|
Доцент Кошкинбаев А.С. 5 pageDate: 2015-10-07; view: 710. 5. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий. Алма-Ата, 1992. 6. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 1997. 7. Маданов Х., Мусин Ч. Ұлы дала тарихы. Алматы, 1994. Қосымша әдебиет: 1. Басин В.Я. Россия и казахские ханства в XVI-XVIII вв. Алма-Ата, 1971. 2. Бекмаханов Е.Б. Казахстан в 20-40 годы Х1Х в. Алматы, 1992. 3. Қозыбаев М.Қ. Жауды шаптым ту байлап. Алматы, 1995. 4. Мәшімбаев С.М. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. Алматы, 1994. 5. Мырзахметов М. Қазақ қалай орыстандырылды? Алматы, 1993. 6. Сулейменов В.С., Басин В.Я. Казахстан в составе России в ХVII нач. ХIХ вв. Алматы, 1993.
Бақылау сұрақтары: 1. XVIII ғ. басына таман Қазақстан және Ресей империясының бір біріне деген қандай геостратегиялық мүдделері байқалды? 2. Неліктен XIX ғ. Ресей патшалығының қазақ халқына деген саясаты құрт өзгереді? 3. Неге Қазақ даласының Ресей имперясына қосылу үрдісі көптеген ұлт-азаттық қозғалыстарымен байланысты болды? 4. Қазақ даласының Ресей имперясына қосылуының негізгі салдарына талдау беріп бағалаңыз.
9-тақырып. XVIII ғасырдың ортасы мен XIX ғасырдың II-ші жартысындағы Қазақстанда жүргізілген отарлық-әкімшілік саясаты (2 сағат). 1. Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы. 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы Ереже», 1824 жылғы «Орынбор қырғыздары туралы Ереже». 2. 1867-1868 жж. әкімшілік реформалар. Дәрістің мақсаты:Ресей империясының басқару жүйесінің Қазақ өлкесінде біртұтас түрде енгізілуін көрсету, осы үрдістің негізгі кезеңдерін және өлкенің саяси дамуына тигізген ықпалын анықтау. Негізгі терминдер:отарлау жүйе, шет аймақтары, патриархалдық қатынастар, ұлттық сана, әкімшілік реформалар, генерал-губернатор, үйез басшылары, болыс басшылары, ауыл ағамандары, орыс казак әскерлері. 1. 1781 ж. Абылайдың қайтыс болуы, оның толып жатқан ұрпақтары арасындағы кикілжіндер хан билігін әлсірете бастады. 1795 жылы Орта жүздің екі сұлтаны, 19 ақсақалы императрица II Екатеринаның атына Уәлиді хан тағынан тайдыру туралы өтініш жібереді. Ал патша үкіметі сол кезде хан билігін жою жөн емес деп тапты, алайда оны әлсірету мақсатымен 1815 ж. Орта жүзде Уәлимен қатар екінші хан етіп Бөкей сұлтанды тағайындады. Кейінірек патша үкіметі қос билеуші Бөкей мен Уәлиді қан төкпей орындарынан алуға сылтау іздеді. Олардың екеуінде де кең-байтақ өлкені басқаруға қажетті амалдары болмады. Ресей патша үкіметі «бөліп ал да, билей бер» саясатын жүргізіп, оларды бір-біріне айдап салып отырды. 1817 ж. – Бөкей хан, 1819 ж. Уәли хан қайтыс болды. Осыған байланысты Петербургта Орта жүзде енді хан тағайындамауға және Шыңғыс-ханның заманына барып тірелетін ертедегі ғұрып бойынша сайлаумаға бел байлады. Ресей билігі таралған аудандар жоғарғы билеушісіз қалды. Хандық ықпалды сұлтандармен көзбе-көз келіспей немесе алдын ала келіссөз жүргізілмей, іс жүзінде хан билігі жоғарғы жақтан жойып жіберілді. Отаршыл орыс әкімшілігі қазақ қоғамындағы хандық билікті жою мақсатына 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» құжатты қабылдап, соған сүйеніп, Орта жүзде басқарудың жаңа түрін еңгізе бастады. Жаңа реформаны әзірлеуді патша сол жылдардағы белгілі қайраткер, өз дәуірінің аса білімді тұлғаларының бірі граф М.М. Сперанскийге жүктеді. Жобаны жасауға болашақ декабрист Г.