ұстайтынын, Президент әкімшілігінің ішкі, сыртқы саясатына сәйкес әрекет жүргізетінін бағдарламаларында айқындап берді.
1993 жылдың ақпанында Қазақстан халық бірлігі одағы ( ҚХБО) дүниеге келді. Бұл одақ жетекшісі ретінде Президент Н.Назарбаевты атады.
1993 жылдың соңында 3 саяси партия ресми тіркелді. “Қазақстан социалистік партиясы”, “Қазақстан Республикалық партиясы”, “Қазақстан Халық конгресі партиясы”. Қоғамдық қозғалыстар арасынан“Невада-Семей”, “Азат”, ҚХБО беделді жəне танымал болды.
Республикада 300-ден аса қоғамдық- саяси бірлестіктер, 11 ірі ұлттық- мəдени құрылымдар әрекет етті.
Алғаш реет көппартиялық негізде заң шығаруға қабілетті парламент сайланды. Сайлау құқығы бар азаматтардың 73,52%-ы қатысты. ҚР Жоғарғы Кеңесіне 176 депутат сайланды. Ең көп орынды КХБО алды.
11 адам - ҚР кəсіподақ федерациясынан, 9 адам – Халық Конгресі партиясынан, 8 адам - Қазақстан Социалистік партиясынан, 4 адам - ҚР шаруалар одағынан, 4 адам – “Лад” қоғамдық қозғалысынан.
1994 жылы 19 сəуірде жаңа парламент өз жұмысын бастады. Төрағасы - Ə.Кекілбаев. Алайда кейбір учаскелерде сайлау тәртібінің бұзылуына байланысты 1995 жылы көктемде парламент таратылды.
1995 жылы референдум өткізілді. Қатысушыларға: “ҚР Президенті ННазарбаевтың өкілеттік мерзімін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзартуға келісесіз бе?-деген сұрақ қойылды. Көпшілік Н.Назарбаевтың президенттік мерзімін ұзартуды жақтап дауыс берді.
ҚРПрезидентінің ұсынысымен 1995 жылы 30 тамызда референдумда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл негізгі Заңымызда еліміздің өркендеу үрдістері, әлемнің жоғары дамыған елдерінің (Францияның) конституциялық тәжірибесі ескерілді. 1993 жылғы Конституциядағы кейбір қайшылықтар түзетілді. Жаңа Конституцияда заң шығарушы, атқарушы, сот билігі жүйелерінің міндеттері айқындалған. Конституция 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. Президенттік басқаруды қалыптастыру ісі аяқталды. Парламент екі палатадан тұрды: Сенат жəне Мəжіліс. Сенат құрамы әр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ҚР астанасының əрқайсысынан сайланатын 2 адамнан және Президент тағайындайтын 7 депутаттан құралады. Мəжіліс 67 депутаттан тұрады. Конституцияның негізіне адам мен азаматтың құқықтары алынды .
1995 жылы күзде парламенттің жаңа сайлауы өтті. 1996 жылдың 30 қаңтарында парламент өз жұмысын бастады.
ҚР мемлекеттік тəуелсіздігін жариялағаннан кейін Қорғаныс Комитеті құрылды. 1992 жылы 7 мамырда Қорғаныс Комитеті ҚР Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Алғашқы Қорғаныс министрі –генерал-лейтенант Сағадат Нұрмағамбетов. 1997 жылғы қарашадан бастап Республика Қарулы Күштері жалпы міндеттерді орындайтын, əуе кеңістігі мен мемлекеттік шекараны қорғайтын үш бөліністен тұратын құрылымға көше бастады. Конспект сұрақтар 1.1994 жылы сәуірде өз жұмысын бастаған жаңа парламент таратылды: 2.1993 жылдың аяғына қарай елімізде қанша ресми тіркелген саяси партия болды: 3.«Қазақстан халық бiрлiгi одағы» (ҚХБО) қашан құрылды: 4.«Қазақстан халықтары Ассамблеясы» құрылды: 5.Қазақстан парламентi тұрақты жұмыс iстейтiн неше палатадан тұрды: 6.Жаңа Конституция бойынша мəжіліс депутаттарының саны: 7.Жоғарғы Кеңес құрамындағы депутаттар саны: 8.Республикадағы ірі ұлттық- мəдени құрылымдар: 9.Сайлау қарсаңында саяси күш ретінде көріне алмаған партия: 10.ҚР Қорғаныс министрлігі құрылған мерзім: 37.Экономикалық даму: нарықтық қатынастардың орнығуы Экономиканы нарықтық жүйеге көшіру аса қиын әрі күрделі болып шықты. Қағаз ақшаны шамадан тыс көп шығару салдарынан оның құнсыздануы күшейді. Халықтың қолында 13 миллиард сомға жуық тауармен қамтамасыз етілмеген ақша болды. 1992 жылдың басынан Ресейде бағаның босатылуы республикадағы жағдайды қиындата түсті. 1992 жылдың 6 қаңтарында Қазақстанда бағаны еркіне жіберу туралы жарлық шықты. Еркін бағаның енгізілуіне байланысты тауарлардың бағасы қымбаттады. Зейнеткерлер, мұғалімдер, дәрігерлер жалақыларын көбейтуді талап еткен ереуілдерге шықты. 1992 жылы өндірістің құлдырауы халық шаруашылығының барлық салаларын қамтыды. Өнеркəсіпте ауыр жағдай қалыптасты. Өнім шығару1991жылменсалыстырғанда 14,8%-ға, ұлттық табыс 14,2%-ға кеміді. Электр қуатын өндіру 3,9%-ға кеміді. Шойын қорыту 5,8%-ға , болат 4,9%-ға , темір өндіру 20%-ға қысқарды. Аяқкиім кәсіпорындарының жұмысы іс жүзінде тоқтап қалды. Ауы шаруашылығында бірқатар жетістіктер болды. 1992 жылы астықтан рекордты түсім – 33 млн т. өнім жиналды. Өсімдік шаруашылығынан 66,5 млрд сом пайда түсті. Бірақ ет пен жүн өндіруден бұрынғыдай жетістік болмады. Көптеген шаруашылықтардың жалақы төлеуге, техника сатып алуға, жанармай, қосалқы бөлшектер үшін есеп айырысуға шамалары келмеді. 1993-1994 жылдары қыстың қаталдығынан мал шығыны көп болды. ТМД елдеріндегі хромит қорының 98%-ы, бариттің 82%-ы, фосфориттің 64%-ы, вольфрамның 53%-ы, қорғасынның 38%-ы, молибденнің 29%-ы, мыстың 28%-ы Қазақстан аумағында орналасқанымен, әлемдік рынокқа шығарып пайда табудың сәті түспеді. Қазақстанның өзіндік құны жоғары астығына да сұраныс азайды. 1994 жылы егістік 6 млн гектарға қысқарды. Осы жылдары “төлем дағдарысы” деген ұғым пайда болды. Бұл - өзара экономикалық байланыс жасап тұрған елдердің міндетті төлемдерін өтей алмауы. Ресей кəсіпорындары Қазақстаннан алған өнімдерінің төлемдерін уақытында қайтармауды əдетке айналдырды. Қазақстан экономикасын дамыту үшін оны ірі мұнай өндіруші елге айналдыру қажет болды. Республика өз мұнайын экспортқа шығару үшін теңіздерге жол ашуы керек болды. Республикаға жыл сайынғы ішкі қажетін өтеу үшін 20 млн т. мұнай керек болса, 1990 жылдардың басында мұнай өндіру көлемі - 27 млн т-ға жетті. 1993 жылдың қыркүйегінде жаңа деңгейдегі рубль аймағын құру туралы алты жақты және Ресей мен Қазақстанның ақша жүйесін біріктіру туралы екі жақты келісім жасалды. Ресейде жаңа үлгідегі ақша эмиссиясы жүргізілгенде, ескі ақшаның Қазақстанға ағылуы қаожы жүйесін шайқалтып, құнсыздану қарқынын күшейтті. Осы жағдай Қазақстанды тезірек ұлттық валютасын енгізуге мәжбүр етті. Ақша таңбаларының жаңа үлгілері жасалды. Ақша айырбастау тəртібі енгізілді. 1961-1992 жылдардағы сом үлгілерінің 500 рублі 1 теңгеге тең болды. АҚШ-тың 1 доллары 4,7 теңгеге теңесіп тұрды. 16 жастан асқан Қазақстанда тұрақты тұратын əр азаматқа 100 мың Ресей рублін теңгеге айырбастауға мүмкіндік берілді. 1993 жылғы 15 қарашада Республика Президентінің жарлығымен ұлттық теңге айналымға енгізілді. “Мұндай оқиға әр елдің тарихында тек бір-ақ рет болады,- деді Н.