Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Жж реформалар.


Date: 2015-10-07; view: 2356.


Сынып

17 ғ – 40 ж – Жоңғарлардың жорқын жорықтары ұйымдастырылды.

1710 ж – Қарақұм манында бас қосты, Жоңғарларға қарсы.

1711 ж – Жоңғарлар келді, қазақтар тойтарыс берді.

1713 ж – Жоңғарлар келді, қазақтар тағы тойтарыс берді.

1711-1717 ж – Жоңғарлар қазақ жеріне басып кіріп, халықты қан қақсатты.

1718 ж – Аягөз түбіндегі шайқас.

1722 ж – Қытай императоры Кан Си өледі. Жоңғария мен Қытай қарым-қатынасы жақсы болды.

1723 ж - ‹‹Ақтабан шұбырынды›› Цеван – Рабдан. Ұлы жүз → Ходжентке, Орта жүз → Самарқандқа, Кіші жүз → Ырғыз, Торғай, Жайық, Ор өзендеріне қашады. Қатты ойрандатылған аудан – Жетісу.

Батырлар: Есет, Қаракерей қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Саурық, Малайсары, Наурызбай, Баян, Қарасай, Жауһашар, Жәнібек, Райымбек.

1730- көктем – Балқаш көлінің оңтүстігінде Аңырақай шайқасы. Әскер жүздік негізде тұрды.

1726 ж – Бұланты шайқасы(1728). Нәтижесі: Жоңғар қолы төтеп бере алмады.

1730 ж- үш жүздің ханы – Болат хан қайтыс болды. Билекке таласады:

 

Орта жүз ханы Сәмеке Кіші жүз ханы Әбілқайыр (1680-1748жж)

Кіші жүздің Ресейге қосылуы.

Әбілқайыр хан (1680-1748жж) – Барақ өлтіреді. Мақсаты: Батыстағы көрші Ресеймен сенімді байланыс орнатып, бар күшті ойраттарға қарсы жұмылдыру.

Қазақ клеопатрасы – Бопай (Әбілқайыр әйелі).

1716 ж – Тәуке хан Сібір губернаторы Гагаринге елші жіберді. Ресей осы кезде Швециямен соғысты.

1726 ж – Әбілқайырдың І-ші елшілігі, ұсыныс жауапсыз қалады. Сенімсіздікпен қарады.

1730 ж – Кіші жүздің ықпалды билері Әбілқайыр ханға Жоңғарияға қарсы соғысу үшін, Ресеймен келіссөз жүргізуге тапсырды. Әскери одақ құру туралы. Әбілқайыр билер шешімін бұзып, Петербургке аттандырған елшілерге әскери одақ құру емес, Ресейдің қол астына кіруді тапсырды.

1731- 19 ақпан – қазақ елшілері С.Қойдағұлұлы және Қ,Қоштайұлы.Оларды қабылдады Анна Иоановна. Кіші жүзді Ресей империясына қосылу туралы өтініш білдірді.

1731- 10 қазан – Тевкелев(сыртқы істер коллегиясының тілмашы,қабылетті елші) қазақ билерімен екінші рет кездесті.

1731- қазан – 29 старшын Ресейге ант берді. Ант беру процессі Хан сарайында өткізді.

1738- тамыз – Орынбор комиссиясының басшысы Татищев қазақ сұлтандарының сьезін шақырды. Кіші жүз мен Орта жүзден 60-қа жуық старшын қатысты. Әбілқайыр,Ералы,Нұралы қатысты.

1748 ж – қазақ сұлтандары мен ақсүйектерінің ІІ-ші сьезі өтті. Әбілқайыр ханның беделі көтерілді. Барақ сұлтанның қолынан қаза болды.

1748 ж – Әбілқайыр мен Тевкелев соңғы рет кездесті, Ор бекінісінің маңында.

 

XVIII – 30-40 ж - Кіші және Орта жүздегі жағдай.

1740 ж – Парсы әміршісі Нәдір шах Хиуаны талқандап, Сырдария өніріне жақындады, Кіші жүзге қауіп төндірді.

1747 ж – Нәдір шах қаза болды. Хиуа тағына Әбілқайырдың бақталысы Батыр сұлтанның ұлы Қайып сайланды.

1734 ж – Сенаттың бас хатшысы Кириллов бастаған экспедицеясы Қазақстанға келді.

Оның мақсаты:

Өзен флотиясын құру. Табиғат байлықтарын игеру

Орта Азия хандықтарымен сауда дамыту. Сырдария бойында қала тұрғызу

Ор өзенінің бойында бекініс тұрғызу

1735 ж – Ор бекінісі салынды. Қалғандары орындалмады.

1743 ж – Орынбор боп атала бастады.

1741-1742 жж –Орта және Кіші жүзге ұйымдастырылған ‹‹Ақтабан шұбырынды, Алкакөл сұламадан›› кем түспейтін Жоңғар шапқыншылығы басталды. Бастап келді – Калдан-Церен.

1741 ж -20 мамыр – Ресей сенаты казактарды жцне шекаралық бекіністерді қорғау жөнінде арнайы жарлық қабылдады. Жоңғарлар Алтай тауларының байлықтарына қауіп төндірді.

1742 ж -2 құркүйек –Неплюев Қалдан-Серенге хат жазды. Орынбор губерниясының негізін салушы. Қалден-Серен құлақ аспады.

1714-1720жж – Ертіс өзенінің бойында әскери-бекіністер салудағы басты мақсаты – Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу.

Жәміш – 1716 ж. Омбы – 1716 ж. Колбасинск. Железинск – 1717 ж.

Семей – 1718 ж. Кереку(Павлодар) – 1720 ж. Өскемен – 1720 ж.

Ертіс бойында керуен сарайлар салынды, баж салығын тексеретін мекемелер ұйымдастырылды.

 

Башқұрттар көтерілісі.

1735-1737 жж – І-ші көтеріліс. 50 000 башқұрт қазақ елін паналады. Көтерілісті басу үшін кіші жүз жасақтарын пайдаланды. Петербург сарайы Әбілқайырды башқұрт билеушілерімен ауыз жаласып кетуінен сескеніп, Орыс үкіметіне аманат ретінде бір ұлын беру талап етті. ІІ- ші рет ант алады.

1740 ж – ІІ – ші көтеріліс.

1755 ж – ІІІ – ші көтеріліс.

1756 ж –Башқұрт көтерілісін басуға көмектескені үшін,Елизоветта Петровна Жайықтың сол жағында мал жаюға уақытша рұқсат етті.

1734 ж – Орта жүздің ханы Әбілмамбет, Абылай қазақ жерін жоңғарлардан босату, тек қазақтардың өздері істей алатынын түсінді.

Қазақтардың Ресейге қосылу процессі – 1731ж (150 жылға созылды).

Орынбор губернаторы Неплюев көтерілісті жаншуға, басуға рұқсат етті.

 

Қазақстан XVIII ғ ортасы

1748 ж - Әбілқайыр өлімінен кейін Кіші жүзде екі хан.

 

Солт-Батыс – Нұралы Оңт-шығысы Батыр

(Әбілқайыр ұлы) Кезінде Әбіқайыр қолдаған Шекті руы

Батырға ауысады.