С.Батеньков белсене қатысты. Осы жарлыққа сәйкес, Азиялық Ресей немесе Сібір екі генерал-губернаторлыққа бөлінді: Батыс Сібір орталығы Тобыл қаласы және Шығыс Сібір орталығы Иркутск қаласы. Батыс Сібір генерал-губернаторлықтың құрамына Тобыл және Томск губерниялары кірді, ал Шығыс Сібір генерал-губернаторлыққа Орта жүз территориясы жатқызылды. Бұл «Жарғының» 3-параграфына сәйкес, жаграфиялық жағынан Оңтүстік-батыс Сібірді мекендеген қазақтар «көшпелі бұратаналар» сословиясы болып есептелді. Өзгерістер қазақ руларының әкімшілік-аумақтық құрылымдарына қатысты болды: бұрынғы рулық басқару жүйесінің орнына жаңа үш буынды әкімшілік жүйе еңгізілді: округ – болыс – ауыл. 5-параграф бойынша: ауыл – 50-ден 70-ке дейін шанырақ, болыс – 10 ауылдан 12-ге дейін ауыл, округ – 15 болыстан 20 болысқ дейін болып белгіленді. «Жарғының» 15-параграфында округтердің жекелеген бөлімшелерін басқарудың жаңа тәртібі белгіленді: ауылдарды – ауыл старшиндары, болыстарды – болыс сұлтандары, округтерді аға сұлтандар басқаратын болды. Үкіметтің жергілікті көшпенділер жөніндегі саясатында оларды егіншілікке ынталандыру маңызды бағыт болды. 177, 178-параграфтарда отырықшылыққа көшкендерге 15 десятина жер бөліп беруге рұқсат етілді, сұлтандар үшін «үш есе» ал старшындарға «екі есе» жер бөлуге мүмкіндік берілді. «Жарғының» бірқатар параграфтарында үш санатқа: қылмыстық, талап-араздық және облыстық басқармаға шағымдар бойынша сараланған сот жүйесіне тұзетулер енгізілді. 216-параграфта «қазақ ғұрыптары мен заңдары бойынша» дәстүрлі билер сотының мәні сақталды. Реформа Қазақ өлкесінде сауда-экономикалық үрдістің өсуі үшін оң алғышарттар тұғызды. 188-парграфта қазақтарға өз тауарларын «өз округ ішінде де, одан тыс жерлерде де» еш шектеусіз еркін өткізуге мүмкіндік берілді. Алғашқы сыртқы округ – Қарқаралы округі 1824 ж. 8 сәуірде ашылды. Ал 1824 ж. 22 тамызында Көкшетау округі, 1825 ж. – Кұсмұрын, 1826 ж. – Баянауыл, 1831 ж. – Аяғөз (Сергиополь), 1832 ж. – Ақмола округтері құрылды. 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы Жарғы», алғашқы патшалық реформа ретінде, бүкіл дәстүрлі билік құрылымын қиратып, қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси және шаруашылық өмірінің барлық жақтарын қамтыды. 1824 ж. 14 маусымда Мемлекеттік Кеңес «Орынбор қырғыздарын басқару туралы Ереже» қабылдады. Онда былай деп мәлімделді: «Орынбор қырғыздары орналасқан жерлер Ресей империясының бөлігі болады және Сыртқы істер министрлігінің қарамығына кіреді. Жергілікті жерде жалпы басқаруды Орынбор Шекаралық комиссиясы жүзеге асырады. Комиссияға кіргендер: төраға, оның орынбасары, төрт кеңесші, қазақ халқынан төрт заседатель, ерекше тапсырмалар шенеунігі, дәрігер және мал дәрігері. Шекаралық комиссияның мүшелерін – Сыртқы істер министрлігі, ал заседательдерді Орынбор әскери губернаторы тағайындайды». Сонымен бұл «Ереже» бойынша Кіші жүзде хан билігі жойылып жаңа әкімшілік жүйе енгізіледі. Енді Кіші жүз территориясы бір неше бөліктерге бөлініп сұлтандармен басқаратын болатын және дистанциялар құрылып олар ауылдарға бөлінеді. 1824 жылғы «Ережеде» билер сотының міндеті едәуір қысқартылды, оларға онша маңызды емес істерді қарау ғана қалдрылды. Ал негізінен алғанда бүкіл сот ісін жүргізу әкімшілік ұйымдарының сот үкіміне жүктелді. Үкіметке қарсы шығу, кісі өлтіру, тонау, барымта мәселелері әскери соттың қарауына түсті. 