Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Доцент Кошкинбаев А.С. 6 page


Date: 2015-10-07; view: 700.


Сонымен, 1918 жылдың жазында Қазақстанның көп жерін ақгвардияшылар басып алды. Осыған байланысты бір-неше майдандар құрылады – Ақтөбе, Жетісу, Орал. Ақгвардиялық «Сібір үкіметін» ресми таныған Алашорда үкіметі Дутовпен бірігіп Кеңес өкіметіне қарсы шықты. Кеңес өкіметі Сырдария облысында, Жетісу облысының көп жерінде және Торғай облысының оңтүстік аудандарында ғана сақталып қалды.

Кеңестер мен әскери комиссарияттар Қызыл Армия бөлімшелерін жасақтау жұмысына кірісті. Бұл салада көптеген қиындықтарды жеңуге тура келді: қару-жарақ, оқ-дәрі, әскери жабдықтар жетіспеді.

1918 жылдың аяғында және 1919 жылдың басында Ә.Жангелдин мен А. Имановтың басшылығымен Торғайда екі, Ырғызда бір эскадрон жасақталады. 1918 жылдың орта шеніне қарай барлық материалдық ресурстарды жұмылдыру және оларды үнемдеп жарату қажеттігі туды. Қалыптасқан жағдайда экономикада бірқатар төтенше шаралар жүзеге асырылып, олар тарихта «әскери коммунизм» саясаты атанды.

Кеңес өкіметіннің тағдыры Шығыс майданында шешіліп жатты, өйткені ақгвардияшылар нақ осы жақтан шешуші соққы беруді ойластырған болатын. Осында, Ақтөбе майданында 5-ші Кеңес армиясы жасақталды. Әскерлердің қолбасшысы С.С.Каменев болды. Орынбор бағытында қимыл жасаған 1-армияны М. Тухачевский, Орал бағытындағы 4-армияны М.В. Фрунзе басқарды.

1918 жылдың қазанында ақгвардияшылар Ақтөбеге шабуыл жасады, алайда олардың операциялары түгелдей сәтсіздікке ұшырады. 1919 жылдың жазында Колчактың ақгвардияшылар армиясының басты күштерінің жеңілуі, Сібірді, сөлтүстік және солтүстік-шығыс Қазақстанды азат ету үшін қажетті жағдайлар жасады. Бірақ Колчактың қарулы күштері толық талқандалмаған болатын. Кеңес әскерлері тек мұқият әзірленгеннен кейін 30 қазанда Петропавлды, 4 қарашада Есілді, ал 14 қарашада – Омбыны, 29 қарашада – Павлодарды азат етті де Семейге қарай аттанды. 1 желтоқсанда Семейде Кеңес өкіметі қалпына келтірілді. Колчақтың ақгвардияшылар армиясының басты күштерінің талқандалуы Солтүстік Жетісу майданының жойылуын тездетті.

 

Негізгі әдебиет:

1. Абылхожин Ж.Б., Бурханов К.Н., Кадырбаев А.Ш., Султанов Т.И. Страна в сердце Евразии. Сюжеты по истории Казахстана. Алматы, 1998.

2. Қазақстан тарихы / Көне заманнан бүгінге дейін. – 5 томдық. II том. Алматы, 1997.; III том. Алматы, 2002.

3. История Казахстана: народы и культуры: учебное пособие/ Н.Э. Масанов, Ж.Б. Абылхожин, И.В. Ерофеева, А.Н. Алексеенко, Г.С. Баратова. Алматы, 2001.

4. История Казахстана и Центральной Азии: учебное пособие / Н.Э. Масанов, Ж.Б. Абылхожин и др. Алматы, 2001.

5. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий. Алма-Ата, 1992.

6. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 1997.

7. Маданов Х., Мусин Ч. Ұлы дала тарихы. Алматы, 1994.

Қосымша әдебиет:

1. Асылбеков М.К.Железнодорожники Казахстана в первой русской революции. Алма-Ата, 1965.

2. Елеуов Т. Қазақ ауылында Совет өкіметінің орнауы және нығаюы. Алматы, 1997.

3. Иманбаева С.С. Міржақып Дулатов – Алаштың жарық жұлдызы. Алматы, 2001.

4. Иностранная военная интервенция и гражданская война в Средней Азии и Казахстане. Сб. док. Т.1. Алма-Ата, 1963. Т.2. М., 1964.

5. Маликов Ф. Февральская буржуазно-демократическая революция в Казахстане. Алма-Ата, 1972.

