Студопедия

Главная страница Случайная лекция


Мы поможем в написании ваших работ!

Порталы:

БиологияВойнаГеографияИнформатикаИскусствоИсторияКультураЛингвистикаМатематикаМедицинаОхрана трудаПолитикаПравоПсихологияРелигияТехникаФизикаФилософияЭкономика



Мы поможем в написании ваших работ!




Экзистенциализм философиясы

Читайте также:
  1. Б.Спиноза философиясы
  2. Главные представители экзистенциализма XX в.
  3. Дiни экзистенциализм мен антропология
  4. Мiр философиясы
  5. Тарих философиясы

Қазiргi философиядағы ең ықпалды ағымдардың бiрi - экзистенциализм (existentia,- латын сөзi,-«өмiр сұру», «тіршілік») философиясы. Ол Батыс Еуропа топырағында екi Дұниежүзiлiк соғыстың арасында қалыптасты. ХХғ бiрiншi жартысында ондаған мемлекеттер қатысқан қантөгiсте миллиондаған қыршын жастар қаза болып, мыңдаған қалалар, заводтар мен фабрикалар, ауылдық жерлердегi үйлер қирап, адамзат тағы да варварлық сатыға қайта келгендей болды. Бұл трагедия ойланатын адамдардың санасында өзiнiң өшпес iзiн қалдырып, дүниетанып оны қайта өзгертуден гөрi, сол қайғылы замандағы адамның өмiр сүруiне, оның қайшылықтарға толы дүние тебiренiсiне, оның өмiрiнiң мән-мағнасын анықтауға т.с.с. сұрақтарға жете көңiл бөлiнуiне әкелiп соқты.

Мұндай ақуал, әрине, өткен ғасырда өмiр сұрген дат философы С.Кьеркогердiң, немiс философы Ф.Ницшенiң, француз ойшылы Б.Паскальдiң, орыс жазушысы Ф.Достоевскидiң ойларының өзектiгiн көрсетiп, олардың еңбектерi экзистенциализм бағытының теоретикалық қайнар-көзiне айналды.

Экзистенциализм философиясының негiзiн қалаған ойшылдарға Мартин Хайдеггер(1888-1976 ж.ж.)менКарл Ясперстi (1883- 1969 ж.ж.) (Германия), Жан-Поль Сартр (1905-1980 ж.ж.)менАльбер Камюдi(1913-1960ж.ж.) (Франция), Н.А. Бердяев (1874-1948 ж.ж.пенЛ.И.Шестовты(1866-1938 ж.ж.) (Ресей), Виктор Франклдi (1900 ж.) (Австрия), Хосе Ортега-и-Гассеттi (1883-1955ж.ж.) (Испания)жатқызуға болады.

Сонымен, ХХғ Еуропа цивилизациясының дағдарысы, зерде мен адамгершiлiк құндылықтарына деген сенбеушiлiктi тудырып, трагедияға толы адам мәселесiн тiкелей философиялық таразыға салды. Бұл саладағы анықталған ең бiрiншi жаңалық - зерденiң негiзiнде ғылым мен техника дамыған сайын адам болмысының тұрақсыздығы мен нәзiктiгiнiң өсуi. Мұндай күрделену мен қатар қатыгезденiп жатқан дүниеде тұрақтану үшiн адам ең алдымен өзiнiң iшкi өмiрiн талдап, соның негiзiнде өзiнiң мүмкiндiктерi мен қабiлеттерiн ашуы қажет. Мұндай адам өмiрiне қас дүниеде адам өзiнiң рухы арқылы ғана қарсы тұра алады. Олай болса, адамға ең керектi нәрсе - ол зат, материя , я болмаса идея, таным философиясы емес, негiзiнен алғанда,- адам философиясы. Ал адамға келер болсақ, ол, әрине, ешқандай объект, өндiрiстiң, я болмаса , танымның құралы емес - ол субъект - ерiктi, өз-өзiне жеткiлiктi, жауапкершiлiктi болмыс.

Жоғарыда айтылған жалпы мiнездеменi нақтылай келер болсақ, онда экзистенция (өмiр сұру) мен эссенция (мән-мағна) ұғымдарының осы философияның негiзiнде жатқанын байқаймыз. Егер бүүкiл жануарлар әлемiндегi тiршiлiк өзiнiң мән-мағнасымен бiрге бұл дүниеге келер болса, адам ең алдымен бұл дүниеге келiп, неше-тұрлi қиын-қыстақ жағдайлардан өтiп барып, көп уақыттан кейiн ғана өз өмiрiнiң мән-мағнасына ие болады. Яғни, адамның өмiр сұруi оның мән-мағналыққа жетуiнен анағұрлым алда жұредi. Мысалы, Африкада, я болмаса, Амазонканың бойында өмiр сұретiн крокодил жағаға шығып, жұмыртқалап, оларды ыстық құмның астына көмедi. Уақыты келген кезде, жұмыртқалардың қабығы жарылып, iшiнен кiшкентай крокодилдер жер бетiне шығып, дереу шөлге қарай емес, суға қарай жұгiредi. Крокодил осылайша миллиондаған жылдар бойы өмiр сүрiп жатыр. Ол өз мән-мағнасымен бiрге өмiр сүруге келедi! Ал дүниеге келген сәбидi алар болсақ, ол анасыз өмiр сүре алмайды, оны көп жылдар бойы тәрбиелеп өсiру қажет, содан кейiн ғана ол өз өмiрi жайлы сұрақтарды өз алдына қойып, өмiрiнiң мән-мағнасын ашуға тырысады.

Экзистенциализм философиясында “шекаралық ақуал² деген категорияға көп көңiл бөлiнедi. Ол - өмiр мен өлiмнiң екi арасында қалу, ұрей мен алаңдау, түңiлу мен қынжылу, уайымдау мен қамқорлық т.с.с. Тек осындай адам өмiр сүруiне қауып тұскен жағдайда, оның жан-дұниесi терең сiлкiнiске ұшырағанда,“өмiрде-болу² тебiренiсiнiң негiзiнде ғана адам тез пiсiп-жетiлiп, өз өмiрiнiң қайталанбайтын ерекше қалыптасатын мән-мағнасын терең аша алады.

Экзистенциализм философиясы адамның ерiктiлiгiне ерекше көңiл бөледi. Ерiктiк - “қажеттiктi тану², я болмаса, “табиғи дарынды iске асыру² емес, ол экзистенциямен, яғни, өмiр сүрумен тең. Адам дегенiмiз өзiн өзiнен жасайтын пәнде. Ол өзiнiң өзiндiк жоспар-бағдарламасы. Бұл дүниеде ешнәрсе адамды билей алмайды. Адамның себебi тек өзiнде ғана, ол өзiне “Causa sui². Ал ерiктiк дегенiмiздiң өзi - таңдау. Адам ерiктi пәнде ретiнде ойына не келсе, соны iстей алады. Бiрақ, сонымен қатар, ол өз iстерiне жауапты өзi ғана беруi қажет. Сондықтан, Ж-П. Сартр “ерiктiк дегенiмiз - адамға артылған адамгершiлiктiң ауыр жүгi²,- деген болатын. Адам тек өз iсiне ғана емес, басқаларға да жауапкершiлiктi. Ол өз-өзiн жете түсiнудiң арқасында басқалардың да терең сырын өзiне аша алады.

