Студопедия

Главная страница Случайная лекция


Мы поможем в написании ваших работ!

Порталы:

БиологияВойнаГеографияИнформатикаИскусствоИсторияКультураЛингвистикаМатематикаМедицинаОхрана трудаПолитикаПравоПсихологияРелигияТехникаФизикаФилософияЭкономика



Мы поможем в написании ваших работ!




Тарих философиясы

Читайте также:
  1. Б.Спиноза философиясы
  2. Мiр философиясы
  3. Экзистенциализм философиясы

И.Канттың ойынша, халықтардың дамып жетiлуi көп жағдайларда “сол елдердiң туған жерiне, еңбек салаларына, әдет-ғұрыпына, қол өнерi мен саудаға, халықтың тығыздығына байланысты².

Қоғам өмiрiнде гипотетикалық және категорикалық императивтер бiр-бiрiмен қайшылыққа түседi. Адамдар өз табиғаты бойынша тойымсыз, сараң және өлшемсiз, билiкке, үстемдiкке деген iңкәрләрiмен мiнезделедi.

Сонымен қатар, категорикалық императивтiң талаптарына сәйкес, олар өздерiнiң жүрiс-тұрысын моральдық тұрғыдан ақтағысы келедi. Бiр жағынан адамдар бiр-бiрiнен алшақтап, екiншi жағынан бiр-бiрiне жақындайды, өйткенi олар неше-түрлi өздерiнiң қажеттiктерiн өтеу жолында бiр-бiрiнен көмек iздеуге мәжбүр болады. “Адам сондай қисық ағаштан жасалғаннан кейiн, оны қанша сүргелесең де түп-түзу қылу мүмкiн емес,- дейдi И.Кант. Бiрақ, осыған қарамастан, жеке адамдар арасындағы қайшылықтар бүкiл қоғамдық тұрғыдан алып қарағанда, тарихты алға жылжытады. Қоғам әлеуметтiк жағынан алға жылжыған сайын қайшылықтар да өсе бастайды. Жетiлген болашақ қоғамда “оның мүшелерiне орасан зор ерiктiк берiледi, олай болса, олардың арасындағы қайшылықтар да өмiр сүредi,- деп қорытады И.Кант.

И.Канттың ойынша, адамзат тарихы бүкiладамзаттың құқтық- азаматтық ақуалына қарай дамып келедi, бiрақ оған толығынан бұл дүниеде жету мүмкiн емес. Жалпы алғанда, адамзаттың сыртқы мәдениетi оның моральдық жетiлуiне қарағанда анағұрлым тез дамып келедi. Бұл адамзат алдында тұрған үлкен үрей,- деп есептейдi ұлы ойшыл. Әрине, И.Канттың заманынан кейiнгi уақыт бұл кiсiнiң ойының негiзсiз емес екенiн ашық көрсеттi - тек өткен ХХ ғ өзiнде-ақ екi дүниежүзiлiк соғыста миллиондаған адамдар соның құрбаны болған жоқ па ?!!

Сондықтан, И.Кант мемлекеттер арасындағы қайшылықтарды, халықтар арасындағы алауыздықты қалайша жойу керек, адамзат өмiрiнде “мәңгiлiк бейбiтшiлiктi² қалай орнату керек деген сияқты көкейтестi сұрақтарға жауап беруге тырысты.

“Бүгiнгi таңда халықаралық қатынастарда үстемдiк жасайтын құқ емес, тек қана зорлық-зомбылық²,- деп қорытады ұлы ойшыл. Соғыс - адамның өз-өзiне мақсат екенiн аяққа басады, сондықтан, “ол болмауы қажет².

Соғыс болмауы үшiн мемлекеттер арасында тек қару-жарақ болып, олар өздерiн өзара қорқытып ұстауы қажет, я болмаса болашақта бүкiл адамзатын бiр ғана дүниежүзiлiк мемлекеттiң аясында бiрiктiру қажет деген кең тараған пiкiрлерге И.Кант үзiлдi-кесiлдi қарсы шығады. Оның ойынша, мемлекет арасындағы қару-жарақ, күш теңдiгi ертелi-кеш әрқашанда бұзылады, ал бүкiл дүниежүзiлiк мемлекет халықтардың бостандығын аяққа басар едi.

И.Канттың ойынша, тек қана бүкiл жер бетiндегi мемлекеттердiң ерiктi федерациясы ғана халықтардың бостандығы мен саяси дербестiгiн сақтап қалуға мүмкiншiлiк бередi. “Ол халықтар одағы болар едi, бiрақ ол ешқашанда халықтардың мемлекетi болмауы керек²,- деп ойлайды И.Кант. Сонымен, ол ұлттық мемлекеттiң өмiр сүру құқын осылайша қорғайды.

Бүкiл адамзаттық-азаматтық ақуалды жақындату үшiн халықаралық келiсiмдер қатаң сақталып, мемлекеттiң iшкi iстерiне басқалар араласпай, халықтар арасында сауда-саттық, мәдени байланыстарды дамыту қажет. Байқағанымыздай, И.Канттың бұл саладағы негiзгi идеялары өз заманын озып бүгiнгi уақытта да өзектiлiгiмен байқалады.

И.Канттың философиясы дүниежүзiлiк философия тарихында өзiнiң өшпес iзiн қалдырды. Көп ғалымдардың айтуына қарағанда, И.Кант Х1Х ғ Немiс философиясының негiзiн ғана қалап қоймай, ХХ ғ көп философиялық толғауларға өзiнiң әсерiн тигiздi.

Гегель - немiс классикалық философиясының шыңы

Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831 ж.ж.) - Германияның Штутгарт қаласында лауазымы биiк шен иесiнiң жанұясында дүниеге келген. Гимназияны үздiк бiтiрiп, 1788-1793 ж.ж. Тюбинген теологиялық институтында оқиды. 1801 ж. бастап Иена университетiнде ғылыми-педагогикалық жұмыс атқара бастайды.

Негiзгi еңбектерi: “Рухтың феноменологиясы (құбылысы) ², “Логика ғылымы², “Философиялық ғылымдардың энциклопедиясы², “Құқ философиясы², “Эстетикаға арналған лекциялар²т.с.с.

Өзiнiң философиялық жүйесiн жасау жолында Гегель ойлау мен болмыстың теңдiгiнен бастайды. Ал онда оның Шеллингтiң философиясынан айырмашылығы неде?,- деген сұрақ пайда болуы мүмкiн. Расында да, Шеллинг , жоғарыда көрсеткендей, Абсолюттiң ойлау мен болмысының тепе-теңдiгiн мойындады. Бiрақ, сол тепе-теңдiктен шығудың қайнар көзiн ол белгiсiз бiр құдiреттi күштен көредi де, оны тек қана эзотерикалық (құпия) жолмен сезiнуге болатынын айтады. Ал Гегельге келсек, ол сол ойлау мен болмыстың теңдiгiн ғана мойындап қоймай, оны айырмашылық ұғымыментығыз байланыстырып, олардың өзара iшкi диалектикасын ұғымдық (категориялық) деңгейде түсiнуге болатынын айтады.

Екiншiден, Гегель Абсолюттi дамып жатқан субстанция ретiнде қарап, философияға тарихи көзқарасты еңгiзедi. Сонымен қатар, дамудың өзi қайшылықтың негiзiнде, заттың бүгiнгi жағдайының терiске шығарылып, оның қарама-қарсыға өтуi, соңғының өзi жүре келе терiске шығарылатыны т.с.с. ретiнде қаралады.

Көркем сөзбен пайымдай келе, Гегель “ақиқат - алдын-ала құйылып қалтаға салуға дайын тұрған күмiс ақша емес², оған жету үшiн жеке адам жалпы рухтың өткен тарихи жолымен танысып, оны егжей-тегжей бiлiп, игеру керек екенiн айтты.

