Студопедия

Главная страница Случайная лекция


Мы поможем в написании ваших работ!

Порталы:

БиологияВойнаГеографияИнформатикаИскусствоИсторияКультураЛингвистикаМатематикаМедицинаОхрана трудаПолитикаПравоПсихологияРелигияТехникаФизикаФилософияЭкономика



Мы поможем в написании ваших работ!




Мiр философиясы

Читайте также:
  1. Б.Спиноза философиясы
  2. Тарих философиясы
  3. Экзистенциализм философиясы

Егер позитивизм ағымы ХХ ғ ғылым саласында болып жатқан кұрделi процестердi зерттеп, танымның жаңа жолдарын ашуға барлық кұштерiн салса, “өмiр философиясы², керiсiнше, өмiрдi ақтау мен тұсiнуге шақырып, ақыл-ой, логика, дұниетаным, экономикалық, саяси т.с.с. зерттеулер адамның жан-дұниесiн, өмiр сезiмiн кедейлетедi деген пiкiрге келедi. Расында да, ХХ ғ қарай “адам ақыл-ойдың негiзiнде дұниенi өзгертiп жер бетiне бақытты өмiр әкеледi²,- деген Жаңа дәуiрдегi ағартушылардың романтикалық көзқарастары өткiр сынға алына бастады. Оның бастамасын бiз сол Х1Х ғ өзiнде-ақ өмiр сұрген А.Шопенгауер мен С.Кьеркогердiң шығармаларынан байқағанбыз. Бұл ойшылдардың философияға “еккен² ойлары ХХ ғ әр-түрлi “өмiр философиясының² ағымдарын тудырып, өте жемiстi болып шықты.

Бұл ағымның негiзгi ұғымы ретiнде “өмiр² философиядағы бұрынғы “болмыс² категориясына қарсы қойыла бастады. “Болмыс жоқ, тек қана қалыптасу ғана бар²,- дедi Ф.Ницше. “Ал қалыптасу дегенiмiз өмiр²,- деп әрi қарай өз ойын қорытты.

Өмiр философиясының шеңберiнде “өмiр² ұғымына әр-тұрлi ғалымдар әр-тұрлi мазмұн-мағна бередi. Биологиялық-табиғи көзқарас ұстаған ғалымдар өмiрдi инстинктер, өмiр сүруге деген iңкәр, ерiкке т.с.с. теңейдi. Тарихтық көзқарасқа негiзделген бағыт өмiрдi нақтылы-тарихи мәдениеттi бойына сiңiрген тұлғаның iшкi жан тебiренiстерiмен ұштастырады. Пантеистiк тұрғыдан өмiр үне бойы өзiнiң жаңа формаларын тудырып отыратын ғарыштағы күш ретiнде тұсiнiледi.

“Өмiр философиясының² алғашқы өкiлдерi Вильгельм Дильтей (1893-1911 ж.ж.) мен Георг Зиммель (1858-1918 ж.ж.) өмiрдi ерiк пен iңкәр, сезiм мен тебiренiс деректерi деп анықтайды. Өмiр - хаосты тәртiпке келтiредi. Өмiрдiң организмдiк және одан да биiк формалары бар. Өмiр организмдiк деңгейде өлiммен шектелсе, организмдiктен биiк формалары мәдениеттi құрайды. Осы тұрғыдан алғанда шындықтың өзi өмiрден алған тәжiрибенiң өзi. “Өмiрлiк тәжiрибе² - зердеге тең емес, ол ақыл-ойға симайды. Өмiр - ағым, өзгерiс, шығармашылық,- онда жалпылық деген жоқ. Өмiрдi тек қайталанбайтын жекелiк арқылы ғана суреттеуге болады. Осы арада “шығармашылық трагедия² дүниеге келедi. Өйткенi, өмiрдiң қайталанбайтын толқындары оның объекивтелiнген, яғни затталынған формаларымен қайшылыққа келедi. Ол қайшылықтарды шешу үшiн тарихи мәдениет туындыларын сол замандағы ақуалды бiлу, барлық жан-дүниеңмен соған өткендей болып сезiну арқылы түсiнуге болады. Оны В.Дильтей герменевтика деген ұғыммен бередi. Тарихшы өткен оқиғаларды шынайы қайта суреттеп қана қоймай, сонымен бiрге оны қайта тебiренiп, оның өмiршеңдiк жақтарын тұсiндiре бiлуi керек.

