Студопедия

Главная страница Случайная лекция


Мы поможем в написании ваших работ!

Порталы:

БиологияВойнаГеографияИнформатикаИскусствоИсторияКультураЛингвистикаМатематикаМедицинаОхрана трудаПолитикаПравоПсихологияРелигияТехникаФизикаФилософияЭкономика



Мы поможем в написании ваших работ!




Дiни экзистенциализм мен антропология

Читайте также:
  1. Вопрос 4. Философская антропология
  2. Главные представители экзистенциализма XX в.
  3. Лекция №6: «Философская антропология»
  4. Семинар 6. Христианская антропология Немезия Эмесского
  5. Философская антропология
  6. ФИЛОСОФСКАЯ АНТРОПОЛОГИЯ (УЧЕНИЕ О ЧЕЛОВЕКЕ)
  7. Экзистенциализм философиясы

Орыс философиясының антропологиялық бағыты, яғни адам мәселесiне басымырақ қарау - оның негiзгi ерекшелiктерiне жатады. Х1Х ғ ортасынан бастап адамның өмiр сүруi, оның бостандығы мен құндылығы, тұлғаның нәзiктiгi, болмыстың неше-түрлi үрейлерге толылығы т.с.с. экзистенциалдық сұрақтар орыс философиясының негiзгi мәселелерiне айналады. Осы бағыттағы ұлы философтар қатарынаЛев Исаакович Шестовты (Шварцман) (1866-1938 ж.ж.)жатқызуға болады. Н.А.Бердяевтiң айтуына қарағанда, Л.Шестовтың философиясын экзистенциализм бағытына жатқызуға болады, “оның философиясының қайнар-көзi ретiнде адамның қайғы-қасiретi, үрейi мен зардабы, үмiтсiздiк сезiмi болды². Ол рационализм, сциентизм бағытын алғашқылардың бiрi болып қатты сынға алады. Оның ойынша, өмiрдегi әсемдiк, өнегелiк, сенiм ешқандай рационалдық, логикалық танымға жеткiзбейдi. Ғылыми зерттеу - заттар мен құбылыстардың жалпы жақтарын тұжырымдайды, адамға келгенде оның қайталанбас, ерекше болмысын еске алмайды. Сонымен, адам өмiрiнiң мақсат-мұраты, мән-мағнасы, қайғысы мен қуанышы, махаббаты т.с.с. сыртта қалады. Олай болса, ғылым мен философия - ымыраға келмейдi. Философияның негiзгi мәселесi - адам, оның өмiрiнiң мән-мағнасы.

Л.Шестовтың ойынша, ғылым мен философия ақиқаты да екi тұрлi. Ғылыми ақиқат дұниедегi қажеттiлiктi зерттеуден шығып, барлық адамдарға бiрдей болып келедi. Ал философиялық ақиқатқа келер болсақ, оған әрбiр адам өзiнше өзiнiң болмысында жетуi керек. Адамзаттың негiзгi мақсаты - табиғаттың қажеттiлiгiн жеңiп адамға бостандық, алғашқы ерiктiктi қайтадан әперу.

Ерiктiк мәселесiне келгенде, Л.Шестов оны Библияның аңызына негiздеп қарайды. Алғашында дүние мен адамды Құдай өзiне ұқсатып, оларды құдiреттi, ерiктi, жетiлген қылып жоқтан жаратқан болатын. Бiрақ, Құдай адамға ескерту жасады: Эдем бақшасындағы өсiп тұрған таным ағашының жемiсiн жесең - өлесiң !! Жыланның сөзiне ерiп, өзiн Құдаймен теңегiсi келген адам тиым салынған жемiстiң дәмiн татып “бiлiмдi² пәндеге айналды. Бiлiммен бiрге күнә өмiрге келiп, залымдыққа жол ашты. Бiлiм шындықты қажеттiлiкке айналдырып, ерiктiктi жойды. Мұндай жағдайдағы адамның алдындағы мақсат - жойылған ерiктiктi қайтару, дұниенi залымдықтан құтқару. Ол ұшiн моральдық нормалар, неше-түрлi ережелердi орындау қажет емес, өйткенi олардың бәрi де ғасырлар шеңберiнде ақыл-ойдың таразысынан өтiп, қажеттiкке айналды. Олай болса, адам моральдық нормалардың талаптарына қарсы шығып, өзiн ерiктi сезiну ұшiн ойына не келсе, соны жасауы керек, өйткенi, оны жаратқан Құдайдың өзi. Адам әрқашанда iшкi тебiренiсте, алаңдауда болып, өзiнiң ерiктiгiн Құдайды iздеп, онымен қайта кездесу жолында табуы керек. Ол ұшiн тек қана сенiм керек,- деп қорытады Л.Шестов. Тек қана сенiм ештеңемен шектелмеген бостандықты бередi. Адам таным ағашынан бас тартып, өмiр ағашына қайта оралуы қажет.

Орыстың дiни философиясына қомақты үлес қосқанНиколай Александрович Бердяев (1874-1948 ж.ж.) болды. Негiзгi еңбектерi: “Ерiктiк философиясы. Шығармашылық мағынасы², “Тарих мағынасы²“Өзiндiк тану²т.с.с.

Оның ойынша, философия - рухты зерттейтiн iлiм, яғни адамның өмiр сүруiне, сол арқылы болмыстың мән-мағнасын ашуға бағытталған пән. Ғылым сыртқы дұниенi зерттесе, философия адамның iшкi рухани өмiрiне үңiледi. Сондықтан, философия объективтi емес, ол - әрқашанда субъективтi.

Н.А.Бердяевтiң ойынша, экзистенциалдық философия адамның өмiр сүру диалектикасынан, сол арқылы жалпы дүниенiң өзiн таниды. “Таным дегенiмiз субъектiнiң болмысты бейнелеуiнде емес. Таным әрқашанда шығармашылық жолмен жүрiп мән-мағынаға жетуге тырысады. Адамның құпиясын танып-бiлу - болмыстың құпиясын танып-бiлумен тең.

Адам абсолюттiк болмыстың алдында тұрып, оны танып-бiлгiсi келедi. Бұл мақсатқа жеткiзетiн екi-ақ жол бар. Ол өзiн дүниенiң бiр бөлiгi ретiнде сезiнiп, оған терең шомылуы мұмкiн. Бiрақ, ол жол нәтиже бермейдi, өйткенi, бөлшек бiртұтастыққа жете алмайды.

Екiншi жол - өзiңнiң дүниеге деген маңыздылығыңды сезiнiп, өз болмысыңды бүкiл дүниенiң өзегi ретiнде қарасаң - онда өз тереңдiгiңе үңiлу, оны танып-бiлу - бүкiл болмысты танып-бiлумен тең болады. Мұндай көзқарас көне замандағы гректердiң “макрокосм² мен “микрокосм² идеяларына кетедi. Адам “кiшi ғарыш² ретiнде “ұлкен ғарышқа² сай келедi. Сондықтан, сыртқы болмысты тану ²шiн өзiңнiң iшкi болмысыңды бiлуiң қажет.

Н.А.Бердяевтiң философиясының негiзгi категориясы - ерiктiк. Оның ешқандай өлшемi, шегi, түбi жоқ, оны ештеңемен теңеуге болмайды. Оның оқшаулығын түсiну - оның болмысқа дейiн өмiр сүргенiн мойындаумен тең. Бұл арада Н.А.Бердяев Орта ғасырда өмiр сұрген Я.Беменiң “Құдайдың өзi тұбi жоқ тұңғиықтан пайда болды²,- деген пiкiрiн қолдап, сол алғашқы “түбi жоқты² ерiкпен теңейдi. Сол алғашқы тұңғиықтан шыққан Құдай дұниенi жаратады.