Адам экзистенциясының iргетасты ерекшелiктерiнiң бiрi - трансцендiлеу,яғни өз шегiнен өтiп кету. Сонда адам өз шеңберiнен аттап өтiп не нәрсеге жеткiсi келедi? Дiни экзистенциализм Құдайды трансценденттiкпен теңейдi. Олай болса, Құдаймен қосылуға ынтық болу, нағыз ерiктiктi содан iздеу, дiни трансцендiлеу болып есептеледi. Дiни экзистенциализмнiң көрнектi өкiлi Н.Бердяевтiң айтуына қарағанда, “адам табиғи дұниедегi үзiлгендiк², екi жақты, қайшылық пен қайғылыққа шомылған пенде. Сондықтан, оны түсiну - одан да жоғары тұрған - Құдайды талап етедi. Ал мұның өзi адамның Құдайға тәуелдi пенде екендiгiн көрсетпейдi. Философия адамның құдайлығын, Құдайдың адамгершiлiгiн көрсетуi қажет. Өйткенi, Христостың өзi адам болып туды. Құдай дегенiмiз - ол рух. Олай болса, тек қана рухани қарым-қатынас қана адамдардың терең мәнiн көрсетедi.

Ал атеистiк бағытқа келсек, оның өкiлдерi - Ж-П. Сартр мен А. Камю - оны ештеңеге теңеп, ол экзистенцияның ең терең құпиясы деген пiкiрге келедi. Сонымен, экзистенция дегенiмiз өзiнiң шектелгенiн, яғни уақытша екенiн сезiнетiн, ештеңеге бағытталған адам өмiрi.

Экзистенциализмнiң ерекшелiктерiнiң бiрi - жеке адам мен әлеуметтiк болмысты бiр-бiрiне қарсы қою, осы адамзат болмысының екi жағының бiр-бiрiмен ымыраласпайтынын көрсету болып табылады. Олай болса, адам өмiрiнiң ерекшелiгi - өмiр сүру мен мәндiктiң, болу мен алудың, таным мен түсiнудiң арасындағы тебiренiс, таңдау. Мұның өзi адам болмысының трагикалық жақтарын көрсетедi.

Өзiнiң “Болмыс пен уақыт² деп аталатын көлемдi еңбегiнде М.Хайдеггер адамның өмiр сүруiн “Dasein² деген ұғыммен бередi. (оның қазақшаға тiкелей аудармасы “осы арадағы болмыс²). Мұндай ұғымды философияға еңгiзiп, ол адам болмысы - тарихи болмыс екенiн, ол яғни “қазiр және осы арада² өмiр сүрiп жатқанын көрсеткiсi келдi. Дүниеде адамнан басқа ешқандай тiршiлiк өзiнiң шектелгенiн, яғни өлетiндiгiн бiлмейдi. Олай болса, тек адамға ғана уақыттылық, ал сонымен бiрге өмiрде болу мәселесi тән. Бұл тұрғыдан алғандағы философияның негiзгi мақсаты - ол дәл қазiр өмiр сұрiп жатқан адамның iшкi тебiренiсiн зерттеу, содан шығатын өмiр тәжiрибесiн талдау болып табылады. Бұл М.Хайдеггердiң жасаған жаңа онтологиясы едi. Яғни, ол уақытпен шеңберленген адам болмысы, осы арада өмiр сұрiп, басқалармен бiрге коммуникацияға (қатынасқа) түсу.

Алайда, индустриалдық қоғамда адамның болмысы өзiнiң бишынайылығымен тең. Конвейерден шыққан бiр-бiрiне ұқсас заттар сияқты, адамдар да орталанып, бiр тұлға екiншiнi жеңiл ауыстыра алады. Адамдар бiрiн-бiрi ауыстыра алатындықтан “басқа², ол “нақтылы басқа тұлға² емес, “қайсыбiр басқа², “жалпы бiр басқа². Мұндай жағдайда “ол да², “мынау да², менiң “өзiм де² шынайы субъект емеспiн. Мұндай тобыр адамын М.Хайдеггер “das Man² деген терминмен берсе, Н.Бердяев оны “объективацияланған дүние² дейдi.

Ал адамның шынайы болмысына келер болсақ, ол адамның тарихи пәнделiгiн, уақыт шеңберiнде шектелгенiн, сонымен қатар өзiнiң ерiктiгiн сезiнуiнде. Шынайы болмысқа жету үшiн адам күнделiктi күйкелi өмiрден бас тартып, соңғы өмiрдiң шегi - өлiмге тiкелей қарай алатын жағдайға келуi қажет.

Бишынайлы болмысты аттап өту үшiн адамдар бiр-бiрiмен қосылып “абсурдтық дұниеге², оның шектелгенiне, өлiмге, жалпы дүниенiң жетiлмегендiгiне, мәнсiздiгiне қарсы шығып көтерiлуi керек, - дейдi француз ойшылы А.Камю. Алайда, мұндай дүниеге түңiлуден туған бiрiгушiлiк бiрде-бiр адам болмысының мәселесiн, әрине, шешпейдi.

Дiни экзистенциализм бұл мәселенiң басқа шешiмiн ұсынады. Г.Марсельдiң ойынша, адамдар шынайы болмысты заттардың болмысымен теңейдi. Ал шынайы болмыс, негiзiнен алғанда, әрқашанда тұлғалық болмыс. Болмыс - “Ол емес², “Сен², сондықтан адамдардың Құдай алдындағы бiр-бiрiмен iштесуi, ең құпия тереңде жатқан тебiренiстерiмен бөлiсуi - шынайы болмыстың алғышарты. Ол ұшiн, яғни басқа адамның терең сырына жетiп шынайы болмыстық дәрежеге көтерiлу тек махаббат арқылы ғана iске асады.

Г.Марсельдiң бұл ойларын дамытқан М.Бубер, Э.Левинас сияқты еврей ойшылдары болды. Олардың ойынша, адамның дүниеге деген қарым - қатынасы екi жақты, өйткенi, оның сөздiгiнде екi негiзгi сөз бар. Олардың бiреуi “Мен мен Сен² болса, екiншiсi “Мен мен Ол². Дұние адамзат тәжiрибесi ретiнде “Мен мен Олға² жатады. “Мен мен Сен² адами шынайы қарым- қатынасты тудырады. Олай болса, адам алдында дүниеде болудың екi мүмкiндiгi бар. “Мен мен Сен²шынайы болмысты тудырса, “Мен мен Ол² - адами қарым-қатынастарды заттандырады. “Сен² деп қарым-қатынасқа тұскен адам - ол заттардың арасындағы зат емес. Мен оны тануға, зерттеуге тырыспаймын, өйткенi, мен онымен қарым-қатынастамын. Егер ол қатынастардан шыққанда ғана, мен оны тани бастаймын. Тану, бiлу - “Сеннiң² алшақтауына әкелiп соғады.

“Мен мен Сеннiң² қарым-қатынасын махаббатпен теңеуге болады. Махаббат сезiмi бұкiл дүниенi өзiнiң сәулесiмен жарқыратып, гүлдендiредi. Махаббат аясындағы адам қайсыбiр адамды - жақсы мен жаманды, сұлу мен түрсiздi, ақылды мен наданды - бәрiн де ерекше “Сен² ретiнде қарайды. Алайда, адам болмысының трагедиясы “Мен мен Сеннiң² қарым-қатынасының сарқылу, я болмаса, құралға айналу мұмкiндiгiнде.