Анри Бергсон (1859-1941 ж.ж.) - “өмiр философиясының² шеңберiнде “шығармашылық талпыныс² ағымын жасайды. Оның ойынша, алғашқы да ең терең шындық - ол белгiлi бiр толыққанды бiртұтас өмiр, ал материя мен рухқа келер болсақ, ол сол өмiрдiң қалдықтары. Өмiр - “өмiрлiк талпынысқа² (elan vital), яғни ешқашанда тоқталмайтын шығармашылық өзгерiс, қалыптасуға тең. Материя - болмыстың енжар жағы, ол, әрине, қаншалықты қарсылық көрсетсе де, дегенмен, ең ақырында, өмiрге бағынады. Сондықтан, табиғаттың тарихи күделенуi, өрлеуi - өмiрдiң шығармашылық өрлеуiмен тең. Олай болса, Дүние - бiрегей, тоқталмайтын, үне бойы жаңа формаларды бiрiнен соң бiрiн тудыра беретiн шығармашылық .

А.Бергсонның ойынша, адам жағалай қоршаған материалдық дұниеге өзiнiң интеллектi (ақыл-ойы) арқылы бейiмделдi. Интеллект дегенiмiз ақыл-ой, зерде арқылы адамның дүниедегi құбылыстарды танып-бiлуi, - ол өзiнiң ең биiк шыңына жаратылыстану ғылымдары арқылы жетедi. Интеллект бiртұтас дүниенi заттарға, соңғыларды құрамдас бөлшектерге бөлiп, содан кейiн олардан дүниенiң жасанды суреттерiн тудырады. Интеллектiң қайнар көзi - адамның материалдық дұниедегi iс-әрекеттерiн ұйымдастыру, олардың нәтижелiгiн қамтамасыз ету. Бұл арада аса назар аударатын нәрсе - интеллект, А.Бергсонның ойынша, заттың терең мәнiн аша алмайды, ол тек қана олардың арасындағы байланыстары мен қарым-қатынастарын ғана көрсете алады. Өлi материяны құрамдас бөлiктерiне бөлiп, содан кейiн оларды басқаша тұрде қайта құрастыру - интеллектiң негiзгi iсi. Олай болса, ол заттың сыртқы қабығын ғана игере алады. Өне бойы қозғалып, өзгерiп жатқан Дүниенi интеллект кинопленкадағы өмiрдi “жасанды тұрде² көрсеткен сияқты - онда әрбiр кадр қозғалысты көрсетпесе де , бiрiнiң артынан бiрiн белгiлi бiр жылдамдықпен өткiзген кезде экранда “қозғалыстағы өмiрдiң² көшiрмесi пайда болады. Интеллект Дұниедегi ұқсас, қайталанатын қарым-қатынастарды ғана көрсетiп, сонымен қатар, оның қайталанбайтын, өмiрге бiр-ақ рет келген iшкi өзегiн - өмiрдiң өзiн - танып-бiле алмайды. А.Бергсон адамның интеллектiнен басқа да таным құралының бар екенiн мойындайды - ол интуиция. Интуиция дегенiмiз - ол затқа деген сүйiспеншiлiктiң негiзiнде оның iшкi, интеллектке ашылмайтын, жағына өтiп оның өмiрлiк өзегiн сезiну болып табылады. Интуиция дегенiмiз - рухтың алғашқы негiзi. Ол - өмiрдiң өзi. Танымдық тұрғыдан алып қарағанда, алғашқы интуиция инстинкт пен интеллектке бөлiнедi. Сол сәтте инстинкт өзiндiк санасынан , интеллект заттың iшкi сырын ашу қабiлетiнен айырылады. Адамның интуициясы толығынан интеллектке бағынышты. Алайда, кейбiр “шекаралық жағдайда², адамның өмiрiне қауып түскен, я болмаса оның басына “тағдырлық² ақуал келген кезде, интуиция интеллектiң құрсауынан босап, адамға нағыз шындықты көрсетiп, оның Ғарыштағы орны мен тағдырын анықтауға көмектеседi.

