Студопедия

Главная страница Случайная лекция


Мы поможем в написании ваших работ!

Порталы:

БиологияВойнаГеографияИнформатикаИскусствоИсторияКультураЛингвистикаМатематикаМедицинаОхрана трудаПолитикаПравоПсихологияРелигияТехникаФизикаФилософияЭкономика



Мы поможем в написании ваших работ!




Феноменология

Читайте также:
  1. Идентичность: феноменология, функции, этапы становления, теории.
  2. Феноменология и герменевтика.

Дүниетаным мәселелерiмен айналысқан ХХ ғ келесi ағым - феноменология. Негiзiн қалаған Эдмунд Гуссерль (1859-1938 ж.ж.) . Ойшыл өзiнiң еңбектерiнде “Заттардың өзiне қарай!² деген ұран тастады, өйткенi, сол кездегi И.Канттың iзбасарлары ғылыми таным жолында шындықты ұғымдар арқылы құруға болады деген көзқараста болды. Екiншi жағынан, ол неопозитивистердiң шындықтың сезiмдiк деректердiң негiзiнде “тiкелей берiлгенi² жөнiндегi қағидасына қарсы бағытталған болатын.

Өз заманындағы таным теорияларын сынға алғанда Э.Гуссерль тағы да келесi екi ұғымды бiр-бiрiне қарсы қояды. Олар бiлiм мен пiкiр. Еуропалық мәдениеттiң дағдарысы - осы ұғымдардың айырмашылығын елемегенiнде. Пiкiр дегенiмiз бұлдыр, айқын емес бiлiм, ол жеке мүдденiң шеңберiмен шектелген таным. Оған ол қарсы ұғым ретiнде “теория² деген грек сөзiн қояды, ал оның алғашқы мағнасы - бимүдделi аңлау. Тек қана теорияға бағышталған философия дүниенiң универсалдық көкжиегiн көре алады,- деп қорытады Э. Гуссерль.

Ойшылдың өз алдына қойған негiзгi мақсаты - сананы тазарту, оның адамзат тәжiрибесi, тарихи процестен тыс өмiр сұретiн алғашқы құрылымын анықтау болып табылады. Гуссерльдiң феноменi - ол бұрынғы классикалық философиядағы басқа терең жатқанды көрсететiн сезiмдiк тәжiрибе арқылы берiлетiн құбылыс емес, ол - өз-өзiн ашатын, табатын, тiкелей санаға айқын көрiнетiннiң бәрi. Феноменология айқындығы тiкелей интуиция арқылы көрiнетiн идеалдық мән-мағнаны зерттейтiн iлiм. Санадағы феномендер адамға тiл арқылы берiледi. Сонымен қатар, оған адамның жан-дүниесiндегi тебiренiстер, сана арқылы ойланатын заттың мән-мағнасы т.с.с. бәрi де жатады.

Таза сананың iргетасты ерекшелiгi - оның интенционалдығы (intentio,- латын сөзi,- ұмтылу), яғни бiрдеңеге әрқашанда бағытталғаны, соның санасы. қабылдау, еске сақтау, қиялдау, еске түсiру, тiлеу, ой формалары т.с.с. бәрiнiң де заттық мазмұны бар. Интенционалдық - сананың құрамдас бөлiктерiн неше-түрлi мән-мағнаға толықтырады.

Өзiнiң iс-әрекетiнде адам аңқаулық көрсетiп, өзiнiң заттарға қалайша мән-мағна бергенiн байқамай қалады да, оларды санадан тәуелсiз өмiр сүрiп жатқан (объективтi) өзiндiк танылатын қасиеттерi бар құбылыстар ретiнде қарайды. Ал шынына келгенде, санадан тыс өмiр суретiннiң бәрiн жақшадан сыртқа шығаруымыз керек, өйткенi, санада объект пен субъект бiр-бiрiне өтiп ажырамайтын феноменге айналады. Адам сана арқылы заттарды қабылдап, оларға белгiлi-бiр мағна берiп, сол арқылы олармен қарым-қатынасқа тұседi. Бұл арада, бiр жағынан, дүние тануға бағытталған iс-әрекет- ноэзис бар, екiншi жағынан, осы таным процесiнде ашылған мазмұн - ноэма бар.

Э.Гуссерльдiң ойынша, барлық ғылымның, жалпы дұниетанымның негiзiнде “өмiрлiк дүние² жатыр. Ол “барлық адамдарға мәлiм², “тiкелей анық², “адамның көзi жеткен², өмiрде кең қолданылатын, ол жөнiнде адамдар көп ойланбайтын нәрселер. Сондықтан “өмiрлiк дүние² бұкiл адамның дүниетаным негiзiнде жатыр. Ол “алдын-ала берiлген көкжиек², адамның практикалық iс-әрекетiнiң шынайылығы мен мүмкiндiктерiн көрсетедi. Ол қайсыбiр ғылым саласынан бұрын пайда болған, сондықтан, барлық адамның тәжiрибе мүмкiндiктерiнiң, дұниетанымының алғышартын құрайды. ұғымдық сараптау арқылы жүретiн ғылыми таным - әрқашанда шектелген, толық емес, ал “өмiрлiк дұние² - әрқашанда айқын, сондықтан оның мәртебесi анағұрлым жоғары.

“Өмiрлiк дүние² неше-тұрлi мән-мағнаға толы, солар арқылы бiз заттарды танып, оларға мән-мағна беремiз. Бiрақ, адамдардың көпшiлiгi дүниедегi санадан тыс өмiр сұрiп жатқан заттарды танып-бiлiп жатырмыз деп ойлайды. Ал, шынына келгенде, адам “өмiрлiк дүниеденұ шығатын мән-мағынаны заттарға таңады. Сондықтан, феноменология осы неше-түрлi мән-мағыналар санадан қалай пайда болатынын зерттейдi. Ол үшiн сананың алғашқы негiзiнде жатқан таза формаларын зерттеу қажет. Оған жету үшiн Э.Гуссерль “эпохе² әдiсiн қолданады. “Эпохе² дегенiмiз феноменологиялық редукция (қысқарту) арқылы заттардың кеңiстiк пен уақыттың шеңберiндегi барлық өмiрдегi байланыстарын “жақшаға алу², “сөндiруұ құралы. Осының арқасында, заттың “эйдосы², яғни таза идеясы, мәнi ғана қалады да, ол таза санаға ашылады.

Сонымен, таза сананы ашқанда, бiз одан “Абсолюттiк Мендi² (субъективтiк ағымды) табамыз. Дүниедегi адамның iс-әрекетке тұсетiн барлық заттары мен құбылыстарына сана мән-мағна бередi екен. Олай болса, санадан тыс өмiр сүрiп жатқан объективтiк шындық жоқ. Ал сана өзiн өзi арқылы түсiнiп, өзiн феномен ретiнде қарайды.

Э.Гуссерльдiң феноменологиясы ХХ ғ көп ағымдарға өз ықпалын тигiздi. әсiрсесе, герменевтика мен экзистенциализмге. Ендi сол бағыттарды талдауға көшейiк.


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Экзистенциализм философиясы | 

Дата добавления: 2014-03-19; просмотров: 664; Нарушение авторских прав




Мы поможем в написании ваших работ!
lektsiopedia.org - Лекциопедия - 2013 год. | Страница сгенерирована за: 0.007 сек.