Экзистенциализм философиясының iрi өкiлiнiң бiрi - Виктор Франкл. Ол қазiргi қоғамдағы адамдардың қасiретi - ноогендiк (nous,-грек сөзi, - ақыл-ой, зерде, рух; genesis,-грек сөзi,- дүниеге келу, пайда болу;) невроздарда, яғни, адамдардың өмiр сұрудiң мән-мағнасынан айырылып қалуында деген пiкiрге келедi. Соңғыны В.Франкл “экзистенциалдық вакуум² деген ұғыммен бередi. Өз болмысының мән-мағнасынан айырылып қалған кейбiр адамдар, рухани жүдеулiктен арылу ұшiн “Құдайды iздеу² жолына тұссе, екiншiлер - нашақорлық пен iшiмдiктiң сағымында, ұшiншiлер - қоғамдағы тәртiпке қарсы бағытталған қылмыстық iс-әрекеттерге, төртiншiлер суицидке (өз-өзiн өлтiру) дейiн барады. Өзiнiң гуманистiк көзқарасынан таймайтын В.Франкл өмiрдегi ақуал қандай қиын болса да, тiптi жазылмайтын сырқат, өлiмнiң өзi болмасын,- адам өз өмiрiнiң мән-мағнасын жоғалтпау керек,- деген терең ойға келедi. Өзiнiң екiншi Дұниежұзiлiк соғыс кезiндегi Бухенвальд концлагерiнде болған экзистенциалдық тәжiрибесiн сараптай келе, В.Франкл тек қана өз өмiрiнiң мән-мағнасын сақтап қалған адамдар ғана сол тозақтан құтылғанын, ал өмiрдiң мән-мағнасын жоғалтан көпшiлiктiң “малға ұқсайтын тобырға² айналып құрығанын айтады.

Әрине, реформа барысындағы бұгiнгi қиын-қыстау жағдайларда бiршама адамдар бұрынғы ұстаған жан-дүниесiндегi құндылықтардан айырылып, сонымен қатар, жаңа құндылықтарды қабылдай алмай экзистенциалдық вакуумде жүргендерi баршамызға аян. Мұның өзi неше-тұрлi “әлеуметтiк ауытқудың² түрлерiн туғызып, реформаның әрi қарай өрлеуiне өзiнiң кеселiн тигiзiп отыр. Мұндай қиын жағдайда экзистенциализм iлiмiнiң “әлеуметтiк ақуалға² сiлтегеннен гөрi жеке тұлғаның ерiктi iс-әрекетiнен шығатын таңдауға, ал оның өзi белгiлi бiр жаңа ақуалды тудырып, өмiрдiң жаңа арнасын ашуының мүмкiндiгiн көрсетедi деген құнды пiкiрiне оқырманның назарын аударғымыз келедi

 

Кьеркогердiң философиясы

Серен Кьеркогер (1813 - 1855 ж.ж.)-өз заманында бағаланбаған, жалғыздықтың зардабын толығынан басынан өткiзген, бүкiл өмiрiн жеке тұлғаның iшкi рухани өмiрiнiң қайталанбас жақтарын, оның Құдаймен тiкелей байланысын көрсеткiсi келген Дания елiнен шыққан дiни философ. Оның философиялық көзқарасы мен жалпы дүниесезiмiнiң қалыптасуына әкесiнiң дiни дүниесезiмi мен “бiздiң жан-ұямызға Құдай қарғысын атты² деген жалған пiкiрi үлкен әсерiн тигiздi. Жас Кьеркогер әлсiз болып, неше-түрлi аурулардан шықпай өстi, бұл жағдай да оның дүниесезiмiне өз әсерiн тигiзсе керек. Ең соңында, ол 1841 ж. белгiсiз себептерге байланысты өзiнiң терең махаббаты Регина Ольсен деген қыздан үйленерiнiң алдында бас тартады. Осыдан кейiн ол толығынан дiни сезiмге берiлiп әкесiнен қалған үлкен үйде жазушылық iсiмен айналысып, қалада жүрттың көзiне өте сирек кездеседi. Әкесiнен қалған барлық қаражатты өзiнiң жазған көп шығармаларын жарыққа шығаруға жұмсайды. Негiзгi еңбектерi:“Әлде- әлде², “Үрей мен қалтырау. Диалектикалық лирика². “Ажалға бастайтын ауру. Қайта туу мен оянуға бағытталған христиандық-психологиялық тебiренiстер²т.с.с.

Жалпы алғанда өзiнiң қысқа өмiрiнiң шеңберiнде бұл кiсi 28 томдық еңбектердi тудырған, соның iшiнде 14 томы - оның күнделiктерi. өз заманында атағы шықпаған философ ХХ ғ үлкен құрметке бөленедi, оның шығармашылығына арналған мыңдаған зерттеулер жарық көредi. 1948 ж. берi Копенгаген қаласында “Кьеркогериана² деген осы ойшылдың көзқарасын зерттеуге арналған журнал шығады.

Өзiнiң шығармашылық жолының басында Кьеркогер қайсыбiр философиялық жүйенi жасаудан бас тартып, соңғының ең биiк шыңы - Гегельдiң философиясын қатты сынға алады. Өйткенi, оның философиясында рационализм өзiнiң шегiне жетiп панлогистiк дәрежеге көтерiлдi ( pan,- грек сөзi,- бәрi де, logos,- ақыл-ой). Гегельдiң ойынша, болмыс - ойлаумен тең, ақыл-ойдың шеңберiнен шығаттынның бәрi де ақиқатты емес, Ғарышта өжеттi танымның аша алмайтын ешқандай сиқыры болмақ емес.

Кьеркогер мұндай көзқарасқа үзiлдi-кесiлдi қарсы шығады, өйткенi, болмысты жүйелеу мүмкiн емес. Қайсыбiр жүйе - аяқталғандықпен тең, ал болмыс үне-бойы өзгерiсте. Екiншi жағынан, Гегель тұлғаны объективтi нақтылы-тарихи шеңбердiң iшiне қойып түсiнедi, яғни жеке тұлғаның өзiндiк қайталанбайтын тек соған ғана тән өмiрi, оның еркi тарихтың қадамының астында көмiледi. Сондықтан, ол Гегельдiң объективтiк диалектикасына өзiнiң субъективтi, жеке тұлғаның өмiр сүру (экзистенциалдық) диалектикасын қарсы қояды. Оның ойынша, қайсыбiр дүние жөнiндегi жаратылыстануға негiзделген ғылыми көзқарас - залымдықтың нышаны. Жаратылыстану ең соңында адамзаттың құруына әкелуi мүмкiн,- дейдi Кьеркогер. Ойшылдың бұл пiкiрiн үстiрт қарамай терең ойласақ, расында да, бүгiнгi таңда ғылым адамға көп жақсылық әкелгенiн бәрiмiз де бiлемiз, сонымен қатар, ядролық соғыс пен экологиялық апаттың мүмкiндiгiн адамзат жоя алмай отырғаны да - бүгiнгi таңдағы ақиқат.

Кьеркогердiң ызасын келтiретiн нәрсе - ол адамды объект ретiнде қарап зерттеу, өйткенi, адам - рухтың басшылығымен өмiр сүрiп жатқан жан мен дененiң бiрлiгi, жеме-жемге келгенде ол - рух. Ойшыл рух - ойлаумен тең емес, олай болса, ол - қисынның заңдарына тәуелдi емес деген пiкiрге келедi. Сондықтан, философияның негiзгi мәселесiне нақтылы адамның өмiр сүруi, оның өзiндiк санасы, iшкi рухани өмiрi жатуы керек. Егер Сократ дүниенi түсiну үшiн ең алдымен “өзiңдi тани бiл² деген болса, Кьеркогер тек қана адамның iшкi өмiрiн танумен қанағаттанып, сыртқы дүниенi, болмысты танудан үзiлдi-кесiлдi бас тартады. “Шындық, сыртқы өмiр бар ма?“,- деген сұраққа ол терiс жауап бередi. “Шындық - ол iшкi дүние (innerlichkeit), Меннiң өз Менiне деген қатынасы². Адамның iшкi өмiрi объект болмағаннан кейiн танылмайды, оны тек қана тебiренуге ғана болады. Сондықтан Кьеркогер адамның iшкi өмiрiн бейнелейтiн жаңа категорияларды философияға еңгiзедi. Олар: өмiр сүру, үрей, сәт, өту, секiру, шешiм, шектелген мен шексiздiк, мүмкiндiк пен шындық, зардап шегу, қайталау, түңiлу, өкiну, кiнә мен күнә, қайта туу т.с.с. Кьеркогердiң ойынша, бұл ұғымдар арқылы жеке адамның қайталанбас тебiренiстерiн беруге болады.

