Студопедия

Главная страница Случайная лекция


Мы поможем в написании ваших работ!

Порталы:

БиологияВойнаГеографияИнформатикаИскусствоИсторияКультураЛингвистикаМатематикаМедицинаОхрана трудаПолитикаПравоПсихологияРелигияТехникаФизикаФилософияЭкономика



Мы поможем в написании ваших работ!




Б.Спиноза философиясы

Читайте также:
  1. Мiр философиясы
  2. Тарих философиясы
  3. Экзистенциализм философиясы

Барух Спиноза (1632-1677ж.ж.) Амстердам қаласында еврей жанұясында дуниеге келедi. Ең алдымен ол дiни училищеде оқиды, бiрақ оны әкесi саудаға тартып, ол оқу орнын бiтiре алмай қалады. Сондықтан, ол өз бiлiмiн дербес өзiндiк дайындық арқылы толтырады. 1656 ж. Библияны сынағаны үшiн оны жергiлiктi еврей қауымы өз қатарынын шығарып, оған лағнат атады. Сондықтан, ол жеке басын асырау үшiн өмiр бойы көзiлдiрiк шыныларын өңдеп өте ауыр жағдайда өмiр сүредi. 45 жасқа келгенде өкпе ауруына шалдығып өмiрден ерте кетедi.

Негiзгiеңбектерi“Ақыл-ойды жетiлдiру жөнiндегi трактат²,²Этика², “Саяси трактат²т.с.с.

Онтологиялық мәселелер. Құдай-субстанция-табиғат.

Спиноза болмыстың ең соңғы себебi Құдайда деп есептейдi. “Құдай... барлық заттардың бiрiншi себебi және өз-өзiнiң себебi, өз-өзi арқылы танылады². Ол Құдайдың болмысын дәлелдеу үшiн онтологиялық дәлелдемелер келтiредi. Бiрақ, ол Құдайға пантеистiк мағна бередi, яғни оны бiздi қоршаған табиғатқа теңейдi. Олай болса, Құдай табиғаттан тыс мәңгiлiк өмiр сүрiп жатқан рухани тұлға емес, оны тек қана зерде (intelligere) арқылы ғана түсiнуге болады.

Мұндай көзқарас сол кездегi Құдай жөнiндегi деистiк пiкiрлерге қарсы болды. Егер деистер Құдай дүниенiң әң алшақтағы соңғы себебi деп есептесе, Б.Спиноза ол дүниенiң ең тiкелей жақын себебi деген тұжырымға келедi.

Табиғатпен теңелген Құдай сонымен қатар субстанция ретiнде қаралады. Егер Р.Декарт Дүниенiң негiзiнде екi бiр-бiрiне тәуелсiз субстанция жатыр, ал олардың үстiндегi Құдай екеуiн бiр-бiрiмен үйлестiредi деген болса, Б.Спиноза Құдай мен субстанцияны бiр-бiрiмен қосып, оларды табиғатпен теңейдi. Сондықтан, оның метафизикалық-онтологиялық негiзгi формуласы - ол Құдай, иә Субстанция, я Табиғат, өйткенi оның бәрi - бiрегей. Табиғаттың өзi Құдаймен тең болғаннан кейiн, онда “Жаратушы² және “Жаратылған²деген дiннiң негiзгi ұғымдары керек болмай қалады. Субстанция, я Табиғат, Б.Спинозаның ойынша,-“озiне-өзi себептi² (causa sui,- латын сөзi,- себеп өзiнде). Онымен бiрегей Құдай ешқандай жаратушылық қасиеттерiмен танылмайды. Осыған орай, Б.Спиноза деизмнiң де негiзгi қағидаларын терiске шығарады, өйткенi ол, аз да болса, Құдайдың алғашқы сатыдағы Дүниенi жаратқан қызметiн мойындайды.

Табиғаттан жоғары Дүниенi жаратқан Құдай болмағаннан кейiн, Құдайдың өзi Табиғатпен тең болған соң, ол екi ұғымды пайдаланады. Ол “тудыратын табиғат² (natura naturans) және “тудырылған табиғат² (natura naturata). Бiрiншi ұғым - ол интуитивтiк ой елегi арқылы түсiнiлетiн табиғат. Екiншi ұғым - ол сезiмдiк бiлiм тудыратын бiздi жағалай қоршаған жеке заттар мен құбылыстар.

Б.Спиноза өзiнiң болмыс iлiмiнде Дүниенiң бiрлiгiне аса көп көңiл бөледi. Оның негiзiнде бөлiнбейтiн субстанция жатыр. Ол шынайы - шексiз, абсолюттi ұзақтық. Болмыстың екiншi жағы бiр-бiрiнен бөлiнген, сезiм арқылы бiзге берiлген шектелген жеке заттар мен құбылыстар. Жоғарыда көрсеткендей, бiрiншi екiншiнi тудырады. Егер субстанция мәңгiлiк болса, жеке заттар уақыт шеңберiнен шыға алмайды, сол шеңберде өзгередi, туады, құриды.

Б.Спиноза нақтылы заттарды субстанцияның тудырған “модустары² ретiнде қарайды. Заттар-модустар арқылы субстанция өз-өзiн шектейдi. Ал шектеу дегеннiң өзi - ол терiстеу (determinatio est negatio). Нақтылы заттың шектелгенi оны басқа заттардан бөледi, өзiне ғана тән айырмашылығын тудырады. Сондықтан, әр зат болмыста өзiнiң орнын алады, өйткенi, ол - сол зат, басқа оған толығынан ұқсас еш зат жоқ. Сонымен қатар, ол бейболмыста, өйткенi, басқа жағынан алғанда анықталмайды.

Субстанцияның модустарынан басқа бiрнеше атрибуттары (қасиеттерi) бар. Олар - созылу (extensio) және ойлау (cogitatio). Адам дүниенi танығанда оның осы қасиеттерi арқылы нақтылыққа жете алады. Сонымен, Р.Декарттың екi субстанциясы Б.Спинозаның бiр субстанциясының екi негiзгi қасиеттерiне айналады.

Ендi субстанцияның осы екi негiзгi қасиеттерiне сипаттама берелiк. Сонымен, Б.Спиноза заттықтың негiзгi қасиетiн созылудан, яғни, кеңiстiктен көрдi. Онда мынандай сұрақ ойымызға келедi: осы айтылған кеңiстiкте саны шексiз болғанымен неше-түрлi шектелген заттар қалай пайда болады? Оның негiзгi себебiн ойшыл қозғалыс пен тұрақтылықтан көредi, өйткенi, олардың бiр-бiрiне деген қатынасы мен көлемi нақтылы шектелген заттарды құрайды. Расында да, әрбiр заттың көлемi бар, ол бiр жағынан тұрақты, екiншi жағынан үнемi қозғалыста. Яғни, қозғалыс пен тұрақтылық субстанцияның созылу қасиетi мен нақтылы шынайы өмiрдегi заттардың арасындағы дәнекер ретiнде қаралады.

Субстанцияның келесi атрибуты - оның “шексiз ойлау қабiлетiне² келер болсақ, ол бүкiл табиғатқа тән нәрсе. Олай болса, Б.Спиноза бүкiл дүниенi тiрi деп есептейдi. Мұндай көзқарасты гилозоизм (hileo- грек сөзi,-зат, zoo - тiрi) дейдi. Тек адам ғана емес, сонымен қатар, барлық табиғаттың заттары мен құбылыстары әр-түрлi деңгейдегi тiршiлiкте,- дейдi ұлы ойшыл.

Гносеология (дүниетаным) мәселелерi

Таным мәселелерiне келгенде бiз Б.Спинозаны рационализм бағытына жатқызамыз. Ол әрқашанда сезiмдiк танымды ой елегiнен өткiзген бiлiмнен айыру керек екендiгiн басым айтқан. Сезiмдiк таным әрқашанда бұлдыр, көмескi. Тек ақыл-ой ғана айқын бiлiм бередi. Ғылымдардың iшiндегi ең айқыны - математика.