Осындай диалектикалық көзқарастың негiзiнде Гегель өзiнiң орасан зор философиялық жүйесiн тудырды. Ол Абсолюттiк идеядан басталады. Басқаша сөзбен айтқанда, ол - абсолюттiк бiлiм, таза ұғым - шынайы болмыстың өзi. Оның өз-өзiне келiп тануын, өз-өзiн анықтауын ол “Логика ғылымы² арқылы бередi.

Сонымен қатар, абсолюттiк идея өз-өзiне тең ойлау сатысынан өтiп, iс-әрекет арқылы өзiнiң өзге болмысына - табиғатқа айналады. Ал табиғат дегенiмiз, Гегельдiң ойынша, немқұрайлы сыртқы затқа айналған идея. Табиғаттың мақсаты - өзiнiң тiкелей сезiмдiк сатысынан өтiп, Феникс құсы сияқты өзiн қайта жаңару үшiн жағып, жасарып, осы сыртқы болмыстан рух ретiнде қайта дүниеге келу болып табылады.

Рух дегенiмiз - шектелген сана, ойлай алатын қабiлетi бар пәнде, яғни - адам. Бiрақ, ол табиғаттан шықса да, Гегельдiң ойынша, оның туындысы емес - ол өзiнiң өзiндiк нәтижесi. Рух өзiнiң алғы шарттарынан - логикалық идея мен сыртқы табиғаттан - өзiн тудырады. Сонымен, абсолюттiк идея ең алдымен таза логикалық дәрежеде болады, соңынан табиғатқа айналып, соның iшiнен адамзат осы тұрғыдан қарағанда, Гегельдiң ойынша, философия ғылымын үшке бөлуге болады.

Бiрiншi, ол - Логика. Ол - өзiнде және өзiне бағытталған идеяны зерттейтiн ғылым.

Екiншi - табиғат философиясы. Ол - өзiнiң өзгеше болмысындағы идеяны зерттейтiн ғылым.

ұшiншi - рух философиясы. Ол - өзгеше болмысынан қайта өзiне оралып жатқан идея жөнiндегi ғылым.

Сонымен, Гегельдiң абсолюттiк идеализм жүйесiнiң қабырғалары осылай қалыптасты. Жоғарыдан байқағанымыздай, Гегельдiң философиялық жүйесiн объективтi идеализм бағытына толығынан жатқызуымызға болады.

Осы арада оқырманның шыдамы бiтiп, мынандай сұрақ қойуы мүмкiн: табиғатқа дейiн таза ақиқат ретiнде өмiр сүрген “абсолюттiк идея² - ол не? Бұл сауалды уақытында Гегельдiң лекцияларын тыңдаған оқушылары да қойыпты, - деген аңыз бар. әрине, ол басқаша сөздермен айтылған Құдай идеясы. Тек христиан дiнiндегi Құдайға қарағанда, оның денелiк адамдық қасиеттерi жоқ, ол таза логикалық идея ғана. Сонымен, бiз Гегельдiң жасаған философиялық жүйесiн неше-түрлi философиялық категориялармен (ұғымдармен) әсемделген нәзiк дiни көзқарас десек те болғаны. Егер бiз Гегельдiң философиясындағы алғашқы абсолюттiк идеяны сызып тастап, өзiмiздiң Дүние жөнiндегi ой-өрiсiмiздi мәңгi өмiр сүрiп жатқан “ұлы мәртебелi Табиғаттың² өзiнен бастап, тiршiлiк әлемiн, тiптi сана-сезiмi бар адамның өзiн соның туындысы ретiнде қарасақ, онда бiз таза материалистiк көзқараста болар едiк.

Алайда, Гегельдiң философиялық жүйесiндегi ең құндысы - оның рух жөнiндегi ойлары. Ол адамзат рухын тарихи көзқарас тұрғысынан талдап, оның даму сатылары жөнiнде тамаша ойлар мен пiкiрлер айтады.

Гегельдiң ойынша, рух даму процесiнде өзiнiң үш сатысынан өтедi : 1. Субъективтi рух, яғни жеке адамның санасы,

2.Объективтi рух, оған ол құқ, мораль, адамгершiлiк, жан-ұя, азаматтық, мемлекеттiктi жатқызады,

3 Абсолюттiк рух - ол өнер, дiн және философия.

Субъективтi рухты Гегель үш ғылымның шеңберiнде қарайды. Олар антропология, феноменология және психология. Антропология iлiмiнде ол жеке адамның тұлғалық қасиеттерiнiң қалыптасуына, дене мен жанның ара-қатынасына, адамзаттың нәсiлдiк айырмашылықтарына, мiнез-құлық пен темпераментiне, адамдардың өмiр кезеңдерiндегi айырмашылықтарға т.с.с. көңiл бөлiп талдайды. Гегельдiң ойынша, адамның басқа тiршiлiктен бiрде-бiр айырмашылығы - оның тiке жүруiнде. Ашық нәсiлшiлдiктi қолдамағанмен, Гегель нәсiлдер мен ұлттардың арасындағы айырмашылықтарды “абсолюттi рухтың² әр-түрлi сатыларындағы өз-өзiн анықтауымен теңеп, олардың арасындағы мәдени айырмашылықтар ешқашанда жойылмайды деген кертартпа пiкiр айтады. Адамның өмiр кезеңдерiндегi айырмашылықтарды қарап, ойшыл қоғамдық қатынастардағы тәртiпке адамдар тек қана жастық шағында ғана қарсы шығады, есейе келе, пiсiп-жетiлген шағында олар қирату мен бүлдiруден гөрi тәртiптi сақтауды, жасампаздық еңбектi қалайды.

Субъективтiк сананың дамуының екiншi сатысы “Рух феноменологиясында² қаралады. Онда негiзiнен адамның санасы сезiмдiк сатысынан ақыл-ойға, одан әрi зердеге қарай көтерiледi.

“Психология² тарауында Гегель адамның танымдық қабiлеттерiне көңiл бөлiп, рухтың теоретикалық, практикалық және ерiктi сатыларын талдайды. Адам теоретикалық сана шеңберiнде қалып қоймай, әрқашан оны өзiнiң еңбек процесiмен ұштастырып, жасампаздық сатысына көтерiледi. Мiне, осы теоретикалық және практикалық рухтың бiрлiгi ерiктi рухты тудырады. Ал соңғы өзiнiң мазмұнын, iшкi сырын дереу объективациялауға (сыртқы дүниеге таңуға) тырысады. Осы сатыға жеткен кезде субъективтiк рух секiрiс арқылы объективтiк рухқа айналады.

Объективтiк рух, Гегельдiң түсiнiгi бойынша, қоғам өмiрiндегi құқтық және адамгершiлiк қатынастарды қамтиды. Рухтың терең мәнi ерiктiкте болғаннан кейiн құқтық қатынастардың өзi тiкелей шынайы өмiрге еңген ерiктiктiң болмысы болып есептеледi. Осы тұрғыдан ол қайсыбiр озбырлыққа, тәртiпсiздiкке қарсы жатқан құбылыс. Құққа иеленген адам өзiнiң еркiн сыртқы дүниедегi заттарға таңып, оларды иеленiп “Менiкi² дейдi. Жеке меншiк сонымен, Гегельдiң ойынша, ерiктiктiң қажеттi де субстанциалды өмiрге енуi. Тек жеке меншiкте адамның еркi өз-өзiне тұлғалық ерiк ретiнде қалыптасады. Соның арқасында адамның еркiнiң субъективтiгi жойылып, ол зерделi тұлғаға айналады. Олай болса, тарихи жерге деген жеке меншiктiң ұзақ күрес жолында қоғамдық меншiктi жеңуi - заңды нәрсе, ол зерденiң жеңiсi.