Өмiр сүру дегенiмiз -ол тебiрену, зардап шегiп, соның шеңберiнен шығуға бағытталған адамның iңкәрi. Өмiр сүру - адамның алдындағы мүмкiндiктердiң бiреуiн ерiктi түрде таңдап алып өзiнiң қайталанбайтын ерекше болмысын iске асыру, тобырға ұқсамау, одан бөлiну. Өмiр сүру дегенiмiз - iшкi шектелген мен шексiздiктiң арасындағы таңдау, соған байланысты үрей, шешiм және секiрiс. Кьеркогердiң ойынша, шешiм ешнәрсеге байланысты емес, ол тұлғаның ерiктi таңдауымен байланысты. Ал секiрiстiң өзi Гегельдiң айтып кеткен ұғымынан өзгеше - ол ешқандай дәнекерлiктi талап етпейдi, ол зерденiң шеңберiнен шығып кететiн рухтың iс-әрекетi.

Жоғарыда байқағанымыздай, Кьеркогердiң өмiр сұру диалектикасы философиядағы жалпы ұғымдардың өзара байланысы мен бiр-бiрiне өтуiнен анағұрлым алшақ жатыр. Мұнда бiз тек адамның iшкi жан-дұниесiнiң тебiренiсiн көрсететiн “сезiмдiк ұғымдарды² байқаймыз.

Адам өмiрiндегi негiзгi сұрақтар: қалай өмiр сұру, не болу керек, не нәрсеге ұмтылу қажет? Осы сұрақтарға жауап беру ретiнде Кьеркогердiң экзистенциалдық диалектикасы адам өмiрiнiң ұш сатысын суреттейдi. Олар - эстетикалық, этикалық және дiни сатылар.

Адам өмiрiнiң бiрiншi эстетикалық сатысында тiкелей сезiмдiк өмiр салты қалыптасады. Эстетикалықты Кьеркогер кең тұрде Канттың тұсiнiгiне сәйкес ақыл-ойдан бөлек сезiмдiк қабылдау мен ләззәт алу ретiнде көрсетедi. Қоғамдағы көпшiлiк осы сатының шеңберiнде өмiр сұредi. Ол дене әсемдiгiне құмарту (эротика), парықсыздық, бiр көргендегi сезiмдiк әсердiң негiзiнде кездейсоқты байланыстарға түсу, қоғамдағы үлгiге (модаға) айналған нәрселерге ынтық болу, әрбiр күн мен сағаттан, әрбiр сәттен ләззәт алуға тырысу. Бұл сатының ұраны: carpe diem, carpe horam! ( әрбiр кұн мен сағаттан ләззәт ал! ). Бұл өмiр салты адамды өзiнiң сезiмдерi мен құмартуы, ындынының құрсауынан шығармайды.

Эстетикалық сатыдағы адам уақыттың өзiн ерекше түрде бағалайды. Ол ләззәт алатын әрбiр сәтке бәрiн беруге дайын, бiрақ, келесi сезiмдiк ләззәт бұрынғыдан басқаша, нәзiк те өткiр болуы керек. Өмiрдегi бiркелкiлiк, қайталанушылық - эстетикалық өмiр салтының қас жауы. Егер Дон-Жуан мейлiнше көп сұлу әйелдерден эротикалық жыныстық жеңiске жетуге тырысса, Иоан - нәпсiқұмар әр-тұрлi нәзiк те өткiр ләззат алуға ұмтылады. Бiрақ күндер мен жылдар өткен сайын эстетикалық өмiр салты сарқыла бастайды - қайталанбайтын қайталанады, өткiр сезiм мұқалып, өңi кетедi, ләззат қуудың жалғандығы айқын көрiне бастайды, жалғыздық сезiм, өмiрге көңiлдiң толмаушылығы дүниеге келiп, тiптi одан күдер ұзуге әкеледi. Ақырында дағдарыстағы тұлғаның алдында екi таңдау жолы пайда болады: бiрiншiсi - сол бұрынғы сатыда қалып өмiрден түңiлу; екiншiсi - одан аттап өтiп келесi сатыға көтерiлу.

Келесi өмiр сатысы - этикалық. Егер эстетикалық өмiр салты ләззат алуға бағытталған болса, этикалық сатыда адам iзгiлiк жолына тұсiп, қоғам алдындағы парызды орындау соның кепiлiне айналады. Эстетикалық өмiр салтында адам өз-өзiн қанағаттандырса, этикалық сатыда жалпылықты iске асыруға тырысады. Осы арада ұлкен қайшылықтар пайда болады - адамның iшкi өзiндiк сезiмдерi оны бiржаққа жетелесе, қоғамдағы этикалық нормалардың талаптары оны екiншi жаққа сiлтейдi. Парыз талаптарына сай келуге тырысып, адам бiржақты, сезiмi сарқылған, машинаға ұқсас пәндеге айналады. Бұл бағыт барған сайын тереңдей тұсiп, қайғылы қайшылықтарға әкеледi, өйткенi, уақыттан тәуелсiз моральдық сана өтпелi адамның сезiмдiк iңкәрiнен өзiнiң iргетасын, тұрақтылығын таба алмайды. Адам моральдық жағынан алып қарағанда өз-өзiне жеткiлiктi пәнде бола алмады. Кьеркогер оның себебiн, Августин сияқты, адамның туа кұнәлiгiнен көредi.

Бұл арада “әлде-әлде² принципi таңдау мәселесiн шешпейдi, өйткенi екi сатының да ұлкен кемшiлiктерi бар, сондықтан “ол да емес, бұл да емес² деген тұжырымға өмiр диалектикасы әкеледi. Олай болса, адам ұшiншi соңғы сатыға өту шешiмiне келiп трагикалық секiрiстен өтедi. Бұл саты дiни шеңберде өтпек. Кьеркогер өз заманындағы адамдарға ренжiп, олар ғылыми танымның кереметтiгiне сенiп, адамның өмiр сүруi мен iшкi рухани тебiренiстерiнен пайда болатын мәселелердi ұмыт қалдырғаны жөнiнде айтады. Тек қана дiни сатыға көтерiлген адам ғана ол мәселелердi өзiнiң өмiрiнiң негiзiне айналдырады. Адам кұнәлi пәнде ретiнде өзiнiң кiнәсiн мойындап Құдайдың өзiмен сұхбатқа тұсiп өз-өзiн табады. Ал мұның өзi ұлкен зардап шегу арқылы келмек.

Дiни сатыны айқын суреттейтiн Библиядағы Авраамның бейнесi. Ол Құдайға сенуiнiң кепiлi ретiнде өзiнен туған сұйiктi жалғыз баласын құрбандыққа шалуға дайын. “Үрей мен қалтырау² деген еңбегiнде Кьеркогер осы Библияның сюжетiн толығынан егжей-тегжей талдап, дiни және этикалық сатылардың арасындағы шешiлмейтiн терең қайшылықтарды көрсетедi. Расында да, моральдық жолмен талдағанда Авраамның iсi адамгершiлiктен өте алыс, ол моральдық парызды ғана бұзып қойған жоқ, үлкен кешiрiлмейтiн қылмысқа шейiн баруға дайын. Авраам мен Сократтың ниеттерiнiң арасындағы қашықтық - шексiз. Сократ у iшiп, өзiнiң өмiрiн моральдық принциптi орындау жолында қияды. Ал Авраамға келер болсақ, ол Құдайдың әмiрiн орындау жолында, соған сенгендiктiң кепiлi ретiнде, өз туған баласын бауыздап, содан пайда болатын бұкiл ауыр моральдық жұктi, кұнә мен кiнәнi мойнына алуға дайын. Мұндай өте қиын қайшылықтар өмiрдiң парадокстарын тудырады. Сонымен “парадокс² ұғымы Кьеркогердiң өмiр сүру диалектикасының негiзгi категорияларының бiреуiне айналады. Парадокс дегенiмiз - адамның iшкi өмiрiнiң қайшылығынан шығатын өмiр сүру зардабы. Егер эстетикалық өмiр сатысының негiзгi категориясы - ләззат алу, этикалық сатыда - парыз болатын болса, дiни сатыда ол - зардап шегумен тең. Адам - зардап шегуге жаратылған пәнде. Өмiр - зардапқа толы. Өмiр сұру дегенiмiз - зардап шегу.