Адам - шығармашылық пенде, өйткенi “өмiрлiк талпыныс² оның iшiнен өтедi. Алайда, өмiрдi терең сезiну интуициясы тек қана таңдаулы адамдарға ғана тән нәрсе. Сонымен, А.Бергсон шығармашылық пен мәдениет жөнiнде элитарлық көзқарас ұстайды.

А.Бергсонның әлеуметтiк философиясына келер болсақ, ол адамның өмiр сұруiнiң екi түрiн мойындайды. Көп жағдайда адам “сыртқы² өмiрдiң шеңберiнде - өзiне емес, басқа адамдар үшiн өмiр сұредi. Тек қана өзiмiздiң iшкi өмiрiмiзге терең үңiлiп, бiз өзiмiздiң ерiктiгiмiз бен биәлеуметтiгiмiздi анықтай аламыз. Бiрiншi өмiр формасын ол “жабық², екiншiсiн “ашық² қоғамға жатқызады. Жабық қоғамда тұлға ұжымның құрсауынан шыға алмайды, ашық қоғамда тұлғаның өмiрi мен шығармашылық қызметi ұстем болып келедi.

Қорыта келе, бiз А.Бергсонның философиясының бiршама қайшылықтарының бар екенiн байқаймыз. Әрине, интеллект адамның жан-дүниесiнiң нәзiк жақтарын толығынан жете бiле алмайды. Интеллект есептейдi, бөледi, қайта құрастырады, одан әрқашанда суық лебiз бiлiнедi. Адам көп жағдайда өмiрдiң терең жақтарын бисаналық түрде өзiнiң барлық жан-тәнiмен сезiнуi мүмкiн. Мұның бәрi де дұрыс. Бiрақ, А.Бергсонның интеллект пен интуицияны қарама-қарсы қойғаны қайсыбiр терең дұниетанымды жоққа шығарады. Өйткенi, интуициямен сезiнгендi ұғым арқылы түсiне алмасақ, онда оны қалайша басқа адамдарға жеткiземiз? Дүниедегi “шығармашылық талпыныс² үне бойы қайталанбайтын өзгерiстердi тудыра берсе, онда дүниедегi барлық заңдылықтардан бас тартуға тура келер едi. Әрине, ол мүмкiн емес. Дегенмен, А.Бергсонның философиялық көзқарастарының негiзiнде ерекше ағым пайда болмағанымен, ол ХХ1 басқа философиялық ағымдарға өзiнiң зор әсерiн тигiздi.

Фрейдизм ағымы. Сана мен бисаналық мәселелерi

“Өмiр философиясының² ХХ ғ беделдi ағымдарының бiрi - фрейдизм болып табылады. Негiзiн қалаушы Зигмунд Фрейд (1856- 1939 ж.ж.) -австриялық дәрiгер, психолог, философ. Негiзгi еңбектерi : “ Мен және Ол², “Тотем мен Табу²т.с.с.

З.Фрейд жүйке ауруларын зерттеу мен емдеу жолында адам психикасында бисаналықтың зор орын алатынын байқайды. Егер одан бұрын қайсыбiр невроз ауруларының себебiн ғалымдар сананың шеңберiнен iздеген болса, ол оны бисаналықтан көрiп, жұйке ауруларын емдеудiң “психоанализ² әдiстерiн жасап, бiршама жетiстiктерге жетедi. Бұл оған шабыт берiп, ол психоанализдiң негiзгi қағидаларын бұкiл қоғам мен мәдениетке таратып, философия саласында ерекше ағымды тудырды.

Сонымен, бисаналықты ашу,оның құрылымын, адамның жеке өмiрiне, қоғамға тигiзетiн әсерiн зерттеу - Фрейдтiң ғылымға еңгiзген жаңалығы болды. Адамның көп ынта-тiлектерi мен iңкәрлерi бисаналықты түрде пайда болады екен. Олар сыртқа адамды гипноздаған кезде, я болмаса ұйқыдағы адамның түсiнде, байқамай айтылып қалған сөзде, кейбiр дене қозғалысында т.с.с. көрiнiп қалады.