Назарбаев. – Баршамыз өзіміздің ұлттық валютамызды енгізудің қаншалықты қажеттігін және жағдайдың төтенше сипаты мен себептерін түсіне білуіміз керек. Біз үшін оның экономикалық қана емес, саяси маңызы да аса зор”. Ұлттық валютаның енгізілуі Қазақстанның халықаралық аренадағы беделінің де көтерілуіне септігін тигізді. Конспект сұрақтар 1.1961-1992 жылдарда шығарылған ақша үлгiлерiнiң 500 Ресей рублi қанша теңгеге тең болды: 2.1992 жылы еліміздің диқандары астық жинаудан рекорд жасады. Олардың көрсеткіші: 3.Кеңес Одағы ыдыраған соң, 1994 жылы егіс алаңы қаншаға қысқартылды: 4.Қазақстанда тұрақты тұрып жатқан, 16 жастан асқан азаматқа қанша Ресей рублін теңгеге айырбастауға болатын еді: 5.АҚШ-тың 1 доллары теңесті: 6.Темір өндіру үлесі қысқарды: 7.Қазақстанда бағаны еркіне жіберу туралы жарлық шықты: 8.Қазақстанға тиесілі төлемдерді уақытында қайтармаған мемлекет: 9.Қыстың қаталдығынан мал көп шығынға ұшыраған жыл: 10.Ұлттық теңге айналымға енгізілген мерзім: 38. Жекешелендіру үдерісі және оның әлеуметтік салдары. Экономикадағы өрлеу
1993 жылдың соңына қарай жекешелендірудің бірінші кезеңі аяқталды.10 мыңдаған қазақстандықтар жеке меншік шаруашылықтарын жүргізді.1993 жылдың қазанында республикада 3,5 мыңнан астам кооператив,15 мыңнан астам шағын кəсіпорын, 11 мың жеке кəсіпорын, 15 мыңға жуық фермерлік жəне шаруа қожалықтары құрылды. 160 коммерциялық банктер, 37 түрлі биржалар болды. 7 мың кəсіпорын жекешелендірілді. Оның 5 мыңға жуығы сауда жəне қызмет көрсету саласы болды. 1994 жылдың көктемінде жекешелендірудің екінші кезеңі басталып, тұрғындарға жекешелендіру купондары таратылды. Азаматтар жан басына 100 купоннан алып, орта жəне ірі кəсіпорындардың иесіне айналу мүмкіндігіне ие болды. Азаматтар мен кәсіпорындар арасында делдалдық қызмет көрсету үшін қаржы салымының қорлары құрылды. Азаматтардың жекешелендіру чектерінің сатып алған акциялары енді жыл сайын белгілі бір мөлшерде үлеспайда түсіріп тұруға тиіс болды. Жекешелендіру купондары қағаз күйінде қалып қойды. Ұлттық валютаның айналысқа енгізілуі мен жекешелендіру үдерісінің аяқталуы халықтың əлеуметтік-психологиялық бейнесін өзгертті. Халықтың тұрмысы мүлдем нашарлап кетті. Қазақстан əлемнің 174 елінің арасында 93-орында, ал КСРО құрамында болған елдер арасында 7-орында (1997 ж.). 1990-1995 жылдар арасында қазақстандықтардың өмір жасының ұзақтығы 4,7 жасқа қысқарған. Білім алушылардың мөлшері 39%-ға азайған. Ұлттық табыс мөлшері 7 есе кеміп, 1995 жылы республика бұл көрсеткіш бойынша 129- орында болған. 1997жылдың соңына қарай республика тұрғындарының жартысынан астамы кедейлікте өмір сүрді. Тұрғындар арасында әлеуметтік аурулар меңдей бастады.Үлкен əлеуметтік келеңсіздіктердің бірі-жұмыссыздық. Осының бәрі бұқараның наразылығын туғызды. Наразылық түрлері: ереуілге, пикеттерге шығу, аштық жариялау. Наразылықтар Жаңатас, Кентау, Шымкент, Тараз қалаларында жиі қайталанды. 1997 жылдың соңында үкімет зейнеткерлер алдындағы қарызын түгел өтеуге мүмкіндік алды. Жұмыссыздар үшін шағын несие бөлінді. Баға біршама тұрақтанып, құнсыздану ауыздықталды. 1998 жылдың соңында экономиканың 90%-ы жеке сектордың қолында болды. 500 мыңға жуық кәсіпкерлер тобы дүниеге келді. Қазақстан шетелдерден инвестиция тарту жөнінен ТМД елдері ішінде алдыңғы орында болды. 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап “ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету туралы” заң күшіне енді. Азаматтар еңбекақыларынан зейнетақы қорына қаражат аудару арқылы қартайған кезін қамтамасыз етуге тиіс болды. 1991 жылдан Қазақстанда белсенді көші- қон (миграция)үдерістері басталды. “Көші-қон туралы” заң қабылданды. Көші-қон жəне демография жөніндегі агенттік құрылды. Көші-қон үдерісі екі бағытта жүрді. Республика аумағынан еріксіз кеткен жергілікті халықтың тарихи отанына қайтып оралуы. Екінші бағыт, Қазақстанда тұратын орыс, украин, беларусь, неміс диаспораларының өздерінің тарихи отандарына кетуі. Республика тұрғындарының жалпы саны кеми бастады. 5 жыл ішінде əр 1000 адамға шаққандағы туу коэффициенті 19,1-ден 14,7-ге түсті. 1997 жылдың 1 шілдесінде жергілікті халық үлесі 50%-дан асты. Кеңес кезінде өз жерінде ұлттық азшылық жағдайында болған қазақ халқы қайтадан сандық және үлестік басымдыққа жетті. 1999 жылы ақпан, наурыз айларында әр он жыл сайын жүргізілетін халық санағы өткізілді. Қазақстанда 14 млн 952,7 мың адам тұратыны анықталды. 1989 жылы тұрғындар саны 16 млн 199,2 мың болған еді. 2009 жылы 25 ақпан – 6 наурыз аралығында кезекті халық санағы өтті. Халық саны 16 млн 402 мың адамға жеткен. Қазақтардың үлесі 67%-дан асқан. 2000 жылдан кейінгі кезеңде ел экономикасы біртіндеп дағдарыстан шықты, онда өрлеу нышандары байқала бастады. Павлодарда жобалық қуаты 250 мың т алюминий құймасын шығаратын электролиз зауыты және жіксіз болат құбырларын шығаратын 10 мың жұмыс орны бар зауыт іске қосылды. Ақтөбеде қуаты 6 млрд текше метр газ өңдейтін Жаңажол зауыты салынды. 2008 жылы 70млн т-ға жуық мұнай өндірілді. Дүниежүзілік қаржы дағдарысы басталғанға дейін Қазақстанда ішкі жиынтық өнім (ІЖӨ) жылына 9-10% өсім беріп тұрды. Соның нәтижесінде 2007 жылы ІЖӨ жан басына шаққанда жылына 7000 АҚШ долларын құрады. Орташа номиналды еңбекақы 50800 теңгеге жетті. Жас отбасылары мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қол жететін бағамен ипотекалық несие арқылы пәтер алуын қамтамасыз ететін мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Үш жыл ішінде (2005-2007жж.) 160 мың отбасы немесе жарты млн-нан астам қазақстандықтар жаңа пәтердің кілтін алды. Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуына қажетті жағдайлар жасалды. Конспект сұрақтар 1.1997 адамдық даму есебі бойынша Қазақстанның әлемдегі орны: 2.2007 жылдардағы орташа номиналды еңбекақы мөлшері: 3.2009 жылы халық санағы бойынша қазақтардың үлесі: 4. Көшi-қон үдерiсi неше бағытта жүрдi: 5.Ақтөбе облысында салынған газ өңдейтін зауыт: 6.Жекешелендірудің бірінші кезеңі аяқталған мерзім: 7.Жекешелендірудің екінші кезеңінде тұрғындарға таратылды: 8.Көші-қон үдерісінің бағыттары: 9.Әлеуметтік келеңсіздікке байланысты наразылықтар жиі болатын қалалар: 10.“ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету туралы” заң күшіне енді: 39.Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық жағдайы 1991 жылдың соңына дейін Қазақстанның тәуелсіздігін 18 ел таныды. Алғашқылары Түркия, АҚШ, Қытай, Германия, Пәкстан мемлекеттері болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылында елімізді 108 мемлекет танып, оның 70- інің дипломаттық өкілдіктері ел астанасында жұмысқа кірісті. Қазақстан БҰҰ-ға, Халықаралық қайта құру және өркендеу банкіне, Еуропалық қайта құру және өркендеу банкіне, Халықаралық валюта қорына, ЮНЕСКО-ға мүше болып кірді. Қазақстанның жалпыадамзаттық қауымдастыққа енуіндегі үлкен қадамдарының бірі 1992 жылы Хельсинкиде жасалды. 8 шілдеде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің қорытынды актісіне бұрынғы Кеңес Одағы мен Югославия Федерациясынан тәуелсіздік алып шыққан мемлекеттердің басшыларымен бірге Президент Н.Назарбаев қол қойды. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мəселе: ең жақын жəне ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста - Қытай Халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату. 1992 жылғы 25 мамырда Мəскеуде Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық жəне өзара көмек туралы шарт жасалды. Қазақстан мен Ресейдің қазіргі шекараларының мызғымастығы туралы ереже ең маңызды болып саналды. ҚР мен РФ президенттері екі ел арасында мәңгілік достық пен қатынастар жөніндегі Декларация қабылдау, мұнай шығару, өңдеу және тасымалдау, Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану туралы келісімдерге қол қойды. Қазақстанның Қытай Халық Республикасымен (КХР) 50 шақты келісімдер, хаттамалар жасалды. Қазақ-қытай қатынастарында саяси байланыстарға жол ашылды. Қазақстан этностық туыс елдермен – Әзірбайжанмен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен, Түрікменстанмен көпсалалы байланыстар жасап келеді. Қазақстан Таулы Қарабақ пен Тəжікстандағы қақтығыстарды реттеуге күш салды. БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Н.Назарбаевтың мəлімдемесі қарулы жанжалдардың алдын алуға бағытталған Қазақстанның сыртқы істер қызметінің көрінісі болды. Азияда қауіпсіздік пен орнықтылықты қамтамасыз ету бағдарламасы, Азияда бірлесіп қимылдау жəне сенім шаралары жөнінде кеңес шақыру ұсыныстары салауатты қадам ретінде бағаланды. 1996 жылы 26сəуірде Шанхай ынтымақтастық ұйымыелдерінің (Ресей, Қытай, Қазақстан, Тəжікстан, Қырғызстан) алғашқы кездесуі өтті. Ортақ шекараларға байланысты әскери саладағы сенім мәмелелері талқыланды. ШЫҰ форумына қатынасқан мемлекеттердің басшылары кейін Мәскеуде (1997ж), Алматыда (1998ж), Бішкекте (1999ж) кездесті. Мәскеуде өткен кездесуде шекаралық аудандардағы қарулы күштерді қысқарту жөніндегі құжатқа қол қойылды. Алматы саммитінде ШЫҰ елдерінің өзара қатынастарындағы басым бағыттар айқындалып, сауда-экономикалық қатынастарды теңдік және өзара тиімділік негізінде дамыту мәселелері талқыланды. 1999 жылы ҚРПрезиденті Н.Назарбаев ҚХР Төрағасы Цзян Цзэминмен кездесуінде Қазақстан ТМД елдері арасында тауар айналысы бойынша Қытай үшін екінші әріптес болып отырғаны айтылды. Екі ел арасындағы шекаралық мәселелер әділ шешімін тапты. 1000 шаршы шақырымдық даулы жердің 57%-ы Қазақстанға, 43%-ы Қытайға қарады. Ашық теңізге тікелей шыға алмайтын Қазақстан үшін Каспий және Қара теңіз бен Жерорта теңізіне шығу мәселелері маңызды болды. Қазақстанның әсіресе Түркиямен қатынастары жақсы дамыды. Республикада жүздеген қазақ-түрік бірлескен кәсіпорындары пайда болды. Алматыда “Анкара” қонақ үйі салынды. Қазақ жастары Стамбұл мен Анкараның университеттерінде оқыды. Қазір Үндістанмен байланыстарды қайта жандандыруға жас қазақ дипломатиясы ерекше мән беріп отыр. Түркиямен, Иранмен өзара тиімді экономикалық, мәдени құндылықтар алмасуға екі жақ та ұмытылыс білдіруде. Қазақстан үшін айтарлықтай инвестиция беріп отырған АҚШ-пен қарым-қатынас орнатудың маңызы зор. АҚШ Қазақстанға мəдениет пен білімді дамыту саласында үлкен қолдау көрсетуде. “Болашақ” бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия т.б. оқу орындарында оқиды. Қазақстанның Батыс Еуропа мемлекеттерімен, соның ішінде, Ұлыбританиямен қатынасы егемендік жарияланбай тұрған кезден басталған болатын. 1992 жылдың күзінде Германияда Н.Назарбаев канцлер Г.Кольмен кездесті. 1992 жылы Елисей сарайында Франция Президенті Ф.Миттеран Н.Назарбаевты қарсы алып, достық, ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы шарт жасалынды. Қазақстан Президенті жаңа Еуропаға арналған Париж хартиясына қол қойды. Қазақстан Венгриямен, Болгариямен, Чехиямен, Румыниямен өзара тиімді қатынастар орнатты. Қазақстан НАТО-мен байланысты кеңейту шараларын қолдайды. Оңтүстік-Шығыс Азияда АСЕАН (Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассосациясы) мемлекеттерімен, Солтүстік –Шығыс Азияда Жапониямен, Кореямен, Монғолиямен қатынастарын жолға қойды. Қазақстан Азияда өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесін, дүниежүзілік және дәстүрлі дін өкілдерінің съездерін өткізу бастамасын көтерді. 2003, 2006 жылдары дінбасыларының съездерінде жасампаздық идеялары мен адамзаттық игіліктер төңірегінде пікір алысты. Қазақстан Тәжікстанда, Ауғанстанда, Иракта болып жатқан лаңкестікке қарсы күреске, бітімгерлік миссияларға белсене қатысты. Соңғы жылдары Қазақстан дипломатиясы елдің Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) қабылдануын көздеген келіссөздер жүргізуде. 2010 жылы Қазақстанның Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық етуі туралы шешім қабылданды. Бұл шешімді аталған ұйымға мүше 56 мемлекеттің 100 пайыздық келісімімен қабылданды. ҚР тәуелсіздігін алғанына 16 жыл толуына арналған жиналыста сөйлеген сөзінде Н.Назарбаев былай деді: “Қазақстан - ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететін бірінші ТМД елі, ол – бірінші түркі елі, ол – тарихи тұрғыдан өркениетті ислам кеңістігіне жататын бірінші ел, соңында, ол – бірінші азиялық ел. Сондықтан бұл біздің ортақ жеңісіміз”. Осы шараға байланысты экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, технология мен басқару тәжірибесін алып келуге, қазақстандық заңдарды жетілдіруге септігін тигізетін “Еуропаға жол” атты бағдарлама қабылданды. Конспект сұрақтар 1. Қай жылы Қазақстан Бiрiккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүше болып қабылданды: 2.Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану туралы келісіміне қол қойған ел: 3.БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясындағы Н.Назарбаевтың мəлімдемесі: 4.Дүниежүзілік және дәстүрлі дін өкілдерінің съездерін өткізу бастамасын көтерген ел: 5.Республикада жүздеген бірлескен кәсіпорындарын салған мемлекет: 6.Тәуелсіздіктің алғашқы жылында елімізді таныған елдер саны: 7.Франция Президенті Ф.