6. Мұстафа Шоқай. Түркістанның қилы тағдыры. Алматы, 1992.

7. Нурпеисов К.Н. Становление Советов в Казахстане. Алма-Ата, 1987.

8. Покровский С.И. Разгром иностранных военных интервентов и внутренней контрреволюции в Казахстане (1918-1920 гг.) Алма-Ата, 1957.

9. Сапаргалиев Г. Карательная политика царизма в Казахстане (1905-1917 гг.) Алма-Ата, 1966.

Бақылау сұрақтары:

1. 1917 жылғы оқиғалар қарсаңындағы Қазақстандағы саяси күштердің арасалмағы қандай болды?

2. Ақпан және Қазан төңкерістерінің қандай алғышарттары, сипаты болды?

3. 1918-1920 жж. Азамат соғысының шығу себептерін атап көрсетіңіз?

4 Модуль. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан 11-тақырып. 1920-1930 жылдардағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер (2 сағат) 1. 1920 жылғы Қазақ АССР-ң құрылуы. 2. Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) және Қазақстандағы аграрлық өзгертулер (1920 ж.). 3. Қазақстандағы индустрияландыру саясаты. 4. Қазақстандағы ұжымдастыру саясаты, басты кезеңдері және тағылымы.

Негізгі терминдер: жер-су реформасы, ЖЭС (жаңа экономикалық саясат), азық-түлік салығы, азық-түлік салғырты, тоталитаризм, әкімшіл-әміршіл жүйе, бір партиялық жүйе, жеке басқа табыну, ұжымдастыру, индустрияландыру, жоспарлы экономика, стаханов қозғалысы, бес жылдық.

Дәрістің мақсаты:әміршіл-әкімшіл басқару жүйесінің қалыптасу кезеңіндегі Қазақстанның мемлекеттік құрылымында орын алған әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді талдау, сондай-ақ студенттерді саяси өзгерістердің саяси мәнін ашып сараптауға және тарихи тағылым алуға ұйрету.

1. 1918 жылы 30 сәуірде Орта Азияда алғашқы Кеңестік мемлекет – Түркістан АКСР құрылып, ол РКФСР құрамына енді. 1919 ж. 10 шілдеде РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің жарылығы бойынша Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революцияылқ Комитет (Ревком) құрылды.

Оның бірінші құрамына: С. Пестковский (төраға), А. Байтүрсынов, В. Лукашев, Ә.Жәнгелдин, М, Түнганшин, С. Мендешев, Б. Қаратаев кіреді. Әртүрлі уақытта Кирревкомның мүшесі болып, Ә. Әйтиев, С. Арғыншиев, А. Авдеев, Ғ. Әлібеков еңбек етті.

Азамат соғысының қиын да күрделі жағдайы Кирревкомның (Казревкомның) төтенше жағдайда жұмыс істеуін талап етеді. Кирревкомның (Казревкомның) басқа бір аса маңызды міндеті – қазақ халқының байрғы жерін бір қолға жинау яғни болашақ қазақ Кеңес мемлекетінің, территорялық тұтастығын қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен бірге Кирревком әрекет-қимылда жүрген Қызыл армияны азық-түлікпен жабдықтау, «әскери коммунизм» саясатының басты мәселесін шешу ісімен айналысты. Кирревком 1919 ж. шілдесінен 1920 ж. қазанын қосқанда 15 ай бойы жұмыс істейді. Өзі пайда болған күннен бастап, Кирревком қазақ халқынын кеңестік автономиясын жария ету жөніндегі көп әзірлік жұмыстарын жүзеге асырды.

1920 ж. 17 тамызында РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі Қырғыз (Қазақ) Республикасы жөніндегі Декреттің жобасын қарап қолдады.

1920 ж. 26 тамызында РКФСР Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесі М.И. Калинин мен В.И. Ленин қол қойған, РКФСР құрамында, астанасы Орынбор қаласында болатын «Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Автономиялық Социалистік республикасын құру туралы» Декрет қабылдады.

1920 ж. 4 қазанда Орынборда Қазақстан Кеңестерінің 1-ші съезі ашылды. Съезд Жоғарғы өкімет органдарын – республиканың Орталық Атқару Комитетін (төрағасы С.Мендешев) және үкіметін – Халық Комиссарлары Кеңесін (төрағасы В. Радус-Зенькович) сайлады.