Әрине, адамның бұл өмiрде зардап шегуi - сонау көне заманнан осы уақытқа шейiн талданып келе жатқан мәселелердiң бiрi. Бiрақ, Кьеркогер оны өте өткiрлеп кұшейтедi. Оның ойынша, зардап шегу тек өмiрдiң өзiнен шығып қана қоймайды, ол - қажеттi, керек қылатын нәрсе. Егер бiз зардап шегудi мойындап қана қоймай, сонымен қатар, оны сүйетiн болсақ, сонда ғана бiз өмiр сүру деңгейiмiзде бақытсыздықтан биiктеп, бақыттың өзiнен асып түсемiз,- дейдi ұлы ойшыл. Олай болса, адам өзiнiң өмiрiн жеңiлдетiп, зардап шегуден қашудың орнына, оны, керiсiнше, ауырлату, күрделендiру қажет - сонда ғана бiз бақытсыздық пен бақыттылықты аттап өтiп, олардың арасындағы қайшылықты жоя аламыз. Әрине, Кьеркогердiң бұл идеялары христиан дiнiнiң ғасырлар бойы уағыздаған қағидаларына қарсы келдi. Соңғылар дұниедегi залымдық, әдiлетсiздiк, зардап шегу - Құдайдың алғашқы көрсеткен дұрыс жолынан адамның ауытқуынан шықты, ал жаратылған бұл дұние жалпы алғанда мiнсiз деген пiкiрде болса, Кьеркогер осы дүниенiң залымдық пен зардапқа толы екендiгiн айтады. Бiрақ, ол ұшiн бiз Құдайды сынаудан алшақ болуымыз қажет. Құдайға сену ешқандай оған кұмәндануды қажет етпейдi. Сенiм дегенiмiз - парадокс, ол жекелiктi жалпылықтан, жердегiнi аспаннан, өтпелiнi мәңгiлiктен, жеке сенiмдi моральдық қағидалардан жоғары ұстауды талап етедi. Сенiм - жеке адамның таңдауының iсi, ерiктiң шешiмi, секiрiс, тәуекелдiк, ғажайып, абсурд. Тертулианның уақытында айтқан “Credo, quia absurdum estұ (сенемiн, ақыл-ойға симағаннан кейiн) деген нақыл сөзiн Кьеркогер өзiнiң шығармашылық еңбегiнде ғана емес, сонымен қатар өзiнiң өмiрiмен дәлелдеген сияқты - ол Авраам сияқты өзiнiң Регина Ольсенге деген махаббатын Құдайға сенудiң жолында құрбандыққа шалды. Тертуллианның өзi де мұндай шәкiртiм болады деп ешқашанда армандамаған болар.

Өз уақытында бағаланбай ұмыт болған ойшыл ХХ ғ шарқыраған даңққа ие болды. Ал оның себебiн бiз келесi тараудағы кiрiспе сөзiмiзде айтатын боламыз.

 

 

11 тақырып. ХХ ғасырдағы философия

Жаңа ғана көз алдымыздан өткен ХХ ғасыр тарихтың қойнауына кiрiп тыныштыққа ие болып жатыр. Болашақта оның адамзат тарихына тигiзген ықпалы терең түрде талданып анықталады. Дегенмен, бүгiнгi таңның өзiнде бiз оған көз жiберiп, оның адамзат тарихына тигiзген орасан-зор ықпалын, терең де ұшкiр қайшылықтарын, жетiстiктерi мен кемшiлiктерiн т.с.с. талдауымызға әбден болады. Сонда ғана бiз осы ғасыр тудырған философиялық ой-пiкiрлердi жете түсiне аламыз.

ХХ ғасыр адамзаттың дүниетану мүмкiншiлiгi мен соның негiзiнде оны қайта өзгертудiң тамаша жетiстiктерiн көрсете бiлдi. Изиданың жапқышының үстiндегi “ Мен - Солмын, болғам, болып жатырмын және болашақта болам да, өтпелi пәнде менiң жапқышымның етегiн ешқашанда көтере алмайды²,- деп жазған сөздердi адамзаты ХХ ғасырда терiске шығарған сияқты. Осы ғасырда табиғаттың ең терең құпиялары ашылып, адам игiлiгiне жұмсала басталды. Мысалы, бұгiнгi Францияда қоғамға қажет электр қуатының 68 пайызын атомдық электростанциялар бередi! Бұгiнгi адам ми далада жұрiп, ұялы телефонмен ғарыш арқылы мыңдаған шақырым алыстықта өмiр сүрiп жатқан жолдасымен, я болмаса әрiптесiмен сөйлесе алады, компьютер арқылы неше-түрлi ақпаратты қабылдап, өзiнiң бiлiмiн өсiрiп, өмiрде пайдаланады. Лондонның “Хитроу² аэропортынан “Конкорд² деген дыбыстан да жұйрiк ұшаққа мiнiп, бiрнеше сағаттан кейiн жердiң ана жақ бетiндегi “Кеннеди² атындағы аэропортқа қонып, АҚШ-тан бiрақ шығуға болады ! Бұгiнгi таңда Ғарыштағы жасанды серiктер мұхиттағы балықтардың жиналған жерiн анықтап, сол жерге кемелердi жiбередi, қай жерде қандай табиғи байлықтар барын болжай алады, ауа-райы жөнiнде мәлiмет берiп, т.с.с. ақпараттар жеткiзедi. ХХ ғасырда жасалып бұгiнгi миллиардтаған адамдардың өмiрiне кеңiнен кiрген заттардың iшiнен машиналар мен ұшақтарды, неше-түрлi байланыс жүйелерiн, радио мен телевидениенi, компьютерлердi, жасанды материалдарды т.с.с. атап өтуге болар едi. Бұлардың бәрi де тек ХХ ғасырда пайда болып өмiрдi күрт өзгерттi ! ХХ ғасырда пайда болған өндiргiш күштердiң қуаты бүкiл адамзат цивилизациясының бұрынғы 4-5 мың жылдардағы жасағанынан анағұрлым асып тұседi ! Бұл айтылған деректердiң бәрi де болашаққа деген оптимистiк өмiрсезiмiн тудырып, табиғаттың барлық стихиялық күштерi ертелi-кеш игерiледi деген сциентистiк көзқарастарды тудырды.

Бiрақ, бiз бұл жерде “шыңға қарай өрлеу - құлдырауды тереңдете тұседi²,- деген нақыл сөздi естен шығармағанымыз жөн. Атомдық электростанциялармен бiрге өмiрде атомдық бомбалар пайда болып Хиросима мен Нагасакидiң трагедиясына, Семей полигоны сияқты радиациямен уланған жерлердiң көбейуiне, ол жердегi өмiр сүрiп жатқан адамдардың геноцидке ұшырауына әкелiп соқты. Чернобыль атомдық станциясындағы жарылыс адамзаттың ғылыми тәкәппарлығын су сепкендей басып: “Тоқта, сен Құдай емессiң, аяғыңды байқап бас²,- деген сияқты болды.