Сезiмдiк танымның бұлдырлығы - ол тек қана сыртқы затты ғана көрсетiп қоймай, сонымен қатар, оны өзiнiң денесiндегi өзгерiстермен, әсiресе, сезiм мүшелерiмен байланыстырады. Санадағы сезiмдiк бейнелердiң бiр-бiрiмен байланыстары кездейсоқты. Мысалы, аттың iзiн көрген әскери адам жақындап қалған жауды есiне елестетсе, қарапайым шаруа - соқа мен жыртылған жердi елестетедi,-дейдi Б.Спиноза.

Бiрақ, сезiмдiк танымды толығынан жалған деп есептеуге де болмайды, олардың қайсыбiрiнде аз-да болса ақиқаттың жұрнақтары бар. Мысалы, надан адамның “күн - кiшкентай зат және жерге өте жақын орналасқан²,- деген жалған пiкiрiнiң өзiнде күннiң өмiр сүрiп бiзге ықпалын тигiзiп жатқаны жөнiнде ақиқаттық пiкiр бар,- дейдi ұлы ойшыл.

Күнбе-күнгi өмiрден алатын сезiмдiк таным - қалың бұқараның негiзгi тәжiрибесi, соның арқасында олар бiр-бiрiмен қарым-қатынасқа түсiп өмiр сүрiп жатады. Ақыл-ой арқылы алынатын бiлiмнiң шындығының өзiн бiз оқтын-оқтын тәжiрибе арқылы тексерiп отыруымыз қажет,- деп қорытады Б.Спиноза.

Абстрактылық бiлiм де тәжiрибеден шығады. өйткенi, адамдар дүниеден алған тәжiрибесiн сөз арқылы қорытады. Бiрақ, сөзге адамдар өзiнiң тәжiрибесiне сәйкес әр-түрлi мағна бередi. Сондықтан, бiреулерге адам - тiке жүретiн жануар, екiншiге - күлетiн пәнде, ал үшiншiге ол ойлай алатын тiршiлiк т.с.с. Сондықтан, сөз заттың кейбiр ғана қасиеттерiн белгiлеуi мүмкiн, яғни оның мағнасы затпен толық тең емес. Ал схоластика мектебi универсалияларды (ең жалпы ұғымдарды) дүниемен теңеп, оларды шынайы болмыс деп есептейдi. Философия саласындағы көп даудамалар көбiне “ойды дұрыс көрсететiн сөздердi қолданбағаннан, иә болмаса басқаның айтқан сөздерiн дұрыс түсiнбегеннен туады²,-дейдi ұлы ойшыл.

Б.Спиноза нағыз шынайы бiлiмге тек қана ақыл-ой, зерде (ratio, intellectus) арқылы жетуге болады деген пiкiрде болды. Ақыл-ой арқылы сөздердi жалпы ұғымдық дәрежеге көтерiп, оның мән-мағнасын айқындауға болады. Ғылымдағы ең құнды ұғымдар математика саласынан шығады. Олар бiр-бiрiмен байланысты, жүйелi - сондықтан сезiмдiк танымға қарағанда анағұрлым биiк дәрежеде. Егер, Б.Спинозаның ойынша, сезiм заттың сыртқы жағын бейнелесе, онда ақыл-оймен бiз заттың iшкi сырын ашамыз. Сондықтан болар, Б.Спиноза өзiнiң “Этика² деген еңбегiнде “геометрикалық методты² пайдаланып, анықтама, аксиома, теорема деген ұғымдарды мораль саласын талдауға пайдаланады.

Б.Спинозаның ойынша, шындықты танып-бiлудiң үшiншi түрi - ол интеллектуалдық интуиция. Интуиция дегенiмiз - тiкелей, сезiм мен ақыл-ой елегiнен өткiзбей-ақ ақиқатқа жету. Ол бүкiл Дүниенiң бiртұтастығын тануға мүмкiндiк бередi. Адам рухының шығармашылық қасиетiнiң негiзiнде бiз шынайы аяқталған шексiздiк идеясын ашамыз. Ол бiзге интуиция арқылы ғана берiледi.

Тағы да бiр ерекше атап кететiн нәрсе - ол Б.Спинозаның таным теориясының (гносеология) оның болмыс iлiмiмен (онтология) қосылып жатқанында. Оның себебi - субстанция-табиғаттың ойлау қасиетi бар.

Адам, ерiк және сезiм қысымы( аффект ) мәселелерi

Б.Спинозаның ойынша, адам табиғаттың ажырамас бiр бөлiгi, олай болса, ол толығынан табиғат заңдылықтарына тәуелдi. Егер Дүниеде механикалық заңдылықтар үстем болатын болса, адам арқылы табиғаттың екiншi ойлау қасиетi өзiнiң көрiнiсiн табады. Бiрақ, адамның дене құрылысы толығынан табиөатқа бағынады. Сезiмдiк идеяларда да адамның денелiк, табиғи жақтары басым болады. Ал адамның жан-дүниесiнiң өзiнен шығатын идеялар, егер олар сезiмдiк танымнан анағұрлым алшақ болса, соншалықты айқын, таза ,ақиқатты. Оның ойынша, “дене жан-дүниенi ойлауға итере алмайды, ал жан да дененi қозғалтып, иә болмаса тұрақтата алмайды². Яғни субстанцияның бұл екi қасиетi бiр-бiрiмен қатар өмiр сүрiп отырады.

Адамның жан-дүниесiнде бiр-бiрiнен бөлек неше-түрлi идеялар болғаннан кейiн, онда сую, керек қылу, ерiктiктi аңсау сияқты күрделi құбылыстар болуы мүмкiн емес дейдi Б.Спиноза. Табиғаттың ажырамас бөлiгi ретiнде адам бүкiл дүниелiк шытырман қарым-қатынастарға кiредi. Соның iшiнде ол ең алдымен өзiн сақтап қалуға тырысады. Ал мұның өзi оның неше-түрлi сезiмдерi мен iңкәрларын тудырады. Оны философ аффектiлер (сезiм қысымы) дейдi. Олардың iшiндегi ең негiздiлерi - құштарлық (appetitus)- ол дененi сақтап қалу жолында пайда болады. Жан-дүние саласына кiрiп құштарлық iңкәрлiкке (cupiditas) айналады. Тағы екi күштi сезiм - ол қуаныш пен қайғы (laetitia & tristitia).

Б.Спиноза көне замандағы Платон мен Сократқа ұқсап, барлық дұрыс емес iс-әрекеттер танымдағы қателiктермен байланысты деп есептеген. Адам өзiн қоршаған жағдайларды дұрыс түсiнсе, онда ол өзiнiң iс-әрекетiнде қаталаспайды, өзiн бақытты сезiнедi, бiрақ ол басқаларға бақытсыздық болып көрiнуi де мүмкiн.

Ойшыл Дүниедегi ең жоғарғы игiлiк - ол Құдайды танып-бiлiп оған деген зерделiк (интеллектуалдық) махаббат деңгейiне көтерiлу дейдi. Ал Құдайдың субстанция мен табиғатқа тең екенiн есiмiзде сақтасақ, ал адамзаттың рухының сол табиғаттың модусы (көрiнiсi) болса, онда адамның ғылымның қиын да ауыр жолына түсiп дүниетануы оның жүрегiнде бақыт сезiмiн тудырып, оны ләззатқа жетелейдi

Әлеуметтiк, мораль мәселелерi

Iзгiлiк пен залымдық, жақсылық пен жамандық Б.Спинозаның ойынша нақтылы қалыптасқан әлеуметтiк ақуалдан шығатын нәрселер. Оған Құдайдың ешқандай қатысы жоқ. Iзгiлiк, жақсылық дегенiмiз - ол адамға пайда әкелетiн, ләззатқа жетелейтiн нәрселер, ал залымдық, жамандық дегенiмiз -ол адамға, оның өмiрiне, алдына қойған мақсат-мұраттарға нұқсан келтiретiн, зардаптық сезiм тудыратынның бәрi. Моральдық саланың ең терең себептерi адамның “өзiн-өзi сақтау² заңында жатыр. Әрбiр адамның өз мүдделерi бар, сол үшiн олар бiр-бiрiмен күреседi.