Нұралы мен Батырдың арасындағы бақталастық Ресей үкіметіне Каспий теңізінің солт-шығыс аудандарын отарлау үшін қолайлы болды.

 

Жоңғария мемлекетінің құлауы:

1745 ж – Қалдан-Серен қайтыс болды.

1747 ж – Алтайдың байлығын Елизоветта Петровна Демидовтар әулетінен алып, Романовтар меншігі деп жариялады.

1755 ж – Жоңғарияда азамат соғысы басталды. Жоңғар тағына Ла-ма Доржа отырады.

1755 ж – Әмірсана Қытай императоры Цань Луннан әскер алады.

1755 ж- 19 шілде – Цань Лунның жарлығына сай Жоңғар жері Цинь мемлекетінің меншігі деп жарияланады.

1756 ж – Жоңғар әскерлері Іле өзеңін бойлай, Қазақстанның шекарасына өтті.

1757 ж – Фу Дэ, Чжао Хой бастаған әскерлер Қазақстан жеріне бастапкірді.

1757-1760 жж – Абылай хан Қытай билігін мойындады.

1758 ж – Жоңғария мемлекеті жойылды. Халқының 4/10 бөлігі – аурудан, 2/10 бөлігі – Ресейге қашты, 3/10 бөлігі – Цинь әскерінің қолынан қаза болды.

1758 ж – Жоңғарлар Еділ бойына қалмақтарағ (қандастар) жетуге тырысты.

1771 ж – Еділ бойынан қалмақтар Жоңғария жеріне көшті.

1761 ж – Шыңжан шекарасы (Жаңа шекара) құрылды.

Әскери шептердің салыну барысы(XVIII ғ – 40-50 жж):

Горькая шебі – Сібірден Омбыға дейін. 553 верста. Солт- шығыс бағыты.

Ертіс шебі – Омбыдан кіші Нарымға дейін. 1684 верста.

Колыван шебі – Өскеменнен Алтай тауларын басып өтіп, Колыван зауыттарын басып алады, соңғы нүктесі Кузнецк шебімен жалғасады. 723 верста.

Звериногорск шебі – Омбыдан звериногорск аралығында бекіністер салуға ұйғарды.

1752 ж – ең ірі салынған бекініс Петропавл. (Звериногорск шебінің ортасында).

Звериногорск шебі Пресногорск шебі немесе Есіл шебі деп аталады. Е.Пугачев көтерілісі кезінде.

Жер мәселесі:

1742 ж – Жайық өзенінің бойында мал жаюға тыйым салынған үкім шықты.(Пугачев көтерілісі кезінде халық Нұралыға Патша үкіметінен осы үкімді жоюды талап етуді сұрады).

1756 ж – Құркүйек айында Жайық жағасында Қазақтардың мал жаюына алғаш рет ресми шек қойылды.(оң жағасына).

1757 ж – желтоқсан айында Кіші жүз ханы Нұралыға орыс үкіметінің шешімімен жайық өзенінің мал айдап өтуіне тыйым салынды. Жайықтың бойында мал жаю үшін, орыстарға аманат(баласын) беруге керек болды.

Жайықтың ең құнарлы жерлері – князь Юсупов пен граф Безбародкаға берілді.

Орал казактарының санынкөбейту үшін – Ресейден: қылмыскерлер, жерсіз шаруалар, 1760 жылы Доннан, Башқұрт жерінен казактар әкелінді.

1799 ж – І Павел Орта жүз қазақтарына 45 000 отбасына Ертістің оң жағына мал жаюға рұқсат етті.

1757-1758 жж – Орынбор өлкесін басқарған Рычков пен Тевкелев Жайық бойында мал жаюға тыйым салған үкімет талабын орынсыз деп түсінді.

Орынбор губернаторы Давыдов қазақтарға қысым көрсетті.(кіші жүзге).

Қазақ-Орыс сауда байланыстары.

18 ғ- ортасы – айырбас орталығы – Орынбор.

1745-1759 жж – Орынборға 1 млн сомның малы әкелінді.

18 ғ – ІІ-ші жартысы – Қазақ-Орыс саудасының орталықтары: Семей,Өскемен, Бұқтырма,Жәміш, Железинск, Омбы,.

18 ғ – 60 ж – Қазақ-Орыс сауда байланыстарының кеңейген кезені.

18 ғ – 60 ж – айырбас орталығы – Семей.

Керекудің манында Қалқаман мен Қарасу өзендерінде тұз өндірілді. Батыс Сібірді мен Орта Азияны тұзбен қамтамасыз етті. 300 000 пұт тұз өндірді.

1766 ж – Бұхар саудагерлерінің өтінішімен Әбілмамбет хан ІІ Екатеринаға хат жолдап, Түркістан арқылы өтетін ірі керуендерді Семей, Жәміш бекіністерінде шек қоймай қабылдауға рұқсат алды.

Орта Азиямен байланыс қаласы: Қызылжар(Петропавл).

Шыңжанмен байланыс қалалары: Семей, Өскемен, Бұқтырма.

Шәуешек (Тарбағатай) – тен, Құлжадан, Ақсудан, Қашқардан Қытай саудагерлері келіп тұрды.

1. Орыс тауарлары: шойын, темір қазан, шелек, шұға, бархыт, қант, нан.

2. Орта Азия көпестерінің тауапрлары: жылтырмата, әр-түрлі жемістер, алаша, бархыт, қыжым.

Қазақстанның Қытаймен сауды-экономикалық байланыстары.

І. 1805-1806 жж- Қытаймен сауданы түзелту үшін, Пекинге Головкин елшілігі жіберілді. Ол Урга қаласынан оралды.

19 ғ – басында – Шыңжанмен сауда орталықтары: Өскемен,Бұқтырма, Кереку.

Орта Азиямен байланыс орталығы: Семей, Петропавл.

ІІ. 1811 ж – Ресей үкіметі шекаралық ауданға тілмаш Путимцевке Бұқтырма арқылы сауданың тиімділігін анықтауға тапсырды.

1809 ж –Нерпин Тара қаласынан Бұқтырмаға келеді, одан кейін Шәуешекке барады.

1812 ж – Ташкент көпестері Мирқұрбан Ниязов, Ахмади Аширов Құлжа базарына 1 млн сом тауар сатып, пайдамен оралды.

19 ғ – басында – Семей, Өскемен, Бұқтырма, Петропавл керуен жолы арқылы Қытайға баратын саудагерлерді қолдау үшін, үкімет қарулы казактарды бөледі.

1803 ж – Ресей үкіметі көпестерге өздеріне қорғайтын қарулы топ ұстауына рұқсат етті.

1796 ж – Стамбулдан шыққан Бағдат көпестері Парсыны, Ауғанстанды, Үндістанды, Түркімен жерін басып өтіп, Семейге жетті.(Шетел көпестері).

ІІІ. Батыс-Сібіргенерал-губернаторы Капцевичке үкіметтің ұсынысы бойынша Шәуешекке(Тарбағатай), Құлжа, Ақсу, Жаркент қалаларына қытайлықтарды қызықтыратын Ресей тауарлармен саудагерлерді аттандыру тапсырды.