Миттеранмен Н.Назарбаев кездесті: 8.Шанхай ынтымақтастық ұйымы құрылды: 9.Шекаралық мәселелер бойынша Қазақстанға тиесілі жер үлесі: 10.Қазақстанның ЕҚЫҰ- ға төрағалық етуіне шешім қабылдаған мемлекеттер саны: 40. Елдің мәдени-рухани өмірі. Тәуелсіздік жағдайындағы мәдени құрылыс Тәуелсіз Қазақстанның ғылыми тарихының негізі қалана бастады. 1995 жылы Республика үкіметі “ҚР тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасын” мақұлдады. Отандық тарих ғылымын дамыту басымдықтары айқындалды. Қазақстан тарихының көптомдық академиялық тарихын жазу қолға алынды. Қазақстан тарихының ағылшын тіліндегі бір томдығы шықты. 1998 жылдан бастап Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты “Отан тарихы” журналын шығара бастады. Тарихқа жаңа көзқарас қалыптастыруға “Қазақ тарихы”, әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың “Хабаршы” журналдары үлкен үлес қосты. Ұлттық Ғылым академиясының толық мүшесі Н.Назарбаевтың 1999 жылы жарық көрген “Тарих толқынында” кітабы ұлт пен мемлекеттің өткені мен келешегіне жаңа көзқарас қалыптастыруда қомақты үлес қосты. ХХ ғасырдың соңында Абай мен Жамбылдың 150 жылдық, М.Әуезов пен Қ.Сәтбаевтың 100 жылдық мерейтойлары ЮНЕСКО-ның қолдауымен дүниежүзілік ауқымда аталып өтті. 1995 жылы Ұлы Абайдың 150 жылдығына арналған мерекелік шаралар Мәскеу, Стамбұл, Париж, Лондон, Алматы, Семей қалаларында өтті. “Абай” энциклопедиясы жарық көрді. 1996 жыл жыр алыбы Жамбыл Жабаев жылы деп жарияланды. Мерекелік шаралар Алматыда және ақынның туған ауылы Ұзынағашта(Алматы облысы) өтті. Алматыда ақынға ескерткіш орнатылды, деректі және көркем фильмдер түсірілді. 1997 жылы Мұхтар Əуезовтің 100 жылдығында Алматы, Париж, Мәскеу, Санкт-Петербург, Семей қалаларында жазушының дүниежүзілік әдебиет пен мәдениеттің дамуына қосқан үлесіне жоғары баға берді. М.Əуезовтің 50 томдық шығармалар жинағы шыға бастады. “Мұхтар Əуезов əлемі” атты жинақ пен жазушы туралы естелік кітап шықты. 1999 жылғы сəуірде әлемдік деңгейдегі ғұлама ғалым Қ.И.Сəтбаевтың 100 жылдық мерейтойы болды. 1998 жылдың сəуірінде “Қ.И.Сəтбаевтың есімін мəңгі сақтау” туралы арнайы қаулы қабылданды. 1998 жылдың 25 қарашасында Павлодарда Қ.Сəтбаевтың 100 жылдығына дайындық туралы мəжіліс өтті.1999 жылғы 13-23 сəуірде ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пəтерінде Қ.Сəтбаевқа арналған “Қазақстан ғылымы – кешегіден бүгінге” атты көрме ұйымдастырылды. Қ.Сəтбаевтың шығармалар жинағының алғашқы томдары жарияланды. “Қазақтың Қанышы” романы - Медеу Сəрсеке, “Академик Қ.И.Сəтбаев. Хаттар мен жазбалардан" құжаттар жинағы, “Қ.И.Сəтбаев жəне Қазақстанның қоғамдық ғылымдары” атты ғылыми мақалалар жинағы шықты. Баянауыл, Жезқазған, Қарсақбайдағы ғалымға арналған мұражайлар жөндеуден өтті. Алматы, Жезқазған қалаларында ғалымға ескерткіш орнатылды.
Президент жарлығымен 1997 жыл - Жалпыұлттық татулық жəне саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы”, 1998 жыл – “Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы”, 1999 жыл – “Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы” деп жарияланды. Экономикалық дағдарыс салдарынан Қазақстан ғылымы, мəдениеті, білім беру жүйелері қиындықтарға кездесті. Республиканың Ғылым Академиясы іс жүзінде ұлттық мəртебесінен айырылып қалды. 2003 жылғы 24 қазанда Н.Назарбаевтың жарлығымен Ұлттық Ғылым академиясы қоғамдық бірлестік болып құрылды. 1997 жылдан бастап қаражат тапшылығына байланысты мемлекеттік мекемелерді “оңтайландыру” (оптимизация) саясаты жүргізілді. Оңтайландырудың салдарынан 1997-1998 жылдары көптеген білім, мəдениет, денсаулық объектілері жабылып қалды. Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера жəне балет театры бірнеше жыл бойы ауыр жағдайда болды. 10 томдық “Қазақстан” Ұлттық энциклопедиясы, Қазақстан Тəуелсіздігінің 10 жылдығына орай екі тілде “Қазақстан Республикасы энциклопедиялық анықтамасы, Қазақстан тарихы, Қазақ фольклоры антологиясы жарық көрді. Монғолиядан Күлтегін ескерткішінің көшірмесі әкелініп, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне қойылды. “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы Президенттің бастамасымен 2004 жылы қабылданды. Мәдениеттің озық туындыларын жинап, қайта зерделеу, Кеңес кезінде бұрмаланған Қазақстан тарихының жарқын беттерін қайта жазу, алдыңғы қатарлы өркениеттер мәдениетінің үлгілерін қазақ тіліне аудару жұмыстары қамтылды. Бағдарламаның бірінші кезеңінде (2004-2006жж) ұлттық және дүниежүзілік мәдениет үлгілерін қамтитын 218 том жарық көрді, 35 сәулет өнері ескерткіштері күрделі жөндеуден өтті. Шетелдерде зерттеу жұмыстары жүргізіліп, отандық тарихқа байланысты 5000-ға жуық деректер жиналды. Қазақ мемлекеттігінің тарихи мұражайы, ғылыми кітапханасы, ұлттық дәстүрлер театры бар ҚР Президенттік мәдени орталығы құрылды. О.Сүлейменов “Жазу тілі” кітабында дүние жүзі тілдерінің даму заңдылығын саралады. Адам бойындағы ізгі қасиеттердің көмескіленуі мәселесін көтерген М.Шахановтың “Өркениеттің адасуы” кітабы республикадан тыс жерлерге мәлім болды. Ə.Нұрпейісов Арал жəне ондағы адам тағдыры туралы “Соңғы парыз” романын, М.Мағауин “Мен” атты философиялық толғауын, Қ.Жұмаділов Қаракерей Қабанбай туралы “Дарабоз” дилогиясын жазды. Композитор Е.Рахмадиевтің “Абылай хан” (либреттосы Ə.Кекілбаев), АСеркебаевтің “Томирис” (либреттосы ЛИманғазинанікі) опералары жанр табысы деп танылды. А.Мұсаходжаева, Ж.Əубəкірова, М.Мұхамедқызы, Н.Үсенбаева классикалық музыка өнерінде шығармашылық жетістіктерге жетті. Режиссерлер Р.Ибрагимбеков, Т.Теменовтың “Көшпенділер” фильмінде (шетелдерге “Номад” деген атпен таралды) ұлттық мемлекеттің құрылу кезеңіндегі қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы ауыр күресі, саяси элитаның әрекеті, сарбаздардың ерлігі сипатталды. “Сталинге сыйлық” атты фильмде (режисссері Р.Әбдірашев) соғыстан кейінгі жылдары Қазақстанға жер аударылып келген еврей баласының ауыр тағдыры көрсетіледі. Белгілі ақын Махамбет туралы фильмді (режиссері С.Тәуекел) сценарий авторы О.Сүлейменов жаңа ғасырдағы алғашқы ұлттық фильм деп атады. “Қош бол, Гүлсары” лентасы (режиссер А.Әмірқұлов) “Қазақфильм” және Қырғызстанның “Ардфильм” студияларының бірлескен туындысы. Ш.Айтматовтың аттас шығармасының желісіне құрылған бұл фильмде адамдардың тартымды тарихы мен адамзаттық құндылықтар туралы баяндалады. Бұдан басқа “Мұстафа Шоқай” (режиссері С.Нарымбетов), “Тюльпан” (режиссері C.Дворцевой) фильмдері түсірілді. 