Б.Спинозаның ойынша, адамның өмiрi тек қоғамның шеңберiнде ғана болмақ. әр адамның өз өмiрiн сақтап қалуға деген талпынысы олардың бәрiн қоғамға бiрiктiредi. Ал мемлекеттiк дәрежеге өту негiзiнен Т.Гоббстың “шарт жасау² мәселесiнде емес, еңбектiң бөлiнуiмен, адамдардың сан-алуан қажеттiктерiн өтеу керектiгiнен туады,- дейдi ұлы ойшыл.

Қоғамның рухани өмiрiне тоқтала келiп Б.Спиноза бұл саладағы Библияның құндылығын өте төмен бағалайды. Дiни құжаттардың қайсысы болмасын өте көп қайшылықтардан тұрады. Олардың тек қана қарапайым халықтың моральдық қасиеттерiн тәрбиелеуге деген маңызы бар. Ал дуниетанымға келер болсақ, оған тек ақыл-ой, зерде арқылы жетуге болады. Дiни соқыр сенiмдi алатын болсақ, оның дүниеге келуiнiң негiзгi себебi - қарапайым надан халықтың табиғаттың кахарлы түсiнiксiз күштерiнен қорқуында жатыр. Мысалы, өлiм мәселесiн алайық. Адам қандай амал қолданса да, одан құтыла алмайды, сондықтан, өлiмнен үрейленiп қайғыру - босқа уақыт өткiзгенмен тең. Өлiмнен қорқу -, құлдықтың бiр түрi. Оны ойлағаннан көрi адам өзiнiң күш-қуатын өмiрлiк мәселелерге арнағаны жөн. Адамның қуаныш пен зардапқа, қайғыға толы өмiрi - ол тек бүкiл Дүниенiң шексiз кiшкентай өмiрiнiң бөлiгi ғана - мұндай ой адамға жұбаныш әкеледi,-деп қорытады ұлы ойшыл.

Г.В.Лейбниц және оның монадологиясы

Готфрид Вильгельм Лейбниц (1646-1716) - ХУII ғасырдағы немiс рухы туғызған терең де жан-жақты дамыған ғалым - философ. Екiншi жағынан ол - математик, физик, саясаткер, тарихшы, құқтануушы. Лейпциг университетiн бiтiрген. Онда ол құқтанумен қатар логика және математика пәндерiмен айналысқан. Университеттi бiтiргеннен кейiн екi ғылым саласынан докторлық диссертация қорғайды (логика мен құқтанудан). Аз уақыт дипломатикалық қызметте Париж қаласында болып, Германияға қайтып келгеннен кейiн өмiрiнiң аяғына дейiн ғылыми жұмыстармен айналысқан.

Негiзгi еңбектерi“Адам зердесi жөнiндегi жаңа тәжiрибелер², “Теодицея², “Монадология²т.с.с.

Онтологиялық мәселелер

Лейбниц алдында өткен философтардың (Декарт, Спиноза) болмыс жөнiндегi iлiмдерi оны қанағаттындырмайды. Расында да, Декарттың екi бiр-бiрiне тәуелсiз субстанциялары дүниенi қаққа бөлiп, олардың бiрегейлiгiн дәлелдеу ұшiн ол Құдай идеясын еңгiзуге мәжбүр болды. Ал Спинозаға келсек, ол бiр ғана субстанцияны мойындағанымен, оның екi атрибуты - созылу мен ойлау - бұрынғысынша бiр-бiрiнен тәуелсiз болып қала бердi. Бұл екi ұлы философтар дүниенiң шексiз әр-түрлiлiгiн өздерiнiң онтологиясында дұрыс түсiндiре алмады.

Олай болса, Лейбництiң қойған негiзгi мақсаты - түбi бiр, сонымен қатар шексiз әр-түрлi субстанцияларды табу қажеттiгiнде болды.

Лейбництiң ойынша, жаңғыз ғана субстанциядан қайталанбайтын шексiз әр-түрлi заттар пайда болуы мүмкiн емес, сондықтан сапалы көптүрлiк субстанция ұғымын мойындау қажет. Болмыстың терең табиғатының өзi көпсапалықтан тұруы керек. Сондықтан дүниедегi субстанциялардың саны шексiз және сапа жағынан әр-түрлi. Бiрақ, олар бытыраған (хаос) емес, белгiлi бiр тәртiпке келiп жүйеленген.

Мұндай ой-өрiсi Лейбництi дүниенiң негiзiнде жатқан өте ұсақ, өз-өзiне жеткiлiктi, iштей неше-түрлi күштерге толы монадаларды (monos,- грек сөзi,-бiр) мойындауға әкелдi. Монадалар негiзiнен алғанда физикалық ұсақ бөлшектер емес, онда ол Демокриттiң атомына ұқсас болар едi. Олар кеңiстiкте ешқандай орын алмайды, оның заттық өлшемi жоқ. Монадалар - рухани-жандық, органикалық - сапалы нүктелер, әрбiреуi тек өзiне тән даму сатысында. Өзiне ғана тән ерекшелiктерi бар, бiр-бiрiн қайталамайтын тұлғалар сияқты, монадалар да әр-түрлi. Олардың бiр-бiрiне ұқсастығы - тек қана олардың бөлiнбейтiндiгi мен мәңгiлiгiнде.

Сөзсiз, мұндай ойларға Лейбництi Левенгуктың микроскопты жасап адам ұрықтарын үлкейтiп көрсетуi себеп болса керек.

Лейбництiң монадалары iс-әрекетке толы, олардың әрбiреуi мәңгiлiк өзгеру, жетiлу толқынында. Монадалар рухани нүкте болғаннан кейiн әр-түрлi iшкi күштерге толы, олар өздерiн шындыққа айналдыру жолында материалдық өмiрдi, физикалық процестердi тудырады.

Монадаларды жете түсiну үшiн ойшы адамдардың өмiрiмен оларды салыстырады, өйткенi, адамның жан-дүниесiнiң өзi әр-түрлi монадалардан тұрады. Мысалы, әрбiр тұлға өзiнiң өмiрiнiң шеңберiнде үне бойы өзгергенмен, бiрақ сол тұлға болып қалады - монадалар да сол сияқты.

Адамдар бiр-бiрiне ұқсамағанмен, қоғамда әр-түрлi топтарға бөлiнiп өмiр сүредi, монадалар да сол сияқты..

Әрбiр монада - өзiнше жабық ғарыш. Лейбниц “монадалардың әйнегi жоқ, сондықтан ешнәрсе оған кiрiп, ешнәрсе одан шыға алмайды²,- дейдi. Монада басқа монадаларға өзiнiң әсерiн тигiзе алмайды, басқалардан да әсер ала алмайды. Олардың әрбiреуi - өз-өзiне жеткiлiктi және өзiн-өзi шектеген.

Бұл арада өте қиын сұрақ туады. Егер олар бiр-бiрiне өз әсерiн тигiзе алмаса, онда Дүние бытырап тәртiбi жоқ тұңғиық болып кетпей ме? Лейбництiң ойынша, бiздi қоршаған Ғарыш, Дүние - болуы мүмкiн дүниелердiң ең тамашасы, ондағы монадалар жүйеге келтiрiлген, үйлесiмдi түрде өмiр сүредi. өйткенi, олар алдын ала орнатылған сәйкестiктiң негiзiнде өмiр сүредi.