З.Фрейдтiң ойынша, адамның психикасының үш деңгейi бар: оның ортасында “Ego² (латын сөзi,- “Мен² деген мағна бередi), яғни адамның өзiндiк сана-сезiмi орналасқан. Екiншi құрамдас бөлiгiн “Super ego² (өзiндiк сана-сезiмнен жоғары) деп атайды. Оған неше-тұрлi қоғамның тұлға алдына қоятын талаптары, әлеуметтiк нормалар, әке-шешенiң бала алдына қойған талаптары мен бұйрықтары т.с.с. кiредi, ол тәрбие барысында адамның психикасына енгiзiлiп, соңынан оның барлық жұрiс-тұрысын қоғамның талабына сәйкес ретке келтiрiп отыратын iшкi механизм. Адам психикасының iрге тасы ретiнде ең терең жатқан және өте көне құрамдас бөлiгi - ол “Libido² (латын сөзi,- құштарлық, iңкәр, зауықтану,- деген мағна бередi), я болмаса оны қысқаша “Id² деген екi әрiппен бередi. З.Фрейдтiң ойынша, оған адамның барлық бисаналық түрде өтiп жататын психикалық құбылыстарының бәрi де кiредi. Оларға инстинктер, кұңгiрт сезiмдер мен тұйсiктер, ындын-тiлектер т.с.с. жатады. Бисаналықтың өзегiне З.Фрейд жыныс күш-қуатын (сексуалдық энергия) жатқызады. Ол бұкiл адамның психикалық жан-дүниесiне өзiнiң ықпалын тигiзiп, адамның “өздiгiн², ерекшелiгiн құрайды.

З.Фрейдтiң ойынша, егер адам психикасының ең терең қабаты ләззат алуға тырысса, сана, керiсiнше, сыртқы дұниеге, жағалай ортаға бейiмделуге асығады. Осы себептi сана мен бисаналықтың арасында әрдайым қайшылық пайда болады. Егер тәрбие барысында адамның жан-дұниесiне еңгiзiлген әлеуметтiк нормалардың талаптары өте күштi болса (Super ego), онда ләззат алуға бағытталған жыныс кұш-қуаты сыртқа шыға алмай, бiр жағынан адамды невроз ауруларының түрлерiне әкелсе, екiншi жағынан, ол белгiлi бiр жағдайда сублимацияланып (sublimatio,-латын сөзi, - “биiкке көтеремiн²,- деген мағна бередi) , яғни жыныс энергиясы мәдени шығармашылыққа айналып, тұлға үлкен рухани туындыларды дүниеге әкелуi мұмкiн.

Жүре келе, З.Фрейд бисаналықтың шеңберiнен екi негiзгi инстинктердi бөлiп алады. Олар - “өмiр инстинктi² - эрос, “өлiм инстинктi² - танатос. Егер эрос инстинктi өмiрге деген сұйiспеншiлiктi, достықты, iңкәрдi тудырса, танатос - адамды өлiмге қарай итерiп, оның агрессивтiк, қанiшерлiк, қиратуға деген құмарлығын, адамдарды қорлауға бағытталған iс-әрекетiн тудыруы мүмкiн.

Дегенмен, З.Фрейд бисаналықтың күш-қуаты қандай зор болғанымен, адам оларды ауыздықтап, саналы тұрде басқара алады деп есептедi. Әңгiме адамды алаңдататын бисаналық құбылыстарды сананың жарығына шығарып, оларды өз еркiңе көндiруге мүмкiндiк алуда болса керек.

Қоғам өмiрiнде адамның күңгiрт инстинктерiн ауыздықтайтын құралы бар. Ол - мәдениет. Мәдениеттiң құндылықтары арқылы адамдар өзiнiң табиғатпен, өз-өздерiмен қарым-қатынасын ретке келтiрiп, деструктивтi күнгiрт инстинктерiн шектеп ығыстырады. Бiрақ, ығыстырылған күңгiрт күштер ешқашанда мүлде жойылмайды, олар қорлана келе, оқтын-оқтын бұрқырап шығып неше-тұрлi бақытсыздыққа әкеледi. З.Фрейдтiң айтуына қарағанда, жыныстық құмарту мен қатыгездiк, мейiрiмсiздiк бiр-бiрiмен өте тығыз байланысты. Сонымен, екi негiзгi инстинктер әрдайым бiр-бiрiмен күресте болып, мәдениеттiң дамуының негiзгi бағыттарын анықтайды.