1824 ж – Құлжа мен Қытайдың қалаларында сауда жүргізген ташкент көпесі Муминов Қазақстан арқылы Цин империясымен сауда жүргізу пайдалы екендігіне жергілікті басшылардын көзін жеткізуге тырысты.

Шыңжанда базарында сатылатын Ресейлік тауарлар: өнеркәсіптік дайын бұйымдар, матаның кейбір түрлері.

ІV. Сібір шекарарлық басқармасының бастығы генерал-лейтенант Глазенап.

1822 ж – Сібір жарғысы бойынша шекаралық комиссияға Петербург сарайының рұқсатынсыз Қытаймен сауда-қарым-қатынас жасауға кең құқық берілді.

Грузин көпесі Семен Мадатов Ақсу, Құлжа, Қашқар, Жаркент Үлкен Тибетке жетті. Кашмирде болып 250 кашмир орамалын әкелді.

Ауған көпесі Михти Рафаил Семейден Қашқарға тікелей апаратын жаңа жолды ұсынды.

19 ғ- 30 жылдарда – Баж салығы көбейтілді.

19 ғ- басында – Қытаймен сауда қарым-қатынаста Мемлекетаралық келесім шарттын жоқтығы кедергі болды.

Қазақ-Қытай сауда қатынастары.

1851 ж дейін – Қытаймен байланыс орталығы Кяхта қаласы болды.

1851 ж – 25 шілде – Құлжа келісімі жасалды. Қытаймен сауда орталықтары: Семей, Өскемен, Орынбор, Троицк.

Негізгі айналымдағы тауар – Шай (Ақ-құйрық шайы).

1855 ж – Шәуешек қаласында орыс көпестерінің сауда орындарының жергілікті тұрғындар талан-таражға салды. Құлжа келісімі жойылды.

1855 ж – Сауда Құлжа қаласымен шектелді.

1856 ж – І Александр Сібір комитетіне сауда байланыстарын кеңейтуге жол ашуды талап етті.

1860 ж – ІІ жартысы – Орыс –Қытай сауда байланыстары құлдырады.(19ғ 60ж)

1862-1877 жж – Маньчжур Цин әулетінің өктемділігіне қарсы ұйғыр-дүнген халықтарының азаттық қозғалысы. Көтерілістің басында Қоқан әскери басшысы Якуббек жеңіске жетті. Қашқар, Үрімші қалаларына дүнгендік одағы басшылық еткен Ұйғыр мемлекеті құрылды.(Жетіашар)

1864 ж – Қашқарда Жетіашар-Мұсылман мемлекеті құрылды. Орыс-Қытай қарым-қатынастарына өзгеріс енгізді.

1864 ж – Шыңжандағы көтеріліс барысында Іле өлкесінде Іле сұлтандығы құрылды.

1881-1883 жж – Ұйғырлар мен Дүнгендер Жетісу мен солт.Қырғыстан жеріне қоныстанды. (45 000 ұйғыр, 5000 дүнген).

Алматы облысында 6 ұйғыр облысы құрылды: Жаркент, Ақсу-Шарын, Жанкент, Қорамса, Қарасу, Малыбай.

1881 ж – Петербург келісімі.

1860 ж – Пекин келісімі.

1864 ж – Шәуешек келісімі.

1881 ж – Сауда орталығы – Семей, Петропавл (Петербург келісімі).

1881 ж- 12 ақпан – Петербург шартына сай, орыс-қытай шекарасынан 60-65 шақырымға дейін шайды баж салығынсыз сатуға рұқсат етілді.

Петербург шарьының маңыздылығы – Іле су жолының ашылуы.

1882 ж – Англиядан кеме сатып әкелді: Жетісу генерал-губернаторы Колпаковский, Инженер Поклевский, Ұйғыр көпесі Вали Ахун Юлдашев.

1883 ж – Кеме Іле су жолына түсірілді. Қытайдың Сүйдін бекінісіне апарылды. 20 000 пұт астық жеткізді.

1890 ж – Семей сауда округі құрылды.

1894 ж- 10 тамыз – Сібір темір жолы салынды. Қытаймен сауданы жаңа сатыға көтерді.

Жәрменкелер

Ресейде Қазақстанда

Ірбіт Кристовск Жетісу Оңт. Қазақстан

Қарқара Қоянды(Ботовтың есімімен)

Капитализмнің дамуы.

19 ғ- ортасында – Қазақстанда капитализм дамыды.

19 ғ- соңғы 10 жылда – Өлкеде 482 верста темір жол болды.

20 ғ-басында – Өлкеде 1818 верст темір жол.

1893 – 1895 жж – Ұзындығы 3138 шақырым Сібір шойын жолының 178 шақырымы Қазақстанды басып өтті.

1893 - 1897 жж – Рязань-Орал теміржолы салынды. 194 шақырымы Батыс ауданын басып өтті.

1906 ж – Орынбор – Ташкент теміржолы салынды. 1656 шақырым. Ол Орынбор-Кубек, Ташкент-Кубек бөлімдері қосылды.

19 ғ – Ірі өнеркәсіптер (жұмысшылар саны >300,400) : Успен кеніші, Қарағанда көмір алабы, Екібастұз, Риддер.

1867 ж – Басқұншақ кәсіпорында 55 000 пұт тұз өндірілді, 1900 жылы бұл көрсеткіш 20 млн пұт тұз өндірілді.

Спасск Успенск мыс кеніші АҚШ, Германия, Белгия, Швеция елдерінің қолында болды.

Атбасар, Риддер, Қарағанды, Екібастұз шет елдерге сатылды.

Банк жүйелері.

1. Оралда 1876 ж ашылды.

2. Петропавлда 1881 жылы ашылды.

3. Семейде 1887 жылы ашылды.

4. Омбыда 1895 жылы ашылды.

5. Верный 1912 жылы ашылды.

Сауда және қалалар.

1932 ж – Бөкей Ордасында тұнғыш жәрменке ашылды.

Жәрменкелер басты орталығы: Ақмола облысы.

1. Тайынша көл. (Петропавл уезі).

2. Константиновка (Илецкая).

3. Ақмола қаласы.

4. Петровка (Атбасар станциясында).

Жетісу облысы: Қарқара уезіндегі Талды-Қоянды – 1848 ж ашылды.(Ботовтың есімімен)

Қытаймен қарым-қатынастағы жәрменкелер:

1. Қарқара(Жетісу уезі)

2. Ойыл(Орал облысы)

3. Шер-Екатеринская(Семей облысы)

6-7 сом тұратын Самаурын үшін, қазақтар 20-25 қой берген екен.

15 тиын тұратын Ұстара үшін, қазақ 1 қой берген

19 ғ – 19 қала болды.

19 ғ- сонынды – 19 000 жұмысшы болды. 1902 ж – 30 000 жуық болды.

1897 ж – санақ бойынша ірі қалалар: Орал(34446), Верный(22744), Семей, Қостанай

1845 ж – Ырғыз мен Торғай бекінісі салынды.

1868 ж – Ырғыз мен Торғай қала боп санала бастады.