Мораль құқтық сатыға қарсы тұрып оны ауыстырады. Ол саналы ерiктiң субъективтiк құқы. үшiншi сатыда құқ пен моральдық саты өнегелiкке, адамгершiлiкке айналады. Ол семьяда, азаматтық қоғамда, мемлекетте iске асады.

Осы тұрғыдан алып қарағанда, адамзат тарихы - халықтар рухының дамуымен тең. Бiрақ ол тек қана объективтiк рухтың өзiндiк санасы ғана. Шынайы өмiрде адамдар өз алдына әр-түрлi мақсаттар қойып, соған жетуге тырысса да, нәтижесiнде - басқаша бiр биiк, алыстағы, өздерi түсiне алмайтын нәрсенiң атқарушыларына ғана айналады. Оны Гегель “дүниежүзiлiк рухтың қулығы² дейдi. Сонымен, Гегельдiң философиясында адамдар мен халықтар - дүниежүзiлiк рухтың пайдаланатын құралы ғана. Қоғам тарихының мақсаты бар. Ол жер бетiнде идеалдық мемлекеттi орнату. Ендi объективтiк рух өзiнiң абсолюттiк сатысына көтерiледi.

Тарихи абсолюттiк идея өзiнiң абсолюттiк рух сатысына көтерiлген кезiнде өзiн-өзi түбегейлi танып-бiлiп қанағаттанады. Өнер саласында ол өзiнiң толық ерiктiгiн сезiнедi, дiнде - өзiн марқабатты түрде қабылдайды, ал философияда - өзiнiң мәнiн категориялдық (ұғымдық) дәрежеде түсiнiп, таниды. Олай болса, философия дiннен жоғары, өйткенi, дiндегi қабылдау философиядағы ұғымнан төмен. Сонымен, философиямен рухтың дамуы бiтедi, өйткенi ол өзiн-өзi түсiнiп тынышталады.

Бiздi бүгiнгi таңда Гегельдiң жасаған философиялық жүйесi қанағаттандырмауы мүмкiн. Алайда, осы жүйенi жасау жолында ол көне заманда негiзi қаланған диалектикалық iлiмдi пайдаланып бүкiл табиғат, тарих және рухани өмiрдi белгiлi бiр процесс, яғни тоқтаусыз қозғалыс, өзгерiс, қайта құрылу, даму ретiнде қарап, олардың iшкi қайшылықтары мен байланыстарын зерттедi. Ал мұның өзi диалектика iлiмiн жаңа сатыға көтерiп, дүниеге деген жаңа таным теориясын тудырды. Негiзiнен алғанда, Гегельдiң философия саласындағы қалдырған өшпес iзiн көп ғалымдар осыдан көредi. Бұл пiкiрге толығынан қосылуға болады.

Гегельдiң ойынша, диалектика шынайы танымның iшкi қозғаушы күшi, ол қайсыбiр ғылымның мазмұнына iшкi байланыс пен қажеттiлiктi еңгiзедi, соның арқасында бiлiм теориялық сатыға көтерiледi. Гегельдiң өшпес еңбегi - ол диалектикалық тұрғыдан бүкiл философия саласында қорытылған ұғымдарды сараптап шықты. Соның iшiнде ол алғашқы рет диалектиканың үш негiзгi заңын ашып, сонымен қатар, барлық парлық категорияларды белгiлi бiр жүйеге келтiрiп, олардың өзара бiр-бiрiне өтетiндiгiн, iшкi байланыстарын көрсете бiлдi. Сонымен қатар, Гегель адамның дүниетанымын терең зерттеп, оның да диалектикалық жолмен жүретiнiн көрсеттi.

Гегельдiң ойынша, адамдар өздерiнiң күнбе-күнгi өмiрiнде ақыл-ой арқылы заттар мен құбылыстарды талдап, олардың бiр-бiрiнен айырмашылығын анықтайды. Тiкелей заттарды аңлауға қарағанда, ақыл-ой оларды бiр-бiрiнен абстракциялау арқылы бөлiп алып қарайды. Ол шынайы адамдардың күнбе-күнгi өмiрiнде де, таным процесiнде де қажеттi нәрсе. Мысалы, қоғам өмiрiндегi адамдардың өзара байланыстары мен iс-әрекеттерi жемiстi болуы үшiн олардың алдына қойған мақсаттары айқын да анықталған болуы керек. Немiстiң ұлы ойшысы Гете айтқандай, ұлылыққа жеткiң келсе, өзiңдi өзiң шектей бiл. Кiмде-кiм бәрiне жеткiсi келсе, ол оның шынында да ештеңеге iңкәрiнiң жоқ екенiн көрсетедi.

Өнер саласына келер болсақ, ондағы ұлы туындылардың да құндылығы әсемдiктiң айқын да айрықша бiтiмiн көрсетуде болса керек. Қайсыбiр ғылым саласында, тiптi философияның өзiнде де ойлау процесiнде қолданылатын ұғымдар айқын, сонымен қатар, тұрақты мағналы болуы қажет. Егер олар бұлдыр және тұрақсыз болатын болса, онда бiз ешқандай нәтижеге жете алмай бiр-бiрiмiздi түсiнуден қаламыз. Ендi сол бiздiң жан-дүниемiзде бейнеленетiн Дүниенiң өзiн алып қарасақ, онда да бiз заттардың өзгеруiмен қатар белгiлi бiр жағдайдағы тұрақтылығын байқаймыз.

Алайда, бiз осы ұғымдардың тұрақтылығын шегiне шейiн жеткiзсек, онда олар өзiнiң қарама-қарсылығына айналып, абстрактылық ойлауды тудырады. Гегельдiң ойынша, ол қуыс кеуделiктi, мәселеге үстiрт қарауды туғызады. Мысалы, дарға асуға қылмыскерді әкеле жатыр. Оны қарапайым жұрт тек қылмыскер ретiнде қарауда. Бiрақ, кейбiр әйелдер оған қарап: “ол қандай сұлу, қайратты, тартымды едi ²- деп қалуы мүмкiн. Сол сәтте-ақ басқа адамдар оларға бас салып: “Қалай? Қылмыскер сұлу ма? Қалайша бұлай ойлауға болады ?! Шамасы, өздерi де сол қылмыскерден артық емес шығар²,- деп қорытады. Осы мысалды келтiрiп, Гегель оны абстрактлы ойлау түрiне жатқызады. Өйткенi, алаңдағы жиналған адамдар қылмыскерден оның тек қылмыс жасағанынан басқа ешқандай қасиеттердi көрмейдi. Мұндай ойлау бiтiмiн Гегель метафизикалық ойлау әдiсi деп қорытады.

Алайда, абстрактылық - таным процесiндегi бiр сәт қана. Таным ол сатыда тоқтап қалмай, одан әрi жылжып нақтылыққа жетуi керек.

Бiздi жағалай қоршаған ортаның өзiн-ақ диалектиканың үлгiсi ретiнде қарауға болады. Өйткенi, дүниедегi қай зат болмасын шектелген, ол тұрақтылығымен қатар үне бойы өзгерiсте, өтпелi. Оның iшiндегi жатқан өзiнiң қарама-қарсы өзгеше болмысының ұрықтары сол заттың iшкi қайшылықтарын тудырып, нақтылы қазiргi өмiр сүрiп жатқан болмысының шеңберiнен тайдырып, оны ертелi-кеш басқаға айналдырады. Олай болса, диалектика тек ойлау жолында ғана емес, ол бүкiл объективтiк дүниеге тән нәрсе. Мысалы, шегiне жеткен абстрактылық құқ әдiлетсiздiкке әкелiп соғады. Мораль саласынан Гегель мына нақыл сөздердi келтiредi: “Тәкаппарлық құлдыраудың алдында жүредi², “өте өткiр нәрсе тез мұқалады² т.с.с.