ХХ ғасырдағы қоғамдық өзгерiстерге келер болсақ - олар да қайшылықтарға толы. Бiр жағынан адамзаттың мыңдаған жылдар армандаған “жерұйығын² - коммунизмдi дұниеге еңгiзуге бағытталған орасан-зор батыл да қайғылы әлеуметтiк тәжiрибе ХХ ғ 70 жылдан артық уақытын алды. Ақырында, ол тарихи тұйықтыққа әкелiп тiредi. Дұниенiң байлығын қайта бөлу әрекетi екi бұрынғы-соңды болмаған Дүниежүзiлiк соғыстарға әкелiп, миллиондаған қыршын жастардың өмiрiн алып кеттi. Гитлер мен Сталиннiң жасаған залымдықтарымен салыстырсақ, Калигула мен Неронның, Атилла мен Шыңғысханның, Иван-Грозный мен Наполеонның жасағандары баланың ойыншығы сияқты ! Мұндай жағдай философиядағы адам өмiрiне деген терең тебiренiстердi тудырып “өмiр философиясын», әсiресе, экзистенциализм бағытын күшейтiп, оның “дiни² және “атеистiк² бағыттарын дүниеге әкелдi.

ХХ ғ екiншi жартысында дамыған капиталистiк елдер “постиндустриалдық цивилизацияның² шеңберiне кiрiп өздерiнiң халықтарына жеңiл де бай өмiр салтын ұсынды. Демократия бiршама жетiстiктерге жетiп, “адам құқтарының² сақталуына көп көңiл бөлiне бастады.

Бiрақ байлықтың өсуi адамзаттың рухани-адамгершiлiк жолындағы өрлеуiн тездеткен жоқ, тiптi, керiсiнше, оны тоқыратып тастағандай болды. Бiр жағынан, жер бетiнде өмiрдiң қызығына тоймай, күнбе-күнгi өмiрден ләззат iздеген дамыған елдердегi “алтын миллиард, екiншi жағынан, күнбе-күн аштықтың зардабын көрген тағы да “миллиард², ал ол екеуiнiң ортасында аласапыран қиындықтарды басынан өткiзiп, жақсы өмiрге ұмтылып жатқан кедей елдердегi адамзаттың қалған 4 миллиарды! Бұгiнгi таңда ХХ ғ орта кезеңiнде пайда болған адамзаттың жарқын болашағы жөнiндегi идеялар бiршама сөнiп, ғасырдың аяғына қарай пессимистiк антисциентистiк дүниесезiм бой алып келе жатқан секiлдi.

Ал ендi ХХ ғасырдың рухани мәдениетiне тоқталсақ, ол да неше-түрлi шытырман қайшылықтарға толы. Бiр жағынан, орасан-зор ғылыми жетiстiктер, мәдениет құндылықтарын миллиондаған данамен басып халыққа тарату мүмкiншiлiктерiнiң өсуi т.с.с., екiншi жағынан, адамның техника, өлi байлық, дене ләззатының құлына айналуы. Бiр жағынан, ХХ ғ бүкiл адамзат тарихының беттерiнде сирек кездесетiн ұлы гуманистер - Тереза-ана, А.Сахаров, А.Швейцер, Махатма Ганди т.с.с. өмiр сұрсе, екiншi жағынан, бұл ғасыр Гитлер, Сталин, Муссолини, Пол-Пот т.с.с. залымдарды дүниеге әкелдi.

Бүгiнгi адамзатына керектi нәрсе - жер бетiндегi Ғарыштың әсем гүлi - өмiрдi сақтап қалу, ғылымның жетiстiктерiн адамгершiлiкпен ұштастырып, жаңа жағдайда “мәңгi сұрақ²- адамның өмiрiнiң мән-мағнасы мен не ұшiн жаратылғанына - жаңа шешiм iздеу, осы жолда бақталастық емес, халықтардың бiр-бiрiн толықтыруы, өзара бiр-бiрiн ақтауы, көмектесуi қажет сияқты.

Әрине, мұндай талдауларды әрi қарай жалғастыра беруге болар едi.

Бiрақ, жоғарыда көрсетiлген сиппатамалар ХХ ғ пайда болған философияның ағымдарын жете түсiнуге мүмкiншiлiк бередi деген ойдамыз. Олай болса, өткен ғасырда пайда болған көп философиялық ағымдардың негiзгiлерiн талдауға көшейiк.

Неопозитивизм ағымы

Неопозитивизм (neo - жаңа, positivus - латын сөзi,- оң, дұрыс деген мағна бередi) - Батыс философиясының шеңберiнде қазiргi ғылымның дамуының барысында пайда болған философиялық - танымдық мәселелердi талдап шешуге бағытталған ағым. Оның түп-тамыры позитивизмнiң негiзiн қалаған француз ойшысы Огюст Конттың (1789 - 1857ж.ж.) шығармаларына барып тiреледi. Сондықтан, ең алдымен позитивизмнiң негiзгi қағидаларына тоқталу қажет.

Егер немiс классикалық философиясында пайда болған панлогистiк көзқарасқа Шопенгауер Ерiктi, ал Кьеркогер жеке адамның тебiренiстерiн қарсы қойса, Конт оған қарсы ғылыми деректерге негiзделген қағидаларды қарсы қоюға тырысады. Конттың ойынша, ғылым - белгiлi бiр абстракциялық негiзден шығарылатын бiлiм жүйесi, ал тарих философиясы - рухтың дүниеге келiп дамуын суреттейтiн iлiм ғана емес. Ғылымның негiзiнде Дүниеде белгiлi бiр тәртiп пен өрлеу барлығын көрсететiн тәжiрибелiк байқаудың негiзiнде алынған ғылыми деректер және соларды теоретикалық деңгейге көтерiп талдау iс-әрекетi жатыр.

Конт адамзат ой-өрiсi өзiнiң даму тарихында 3 сатыдан өттi деген пiкiрге келедi. Олар: 1. теологиялық (жалғандық) саты - көне заманнан ХIУ ғ дейiн ; 2. метафизикалық саты - ХIУ-ХУIII ғғ; 3.позитивтiк саты - ХIХ ғ бастап пайда болады.

Теологиялық сатыда өмiр әлi ғылыми деректерге негiзделген жоқ, өмiрдегi барлық құбылыстар Құдайдың құдiреттi күштерi арқылы түсiндiрiледi. Метафизикалық сатыда адамның зердесiнiң дамуының негiзiнде барлық бұрынғы көзқарастар сыналып терiстеле бастайды, барлығына деген кұмәндану, сенбеушiлiк пайда болады. Өмiрдi тұсiндiру жолында абстрактылық алғашқы негiздердi iздеу басталады (материя, идея форма, рух т.с.с.) үшiншi - позитивтiк сатыда - өндiрiске негiзделген қоғам пайда болып, альтруизм (өзiнен гөрi басқаның қамын ойлау) эгоизмдi (өзiмшiлдiк) жеңген уақытта нағыз ғылыми сатыға өрлеу мұмкiндiгi пайда болды,- деп қорытады О.Конт.