Осы арада Н.А.Бердяевтiң философиясының ғажап қызықты жағын көремiз. Ол - алғашқы Ерiктiк пен Жаратушы-Құдайдың арасындағы дуализм, қайшылық. Құдай дұниедегi залымдыққа жауапты емес, өйткенi, оның өзiнiң негiзi жоқ, Ол өзi шыққан тұбi жоқ ерiктiкке ештеңе жасай алмайды. Керiсiнше, Құдайдың өзiнiң болмысына, содан кейiн оның дүниенi жаратуына жол ашқан сол алғашқы Ерiктiк емес пе? Олай болса, адамның өзi, бiр жағынан, Құдайдың жаратқан пендесi болса, екiншi жағынан, түбi жоқ ерiктiктiң нәрестесi. Сондықтан, ерiктiк бұкiл адамның iс-әрекетiн баурайды. Ерiктiк дегенiмiз - ешнәрсеге тәуелсiз таза сана, кұш-қуат.

Белгiлi бiр “метафизикалық ессiз кезеңде²ерiктiк өзiн Құдайға қарсы қойып, онымен кұресе бастады. Ол барлық жаратылған дүниеге, адамның өзiне де тарады. Сондықтан, дұние мен адам залымдыққа белшесiнен батты, ал Құдай болса, оған ешнәрсе жасай алмайды, өйткенi Ол ерiктiктi жаратқан жоқ. Мiне, осы сәтте дұниеге Христос келiп, бұкiл дүние мен адамдардың кұнәләрiн өз мойнына алып, тұңғиыққа тереңдеп, оны өз сәулесiмен жарқыратады. Сонымен, Н.А.Бердяев Құдайдың ессiз ерiктiктi жеңетiнiне сенгенмен, бiрақ, оған үзiлдi-кесiлдi кепiл беруден бас тартады.

Н.А.Бердяевтiң философиясындағы негiзгi болмыстық категория - ол адамның өзi, өйткенi, ол дүниенiң ортасында, оның тағдыры дүниенiң тағдырын анықтайды. Адам мен Дұние Құдайдың өмiрiн байытады, өйткенi, адам - рухани пенде, ол iзгiлiк пен әсемдiктi сүйедi. Екiншi жағынан, ол ең жоғарғы материалдық құрылым, бұкiл дүниенiң барлық элементтерi оның бойында бар, сондықтан, Ғарыш оның шығармашылық iс-әрекетiн қабылдайды.

Сонымен, адам қайшылықты пенде, ол “табиғаттық дүниедегi ұзiлiс², оны түсiну ұшiн одан да жоғары - Құдайға деген оның қарым-қатынасын бiлу қажет. Оның ойынша, осы уақытқа дейiн адам өзiн Құдайға тәуелдi пенде ретiнде түсiнiп келдi. Ал тәуелдiлiк бар жерде шынайы махаббат жоқ. Сондықтан, Құдай мен адамның ара-қатынасы нағыз ерiктiкке негiзделген - махаббатың құпиясы, мiне, осында. Адам Құдайды қажет етсе, Құдай да адамды қажет етедi, өйткенi, оның өзiнiң негiзi жоқ (безосновность), ол адамсыз өзiнiң жалғыздығын сезiнедi... Сонымен, бiз адамның Құдайлығын, Құдайдың адамдығын көрсетуiмiз керек. Тарихи Христостың өзi алғашқы рет осыны паш еттi.

Құдай - рух, сонымен қатар, адам да - рух. Олай болса, екеуiнiң шығармашылық жолда кездесуi ғана объективацияланған дүниеден адамды құтқарады. (объективация - Бердяевтiң философиясындағы ұғым,- идеяның, жалпы сананың мазмұнының, адамдардың қарым-қатынастарының заттануын, адамнан жаттануын көрсетедi).

Ендi Н.А.Бердяевтiң тарих философиясына келер болсақ, онда “уақыт² категориясы үлкен орын алады. Егер дүниедегiнiң бәрi шектелген, олай болса, соңы бар болатын болса, тек шығармашылық арқылы ғана оның аржағына өтiп кетуге болады. Шығармашылық - мәңгiлiкке әкеледi, бiрақ, ол шексiз уақыт емес, уақытты аттап өтетiн жаңа сапа. Осы себептi тарихтағы шексiз жоғары өрлеудi (прогрестi) қабылдауға болмайды. Тарихтағы соңғы “жұмақта² өмiр сүретiн буындар өткен шексiз санды адамдардың өмiрiн сол мақсатқа жетудiң құралына айналдырады. Мұндай жағдайда адамзат тарихының мән-мағнасы жойылатыны хақ. Өткен дәуiрдi, оның мәдениетiн толыққанды қабылдамай, дұрыс болашақты да орнату мұмкiн емес. Шiркiн, осындай Н.А.Бердяевтiң терең тарих жөнiндегi ойларын саясаткерлер жете бiлсе ғой!!! Сонда реформа барысындағы қателiктер де аз болар едi.

Жалпы алғанда, Н.А.Бердяевтiң тарихи көзқарасын өмiршеңдi деп атауға болады : адамзат рухани жаңарудың негiзiнде қайта өрлеуге мұмкiндiк алады. Болашақ қоғам екi принципке негiзделедi - аристократиялық - тұлғаның толыққанды шығармашылық дамуын көрсетедi, ал демократиялық - әдiлеттiлiк пен достыққа шақырады.

Тарих философиясындағы Н.А.Бердяевтiң талдап, өзiнiң шешiмiн берген екi категориясын көрсетпей болмайды - олар мәдениет пен цивилизация.

Мәдениет - қоғамның рухани дамуының шыңы, дiн, философия, өнер құндылықтары, терең де нәзiк ойлар, шығармашылық туындылары. Уақыт өткен сайын шығармашылықтың орнына күнбе-күнгi қажеттiктерден шығатын қарапайым өмiрдi көтеруге бағытталған iстер келiп, “өзiмшiл цивилизация² мәдениеттi тұрпайылата бастайды.

Цивилизация дегенiмiз өмiрдiң әлеуметтiк, материалдық жағының дамуы, экономикалық мүдделердiң басымдығы, пайдақорлыққа тырысу, құралдың мақсатты жеңуi. Цивилизация өз табиғатына сәйкес техникаға жақын, ол жеке адамның шығармашылығын ұжымдық еңбекке ауыстырады. Цивилизация машиналардың өмiрге енуiмен бiрге келедi. Адам техниканы пайдаланып, табиғатты өз еркiне көндiруге тырысады, соның нәтижесiнде адамның толыққанды органикалық табиғатқа сәйкес өмiрi жойылып, оның орнына мамандандырылған, бiржақты адам пайда болады. Цивилизация техниканың үстемдiгiне әкелiп, рухты тоқыратады.

Капиталистiк, я болмаса социалистiк цивилизация болмасын өз табиғатына сәйкес әрқашанда “буржуазиялық². Ол дегенiмiз рухтың тоқырауы, материалдық байлыққа, өмiрден ләззат алуға тырысу.

Дегенмен, цивилизация мәдениеттi толығынан құрта алмайды, ол ұсақталынғанмен аяғына шейiн цивилизацияның пайдақорлығына қарсы тұрады. Жалпы алғанда, Н.А.Бердяев адамзат тарихының төрт логикалық сатысын көрсетедi : олар тағылық, мәдениет, цивилизация және “дiни қайта өрлеу². Социалистiк өзгерiстер Ресейдi цивилизация шеңберiне кiргiзiп, мәдениеттi тоқыратты. Мәдениеттi қайта жаңартуда дiн шешушi қызмет атқаруы керек.