Диалектика жөнiндегi өзiнiң терең ойларын Гегель былайша қорытады: “еш жерде - аспанда, жерде, рухани өмiрде, табиғатта болмасын, ешқандай ақыл-ойдың белгiлейтiн абстрактылы “немесе бұлай - немесе олайы² жоқ. Қай жерде болмасын өмiр сүрiп жатқан барлық - ол нақтылы, олай болса, өз iшiнде белгiлi-бiр айырмашылық пен қарама-қарсылықты қамтиды. Заттың өтпелiгiнiң өзi оның iшкiсiне сыртқы нақты болмысының сай келмеуiнде... Қайшылық - мiне бұл дүниенiң шынайы қозғаушысы, ал қайшылықты ойлауға болмайды деген пiкiр тек күлкiнi туғызады².

Сонымен, Гегель диалектикалық таным әдiстемесiн жасап, философияның ғылымдық абыройын бұрын болмаған дәрежеге көтердi. Оның философиясының осы құнды жағы болашақ марксизмнiң қалыптасуына зор әсерiн тигiздi. Бiз оны болашақ тарауда талдайтын боламыз. Ал ендi немiс философиясының осы замандағы көрнектi ойшысы Л.Фейербахқа келiп тоқтайық.

Фейербахтың философиялық антропологиясы

Людвиг Фейербах (1804-1872ж.ж.) –немiс классикалық философиясының соңғы өкiлi. И.Канттан бастап Гегельге дейiн немiс философиясының өкiлдерi идеалистiк бағыт ұстағанын жоғарыда байқадық. Л.Фейербах та өз жолын осы бағытта бастап, 1823 ж. Гейдельберг университетiнiң теология (дiн зерттеу) факультетiне оқуға түседi. Бiрақ тез арада ондағы дәрiске қанағаттанбай, Берлин университетiне ауысып, Гегельдiң лекцияларын тыңдайды. 1828 ж Эрланген университетiнде диссертация қорғап, содан кейiн осы оқу орнында приват-доценттiк жұмыс атқарады. Осы уақыттан бастап Фейербах бiрте-бiрте гегельдiк көзқарастан ауытқып, материалистiк бағытқа қарай бетбұрыс жасайды. Соның нәтижесiнде ол анонимдi (өз атын атамай) түрде 1830 ж. "Өлiм және өлместiк жөнiндегi ойлар" деген еңбегiн жарыққа шығарып, онда жанның өлместiгi жөнiндегi дiни қағидаға қарсы шығады. Ол кiтап дереу тәлкiленiп, Фейербах жұмыстан қуылады. Жұмыссыз қалған ойшыл 1836 ж. кедейленген дворян жан-ұясынан шыққан қызға үйленiп, сонымен бiрге Брукберг деген ауылдық жерге қоныс аударып, сол жерде 25 жыл бойы ешқайда шықпай өмiр сүредi. Түске дейiн ағаш жарып, я болмаса шөп шауып, түс ауа ғылыми жұмыстарымен айналысады. "Христиандықтың мәнi" атты негiзгi еңбегi осы жерде жазылып бiтедi. Осы кезден бастап ол үзiлдi-кесiлдi материалистiк атеистiк бағытқа көшедi. Өмiрiнiң соңында өте үлкен мұқтаждықтарды көрiп, 1872 ж. дүниеден өтедi. Нюрнберг қаласында жерленген. 60 ж. кейiн iзбасарлары оның қабырына құлпытас орнатып, оған Фейербахтың өзi жазған "Адам Құдайды өз бейнесiне ұқсастырып жасады", "Адамды сүйiп оған жақсылық жаса" деген сөздерiн эпитафия ретiнде жазды.

Гегельдiң философиясының алғашқы негiздерiн зерттей келе Фейербах оның түп-тамырының теологияға кететiнiн айқын көрсетедi. Фейербахтың ойынша, қайсыбiр идеализм, соның iшiнде Гегельдiң философиялық жүйесi де, дүниеге деген нәзiктелген дiни көзқарас. Табиғаттың алдында өмiр сүрiп жатқан логикалық категориялар жөнiндегi Гегельдiң iлiмi басқаша сөздермен айтылған Дүниенi Жаратушы идеясы. Ойлауға қабiлетi бар пәнделерден басқа материадан тыс өмiр сүрiп жатқан таза ойлау ешжерде жоқ. Материя рухтан шықпайды, керiсiнше, материя рухты тудырады. Адамның ойлау қабiлетi – ол қандай ғажап болса да – мидың қызметiнен туады. "Табиғат тек қана асқазан шеберханасын жасап қана қоймай, сонымен қатар мидың әсем сарайын орнатты. Табиғат рухтың, бейсаналық - саналықтың, беймақсаттық мақсаттылықтың алдында өмiр сүредi". Фейербахтың ойынша, рух дегенiмiз – ол iс-әрекеттегi адамның қабiлетi, қасиетi. Денеден бөлiп алып, адамның шектелген және соңы бар өмiрiнен босатып қаралған рух Құдайға айналады. Мән дегенiмiз – ол ұғым ғана, оны адамның денесiн құрастыратын сүйектерiмен салыстыруға болады. Бiрақ тiрi адамның денесi, етi мен қаны да бар. Бiрақ, Гегельдiң философиясы тек өлiмтiктi жеп қоректенетiн қорқау сияқты Дүниенiң қаңқасымен ғана қанағаттанады.

Олай болса, философия өзiнiң қайнар көзiн болмыс ұғымынан емес, нақ болмыстың өзiнен бастауы қажет. Онда бiз заңды түрде жалпылықтан емес жалқылықтанбүкiл философиялық ұғымдарды шығаруымыз керек. Өйткенi, қайсыбiр болмыс – ол нақтылы болмыс – дүниеде болып жатқан "бiрдеңе", "мынау", "анау". Болмыс жалқылық пен жекелiктен тұрса, ойлау – жалпылықты тудырады.

Таным мәселесiн қарай келе, Фейербах агностицизмдi қатты сынға алады. Оның ойынша, түйсiктер бiздi Дүниеден алшақтатпайды, керiсiнше, бiздi онымен байланыстырады. Ол сыртқы Дүниенiң бейнесi. Бұл жерде ол дiни терминдi қолданып оны "Евангелие" (яғни "Iзгi хабар") ретiнде түсiнедi. Түйсiктер арқылы бiз Дүние жөнiнде хабардар боламыз.

Фейербах Дүниенiң көптүрлiлiгiн мойындайды. Материяның өмiр сүру формасы –ол қозғалыс, ал ол қажеттi түрде кеңiстiк пен уақытты талап етедi. Олай болса, олар болмыстың өмiр сүруiнiң негiзгi жағдайлары. Табиғаттың өзiнiң себебi өзiнде, оны ешкiм тудырған жоқ, ол мәңгiлiк өмiр сүредi. Табиғат пен қоғамнан тыс ешкiм және ешнәрсе жоқ. Табиғатта ақыл-ой жоқ, ол адам арқылы ғана ақыл-ойға ие болады. Адам арқылы ғана ол өзiн-өзi түсiну дәрежесiне көтерiледi. Тек адам ғана өзiнiң iс-әрекет жасау негiзiнде табиғатты қайта өзгертiп, өзiнiң санасын табиғатқа таңады.

Олай болса, рух дегенiмiз ол тiрi пәнде – адамның қасиетi, ойлау мүшесi – ми – адамның денесiне жатады. Сондықтан, адамды Құдай жаратты деген жалған аңыз Құдайдың өзiн адам тудырды деген шынайы бiлiмге негiзделген қағидаға ауыстырылуы керек.