Съезд қабылдаған «Қырғыз (Қазақ) еңбекшілері құқықтарының Декларациясы» аса маңызды тарихи заңы болды. Сонымен қатар съезд жер мәселесі жөніндегі, экономикалық құрылыс, әкімшілік мәселесі, халыққа білім беру, денсаулық сақтау және басқа мәселелер жөнінде заңдар қабылдады.

1920 жылы республика әкімшілік-аумақтық жағынан Орал, Торғай, Орынбор облыстарына, Бөкей, Ақмола, Семей губернияларына және Адай аумағына бөлінді. Ал Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан АКСР құрамында болып келді. 1920 жылдың аяғында республикада 4,7 млн. адам болды.

1924 жылы Орта Азияның ұлттық-мемлекеттік межеленуінің нәтижесінде Сырдария мен Жетісу облыстары Қазақ АКСР құрамына енді. Осының нәтижесінде республика аумағы 2,7 млн. шаршы км. болды, ал халқы саны 5230 мыңға жетті.

1925 жылы 6 сәуірде БОАК Орынбор губерниясының Қазақ АКСР құрамынн бөлінуі жөнінде қаулы қабылдады. Сол жылы Қазақ АКСР астанасын Ақмешіт (Қызылорда) қаласына көшіру туралы шешім қабылданды.

2.1920 жж. Кеңес елінің ішкі жағдайы өте ауыр еді. Бірінші дүниежүзілік және азамат соғыстарының салдарынан халық шаруашылығы құлдырады: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және көлік терең күйзіліске ұшырады, халық күнделікті тұтынатын тауарлар мен азық-түліктің тапшылығына душар болды.

Жалпы елді жайлаған жоқшылық Қазақстанға да тән еді, 1920 жылы ірі өнеркәсіптің жалпы өнімі 1913 жылға қарағанда екі есе қысқарды, өңдірістік жабдықтар, мұнай өндірі – 4 есе азайды. Көптеген шахталар, рудниктер, электростанциялар жұмыс істемей тоқтап тұрды, көліктегі, әсіресе темір жолдағы жағдай өте қатерлі болды. Ауыл шаруашылығы да құлдырады, егіс көлемі 3 есеге жуық, мал басы 29, 9 млн. 16,3 млн. дейін кеміді. Ауыл шаруашылығында болған апаттың аяғы аса сұмдық аштыққа апарып соғады. Сол жылдары, республикада 2,3 млн. адам ашыққан.

Осыған байланысты партия өзінің X съезінде (1921 ж. науырызда) елде қалыптасқан өткір жағдайға жан-жақты терең талдау жасап, осы бір шешімге келеді. Ол азық-түлік салғыртын азық-түлік салықпен ауыстыру, «әскери коммунизм» саясатынан адамдардың ынталығын арттыратын шаруашылық есепке негізделген жаңа экономикалық саясатқа көшу еді.

Қазақстанда ЖЭС-қа көшу 1921 жылғы науырыз-сәуір айларында жүргізіліп, оның барысында жерді жалға алуға және беруге, жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат етілді. Ауыл шаруашылық, несие, тұтыну кооперативтерін дамыту шаралары қолдау тауып отырды. Қазақ АКСР ОАК қабылданған қауылда азық-түлік салығының көлемі салғыртқа қарағанда екі есеге жуық аз болды. Алайда Қазақстандағы тұтас алғанда егіс көлемі ұлғаймады, шаруаларда тұқым, құрал-сайман, күш-көлік жетіспеді.

1921 жылғы 2 ақпанда Қазақ АКСР ОАК кезінде патша өкіметі қазақтардаң тартып алынған жерлерді қазақ енбекшілеріне қайтарып беру туралы декрет қабылдады. Патша өкіметі казак әскерлері меншігіне деп алған (Орал өзенінің сол жағалауы мен Ертіс бойындағы «он шақырымдық» алқап) егістік пен шабындықтарды қазақ еңбекшілеріне қайтарып беру туралы сол жылы 19 сәуірде жаңа декрет қабылданды.

Осымен бір мезгілде Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда жер-су реформасы жүргізілді. 1921 жылы қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 1916 жылы патша өкіметінің тартып алынған 460 мың дес. астам жер қайтарылып берілді.

1921 жылы 20-31 қаңтарда Әулиеатада өткен Түркістан қазақ және қырғыз кедейлерінің съезі еңбекшілерді жер-су реформасын жүргізуге белсене қатысуға шақырды және «Қосшы» одағын ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдады.

