|
Доцент Кошкинбаев А.С. 4 pageDate: 2015-10-07; view: 571. Байұлы – шеркеш, есентемір, таз, ысық, адай, беріш, байбақты, қызылқұрт, тана, масқар, алаша, алтын, жаппас. Алимұлы - әлім, шөмекей, кете, алшын, қарасақал, шекті, қаракесек, төртқара) құрылды. Олардың әрқайсысының дәстүрлі көшіп-қону жолдары, жаз жайлауы, қыс қыстауы болған. Негізгі әдебиет: 1. Абылхожин Ж.Б., Бурханов К.Н., Кадырбаев А.Ш., Султанов Т.И. Страна в сердце Евразии. Сюжеты по истории Казахстана. Алматы, 1998. 2. Қазақстан тарихы / Көне заманнан бүгінге дейін. – 5 томдық. II том. Алматы, 1997.; III том. Алматы, 2002. 3. История Казахстана: народы и культуры: учебное пособие/ Н.Э. Масанов, Ж.Б. Абылхожин, И.В. Ерофеева, А.Н. Алексеенко, Г.С. Баратова. Алматы, 2001. 4. История Казахстана и Центральной Азии: учебное пособие / Н.Э. Масанов, Ж.Б. Абылхожин и др. Алматы, 2001. 5. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий. Алма-Ата, 1992. 6. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 1997. 7. Маданов Х., Мусин Ч. Ұлы дала тарихы. Алматы, 1994. Қосымша әдебиет: 1. Әбілғазы. Түрік шежіресі. Алматы, 1991. 2. Исмагулов О.И. Население Казахстана от эпохи бронзы до современности. Алма-Ата, 1970. 3. Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы. Алматы, 1997. 4. Құдайбердиев Ш. Қазақ, қырғыз,түрік һәм хандар шежіресі. Алматы, 1990. 5. Кәрібаев Б.Б. Қазақ хандығының құрылуы // Қазақ тарихы. – 1995. - №4.- 5-7 бб. Бақылау сұрақтары: 1. Қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің өзгешілігіне сиппатама беріңіз. 2. Қазақ қоғамында билер мен батырлар қандай рөл атқарған? 3. «Жүз» деген терминге анықтама беріңіз.
Модуль 3. Жаңа кезеңдегі Қазақстан» (ХVIII-ХX ғғ. басы) 7-тақырып. Қазақстан территориясына жоңғар шапқыншылығының басталуы (2 сағат) 1. Жоңғар хандығының құрылуы (1635 ж.). 2. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі (1643-1718 жж.). Дәрістің мақсаты:Жоңғархандығыныңқұрылуының ерекшеліктерін көрсету және қазақ-жоңғар соғыстарының себептерін анықтау. Негізгі терминдер:жоңғарлар, қалмақтар, ойраттар, қонтайшы, тайшы. 1.XVII-XVIII ғғ. Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы өте қиын халде болды. Оңтүстік-батыстан Қазақ даласына жайық казактары шапқыншылық жасады, солтүстіктен сібір казактары шабуылға шықты, оңтүстік жағынан қазақтарды Орта Азия хандықтарының (Бұхара, Хиуа, Қоқан) билеушілері ығыстырды. Бірақ ең қатерлі қауіп қазақ халқына шығыстан, басқыншы әскери-феодалдық Жоңғар хандығы тарапынан төңген еді. Қазақ және жоңғар әміршілері арасындағы күрес жүз жылдан астам уақытқа созылды. Оның негізінде жайлымдық жерлер үшін бақталастық жатқан еді. Жоңғар қонтайшыларын жайлымдық жерлер мен оңтүстік Қазақстанның сауда-қолөнер орталықтары қызықтырды. Оңтүстік Қазақстан қалаларын басып алу арқылы жоңғар билеушілеріне сауда-қолөнер орталықтарын ғана емес, сонымен қатар Қазақстанды Ресеймен және Шығыс елдерімен байланыстырып жатқан керуен жолдары өтетін аумақты да иелену мүмкіншілігі ашылды. Жоңғарлар тарихи сахнада XIII ғ. басынан бастап белгілі. Кейінен Моңғол аумағында ойрат бірлестігі құрылады, оның құрамына торғауыт, чорос, хошоут, дербет тайпалары кіреді. XVII ғ. 20-ші жылдарында