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» және 1824 ж. «Орынбор қырғыздарын басқару туралы Ереже», алғашқы патшалық реформалар ретінде, бүкіл дәстүрлі билік құрылымын қиратып, қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси және шаруашылық өмірінің барлық жақтарын қамтыды. 2.XIX ғ. 60-ші жылдары Қазақ өлкесі Ресей империясының құрамына толық кіргізілді. Сол кезден бастап патша үкіметі Ресейден орыс шаруаларын Қазақ даласына қоныс аудара бастады. Мұндай саясатты бастай отырып, ол өзара тығыз байланысты екі мақсатты көздеді. Біріншіден, 1861 жылғы 19 ақпанда жарияланған реформадан кейінгі уақытта метрополияда қалыптасқан әлеуметтік шиеленісті жерге мұқтаж орыс шаруаларын Қазақ өлкесіне және басқа отарлық тәуелділіктегі аймақтарға қоныс аударту арқылы бәсендеу болса, екіншіден, қоныс аударушы орыс шаруаларды жаңа елдерге өзінің саяси-әлеуметтік тірегіне айналдыра отырып, қазақ қоғамындағы отарлық билікке қарсы күштерді біржолата құрту, сөтіп болашақта қазақ елін орыстандыру арқылы қазақ жерін империяның географиялық құрамды бөлігіне айналдыру еді. Басқаша айтқанда, патшалық Ресейдің Қазақстандағы «тарихи» миссиясына орыстық империялық тарихнама және оның батыстағы еуропацентристік пікірлестері қаншама «өркениеттілік», «ағартушылық» сипат тырысқандарымен шын мәнінде орыс әкімшілігінің Қазақ өлкесіндегі ұстанған бағыты қатардағы жаулап алушылықтың, отарлаудың нағыз өзі болатын. Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Ереженің жобасын даярлау үшін II Александрдың бұйрығы бойынша 1865 ж. Далалық комиссиясы құрылды. 1867 жылғы 11 шілдеде II Александр «Сырдария және Жетісу облыстарын басқарудың Уақытша ережесі туралы» жобаны, 1868 жылғы 21 қазанда екінші жоба - «Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарын басқарудың Уақытша ережесі туралы» бекіту туралы жарлыққа қол қойды. Бұл реформа бойынша Қазақ өлкесі үш генерал-губернаторлыққа бөлінді: Батыс-Сібір, Орынбор, Жетісу. Әр генерал-губернаторлыққа екі облыстардан кіргізілді: Батыс-Сібір генерал-губернаторлыққа Ақмола мен Семей облыстары, Орынбор генерал-губернаторлыққа Орал мен Торғай облыстары, Түркістан генерал-губернаторлыққа Сырдария мен Жетісу облыстары. Өз кезегінде облыстар – уездерге, уездер – болыстарға – болыстар – ауылдарға бөлінді. Сонымен Қазақстанда жаңа бес буынды әкімшілік жүйе енгізілді. Басқарудың жаңа жүйесі көшпелілерге өмірінің патриархальді-феодалдық құрылысын шайқалтты, сұлтан мен билердің билігін шектеді. 1867-18688 жж. әкімшілік реформалар бойынша жалпы империялық заңдар негізінде әрекет жасайтын әскери-сот комиссиялары мен уездік соттар құрылды. 1867-18688 жж. әкімшілік реформалар екі жылға тәжірибе ретінде уақытша енгізілген болатын. Алайда бұл «тәжірибе» жергілікті халықтың наразылығын тудыруы ықтималдығынан 20 жылдан астам уақытқа созылды. Тек 1886 ж. 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару жөніндегі Ереже», ал 1891 ж. «Орал, Торғай, Ақмола, Семей және Жетісу облыстарын басқару туралы Ереже» қабылданды. 1867-1868 жж. әкімшілік реформалардың енгізілуі қазақ халқының наразылығын тудырды. XIX ғ. 60-ші жылдарының алғашқы жартысында-ақ әсіресе Кіші жүзде отарлық езгі күшейе бастады. Мұның өзі халықтың патшалық құрылысқа қарсы ашық күреске ұласуы мүмкін наразылықтарының күшейе түсуіне алдын-ала түрткі болды.