Дүниеде алдын-ала сәйкестiк орнату мәселесi Лейбництiң Теодицея деген ұғымымен берiледi (teos,- грек сөзi,- құдай, dike,-әдiлеттiлiк, бүкiл сөз Құдайды ақтау идеясын бередi).

Монаданың iшкi өзгеру, даму сатысын көрсету үшiн Лейбниц тағы да оны адамның жан-дүниесiмен салыстырады.Түйсiктер, аңлау, қабылдау, өзiндiк сана - бұл рухани даму сатылары. Монадалар адамдар сияқты осындай сатылардан өтедi.

Ең төменгi дәрежедегi монадалар негiзiнен тау-тас, жер, шөптерден тұрады. Олардың рухани дамуы өте төмен, олар “түс көрмей ұйықтайды².

Екiншi сатыдағы монадалардың түйсiктерi, аңлаулық қасиеттерi бар. Олардың сана сезiмi әлi көмескi, iс-әрекеттерi әлi енжар болып келедi. Оларға негiзiнен жануарларды жатқызуға болады.

Д.Локктың философиялық көзқарастары

Джон Локк (1632-1704 ж.ж.)- ХУ11 ғ философия ғылымына зор әсерiн тигiзген ұлы ағылшын ғалымы. Оксфорд университетiнде оқып бiлiм алған. Алғашында медицина ғылымымен айналысып, соңында саясатқа бетбұрыс жасаған. Өмiрiнiң соңғы кезеңiнде философияға көп көңiл бөлген тұлға.

Негiзгi еңбектерi “Адамның зердесi жөнiндегi тәжiрибелер², “Мемлекеттi басқару жөнiндегi екi трактат², “Тәрбие жөнiндегi кейбiр ойлар²т.с.с.

Онтологиялық мәселелер

Өзiнiң Дүниеге деген жалпы көзқарасында Дж.. Локк тәжiрибе арқылы зерттелетiн заттарды эмпириалық субстанция дейдi. Сонымен қатар, ол философиялық субстанция деген ұғымды тудырады - оған ол барлық материалды заттарды жатқызады.

Материя - орасан зор өлi кесек, ол өзiнiң күшiмен ең ақыр аяғы қозғалысты да тудыра алмайды. Өлi материя оның сыртында тiршiлiктен де соншалықты алыс.

Онда дүниедегi қозғалысты, тiршiлiк әлемiн кiм тудырды деген заңды сұрақ пайда болады. Өз заманындағы көп ойшылдар сияқты Дж. Локк бұл арада Құдай идеясына қайтып оралады. Осы жоғарыдағы көрсетiлген қозғалыс пен тiршiлiк - Құдайдың құдiреттi күшi арқылы пайда болды. Бiрiншi, мәңгiлiктi ойлайтын пәнде жаратылған өлi материяның кейбiреулерiне белгiлi бiр дәрежедегi сезiм, қабылдау және ойлау қасиеттерiн беру мүмкiндiгiнен ешқандай қайшылықты көрiп тұрған жоқпын,- дейдi ұлы ойшыл. Сонымен, Құдай жаратқан Дүние әрi қарай өз заңдылықтарының негiзiнде дамиды.

Ал, Құдай мәселесiнiң өзiне келсек, ол жөнiнде бiр нәрсе айту өте қиын. әсiресе, оның денесi бар ма, иә болмаса ол таза рух па деген сұраққа ешкiм жауап бере алмайды.

Бiрақ, оның өмiр сүруiнде күмән жоқ. “Жаратылған Дүниеде айқын даналық пен құдiреттi күш соншалықты көрiнiп тұр, сондықтан кiм ол жөнiнде терең ойланса, Құдайдың болмысын ашпай қоймайды²,- дейдi ұлы ойшыл.

Сонымен, Құдай идеясына адам ойлау тәжiрибесi арқылы жетедi. әрi қарай ойлау арқылы бiз Құдайдың шексiздiгi мен мәңгiлiн аша аламыз,- дейдi Дж. Локк.

Гносеологиялық мәселелер

Өзiнiң таным теориясында Дж. Локк сезiмдiк танымды (сенсуализм) бiлiмнiң қайнар көзiне жатқызады. Сондықтан, ол “адаммен туа бiткен идеялар² жөнiндегi ағымдарды сынға алады. “Егер бiз қандай да болмасын бiлiмнiң пайда болған жолын көрсетсек, онда бiз оның туа бiтпегенiн дәлелдеймiз²,- дейдi Дж. Локк. “Туа бiткен бiлiмдi² сынау жолында ол балауса психологиясын, тарихи артта қалып қойған қоғамдардағы адамдардың психологиясындағы ерекшелiктерге өз назарын аударады.

Мысалы, “бүтiн бөлшектерден үлкен²- бұл идея салыстырмалы және тәжiрибеден туады. Ал, “тепе-теңдiк² заңымен “қайшылық заңын² алсақ, балалар бұл заңның не екенiн бiлмейдi. Бұл заңдар бiздiң жан-дүниемiзге туа бiтсе, онда оны сәби де, балауса да бiлер едi ғой ,- дейдi Дж. Локк.

Дж. Локктың ойынша, қайсыбiр бiлiм, идеяның негiзiнде тәжiрибе жатыр. Ол саналы, иә болмаса, бейсаналы жолмен бiздiң рухани өмiрiмiзде жыйналуы мүмкiн. Сондықтан, бiздiң жан-дүниемiздегi неше-түрлi ұғымдар мен идеялар, ғылым мен өнер бiзбен бiрге туа келмейдi, ол өмiрлiк тәжiрибе арқылы қалыптасады.

Ұғымдар сияқты, моральдық нормалар да шынай өмiрде бiрте-бiрте қалыптасады, ғасырлар өткен сайын өмiрдiң өзгерiстерiне сәйкес өзiнiң мән-мағнасын жетiлдiрiп отырады. әр-түрлi халықтардың моральдық нормалары, әдет-ғұрыптары бiр-бiрiне ұқсас емес - бұл деректердiң өзi бүкiл адамзатқа тән туа бiткен моральдық құндылықтардың жоқ екенiн көрсетедi. Адамдардың iзгiлiктi, жақсылықты жақтауы оның туа бiткенiнен емес, негiзiнен, оның пайдалығында жатыр,- дейдi Дж. Локк.

Сонымен, егер адамның жан-дүниесiнде ешқандай туа бiткен идеялар болмағаннан кейiн оны “таза тақта² (tabula rasa) ретiнде қарауға болады. Адам өмiрге келiп тәжiрибе жыйнап сол “таза тақтаға² жазады. Мұндай сырттан алынатын тәжiрибенi Дж. Локк сезiмдiк тәжiрибе (sensation) дейдi.