Абылай хандығы.(1711 -1781 жж)

Абылай Уәли Әбілмансұр лақап аты – Сабалақ

13 жасында жетім қалды. 15 жаста жоңғарға қарсы соғысқа қатысты. Калданның ұлын Шарышты жекпе-жекте өлтіреді. Орта жұздің ханы Әбілмәмбетке келіп қосылады.

1740 ж – Орск қаласында Абылай мен Әбілмәмбет Орыс билігін мойындайды.

1741-1743 жж – Абылай жоңғарлардың тұтқында болды.

Абылай батырлаға сүйенді. Оны қолдаған батырлар: Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Малайсары,Тарақты Байғазы,Қанжығалы Бөгенбай, Баян Батыр.

Әділ деген баласын Қытайға аманат ретінде береді. Абылайды тұтқыннан босату үшін Миллер қатысты.

18 ғ- 70 ж – Ходжент пен Ташкент билеушілері Абылайға алым-салық төлеп тұрды.

Түркістан, Сайрам, Шымкент, Созақ қалаларын Абылай қазақтарға қайтарды.

1778 ж – ІІ Екатерина Абылайды Орта жүздің ханы етіп бекітті. Грамотаны алу үшін Орынбор мен Троицк қалаларына шақырды. Абылай бармайды, ханның аулына келіп өздері әкеліп тапсырды.

· Билер қызметіне шек қойды, хандық билікті шектеусіз етті. Егін шаруашылығына мән берді.

Егін шаруашылығы

Есіл Ертіс Көкшетау Тарбағатай

1761 ж – ІІ Екатеринадан 200-300 пұт астық сұраған.(Елизоветта Петровна)

Жыраулар Абылай кезенінде:

1. Ақтамберді (1675-1768 жж) – Бөгенбай, Қабанбай батырларға жыр арнаған. Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында туған.

2. Тәттіқара – Абылайдың ұнатқан жыраулардың бірі. Қарапайым отбасынан шыққан. Абылайдың жақсы қасиеттерін жырлағын.

3. Үмбетей (1706-1778 жж) – Соңғы шығармалары Абылай кезендегі қазақ қоғамының ішкі өмірі туралымаңызды мағлұмат көзі болып табылады. Бөгенбайға арналған жоқтау шығарған. Шақантайға жыр арнаған.

4. Бұхар жырау – кеңесшісі.

5. Жанақ ақын (1775-1846 жж) – «Қозы Көрпеш –Баян Сұлу» поэмасын жазды.

Отаршылдыққа қарсы көтерілістер.

Е.Пугачев көтерілісі 1773-1775 жж.

Ресейде: Иван Болотников, Степан Разин, Булавин, Емельян Пугачев.

Еділ мен Жайық бойындағы езілген халықтар – башқұрт, татар, қазақ, орыс.

Кіші жүз: І кезең – 1773 қыркүйек- 1774 наурыз

ІІ кезең – 1774 наурыз – күз айлары

ІІІ кезең – 1775 қыркүйек – 1776 ақпан

1773 ж-17-18 қараша – Усиха өзенінің бойында Нұралы ханның өкілі Зәбір молда Пугачевпен кездесті.

(Кіші жүзде)соғыс болған бекіністер:

1. Кулагин бекінісі. Көтерілісшілер басып алды.

2. Жайық. Қазақ жігіттері бекіністі қоршауға табан тіресі қатысты.

3. Орынбор. 200 жуық қазақ қатысты.

Орынбор генерал-губернаторы – Рейнсдорг

1776 ж- сәуір – генерал Рейнсдорг үкіметке жолдаған хатында тыныштық орнағанын қуана хабарлайды.

Көтеріліске кіші жүзден қатысқан сұлтан – Досалы, ұлы Сейдалланы бас етіп.

Нұралы патша үкіметіне кіші жүз қазақтарының Пугачев көтерілісіне қатысуын, өзіне бағынбауынан деп түсіндірді.

Орта жүз: І кезең – 1773 қыркүйек- 1774 сәуір

ІІ кезең – 1774 сәуір – маусым айлары.

ІІІ кезең – 1774 жазы – 1776 аралығы.

Орта жүз бекіністері көтеріліске қатысқан.

1773 ж – қазан: Пресногорьск топталды. Троицк,Гагарьевск

1774 ж – жаз – Звериногорск бекінісі төнірігінде Пугачев тығылып жүр деген лақап тарайды.

Батыс-Сібір губернаторы – Чичерин Ертіс өзенінің жоғарғы ағысында бекіністерге казактардың күшін нығайтты.

1. Сібір шебі: 1774-1775 жж тұрақты әскердің қатарында 3500 адам болды.

2. 1775 ж – 626 адам толықтырды.

3. Кейіннен тағы 409 солдат орналастырылды.

Пресьногорск,Петропавл,Верхноозерный

Қыпшақ Керей Кенжеғалы Қарауыл рулары көтеріліске қатысты.

1774 ж – генерал Диколонг Петербургке граф Панинге хат жолдады. Қазақтардың толқуын басу мүмкін емес екенін қынжылды.

Дәуітбай би- көтерілісті қолдады.

Сырым Датұлы көтерілісі

Сырым Датұлы – Байбақты руының старшыны, отаршылдыққа қарсы көтеріліс.

Кіші жүздің хандары Нұралы, оның інілері Айшуақ, Ералы, жақын туысы Досалы Орынбордан жалақы алып тұруы хандық биліктің еңкейе бастағанын көрсетті.

1744 ж – Неплюевтың кезінде құрылған Орынбор губерниясы таратылды.

Кіші жүз – Сібір, Уфа басқармасына бағындырылды.

1778 ж – Орал казактарының қолынан Сырымның балалары қайтыс болды.

1783 ж – Ашық арпалыс. Алғашқы қақтығыс. Казак әскерімен алғашқы ашық қақтығысы.

1784 ж – Кескілескен күрес.

1783 – 1784 жж – Сырым Орал казактардың тұтқынында болды. Нұралы босатып шығарады.

1784 ж – Сағыз өзенінің бойында көтерілісшілердің саны 1000-ға жетті.

1785 ж – Жем өзененің бойында көтерілісшілердің саны 7000-ға жетті.

Жазалаушы отрядтар:

І. 1785 ж -17 ақпан – Көтерілісті басу үшін генерал-майор Смирнов тобы келді. Ақпан айының бораны жазалаушы отрядтың кіші жүзге енуіне мүмкіндік бермеді. Көтеріліске қатысы жоқ ауылдарды ойрандады. 70 қазақты тұтқындады.

ІІ. 1785 ж(1787 ж) – наурыз – 1000 астам қаруланған күші бар Колпаков пен Понаморев келді. Әскери коллегияның президенті Потемкин көтерілісшілердің тобын Жем өзенінің бойында талқандауға тапсырды.

ІІІ. 1785 – көктем – майор Назаровтың тобы келеді. Табын руына шабуыл жасады. Сырым Сахарная бекінісін алуға талпыныс жасайды. Айшуақ Орал казактарына тұтқынға тұсты. Айшуақтың баласы Атақ қаза болады.

 

1783 – 1785 жж – көтерілістің басты қимылдары патша үкіметіне қарсы болды. Нұралы ханның патша үкіметімен бірлесуі – Сырыммен алауыздықтың басты себебі болды.