1999 жылы республика парламенті “Білім туралы заңның” өзгерген редакциясын қабылдады. Негізгі мектеп 9-сыныппен аяқталып,10-11 сыныптарда қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану –математика бағыттары бойынша бағдарлы мектептен білім алатын болды. 2004 жылы “Қ.Р. 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы” қабылданды. Жоғары білім беру жүйесіне өзгерістер енгізілді. Кредиттік және екі сатылы жоғары білім беру жүйесіне ауысу жүзеге асырылды. 2007-2008 оқу жылы мектептер 1-11 сыныптарға арналған жаңа буын оқулықтарымен және оқу-әдістемелік кешенімен толық қамтамасыз етілді. Қазір республикада 8 мыңға жуық мектеп жұмыс істейді, сабақ қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр тілдерінде жүргізіледі. Жексенбілік мектептерде тәжік, украин тілдерінде оқытылады. Бұл мектептерде 3 млн-нан астам оқушы оқиды. 1992 жылғы қыркүйек, қазан айларында Алматыда дүниежүзі қазақтарының құрылтайы өтті. Азия, Африка, Еуропа, Американың 40-қа жуық елдеріндегі 3 млн. 200 мың (32%) қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Бұл жиынды өткізу және шетелдерге ауа көшкен қандастарымызды шақыру гуманизмнің көрінісі болды. Құрылтайдың мәнді оқиғасы 1992 жылдың 19 қыркүйегінде Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында өтті. “Қазақтар: кеше, бүгін және ертең” атты тақырыпта ғылыми конференция болды. Құрылтайдың ресми ашылуы 30 қыркүйекте Республика сарайында болды. ҚРПрезиденті Н.Назарбаев “Құшағымыз бауырларға айқара ашық” деген баяндама жасады.Түркиядан "Алаш" сыйлығының иегері, қадірменді қария Халифа Алтай келді. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайына қатысушылардың Қазақ халқына Үндеуі жарияланды. “Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы бүкіл əлемдегі отандастарымызды Қазақстанның экономикалық-əлеуметтік, мəдени-интеллектуалдық мүмкіндігін молайтуға, бар қабілеті мен еңбегін туған ел игілігіне жұмсауға шақырады ”. Конспект сұрақтар 1.1992 жылғы қыркүйек, қазан айларында өткізілген іс-шара: 2.Еуразия ұлттық университетіне әкеліп қойылған ескерткіш: 3.Жанр табысы деп танылған А.Серкебаевтің операсы: 4.М.Əуезовтің 50 томдық шығармалар жинағы шығарыла бастады: 5.Мемлекеттік мекемелерді “оңтайландыру” саясатының жүргізілу себебі: 6.Республикадан тыс жерлерге мәлім болған М.Шахановтың еңбегі: 7.Тарихқа жаңа көзқарас қалыптастыруға үлес қосқан журнал: 8.Ұзынағашта өткізілген мерекелік шара арналды: 9.“Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы қабылданған мерзім: 10.“Сталинге сыйлық” фильмінің режисссері: 11.“Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы”: 12.“Қ.Р. 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы” қабылданған мерзім: 13.“Қазақтың Қанышы” романын жазды: 14.“Қазақфильм” және “Ардфильм” студияларының бірлескен туындысы: 15.“Құшағымыз бауырларға айқара ашық” баяндамасын жасаған қайраткер: 41. Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан. Қоғамды демократияландырудың жалғасуы 1997 жылғы қазан айында Президент Н.Назарбаевтың “Қазақстан-2030” стратегиясы жарияланды. Президент бұл стратегияяны болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік сезіміміздің көрінісі деп бағалады. Ұзақ мерзімді 7 басым бағыт көрсетілді. Олар: 1.Ұлттық қауіпсіздік. 2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы. 3. Экономикалық өрлеу. 4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен əл-ауқаты. 5. Энергетика ресурстары. 6. Инфрақұрылым, көлік және байланыс. 7. Кəсіпқой мемлекет. Қазақстан қоғамын реформалау барысында астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру идеясы туындады. 1995 жылғы 15 қыркүйекте Президенттің республика астанасын Ақмола қаласына көшіру туралы жарлығы шықты.1997 жылы астана Ақмолаға көшірілді. 1997 жылғы 10 желтоқсанда Ақмола ресми астана болып белгіленді. Астананы ауыстырудың бірнеше себептері болды. Ақмола –географиялық орталық, тоғыз жолдың торабында орналасқан қала. Өңірдің экономикасын көтеріп, солтүстіктегі демографиялық ахуалды ұлт мүддесі бағытында өзгертуге қызмет етеді. Ақмола мемлекетіміздің стратегиялық геосаяси мүдделеріне жауап беріп, ұлт қауіпсіздігін нығайтуға қызмет етеді. 1998 жылғы 6 мамырда Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылғы 10 маусым да жаңа астананың тұсаукесер рәсімі болып өтті. 2008 жылы Астананың алғашқы онжылдығы болып өтті. Өнеркәсіп өндірісі көлемі 7 есе ұлғайды. Тұрғындарының саны 700 мыңға жуықтады.К. Байсейітова атындағы опера және балет театры, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық университет ашылды. 1999 жылы ЮНЕСКО Астананы “бейбітшілік қаласы” деп атады. Бейбітшілік және Келісім сарайы жанынан “Қазақ елі” ескерткіші орналасқан. Оның биіктігі 91 метр. 1999 жылы 10 қаңтарда Қазақстан Президентін мерзімінен бұрын сайлау өткізілді. Сайлау болардың алдында 1998 жылы Конституцияға Парламенттің шешімімен өзгерістер енгізілді. Президенттің өкілдік мерзімі 5 жылдан 7 жылға ұзартылып, үміткер жасының 65-тен аспауы керектігі алынып тасталды. 2001 жылы “ Қазақстанның демократиялық таңдауы” қоғамдық қозғалысы пайда болды. Оның ұйымдастырушылары үкімет құрамындағы және басқа билік құрылымындағы жас олигархтар еді. Кейін осы қозғалыстың негізінде екі саяси партия құрылды. 2004 жылы қыркүйекте Парламент Мәжілісінің кезекті сайлауы алдында саяси өмірде белсенділік байқалды. Саяси партиялар туралы жаңа заң бойынша ресми тіркелу үшін 50000 мүшесі болу талабы қойылды. 12 саяси партия тіркеліп, әрекет ете бастады. 2005 жылы келесі президент сайлауы өтті. 4 кандидаттың қатысуымен өткен сайлауда, 91% дауыс жинаған Н.Назарбаев 7 жылға сайланды. Қазақстанда президенттік басқару формасын сақтай отырып, президенттік-парламенттік республикаға адым жасалды. 2007 жылы Парламент Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде келесі заңды қабылдады. Президент 5 жылға сайланатын болды. Мәжіліс пропорциялық жүйемен жасақталады: 107 депутаттың 98-і партиялық тізіммен, қалған 9 депутат Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланады. 2007 жылғы 8 тамыздағы кезектен тыс сайлау қорытындысы бойынша “ Нұр Отан” Халықтық-демократиялық партиясы 88%-ды жеңіп алып парламентті құрды. Сонымен түйіндей келе, өткен XX ғасырды, Кеңес тарихының 74 жылын Қазақстан халқы үшін босқа өткен кезең деп айта алмаймыз. Бұл туралы Президент Н.Назарбаев “Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын” деген еңбегінде былай деп жазды: “…өз басым Қазан төңкерісінен кейінгі жылдар біз үшін текке өткен жоқ деген байлам жасадым. Материалдық өндіріс жүйесін түбірінен жаңарту, адамдардың білім деңгейінің күрт өсуі, қоғамның түрлі әлеуметтік топтарының арасындағы қатынастарды жақсарту, ғарышқа самғау – мұның бәрін өзіміздің тарихи жүгіміздің асылдарына жатқызған Конспект сұрақтар 1.2001 жылы құрылған қоғамдық қозғалыс: 2.2007 жылғы сайлау қорытындысы бойынша жеңіске жеткен партия: 3.Н.Назарбаевтың “Тарих толқынында” атты кітабы жарыққа шықты: 4.Қай жылы «Ақмола» «Астана» деп өзгертілді: 5.Қай жылы Н. Назарбаев “Қазақстан — 2030” бағдарламасын халыққа таныстырды: 6.ҚР-ында қай күн «Бірінші Президент күні» болып белгіленді: 7.“Қазақстан — 2030” бағдарламасы неше бағыттан тұрды: 8.Астана Ақмолаға көшірілді: 9.Астана “бейбітшілік қаласы” деп аталған жыл: 10.“Қазақстан-2030” стратегиясындағы 1-басым бағыт:
Қосымша тесттер 1.1847-1857 жылдары Қазақстанда айдауда болған украин ақыны: 2.1866 жылдың басында орыс әскерлері басып алған Орта Азия хандығы: 3.1891 ж. «Ережеге» сай Қазақстанда құрылған генерал-губернаторлық: 4.1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқандарды жазалау кезінде 347 адам атылған өңір: 5.1931-1933 жылдары аштықтан қырылғандардың ішінде, қазақтан басқа халықтың шығыны: 6.XV ғасырдағы Сыр бойындағы қалалар үшін болған шайқас нәтижесінде Сығанақ, Созақ, Сауран қалалары қарады: 7.XVII ғасырда Батыр қонтайшыға қарсы шайқасқан Қазақ ханы: 8.«Ақтабан шұбырынды» жылдары қайғы-қасіреттен туған ән: 9.«Реквизицияланған жұмысшылар» 1917 жылдың шілдесінде Верныйда құрған ұйым: 10.«Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша аға сұлтанды сайлаушылар: 11.Абай есімі берілген жоғары оқу орыны: 12.Билік жолында қазақ хандарымен ұзақ күрес жүргізген Әбілхайыр немересі: 13.Жастар мен студенттердің дүниежүзілік VI фестивалының лаураеты атанған шығармашылық ұйым: 14.Күй атасы Құрманғазының алғашқы ұстазы: 15.Орталық Қазақстанда орналасқан Алаша хан кесенесі бой көтерген кезең: 16.Оғыз мемлекетінің өмір сүрген уақыты: 17.Саржан Қасымұлының қаза болуының себептері: 18.Сақ қоғамындағы абыздардың танымал белгісі: 19.Солтүстік Қазақстандағы энеолит кезеңінің ерекше ескерткіші: 20.Тоқырау жылдарында қатты бұрмаланған ғылым саласы: 21.Түрік сына жазуының көне ескерткіштері: 22.ХХ ғ. 80 ж. соңында шығармашылық мұралары ақталған қайраткердің бірі: 23.ХХ ғасырдың басында жарыққа шыққан Ш.Құдайбердіұлының кітабы: 24.Қазақ хан тағының мұрагерлері: 25.Ұлы Отан соғысы басталды: 26.1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша салықтан босатылғандар: 27.1870 жылы Маңғыстау көтерілісі кезінде қазақ шаруаларының рухын көтерген оқиға: 28.1891 жылғы 25 наурызда қабылданған Ережеге сай Ақмола, Семей, Жетісу облыстарының орталығы: 29.1920-1930 жылдары Қазақстанды ғылыми тұрғыда зерттеу үшін құрылған қоғам: 30.1950 жылдары Қазақстан комсомолы салынуын қамқорлыққа алған объектілердің бірі: 31.XV ғасырдың 50-70 жылдары 200 мыңға жуық адам Керей, Жәнібек хандардың қоластына көшіп келді: 32.XVI ғасырда Хақназар хан мен Моғолстан билеушілері арасындағы шайқастың негізгі себебі: 33.«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» басталған жыл: 34.«Дін үшін соғыс» ұранымен араб қолбасшысы Насыр ибн Сейяр Қазақстанның Оңтүстігіне басып кірді: 35.«Түркістан автономиясының» орталығы болған: 36.Андрондықтардың тасқа салынған суреттері табылған жерлер: 37.Арабтар мен қытайлар арасында 751 жылы шайқас өткен жер: 38.Ақмоладағы Отанына опасыздық жасағандар әйелдеріне арналған лагерьде (АЛЖИР) әйелі мен қызы азап шекті: 39.Исатай әскерімен жазалаушы отряд арасында Тастөбе жерінде шайқас өтті: 40.Кейінгі темір дәуірінің хронологиялық шеңбері: 41.Кенесарының баласы Сыздық бастаған топ қарсы күресті: 42.Кеңес Одағының Батыры атағын алған жалпы қазақстандықтар саны: 43.М.Шахановтың баяндамасы бойынша 1986 ж. Желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін өлім жазасына кесілгендер саны: 44.Патша жазалаушыларының қолынан қаза тапқан 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс басшылары: 45.Тұңғыш ғарышкерге арналған «Адамға табын, Жер, енді» поэмасының авторы: 46.ХІІІ ғасырда қыпшақтардың сүттен қалай май алатынын, құртты, қымызды қалай жасайтындарын таңдана жазғандар: 47.ХІХ ғасырдың 60 жылдары қазақтарды Ресейге танытудағы кең тараған Г.Зелинскийдің шығармасы: 48.ХХ ғасырдың басында халық мәдениетіндегі жан-жақты дамыған сала: 49.Шайбани Әбілқайыр қайтыс болған жер: 50.Қытайлармен шайқаста жеңіліс тауып, Абылайдан көмек сұраған, Жоңғар тағына таласушылардың бірі: 51.1859 жылы Ұлы жүз жерінде салынған бекініс: 52.1870 жылғы Маңғыстаудағы көтеріліс басшылары: 53.1927 жылы Қазақстанда салына бастаған ірі құрылыс: 54.1943 жылы Алматыда жарық көрген «Қазақ КСР тарихы» атты көлемді еңбектің негізгі авторларының бірі: 55.1990 жылы 25 қазанда қабылданды: 56.XIV ғасырда исламның таралуына қатты көңіл бөлген хандар: 57.XV ғасырда Қазақ хандығымен Сыр бойындағы қалалар үшін соғысқа тартылғандар: 58.«Қазақ-қырғыз осы көтерілісте көп адамын өлтіріп, шаруасын күйзелтсе де, келешекке қандай ел екенін білдірді» деп жазды: 59.Іле өзенінің оң жағалауындағы сақ қорымы: 60.Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары Қазақстанға әкелінген әскери тұтқындардың арасында негізінен басым болды: 61.Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшелігі: 62.Исатай мен Махамбет көтерілісін басуға жетекшілік еткен генерал-губернатор: 63.Найман руының сұлтаны Құдаймендінің Петербургке баласы Ғабдолланы жіберудегі мақсаты: 64.Тәуекел хан Мауараннахрға баса көктеп кірген жыл: 65.Тәуке ханның тұсындағы астана: 66.ХІХ ғасырда Польшадан жер аударылғандар жіберілген аймақ: 67.ХІХ ғасырдың 60 жылдары И.Бутков құрған комиссия қазақ жерін бөлуді ұсынды: 68.Шағатайдың жазғы ордасы орналасқан жер: 69.Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында жерленген халық ауыз әдебиетінің көрнекті өкілі, жырау: 70.Қазақ АКСР-ның құрылғанын жариялаған құжат: 71.Қазақстандағы түрік дәуірінде кең тараған балбал мүсіндері негізінен жасалды: 72.Қарахан мемлекетін Хорезм шахы Мұхаммед құлатқан жыл: 73.Ұлы Отан соғысы кезінде әдебиетте пубилицистикалық мақалалары елеулі құбылыс болған майдангер-офицер: 74.Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған батыры Халық Қаһарманы: 75.