Ал адамның iшкi рухани өмiрiндегi тебiренiстердi, неше-түрлi қиял, идеяларды қайда жiберемiз? - Әрине, Дж.Локк оларды терiске шығармайды. Ол оның бәрiн терең iшкi тәжiрибе, сезiм, ой-өрiсi ретiнде қарайды да, оған рефлексия (reflection- бейнелеу) деген ат бередi. Егер сыртқы тәжiрибеден алған идеяларға бiз көзбен көру, құлақпен есту, иiстi сезiну т.с.с. арқылы келсек , iшкi тәжiрибе - адамның өзiнiң iшкi ой-өрiсiн талдау арқылы келедi. Ал ендi осы екi тәжiрибенiң қарым-қатынасы қандай? - Әрине, уақыт тұрғысынан алғанда, сыртқы тәжiрибе алғашқы. әсiресе, адамның сәбилiк және жастық уақытында негiзiнен сыртқы тәжiрибе басым болып оның психологиясының қалыптасуына шешушi рөл атқарады. әрi қарай жүре келе, адамның әлеуметтiк құрылымындағы орнына байланысты оның iшкi тәжiрибесi - оның Дүние жөнiндегi ойлары, үмiтi, күмәнi, сенiмi, қуанышы мен қайғысы т.с.с. пайда болады. Кейбiр адамдардың iшкi рухани өмiрi ерте, кейбiреулерде өте кеш оянады. Ал, уақытында дамымай қалып надандықтың шеңберiнен шыға алмағандардың тiптi iшкi өмiрi оянбау да мүмкiн деген ойға келедi Дж. Локк. Мұндай терең пiкiрмен, жалпы алғанда, толығымен келiсуге болады. Сонымен қатар, Дж.Локк терең ойшыл ретiнде бұл мәселеге бiржақты ғана қарап қоймай, салыстырмалы түрде алғанда, iшкi тәжiрибенiң дербес өмiр сүре алатынына да бiздiң назарымызды аударады. Өйткенi, iшкi тәжiрибе тұрақтылығы мен өзiнiң мәндiлiгi жағынан дербес өмiр сүре алатын дәрежеге көтерiле алады. Екiншi жағынан алғанда, адамның iшкi өмiрiнiң қалыптасуына оның туа бiткен табиғи дарындары да зор әсерiн тигiзедi. Ал табиғи дарындарды алсақ, олар сыртқы тәжiрибеге тәуелдi емес, және адамның iс-әрекетiн, мамандығын таңдауда шешушi рөл атқарады. “Бiркелкi тәрбие алған адамдардың әр-түрлi қабiлеттерiнiң бар екенiн байқаймыз²,- деп қорытады ойшыл. Олай болса, адамды тәрбиелеу жолында бiз сыртқы тәжiрибемен қатар iшкi тәжiрибенi де дамытуымыз керек. Бұл пiкiрмен тағы да келiсуге болады.

Сонымен, Дж. Локктың ойынша, танымның негiзiнде түйсiктер мен ойлау қабiлетi жатыр. Ең алғашында олар Дүние жөнiндегi тұрпайы идеяларды тудырады. Бұл жерде бiз Дж.Локктың “идея² ұғымына жаңа мазмұн бергенiн байқаймыз. Егер Платоннан бастап, Орта ғасырдағы схоластикада, Декартта идея ұғымына онтологиялық, яғни болмыстық дәреже берiлген болса,- олар дербес өмiр сүредi деп есептесе, Дж. Локк оларды тек Дүниенiң кейбiр жақтарын бейнелейтiн ұғым, түйсiк, тiптi қиял ретiнде түсiнедi.

Сыртқы және iшкi тәжiрибенi бiр-бiрiнен айырып қарағаннан кейiн Дж. Локк идеялардың бiрiншi және екiншi сапасының бар екенiн мойындайды. Ендi соларға мiнездеме берейiк.

Бiрiншi сапалар - олар заттардан ешқашанда бөлiнбейтiн негiзгi қасиеттер - созылу, бiтiм, қозғалыс, тұрақтылық, тығыздық, заттың сандық жақтары т.с.с.

Екiншi сапалар - әрқашанда өзгерiсте, бiр жағынан пайда болып, екiншi жағынан жоғалып жатқан заттардың қасиеттерi. Оларды бiз түйсiктерiмiз арқылы ашамыз: түрлi-түстi нәрселердi көзбен көремiз, әр-түрлi дыбыстарды құлақпен естимiз, неше-түрлi иiстердi мұрнымыз арқылы сезiнемiз, ащы-тұщыны тiлiмiз арқылы сезiнемiз т.с.с. “Бiрiншi сапалық идеялар ұқсастықтан туады, ал екiншiлер олай емес. Тәттiлiк, жасылдық, жылылық т.с.с. - заттардың өзiндегi белгiлi бiр бiтiм, көлем, көрiнбейтiн бөлшектердiң қозғалысы ғана²,- дейдi ұлы ойшыл. Сонымен, екiншi сапалар тек адамның өзiнде ғана болғанымен, оны тудыртатын соңғы себеп - ол заттардың бiрiншi қасиеттерiнiң әр-түрлi бiр-бiрiмен қосылуы деген пiкiрге келедi.

Ал ендi тұрпайы идеялардан күрделiге көшетiн болсақ, оны Дж. Локк субстанция ұғымы арқылы бередi. Ол тұрпайы идеялардың бiр-бiрiмен қосылуынан болады.

Дүниедегi әр-түрлi заттарды Дж. Локк эмпириялық, яғни тәжiрибеден туатын субстанция дейдi. Ол - нан, су, қаз, үйрек, жер, тас т.с.с. Ал, философиялық деңгейге көтерiлсек, онда ол - материя, рух. Мысалы, бiз күндi алатын болсақ, ол дөңгелек, жарық, жылы, үне бойы қозғалыста т.с.с. тұрпайы идеялардың қосындысынан пайда болады. Оның бәрiн бiз тәжiрибе арқылы жинаймыз. Ал бұл тұрпайы идеяларды бiрiктiретiн оның ар жағындағы негiз (support,- ағылшын сөзi,- негiз) неде деген сұраққа бiздiң сыртқы жэне iшкi тәжiрибемiз ештеңе айтпайды,- дейдi Дж. Локк.

Гносеология саласындағы келесi күрделi мәселе - ол жалпылық. Дүниедегi өмiр сүретiннiң бәрi - жалқы, жеке, нақты. Жалпы ұғымдарды алатын болсақ - ол ақыл-ойдың әрекетiнен пайда болады, заттардың бiр-бiрiне ұқсас қасиеттерi олардан ой арқылы бөлiнiп жалпыланады. Қайсыбiр тiлдегi сөздер арқылы бiз жалпылықты көрсетемiз.

Тiлдiң жалпы азаматтық және философиялық жақтары бар. Оның бiрiншi жағын алып қарасақ, ол нақтылы әлеуметтi өмiрде қолданылады, адамдар бiр-бiрiне тiл арқылы неше-түрлi ақпараттар, өздерiнiң сезiмдерiн т.с.с. жеткiзедi.

Ал тiлдiң философиялық мағнасына келер болсақ, онда әрбiр ұғымның нақтылы көлемi, мазмұны айқын анықталуы керек. Неше-түрлi ғылым саласындағы даудамалар, түсiнбеушiлiк, тiлдегi ұғымдардың әр-түрлi мағнада қолданылуымен байланысты. Әсiресе, ғылымға зор әсерiн тигiзетiн нәрсе- ол неше-түрлi мазмұны тайыз, нақтыланбаған сөздердi ойлап шығарып оны ғылым салалсына кіргізу жатады.

Әлеуметтiк-философиялық, саяси идеялар

Адам - бақытты өмiрге ұмтылатын пәнде. Iзгiлiк, жақсылық дегенiмiздiң бәрi - адамды рахатқа, қуанышты сезiмге әкелетiн нәрселер. Жамандық пен залымдық дегенiмiз - ол адамға зардап, қайғы, өкiнiш әкелетiннiң бәрi. Адам бақытты болу үшiн ең алдымен оның материалдық мүдделерi iске асуы қажет.

Т.Гоббс сияқты Дж. Локк та қоғамның табиғи және азаматтық ақуалы жөнiнде айтады.

Табиғи жағдайда адамдар ерiктi, тең, бiр-бiрiнен тәуелсiз өмiр сүредi. Табиғи ақуалдағы адамдардың өзiн-өзi сақтау жолында еңбек етiп, белгiлi бiр байлықтардың қайнар көзiн ашатындығын Дж. Локк басым айтады. Сонымен, ол меншiк мәселесiн табиғи жағдайдағы адаммен өзара бiрiктiрiп, оны қоғамның мәңгiлiк мәселесi ретiнде қарайды.