Орыс философиясындағы дiни антропология бағытының өкiлдерi ретiндеС.Н.Булгаков, С.Л.Франк және Н.О.Лосскийдiатап өтуге болады.

С.Н.Булгаковтың айтуына қарағанда, адам Құдайсыз өмiр сүре алмайды, егер iшкi дұниеңде Құдай болмаса, онда көңiл құлазиды. Құдайға қарсы кұрес, бiр дiндi тарату, қажеттi тұрде екiншi дiндi тудырады (мысалы, Кеңес заманында марксизм жаңа ағарған дiнге айналынған болатын. С.М.) Алайда, адамға Құдай сырттан келмейдi, оны ол өз iшiнен табуы керек.

С.Н. Булгаковтың ойынша, шығармашылық дегенiмiз - ол “антроподицея² (адамды ақтау). Оның негiзгi себебi - дүние уақыттың шеңберiнде өмiр сүруде, олай болса, ол әлi соңына жеткен жоқ, дәл қазiр жаратылу жалғасып жатыр. Ал адам болса, ол Құдаймен бiрге осы дүниенi жарату iсiне, оны әрi қарай жетiлдiруге ат салысуда. Адам - Құдайға ұқсаған, Мәңгiлiктiң ұлы, Құдайдың рухын жалғастырушы. Ол - микротеос, оның iшiнде бүкiл дұниенiң кұш-қуаты бар, ол болмыстың ең жоғары ортасы.

С.Л.Франк адамды өзiн-өзi анықтайтын және өзгерте алатын пенде ретiнде қарайды. Өзiндiк сана арқылы адам заттардан ғана емес, сонымен қатар өзiнен де алшақтап, өз-өзiне басқа адамның көзiмен қараған сияқты дәрежеге келедi. Нәтижесiнде екi ақуал - танушы мен танылатын, бағалайтын мен бағаланатын, сот пен сотталатын пайда болады. Мiне, адам өзiндiк санасы арқылы өзiнiң денелiк эмпириялық табиғатынан бөлiнiп, өз-өзiн бағалайтын, сынайтын дәрежеге көтерiледi.

Адам әрқашанда өзiнiң күнделiктi болмысына қанағаттанбай, оны аттап өтiп, басқа өмiрге, өнегелiкке қарай ұмтылатын пәнде.

Н.О.Лосскийтұлғаларды шынайы және потенциалды деп екiге бөледi. Тұлға өзiнiң дамуында құдайдың бейнесiне ұқсаудан бастап, соңында тiптi құдайдың өзiне тартуға тырысады. Ал соңғы - ол тұлғаның негiзгi мақсаты, ол ұшiн адам неше-түрлi қиындықтар мен зардаптардан өтуi керек.

Руханияттық - адамның негiзгi қасиетi. Рухани адамның iшкi өнегелiгi қандай да болмасын сыртқы жағдайлардың қысымына қарсы тұра алады.

Қорыта келе, бiз орыс философиясының адам мәселесiне қомақты үлес қосқанын байқаймыз. Олардың айтқан көп идеялары қазiргi өтпелi дәуiрдегi қалыптасқан көп ақуалдарды талдауға өз көмегiн бередi. Сiз де ол жөнiнде ойланып көрiңiз. Ғарыш философиясы

Ғарыш философиясы деген кезде бiз екi нәрсенi айтуымызға болады. Бiрiншiден, ол дұниенiң бiртұтастығы және соның шеңберiндегi адамзаттың, яғни рухтың алатын орны; екiншiден, адамзат мәңгi осы жер бетiнде қала ма, я болмаса басқа ғарыштағы объектiлердi игерiп, өзiнiң ықпалын бұкiл ғарышқа тарата ала ма ?

Бiрiншi сұраққа қайсыбiр ұлттық философия жауап беруге тырысады, ал екiншi сұрақты қойып, соған жауап беруге тырысқан, негiзiнен алғанда, орыс философиясы болды. Сондықтан, бұл ағымды орыс философиясының ерекшелiктерiнiң бiреуiне жатқызуға болар едi деп ойлаймыз. Ал ендi оның өзiнiң де себебi бар шығар.

Бiздiң ойымызша, Алтын Орда мемлекетiнiң қысымынан кейiнгi Ресей қоғамының Шығысқа қарай садақтан атқан оқтай серпiлуi (бiрнеше ғасырдың шеңберiнде Едiл өзенiнiң әр жағынан сонау қиыр Шығысқа дейiн жетуi), өлшемсiз кең байтақ жерде мемлекеттiгiн құруы, ұлттық ой-өрiстi де кеңейтiп, оған ғарыштық өлшем берсе керек. Мүмкiн, басқа себептер де болған болар.

Еуропа ой-өрiсiнде ғарыш жөнiнде христиандық антропоцентрлiк көзқарас ғасырлар бойы өмiр сұрдi. Оның негiзгi қағидасы - адам жаратылған дүниенiң ең биiк шыңы, жер болса - ғарыштың ортасы.

Коперник мұндай көзқарасқа төңкерiс жасайды - ғарыштың ортасы жер емес, кұн. Ғарышта тек жерде ғана өмiр бар. Дж. Бруноның шексiз ғарыш пен өмiр жөнiндегi ойлары кең тараған жоқ. Жаңа дәуiрдегi ғылымда ғарыш механистiк-физикалық объект, сансыз атомдардың өрiсi деген пiкiр қалыптасты.

Ендi, мiне, орыс философиясында 18 ғ бастап антропокосмизм идеялары пайда болып дамиды. Яғни, адамның жер бетiндегi орны емес, оның ғарыштағы рөлi зерттеле бастайды.

Орыс философиясындағы бұл мәселеге қатысты негiзгi идеялар:

а) ғарыштағы адамзаттың өлместiгi (К.Э.Циолковский) ;

в) биосфераның ноосфераға өтуi (В.И.Вернадский) ;

с) табиғатты зерттеп, өткен ұрпақтарды тiрiлту (Н.Ф.Федоров) ;

д) күн мен биосфераның ажырамас байланысы (А.Л.Чижевский);

е) сананың ғарыштық дамуы (Н.К.Рерих) ; т.с.с.

К.Э.Циолковскийоқырмандарға орыс космонавтикасының әкесi ретiнде кеңiнен таныс. Сондықтан, бiз оның ғылыми-техникалық идеяларын қарастырмай, тiкелей оның философиялық көзқарастарына көшемiз. Оның ойынша, адам ғарыштың өмiрiнiң бiр бөлiгi, сондықтан адамзат цивилизациясы Ғарыштағы өзгерiстермен тығыз байланысты. әрине, мәңгiлiк Ғарышқа қарағанда, жер бетiндегi адамзат әлi өте жас. Дегенмен, болмыста пайда болып, белгiлi бiр уақыт келгенде жер бетiндегi байлықты сарқып, адамзат заңды түрде бұл өмiрден кетуi мұмкiн. Бiрақ, сонымен қатар, егер ғылымның дамуының негiзiнде адам Ғарышпен байланысқа түсiп, зат пен күш-қуаттың жаңа түрлерiн игерсе, ол тоқталмайтын өрлеуге ие болып, өлместiк дәрежесiне көтерiледi, - деген батыл пiкiр айтады.