Сонымен, бисаналықтың екi негiзгi инстинктiн мойындау, бiр жағынан, шығармашылық жолмен дұниенi қайта құру, екiншi жағынан, жасалған мәдениетке қарсы шығу, қирату - З.Фрейдтiң iзiн қуған ғалымдардың еңбектерiнде неше-тұрлi қайшылықтарды тудырды. Олардың көбiн З.Фрейдтiң бисаналықтың өзегiн жыныс энергиясына теңеуi қанағаттандырмайды.

Карл Густав Юнг (1875-1966 ж.ж.)басында өз ұстазының көзқарасында болғанмен, жүре келе бисаналықты басқаша түсiне бастайды. Аурулардың көрген түстерiн сараптай келе, ол онда халықтардың тарихи аңыз-әңгiмелерiндегi кеiпкерлердiң бейнелерiн байқайды. Олай болса, адамның жеке басының бисаналығынан басқа, одан да терең “ұжымдық бисаналық² формаларының бар екенiн байқайды. Егер жеке адамның бисаналық формалары сол адамның тәжiрибесiнен шыққан неше-түрлi психикалық, уақытында ұмытылып, я болмаса ығыстырылған тебiренiстерден тұратын болса, “ұжымдық бисаналық²- бұкiладамзаттық тәжiрибенi қамтиды. Онда мыңдаған жылдардағы жиналған адамзат тәжiрибесiн, сонымен қатар, адамға дейiнгi жануарлық “жасырылған iздердi² байқауға болады. Олардың көбiн халықтардың мифологиясы, аңыз-хикаялары, дiни сенiмдiктерiндегi бiр-бiрiне ұқсайтын батырлар, дана ақсақалдар, Жер-ана, перiлер т.с.с. көркем бейнелерден байқауға болады. Оқтын-оқтын бұл бейнелер адамның түсiне келедi. Олардың бәрiн К.Юнг “архетиптер² деген ұғыммен бередi. Олардың нақтылы мазмұны жоқ символикалық бейнелер, тiрi тұлға өзiнiң өмiр шеңберiнде алған тәжiрибесiн сол символдарға толтырып, өз тұлғалық қасиеттерiн қалыптастырады.

Архетиптер халықтың әдет-ғұрыптары арқылы ұрпақтан-ұрпаққа берiлiп отырады. Сонымен қатар, олардың көбi тiптi тұқым қуу механизмдерi арқылы созылып, әдет-ғұрыптар жойылып кеткеннiң өзiнде де өмiрде қайталана берiледi.

Егер З.Фрейд пен К.Юнг жеке адамның психикасын, оның адамның жұрiс-тұрысына тигiзетiн ықпалын зерттеген болса, онда А.Адлер (1870-1937 ж.ж.), К.Хорни (1888-1959 ж.ж.), Э.Фромм (1900-1980 ж.ж.)фрейдизмнiң негiзгi идеяларына сұйене отырып, қоғам өмiрiн зерттеуге тырысты.

А.Адлер фрейдизм iлiмiне “компенсацияұ(толықтыру) ұғымын кiргiзедi. қайсыбiр адамның психикасында өзiнiң дене кемшiлiктерiн сезiнудiң негiзiнде “өзiне деген сенiмсiздiк² бишаралық сезiм пайда болады. Тұлға оны аттап өту жолында өзiнiң барлық шығармашылық мүмкiндiктерiн сыртқа шығаруға тырысады. Осы адамның өз-өзiн өмiрде нағыз болуға итерген iс-әрекетiн А.Адлер компенсация дейдi. Ал адам осы жолда “компенсациядан да ұстем² iс-әрекет жасаса, онда ол ұлылық дәрежесiне көтерiлуi мұмкiн (мысалы, Наполеонның денесiнiң кiшiлiгi, Гитлердiң аяғын сылтып басуы т.с.с. - олардың дене кемшiлiктерiн ұлы iстер арқылы компенсациялау әрекетiн тудырды деген пiкiр әдебиетте бар).