Осы мақсатты өз алдына қойып, оны өмiрге еңгiзу жолында Фейербах қажымай-талмай батыл жұмыс жасады. Оның ойынша, қалың бұқараның Құдайға сенуiнiң қайнар-көзi адамның жан-дүниесiнiң құпияларында жатыр. Солардың iшiндегi ең негiзгiлерiнiң бiреуi – адамның табиғаттың орасан-зор күштерiнен қорқып соларға тәуелдi болуы. "үрей құдайларды тудырды. Барлығын билеп-төстейтiн бұл үрейдiң өзiн кiм тудырды? Оны тудырған тiрi пәнденiң бақытқа деген ұмтылысы,- деп қорытады ол. Кахарлы я болмаса мейiрбанды құдайлар адамдардың құмартуының тұңғиығы мен шытырман қажеттiктерiнен шығады. Сонымен, адамдардың сан-алуан мұқтаждықтары мен содан шығатын тiлектерi – дiннiң дүниеге келуiнiң әкесi. Ал сонда оның шешесi кiм? Фейербахтың ойынша, ол адамның бақытқа деген iңкәрiнен шығатын қиялдары, яғни таным процесiндегi қиындықтарда жатыр. "Адамның надандығының түбi және қиялының шегi жоқ. Надандықтың арқасында өзiнiң негiзiнен айырылған табиғат күштерi шексiз қиялдауға қосылып Құдiреттi Құдайды тудырады".

Сонымен қатар, Фейербах дiннiң психологиялық түп-тамырына да терең мiнездеме бередi. Ол адамның өлместiкке деген iңкәрi, соның себебiнде қайсыбiр дiннiң "о дүние" жөнiндегi ғажап қағидасына сенуi. "Адам өзiнiң өмiрiнiң соңдығын, әлсiздiгiн, шектелгенiн басқа ешнәрсеге қарағанда өлiмнен қашып құтыла алмайтындығынан ең терең сезiнiп тебiренедi",- деп қорытады ұлы ойшыл. Сонымен, дiн дегенiмiз құпияландырылған қиялдың жемiсi болып шықты.

Фейербах дiннiң ғасырлар бойы қалыптасқан екi формасын көрсетедi. Бiрiншiсi – ол мистификацияланған (құпияланған, құдiреттелген) табиғат күштерi. Екiншiсi – ол адамның өзiне ұқсайтын Құдай идеясы. Ол жөнiнде Фейербах былай дейдi: "Шексiз де құдiреттi Құдайдың мәнi дегенiмiз – ол адамның өзiнен бөлiп алынып ерекше өмiр сүрiп жатқан сияқты адамның рухани мәнiнiң өзi".

Сонымен қатар, Фейербах христиан дiнiн езiлген адамның рухани жұбатушысы ретiндегi қызметiн көрсетiп, оны әшкерлейдi. Оның ойынша, Құдайға сену – дүниедегi залымдықты құртуға бағытталған құралдар жөнiндегi ойларды шетке шығарып тастайды. Адам бұл дүниеде iске аспайтын ынталарына бола iске асыра алатын тiлектерiн аяққа басады. Олай болса, Фейербах "мен құдайды терiстеймiн, олай дегенiм – мен адамды терiстеудi терiстеймiн",- деп Гегельдiң тiлiмен оның iлiмiне қарсы шығады. Өйткенi, о дүниенi терiстеу дегенiмiз бұл дүниенi орнықтыру деген сөз. Жарқын болашақ - ол сенiмге емес, адамның өзiнiң борышына жатады.

Мiне, ендi бiз Фейербахтың философиясының негiзгi мәселесiне келiп тiрелдiк – ол адам мәселесi. "Жаңа философия адамды, және соның негiзi ретiндегi табиғатты философияның ең негiзгi универсалды пәнiне айналдырады". Сондықтан бiз Фейербахтың iлiмiн антропологиялық философия деймiз. Ол адамды негiзiнен психо-физиологиялық пәнде ретiнде қарайды. Фейербахты немiс философтарының адамды тек қана рух ретiнде түсiнуi қанағаттандырмайды. Оның ойынша, адам бiр жағынан материалдық дене болатын болса, екiншi жағынан - ойлайтын рух. Фейербах көбiне адамның табиғи-биологиялық жақтарын қайта орнына келтiруге тырысады. "Мен" дегенiмiз – ол ойлайтын рух қана емес, ол денесi мен ойлай алатын басы бар, нақтылы кеңiстiк пен уақыттың шеңберiнде өмiр сүрiп жатқан тiрi адамның өзi.

Фейербах адамның негiзгi мiнездемесi ретiнде оның сезiмдiгiн келтiредi. Гегельдiң ойлау мен болмыстың теңдiгiне Фейербах болмыс пен сезiмдiктiң теңдiгiн қарсы қояды. Оның ойынша, тек қана "сезiнетiн пәнде ғана шынайы ақиқатты пәнде". Сезiмдiк болмыс деп Фейербах бiздiң санамыздан тәуелсiз өмiр сүрiп жатқан материалдық дүниенi айтады. Олай айтқан себебi, Дүниедегi материалдық заттар мен құбылыстардың өзiндiк өмiрiне Фейербах онша көп мән берген жоқ, ол олардың бәрiн тек қана адамға деген байланысы арқылы қарады, соңғының өзi сезiмдiк деректер арқылы адамға берiлетiнi сөзсiз. Екiншiден, адамның өзiнiң материалдығын, денелiгiн ойшыл сезiмдiк арқылы түсiнедi. Адам түйсiктерi мен сезiмдерiнiң өзi оның материалдық дене екендiгiн көрсететiн бiрде-бiр дәлелдеме. Сонымен, "мен" –сезiмтал пәнде, олай болса, дене –адамның мәнiне толық түрде кiредi. Егер табиғатты Фейербах өз болмысынан өзiн айыра алмайды деп түсiнсе, адам өзiнiң мәнiн болмыстан айыра алатын пәнде.

Фейербахтың сезiмдiк қағидасының гносеологиялық (танымдық) жағы да бар. Жағалай қоршаған ортаны танып-бiлу сезiмдiк қабылдау, түйсiктер, аңлау арқылы жүредi. Оның айтуынша, тек сезiмдiк аңлаумен анықталған, бағытталған ойлау ғана шынайы. Егер ойлау сезiмдiктен алыстаса, онда ол шындықтан да қол үзiп, өзiнiң шеңберiнен шыға алмай адасады.

Сезiмдiктiң тағы да бiр аса мәндi жағы – оның iшiне қажеттi түрде сүюдiң енуi. Фейербахтың ойынша, "бiздiң сүймейтiн, сүюге болмайтын нәрсемiз – ол жоқ" , "сүю жоқ жерде - ақиқат та жоқ", "сүю – заттардың бiзден тыс өмiр сүруiнiң шынайы онтологиялық дәлелдемесi". Әрi қарай өз ойын жалғастырып, Фейербах сүюдi iңкәрмен теңейдi. Олай болса, тек iңкәр ғана заттың өмiр сүруiнiң анықтамасы. Тек iңкәрдiң ұмтылған заты қана ақиқатты. Фейербахтың бұл сөздерiн субъективтi-идеалистiк бағытта қарауға болмайды. Оның айтқысы келгенi – адам өзiнiң керек қылатын заттарына, өмiрлiк құндылығы бар құбылыстарға немқұрайлы қарамайды, ол оларды сүйедi, оларды игеруге, иеленуге тырысады, тек осы сәтте ғана олардың адамнан тыс өмiр сүрiп жатқаны оған айқын көрiнедi. Егер ол өзi сүйетiн, керек қылатын заттарға жете алмаса, ол онда қайғырып - қамығады, зардап шегедi. Оның өзi шынайы өмiрде керек нәрсенiң жоқтығын, оның бiздiң жан-дүниемiзден тыс өмiр сүретiнiн көрсетедi.