1785 ж – Нұралы тақтан түсіру – көтерілістің басты мақсаты.

1785 ж – Нұралыны тақтан тайдыру туралы кіші жүз старшындарының сьезі болды. 20 рудын өкілдері қатысты. Нұралы Орал әікімшілігінен пана іздеді.

1786 ж – Нұралы Уфаға жер аударды.

1790 ж – Нұралы Уфада қайтыс болды. Орынбор генерал-губернаторы О.Игельстром кіші жүздегі билікті шекаралық сотқа берді.

Шекаралық сот: патша үкіметінің шенеуніктерінен және жергілікті топ өкілдерінен құрылды. 1786-1791 ж – ІІ Екатерина бекітті: шекаралық сот бағындырылды – генерал-губернаторға.

Билер Батыр сұлтанның баласы Қайыпты хандыққа ұсынды. Сырым билікті билер кенесіне беруді ұсынды.

1786 ж – Орынборда шекаралық комиссия құрылды. Францияда король билігінің құлатылуы, Ресейде Романовтар әулетіне қарсылық тудырып, барон Игельстром реформасын тоқтатуға себепші болды.

Реформаның жобасында ағарту жұмысын дамыту, сауда-саттық, ағартушылық, шаруашылық талаптары болды.

 

18 ғ- 90 жылдардағы көтеріліс.

1790 ж - Орал атаманы Донсков бейбіт ауылдарға қатігездік көрсетті.

1790 ж – төртқара руының қазақтары шетелдер коллегиясының мүшесі граф Безбародкаға Донсковқа қарсы шағымданды.

1790 ж – ІІ Екатерина бейбіт ауылдардың тыныштығын алмау туралы нұсқау берді. Генерал- губернатор Пеутлинг оны басқаш түсініп, одан сайын қазақтарды қудалады.

1791 ж – Сырым табын мен кердері руларын Мұғалжар тауына көшірді.

1791 ж – Орск қаласының манында Әбілқайырдың ұлы, Нұралының інісі - Ералы кіші жүздің ханы болды. Осы оқиға – көтерілістің қайта жаңдануын тездетті.

1796 – 1797 жж – Жұт болды.

1797 ж – Қаратай сұлтан Сырымды қудалады.

1797 ж – соңы – Сырымды полковник Скворкин тобы қудалады.

1797 ж – Патша үкіметі Сырымды өзіне тарту үшін, Айшуақ сұлтан төрағасы болып белгіленген «Хандық кеңес» құрды. Ол 4 адамнан тұрды. Хандық кеңеске Сырымның ықпалының күшеюі Орынбор әкімшілігін қатты үрейлендірді. Сондықтан Айшуақты хан болып сайланды.

Көтерілістің жеңілу себептері:

· Старшындық топтың арасындағы алауыздық;

· Сырымның көтерілістің барысында мақсатын өзгертуі;

· Көтеріліс әлсіз ұйымдастырылды;

· Феодалдар арасындағы алауыздық;

· Ру арасындағы қайшылықтар.

Әбілқайыр(1723-1748жж) Нұралы(1748-1785)- Ералы(1891-1894)- Есім(1795-1797)- Айшуақ(1797)- Жантөре («Шалқыма» күйі бар) – Шерғазы(1824 – ке дейін).

 

1837-1847 жж Кенесары Қасымұлы көтерілісі.

19 ғ- 20 жылдары – Ұлы жүздің бір бөлігі, кіші жүздің оңтүстік бөлігі Қоқанд бектерінің билігінде болды.

19 ғ- 20-30 ж- Хиуа хандығында шекті, табын, төртқара, байұлы руларына қысым көрсетіп, Сыр өзенінің бойында бірнеше бекініс салды.

1822 жылғы жарғы бойынша қазақтар өз жерлерінен ығыстырылды. Көкшетау мен Ұлытаудың манынан қысым көріп Қоқан билеушілерінің жеріне жақындайды.

19ғ- 20 ж- Ұлт азаттық көтерілісті Саржан Қасымұлы бастайды.

1836 ж – Саржанды Қоқан ханы зұлымдықпен өлтіреді.

Жоламан Тіленшіұлы көтерілісінің басталуына себеп болған оқиға – Жаңа Елек өзенінің бойында әскерир бекіністің тұрғызылуы.

1738 ж - жаз-күз – Көтеріліске орта жүз қатысты.

1838 ж - күз – кіші жүз қатысты.

Көтеріліске қатысқан округтер:

1. Көкшетау. Шеген, Қанқожа Уәлиұлы. Таны Тортайұлы. Айғаным (Шоқан әжесі).

2. Ақмола. Күшік, Жадай, Жанат Айшуақұлдары.

3. Құсмұрын.

4. Баянауыл.

5. Қарқаралы.

80 сұлтан қатысты.

Көтеріліске қатысқан батырлар: Ағыбай, Иман, Жоламан Тіленшіұлы, Бұхарбай, Бұғыбай, Анғал батыр, Жеке батыр, Байсейіт батыр, Сұраншы батыр.

Көтеріліске қатысқан ұлттар: қазақ, орыс, өзбек, қырғыз.

1837 ж– қараша – К.Қасымұлы Петропавл шыққан керуенді қорғайтын Ақтау бекінісі казактарына тұнғыш рет шабуыл жасады.

1838 ж- 26 мамыр – Кенесары Ақмола бекінісін өртеді. Қонырқұлжа Құдаймендіұлы мен Карбышев Ақмоланы қорғай алмады.

1841 ж – Кенесары Ташкентке аттанды.

1841 ж – Созақ, Жаңақорған, Жүлек, Ақмешіт бекіністерін қоршады. Қоқан ханы одақ құруды ұсынды.

Кенесары көтерілісін басып-жаншуға арналған топтар:

1. 1842 ж – Орынбор губернаторы Обручев.

2. 1842 ж – Батыс Сібір губернаторы Горчаков

3. 1843 ж – І Николай патша Лебедев бастаған 300 казактан тұратын отряд жібереді. Кейін Кенесарыға қарсы күресте дәрменсіздігі үшін Лебедев Орынборға сотқа тартылады.

4. 1843 ж – Кіші жүзден Баймағамбет Айшуақұлы, полковник Геке, Бизанов, Ахмет Жантөрин.

1844 ж – 20-21 шілде – Ахмет Жантөринмен шайқас болып, 44 сұлтан қаза болды. Поколник Дуниковский көмекке келе алмай, Ахмет жантөрин Тобыл өзеніне шегінеді.

Елшілер:

І. 1838 ж – Ақбұлақ округтік приазы төнірігінде Батыс Сібір ген-губернаторы Горчаковқа және І Николайға арналаған хатты тапсыруға 5 өкілін жібереді. Бесеуі де тұтқындалып, жазаланады.

Кенесарының талабы – Округтік приказдарды жою, Абылай хан заманындағы қазақ жерінінің дербестігін қалпына келтіру.

ІІ. Талабы – әскери бекіністің қарамағына іліне қоймаған Ақтау, Есіл – Нұраға дейінгі жерді сұрады.

1844 ж – Орынбор шекаралық комиссиясының өкілі би Жаманшин Орынбор губернаторы Обручевтің хатын Кенесарыға табыс етті.