Жоғарыдағы көрсетiлген ойларға сәйкес, Конт ғылымды сала-салаларға бөлу мәселелерiмен айналысып, бiршама жетiстiктерге жетедi. Оның ойынша, ғылым - тарихи ғасырдан ғасырға дамып тұрпайылықтан өтiп күрделенiп жатқан құбылыс. әрбiр жаңа пайда болған ғылым саласы өзiнiң қажеттi алғышарты ретiнде өткен сатыға негiзделедi. Бiрақ, өткен сатының негiзiнде жаңа пайда болған ғылымды толығынан түсiнуге болмайды, оның өзiндiк заңдылықтары пайда болады. Конт “тарихи күрделену анықтамасына негiздей отырып ғылым салаларын былайша орналастырады: математика - астрономия - физика - химия - биология - социология. Осы тәртiпке сәйкес социология биология ғылымына негiзделгенмен, бiрақ, адамдардың өзара iс-әрекет етуiмен байланысты жаңа заңдылықтарға ие болады. Социология ғылымының негiзгi мақсатын ол тәртiп пен өрлеудi бiр-бiрiмен ұштастыру қажеттiктерiнен шығарады. Ал ол ұшiн бүкiл адамзатты бiрiктiретiн жаңа дiн қажет. Ескi дүниежүзiлiк дiндер бiр-бiрiмен күресiп, адамзатты қайшылықтарға әкелдi және олардың қағидаларының көбi - жалған. Олай болса, жаңа ағарған дiн қажет - ол қазiргi өмiр сүрiп жатқан, бұрынғы тарихта болған және болашақта дүниеге келетiн адамдардан тұратын Адамзаттың өзi. Сондықтан, ол адамзатқа Құдай ретiнде қарап табынуға шақырды.

Конттың бұл соңғы ойын өз уақытындағы замандастары терiс қабылдағанмен, бұгiнгi таңдағы адамзатқа өте өзектi мәселеге айналуда. Өйткенi, бұгiнгi таңдағы адамзат “адамның мән-мағналық дағдарысына² келiп тiрелуде. Бұкiл Адамзаттың басын бiрiктiретiн терең рухани-адамгершiлiк мағнасы бар жаңа дiн - аса қажеттi де тағдырлы нәрсе. Бiрақ, ол, бiздiң ойымызша, Конттың айтқан Адамзаты емес, өйткенi, Дұниеде сол адамның өзiн тудырған бiздiң арғы анамыз “ұлы мәртебелi Табиғат² бар. Оған табыну - алғашқы қауымдық қоғамда пайда болған болатын. Шамасы, алғашқы адамдар ақиқаттан онша алшақ болмаса керек. Көшпендi өмiр салтын ұстаған бiздiң ата-бабаларымыз да Табиғатқа, Тәңiрге сенгенiн бiз жақсы бiлемiз. Мыңдаған жылдардағы өткен цивилизацияның жетiстiктерiне, өмiрден алған тәжiрибеге сұйене отырып, жаңа дәрежеде Табиғатты аялауға, оған табынуға, оны дiн тұтуға қайта оралып қана адамзаты өзiнiң өмiрiн сақтап қалуға мүмкiншiлiк алар ма екен деген сұрақ оқтын-оқтын ойымызға келедi.

ХХ ғ басындағы жаратылыстанудағы ашылған жаңалықтар (радиоактивтi сәулелер, электрон т.с.с.) осы уақытқа дейiнгi беделдi механистiк классикалық физиканың негiзгi қағидаларына үлкен соққы жасады. Электрон бөлшегiнiң тұрақты салмағының жоқтығы ғалымдарды таңғалдырды. Франция елiнiң сол кездегi iрi математик - ғалымы А.Пуанкаре “Олай болса материя жойылды²,- деген пiкiрге келдi. А.Эйнштейннiң салыстырмалы теориясындағы кеңiстiк пен уақыттың бiр-бiрiне өтiп бiртұтастық дәрежеге келуiн қалай тұсiнуге болады? Мұндай сұрақтарды жалғастыруға болар едi. Бұл сұрақтарға жауап беру жолында позитивизмнiң екiншi сатысы дүниеге келедi. Оның аты “эмпириокритицизм² , яғни тәжiрибенi сынға алу деген мағна бередi. Негiзгi өкiлдерi - Эрнст Мах (1838-1916 ж.ж.) , Рихард Авенариус (1843-1896 ж.ж.) т.с.с.

Жоғарыда көрсетiлген жаратылыстанудағы қиындықтар бұл ағымда “тәжiрибе² деген ұғымды қайта қарауға әкеледi. Олардың ойынша, бұл ұғым материя мен сананың, физикалық пен психикалықтың қарама-қарсылығын жояды. Тәжiрибенiң құрамдас бөлiктерiн алып қарасақ, оның физикалық және психикалық элементтерден тұратынын байқаймыз. Егер бiрiншiсi - сыртқы тәжiрибенiң мазмұнын көрсететiн болса, екiншiсi - iшкiнi көрсетедi. Ал элемент дегенiмiздiң өзi нақтылай келгенде адамның түйсiктерi болып шықты. Олай болса, олар субъектiсiз объект жоқ, объектiсiз субъект жоқ,- деген пiкiрге келедi. Мұны олар танымдағы “принципиалдық сәйкестiк² деп атады. Әрине, субъект, яғни танымдық қабiлетi бар адам бар жерде - объект, яғни танылатын жағалай дұние бар. Нағыз ақиқаттың өзi адамның жан-дүниесiнен өтiп, оның неше-тұрлi тебiренiстерiн туғызып, адамның осы Дұниенi телегей-теңiз ретiнде қараса, соның бiр тамшысы ретiнде сезiнгенде ғана пайда болса керек. Сонымен қатар, танымның бұл жақтарын абсолюттеп шегiне жеткiзсек, әрине, субъективтiк идеализм жолына тұсiп кетуге әбден болады. Сондықтан, марксизмде мұндай көзқарас уақытында сынға алынған болатын.

Эмпириокритицизмнiң негiзгi қағидаларының бiрi “ойлаудың тиiмдiлiгi² мен ғылымда тек суреттеу идеалына жету. Ойлау тиiмдiлiгiн олар организмнiң өз-өзiн сақтау ұшiн биологиялық қажеттiктердi өтеу жолындағы бейiмделуiнен шығарады. Ғылымдағы ойлау тиiмдiлiгi “субстанция, “себептiлiк², “алғашқы негiз² т.с.с. мазмұнсыз категориялардан бас тартуды қажет етедi,- дейдi олар. Олардың орнына ғылымдағы ашылған элементтердiң өзара байланыстарын суреттесе болғаны. Сол кездегi ғылымдағы ашылған күрделi жаңалықтарға философиялық-методологиялық тұрғыдан тұсiнiк бере алмаса да, олар ХХ ғ басында басталған ғылыми төңкерiске ғылыми қауымдастықтың көңiлiн аударды.

Ендi мiне, бiз ХХ ғ 20-шi жылдарында пайда болған позитивизмнiң үшiншi сатысы - неопозитивизмнiң өзiне келiп тiрелдiк. Негiзгi өкiлдерi - Мориц Шлик (1882-1936 ж.ж.), Рудольф Карнап (1891-1970 ж.ж.), Людвиг Витгенштейн (1889-1951 ж.ж.), Бертран Рассел (1872-1970 ж.ж.) т.с.с.