Фейербахтың философиясында әлеуметтiк, моральдық мәселелерге көп көңiл бөлiнген. Ол өз заманындағы қоғамдық қатынастарға қанағаттанбайды. әсiресе, христиан дiнiнiң – осы Дүниенiң құдiреттi жаратушысы Құдайдың өзiне сенiп адал болған адамдарға мәңгi рахатқа бөлiнген о дүниедегi өмiр берiледi – деген негiзгi қағидасына терiс баға берiп, ол қарапайым адамдардың осы өмiрдегi жағдайларын жақсартуға бағытталған ұмтылысына кедергi келтiредi деген пiкiр айтады. Фейербахтың ойынша, аспандағы мәңгiлiк өмiрге сену жердегi өмiрдiң құндылығын жояды.

Бiрақ, Фейербах христиандықты қатты сынға алғанмен, қоғам өмiрiне бәрiбiр дiннiң керектiгiн мойындайды. Оның ойынша, тарихтағы бiрiн-бiрi ауыстыратын үлкен дәуiрлер дiндердiң ауысуымен тығыз байланысты. Олай болса, өзiнiң мүмкiндiктерiн сарқыған христиан дiнiнiң орнына жаңа дiн керек. Ол дiн Құдайға деген сүйiспеншiлiктiң орнына адамды сүюдi қоюы керек. "Христиандықтың мәнi" деген негiзгi еңбегiндегi соңғы тарауында Фейербах "Адам адамға - Құдай" деген пiкiр айтады. Сонымен, бүкiл философиясы материалистiк бағытта болған философ мұндай көзқарасқа неге келедi,- деген сұрақ бiздiң ойымызға ерiксiз келедi. Оның ойынша, адамдардың бiр-бiрiне деген қатынастарына дiни бiтiм берiлмесе, олар өзiнiң гуманистiк (адамгершiлiк) қасиеттерiнен жұрдай болады, өйткенi, ондай жағдайда адамдар өздерiнiң табиғи өзiмшiлдiгiнен арыла алмай қалады. Дiнсiз болу – тек адамның өзiн ғана ойлауымен тең, дiнге сену – басқаларды да ойлаумен бiрдей,- дейдi Фейербах.

Ендi, мiне, Жаңа замандағы материалист-ойшы Фейербах бұл мәселеге қандай жаңалық әкелдi екен? Оның ойынша, еркек пен әйел арасындағы жыныстық сезiмге негiзделген сүйiспеншiлiк осы жаңа дiннiң арқауы болуы керек. Өйткенi, адам табиғи-биологиялық пәнде болғаннан кейiн оның түйсiктерi мен сезiмдерi оны алдамайды, тек қана сүйiспеншiлiктен басқа шынайы практикалық және органикалық нәрсе адамдар арасында жоқ деген өз пiкiрiн айтады. Олай болса, "аспандағы ләззаттан" гөрi адам жердегi "сезiмдiк бақытқа" ұмтылуы қажет. Ол, әрине, бiр-бiрiн сүйетiн "сен" мен "меннiң" қарым-қатынасы. Адамдардың бiр-бiрiне деген қажеттiктерi оларды бiр-бiрiмен теңеп топтастырады. Егер адамдар Құдайға сенуден гөрi өздерiне сенiп, адамның өзiн Құдай ретiнде қараса, онда барлық адамдардың арасында, олардың жынысына қарамай, достық қарым-қатынастар қалыптасып, коммунизмге жол ашылар едi,- дейдi ұлы ойшыл. Осындай өздерiнiң рухани-адамгершiлiк ойларымен Фейербахтың есiмi бiздiң санамызда сақталып қалады.

Мiне, осымен немiс классикалық философиясына арналған соңғы беттi аударамыз. Келесi сарапталатын ағым – тек қана философияда ғана емес, бiздiң өткен тарихымызға тiкелей өзiнiң зор әсерiн тигiзген iлiм – ол маркстiк философия.

Өзiндiк дайындыққа арналған сұрақтар:

1. Немiс классикалық философиясындағы көрнектi тұлғаларды есiңiзге түсiрiңiз.

2. И.Кант “сынға дейiнгi² өмiр кезеңiнде қандай гипотеза ұсынды?

3. И.Канттың танымдағы жасаған “коперникандық төңкерiсiнiң² мәнi неде?

4. “Категориялдық императивтiң² негiзгi талабын көрсетiңiз.

5. И.Канттың “диалектикалық антиномияларын² есiңiзге түсiрiңiз.

6. И.Фихтенiң философиясының негiзгi iргетасты қағидаларын атаңыз.

7. Г.Гегельдiң философиялық жүйесi.

8. Диалектиканың негiзгi заңдарын атаңыз.

9. Г.Гегельдiң рух саласындағы 3 сатысы.

10. Философия рухтың қай саласына жатады?

11. Л.Фейербахтың философиясының негiзгi қағидалары.

12. Л.Фейербах дiннiң әлеуметтiк, танымдық, психологиялық түп-тамырлары жөнiнде.

13. Л.Фейербахтың “сүйiспеншiлiк² iлiмi.

Ұсынылатын негізгі оқулық әдебиеттер.

1.Кішібеков, Сыдықов Философия. Алматы 1994 ж.

2.С.К.Мырзалы Философия әлеміне саяхат. Қостанай. 2001 ж.

3.Ақназаров Философия тарихы бойынша дәрістер курсы. А.

4.Әбiшев К. Философия., Алматы, 2002.

5.Антология мировой философии в 4-х томах, т.3., М.,1968

6.Дж. Реале и Д.Антисери. Западная философия от истоков и до наших дней., т.3.,

7.И.Кант. Критика практического разума. М.,1996

8.Абдильдин.Ж. И.Кант. Алма-Ата.,1978

9.Гегель. Феноменология духа.Соч..т.4,ч.1.м.1959

10.Гулыга А. Немецкая классическая философия., М..1986

11..Быховский Э. Людвиг Фейербах.,М.,1972

12..Ф.Энгельс. Л.Фейербах и конец немецкой классической философии. М.,1979

9 тақырып. Маркстiк философия

Маркстiк философиямен, жалпы алғанда, жан-жақты философиялық, әлеуметтiк-экономикалық, саяси iлiм ретiндегi марксизммен ТМД елдерiнiң халықтарының ХХ ғасырдағы өмiрi мен тағдыры өте тығыз байланысты. Дүниежүзiлiк тарихта алғашқы рет Кеңес Одағында марксизмнiң негiзiнде коммунистiк қоғам орнатуға бағытталған орасан-зор әлеуметтiк батыл да қайғылы эксперимент 70 жылдан артық уақытқа созылды. Сол “жаңа қоғамды² орнату жолында миллиондаған адамдар осы әлеуметтiк эксперименттiң құрбаны болды. Ендi мiне, бүгiнгi өтпелi дәуiрде өмiр сүрiп жатқан адамдар сол заманға әртүрлi баға беруде. Бiреулер Кеңес Одағын кахарлы тоталитаризмнiң дүниеге келуiмен теңеп, ол қоғамды “қайыршылықтың теңдiгi² орнаған қауым деп есептесе, екiншiлер өткен тарихқа өкiне қарап, ондағы адамдық қатынастардың тазалығына, бiлiм беру, денсаулық сақтаудың ақысыз болғанына, жасөспiрiм балалар мен әлсiз қалған кәрiлерге деген мемлекеттiң көмегiне жылы шыраймен қарайды. Жалпы алғанда, бұрынғы Кеңес Одағынан тарихи алшақтаған сайын, оған қайта баға берiлiп, сол қоғамның көп жақсы жақтарын қайта жаңартып, өмiрге еңгiзуiмiз керек деген пiкiрлер бүгiнгi таңда аз емес.