К.Э.Циолковский адамзаттың жерлiк және космостық өмiр сұруiн бiр-бiрiнен айырады. Жер бетiндегi өмiр сүру - адамзаттың “сәбилiк шағы², сондықтан, ол кемелiне келмеген, зардабы мен қиянаты мол. Адамзаттың ғарыштық болмысы келген уақытта өмiрдiң терiс жақтарының бәрi жойылып, қуаныш пен жетiлгендiк, шығармашылық - өмiрдiң негiзгi жақтарына айналады. Оның ойынша, ғарышқа шығу - көп уақытты талап етiп, сатыларға бөлiнедi:

а) адамзат қажеттiктерiн өтеу жолында жер бетiн толығынан қайта

өзгерту;

в) жер айналасындағы кеңiстiктi игеру;

с) басқа планеталарды, содан кейiн алыс Ғарышты игеру;

д) адамның өз биологиялық табиғатын өзгертiп, ашық Ғарышта өмiр сұре алатын дәрежеге келуi;

Сонымен, егер Н.Коперник өз уақытында жердiң Ғарыштағы ерекше орны жөнiндегi көзқарасқа соққы берген болса, ХХ ғ К.Э. Циолковский адамзатты жер тартуынан шығарып, ғарышқа жол ашты деп көркемдеп айтуға болар едi.

В.И.Вернадскийдiңнегiзгi ойлары жер бетiндегi өмiр мен адамзатқа арналды. Нәтижесiнде, ол биосфера мен ноосфера жөнiнде терең де тамаша ойларын адамзатқа ұсынды. Бұгiнгi қалыптасқан биосфера жөнiндегi “ұлкен жұйе² теориясы, тiршiлiктiң ғарышпен заттық және энергиялық алмасуға тұсуi т.с.с. идеялар В.И.Вернадскийдiң шығармашылық еңбектерiнде үлкен орын алды. Жер бетiндегi тiршiлiктi ол жердiң ерекше қалыптасқан геологиялық қабаты ретiнде қарайды. Тiршiлiк биогеохимиялық зат пен энергияның айналысын тудырып жер бетiн толығынан өзгертедi. Осы тұрғыдан қарағанда, адамзат тiршiлiк әлемiнiң ерекше ең жоғарғы бөлiгi. Ол ерекше бiр - басқа энергия формаларына ұқсамайтын- күш- қуатты тудырады . Оның аты - ақыл-ой, зерде . Адамзат ақыл-ойы мен еңбегiнiң арқасында жаңа геологиялық күшке айналып биосфера жаңа ақуалға - ноосфера (ақыл-ой арқылы ретке келтiрiлген жер бетi) сатысына көтерiледi. Сонымен, В.И.Вернадскийдiң ойынша, адамзат зердесi - ғарыштық құбылыс.

Н.Ф. Федоровадамзат зердесiн ғарыш эволюциясының заңды нәтижесi ретiнде қарайды. әрi қарай Ғарышты адамзат саналы тұрде өзгертедi. “Ғарыш хаос емес, нағыз Ғарышқа айналуы ұшiн зерденi талап етедi². Болашақта ғылымның орасан-зор дамуының негiзiнде адамзат өлместiк дәрежесiне көтерiлiп, сонымен қатар, жер бетiнде бұрынғы-соңды өмiр сұрген барлық ұрпақтарды қайтадан тiрiлтедi, -деген ойда болды.

А.Л. Чижевскийжер бетiндегi тiршiлiктi тудырған жердiң өзi емес, күн деген пiкiрге келiп, күннiң жердегi биосфераға тигiзетiн ықпалын егжей- тегжей зерттейдi. Табиғаттағы геофизикалық аномалиялар, жер бетiндегi оқтын-оқтын болатын эпидемиялар, қуаңшылық т.с.с. құбылыстар Күндегi болып жатқан процестермен тығыз байланысты екенiн дәлелдеп, А.Л.Чижевский бұгiнгi ғылымдағы астрогеология, ғарыштық медицина, гелиобиология бағыттарының негiзiн қалады.

Адамзат ғарыштың әрi қарай дамуындағы саналы кұш болғаннан кейiн халықтар бiр-бiрiмен жақындасып, бiрiгiп, мемлекеттер арасындағы жасанды кедергiлердi алып тастауы керек деген идея көп ойшылдардың еңбектерiнде кездеседi.

Адамзатты бiрiктiретiн негiзгi күш - мәдениет, ғарыштық этика,- деген пiкiрдi орыс ғалымы, суреткерi, дiни философы Н.К. Рерихайтқан болатын. Оның ойынша, бұкiл ғарышта, кеңiстiк пен уақытта, адамның жан-дүниесiнде екi ғарыштық күш - Iзгiлiк пен Залымдық бiр-бiрiмен кұресте. Олар болмыстық жағынан келгенде тең емес. Дұние Ақиқат, Iзгiлiк пен Әсемдiк жолында өзгертiледi. Тек Жарық сәулесi ғана ғарыштағы қараңғы тұңғиық Хаосты тәртiпке келтiре алады.

Н.К. Рерих адамның iзгiлiгi, жасампаз белсендiлiгi Ғарыштың дамуындағы негiзгi күш екенiн паш етедi. Нәтижесiнде, адам Жаратушы-Құдайға ұқсайды. Тек оның ерекшелiгi - ол жағалай ортаны өзгертiп қана қоймай, сонымен бiрге өзiн де жетiлдiре алады. Надандықтан кейiн цивилизация келедi, содан кейiн ғылымның дамуының негiзiнде адамдардың бiлiмi өсiп, нәзiктене келе биiк мәдениеттiң есiгiн ашады,-деп қорытады Н.К.Рерих.

Н.К.Рерихтың ойынша, адамдардың арасындағы барлық ұлттық, нәсiлдiк, дiни, әлеуметтiк т.с.с. айырмашылықтар болмау керек. Адамдардың арасындағы айырмашылық тек қана оның мәдени дамуының негiзiнде қаралуы керек. Адам - Ғарыштың бiр бөлiгi, олай болса, ол - мәңгiлiк, барлығымен байланысты, бәрiне де тәуелдi, сонымен қатар, бәрi де оған тәуелдi.

Адамның жасампаздық-шығармашылық iстерi әсемдiктiң негiзiнде жұредi. Әсемдiк - рухтың мәдениетi, дүниенiң зерделi тәртiбi. Әсемдiк дегенiмiз - Ғарыштың өзi. Жалпы алғанда, ойшылдың эстетикалық, гуманистiк-өнегелiк идеялары осы уақытқа шейiн өзiнiң өзектiлiгiмен танылады.

Өзiндiк дайындыққа арналған сұрақтар:

1. Ресей тарихы мен рухани өмiрiне деген славянофильдердiң көзқарасы қандай болды?

2. Батысшыл бағыт ұстаған ойшылдар көзқарастарының ерекшелiгi

3. В.С.Соловьевтiң философиясының негiзгi ұғымы

4. В.С.Соловьевтiң танымдағы көрсеткен үш тәжiрибе тұрi

5. В.С.Соловьевтiң моральдық философиясындағы “ар-ұждан², “ұят², “пiр тұту² категорияларының бiр-бiрiнен айырмашылығы.

6. Л.И.Шестовтың экзистенциалдық философиясы.

7. А.Н.Бердяевтiң философиялық көзқарастары.

8. А.Н.Бердяевтiң философиясындағы ерiктiк мәселесi.

9. Орыс философиясындағы дiни антропологиялық ойлар (С.Н.Булгаков, С.Л.Франк, Н.О.Лосский).

10. Ғарыш философиясы ( К.Э.Циолковский, Н.Ф.Федоров, А.Л.Чижевскийұ)

11. В.И.Вернадскидiң “ноосфера² ұғымының ерекшелiгi.

12. Н.К. Рерихтiң мистикалық философиясы

 

Ұсынылатын негізгі оқулық әдебиеттер.

1.Кішібеков, Сыдықов Философия. Алматы 1994 ж.