Негізгі әдебиет: 1. Абылхожин Ж.Б., Бурханов К.Н., Кадырбаев А.Ш., Султанов Т.И. Страна в сердце Евразии. Сюжеты по истории Казахстана. Алматы, 1998. 2. Қазақстан тарихы / Көне заманнан бүгінге дейін. – 5 томдық. II том. Алматы, 1997.; III том. Алматы, 2002. 3. История Казахстана: народы и культуры: учебное пособие/ Н.Э. Масанов, Ж.Б. Абылхожин, И.В. Ерофеева, А.Н. Алексеенко, Г.С. Баратова. Алматы, 2001. 4. История Казахстана и Центральной Азии: учебное пособие / Н.Э. Масанов, Ж.Б. Абылхожин и др. Алматы, 2001. 5. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий. Алма-Ата, 1992. 6. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 1997. 7. Маданов Х., Мусин Ч. Ұлы дала тарихы. Алматы, 1994. Қосымша әдебиет: 1. Абдиров М.Ж. Завоевание Казахстана царской Россией. Астана,2000 2. Бекмаханов Е.Б. Казахстан в 20-40 годы ХIХ в. Алматы, 1992. 3. Басин В.Я. Русско-казахские отношения в ХVI-ХVШ вв. Алма-Ата,1974. 4. Зиманов С.З. Политический строй Казахстана конца ХVII в. и первой половины ХIХ в. Алма-Ата, 1960. 5. Зиманов С.З. Россия и Букеевское ханство. Алма-Ата, 1982. 6. Касымбаев Ж.К. Под надежную защиту России. Алма-Ата, 1986 7. Мәшімбаев С.М. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. Алматы, 1994. 8. Мырзахметов М. Қазақ қалай орыстандырылды? Алматы, 1993. Бақылау сұрақтары: 1. Ресей империясының Қазақ өлкесіндегі жүргізген отарлау саясатының басты кезеңдерін атап көрсетіңіз. 2. XIX ғасырдың 1-ші жартысында әкімшілік тұрғыдан басқаруда қандай өзгерістер енгізілді? 3. XIX ғасырдың 2-ші жартысында әкімшілік басқару жүйесіне қандай өзгерістер енгізілді?
4. Өлкені басқарудың біртұтас жүйесін енгізу қандай мақсатты көздеді? 2. 1917 жылғы Қазан төңкерісінің жеңісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы. 3. Өлкедегі Азамат соғысы (1918-1920 жж.). Дәрістің мақсаты:XIX-XX ғасырлардағы Ресей империясында орын алған дағдарыстың себебтері мен мәнін ашып қарастыру, оның Қазақстанға тигізген әсеріне және маңызына, өзіндік ерекшеліктеріне тоқталу. Негізгі терминдер: империализм, монополия, конституциялық (шектелген) монархия, қос өкіметтілік, аграрлық саясат, революция (төңкеріс), Мемлекеттік Дума, көтерілістің қозғаушы күші, көтерілістің сипаты, ұлт мәселесі, диктатура, саяси партия, меньшевиктер, большевиктер, Кеңес билігі, азамат соғысы, интеллигенция (зиялылар), федерация, автономия. 1.XX ғ. бас кезінде Ресей империясы азиялық Шығысты отарлауды жедел қарқынмен жүргізе бастады. Ресей патша өкіметінің отарлау саясаты Қазақстанды саяси және экономикалық езуге бағытталған еді. 1905 жылғы 9 қаңтардағы Петербордағы қанды жексенбі оқиғалары туралы хабар қазақ даласына тез тарады. Верный, Әулиеата қалаларының, Перовск, Қазалы, Орал, Петропавл, Семей темір жол станцияларының жұмысшылары мен демократиялық ниеттегі еңбекшілері наразылық білдірді. 1905 ж. ақпанның ортасында бүкіл Орынбор-Ташкент темір жолы бойында орналасқан станцияларында жұмысшылардың өздерінің экономикалық жағдайын жақсартуды, жұмыс күнін қысқартуды талап еткен еруілдері болып өтті. Петропавл темір депосының жұмысшылары саяси ереуіл ұйымдастырды. Қанды жексенбі бұл өлкеге қоныс аударып келген шаруалардың да ашу-ызасын туғызды. 1905 жылы жазда Семей, Торғай Орал облыстарында аграрлық тоқулар болды. Сонымен, отарлау езгісінің бар ауртпалығы қазақ халқына түсті. Әлеуметтік-экономикалық жағдай ұлттық қозғалыстың өрістеуіне итермеледі. 