Ал ендi тiкелей өзiмiз оқып отырған философия пәнiне келер болсақ, жақын тарихымызда “маркстiк философия - дүниежүзiлiк 2,5 мың жылғы тарихы бар философияның ең биiк шыңы²деген пiкiрде болғанбыз. Содан кейiн, өтпелi қоғамның шеңберiнде, оған қарама-қарсы, маркстiк философияның жетiстiктерiн жоққа шығаруға бағытталған “уақыттың талабына сай² өзгерiп отыратын адамдардың пiкiрлерi де көптеп пайда болды.

Әңгiменiң шынына келсек, маркстiк философия - адамзаттың рухани iзденiсiнiң көп шыңдарының бiреуi, оны асыра да, кемiте де бағалауға болмайды. әсiресе, оның гуманистiк, рухани жақтары осы уақытқа дейiн миллиондаған адамдардың жүрегiнде ұялаған. Сондықтан, жас дос, сiз бұл iлiмнiң негiзгi қағидаларын зерттеп, оны басқа iлiмдермен салыстырып және бүгiнгi адамзаттың алдында тұрған көп мәселермен байланыстыра өз бағаңызды берерсiз деген ойдамыз.

Маркстiк философияның негiзiн қалаған екi немiс ойшылдары Карл Маркс (1818-1883 ж.ж.)пен Фридрих Энгельс (1820-1895 ж.ж.)

болды. Егер К.Маркстiң әкесi - сол кездегi iрi заңгерлердiң бiрi болса, Ф.Энгельс өзiнiң жеке меншiктегi фабрикасы бар iскердiң жан-ұясында дүниеге келедi. Сондықтан, олардың екеуi де өз заманындағы үлкен жоғарғы оқу орындарда оқып, бiлiм алады. Студенттiк жас кездерiнде олар “жас гегельшiлердiң² қатарында болғанымен, сол кездегi әлеуметтiк-саяси ақуал оларды буржуазиялық либерализмнен гөрi революциалық демократизм жолына қарай итермелейдi. Олардың шынайы революциалық көзқарастарының қалыптасуына, әсiресе, 1848 ж. Батыс Европа елдерiнде өте шиеленген қайшылықтардың негiзiнде пайда болған революциялар өзiнiң зор әсерiн тигiздi. Дәл осы кезде олардың философиялық көзқарастары өзiнiң кемелiне келiп, айрықша жүйе ретiнде қалыптасты. Оның негiзгi өзегi - дүниенi түсiнiп қана қоймай, оны қайта құру, өзгерту қажеттiгi, ал философияға келер болсақ, ол осы мақсатты рухани тұрғыдан негiздеуi қажет. әрине, мұндай мақсат билiк басындағылардың үрейiн туғызды. Осы айтылған себептердiң негiзiнде К.Маркс қуғындауға ұшырап, Лондон қаласында қалған өмiрiн өткiзуге мәжбүр болды. Ф.Энгельс жан жолдасын материалдық жағынан оның өмiрiнiң аяғына дейiн қолдағанмен, К.Маркс кедейлiктiң, аурудың, кейбiр балаларының өлiмiн т.с.с. ауыртпалықтарды басынан өткiзiп, соған қарамастан өмiрiнiң аяғына дейiн өзiнiң ғылыми еңбектерiн жазып, жұмысшылар қозғалысына белсендi қатысып, өз iлiмiнiң жарқын болашағына сендi.

Ендi, әңгiменi нақтылай келiп, маркстiк философиядағы жаңалықтарға келер болсақ, онда қоғамды материалистiк тұрғыдан түсiнуқағидасына ең бiрiншi тоқтауға тура келедi. Мұның өзi материализм бағытындағы негiзгi кемшiлiктi - табиғатты материалистiк тұрғыдан түсiнгенмен, қоғам өмiрiне келгенде идеалистiк жолдан шыға алмауын - жойып, дүниеге деген толыққанды материалистiк көзқарасты тудырды. Әңгiменiң мәнi мынада: қоғам өмiрiн талдауда ойшылдар қоғам өмiрiнiң iргетасты ерекшелiгiнiң шеңберiнен шыға алмады - ол адам ойының оның жасайтын iс-әрекетiнiң алдында әрқашанда жүрiп отыруы. Яғни, ең алдымен идеалдық жоспар жасалынады да, содан кейiн ғана ол iске асады. Сондықтан, ойшылдар тарихтың тағдыры корольдер мен ұлы қолбасшылар, ғалымдар мен заңгерлердiң т.с.с. ойлары мен еркiнде деген пiкiрден шыға алмаған болатын. Олар тарихты қалай бұрғысы келсе, солай жасай алады. Олай болса, олардың жүргiзiп отырған саясатына кiм шешушi ықпал жасай алады? Әрине, сұлу бикештер, тарихтың мәселелерi, көбiнесе, мемлекет басшыларының көңiл-күйiне байланысты... Шамасы, осындай көзқарастардың негiзiнде француздардың “cherchez la femme² - әйелдi iздеңдер - деген нақыл сөздерi пайда болса керек. Француз жазушылары Дюмалардың (әкесi мен баласы) “20 жылдан кейiн², “10 жылдан кейiн², “Виконт де Бражелон² т.с.с. романдарында француздардың тарихы осындай көзқарастардың негiзiнде көрсетiлген. Сол заманда өмiр сүрген философ Монтескьенiң өзi де осындай көзқараста болған - оның ойынша, тарихтың дамуы көбiнесе жақсы заңдардың шығарылуымен байланысты. Ал, заңдарды жасайтын адамдардың өзi-ақ емеспе - олар заңгерлердiң рухани шығармашылығының туындысы ғана.

Күнi бүгiнге дейiн қарапайым сананың шеңберiнде бiз осындай көзқарастың әлде де болса өмiр сүрiп жатқанын байқаймыз. “Кеңес Одағы неге құрдымға кеттi?,- деген сұрақты талдағанда, қарапайым адамдар оны Горбачевтiң, ия болмаса, Ельциннiң, Кравчуктың т.с.с. сол кездегi өкiмет басындағы адамдардың iс-әрекеттерiмен байланыстырады. Тiптi кейбiреулер оның себебiн Раиса Максимовнаның (Горбачевтың әйелi) мемлекеттiк саясатқа ықпал еткенiнен көредi. Ақырында, бiз “әйелдi iздеңдерге² тағы да келемiз. Ал, әңгiменiң шынына келсек, Кеңес Одағының өмiрден кетуi - оның заман талабына сай жауап бере алмағанында, өндiргiш күштердiң даму қарқыны төмендеп кетiп, соған байланысты орасан-зор қайшылықтардың пайда болуында т.с.с.