2.С.К.Мырзалы Философия әлеміне саяхат. Қостанай. 2001 ж.

3.Ақназаров Философия тарихы бойынша дәрістер курсы. А.

4.Әбiшев К. Философия., Алматы, 2002.

5.Бердяев Н.А. Самопознание. М.,1991

6.Соловьев В.С. Оправдание добра. М.,1996

7. Хрестоматия по истории философии. От Нестора до Лосева., М., 1997

13 тақырып. Отандық философия

Қазақ руханиятының ерекшелiктерi

Көне гректердiң айтқанындай, философия дүниеге таңғалудан басталады. Ал оның өзi өмiрдегi күнбе-күн кездесетiн айқын да түсiнiктi құбылыстардан туындамайтыны баршаға мәлiм. Таңғалатын құбылыс сиқырлығы мен көпқырлығы, әсемдiлiгi мен орасан-зор күш-қуаты, я болмаса ерекше нәзiктiгiмен көрiнiп, адамның жан-дүниесiнде ерекше iз қалдырады.

Әрине, дүниеде таңғалатын нәрселер көп. Оған бiз жастық шағымызда тоймаймыз. Есейе келе, олардың көбi үйреншiктi нәрселерге айналып кетедi де, көп адамдар, өкiнiшке орай, сол ғажап қасиетiнен - дүниеге таңғалудан - айырылып қалып, өз руханиятын жүдетедi.

Философиялық деңгейге көтерiлсек, бұл дүниеде мәңгiлiк адам таңғалатын екi-ақ құбылыс бар. Оның бiрi - әлем, барлық, өмiр сүрiп жатқан Дүние болар болса, екiншiсi - өзiндiк сана-сезiмi, iшкi рухани өмiрi бар адам болмақ. Бiрiншiсi - құшаққа да, ой елiгiнiң ауқымына да симайтын шексiз де мәңгiлiк Әлем, Дүние, Ғарыш болатын болса, екiншiсi - ғарыштағы құбылыстармен салыстырғанда атом сияқты, бiрақ, өзiнiң нәзiк жан-дұниесi бар адам. Бiреуi - макрокосм, екiншiсi - микрокосм. Адам - кiшi әлем ретiнде ұлкен әлемге - Ғарышқа тең. Бұкiл ғарыштың барлық сиқыры мен талпынысы адамның табиғатында жиналған.

Мiне, философия, негiзiнен алғанда, осы екi құбылысты бiр-бiрiмен салыстырған кезде, адамның ғарыштағы орны мен рөлi жөнiнде ойланған кезде пайда болады. Ал, ол - саналы пенде - адамға тән нәрсе.

Сондықтан, көркемдеп айтсақ, осыдан мыңдаған жылдар бұрын өмiр сұрген белгiсiз тұрiк бабамыз алдындағы жатқан дүниеге таңғалып, сол жөнiнде алғашқы рет ойланып, ондағы адамның орны қандай екен деген сұрақты өз алдына қойған кезде - сол сәтте отандық философия бұлағының көзi ашылды десек те болады. Өйткенi, әрбiр халық өз тiлiнiң негiзiнде өзiне тән дүниесезiм мен дүниетанымын қалыптастырады. Олай болса, жер бетiнде өз тiлiнiң негiзiнде қанша халық өмiр сүрiп жатса, соншалықты дүниесезiм, дүниетаным, философия болады.

Әрине, жер бетiндегi адамзатты қоршаған орта бiр, табиғаттың барлық заңдылықтары да бiр, оларды зерттейтiн ғылымдағы жетiстiктер де барлық халықтарға ортақ. Айталық, немiс физикасы, американ биологиясы, орыс химиясы т.с.с. жоқ. Ал, философияға келер болсақ, мұндағы жағдай басқаша. Өйткенi, ол толығынан ғылым емес, ол - метафизика, оның қойған сұрақтарын бiрде-бiр жаратылыстану ғылымдары шеше алмайды, өйткенi, ол сұрақтар “физиканың әржағында² жатыр. Сондықтан, әр халық оларға өзiнше жауап бередi. Сол себептi бiз “немiс², “орыс², “қазақ философиясы² т.с.с. деп аузымызды толтырып айта аламыз.

Екiншi үлкен мәселе - қазақ философиясының дүниежүзiлiк философиядағы алатын орны қандай, жалпы алғанда, оның сол өз орны бар ма? Бiздiң философиялық ой-өрiстiң шеңберiнде қалыптасқан қандай рухани құндылықтарды бiз мақтан етiп басқа халықтарға ұсына аламыз? Ал, бұл сұрақтар бiздi отандық философияның differencia specifica, яғни өзiне тән ерекшелiктерiн iздеп табуға ұмтылдырады.

Қазақ халқының дүниесезiмi мен дүниетанымының ерекшелiктерi, әрине, ол өмiр сұрген табиғаттың, соған бейiмделiп қалыптасқан шаруашылық формаларының, өмiр салтының жұйелерiмен тығыз байланысты болса керек. Оған уақытында Ш.Уалиханов та көңiл аударған болатын. Расында да, қазақ елi Бразилия, я болмаса Франция емес.

Жоғарыда айтылған тұрғыдан бұл мәселеге көз жiберсек, онда бiздiң ата бабаларымыз таңдап алып өз Отанына айналдырған жерлер мал өсiруге лайықты, табиғаты қатал, суға тапшы, сонымен қатар өрiсi кең, малдың соңында көшiп-қонуға мол мұмкiншiлiгi бар кеңiстiкте орналасқан болатын. Ал табиғаты жұмсақ, суы мол жерлерде (мысалы, Сыр-Дария, Шу өзендерiнiң т.с.с. бойларында) халық жерге тұрақтанып, егiн егiп, қол өнерiн дамытып, қалалар тұрғызды. Оған мысал ретiнде «Жiбек жолы» бойында орналасқан Орта ғасырдағы қалаларды айтуға болады (Отырар, Жүйнек, Мерке, Құлан, Талғар, Алматы т.с.с.)

Негiзiнен алғанда, Жаңа дәуiрге - машиналық индустрия пайда болғанға дейiн - қазақ жерiндегi ең тиiмдi шаруашылық формасы көшпендi мал шаруашылығы болды. Сондықтан, бiздiң арғы бабаларымыз мыңдаған жылдардың шеңберiнде осы iспен айналысты. Ол, бiрiншiден, табиғатқа бас июдi, оған табынуды талап еттi - қазақ халқы басқа да Шығыс халықтары сияқты ешқашанда табиғаттың патшасы болу, оны өз еркiне сай етiп қайта өзгерту мақсатын өз алдына қойған жоқ. Сондықтан, ежелден қазақ халқының қазiргi тiлмен айтқанда экологиялық санасы биiк деңгейде болған;

Екiншiден, бiздiң бабаларымыз тұрақты бiр жерге байланбағандықтан ерiктi болып бас бостандығын қатты сыйлаған. Қазақ жерiнде ешқашанда құлдық болмаған;

Үшiншiден, негiзiнен алғанда, көшпендiлiк теңдiктi талап етедi, оған тән саяси формалар - соғыс демократиясы, әрi кеткенде - алғашқы феодалдық қатынастар, дамыған феодализм қазақ жерiнде ешқашанда болған жоқ, ол көшпендiлiк шаруашылық формасының табиғатынан шығады;

Төртiншiден, көшпендi халықтың арасындағы әлеуметтiк айырмашылықтар аз болғандықтан теңдiкке негiзделген әдiлеттiлiк құндылығы. Сондықтан да бүгiнгi таңда жұрiп жатқан қайта әлеуметтiк топталу - рестратификация - (аса байлар мен қатар кедей, қайыршылардың пайда болуы) адамдардың жан-дүниесiнде ауыр жарақаттар қалдыруда;