1905-1907 жж. бірінші орыс революциясы жеңіліске ұшырады. Елде реакция кезеңі басталды, полицейлік озбырлық орнады, шерулерге тиым салынды. Патша өкіметі I Мемлекеттік Думаны таратты да II Думаға сайлау жүргізуді тағайындады. Жаңа сайлау заңы бойынша сайлаушылардың жартысынан астамы дауыс беру құқығынан айырылды. 1907 жылы 3 маусымда өкімет II Думаны да таратып жіберді, социал-демократтардан сайланған депутаттардың көпшілігі қамауға алынды. Ал III Мемлекеттік Думаны сайлау туралы жаңа заң бойынша «бұратаналар» соның ішінде қазақтар сайлау құқығынан айырылды. Столыпиннің аграрлық саясаты белсенділікпен жүзеге асырылды, күштеп орыстандыру процессі жүргізілді. Қазақтардың қарсылығына қарамастан олардың жері тартып алынып, қоныс аударған орыс шаруаларына беріле берді. Ресейдегі революциялық қозғалыстың өріс алуының әсерінен Қазақ даласында стачкалық күрес барған сайын табанды бола берді. 1917 жылдың басына қарай Ресейде саяси және экономикалық жағдай шиеленісе түсті. 1-ші дүниежүзілік соғысының одан әрі жалғасуы, армияның майдандағы жеңілісі, еңбекшілердің жағдайының нашарлауы – осының бәрі елде революциялық дағдарыстың тууын тездетті. Майданда солдаттардың және жекелеген әскери бөлімшелердің көтерілісі басталды. Сонымен бірге 1917 жылдың ақпан айында Петрограддта бірнеше ондаған мың жұмысшысы бар 60 кәсіпорынның жұмысшылары ереуілге шықты. Ал 27 ақпанда қарулы көтеріліске шыққан Петроградтың жұмысшылары мен революциялық пиғылдағы солдаттар патша өкіметін құлатты. Ақпан төңкерісінің бір ерекшелігі – Қосөкіметтің құрылуы: жұмысшылар және солдаттар депутаттарының Кеңестері мен Уақытша үкімет. Петроградтағы көтерілістің женісі бүкіл елде, соның ішінде Қазақстанда да қолдау тапты. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін ұлттық демократияшыл зиялылар ұлттың азаттығы идеясын қалың еңбекшілер арасына таратып, халқының сана-сезімін оятушы, таршылдыққа қарсы күреске дем беруші болды. 1917 жылдың науырыз-сәуірінде Қазақстан қалаларының көпшілігінде Кеңестер құрылды. Кеңестермен қатар Түркістан Комитеті жұмыс істеді, оның құрамына Ә.Бөкейханов, М.Тынышпаев енді. Сонымен, бүкіл елдегідей Қазақстанда да Қосөкімет пайда болды. Буржуазиялық-демократиялық Ақпан төңкересі патша өкіметін құлатқанымен әлеуметтік және ұлттық езгіні жою, соғыстан шығу мәселелерін шешпеді. Сөйтіп, буржуазиялық Уақытша үкімет патша өкіметінің аграрлық және ұлттық саясатын жалғастыра берді. Тұтас алғанда бүкіл елде буржуазиялық-демократиялық Ақпан төңкересінің жаңа социалистік төңкерісіне ұласуы үшін алғы шарттар толысып келе жатты. 2.1917 жылы жұмысшылардың, солдаттардың 24 қазанда Петроградта басталған қарулы көтерілісі жеңіспен аяқталды. 25 қазанда Смольныйда Кеңестердің Бүкілресейлік II съезі ашылды, ол В.И. Ленин жазған «Жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға» үндеуін қабылдады. Онда барлық өкімет билігінің орталықтан жергілікті жерге дейін жұмысшылар, солдаттар мен шаруалар депутаттарының Кеңестеріне көшкені жария етілді. Съезд Бітім туралы декретті және Жер туралы декретті бекітті, жұмысшылар мен шаруалардың тұңғыш үкіметі – Халық Комиссарлары Кеңесін құрып, оның төрағалығына В.И. Ленин сайланды. 