Құдай адамға бүкiл өлi және тiрi табиғатты бергенмен, олар өзiнiң ең пайдалылығын жеке меншiлiкке айналғанда ғана көрсете алады. Ал меншiктiң өзi әуеден түспейдi, оған тек қана еңбектiң негiзiнде жетуге болады. Еңбек пен меншiк қоғамның, бүкiл мәдениеттiң негiзiн құрайды. Бiр акр өңделеген жер сол көлемдi өңделмеген жермен салыстырғанда 10 есе қымбат, өйткенi, өңделген жерге адамның еңбегi сiнген. Еңбек қайсыбiр құндылықтың, бағаның қайнар көзi.

Мемлекет мәселесiне келер болсақ, оның пайда болуы қоғамдық шартқа байланысты. Мемлекет пен бiрге азаматтық ақуал пайда болады. Табиғи ақуалдан азаматтыққа өткенде адамдардың ерiктiгi мен қолындағы меншiгi сақталуы қажет.

Мемлекеттiң негiзгi мақсаты - азаматтардың меншiгiн қорғау. Мемлекет түнгi қарауылшыға ұқсауы қажет. Күндiз азаматтар өздерiнiң меншiгiн өз ерiктерiмен пайдалануы керек. Тек мемлекет олардың iс-әрекеттерiнiң заңға сәйкестiгiн қадағалап отыруы қажет.

Дж.Локк алғашқылардың бiрi болып өзiнiң саяси философиясында үкiмет билiгiнiң бөлiнуiнiң қажеттiлiгiн көрсеттi. Заң билiгi - парламентте, атқару билiгi - сот пен армияда, федеративтiк билiк (басқа мемлекеттермен қарым-қатынас орнату ) король мен үкiметтiң қолында болуы қажет.

Дж. Локк өз заманының ойшылы ретiнде дiннiң мемлекеттен бөлiнуiн, бiр-бiрiнiң iстерiне өзара қол сұқпау керектiгiн басым көрсетедi. Адамдар басқалардың да дiнiн сыйлауы қажет - бұл салада үлкен төзiмшiлдiк керек, өйткенi қайсыбiр қоғам дiни-рухани тiрексiз өмiр сүре алмайды.

Мiне, осымен ХУII ғасырда өмiр сүрген ең ұлы философтардың Дүниеге деген көзқарастарын осымен аяқтап, келесi сөздi ХУIII ғасырға беремiз.

Өзiндiк дайындыққа арналған сұрақтар:

1. Ф.Бэкон таным саласында кездесетiн елестердi қалай деп атайды?

2. “Жемiстi² тәжiрибелердiң “сәулелi² тәжiрибелерден айырмашылығы қандай?

3. Танымдағы индуктивтi методтың маңызы қандай?

4. Р.Декарттың философиясының негiзгi принциптерiн есiңiзге түсiрiңiз

5. Р.Декарттың “күмәндану² принципiнiң маңызы неде?

6. Дедуктивтi метод қай ғылым салаларында көбiрек қолданылады?

7. Т.Гоббс “субстанция² ұғымын қалай түсiнедi?

8. Т.Гоббс тiл мен ойдың ара-қатынасын қалай анықтайды?

9. Т.Гоббс мемлекеттiң пайда болуы жөнiнде қандай теория жасайды?

10. Б.Спиноза субстанциясының ерекшелiгi неде?

11. Б.Спиноза нелiктен математика ғылымын ең жетiлген деп есептейдi?

12. Б.Спинозаның “аффектiлер² теориясына баға берiңiз

13. Монада дегенiмiз не?

14. В.Лейбництiң “алдын-ала берiлген сәйкестiк² идеясын қалай түсiнесiз?

15. Дж.Локктың эмпириялық және философиялық субстанцияларының айырмашылығы неде?

16. Дж.Локк екiншi сапаға нелердi жатқызады?

17. Дж.Локктың мемлекет, жеке меншiк және азаматтық қоғам жөнiндегi ойлары.

ХVIII ғасырдағы Ағарту философиясы

ХVIII ғ Еуропа топырағында дүниеге келген философияға Ағарту философиясы деген атақ берiлдi. Бiрiншiден, олар дiннен аулақ, ғылымға жақын, ағарған бiлiмдi, болмыс жөнiнде айқын, түсiнiктi философиялық қағидалар тудырғысы келедi.

Екiншiден, олар халықты надандықтың құрсауынан шығарып, оларға бiлiм берiп, көздерiн ашып, қалайша ақыл-ой арқылы бақытты өмiр орнатуға болатыны жөнiнде насихат жүргiзедi.

Немiстiң ұлы философы И.Канттың айтуына қарағанда, Ағарту дегенiмiз - ол адамзат тарихындағы қажеттi дәуiр - оның негiзгi мақсаты - әлеуметтiк алға жылжудағы ақыл-ойдың, зерденiң кеңiнен пайдалануының керектiгi. Ағарту дәуiрiн адамзаттың тектi мәнiнен шығатын құбылыс ретiнде қарап, И.Кант оны ұзаққа созылатын процесс және соның шеңберiнде адамдар моральдық және бiлiмдiк жағынан жетiлiп, қараңғылық пен надандықтан құтылған ерiктi қоғам құрады деп есептейдi.

Марксизм ағымы ХУIII ғ Ағарту философиясын өте биiк бағалап, олардың тарихи орнын буржуазиялық революцияның рухани негiзiн жасағандығынан көрдi.

Жалпы алғанда, Ағартушылар ақыл-ой, зерденiң зор мумкiндiгiне сендi. Олар ақыл-ой, зерде арқылы дiни, метафизикалық, схоластикалық бұрыннан қалыптасып қалған ой-өрiсiнен құтылу қажеттiгiн асыра көрсеттi. Олар адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды залымдықтан құтқарып, мемлекеттi басқарудағы зорлық- зомбылықты жоюды талап еттi.

ХХ ғ Немiс философтары М.Хоркхаймер мен Т.Адорно “Ағарту диалектикасы² деген еңбектерiнде бүгiнгi таңдағы ағарған қоғамда бұрынғыдай залымдықтың салтанат құрғанына қарамастан, Ағартушылар кең түрде ойлауды дамыту қажеттiгiн, адамдарды қорқыныш, надандықтан жұлып алып, өздерiнiң тағдырын өзгертуге болатындығына сендi.

Ағартушылардың ұраны “Sapere aude! ² (Даналыққа ұмтыл!) осы ғасырдағы ойшылдардың зердеге деген терең сенiмiн көрсеткендей.

Ағарту философиясының тағы бiр ерекшелiгi - оның теоретикалық-жүйелiк жағынан гөрi практикалық, идеологиялық жағының басым болуы.

Бұл идеологияның негiзгi қағидалары:

а) адамның ақыл-ой зердесi арқылы адамзаттың жарқын болашағының келетiнiне сену;

Француз ағартушылары

Дүниежүзiлiк философия тарихында Француз ағартушыларының орны ерекше. Бұл философиялық-саяси бағыттың негiзiн қалаған Вольтер мен Монтескье болды. Олардың еңбектерi француз ағартушыларының екiншi буынының қалыптасуына зор әсерiн тигiздi. Оларға Ламетри, Дидро, Кондильяк, Руссо, Гольбах сияқты ойшылдар жатады..

Француз ағартушылары философияның деңгейiн өте бiйiк дәрежеге көтердi. Адамзатты тебiрендiретiн барлық мәселелер философиялық зерде тұрғысынан шешiлуi қажет - бұл олардың негiзгi қағидасы. Ой ерiктiгi бұрығы-соңғы болмаған дәрежеге көтерiлдi: дiн, табиғатты түсiну, қоғам, мемлекеттiң құрылымы мен басқарылуы - бәрi де үзiлдi-кесiлдi сыннан өттi, бүкiл бұрынғы қалыптасқан көзқарастардың көпшiлiгi терiске шығарылып Дүниеге деген жаңа таным қалыптаса бастады.