Әбу Насыр әл-Фараби туралы жазылған «Ұстаздың қайтып оралуы» романының авторы: 76.1812 жылғы Отан соғысы кезінде Елтон тұз өндірушілерінің батыс майданға жөнелткен тұз мөлшері: 77.1866 жылы Бұхар хандығының солтүстігіндегі қазақтар өзбектермен қатар билігін мойындады: 78.1921 жылғы қуаңшылық кезінде республика халқының аштыққа ұшыраған бөлігі: 79.1986 ж. желтоқсанда қазақ жастарының бой көтеруі: 80.XIV-XV ғасырларда қыпшақтар мен қияттардың қызылбастар мен қалмақтарға қарсы соғысын суреттейтін жыр: 81.XVI-XVII ғғ. Қазақ хандығында ата – аймақты басқарды: 82.XVII ғасырдың ортасында Қазақ хандығы жиі соғысқан мемлекет: 83.XVIII ғ. II жартысында қазақ жерлерін қалпына келтіріп, билік жүргізген хан: 84.«ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» деген Бекмахановтың монографиялық еңбегіндегі көтеріліс 85.Абайдың ұлы Әбдірахман бітірген оқу орны: 86.Азамат соғысы – ол: 87.Дешті Қыпшақ жеріндегі Әбілхайыр әулетінен шыққан шайбандықтар билігінің тоқтау себебі: 88.Жамбыл облысынан табылған палеолит дәуірінің бес мыңдай еңбек құралдарының бәрі: 89.Кіші жүз қазақтарының Е.Пугачев көтерілісіне қатысуын Нұралы хан қалай түсіндірді: 90.Кеңес Одағының батыры Нүркен Әбдіровтің соғыс кезінде атқарған әскери міндеті: 91.М.Х.Дулатидің жазуы бойынша Қазақ хандығының құрылған мерзімі: 92.М.Қашғари қалдырған үш кітаптан тұратын мәңгі өшпес мұра: 93.Найман мемлекетіне қарсы одақтасқан елдер: 94.Революцияны тұншықтыруға бағытталған 1906, 1910 жж. қабылданған аграрлық саясат: 95.Ресей үкіметінің 1803 жылғы қаулысы бойынша: 96.Республикада инженер-техник кадрларды даярлауға негіз болған, 30-жылдары ашылған жоғары оқу орны: 97.Тоқырау жылдарында қазақтар негізінен меңгерген ғылым саласы: 98.ХІХ ғ. аяғында кітапханалар ашылған қалалар: 99.Қаңлы елі ішінде бөлінген иелік саны: 100.Өзінің ұрыс жүргізу тактикасымен ерекшеленген ұлт-азаттық көтерілістің қолбасшысы: 101.1597-1598 жж. қысында Тәуекел хан Абдаллах ханның әскерін талқандаған жері: 102.1867-1868 жылдары «Ереже» бойынша облыстық басқармалары мынадай бөлімнен тұрды: 103.1914-1916 жылдары Түркістан өлкесінен майдан қажеттілігі үшін жиналып алынды: 104.1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың ірі орталығы: 105.1937 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланған паравоз машинісі: 106.1997 жыл Республика Президентінің жарлығымен жарияланды: 107.800 майдангер солдаттар мен «тыл жұмысына» алынған қазақтар «Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымын» ұйымдастырды: 108.«Ақтабан шұбырынды» жылдары жоңғарлардан ығысқан Орта жүздің бірқатар рулары ойысты: 109.«Сауатсыздықты жою» қоғамы ұйымдастырылды: 110.Абылай хан дүниеге келген жыл: 111.Атақты қобызшы Қорқыт ата күмбезі орналасқан аймақ: 112.Батыс Қазақстанда жұмыс істеп тұрған атом полигоны: 113.Бөкей Ордасының территориясы: 114.Варкав Ботовтың атымен аталған жәрмеңке 1848 жылы ашылды: 115.Көшім хан Батыс Сібірдің жергілікті халқына тарата бастаған дін: 116.Моғол хандығында жастай сайланған ханға ақыл беретін кеңесші: 117.Мәскеу түбінде генерал-майор И.В. Панфилов қолбасшылық еткен даңқты дивизия: 118.Орта Азияның ірі саяси экономикалық орталығы Ташкентті орыс әскерлерінің басып алған жылы: 119.Оғыз мемлекетінде жабғудың «инал» атты мұрагерін тәрбиелеуші: 120.Сақ қоғамындағы тайпалар мен рулар арасындағы даулы мәселелерді шешті: 121.Тың игеру жылдары мал жайылымы жерлерін жыртып тастаудың салдары: 122.ХІХ ғасырдың ІІ жартысында өлкені жан-жақты зерттеген дүние жүзіне әйгілі ғалым: 123.Қожа Ахмет Йасауи кесенесінде залдың ортасында тұрған үлкен тайқазан жасалған жыл: 124.Қола дәуіріне тән 30 қоныс, 150 оба зерттелген аймақ: 125.Өзбек ұлысында (XV ғ.) үш халықтың болғандығы, оның ішінде ең көп ержүректері қазақтар екені жайлы жазған: 126.1395 жылы Тоқтамыс пен Темір арасындағы шайқас өткен жер: 127.1584 ж. Ермакты жеңген қазақ батыры: 128.1812 ж. Отан соғысына қатысқан батыр, қазақ-орыс жігіттерінің ерліктерін жырлаушы ақын: 129.1812 жылы Бородино шайқасында көрсеткен ерлігі үшін күміс медаль алған қазақ жауынгері: 130.1844 жылы Неплюевтің кадет корпусы орналасқан қала: 131.1844 жылы шілденің 20-нан 21-не қараған түні К.Қасымұлы ірі жеңіске жетті. Ал, жеңілген топты басқарған: 132.1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде және жазалау нәтижесінде Қазақстан жеріндегі қазақтардың саны кеміді: 133.1917 жылы Ақмолада құрылған ұйым: 134.1960 жылдардың ортасынан бастап 1980 жылдардың ортасына дейінгі мерзімнің шартты атауы: 135.1991 жыл 8 желтоқсанда - … 136.«Шыңғыснаманың» авторы: 137.«Қазақ» сөзі этникалық мағынаға ие бола бастаған ғасыр: 138.Индустрияландыру кезінде Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеген академик: 139.Мыс-тас ғасырынан кейіңгі кезең: 140.Одаққа танымал болған «Тың игерушілер» атты очерктер кітабының авторы: 141.Ортағасырлық ғалым Махмұд Қашғаридың өмір сүрген жылдары: 142.Патша үкіметінің сайлау заңына сәйкес «Түземдік» халық арасынан екінші мемлекеттік Думаға Жетісудан сайланған: 143.Революцияға дейінгі қазақ зиялылар өкілдерінің бірі, шебер аудармашы: 144.Тәуке ханның мирасқоры: 145.ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қоныс аударушылардың басты бөлігі қоныстанған өлке: 146.Қасым ханның Жетісудағы билігінің нығая түсу себебі: 147.Қаңлылардың Қытайға қарсы ғұндарға көмек көрсеткен мерзімі: 148.Қытай билеушілері Түрік қағанатына жібек матамен салық төлеп отырды: 149.Ұлы жүзді басқаратын пристав тағайындалған жыл: 150.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы атақты қазақ партизаны: 151.1735 жылы Патшаның отарлық саясатына қарсы күреске шыққан башқұрттардың қарсылықты жаныштау кезінде бас сауғалап көршілес Қазақстанға қашқандары: 152.1867-1868 жж. Реформаларға сәйкес, әскери-губернаторлар басқарды: 153.1910 жылғы Столыпин реформасының мақсаты: 154.1916 жылы тамызда 5 мыңнан астам көтерілісшілер жазалаушы отрядын талқандап, басып алған жәрмеңке: 155.1960 жылдардың ІІ жартысында салынған электр станциясы: 156.XIV-XV ғасырлардың аралығында белгілі болған өзбек ақыны Хорезмидің әдеби шығармасы: 157.Жаңа экономикалық саясат жылдарында дамытуға көбірек көңіл бөлінген өнеркәсіп саласы: 158.Орта ғасырдағы лиро-эпостық жыр: 159.Ресейдің Қазақстанды қосып алуы мен жаулап алуы аяқталды: 160.Соғыстан кейінгі жылдарда ақша реформасы жүргізілді: 161.Тұңғыш мұсылман партиясы: 162.ХІХ ғ. ортасында Жаңадария, Қуандария аудандарында қамалдар тұрғыза бастаған хандық: 163.ХІХ ғасырдың ортасында Ұлы жүздің оңтүстік аймақтарын билігінде ұстаған хандық: 164.Шығыс Еуропаға жорықты басқарған монғол ханы: 165.Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттарының бірі, мына мемлекеттердің арасындағы саяси оқиғаларға байланысты: 166.