1917 жылы 20 қарашада Кеңес өкіметінің «Ресей мен Шығыстың еңбекші мұсылмандарына» үндеуі жарияланды. Онда былай деп атап көрсетілген: «Бұдан былай сіздердің нанымдарыңыз бен әдет-ғұрыптарыңыз, сіздердің ұлттық және мәдени мекемелеріңіз ерікті және дербес құқықты деп жарияланды». Кеңес өкіметінің орнауы Қазақстанның облыстарында біркелкі болмады, ол таптық күштердің арақатынастарына, Орал мен Сібірге, темір жолға жақын-қашықтығына, жергілікті жұмысшылардың топтасқандығына байланысты болды. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы 1917 жылғы қазанның аяғынан 1918 жылдың наурызына дейін созылды. Түркістан өлкесінің орталығы болған Ташкентте 28 қазанда қарулы көтеріліс нәтижесінде 1 қарашада Кеңестер өкіметі орнады. 30 қазанда Перовск, 6 қарашада Әулиеата, Шымкент Кеңестері өкімет билігін өздерінің қолына алды. Бұдан кейін Кеңес өкіметі Сырдария облысының барлық қалалары мен жұмысшы ауылдарда бейбіт жолымен орнады. 1917 жылы қарашаның аяғында Қоқанда ұлттық ұйымдарының съезі өтті, ол Қоқан автономиясын құрды. Оның құрамына «Алаш» партиясының өкілдері М. Шоқай мен М. Тынышпаев кірді. Ал 1917 ж. желтоқсанда Орынборда «Жалпықырғыз (Жалпықазақ) съезі» аталған «Алаш» партиясының съезі өтті, ол Қазақ автономиясы – Алашорда үкіметінің құрылғанын жариялады. Революцияның осы бір тарихи қиын кезінде билеуші партияға айналған большевиктер Алашордамен тіл табысуға болады деп санамайды. «Алаш» партиясы өкімет билігі жолындағы күресте большевиктерге елеулі оппозиция болды. 1917 жылғы 27 желтоқсанда Ақмолада өткен еңбекшілердің бұқаралық жиналасы биліктің Кеңестерге көшкені туралы шешім қабылдады. Қазақстанның қалған аймақтарында, атап айтқанда, Орал, Торғай, Жетісу және Семей облыстарында оқиғалар басқаша болды. Бұларда, әсіресе орыс казак станицаларында көптеген әскери күштері болды. Сонымен бірге, Жетісу (Аненнков) мен Оралда (Дутов) казак әскерлерінің атамандары өздерінің билігін орнатып, «әскери үкімет» құрғаны туралы хабарлады. Бірақ олардың билігі көп уақытқа созылмады. 1918 жылы 18 қантарда Орынбор атаман Дутовтың әскерлерінен азат етілді. Қазақстанның солтүстік және солтүстік-шығыс аймақтарында орталығы Омбыда болған Далалық өлке құрамындағы Ақмола мен Семей облыстарында Кеңес өкіметін орнату үшін күрес табандылықпен жүрді. 1917 жылғы 22 қарашада Петропавлда, 27 желтоқсанда Ақмола мен Көкшетауда, 1918 жылғы қаңтарда Атбасарда Кеңес өкіметі орнады. 1918 жылғы 18 қаңтарда Өскеменде, 19 қаңтарда Павлодарда, 19 ақпанда Риддерде билік жұмысшылар мен солдаттар Кеңестерінің қолына көшті. 1918 жылы наурыздың 2-сінен 3-іне қараған түні Верныйда Кеңес өкіметі орнады. 1918 жылы наурыздың ішінде Кеңес өкіметінің билігі Жетісудың барлық жеріне тарады. 3.Қеңес өкіметі 1917 жылдың аяғы – 1918 жылдың басында елдің түрлі аудандарындағы, оның ішінде Қазақстандағы контрреволюциялық бүліктерді басып тастауға тырысады, бірақ, олар біржолата талқандалған жоқ. 1918 жылы маусымда атаман Дутов Орынборды, одан бұрын ол наурызда Оралды, кейін облыстың көп жерін өзіне қаратқан болатын. Ал атаман Колчактың Жетісуды басып алу қауіпі төнді. Ақгвардияшылар 1918 жылы 11 маусымда Семейде Кеңес өкіметін құлатты. Осы жерден бастап олар Солтүстік Жетісуға басып кірді, орыс-казак станицаларында бүліктер басталды. Жетісу облыстық атқару комитетінің шешімі бойынша кеңестік қарулы күштер біріктіріліп, Жетісу майданы әскерлерінің штабы құрылды. Атаман Анненковтың дивизиясына қарсы ұрыс жүргізілді. Жетісудың Черкасск, Андреевка, Константиновка және басқа бірқатар селоларда олардың тұрғындарының ақгвардияшылармен ерлікпен шайқасы тарихта «Черкасск қорғанысы» аталды.
|