1845 ж – Кенесарының аулына Долгов пен Герн келеді. Кенесарыға Орынбор өнірігіндегі қазақтардың иелігін Ресей империясына бір бөлігі ретінде мойындаса ған кешірім жасалатынын айтты.

1844 ж – Кенесары мен патша үкіметінің арасындағы келіссөздің тоқтатылу себебі: екі жақ бір-бірінің талаптарын мойындата алмады.

1845 ж – Ырғыз, Торғай бекіністері салынды.

1845 ж – Кенесары адай руынан, Бұхар әмірлігінен жер бөлуді сұрады.

1845 ж - Қытайдан көмек сұрай мәселесі талқыланды.

1845 ж – Сарыарқадан ұлы жүзге бет алды. Ұлы жүзде Қоқан хандығының езгісіндегі қазақ руларын дербестік алуға көмек көрсетіп, өзіне тірек жасау еді.

Жетісу қазақтарының Ресейден көмек сұрауының себебі: Кенесарының сонынан ермеген ауылдарды ойрандауы.

Кенесарыны қолдаған ұлы жүздің батырлары: Тайшыбек, Сұраншы, Саурық.

Кенесарыны қолдаған ұлы жүздің билер: Байзақ, Медеу.

1845 ж – Созақ, Жүлек, Жаңақорған бекіністерін алды. Түркістан мен Ташкентке қауіп төндірді.

Кенесарыға қарсы Қоқан мен бұхара одақ құрды. Үйсіндер кенесарыны қолдайды.

Қырғыздардың жеріне кіру себебі: Қоқанд бектеріне қарсы бірігіп күресу жөніндегі ұсынысын жауапсыз қалдырды.

1847 ж – Кенесары қырғыз жеріне басып кірді. Тоқмаққа жақын жерде Майтөбе (Кекілік-Сеңгір) деген жерде қырғыз манаптарынан(феодалдарынан) қаза болады.

Рүстем сұлтан мен Сыпатай бидің ұрыс қарсанында жауынгерлерімен Кенесарыдан бөлініп кетуі қазақ жасағының женілуіне әсер етті.

Көтерілістің жеңілуінің негізгі себебі: Феодалдық топтардың Кенесарыны қолдамауы, Ресей империясынан жеңілдіктер алған сұлтандар мен билердің Феодалдық мемлекетті қалпына келтіруге мүделі болмауы.

1841 ж – Кенеасары хан болды. Билер сотын жойып, оның орнына хандық сотын енгізді. Егін шаруашылығына көңіл бөлді.

Көтерілістің барысында сауда құлдырады, көтерілісшідердің саны 20 000 жетті, жүздіктерге мен мындықтарға бөлінді. Опасыздық жасағандарға өлім жазасы берілді.

Негізгі мақсаттарының бірі – патша үкіметінің қазақтарды отарлауын тежеу.

1836-1838 жж Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі.

Осы кезенде орыс патшасы – І Николай.

Кіші жүз ең үлкен аумақты алып жатыр. Ауданы – 850 мың км2;

Территориясы – Оңтүстікте – Хиуа, Түркімен, Қоқан, Қарақалпақ

Солтүстікте – Астрахань, Орынбор, Саратов

Шығысы – Ұлы жүз, Орта жүз

Жайықтан – Тобылдан бастап, Сырдың төменгі ағысына дейін барады.

1801 ж – Бөкей ордасы құрылды. Территориясы – Еділ мен Жайық аралығы. Оның құрылу мақсаты: қазақтардың жер үшін күресін біршама бәсендетіп, оны өзінің отарлау саясатындағы басты бағыты деп қарастырды.

Әбілқайыр – Нұралы – Бөкей – Жәнгір (1804-1845 жж)

Бөкей – кіші жүздің сұлтандарының бірі, Қаратай сұлтанмен(туған ағасы) алакөз болды. Орыс үкіметіне арқа сүйенді.

Жәңгір – Астрахань губернаторының үйінде тәрбиеленді. Парсы, Араб, Орыс тілдерін білді.

1841 ж – Жәңгір Бөкей ордасында мектеп ашты.

1831 ж – Орынборда декабристер мұрашай ашады. Соған экспонат жинауға Жәңгір көмектеседі.

Хан сарайы салынды – «Жасқұс» деген жерде.

1827 ж – «Хандық кеңес» құрылды. 12 биден тұрды. Ханның тапсырмасын орындайтын 12 старшын болды. Баж сылығының жиналуын қадалады.

Көтерілістің үш кезені:

1. 1833 – 1836 жж – Көтерілістің алғышарттарының қалыптасуы.

1833 ж – Қарауылқожа Бабажанұлы Каспий теңізінің өнірігіндебилеуші боп сайланды – көтерілістің басталуына түрткі болды.

2. 1837 ж – Көтерілістің етек алған кезені.

3. 1837 желтоқсан – 1838 шілде – Көтерілістің женілу кезені.

1837 ж – 13 желтоқсан – көтерілісшілер Жамаңқала бойында шепті бұзып, кіші жүзге өтеді.

1838 ж- шілде – Ақбұлақ шайқасы.

Көтеріліс басшылары:

Исатай Тайманұлы (1791 – 1838 жж):

1812 ж – Бөкей хан Исатайды Беріш руының старшыны етіп тағайындайды.

1814 ж – Орынбор шекаралық комиссиясы старшындыққа бекітеді.

1817 – 1823 жж – Орынбор губернаторының көрсетуімен, сотқа тартылады.

Махамбет Өтемісұлы (1804 – 1846 жж): Беріш руының старшыны

1824 – 1829 жж – Орынборда тұрды. 20 жастағы ақын, Жәңгірдің баласы Зұлқайнарға тәрбиеші болды.

1829 ж – Шаруалар қозғалысына қатысқаны үшін, Калмыков бекінісіне қамалды.

1836 ж 17 наурызда – Жәңгір хан Қарауылқожа Бабажановқа көтеріліс басшыларын тұтқындауды тапсырды.

1836 ж – қазан – Исатай туының астында 20 ауыл бірікті.

1836 ж – Исатайдың 1000 сарбазы болды.

І Николай көтерілісті қатаң жазалауды Перовскийге тапсырды. Перовский осы кезінде подполковник Геке мен Покотиловқа тапсырды.

1837 жылғы оқиғалар:

15 қазан – Исатай мен Махамбет Теректұқым деген жерде Жәңгірдің сыбайласы Балқы Құдайберген аулын ойрандады.

Қазан – Ханның резеденциясын қоршады. Көтерілісшілер саны – 2000

Қараша – Жәңгірдің әскері мен Геке әскері бірікті. Меркулов тобы да бірігіп кетеді.

15 қараша – Тастөбе шайқасы. Көтерілісшілердің жеңілуі – көтерілістің кейінгі барысына әсер етті. Көтерілісшілер саны азайды. Подполковник Геке – «Полковник» атағын алды.

Көтерілістің сот жазалау ісін – басқарды полковник Геке.

Тартып алған малды – Жәңгірге жақын феодалдарға таратып берді.