ойрат бірлестігі ыдырап кетеді, оның қүрамынан бөлініп шыққан хошоуттар Тибетке көшіп кетеді, және 1 млн. астам адамнан түратын торғауыттар төменгі Еділ жағалауына көшіп қоныстанады да кейінен қалмақтар деп аталып кетеді. Ал Тарбағатай, Монғол Алтайы, Ертістің жоғарғы ағысындағы көшіп-қонып жүрген қалған тайпалар чоросс билеушілерінің бастауымен 1635 ж. дербес Жоңғар мемлекетін құрады. Оның негізін қалаған Батур-қонтайшы болады. Жоңғар хандығының әлеуметтік-таптық құрылымы қатан иерархиялық сипатта болды. Қоғамның саяси құрылымы рулық бөлініске сәйкес келді. Жоңғар қоғамының үстемдік етуші тобы хандар мен тайшылар еді. Руларды басқарған жайсандар да елеулі рөл атқарды. Жоңғар хандығының саяси өміріне ламалық дінбасылары ерекше ықпал етті. Ұзаққа созылған соғыстарда жоңғар жайсандары ұрыс қимылдарын жүргізудің өзіндік тактикасын жасап алды. Олар ұрысты ашық жерде, дала бетінде жүргізуде артық көрді. Жоңғарлар Қазақ хандығымен ғана емес, сонымен қатар Циндік Қытаймен де соғысты. Ал Ертістің оң жағалауы үшін патша үкіметіне қарсы соғысуға жоңғарлардың күші жетпеді. 2. 1697 ж. Циндерге қарсы соғыста Галдан-Бошокту қонтайшы қаза табады. Оның орнына көрнекті мемлекет қайраткері, дипломат және қолбасшы Цеван-Рабтан келді (1697-1727 жж.). Қазақ халқының ауыр қысым көріп, қасірет шегуі соның есімімен байланысты. Ол 20 жыл бойы Маньчжур әулетінің билеушілерімен, Циндік Қытаймен қақтығыстардан сәтін тауып, Жоңғар хандығын тез арада нығайтып алып, өзінің күшін қазақ қоныстарын жаулап алуға бағыттады. Жоңғарлар қазақтарға үсті-үстіне шапқыншылық жасап, тұтқындар мен малдарын айдап әкетті, жайлымдары мен мүлкін тартып алып, кейде тұтас рулар мен ауылдарды қырып-жойды. Үздіксіз жасалған сыртқы қақтығыстар мен ішкі алаусыздықтар бытыратып, әлсіреткен қазақ халқы бұл кезенде зор қайғы-қасіретті бастан кешіреді. Сонымен, XVII ғасырдың 80-жылдарынан бастап жоңғарлар Жетісудағы, ішінара Шу мен Талас өзендері бойындағы қазақ қоныстарын қолында ұстап келді. Бірақ, жоңғарлар Жетісу қазақтарына нақты билік етуге қол жеткізе алмады. Жоңғарлар Жетісуға ғана емес сонымен қатар Шу мен Талас өзендерінің алқабына жасаған кезекті жорығына 1699 ж. қазақтар тойтарыс берді. Мұның алғышарттарының бірі Тәуке-ханның мықты билігі болды. Жоңғарлармен жекелеген қақтығыстарға жауап ретінде 1702-1703 жж. қазақ жасақтары жоңғарларға және еділ қалмақтарына шабуыл ұйымдастырып бірнеше жеңістерге жетеді. Бірақ, оған қарамастан, қазақ билеушілері жоңғар қонтайшысына Түркістаннан елшісін жібереді. Ол Тәуке хан мен Қайып сұлтан атынан «татулық орнату» мақсатымен қазақ және жоңғар билеушілерінің кездесуін өткізуді ұсынады. Соның нәтижесінде бірнеше жылдар бойы ірі қақтығыстар болған жоқ. Бірақ, 1708 ж. жоңғарлар жаңадан жорығын бастайды. 1708-1712 жж. болған соғыстарда екі жақ та уақытша табысқа жетіп жүрді. 