Неопозитивизм өкiлдерi белгiлi бiр толыққанды философиялық мектептi, ағымды құрмайды. Жалпы алғанда, ол философияның жеке ғылымдармен салыстырғандағы ерекше Дұниеге деген көзқарастық- методологиялық маңызы бар пән екендiгiн мойындамайтын әр-тұрлi кiшi-гiрiм ағымдардың жиынтығы десек те болады. Олардың ойынша, бұрынғы философия метафизиканың тартпалы батпағына батып жалған тексерiлмейтiн ұғымдардың iшiнен шыға алмай қалды. Мысалы, Б.Рассел тек қана сезiмдiк деректердiң шынтуайттығын мойындайды. Объективтi дүниенiң өмiр сүруiн мойындағанмен, ол оның негiзiн тек қана сенiмге негiздейдi - оны ғылыми жолмен дәлелдеу мұмкiн емес. Сонымен қатар, Б.Рассел эмпириокритицизмдегi сезiмдiк тәжiрибенi асыра тұсiнудi қолдамай, оны математикалық логика тұрғысынан толықтыру керек деген пiкiр айтты. Олай болса, философия дегенiмiз тәжiрибеден алынған негiзгi қағидаларды логикалық талдаудан өткiзiп қорытатын пәнге айналады. Осы логикалық позитивизмнiң келесi өкiлiн - Р.Карнапты алатын болсақ, ол математикалық логика арқылы бiлiмдегi негiзгi ұғымдардың мазмұнын, мән-мағнасын тексеруге шақырды. Ал оның негiзгi құралы - верификация (verificatio,- латын сөзi,- дәлелдеймiн деген мағна бередi) принципi. Тiкелей верификацияға келер болсақ, ол ғылымдағы белгiлi бiр қағидаларды өмiрдегi тәжiрибеге сәйкестiгiн анықтау болып табылады. Ал дамыған теориялардағы қағидаларға келер болсақ, оларды тек жанама түрде верификациялауға болады.Ол үшiн сол теорияның негiзiнде жатқан элементарлық, атомарлық, протоколдық сөйлемдерге шейiн жетiп, оларды өмiрдегi сезiмдiк тәжiрибеден шығатын деректермен салыстырып тексеру қажет. Әрине, мұндай жұмыстар философия саласында iстелуi керек. Олар бұл салада көп жұмыстарды атқарды . Бiрақ, қоғамдық-гуманитарлық пәндердi алар болсақ (әсiресе этика мен психологияны) верификация принципiнiң көп жағдайда әлсiздiгiн байқауға болады. Ал осының негiзiнде олардың бәрiн ғылымның шеңберiнен шығарып тастауға, әрине, болмайды. Бұл логикалық позитивизмнiң негiзгi кемшiлiктерiне жатады.

Б.Расселдiң әлеуметтiк философиялық көзқарастарына келер болсақ, ол қоғам өмiрiнде белгiлi бiр даму заңдылықтары жоқ деген пiкiрге келедi. Адамдардың iс-әрекеттерiне шешушi ықпалды көбiнесе олардың инстинктерi мен iңкәрлерi тигiзедi. Сонымен қатар, ол адамның ерiктiк өмiрге деген ынтасын терең бағалап, тоталитаризмнiң қай-тұрiн болмасын (сталинизм, фашизм) тұлғаны мемлекеттiң құрсауына алғаны үшiн қатты сынады.

Неопозитивизмнiң екiншi түрi - лингвистикалық философияның өкiлдерiне келер болсақ, олар философияның айналысатын негiзгi iсiн тiлдегi сөздердi, ғылыми сөйлемдердi логикалық жолмен талдаудан көредi. Л.Витгенштейннiң ойынша, философия тек қана “тiлге сын² ретiнде ғана өмiр сүре алады. Өзiнiң “Логикалық-философиялық трактаттар² деген еңбегiнде ол “Менiң тiлiмнiң шеңберi менiң Дүниемнiң шеңберiн құрайды²,- дейдi. Бұл философия саласында ашылған ұлкен жаңалықтардың бiрi болды, өйткенi, қайсыбiр ұлттық тiлдiң құрылымы сол халықтың дұниесезiмi мен дұниеқабылдауына, керек болса, дұниеге деген көзқарасына шешушi ықпалын тидiредi. Оны бiз қазiр “халықтың менталитетi² деген ұғыммен беремiз. Л.Витгенштейннiң негiзгi идеясы - тiлдегi сөздердi ұқыпты пайдалану, басқа жағдайда ол бiздi неше-тұрлi абстрактылық ұғымдардың құрсауына қамап алдастырады.

ХХ ғ 50 жылдарынан бастап позитивизмнiң соңғы сатысы дүниеге келдi - оны постпозитивизм (соңғы позитивизм) деп атайды. Негiзгi өкiлдерi - Карл Раймунд Поппер (1902-1994 ж.ж.) , Томас Самюэль Кун (1922 ж.), Имре Лакатос (1922-1974 ж.ж.), Пауль Фейерабенд (1924 ж.) т.с.с.

К.Поппер ғылымның дамуындағы верификация принципiнiң жеткiлiксiз екенiн көрсетедi. Ғылымның дамуындағы пайда болған ешқандай теория “соңғы ақиқат² емес, күндердiң бiр күнiнде ол терiске шығарылуы мүмкiн. Олай болса, ғылымдағы қағидалардың терең табиғаты - олардың болжамдығында, қателiк кету мүмкiндiгiнде. Оны ол фаллибилизм (қателiк) дейдi. Ғылымдағы бiлiмнiң дамуы негiзiнен алғанда неғұрлым әртұрлi гипотезалардың көбiрек ұсынылуымен бiрге оларды фальсификациялаумен (терiске шығаруға тырысу, оған қарсы бағытталған пiкiрлердi ұсыну) байланысты. Сонда ғана ғылым дүниетану жолында тереңдей түседi.

Өзiнiң жалпы Дүниеге деген көзқарасында ол “Үш әлем² теориясын ұсынады. Олар: физикалық әлем, яғни бiздi жағалай қоршаған дүние. Келесi - ментальдық әлем (Платонның “идеялар әлемiне ұқсас). Үшiншi әлем - адамзат жеткен шынтуайтты өмiр сұретiн бiлiм әлемi (Орта ғасырдағы Ибн-Роштың адамзат интеллектiне ұқсас).

К.Поппердiң ойынша, философия ғылым емес, өйткенi, оның негiзгi қағидаларын фальсификациялауға болмайды. Бiрақ, ол адамға өмiрдiң мән-мағнасын ашып, сондағы адамның алатын орнын көрсетуге тырысады. Сол үшiн ол философияны биiк бағалайды.

Өзiнiң әлеуметтiк философиясында К.Поппер адамзат тарихында ешқандай заңдылықтар болған емес деген пiкiрге келедi. Осы тұрғыдан ол марксизмдi, әсiресе “коммунизм² идеясын қатты сынға алады.

К.Поппердiң идеялары И.Лакатосқа зор әсерiн тигiздi. Ғылымның тарихи дамуын зерттей келе ол “ғылыми зерттеу бағдарламасы² атты танымдық методологияны ұсынады. қайсыбiр кемелiне келген ғылымда өне бойы жаңа теориялар пайда болып бiр-бiрiн ауыстырып жатады. Ал оның өзi сол ғылымдағы қабылданған “зерттеу ережелерiмен² тығыз байланысты. Олардың бiреуi (оң эвристика) болашағы бар зерттеу жолдарына сiлтесе, келесiлерi (терiс эвристика) қай зерттеу жолдарынан аулақ болу керек екенiн көрсетедi.

Қайсыбiр “ғылыми-зерттеу бағдарламасының² iшкi бұзылмайтын “қатты өзегi² болады - оған iргетасты терiске шығарылмайтын қағидалар ғана кiредi. Ал оны қоршап тұрған “қорғайтын шеңберге² келер болсақ, ондағы гипотезалардың негiзгi функциясы - бағдарламаның өзегiн қорғау болып табылады. Бiрақ гипотезалар фальсификацияланып жартылай, я болмаса толығынан жоққа шығарылуы мүмкiн. Онда оның орнына жаңа гипотеза келедi.

“Ғылыми-зерттеу бағдарламасының² әрi қарай өрлеу мүмкiндiгiн қалай анықтауға болады? И.Лакатостың ойынша, егер бағдарламаның теоретикалық өсуi оның эмпириалық өсуiнен алда жұрсе, яғни теоретикалық түрде болашақта ашылатын кейбiр деректердi болжай алсақ, онда ол - өрлеу үстiнде. Ал жаңа ашылған деректердi соңынан теоретикалық түрде жалпылау, түсiну дегенiмiз - ол бағдарламаның сарқылғанын, жақын арада оны


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мiр философиясы | Феноменология

Дата добавления: 2014-03-19; просмотров: 2050; Нарушение авторских прав




Мы поможем в написании ваших работ!
lektsiopedia.org - Лекциопедия - 2013 год. | Страница сгенерирована за: 0.02 сек.