13 желтоқсан – Жаманқала түбінде көтерілісшілер шепті бұзып, кіші жүзге 40 адам өтеді. Перовский осы кезінде Исатай тобының Жайықтан өтіп кетуіне кінәлі, Хорунжий Мезинов пен Бородинді әскери сотқа тартуға талап етті.

Исатай көтерілісін тездетіп басуға әсер еткен оқиға: 1. Кенесары көтерілісі. 1938 күзде

2. Кіші жүздің батысында Хиуа ханымен байланыста болған сұлтан Қайыпқали Есімұлы көтерілісі.

Көтерілістің жеңілуі (1838):

· Геке бастаған жазалаушы күштер, Қайыпқали Есімұлын талқандауға тиіс болды.

· Исатайды қолдаған Жоламан Тіленшіұлын талқандау үшін атаман Падуров пен Гекеге жүктелді. (Елек өзенінің бойында).

Исатай 500 сарбазымен Баймағамбет Айшуақұлына соққы беру үшін Қайыпқали Есімұлынан бөлінді.

1838 ж – 12 шілде – Ақбұлақ шайқасы. Геке әскерлері мен сұлтан Баймағамбет әскерлері бірігеді.

С.Баймағамбетов – подполковник атағын алды.

Көтерілістің нәтижесі:

· Жәңгір ханның, хан туыстарының алым-салықты жылдан – жылға көтеруіне шек қойылды.

· Көтеріліске қатысқан старшындарымен санасуға тура келді;

 

 

1842 – 1847 жж Бөкей Ордасындағы көтеріліс.

Басышылары – Аббас Қошайұлы, Лаубай Мантайұлы.

Аббас Қошайұлы (Ноғай руынан шықты): 1824 ж – Орал мен Орынборға барып Жәңгірге қарсы шағым айтады.

Лаубай Мантайұлы (Масқар руынан шыққан): Жәңгірге қарсы Орынборға барып шағым айтады.

1844 ж – Бородин Лаубай мен Аббасты тұтқындады.

1847 ж – Аббас Лифляндияға жер аударылды, Лаубай түрмеде өледі.

 

19 ғ- 50 жылдардағы қазақ шаруаларының қозғалысы.

Хиуа ханының ұлы Мұхаммед Рақым Аллақұл Жаңадария, Хуандария бойында қамалдар тұрғызды. Осы оқиға халық батыры Жанқожа Нұрмыхамедұлы көтерілістің басталуына себеп болды.

1843 ж –Жанқожа батыр Хиуа бекінісін құлаты.

1846 ж – Оның әскері жақсы қаруланған 2000 –дай хиуалықтарды жеңіп шықты. Батырдың даңқы үш жүзге тарады.

1845 – 1850 жж – Жанқожаның Хиуа ханымен күресі.

1847 ж – Жанқожаның Хиуаның Райым бекінісн жою әрекеті сәтсіз аяқталды. Қазіргі Қазалы қаласы 19 ғасырда Райым деп аталды.

1856 – 1860 жж – Ресей патшалығына қарсы күресі.

1856 ж – Жанқожаның қасында 2000 қарулы топ болды. Жаңақала көтерілістіңорталығы болды. Шекті, Шөмекей, Төртқара, Қарасақал – көтеріліске қатысты.

1856 ж – Жанқожа Қазалы портын қоршады. Булатов бастаған топпен қақтығыс болды. Патша үкіметі көтерілісті жаншуға, Фитингов әскерін жіберді.

1860 ж – Көтеріліс жаншылды. Жанқожа осы қозғалыста Есет Батырға сенімді өкілін жіберді.

 

Есет Көтібарұлы көтерілісі (1855 – 1858 жж)

Арал теңіздің солтүстік жағалауында – Көтеріліс боды.

Орынбор әкімшілігі көтерілісті жаншуға – Арыстан Жантөринді жібереді. Есет батыр сұлтанды сыбайластармен қырып салды.

Көтеріліс нәтижесі: 1858 ж – Орынборда Есет батыр Ресей әкімшілігінін билігін мойындады.

Қоқан әкімшілігіне қарсы күрес

Қоқан ханы Мырза Ахметбектің резеденциясы Ташкент қаласында болды.

1858 ж – Қазақ гаруалар көтерілісі.

Оңтүстік Қақастан, Сырдың орта ағысы Ақмешітке дейін, Ташкенттен – Жетісуға дейін жер Қоқанның жері болды.

1858 ж – наурыз – қоқан езгісіне қарсы ең ірі көтерілістің бірі Әулиеата манында болды. Қозғаушы күші – қырғыздар мен қазқтар.

Көтерілістің қамтыған аймағы: Шымкент – Мерке; Мерке – Пішкек;

1858 ж – Қырғыз – қазақ көтерілісшілері Қоқан әскеріне соққы берген жері – Пішкек түбінде. Пішкек түбінде болған ұрыста, қоқандықтар сәтсіздікке ұшырады. Ташкент билеушісі Мырза Ахмет қыздар мен тұрмыс құрмаған әйелдерге салық енгізді.

Ташкентке көтерілісті басу үшін әскери топ жіберді. Сол топтың бірін Кенесары ұлы Тайшүбек сұлтан басқарды.

1858 ж – көтерілісті басты. қазақ феодалдарымен ымыраға келу арқылы. Қоқан билеушілерімен жасаған ымыра: қоқан ханы ішінара жеңілдіктер жасады. Мырза Ахметтің орнында оның інісі Мұрат Аталықов сайланды.

1858 ж – көтерілістің нәтижесі: көтеріліс қоқандықтардың билігін құлатуға алғышарт жасады.

1858 ж – мамыр – қозғалыс оңт.Қазақстанның қалған аудандарына тарай бастады. Созақ, Мерке, Шолаққорған қамалдарын алды. Жаңақорған мен Түркістанды қоршады.

Ұлы жүздің Ресейге қосылуы

Қазақ рулары қыс айларында Хиуа мен Қоқан жеріне көшіп барды. Жаз айларында Ресей қарамағындағы жерлерге көшті.

Ресей шекаралық басқармасы, орта Азия хандықтары қазақтардан алым-салық алды.

Ағылшын үкіметінің қолдауына сүйенді: Хиуа, Қоқан, Бұхара. Орта Азияны отралауда Ресеймен бәсекеге түсті – Англия.

1812 ж, 1816 ж, 1820 ж – Хиуа ханы Мұхаммед-Рақым қазақ қоныстарын жан шошынып, күйзеліске ұшыратты.

1820 ж ақпан – Мұхаммед-Рақым 2000-ға жуық қазақ ауылдарын қиратты. Хиуа ханының әскерлерінің саны 10000.

1821 ж – Тентектөре бастаған көтеріліс. Саны – 10000. Қазақ-қырғыз шаруалары қатысты. Көтеріліс орталықтары – Сайрам, Шымкент, Әулиеата, Түркістан.

Жетісу және Оңт.Қазақстанның Ресейге қосылуға итермелеген жағдай – сауда және экономикалық байланыс.

1817 ж – С.Абылайұлы 66000 жалайырлар қосылды.

1825 ж – 50000 үйсін қосылды.

1863 ж – 5000 бестанбалы, 4000 қоңырат қосылды.