1710-1711 жж. жоңғар әскерлерінің ірі күштері Қазақ даласына шегіне басып кірді. Осы жағдайда 1710 ж. Қарақұмда (Сарыарқа аумағында) қазақ жүздері өкілдерінің жиналысы шақырылды. Бұл құрылтайға әлімұлы, байұлы, жетіру бірлестіктері билеушілері көпшілігінің өкілдері қатысты. Сонымен қатар, құрылтайға үш жүздің өкілдері, батырлар мен билер қатысты. Құрылтайдағы қарастырылған негізгі мәселе – жоңғарларға бірігіп тойтарыс беру. Құрылтайдың шешіміне Тәуке-хан, Қайып және Әбілқайыр сұлтандар мен Бөгенбай, Жәнібек, Есет батырлар өз ықпалын жасады. Сонымен, съезде біртүтас әскер құру туралы шешім қабылданып, қазақ жасақтарына Бөгенбай батыр жетекші болып сайланады. Осы шаралардан кейін құрылған қазақтардың біртұтас әскері бірнеше табыстарға жетті. Қазақ жасақтары қолдан шығарылып алынған қоныстарды қайтарып қана қоймай, жоңғарларды ығыстырып, көптеген тұтқындар түсірді. Алайда жүздердің бытыраңқылығы, ішкі қайшылықтар және әскери іс-қимылдарын келісіп жүргізбегендіктен бұл жетістіктерді жоққа шығарды. Ал жоңғарлардың соғыс қимылдары барған сайын өсе түсті, қонтайшы Цеван-Рабтан Шығыс Түркістанды өз билігіне бағындырып, Тибетке басып кірді. 1716 ж. ол өз әскерлерінің негізгі бөлігін қазақтарға қарсы аттандырды. Оқиғалардың бас кезінде қазақ жасақтары жоңғарларға төтеп бере алмай, көбі тұтқынға алынды. Осы жағдайда Тәуке-хан Сібір губернаторы М. Гагаринмен жүргізген келіссөзінде 1716 ж. Ресейден әскери көмегі туралы мәселе қойады. Бірақ, Сібір губернаторы келіспейді. Келесі 1717 ж. соғыс оқиғалары одан әрі жалғасты. Соғыс қимылдарының негізгі шоғырланған жері Аягөз өзенінің бойында болды. Қазақ жасақтары мен жоңғарлар арасында шайқас басталды. Қазақ жасақтарының саны басым болды. Бұл жорықта олардың саны 30 мың адам болды. Шайқас екі күнге созылды. Үшінші күні таң ата жоңғарлардың әскері қайтадан қазақтарға шабуыл жасайды. Ат үстінен шабуыл жасаған жоңғарларға жаяу қалған қазақтар төтеп бере алмады. Сонымен Аягөз өзені маңындағы шайқаста көптеген қазақ сарбаздары қаза тапты. Негізінде Қайып және Әбілқайыр сұлтандар бір бірімен соғыс қимылдарын келісп жүргізбегендіктен қазақ жасақтары осы шайқаста жеңіліске ұшырады. Бұл оқиға Қазақстанның оңтүстік аудандарына жоңғар әскерлерінің тереңдей енуіне мүмкіндік берді. 1718 ж. жылдың көктемінде жоңғарлар Жетісудан оңтүстікке қарай жорық жасап, Түркістан қаласына тақап келді. Олардың негізгі мақсаты – қазақ хандарының ордасын басып алу болатын. Бірнеше шайқас болды. Бірақ санының аздығымен жоңғарлар толық жеңіске жетпеді. Бұл жағдайда батырлар бастаған қазақ жасақтары 30 мың адамнан тұратын әскер жинап, жоңғарлардың едәуір бөлігін Оңтүстік Қазақстаннан ығыстырады. Бірақ, 1722 ж. Қытай императоры қайтыс болғаннан кейін жоңғар қонтайшылары қазақтармен соғысқа мықтап дайындала бастады. Негізгі әдебиет: 1. Абылхожин Ж.Б., Бурханов К.Н., Кадырбаев А.Ш., Султанов Т.И. Страна в сердце Евразии. Сюжеты по истории Казахстана. Алматы, 1998. 2. Қазақстан тарихы / Көне заманнан бүгінге дейін. – 5 томдық. II том. Алматы, 1997.; III том. Алматы, 2002. 3. История Казахстана: народы и культуры: учебное пособие/ Н.Э. Масанов, Ж.Б. Абылхожин, И.В. Ерофеева, А.Н. Алексеенко, Г.С. Баратова. Алматы, 2001. 4. История Казахстана и Центральной Азии: учебное пособие / Н.Э. Масанов, Ж.Б. Абылхожин и др. Алматы, 2001. 5. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий. Алма-Ата, 1992. 6. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 1997. 7. Маданов Х., Мусин Ч. Ұлы дала тарихы. Алматы, 1994. Қосымша әдебиет: 1. Едильханова С.