Бесiншiден, байлыққа жетуден гөрi ар-намысты жоғары ұстау -бұл да халықтың қанына терең сiңген құндылық болып табылады. Онымен тығыз байланысты бар нәрсегеқанағат етуде қазаққа тән нәрсе;

Алтыншыдан, ұжымдық мүдденi жеке мүддеден гөрi жоғары ұстау -ол да көшпендiлiк өмiр салтынан шығатын құндылық;

Жетiншiден, өне бойы көшiп-қону барысында әрқашанда неше-түрлi қиындықтарды, қауып-қатерлердi бастан кешуге тура келедi - ол ерлiктi, батырлықты қасиет етудi талап еттi. Сондықтан, беске келгенде жылқының жалында ойнап, 14-15-ке келгенде батырлықты армандап, бiздiң бабаларымыздың көбi 20-25-iнде елiн аман сақтау жолында өмiрлерiн қия бiлген. Ұлы Отан соғысында қазақ азаматтары осы ұлттық қасиеттi бұкiл әлемге айқын көрсеттi. Қазақ халқының дербестiгiн көтере алмай жүрген кейбiр арам пиғылды саясатқорлар оны бiлуi қажет;

Сегiзiншiден, көшпендiнiң өмiрi қысқа, өне бойы қауып-қатерлерден, соқтығыстардан тұрғаннан кейiн ол күнбе-күнгi өмiрдi бағалап өмiрден алудан гөрi болуды жаратқан. Әрбiр күндi той-думанға айналдыру, өзiн шешен сөзбен, даналықпен көрсете бiлу, неше-тұрлi сайыстарға қатысу, “бiр сырлы, сегiз қырлы болу» - бабаларымызға тән нәрселер болған;

Тоғызыншыдан, дүниеге, басқа халықтарға деген ашықтық, қиналғандарға риясыз қол ұшын беру - бұл да бiздiң халықтың керемет қасиеттерiнiң бiрi;

Оныншыдан, көшпендiлердiң негiзгi құндылықтарының бiрi - ата-ананы, үлкендердi сыйлауы;

Әрине, халықтың мыңдаған жылдар шеңберiнде бойына жыйнаған көп қадыр-қасиеттерiнiң iшiнен бiз негiзгiлерiн ғана көрсеттiк. Ендi келесi мәселеге - қазақ философиясының ерекшелiктерiне тоқталуға мұмкiншiлiк пайда болды.

Бiрiншiден, қазақ философиясында онтологиялық (болмыс) және гносеологиялық (дүниетаным) мәселелерден гөрi адам мәселесiне көбiрек көңiл бөлiнедi;

Екiншiден, адам мәселесi, қазiргi тiлмен айтқанда, көбiне экзистенциалдық тұрғыдан қаралады және ол көшпендiлiк өмiр салтын еске түсiрсек, түсiнiктi де болар;

Үшiншiден, Отандық философияда абстрактылы- теоретикалық жүйелер жасау өте сирек кездесетiн құбылыс - философиялық iзденiс адамның нақтылы өмiрдегi жұрiс-тұрысын сараптауға, яғни практикалық мәселелергекөбiрек көңiл бөлiнедi;

Төртiншiден, адам болмысының этикалық жақтарына, жақсылық пен жамандық, iзгiлiк пен зұлымдық, ар-намыс, абырой, т.с.с. категорияларға терең талдаулар жасалады;

Бесiншiден, қоғам өмiрiнiң негiзгi мәселесi ретiнде әрқашанда әлеуметтiк әдiлеттiлiкке көбiрек назар аударылады;

Алтыншыдан, Отандық философияны аксиологиялық философиядесек те болғаны, өйткенi, онда құндылық әлемiне зор көңiл бөлiнедi. Ендi мәселенi нақтылай тұсiп, Отандық философияның негiзгi сатыларына қысқаша көз жiберейiк.

Қазақ мифологиясы. Алғашқы философиялық түсiнiктер

Басқа халықтардың философиясы сияқты Отандық философия да өз қайнар көзiн көне аңыздар мен дастандар, ертегiлерден бастайды. Егер аңыздармен бай халықтарға үндi мен гректердi жатқызса, қазақ елi де олардан кем түспейтiн болар, өйткенi өне бойы көшiп-қонып жүрген халықтың бiр ғана байлығы болды - ол оның тiлi, бабалардан келе жатқан дәстүр, аңыз-хикаялар, нақыл сөздер. Олардың көбi жаңа ғана жарық көрiп, философиялық тұрғыдан талдануда.

Көне түрiктердiң түсiнiгi бойынша, бұл Дүние жоқтан пайда болған. Оны ұстаға ұқсайтын Жаратқан тудырды. Дұние негiзiнен жер, су, от, ауадантұрады. Ол неше-түрлi қайшылыққа толы : жер мен күн, өмiр мен өлiм, адам мен табиғат, бақ, құт пен зардап, жарық пен қараңғы, жылы мен суық т.с.с.

Аспанға көз жiберген ежелгi түрiк бабаларымыз оны Тәңiр, Жаратқан әлемiне жатқызған. Адамдар мен басқа тiршiлiк өмiр сүрiп жатқан дүние - ол Жер мен Су әлемi, ал өлгендердiң паналайтын орны - ол Жер асты әлемi. Бiлге қаған мен Күлтегiннiң құрметiне тасқа ойылып жазылған ескерткiште Дние былайша суреттеледi: “Биiкте көк Тәңiрi, төменде қара жер жаралғанда, екеуiнiң арасынан адам баласы жаратылған...»

Тәңiрге, Жер-Суға табынудың пайда болуы адамда әуелде қалыптасқан жағалай ортаға деген бiр жағынан тәуелдiлiк, табиғаттың стихиялық күштерiнен үрейлену, екiншi жағынан ризашылық сезiмдермен байланысты болса керек. Өйткенi, олардың түсiнiгiнше, бұл құдайлар қарапайым адамдарға қамқорлықпен қараған, ауыр кезеңдерде оларға балық пен жануарларды, жабайы өсiмдiктердiң жемiстерiн сыйлаған.

Сонымен қатар, көне түрiктердiң нанымында ерекше орынға ие болған әйел құдай - Ұмай болды . Ол үйдiң, шаңырақтың, ошақтың қамқоршысы, балалардың сүйеушiсi, содан кейiн өнердiң қолдаушысы болған. Ұмайға монғолдардың Этуген құдайы сәйкес келедi. Кейбiр ғалымдар Ұмайды ежелгi үндi құдайы Ұмамен салыстырады, ол да Ұмай сияқты мiндеттердi атқарған. Ұмай деген сөздiң өзi “бала орны», “ана iшi» сияқты ұғымдарға сай келедi. Тұқым тарату құдайы болып табылатын ұмай балалардың туылуында, олардың тағдырында аса маңызды рөл атқарады. Тувадағы Ұйық өзенiнiң бойынан табылған түрiк ескерткiшiнде былай деп жазылған: “20 жасымда мен елiммен, туыстарыммен, қаруыммен, ерлiк даңқыммен қоштастым. О, Ұмай ана! О, менiң сүрген өмiрiм! Мен сендердi тастап кетiп барамын, туыстарым.» Жас жiгiт майдан даласында өлiп бара жатып, өзiнiң соңғы осы өмiрдегi сәтiнде Ұмай анаға, шаңырақ қорғаушысына өзi өсiре алмаған кiшкене балалар алдындағы кiнәсiн, туысқандарының артқан үмiтiн ақтай алмағанын айтады. Мұның өзi туыстық байланыстардың, отбасының, ру мен тайпаның қадiр-қасиетiнiң зор маңыздылығын көрсетедi.