К.Хорни тұлғаның дамуының екi жолын көрсетедi - ол норма мен паталогия. Бiрiншi жолда адам өз табиғи дарындарын өзiнiң қабiлеттерiне айналдырып, оларды дамытуға тырысады. Екiншiде адамның мiнез-құлқында терiс өзгерiстер қорланып невроз ауруына әкеледi. К.Хорни оны әлеуметтiк себептермен (“ауру² қоғамның салдарлары) генетикалық (өзара тұлғалық және әке-шеше мен бала арасындағы терiс қарым-қатынастардың қалыптасуы) және “мәндiк² (тұлғаның өз мүмкiншiлiктерiн iске асыру жолында жалған жолға түсiп кетуi) өзгерiстермен ұштастырады.

Неофрейдизмнiң ұлы өкiлi есебiнде американ философы Эрих Фроммды айтуға болады. Оның ойынша, тұлғаның ешқандай туа бiткен психикалық қасиеттерi жоқ. Тұлғаның барлық психикалық өзгерiстерi мен өмiрдегi көрiнiстерi оның қоғам өмiрiндегi қатынастарға тереңдеу деңгейiмен байланысты. Қазiргi қоғамдағы қатынастар “машиналанған², “компьютерленген² т.с.с. түрде болғандықтан, ол адамның шынайы мәнiн “жаттандырып² оны неше-түрлi невроз ауруларына әкеледi. Қазiргi қоғам адамның осы дүниедегi “болуының² орнына оған “алуды² ұсынады. Сол себептi ол тұлғаның “жинаушылық² , “нарықтық², “енжарлық² т.с.с. мiнез-құлқын тудырады. Тұлғаның жаттануының ең айқын көрiнiстерi - ол адамның ерiктiктен бас тартып қашуы, нашақорлықтың, iшiмдiктiң жолына түсiп батуы, қылмыстық т.с.с. Ал осы көрсетiлген кемшiлiктердi тудырған “ауру² қоғамды қалайша “емдеуге² болады? Э.Фроммның ойынша, ол үшiн ең бiрiншi қажет нәрсе - “гуманистiк жоспарлауды² қоғамға еңгiзу, дүниедегi байлықты жинау, қорлау, алу психологиясынан бас тарту, қоғамды басқару жүйесiндегi қалыптасып қалған шен иелерiнiң жаттанған басқару формаларының орнына “гуманистiк басқару² жұйесiн еңгiзу, соның арқасында қарапайым адамдардың әлеуметтiк өмiрге деген ынтасын ояту, дұниеде болуға бағытталған құндылықтар жүйесiн тудыру т.с.с. қажеттiктердi көрсетедi. Әрине, ұлы философтың бұл ойлары өтпелi кезеңдi өз басынан өткiзiп жатқан бiздiң қоғамға аса қажет ойландыратын нәрселер.

Сонымен қатар, Э.Фромм адамның өмiр сүру диалектикасына тоқталып, оның ешқашанда жойылмайтын трагедиялық жағын да көрсетедi. Бiрiншiден, адам бұл өмiрге өзi сұранып келмейдi - ол белгiлi бiр кездейсоқты жерде, уақытта дүниеге келiп, алғашқы сатыдан өмiрiнiң соңына шейiн “өмiр мен өлiмнiң екi ортасында² болып iс-әрекет етедi. Екiншiден, осындай шектелген өмiрдiң шеңберiнде адам өзiнiң бойындағы барлық дарындарын iске асырып, алдына қойған өмiрлiк мақсат-мұраттарын орындап ұлгiрмейдi, сондықтан олардың көбi, қазақ дұниесезiмiндегi терминдермен айтсақ, “жалған, жеткiзбейтiн арман² болып қала бередi. Э.Фроммның бұл ойлары бiздi фрейдизмнiң шеңберiнен шығарып экзистенциализм философиясына өткiзiп жiбередi.


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
 | Экзистенциализм философиясы

Дата добавления: 2014-03-19; просмотров: 659; Нарушение авторских прав




Мы поможем в написании ваших работ!
lektsiopedia.org - Лекциопедия - 2013 год. | Страница сгенерирована за: 0.005 сек.