А. Казахско-джунгарские взаимоотношения в XVII-XVIII веках. Алматы, 2005. 2. Златкин И.Я. История Джунгарского ханства 1635-1758. М., 1983. 3. Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи в XVII-XVIII вв. Алма-Ата, 1991. 4. Тынышпаев М. Великие бедствия (Актабан-шубырынды). Алма-Ата, 1992. Бақылау сұрақтары: 1. «Жоңғар» деген терминнің мағнасын ашып көрсетіңіз. 2. Жоңғар хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына сиппатама беріңіз. 3. Сіздің пікіріңіз бойынша, XVII-XVIII ғғ. қазақ халқы жоңғарлармен жүргізген соғыс қимылдары неге сәтсіздікке ұшырады?
8-тақырып. Қазақстанның Ресейге қосылу үрдісі (2 сағат). 1. Ресей бодандығын қабылдау: басталуы, барысы, басты кезеңдері, аяқталуы. 2. Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи тағылымы. Дәрістің мақсаты:Қазақ даласының Ресей империясына қосылуының негізгі себептерін ашып көрсету және бұл үрдістің тарихи тағылымына талдау беру. Негізгі терминдер:империя, монархия, шексіз монархия, отарлау, протекторат, «бұратаналар». 1.Аңырақай шайқасынан кейін қазақ хандары мен сұлтандардың арасындағы жікке бөлінушілікке жоғарғы билік үшін күрес негізгі себеп болды деп санауға болады. Тәуке-ханның ұлы Болат-хан қайтыс болғаннан кейін оның орнына Орта жүзден – Сәмеке, Кіші жүзден Әбілқайыр үміттенді. Бірақ, көпшіліктің таңдауы - Әбілмәмбетке түсті. Жоңғарларға қарсы күрес барысында Кіші жүз бен Орта жүз жеке иеліктерге бөлініп кетті. Кіші жүзде Әбілқайырдан басқа Қайыптың баласы Батыр сұлтан да билік етті. Орта жүзде де өз хандары болды. Олардың ішінде белгілілері – Сәмеке мен Күшік. Соңғысы наймандардың едәуір бөлігінің ханы болды, орыс шекарасынан алыста көшіп жүрді. Ал Сәмеке-ханның қоныстары орыс шекарасына жақынырақ орналасты. Олардан басқа Орта жүзде Әбілмәмбет және Барақ сұлтандардың ықпалы зор болатын. Қазақтардың 1730 жылғы Аңырақайдағы жеңісіне қарамастан, Жоңғар хандығының жаңадан шабуыл жасауының тікелей қауіп-қатері жойылмады. Билікке келген Галдан-Церен басқыншылық жорықтарына жан-жақты дайындала бастады. Қазақ хандықтарының Бұхара мен Хиуа хандықтарымен де қатынастары шиеленіскен күйінде қалды. Сонымен бірге, қазақтардың еділ қалмақтарымен және башқұрттармен өзара қатынастары күрделі болып қала берді. Әбілқайырдың башқұрт билеушілерімен шапқыншылықты тоқтату туралы келіссөздері табысқа жетпеді. Қазақ билеушілерінің алдында маңызды да күрделі мәселенің бірі – қазақ жүздерін сыртқы жаудан қауіпсіз ету және елде күшейе түскен феодалдық бытыраңқылық үрдісін жою міндеті тұрды. Осындай өте қиын жағдайларда қазақ билеушілері Ресей империясы сияқты одақтас іздеуге мәжбүр болды. Қазақтардың сыртқы саяси жағдайының күрделілігі одан аман шығудың жолдарын іздестіре беруге түрткі болды. Сонымен, 1726 ж. Кіші жүз ханы Әбілқайыр, ағамандар – Сүгір, Едікбай, Қажыбай, Құлымбай т.