Француз ағартушыларының еңбектерiнде табиғат және ондағы адамның орнына деген материалистiк көзқарас қалыптаса бастады. әсiресе, олардың әлеуметтiк-саяси көзқарастары сол кездегi қоғамдағы ақуалға өзiнiң зор әсерiн тигiздi. Егер ағылшын ағартушыларының көбi король билiгiн жақтап, я болмаса аристократияны қолдаса, француз ойшылдары феодалдық тәртiпке үзiлдi-кесiлдi қарсы шығып, саяси-құқтық мәселелердi күн тәртiбiне ашық та айқын қоя бiлдi.

Монтескьенiң философиялық көзқарастары

Шарль Луи де Монтескье (1689 - 1775 ж.ж.) француз ақсүйектерiнiң семьясында дүниеге келедi. Сол кездегi беделдi оқу орындарында оқып бiлiм алады.

Негiзгi еңбектерi“Персиялық хаттар², “Заңдардың рухы жөнiнде², “Римдiктердiң өрлеуi мен құлдырауының себептерi².

Өзiнiң ең алғашқы “Персиялық хаттар² атты еңбегiнде Монтескье монархиялық тәртiптi, ақсүйектердiң дүние шашуын, дiни қызметкерлердiң екiжүздiлiгiн айыптап сынға алады, оларды Шығыстағы “Азиаттық деспотиямен² салыстырады.

Әсiресе, ол христиан дiнiн қатты сынайды. Христиан дiнi сүйiспеншiлiк дiнi болуға тырысқанымен өзiнiң тарихында талай-талай қақтығыс пен соғыстарды әкелдi. Христиандарда ақылға сыймайтын мәселелер көп: оларға үш бiрмен тең, жеп отырған нандары - нан емес, iшкен шараптары - шарап емес т.с.с. Бiрақ, ол христиан дiнiн сынағанмен Құдай идеясын толығынан терiске шығарған жоқ. Ол бұл мәселе бойынша деистiк көзқараста болды. Құдай өзiнiң құдiреттi күшiнiң негiзiнде табиғатты және оның заңдылықтарын тудырды, ал содан кейiн Ол табиғаттың әрi қарай өмiр сүруiне килiкпейдi. Екiншiден, ол дiнге гуманистiк- өмiрлiк бағыт бергiсi келдi. Мысалы, оның ойынша,, егер Құдай дiндi адамдарға iзгiлiк үшiн берсе, онда адамдардың осы Дүниедегi бақытқа ұмтылуы күнә емес. Егер Құдай адамдарды сүйсе, онда адамдар да бiр-бiрiн сүйуi керек, бiр-бiрiне бақытқа жету жолында көмектесуi қажет.

Монтескье өз заманының күрделi мәселелерiн терең түсiну үшiн адамзат тарихына үңiлiп “Римдiктердiң өрлеуi мен құлдырауы жөнiнде² деген еңбегiн жазады. Мұнда оның тарих философиясын байқаймыз. Ол тарихты дiни жолмен түсiну (христиандық провиденциализм), я болмаса оны неше-түрлi кездейсоқтық уақиғалардың жыйынтығы ретiнде қараудан бас тартады. Оның ойынша, “әрбiр мемлекеттiң өрлеуi мен құлдырауының, күшейуi мен әлсiреуiнiң жалпы рухани және физикалық себептерi бар²,- деген тұжырымға келедi.

Көне замандағы Римдiктердiң өрлеп күшеюiн Монтескье азаматтық құндылықтардан, адамдардың өздерiнiң жеке мүдделерiнен гөрi қоғамның жалпы мүддесiн жоғары қойып, соны жан-тәнiн салып қорғауға тырысқанынан көредi. Ал мұндай патриоттық, азаматтық құндылықтардың өзi саяси бостандықтың, республикалық басқару жүйесiнiң болуымен байланысты.

Монтескьенiң “Заңдардың рухы жөнiнде² деген еңбегiнде ойшылдың әлеуметтiк-философиялық көзқарастарын байқаймыз. Қоғамның өмiр сүруi мен дамуын Монтескье заңдардың сапалығымен байланыстырады. Егер белгiлi бiр қоғамның ерекшелiгiн түсiнгiңiз келсе, онда сол елдегi қабылданған заңдарды зерттеңiз. Қоғам жөнiндегi мұндай түсiнiктi жүре келе ғалымдар “заңдық көзқарас² деп атап кеттi.

Монтескье қоғамдағы заңдарды екiге бөледi. Бiрiншiден, ол “табиғи заңдар² - олар адамның биологиялық табиғатынан шығады.

Екiншiден, әлеуметтiк заңдар.

Табиғи заңдардың негiзгiсi - өмiр сүру, ол үшiн азық табу керек. Егер Т.Гоббс ол үшiн адамдар тартысқа түсiп “бәрi бәрiне қарсы соғысады² деген болса, Монтескье, керiсiнше, жаңғыз адам әлсiз болғандықтан басқалардан көмек iздейдi, басқалармен бейбiт өмiр сүруге тырысады деген пiкiрге келедi. Сонымен, бiз Монтескьенiң адам алғашқы сатысынан бастап әлеуметтiк пәнде болды деген ойда болғанын көремiз.

Қоғам өмiрiндегi қайшылықтардың пайда болуының негiзiнде адамның басқалардың есебiнен пайда табу ұмтылысы жатыр. Ал мұның өзi адамдардың қарым-қатынасын заңмен ретке келтiру керектiгiн туғызып, дүниеге мемлекет келедi.

Монтескье құқықтың үш түрiн анықтайды.

Бiрiншi- халықаралық құқықтар - мемлекет, халықтар арасындағы қарым-қатынастарды ретке келтiредi.

Екiншi- саяси құқтар - мемлекеттегi басшылар мен халықтың арасындағы қатынастарды ретке келтiредi.

Үшiншi - азаматтық құқтар - адамдардың өзара қатынастарын ретке келтiредi.

Монтескье мемлекеттi басқарудың үш түрiн анықтайды. Олар республика, монархия және деспотия.

Деспотиялық басқару ешқандай заңдылықты мойындамайды. Оның өзi елдi бақытсыздыққа әкелiп, неше-түрлi зорлық-зомбылыққа жол бередi.

Республикалық басқару саяси заңмен бекiтiлген бостандықтардың негiзiнде iске асады.

Монархиялық басқару жүйесi жоғарыда көрсетiлген басқарулардың екi ортасында орналасқан.

Монтескьенiң саяси философиясындағы жасалған және бүгiнгi таңға дейiн өзектi жаңалығы - ол мемлекет билiгiн бөлу идеясы.

Шынайы саяси бостандық болу үшiн республика, я болмаса монархия басқару жүйесiнде заң беру, атқару және сот билiктерi бiр-бiрiнен бөлiнуi қажет.

Ал ендi “заңдардың рухына² келер болсақ, олардың әрбiр елдердегi ерекшелiктерi көп жағдайлармен байланысты. Олар - жердiң құнарлығы, ауа-райы, таулы- жазықтығы, әдет-ғұрыптар, дiни сезiмдер, халықтың саны мен материалдық қал-ақуалы, заң берушiлердiң мақсаты, саяси билiктiң, елдегi жалпы тәртiптiң көрiнiстерiмен байланысты,- деп қорытады ұлы ойшыл.

Мұндай көзқарасты әдебиетте “географиялық детерминизм² (себептiлiк) деп айтады. Өйткенi, жоғарыда көрсетiлген жағдайлардың iшiндегi негiзгiлерi деп ол “жердiң құнарлығын, ауа-райын және таулы-жазықтығын² атайды.