3.1925 ж. Коммунистік партиясының XIV съезі өтті, онда елді социалистік индустрияландыру бағытын жүзеге асыру белгіленді. Индустрияландыру басталған кезде республикадағы көмірдің, мұнайдың, түсті металдардың және басқа қазба байлықтардың бай кеніштері жаңа ғана зерттеле бастаған болатын. Сондықтан жаңа өнеркәсіптік және транспорттық құрылыстар көп жағдайда тиісті даярлықсыз жүргізілді.

Бұл қиыншылықтар, сондай-ақ Қазақстандағы күрделі қоғамдық-саяси жағдайымен де байланысты болды. Негізгі күрес екі қөзқарастың арасында өрістеді. Бірінші қөзқарас бойынша, оның жүргізушісі Ф. Голощекин болды, Қазақстан елдің өнеркәсібі дамыған өңірлері үшін шикізат базасы болуға тиіс еді.

Ірі саяси қайраткер С. Садвоқасов бұған қарсы шықты, ол индустрияландыруды республиканың экономикалық мүмкіндіктерін, табиғи және адам ресурстарын ескере отырып, ол үшін барынша пайдалы тұрғыдан жүргізу қажет деген идеяны қолдады.

Пайдалы қазба байлықтардың аса бай кеніштерінің болуы Қазақстанда ауыр индустрияны, әсіресе оның кен шығару, мұнай, көмір, түсті металлургия салаларын дамыту үшін негіз болды. Бұл салалар республиканың индустриялық бейнесін, оның өнерқәсібінің шикізаттық бағытын ұзақ уақытқа белгілеп берді. Осы жылдары Риддер полиметал комбинаты, Қарсақбай мыс комбинаты, Ертіс мыс қорыту зауыты, Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш мыс қорыту және Ащысай полиметалл комбинаттары салынды. Сонымен қатар Текелі полиметалл және Жезқазған мыс қорыту комбинаттары, Өскемен қорғасын-мырыш зауты және б. салынып жатты.

Республикада көмір өнеркәсібі да жедел қарқынмен дамыды, 1940 ж. оның 90 % Қарағанды бассейінінің үлесіне тиді, ол Донбасс пен Кузбастан кейінгі елдің үшінші көмір ошағына айналды. Қазақстан мұнай шығарудан да 3-ші орынға шықты. Химия өнеркәсібі дамыды: Шымкент химия-фармацевтикалық зауыты қайта құрылды, ал 1939 ж. Ақтөбе химкомбинаты қатарға қосылып, ол фосфор тыңайтқыштарын шығара бастады.

Жеңіл және тамақ өнеркәсібінде елеулі табыстарға қол жетті: Алматыда аяқ киім және екі тігін фабрикалары, Семейде тері илейтін комбинат және ет комбинаты, Атырау балық-консерві және Алматы жеміс-көкөніс комбинаттары, Талдықорғанда, Меркеде, Жабылда алғашқы қант зауыттары жұмыс істей бастады.

Қазақстанның ндустриялық дамуының бұл кездегі тағы бір ерекшелігі – транспорттың, әсіресе темір жол транспортының бірінші қатарға қойылуы болды. 1928-1940 жж. республиканың темір жолының желісі 50 % өсіп, 658 км. жетті (Түрксиб).

Қазақстанның 1926-1940 жж. индустриялық дамуы бірсыпыра ірі нәтижелерге жеткізді. Олардың қатарына ең алдымен оның анрарлы елден индустриялы-аграрлы елге айналуын, қалалардың өсуін, жұмысшы табының қалыптасуын жатқызуға болады.

Бірақ Қазақстанның ндустриялық дамуындағы зор табыстарына қарамай бұл процесте елеулі кемшілектер болды. Олардың негізгісі республика өнеркәсібінің шикізаттық бағыты еді. Республикада машина жасаудың жетекші салалары станок, автомобиль, трактор жасайтын кәсіпорындар болмады.

4.20-жылдардың басында ЖЭС ұзақ уақытқа бағытталған саяси стратегия есебінде қабылданады. Бірақ 20-жылдардың сонында жаңа экономикалық саясатты дамыту линиясы тұйықталып тасталды. Ұзақ ондаған жылдар бойына экономика мен қоғамдық-саяси өмірде тек «күштеу» шарасының рухы үстемдік етті.

Өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы Ф. Голощекин Қазақстанға келісімен қазақ ауылындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың бірқатар ерекшеліктерін дұрыс бағаламады, республика партия және кеңес органдарының 1925 ж. дейінгі атқарған оңды жұмыстарының барлығын жоққа шығарды. Ол өзінің «Кіші Қазан» теориясын ұсынып іске асыруға тырысады. Голощекин Қазан төңкерісі қазақ ауылындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарға тиіспей «ауылдың жанынан құйындай өте шыққан» деп есепеген. Сөйтіп, ауылды кеңестендіруді, егістік пен шабындықты қайта бөлуді және басқа да шараларды ол өлкедегі революциялық қайта құрудың тек бастамасы деп санады.

1927 жылғы қарашада өткен VI жалпықазақстандық партия конференциясында көшпелі мал өсірушілерді жаппай жерге орналастыру жөнінде қауыл қабылданды. Осыған байланысты 3 млн. астам адам күштеп отырықшыландырылды. Бірақ оларға мал жайылымы, су көздері жетіспеді, қора-жай салуға мұршасы келмеді.

1927 жылы желтоқсанда Коммунистік партиясының XV съезі шақырылды, ол ауыл шаруашылығын мейлінше ұжымдастыру, жаңа техникамен жабдықталған социалистік ірі ауыл шаруашылық өндірісіне көшу жайында шешім қабылдады. Сонымен бірге съезд ұжымдастыруды жүргізгенде түрлі аудандағы әлеуметтік, ұлттық ерекшеліктерді және басқа да жағдайларды жан-жақты ескеріп, еріктілік принципін қатаң сақтауды талап етті. Алайда Қазақстандағы іске асырылған ұжымдастыру саясаты мұның барлығын ескермеді.

Қазақстанда ұжымдастыру негізінен 1933 жылы аяқталуға тиісті болды. Осыған байланысты, республикада ұжымдастыру саясаты тез қарқынмен іске асырыла бастады. Мысалы, егер 1928 ж. республикада барша шаруашылықтың 20 % ұжымдастырылса, 1930 ж. 1 сәуірне дейін – 50 %, ал 1931 ж. қазанында – 65 % ұжымдастырылды.

1928 ж. 27 тамызда Қазақ АКСР ОАК мен ХКК «Байлардың шаруашылықтарын тәркілеу туралы» Декрет қабылдады. Қазақстандағы бай-кулакты тәркілеу мөлшерін дәл айту қиын, бірақ тек 1930-1931 жж. республикадан тыс жерге бай-кулак деп жер аударып жіберілген шаруалар саны 6765 адамға жетті.

Тәркілеу идеологиясы кең көлемдегі репрессиялық шараға айналып кетті. 1932 ж. 7 тамызында «Мемлекет кәсіпорындарының, колхоздар мен кооперацияның мүліктерін сақтау және қоғамдық меншікті нығайту туралы» Заң қабылданды. Бұл заң бойынша айыпты деп танылғандар ату жазасына, ал «жұмсарту жағдайлары» бола қалған күнде 10 жылға тұтқындалып, мал-мүлкін тәркілеуге кесілген. Осы шара іске қосылған алғашқы жылдың өзінде-ақ республикада 33345 адам абақтыға салынды.

Әкімшілік жолмен жүргізілген ұжымдастыру және сонымен бірге отырықшыландыру саясаты қазақтардың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір салтын түбірімен күйретті. Мал шаруашылығы бұрын болмаған шығынға ұшырады. 1928 ж. республикада бар малдың саны 40,5 болса, 1933 ж. 4,5 мың бас қалады.

Демографтардың жүргізген алдын-ала талдаулар көрсеткендей, қазақ халқы осы жылдары аса ауыр шығынға ұшыраған. Жаппай ашашлықтың және онымен байланысты туған эпидемиялардың салдарынан республикада 2,1 млн. қырылды. Аштықтан аман қалу үшін 1 млн. жуық қазақ - шекаралас аймақтарға коныс аударуға мәжбүр болды.

Негізгі әдебиет:

1. Абылхожин Ж.Б., Бурханов К.Н., Кадырбаев А.Ш., Султанов Т.И. Страна в сердце Евразии. Сюжеты по истории Казахстана. Алматы, 1998.

2. Қазақстан тарихы / Көне заманнан бүгінге дейін. – 5 томдық. II том. Алматы, 1997.; III том. Алматы, 2002.

3. История Казахстана: народы и культуры: учебное пособие/ Н.Э. Масанов, Ж.Б. Абылхожин, И.В. Ерофеева, А.Н. Алексеенко, Г.С. Баратова. Алматы, 2001.

4. История Казахстана и Центральной Азии: учебное пособие / Н.Э. Масанов, Ж.Б. Абылхожин и др. Алматы, 2001.

5. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий. Алма-Ата, 1992.

6. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 1997.

7. Маданов Х., Мусин Ч. Ұлы дала тарихы. Алматы, 1994.

Қосымша әдебиет:

7.Жүгенбаева Г.С. Түркістан-Сібір теміржолының тарихы. Алматы, 2002

8. Қойгелдиев М.Қ., Омарбеков Т.О. Тарих тағылымы не дейді? Алматы, 1993.

9. Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдақтар ақиқаты. Алматы, 1992.

10. Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі. 1-2 том. Алматы, 1998.

11. Қозыбаев М.Қ., Абылхожин Ж.Б., Алдажұманов Қ.С. Қазақстандағы күшпен коллективтендіру: қорлық пен зорлық. Алматы, 1992.

12. Қуандық Е.С. Қазақстандағы «Кіші Октябрь» бағыты. Алматы, 2002.

13. Мұстафа Шоқай. Түркістанның қилы тағдыры. Алматы, 1992.

14. Омарбеков Т.О. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. Алматы, 1997.

15. Образование Казахской АССР. Сб.док. Алма-Ата, 1957.

16. Голод в Казахской степи. Сб. докум. Алма-Ата, 1991.

Бақылау сұрақтары:

1. Ұлт мәселесі бойынша большевиктер партиясының бағдарламасының ұстанымы қандай болды?

2. 1936 ж. КСРО-ның құрамында болған Қазақ республикасының мәртебесі қандай өзгертуге ұшырады?

3. «Әскери коммунизм» саясатының мәнін ашып көрсетіңіз.

4. «ЖЭС»-тың қандай басты бағыттары болды?

5. Қазақстандағы жаппай ұжымдастырудың ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.

6. Қазақстандағы индустрияландыру ұрдісінің алғы шартары қандай болды?

12-тақырып. Қазақстан Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдарда (1940-1960 жж.) (2 сағат).

1. Қазақстандықтардың майдандағы жауынгерлік ерліктері.

2. Қазақстандықтардың тылдағы ерен еңбегі.

Дәрістің мақсаты:Ұлы Отан соғыс барысындағы Кеңес Одағы халықтар арасындағы өзара сүйіспеншілікті, парасаттылықты дәріптеу арқылы студенттердің бойында патриотизмді қалыптастыруға назар аудару.

Негізгі терминдер: Ұлы Отан соғысы, интернационализм, национализм, репрессия, сталиндік лагерь, идеология, демобилизация, реэвакуация.

1.КСРО-ға қарсы агрессияның «Барбаросса» деп аталған жоспары соғыс басталмастан бұрын дайындалды. Фашистік Германия басшыларының алдына қойған басты міндеттерінің бірі Кеңес Одағын өздерінің басқаруына ыңғайлы болу үшін бөлшектеу. 1941 ж. 22 маусымда фашистік Германияның әскерлері Кеңес Одағына басып кірді. 1941 ж. 30 маусымда КСРО Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті құрылды. Мемлекеттік және әскери билік осы органның қолында шоғырланды.

Ұлы Отан соғысына Қазақстан біртүтас елдің бір бөлігі ретінде қатысты. Соғыстын алғашқы күндерінен бастап республикада әскери құрамалар мен бөлімшелер жасақтала бастады. Соның алғашқылардың бірі болып 316-атқыштар дивизиясы жасақталды. Дивизия командирі болып генерал-майор И.П. Панфилов тағайындалды.

Қаһарман қамал – Бресттің қорғаушылардың арасында қазақстандықтар да болды: қатардағы жауынгер А. Мүсрепов, саяси жетекші В. Лобанов, кіші сержант Қ. Иманқұлов, зеңбірекші Ғ. Жұматов т.б.

Қазақстандықтар барлық майдандар мен бағыттарда ерен ерлік көрсетті. 1941 жылдың күзіне қарай фашист әскерлері Прибалтиканы, Белоруссияны, Молдавияны және Украинаның бір бөлігін жаулап алып, Ленинградты қоршауға алды. Фашистердің штабында Мәскеуді алуды көздеген «Тайфун» операциясына әзірлік аяқталған болатын. Мәскеу түбіндегі шайқаста 316-атқыштар дивизиясының жауынгерлері тендесі жоқ ерлік көрсетеді. Жауынгер-панфиловшылар ауыр шығынға ұшыраса да жаудың танкілерін ілгері жылжытпады.


<== previous lecture | next lecture ==>
Доцент Кошкинбаев А.С. 5 page | Доцент Кошкинбаев А.С. 7 page
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 3.904 s.