19 ғ – 40 ж – Ұлы жүздің аумағында Ақтау, Алатау, Қапал, Сергиополь, Лепсі бекіністері салынды.

19 ғ – 20-30 ж – Азия комитеттері құрылды. Жергілікті старшындар Батыс-Сібір генерал-губернаторы Капцевичтен көмек сұрады.

1825 ж – Орыс әскерлері, Қаратал өзеніне барды. Хорунжий, Ньюхалаф бастаған екінші топ Жетісуға терендей енді.

1846 ж – орыс әскерлері Қызылағаш өзеніне келді.

1847 ж – Қапал бекінісі салынды.

1848 ж – Ұлы жүзде пристав пайда болды.

Қаскелең өзенінің бойындағы Таушүбек бекінісі – Қоқанның негізгі тірегі.

1860 ж – Бекіністі алуға Гутковский аттанады. Жолда, Алматының бойында қырғыздармен қақтығысып, кейін шегінеді.

1851 ж – Таушүбекті алу үшін Карбышев тобы аттанады. Танеке Досетұлымен бірге.

1851 ж – 7 шілде – Таушүбек бекінісі алынды.

1853 ж – Орынбор генерал-губернаторы Перовский қоқандықтардың Ақмешіт бекінісін алады.

Батыс-Сібір генерал-губернаторы – Гасфорт. Гасфорт Батыс-Сібірді мен Сырдария шебін қосуды ұсынды. Петербург қолдады.

1853 ж – Ұлы жүз приставы майор Перемышельский отрядыТалғар өзенінің Ілеге құяр жерінде Іле бекітін тұрғызды.

1854 ж – Верный бекінісі тұрғызылды.

1855 ж – Сібірден 400 отбасы келді. Верныйға.

1855 ж – Пристав Қапалдан Верныйға ауысты.

1855 ж – Қырғыздың бұғы руы Ресей билігін мойындады.

1856 ж – Воронеждан және Орталық Ресейден Верныйға қоныстанды.

1857 ж – Татар словодкасы манында тұнғыш су диірмені.

1858 ж – Сыра зауыты ашылды. Тұнғыш өндеу кәсіпорны.

 

 

Верныйда тұрған саяхатшылар:

1. Семенов Тянь-Шанский

2. Прежевальский

3. Северцов

4. Ш.Уәлиханов – 1864 ж Верныйда тұрды.

Қазақстанның Ресейге қосылуына байланысты, қазақтар екі топқа бөлінді:

· Қарсы топ (Ресейге) – Сыздық Орыс әскерлеріне қарсы шықты.

· Қолдаған топтар – Сұраншы батыр, Шаян батыр, Жайнақ би.

1859 ж – Қастек бекінісі салынды. Ұлы жүз бен Қырғыз елінің солтүстік шекарасында.

1860 жылғы оқиғалар:

26 тамыз – Тоқмақ алынды.

қыркүйек – Пішкек алынды. Қоқанның Жетісудағы тіректерінің бірі.

19-21 қазан – Ұзынағаш түбіндегі шайқас. Қоқандықтардың 400 адамы, Орыстардың 2 адамы қайтыс болды. Жетісудің Қоқан езгісінен құтылуына ықпал етті.

Алатау округінің билеушісі – Колпаковский (1860 жылы)

1864 жылғы оқиғалар:

       
   
 


Түркістан алынды Мерке алынды Шымкент алынды Әулиеата алынды

М.Черняев пен Ш.Уәлиханов бірге болды.

Қоқан билеушісі Әлімқұл Хиуа мен Бұхарадан көмек сұрады.

1865 ж – Ташкентті алды. Орта Азияның саяси экономикалық орталығы.

1866 ж – Орыс әскерлері Бұхараға кірді. Кейін 1867 ж Түркістан генерал-губернаторлығына қосылды.

1868 ж – Орыстар Қоқанды алды. Түркістан генерал-губернаторлығына енді.

1873 ж – Хиуаны алды.

 

19 ғ – І жартысында – жергілікті өнеркәсіп пен кәсіпшіліктің жаңа салалары қалыптасты.

Балық аулау : Ертіс, Жайық, Каспий, Зайсан

Кен өндірісі: Кедейленген орыс-қазақ енбекшілері жатақтарға айналды.

1855 ж – Семейде екі қалалық жәрменке ашылды.

Сібір жарғысы:

1815 ж – 2 хан тағайындалды.

       
   


Уәли (1781-1819 жж) Бөкей(1815-1817 жж)

авторы – Сперанский, көмектесті декабрист Батеньков

мақсаты – Әкімшілік, сот, саяси жағынан өзгерту.

басқару жүйесі – 3 орган.

Округ - аға сұлтан (сайлады тек сұлтандар), 15-20 болыстан тұрды, майор шені берілді, 3 мәрте (10 жылдан кейін) оған дворян атағы берілді. 3 жылға сайланды.

Болыс – 10 -12 ауыл. Ресейдің 12 класқа жататын шенеуніктеріне тенелді, сайланғанда. Билік мұрагерлік болыс сұлтанына берілді.

Ауыл – 50-70 шанырақтан тұрды. 3 жылға сайланды ауыл старшыны, орыстын ауылдын старостасына тенелді.

Батыс-Сібір

Тобыл Тон Омбы(Сібір казактары)Орталығы – Тобыл

1839 ж – Омбы болды.

Округтар:

· Қарқаралы және Көкшетау – 1824 ж құрылды.

· Баянауыл 1826 ж

· Аягөз 1831 ж

· Ақмола 1832 ж

· Ұшбұлақ 1833 ж

· Аманқарағай 1834 ж

· 40 – 50 жылдары Көкпекті, Құсмұрын, Алатау округтары құрылды.

Сот жүйесі:

1.1822 – 1824 жж Реформа. 1).қылмыстық іс-округтік приказдар 2).Талап ету 3).болыстық басқармаға шағым айту.

2.1867 – 1868 жж Реформа. 1).Әскери сот 2.)уездік сот 3).қазылар мен билер соты.(Сырдария облысында сақталды) әскери губернатор бекітті.

1867-68 жж - сот реформасы

1886-91 ж – бекітілді

3.1886 – 1891 жж Реформа. 1). Бітістіруші сот- облыстық, уездік билеушілердің мүддесін қорғады. 2).соттардың төтенше сьезі – уездік, болыстық тұрғындардың мәселесін қарады. Әскери губернатордың рұқсатымен ған соттардың төтенше сьезі шақырылды. 3). Халық соты – мұсылман тұрғындардың ісі қаралды.

Кіші жүздегі реформа. 1824 ж – Орынбор жарғысы.

авторы - Эссен

1822 ж – Орынбор жарғысы дайындалды. Кіші жүзге 3 хан тағайындау жоспарланды, бірақ ол іске аспады.

1824 ж – Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға шақырылып, шекаралық комиссияға жұмысқа тағайындалды.

Кіші жүзде хандық билікті сақтап қалуға тырысты – Арынғазы Әбілғазыұлы.

Бөкей ордасында хандық билік сақталды – 1845 жылға дейін.

 


<== previous lecture | next lecture ==>
I Павел | Жж Реформа.
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.16 s.