Мысалы, ыстық ауа-райы адамдарды әлсiретiп енжар қылады, ал суық ауа-райы ой мен дененiң кұшеюiне, олардың өмiрге деген қажырлы еңбегiн, ұлы iстердi жасауға мүмкiндiк бередi. Сондықтан, ыстық ауа-райында өмiр сүретiн халықтар құлдыққа келдi де, суық жерде өмiр сүретiн халықтар өздерiнiң бостандығын сақтап қалды,- деп ойлайды Монтескье. Әрине, бүгiнгi таңдағы адамдар мұндай көзқарасқа күлкiлi көзбен қарауы әбден мүмкiн.

Дегенмен, қоғамның дамуында географиялық жағдайлармен санаспаудың өзi, таза технократиялық көзқарастар қандай салдарларға әкелетiнiн бiз бүгiнгi таңда ауылдағы осы уақытқа дейiн жүргiзiлген реформалардың терiс жақтарынан көрiп отырмыз.

Кең түрде алғанда, бiздiң ата-бабаларымыздың мыңдаған жылдар бойы көшпендiлiк өмiр салтын ұстауының өзi (жаңа дәуiрге дейiн) сол жағалай қоршаған ортаға байланысты болатын. Әрине, Жаңа дәуiр тарихқа келiп, машиналық техника пайда болған кезде, көшпендiлiк өмiр салты мүмкiншiлiктерi сарқылып, қазақ халқы жаңа өмiр құндылықтарына өтуге мәжбүр болды.

Монтескьенiң ойынша, жоғарыдағы көрсетiлген жағдайлармен қатар жер көлемi және оның таулы-жазықтығы да қоғамның саяси бiтiмiне өзiнiң зор әсерiн тигiзедi. Бiрiншiден, таулы елдер көлемi жағынан үлкен бола алмайды. Ал, кiшi елде азаматтар қоғамдық мәселелердi талдап шешiп қабылдауға жиү қалыптасады. Ал орта көлемдi елдерде, көбiнесе, монархиялық басқару жүйесi орнайды. Жерi жазық және өте көлемдi елдерде деспотиялық басқару жүйесi қажет, өйткенi, тек күш жұмсау мен қорқыту арқылы ғана алыста жатқан елдердi орталық билiкке көндiруге болады деп қорытады Монтескье.

Әрине, бiз ұлы ойшылдың географиялық факторлардың қоғам өмiрiне деген рөлiн асыра көрсеткенiн байқаймыз. Бiрақ, бұл көзқарастар өз заманының мәселелерiн жаңаша түсiнуде, дiни түсiнiктерге тойтарыс беруде кеңiнен пайдаланды.

Вольтер

Франсуа Мари Аруэ Вольтер (1694-1778) -француз ағартушыларының ұлы өкiлi. Негiзгi еңбектерi: “Философиялық хаттар², “Метафизикалық трактат², “Тарих философиясы²т.с.с.

Вольтердiң дүниетанымдық көзқарастарының негiзiнде сол кездегi кеңiнен тараған деистiк материализм болды. Дүниедегi сан-алуан материалдық заттар мен құбылыстар жөнiндегi деректердi бiз сезiмдiк тану арқылы аламыз. “Мен тасты сипаған кезде, оның орнын ала алмайтынымды өте жақсы сезiнемiн, олай болса, бұл арада кеңiстiктi орын алып жатқан бiр нәрсе барын түсiнемiн²,- дейдi ойшыл.

Демокрит пен Эпикурдың атомистiк көзқарасын қолдап, Вольтер “дүниенiң элементтерi материалдық және олар өткiзбейтiн созылған субстанция²,- деген пiкiрге келедi. Сонымен қатар, И.Ньютонның ашқан тарту қасиетiн қолдап, оны ол материяның негiзгi қасиеттерiнiң бiрi және табиғаттың әлi ашылмаған сан-алуан қасиеттерi бар деген тұжырымға келедi.

Ал ендi Дүниенiң бәрi материалдық болатын болса, онда адамның жан-дүниесiн қалай түсiнуге болады? - “Жан-дүние дегенiмiз- адамның ойлауға және сезiнуге деген қабiлетi. Олай болса, денеден басқа өмiр сүрiп жатқан жан-дүние жөнiнде менiң ешқандай түсiнiгiм жоқ²,- деп қорытады ұлы ойшыл. Мұндай көзқарас, әрине, дiнге қарсы. Мәселенiң қызықтығы - сол дiнге қарсы пiкiрдi Вольтердiң дiни жолмен дәлелдеуге тырысуы. “Егер осы ғажап дүниенi Құдай жаратқан болса, онда ол материяға сезiну және ойлау қасиеттерiн бере алмайды деп кiм айтар екен ,- деген сұрақ қояды.

Екiншiден, Вольтер сол кездегi жаратылыстану деректерiне сүйене отырып адамның жан-дүние құбылыстарын оның түйсiктерi мен жүйесi, миымен байланысты екенiн көрсетедi.

Үшiншiден, жануарлардың да адамның дене құрылысына ұқсас мүшелерi бар екенiн көрсетiп, олай болса, олар да дүниенi сезiнiп, бұлдыр да болса дүниенi тани алады,- деген пiкiрге келедi.

Өзiнiң шығармаларында Вольтер адам мәселесiне де көп көңiл бөлген. Адам- әлеуметтiк пәнде. Ол өзiнiң ұлылығын дүниетану және оны қайта өзгерту жолында айқын көрсетедi. Адамның табиғатындағы “өзiн сақтау², “өзiн сүйу² т.с.с. -олар адамдарды бiр-бiрiнен алыстатпай, керiсiнше, бiр-бiрiне жақындатып, iштесiп, сүйуге әкелетiн инстинктер. Адам жалғыздан-жалғыз өмiр сүре алмайды. Табиғи түрде пайда болатын еркек пен әйелдiң арасындағы байланыстар жас ұрпақтарды дүниеге әкелiп, қоғамды бiрiктiредi,- дейдi Вольтер.

Қоғам өзiнiң iшiнде миллиондаған адамдарды бiрiктiргеннен кейiн олардың моральдық және құқтық қарым-қатынастары саяси заңдар мен ережелер арқылы ретке келтiрiледi. Оларды адамдардың өзi тудырады. Оған Құдайдың еш қатынасы жоқ.

Моральдық табиғи заң - ол “өзiңе не қаласаң, басқаларға да соны жаса²,- бүкiл адамзатқа тән нәрсе. “Сиамнан бастап Мексикаға дейiн шындық, қайырымдылық, достықты сыйламайтын халық жоқ². Құдай болмаса адамдар ойларына не келсе соны iстейдi, тiзгiнсiз кетедi,- деген осы уақытқа дейiн кең тараған пiкiрге қарсы шығып, Вольтер ондай адамдарды қоғамның өзi-ақ неше-түрлi заңдар арқылы ауыздықтай алады деген пiкiрге келедi. Екiншiден, халықтың өзi-ақ ондай адамдарға терiс қарайды - бұның өзi ондай адамдарға ең күштi тiзгiн. Олай болса, әр адам жетiле келе қоғам өмiрiнде өзiн таза ұстау керектiгiн, өзiнiң басқа адамдар алдындағы борышын бұлжытпай орындау қажеттiгiн түсiнiп орындайды,- деп қорытады Вольтер.

Тарих философиясы

Вольтер адамзат


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
 | Тарих философиясы

Дата добавления: 2014-03-19; просмотров: 1275; Нарушение авторских прав




Мы поможем в написании ваших работ!
lektsiopedia.org - Лекциопедия - 2013 год. | Страница сгенерирована за: 0.031 сек.