б. Ресейден Кіші жүз қазақтары үшін «қорғаушылық сұрауға» елші Қойбағарды жөнелттірген болатын. Бірақ оның бұл сапары нәтиежесіз болды. Әбілқайыр XVIII ғасырдың 20-жылдарына дейін сұлтан болып жүрген кездінде орыстың дипломатиялық топтарына белгілі, танымалы болатын. Ол ең алдымен қазақ мемлекеттілігінің стратегиялық мүдделерін басшылыққа алып, екінші жағынан Ресей әкімшілігіне сүйене отырып, өзінің басқа бәсекелестерінен жоғары болуға ұмтылды, атақты Тәуке-ханның заманында болғанындай, өзі біріккен хандықтың жеке-дара басшысы болу мақсатымен, халыққа қасіреті мен зардабын тигізген жоңғар басқыншылығына жол бермеу үшін күш пен мүмкіндікті біріктіруге тырысты. Осы міндеттерді іс жүзіне асыруға ұмтылған ол 1730 ж. Уфа арқылы Петербургке орыс әйел патшасы Анна Иоановнаға Кіші жүз қазақтарын бодандыққа және қорғаушылыққа алуды сұраған өтініш хатпен жолдап, қайтадан Құтлымбет Қоштаев бастаған елшілігін жібереді. Ал 1731 ж. 19 ақпанда орыс әйел патшасы Анна Иоановна Кіші жүз қазақтарын Ресейдің бодандығына қабылдайтыны жөніндегі сенім грамотасына қол қояды. Енді Қіші жүз қазақтарынан тиісті ант алу үшін Қазақ даласына, Әбілқайырдың ордасына Сыртқы істер алқасының тілмашы А.И. Тевкелев бастаған елшілер жіберіледі. Тевкелевке сонымен бірге 12 тармақтан тұратын «Нұсқау» табыс етіледі. Бұл «Нұсқауда» оған «қырғыс-қайсақтар туралы мәліметті» жазып алу, «елдің орфографиясын, халыққа бодандықтың ұнайтын-ұнамайтынын, оның көршілері кімдер екенін... өздері зеңбіректер құя білетін-білмейтінін зерттеу» міндеті жүктелді. 5 қазанда А. Тевкелев Ырғыз өзеніндегі хан ордасы орналасқан Майтөбе сайына келді. Кіші жүз қазақтарының арасындағы Ресейдің бодандығын қабылдау туралы Әбілқайырдың шешіміне әр-түрлі пікірлердің болғанына көзі жетеді. Сұлтандардың, билер мен батырлардын бір бөлігі бұл шешімге қарсылығын білдіреді, солардың ішінде белгілі Барақ-сұлтан болады. Бірақ, олардың іс-әрекеттері нәтиежесіз қалады. Сонымен, 1731 ж. 10 қазанында бірінші болып бодандыққа Әбілқайыр-хан ант береді, оған Бөгенбай, содаң соң Есет батыр, Құдайменды мырза қосылады. Жалпы 29 адам ант береді. Өз миссиясын сәтті аяқтаған Тевкелев қайтар жолға аттанды. 1733 ж. қаңтарында Әбілқайыр Петербургке қайтадан елшілігін жібереді, оны ханның екінші ұлы Ералы сұлтан басқарады. Келіссөздер нәтижесінде Кіші жүздің Ресей бодандығына кіруі түпкілік рәсімделді. 1731 ж. аяғында Әбілқайыр мен Бөгенбай батыр Орта жүз ханы Семекеге елшілерін жіберіп, егер ол Ресей азаматтығын қабылдаса орыс әскерлерінің күшімен бұл аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатына уәде береді. Семеке Әбілқайырдың елшілерінің ұсынысын қабылдап, Ресей патшасына өзінің елшілігін жібереді. Сөйтіп, 1732 ж. Орта жүздің кейбір бөлігі Ресей империясының құрамына өтеді. Ал толығымен Орта жүз империя құрамына тек XIX ғасырдң 20-40 жж., патша өкіметінің әскери шаралардың арқасында қосылады. Ұлы жүздің ең негізгі бөлігін бағындыру басқа жағдайда өтті. Ұлы жүз руларының бір бөлігі Ресей бодандығын өз еріктермен қабылдайды. 1734 ж. Жолбарыс-хан Петербургке өтініш жасамақшы болып ұйғарды. 1819 ж. 18 қаңтарда Сұйық Абылайханов сұлтан бастаған ер-әйел 55452 жан Ресейдің бодандығына ант береді. 