Әрине, маркстiк философия тарихтағы адамдардың сана туындыларының рөлiн шетке шығармайды. Олардың ойынша, “адамдар өз драмаларының авторлары мен актерлерi². Бiрақ, олар мәселенi тереңдете қарайды - сол белгiлi бiр уақытта өмiр сүрiп жатқан қоғамдағы өзектi идеялардың түп-тамыры қайда кетедi? Неге уақыт өткен сайын бiр идеялардың орнына екiншi идеялар келедi? Осы сұрақтарға жауап бере келiп, К.Маркс адамдардың сана-сезiмiнiң өзi олардың өмiр сүру жағдайларымен тығыз байланысты, соларға тәуелдi екенiн ашады. “Болмысты анықтайтын олардың санасы емес, керiсiнше, қоғамдық болмыс олардың санасын анықтайды², - деген тұжырымға келедi. Әрине, қоғам өмiрiнде миллиондаған адамдар өмiр сүредi, олардың әр-бiреуi өзiнiң алдына өмiрлiк мақсаттар қойып, соларды iске асыруға тырысады. Көбiнесе, сол мақсат-мұраттар мен ұмтылыстар бiр-бiрiне қайшы келiп, бiр-бiрiн тежеп теңестiрiп жатады. Сол күштердiң параллелограмы тарихи процестi тудырады. Жалпы алғанда, қоғамның дамуы - табиғи-тарихи процесс, ол өзiнiң белгiлi бiр қажеттi сатыларынан аттап өте алмайды. Осы тұрғыдан алып қарағанда, Кеңес Одағының құруының тағы да бiр себебi - Лениннiң әлi капиталистiк сатыға толық жетпеген, соның шеңберiнде дамып кемелiне келмеген қоғамға, сол сатыдан аттап өтiп, социалистiк қоғамды озбырлық жолмен таңуында болса керек. Нәтижесiнде, неше-түрлi трагедиялардан өтiп, бiз социализмнiң дүниеге ерте уақытсыз келген әлсiз бұрмаланған түрiн орнаттық. Оған жету жолында миллиондаған адамдардың өмiрiн құрбан еттiк. Ендi, мiне, “ұлы мәртебелi Тарих² бiздiң жағамыздан ұстап, “сендер қайда кеттiңдер?!² деп, бiздi аттап өткен сатымызға қайта оралтып жатыр.

Бүгiнгi таңдағы қиындықтардың түп-тамыры, мiне, тарихтағы солшыл саясатқа барып тiреледi, оған Маркс кiнәлi емес. Қоғам өмiрiндегi саяси, құқтық, моральдық, дiни т.с.с көзқарастардың рөлi қаншалықты үлкен болғанымен, олардың өзi белгiлi бiр сатыдағы өндiрiс тәсiлiнiң нәтижесi ретiнде қаралуы керек.

Маркстiк философияда гносеологиялық (танымдық) мәселелерге де жаңа сипат берiледi. Бұрынғы материализмге келер болсақ, олар танымды түйсiктер арқылы бейнеленетiн аңлау ретiнде түсiндi - сыртқы дүние бiздiң сезiмдiк мүшелерiмiзге өзiнiң ықпалын тигiзiп, адамның дүниенi қабылдауын туғызады -яғни адам енжар келетiн қабылдаушы ғана, ал белсендiлiк сыртқы дүниедегi заттар мен құбылыстардан шығады. Ал Маркстiң ойлауына қарағанда, қайсыбiр дүниетаным субъект (адам) пен объекттiң (сыртқы дүниедегi танылатын зат) өзара байланысы мен iс-әрекетiнен тұрады. Адамның назарына, iс-әрекетiне түспеген таза объект - ол табиғаттың шикi заты ғана. Ф.Энгельстiң айтуына қарағанда, “жаратылыстану мен философияда осы уақытқа дейiн адамның ойлауына тигiзетiн iс-әрекеттiң ықпалын зерттеудi есепке алмады. Олар, бiр жағынан, табиғатты ғана, екiншi жағынан ойлауды ғана бiлдi. Бiрақ, адамның ойлауының ең жақын да мәндi негiзi тек сол жаңғыз табиғаттың өзiнде ғана емес, сол табиғатты адамның өзгертуiнде - тек сол өзгерiстерге сәйкес адамның ақыл-ойы әрi қарай дамыйды². Тек адамның белсендiлiгi арқылы зат танылып, оның iс-әрекетi арқылы қайта құрылып, оның қажеттiктерiн өтейдi. Сонымен, танымды ескiше аңлау ретiнде түсiну - шынына келгенде барлықта жоқ абстракция ғана. Шынайы өмiрдегi таным - ол затты белсендi түрде субъектiнiң игеруiмен тең.

Маркс танымның негiзгi мәселелерiнiң бiрi - ақиқат жөнiнде де тың ойларды ұсынады. Өмiрден, практикадан сырт қалған ақиқат жөнiндегi даудамалар - бiтпейтiн схоластикалық мәселеге айналады. Ақиқат, яғни ойлаудың шындығы мен күшi шынайы өмiрде өзiн көрсетуi керек. “...философтар тек қана әртүрлi жолдармен дүниенi түсiнуге тырысты, ал шынайы мақсат - оны өзгертудiң керектiгiнде² , - деп қорытады ұлы ойшыл.

Маркстiк философияның келесi ерекшелiгi - осындай толыққанды материалистiк көзқарасты диалектикамен ұштастыруында. Егер, Гегельдiң ойынша, “ай астындағы дүниеде² тек бұрынғы өткен сатыларды қайталау ғана, шынайы даму тек қана рух саласында болса, ал оның өзi абсолюттiк идеяның өзiн-өзi тану жолындағы адамзатты құрал ретiнде пайдалануында болса, Маркс дамудың қайнар көзiн сол материалдық дүниенiң iшкi қайшылығынан көредi - заттың iшкi қайшылығы оны бүгiнгi болмыс шеңберiнен шығарып, басқа затқа айналуына әкелiп соғады. Олай болса, қоғам өмiрiнiң де негiзгi қайшылығы - материалдық өндiрiстегi өндiргiш күштер мен өндiрiс қатынастарының арасында жатыр.

Маркс пен Энгельс өз уақытындағы қоғам өмiрiндегi капиталистiк қатынастардың аса қатiгездiгiн көрдi. Энгельс “Англиядағы жұмысшы табының жағдайы² деген зерттеуiнде қарапайым жұмысшылардың өмiрiнiң асқан қиыншылықтарын ашық та айқын көрсетiп, сол кездегi қоғамдық пiкiрге зор әсерiн тигiздi. Олардың ойынша, мұндай жағдай iшкi терең қайшылықтардың негiзiнде өзгеруге тиiс. Егер Гегель қоғамдағы диалектикалық өзгерiстiң бәрiн ұлттық iс-қимылдан көрсе, Маркс оны әлеуметтiк таптан көредi. Х1Х ғасырдағы көп ойшылдар сияқты олар қоғамның прогрессивтiк өрлеуiне кәмiл сенедi - ал ол жарқын болашаққа жеткiзетiн негiзгi күш - пролетариат, жұмысшы табы. Өйткенi, олар қоғамға керек негiзгi материалдық қажеттiктердi өндiредi, сандық жағынан алып қарағанда әлеуметтiк топтардың ең көлемдiсi, сонымен қатар, олар жеке меншiктiң шырмауына байланбаған әлеуметтiк әдiлеттiлiктi жақтайтын таза тап. Егер мыңдаған жылдар бойы созылған цивилизацияның қозғаушы күшiн ойшылдар шығармашылық аз топ - ой еңбегiмен айналысатын интеллигенциядан көрсе, Маркстiң жоғарыда келтiрiлген пiкiрi өзiнiң кенеттiгiмен сол кездегi қоғамды дүр сiлкiндiрдi. Жаңбырдан кейiнгi саңырауқұлақтар сияқты, көптеген жұмысшылар қозғалысы пайда бола бастады. Бiрақ, осы кезде өмiр сүрген революцияшыл орыс ойшылы М.А.Бакунин Маркстiң идеяларына қарсы шығып, олар өмiрге енсе, онда дүниеге қандыбалақ тоталитаризмнiң келетiнiн болжаған болатын. Тарих соңғы болжамның растығын дәлелдедi.

Бұл о&


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Б.Спиноза философиясы | 

Дата добавления: 2014-03-19; просмотров: 822; Нарушение авторских прав




Мы поможем в написании ваших работ!
lektsiopedia.org - Лекциопедия - 2013 год. | Страница сгенерирована за: 0.022 сек.