Аңшылар мен малшылар әлемiн әр қилы аңдар, жан-жануар, хайуанаттар жайлап, әр-тұрлi заттар мен өсiмдiктерге, жануарлар құдiретiне Тәңiрдей сыйыну елеулi орын алған. Түрiктер өзiнiң тотемi ретiнде әсiресе қасқырды ең жоғары орынға қойған. Бугуттағы жазу түрiктердiң шығу тегi жайлы аңыздан бастап, түрiк мемлекетiнiң 30 жылын сипаттауға мүмкiншiлiк бередi: үстiнде тұрған басты бөлiгi - қаған белгiсi - қасқырдың бейнесi арқылы берiлген. Бұл аңның тотемдiк сипаты өз көрiнiсiн тұрiк қағандарының патшалық рәмiздерiнен тапты - олардың туларында қасқырдың алтындаған басы бейнеленген. Ал олардың жеке қорғаушыларын “бөрiлер» деп атаған.

Бұл жануардың көне түрiктердiң негiзгi тотемiне айналу себебi - сол көшпендiлiк өмiр салтына байланысты болса керек, өйткенi, қасқыр жыртқыш аң ретiнде малшылардың баққан табынынан онша алыстамаған, үйiрдегi әлсiреген, ауру жануарларды қырып отырған, ал малшылардан аса сақтықты, қырағылықты талап еткен. Кiм бiледi, бiздiң арғы бабаларымыздың “сақ» деген өз атының өзi осындай себептермен байланысты болуы мүмкiн. Өзiнiң күнбе-күнгi өмiрiнде жиi кездесетiн аң болғаннан кейiн малшылар оның мiнез-құлқын терең зерттеп оның батылдығы мен қатар сақтығына, шыдамдылығына, айла-амалына, үйiрлiк өмiрiне т.с.с. қасиеттерiне қарап қайран қалып, соларды өз бойынан табуға тырысқан. Өзiнiң “қасқыр мiнездiлiгiнiң» арқасында қазақ халқы трагедияларға толы тарихында “мың өлiп, мың тiрiлсе» де көп көшпендiлер сияқты жойылып кетпей, мiне, бүгiнгi таңда өзiнiң дербестiгiне қолы жетiп, жаңа өмiрге ұмтылу үстiнде. Бүгiнгi таңдағы бiздiң қасқыр бейнесiн ысырып тастап “Орта Азиялық барысқа» елiктеуiмiз жоғарыда айтылған тұрғыдан қарағанда бiздiң жаңа өмiрге деген ұмтылысымыздың символы болса керек. Бiрақ барыс басы бiрiкпейтiн, қысқа қашықтыққа секiргенмен, алысқа шаба алмайтын жануар екенiн ұмытпағанымыз да жөн болар.

Ежелгi түрiктер жер не су, тау не орман болсын, табиғаттың әрбiр бөлшегiнде киелi күштер бар деп есептедi. Қазақтардың бұгiнгi күнге дейiн ағашқа, басқа да нәрсеге жыртыс байлауы, “киелi қасиеттi жер» деп санауы ислам дiнiнiң ғұрпына жатпайды, бұл сонау көне заманнан берi келе жатқан архаизмдер.

Ежелгi түрiктер үшiн қайырымды рухтар - ата-баба рухтары (аруақтар) болды. Оларға сыйынып, ақ мүйiздi, аша тұяқ сиырды, ақсарыбас қошқарды, ақ қойды және табынындағы алғашқы төл басын құрбандыққа шалды. Егер адам өлсе, оның аруағына арнап арнайы қырық күн от жағылды. Өлiктi жерлегенде онымен бiрге үй заттарын, тағамды бiрге жерледi т.с.с.

Қазақ халқының ұғымында аруаққа сену өте жоғары, қысылған кездерiнде әр уақыт аруақты шақырып, құрбандық шалып, сәтi түскен iс болса аруақтың көмегi деп бiлдi. Өлген ата-бабаларын түсiнде көрсе “аруақ қолдайды» деп жориды. Аруақтың басына барып түнейдi, оларға арнап мал шашып тiлек тiлейдi. Мысалы, “Шора батыр» поэмасында шешесi Шораның әкесiне: “түйеден - нар, жылқыдан - айғыр, сиырдан - бұқа, қойдан-қошқар алып бала тiлеуге барайық»,- дейдi. Қобланды және Алпамыс жырларында да олардың ата-аналары бала тiлеп “әулие қоймай қыдырып, етегiн шеңгел сыдырып» жүрген кезде Баба-түктi Шашты-Әзиз олардың тiлегiн орындайды.

Көне бабалар “киелi» және оған қарсы “кесiр» деген ұғымдарға өте жоғары маңыз берген. өздерiнiң жартылай көшпелi тұрмысындағы пайда келтiретiн әр-түрлi заттарға ерекше күш таңады.

Адамдар әдет-ғұрыптарды сақтап отырса, олардың басына байлық, бақыт орнап “құт» қонады. Ал, әдет-ғұрыптар сақталмаса, онда кедейлiкке ұшырап, қырсыққа шалдығады, яғни кесiрге айналады. Сонымен бiрге, “Қызыр» немесе “Қыдыр» деген қасиет үлкен орын алады. “Қыдыр дариды, бақ қонады, ақыл барлығына басшылық етедi»,- деген нақыл сөздердi осы уақытқа шейiн естуге болады. Ендi көне бабаларымыздың алғашқы философиялық тебiренiстерiне тоқталуға уақыт келген сияқты.

Қазақ топырағында қалыптасқан философиялық ойлардың құрамдас бөлiгi ретiнде, осыдан 2,5 мың жыл шамасында бұрын өмiр сүрiп, көне грек ой-өрiсiнде өзiнiң өшпес iзiн қалдырған Анахарсистi (Анарыс) айтуға болады. Тарих атасы Геродот Анарысты қара теңiздiң солтүстiк жағалауын жайлаған тайпалардан шыққаны жөнiнде айтады. Оның айтуына қарағанда, ол өнер-бiлiмге құмар, өз Отанының әдет-ғұрпын жетiк бiлген, дұниенiң сырын бiлмекке ұмтылған атақты адам болса керек. Бiздiң жыл санауымыздың бiрiншi ғасырында өмiр сүрiп, ел басқарған атақты Майқы-би бабамыз Анарыстың өсиеттерi деп ел билеудiң жолдарын айтып отырады екен деген аңыз халық жадында сақталған.

Диоген Лаэртий деген көне грек заманындағы атақты философия тарихшысы Анахарсистiң Афинадағы Солон патшаға алғашқы келiп танысып дос болғаны жөнiнде мынандай аңызды келтiредi. “Қиырдағы скиф қаласынан iлiм iздеп, ақыл-зердемдi сынатып қайту үшiн Солонға келiп тұрмын. Көңiлi қаласа - достыққа жараймын, пейiлi түссе - қонағы боламын,- деп Солонның қызметшiсiнен сәлем айтады. Сонда Солон: “Есi бар ер досты өз елiнен iздейдi»,- дептi. Анахарсис мүдiрместен: “Солон дәл қазiр өз Отанында. Ендеше, өз елiнiң төрiнде отырып нелiктен досына дос қоспасқа ,- деп жауап қайтарыпты. ұтымды айтылған сөздiң ойлы астарына риза болған Солон Анахарсистi құшақ жая қарсы алып, олар бiр-бiрiне дос болып кетiптi.