1824 ж. мамырда Александр I Ұлы жүздің Жетісуда көшіп-қонып жүретін руларынан тағы 14 сұлтанды бодандыққа алу туралы менім грамотасына қол қояды. Дегенімен, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның негізгі аудандары Ресей империясы ықпалынан сырт қалды. Осы аймақтардан Қоқан билеушілерін ығыстыру мақсатымен патша үкіметі Іле маңы өлкелеріне әскери-барлау экспедицияларын ұйымдастыруға кірісті. Көп кешікпей Қапал, Лепсі, Үржар, бекіністері салынды, өлкені отарлаудың Шу мен Талас алқаптарының қазақтарына ресейлік ықпалды таратудың басты тірегі – Верное бекінісі салынды (1854 ж.). Ірі әскери күштерді жұмылдыру арқылы патша әскерлерінің Түркістан, Шымкент, Әулиеата қалаларын басып алуымен Ресейдің Онтүстік Қазақстанды жаулап алуы аяқталды. Сонымен, күрделі де мазасыз жағдайда басталған бұл тарихи үрдіс 1731 ж. басталып XIX ғасырдың 50-60-жылдарында әскери әдістермен аяқталды. 2.Қазақ халқы қауіп-қатерсіз алаңдамай өмір сүруді армандады. Сондықтан қалың бұқара халық бодандықты бейбіт өмір сүруге, бұрыңғы көшіп-қонып жүрген жерін қайтарып алуға қол жеткізетін Ресеймен өзіндік бір әскери одақ деп түсінді. Әбілқайыр-хан сол бір тарихи кезеңнің күрделілігін сезді. Оның мемлекет қайраткері ретінде ұлылығы да, Қазақ даласының Ресей империясының құрамына сөзсіз кіретінін күні бұрын көзі жеткен болатын. Сыртқы жаулармен күрес жүргізудің міндеттері, күллі қазақ даласындағы үш жүздің күш-жігерін біріктіріп, көрші елмен бейбір ынтымақтастық орнату екендігін де түсінді. Сөйткенде ғана жат жүрттың үздіксіз шапқыншылығы мен басқыншылығынан қазақ халқын құтқарып қалып, елдің басын құрап, қорғаныс қабілетін, әл-ауқатын нығайтуға қол жеткізуге болады деп ойлаған. Үш жүзге бірдей билік жүргізуге жету мақсатын жүзеге асыру үшін ол Ресей империясының көмегіне арқа сүйеу жөніндегі тарихи үрдісті шапшаңдатуға тырысты. Алайда отаршыл елдің мақсаты күллі қазақ даласын уысында ұстап, бар байлығын басып қалу екеніне алғаш ой жібере алған жоқ болатын. Тұтас алғанда Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауының объективті негіздерін теріске шығармай, Әбілқайырдың алысты көздейтін жеке басының менмендігін, оның барған сайын айқын көріне түскен өз басын ойлаған мүдделерін естен шығармау керек екенін атап өтеміз. Қалай айтқанмен де отаршылдықтың аты отаршылдық. Онда адам бейнесі болмайды. Отаршылдық пен адамгершілік бір-біріне қашанда кереғар. XVIII ғ. 30-ші жж. басталған Қазақ даласын Ресейге қосу тек XIX г. 60-ші жж. аяқталды және мұның өзі күрделі қарама-қайшылықты үрдіс болды. Өзінің әкімшілік-саяси реформаларымен патша үкіметі басқарудың дәстүрлі жүйесін жойды. Қазақ өлкесіне көшпенділерді құнарсыз жерлерге ығыстырған орыс қоныс-аударушыларын орналастыру үшін кең мүмкіндіктер ашылды. Осымен қатар, Қазақстанның Ресейге қосылуы арқылы көшпенділер мен келген халықтар арасында шаруашылықтық айырбас пен әрекеттестік үшін жағдай жасалды, сауаттылықтың тарауы, сауданың жандануы, қазақ ауылдарын барлық кейінгі зардап салдарымен бірге капиталистік өндірістік қатынастар кеңістігіне тарту үшін негіз қаланды. Негізгі әдебиет: 1. Абылхожин Ж.Б., Бурханов К.Н., Кадырбаев А.Ш., Султанов Т.И. Страна в сердце Евразии. Сюжеты по истории Казахстана. Алматы, 1998. 2. Қазақстан тарихы / Көне заманнан бүгінге дейін. – 5 томдық. II том. Алматы, 1997.; III том. Алматы, 2002. 3. История Казахстана: народы и культуры: учебное пособие/ Н.Э. Масанов, Ж.Б. Абылхожин, И.В. Ерофеева, А.Н. Алексеенко, Г.С. Баратова. Алматы, 2001. 4. История Казахстана и Центральной Азии: учебное пособие / Н.Э. Масанов, Ж.Б. Абылхожин и др. Алматы, 2001.
|