Қазақстан Компартиясы таратылғаннан кейін, оның орнына құрылған жаңа ұйымның атауы: 167.Қазақстанды зерттеуде ерекше орын алған облыстық статистикалық комитеттер құрылған мерзім: 168.Қарахан мемлекетінің билеушілерінің қатарына жатпайтын хан: 169.Қасым ханның кезінде Қазақ хандығының Батыс Солтүстіктегі шекарасы жетті: 170.Қаңлылардың экономикалық, мәдени, саяси, байланыс жасаған елдері: 171.Қола дәуірінде тебіндеп жайылуға байланысты саны көбейген мал: 172.Ұйғыр халқының музыка өнері, биі жөнінде жазған ғалым саяхатшы: 173.Ұлы Отан соғысы жылдарында Алматы қаласында ашылған жоғары оқу орны: 174.Ұлы Отан соғысында жау отын өз кеудесімен жапқан қазақ батыры: 175.Өзінің алғашқы құрылыс жүйесін сақтаған Бабаджа-қатын кесенесі орналасты: 176.1864 жылы Ш.Уәлихановтың генерал Н.Черняевтің әскерімен басып алуға қатысқан бекініс: 177.1867-1868 жылғы «Ереженің» басты қағидасы: 178.1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалысқа белсене қатысқан ақын: 179.1916 жылы Ырғыз, Торғай уездерінде дала ақсүйектерінен хан сайлаған өкілдерінің саны: 180.1920-1930 жылдары қазақ әдебиетінің туын ұстап, Абай дәстүрін жалғастырған, шығармалары арқылы поэзияға серпін берген ақын-жазушы: 181.1939 жылы қалаларда тұрған қазақтардың саны: 182.1946 жылы маусымда құрылды: 183.1960 жылдары құрылған «Жас тұлпар» ұйымының ұйымдастырушылары: 184.1992 жыл 2 наурызда-… 185.XIV-XV ғасырлардағы сәулет өнерінің тамаша үлгісін көрсеткен кесене: 186.Белгілі орта ғасырлық ақын және исламды таратушы, Йасауидың ұстазы: 187.Дүние жүзіне белгілі ғалым, «Қырғыз өлкесі», «Түркістан өлкесі» еңбектерінің авторы: 188.Жамбыл Жабаев «Ленинградтық өренім!» өлеңін жазды: 189.Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу туралы ұсынысын қабылдаған патша: 190.Кенесарының қырғыз жеріне басып кіру себебі: 191.Неолиттік 150-ге жуық тұрақ, көне кен шығару, жерлеу орындары табылған өңір: 192.Орта ғасырлардағы эпостық жыр: 193.Ресей мен Қоқан арасындағы қақтығыста қазақ феодалдарының ұстанған позициясы: 194.Ресейдегі 1917 жылғы Ақпан төңкерісінің нәтижесі: 195.ХІХ ғ. ІІ жартысында ұйғыр кәсіпшілері кемемен жүк тасуды жолға қойған өзен: 196.Шыңғысхан алғаш бағындырған түркі тілдес хандықтар: 197.Қазақ хандығындағы хан сайланудың басты шарты: 198.Қаңлылардың өмірі мен тұрмысын сипаттап жазған тарихшы: 199.Үшлік қаған басқарған мемлекет: 200.Ұлы Жібек жолының Орталық Қазақстанға шығатын тармағы: 201.1797 жылы Барон Игельстромның ұсынысы бойынша патша үкіметі бекіткен хан: 202.1812 жылғы Отан соғысында Веймар, Гангау және Майнадағы Франкфурт қалалары түбінде ерлікпен шайқасты: 203.1819 жылы Орта жүздің ханы Уәли хан өлген соң, патша үкіметінің басқару жүйесін өзгерту туралы шешімі: 204.1847-1857 жылдары Қазақстанда айдауда болған украин ақыны: 205.1863 жылы Ресейдің құрамына енген бестаңбалы рудың саны: 206.1916 жылғы оқиғалар қарсаңында Қазақстанда енгізілген салық түрі: 207.1920 жылғы қаңтардың 5-інде Түркістан майданының әскерлері азат еткен қала: 208.2004 жылы қыркүйекте Парламент Мәжілісінің кезекті сайлауы алдында саяси партиялар туралы жаңа заң бойынша ресми тіркелген партиялар саны: 209.IV-IX ғасырларда қалалық мәдениет дамыған, Тараз, Алмалық, Қойлық қалалары орналасқан өңір: 210.XV ғасырдың ІІ жартысында көптеген саяси процестер негізінде Қазақстан жерінде саяси жағынан нығая түскен мемлекет: 211.XVII ғ. Қазақ-бұхар соғысы өткен уақыт: 212.«Атбасар мыс кендері» акционерлік қоғамы жұмысшыларының ереуілі болған жыл: 213.Абылайдың бас мирасқоры: 214.Грек авторы Ктесийдің жазбаларында: 215.Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысын ашық қолдаған қазақ сұлтаны: 216.Жоғары Кеңестің ұйғаруымен Қазақ КСР-і Президентінің қызметі тағайындалды: 217.Индустрияландыру кезінде Қазақстанда академик Губкин басқарған экспедиция зерттеді: 218.Ноғай Ордасы Алтын Ордадан біржолата бөлініп шыққан кездегі қайраткер: 219.Салық жинауға жергілікті адамдарды бекітіп, оларға «селиф» деген атақ берген қаған: 220.Тоқырау жылдарында Қазақстанда халық арасында ілтипатпен қабылданған кинофильм: 221.Тың жерлерді игерудің басым көпшілігі жүзеге асырылған аймақ: 222.Тәукенің кезіндегі Кіші жүздің биі: 223.Ғалымдырдың есептеуінше мұздықтың ери бастаған уақыты: 224.Қабырға сыртын әсемдеу ісінде қазақтың дәстүрлі ою-өрнегі (таңдай, жүрекше) кең қолданылған кесене: 225.Қазақтың батыр қызы, мерген: 226.1812 жылы Ертіс шебінің полктері қатысқан қанды шайқас: 227.1822 жылғы «Жарғы» бойынша шетелдермен келіссөз жүргізу құқығы берілді: 228.1836-1838 жылғы шаруалар көтерілісінің басшылары И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлына жанашырлық білдірген орыс жазушысы, әрі этнографы: 229.1854 жылы салынған Верный бекінісінің ертедегі атауы: 230.1905 жылы Қарқаралыда өткен халықтың бірлігін қуаттайтын саяси жиынға белсене қатысқан: 231.1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезіндегі Қарқара ошағының басшысы: 232.1917 жылы Кеңес өкіметіне қарсы біріккен күштер: 233.1930 жылдардың соңында Қиыр Шығыстан Қазақстанға көшіріліп әкелінгендер: 234.1960-1980 жылдары есімі ғылыми ортада ғана емес, көпшілік қауым арасында да танымал академик-ғалым: 235.1993 жылдың соңына қарай Қазақстанда болған қоғамдық саяси бірлестіктер саны: 236.XIII-XV ғасырлардан аттары бізге аңыз болып жеткен ауызша поэзия өкілдердің бірі: 237.Абайдың 1900 жылы жарық көрген «Орта жүз қазақ ордасының руларының шығу тарихы туралы жазбалар» деген еңбегінің мазмұны: 238.Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы кезіндегі студент және жұмысшы жастар жиналған алаңның қазіргі атауы: 239.Антропологтардың анықтауынша Есік обасындағы жерленген адамның жас шамасы: 240.Орталық Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің ең соңғы кезең мәдениеті: 241.Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім қабылданды: 242.Түркістан аймағындағы оғыздардың елтірі беретін қойларды өсіретінін жазған: 243.Тәуке ханның құқық нормалары жинағы: 244.Шоқан 1853 жылы кадет корпусын бітірген кезде жас мөлшері: 245.Шыңғыс ханның «Жасақ» заңы бойынша өкімет билігінің жоғарғы органы: 246.Қасым хан сауда-саттық, дипломатиялық байланыс жасаған елдер: 247.Қытай жылнамаларындағы Испиджаб қаласы Махмұд Қашғари жазбасында аталады: 248.Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақстандықтар саны: 249.Әбілмансұрдың (кейіннен Абылай атанған) атасы Абылай билік құрған қала: 250.Әбілқайыр хандығынан бөлінген Керей мен Жәнібек сұлтандар басқарған көш бағыт алды:
|