Грек философиясында Анахарсистi өздерiнiң дана жетi бабаларының бiреуi деп санайды. Олар артында үлкен кiтаптар қалдырмағанмен, өздерiнiң нақыл сөздерi арқылы даналыққа ие болды. Анахарсис “жұзiм шыбығы бiр шоқ ләззәт, содан кейiн мастық, соңында жеркенiштiк әкеледiұ,- деген екен. Бұл ғажап нақыл сөздiң iшкi сыры - әр нәрсенiң өлшемiн бiлiп сақтауда болса керек. Оған арнап гректердiң қойған ескерткiшiнде мынандай оның сөзi жазылған: “Тiлiң мен құлқыныңды, нәпсiңдi ауыздықтай бiл!ұ Бiрде Анахарсис “Адамның бойындағы ең жақсы және ең жаман нәрсе не ,- деген сұраққа - “Тiлұ,- деп жауап берiптi. Кезектi бiр пiкiрталас ұстiнде, iстiң барысын тыңдап отырып Анахарсис былай дептi: “Элладалықтар қызық осы: мұнда сөздi ақылдылар айтады да, мәселенi ақымақтар шешедiұ(мұның бұгiнгi бiзге де қатысы жоқ па екен?). “Элладада жарысқа өнерпаздар қатысады да, өнерсiз адамдар қазылар алқасында жұредiұ,- деген сөздi де Анахарсис айтқан екен. Оның ойынша, “адам мен адамның айырмашылығы - тiлi мен атақ-даңқында емес, - ақылында». «Қызғаныш пен қорқақтық - ең қасиетсiз сезiмдер». Грек елiнiң бiр азаматы, “сен жат елдiң тұқымысың»,- деп кемсiткенде, ол “Мен үшiн - елiм қайғы, ал сен - елiңе қайғысың»,- деген екен.

Анахарсис сол кезден бастап қалыптаса бастаған батыс менталитетiн, нарықтық қатынастарды сынға алады: “Саудагерлер халықты ашықтан-ашық алдап жатқанда қалайша өтiрiкке тиым салуға болады.

Әсiресе бiздi таңғалдыратын мәселе - Анахарсис ХХ ғ пайда болған экзистенциализм философиясында қойылған кейбiр мәселелердi сол кезде-ақ сезiнiп, тебiренген. “Кiмдер көп: өлiлер ме, әлде - тiрiлер ме ,- деген сұраққа, ол: “Теңiзде жүзiп келе жатқандарды кiмге жатқызуға болады?,- деген қарсы сұрақты қойыпты. Ол сұрақтың шын мәнi - адам өмiрiнiң нәзiктiгi, оның өне бойы өмiр мен өлiм арасында болуы,- ал мұның өзi экзистенциалдық философияның негiзгi мәселесiне жатады. Бiреулерден кеменiң тақтайының қалыңдығы төрт саусақтай екенiн бiлген Анахарсис: “кемешiлер өлiмнен төрт саусақтай қашықтықта жұзiп келе жатыр»,- деген екен. Мұндай ғажап ойлар мен адам кұтпейтiн салыстырмалар, әрине, Анахарсистiң өз заманының ғұламасы болғанын көрсетедi.

Анахарсис грек елiнен тәлiм-тәрбие алып өз елiне қайта оралып, сондағы игерген бiлiмiн өз елiне қолдануға тырысады. Бiрақ, оның реформаторлық идеялары қалың бұқараның қолдауын таппай, ақырында оны көре алмаған бiреудiң қанды жебесiнен қазаға ұшырайды. Соңғы демi үзiлерде ол: “Эллада жерiнде менi ақылым қорғап едi, өз елiмде қызғаныштың құрбаны болдымұ,- деген екен.

Философиялық ой-пiкiр бүкiл дүниежүзiлiк деңгейде б.з.д. VII-V ғғ пайда бола бастаған кезде, бiздiң бабаларымыз да аса кемеңгер дана тұлғаны - Анарысты тудырды. Олай болса, бiз сол заманнан берi бүкiл дүниежүзiлiк рухани көштен қалмай тарихи халықтардың арасында өз орнымызды алдық. Оны бiз әрқашанда мақтан етуiмiз керек.

Орта ғасырдағы Отандық философия

Жоғарыда айтып өткенiмiздей, бiздiң бабалар көшпендiлiк мал шаруашылығымен қатар “Жiбек жолы» мен Сыр-Дарьяның т.б. өзен-сулардың бойында қалалар орнатып, егiн егiп, қол өнердi дамытып, сауда-саттықпен айналысқан. Сонымен қатар, әрине, мәдениет пен философия да биiк деңгейге көтерiлген.

Орта ғасырдағы Отандық философияның айқын жұлдызы - ол Аристотельден кейiнгi “Екiншi ұстаз» аталған дана бабамыз әл-Фараби. Бiз оның шығармашылық жолын “Араб философиясына» арналған тарауда талдаған болатынбыз, өйткенi ол түрiктер мен қатар арабтардың да рухани атасы болып табылады. Сонымен қатар, Орта ғасырларда басқа да көрнектi тұлғалар өмiр сұрiп өздерiнiң тамаша ойларын халыққа сыйлаған.

Орта ғасырлардағы Отандық философияның бастауын ғалымдар УIII ғ өмiр сүрген Қорқыт атаның шығармашылық жолына апарып тiрейдi және ол заңды да. Тарихи деректер мен халық шежiресi бойынша, Қорқыт - УIII ғ Сыр бойында өмiр сүрген батыр, атақты ақын, асқан кұйшi, қобызшы, аңыз кейiпкерi. “Қорқыт ата кiтабы»- түркi тектес халықтардың ежелгi тарихын, өмiр салтын, әдет-ғұрпын, ақындық дәстүрiн танытатын эпикалық-тарихи мұра. Оның iшiнде 12 тұрлi дастан бар және оның әрқайсысы өзiнше аяқталған шығарма. Бұл шығармалардың тұп-тамыры, шамасы, сонау көне замандарда пайда болған мифологияға кетедi, сондықтан, олардың құндылығы да, мiне, осында. Мысалы, Дерсе хан жөнiндегi аңызда әйелiнiң кеңесi бойынша, хан қарапайым халыққа садақа ұлестiрiп, ата-бабасының аруағына сиынып, тәңiрден бала тiлеп алады. Ол бала дәу бұқаны жұдырықпен ұрып-жыққаны ұшiн Бұқаш аталып кетедi. Мұндай желiс қазақ дастандарында көп кездеседi. Батырлар “әулиеге ат атап, қорасанға қой атап»ата-бабалар қабiрiне түнеп, көп тiлектерден кейiн барып туылады. Осылайша өмiрге келген балалар өсе келе ел-жұртының қорғаны, қамқоршысы болып шығады. (Ертөстiк, Алпамыс, қобыланды т.с.с.)

“Қорқыт ата кiтабындағы» Төбекөз (қазақ, қырғызда “Жалғыз көздi дәу» ертегiсiнде кездеседi) өзiнiң iс-әрекетi, ой-мақсаты, қатыгездiгi жағынан “Одиссей» жырының үрейлi кейiпкерiн еске түсiртедi.

Кiтаптың бесiншi тарауындағы “Тоқа баласы Ержүрек Домрул туралы жырда» ажалмен күресу, өлместiк мәселесi талданады.

Жалпы алғанда, “Қорқыт ата кiтабындағы» көтерiлген


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
 | Мiтiн жоймас адамзат ! 1 страница

Дата добавления: 2014-03-19; просмотров: 661; Нарушение авторских прав




Мы поможем в написании ваших работ!
lektsiopedia.org - Лекциопедия - 2013 год. | Страница сгенерирована за: 0.016 сек.