Студопедия

Главная страница Случайная лекция


Мы поможем в написании ваших работ!

Порталы:

БиологияВойнаГеографияИнформатикаИскусствоИсторияКультураЛингвистикаМатематикаМедицинаОхрана трудаПолитикаПравоПсихологияРелигияТехникаФизикаФилософияЭкономика



Мы поможем в написании ваших работ!




Мiтiн жоймас адамзат ! 1 страница

Читайте также:
  1. Введение 1 страница
  2. Введение 10 страница
  3. Введение 2 страница
  4. Введение 3 страница
  5. Введение 4 страница
  6. Введение 5 страница
  7. Введение 6 страница
  8. Введение 7 страница
  9. Введение 8 страница
  10. Введение 9 страница

Жақындап ажал тұрса да,

Жаныңа қылыш ұрса да,

...өмiрге тоймас адамзат !,- деп қорытады ойшыл. Бұқар жырау өзiнiң нақыл сөздерiмен, терең де әсем жырларымен “халық атасы» дәрежесiне көтерiлген ғұламалардың қатарында қала бермек.

ХУIII ғ қазақ халқының ой-өрiсiне жыраулармен қатар өзiнiң үлесiн қосқан дана “қара қылды қақ жарған» билер болды. Атақты Қазыбек, Әйтеке мен Төле билердi қазақ халқы өз жадында сақтап, олардың қазақ халқының мемлекеттiгiне қосқан үлесiн ешқашақ есiнен шығармаған. Сол заманда өмiр сүрген Жаңыл ақын:

“Төле би, ер Қазыбек, тiлдi Әйтеке

Асқартау - Қазықұрттай бiлiмдi едi,

Бiрi күн, бiрi туған айдай болып,

Заманға сәйкесiмен келiп едi»,- деген екен.

Қазiргi тiлмен айтсақ, бұл билердiң шешiмдерi адамдардың “табиғи құқтарына», олардың бiр-бiрiне деген теңдiгi мен ерiктiгiне негiзделген болатын. Сонымен қатар, олардың өмiр, адамдардың қарым-қатынастары жөнiнде айтқан талай-талай нақыл сөздерi осы күнге шейiн бiздi таңғалдырады, олардың әрбiреуi үлкен кiтапқа пара-пар. Мысалы, әйгiлi батыр Шақшақ Жәнiбек Төле биден ақыл сұрауға келгенде, соңғының айтқаны:

“ - Өгiздi өрге салма, қанатың талар,

Наданға көзiңдi салма, сағың сынар,

Досыңа өтiрiк айтпа, сенiмiң кетер,

Дұшпаныңа сырыңды айтпа, түбiңе жетер.

...Тұмау түбi құрт болар,

Тұман түбi жұт болар.

Ақылдың түбi құт болар.

Елге бай емес, би - құт...»,- деген екен. қандай асыл, әрбiр адамға керек сөздер! Төле бидiң мына айтқан ақылы қазiргi мемлекет басында жұргендердiң бiршамасына әдейi жазылған сияқты:

“Лауазымың өссе зорайып,

Адалдықты тұншықтырсаң сол айып,

Елдi билеп өскенiңнен не пайда,

Рахатыңды көрмесе,

Ағайын мен халайық!

Көпшiл болған ер дана,

Достары болар әр сала.

Өнерлiден ұлгi алып,

Салдырар сәндi мол қала...»

Ақтабан-шұбырындыдан кейiн халық тағдырын терең ойлаған Төле би көшпендiлiк өмiр салтының тарихи сарқылысқа түскенiн айқын сезiнедi. Сондықтан, ол халықты жерге тұрақтату саясатын алғашқы бастаған тұлға десек артық айтпаған болармыз:

“Шығарсам арық қазып Сырдан бойлап,

Ел болсақ отырысты болар едi-ау,

Қыстасақ Алатауды жазда жайлап,

Бiржағымызқалалы диқан болсақ,

Көшпелi, бiр жағымыз бие байлап,

Елдерденқатаржатқанүлгi алайық,

Болашақ келер ұрпақ қамын ойлап»,-деген даналық ойлар айтады. Алайда, әлсiреген халық көшпендiлiктiң шеңберiнен өз iшкi күшiмен шыға алмады - оған “ұлы мәртебелi Тарих» та уақыт бермедi - тек Ресей империясының құрамына кiрiп, сан-қилы қиындықтардан өтiп барып, оның бүгiнгi Егемендiкке қолы жеттi. Сондықтан, әрбiр саналы жас өзiн қазақ халқының бейбiт бақытты өмiрiн арман еткен бабаларының өсиетiн жадында сақтап, Елдi қорғауға, оның бiрлiгi мен iргетасын нығайтуға белсендi ат салысуы қажет. Ол үшiн ең алдымен терең де сапалы бiлiм алып, оны шынайы өмiрде пайдалану жолдарын игерген жөн сияқты.

ХIХ ғ ағартушылық философия

Қазақ халқының тарихындағы ХIХ ғ келер болсақ, Ресей империясының бодандығына өткен елде, сол алып мемлекеттiң шеңберiнде жаңаша, негiзiнен, жерде отырып өмiр сұру жолдарына икемделу, осы кұрделi де қиын жағдайда халықтың өзiн-өзi сақтап қалу мәселесi өмiрдiң алғышарттары ретiнде тарихи сахнаға шығады. Халықтың тарихында бұрынғы-соңды болмаған мұндай өткiр бетбұрыс философия саласында ағартушылық ағымды тудырады.

Бұл арада айтып кететiн нәрсе - әрбiр халық өзiнiң өмiрiнiң шешушi кезеңдерiнде Тарихтың қойған жаңа Талаптарына сәйкес Жауап қайтаруы керек. Ол үшiн ескi құндылықтар жұйесiн өзгертiп Дүниеге деген жаңа көзқарас еңгiзу қажет. Мұндай күрделi iстi зиялылар қауымының алдыңғы қатарлы өкiлдерi жасап, халықтың сана-сезiмiн өзгертуге тырысады - оны бiз ағартушылық саты деп атаймыз. Ондай кезең барлық елдерде уақытында болған.

Отандық ағартушылықтың негiзгi ерекшелiктерiнiң бiрi - рулық, одан әрi асса - ерте феодалдық қарым-қатынастағы, көшпендiлiк өмiр салтын ұстаған халықты жаңа әлеуметтiк-экономикалық, саяси-құқтық жағдайда,болуы мұмкiн апаттан аман сақтап қалып, оның сана сезiмiне жаңа құндылықтарды еңгiзу арқылы оны жерге тұрақтандыру болды. ґйткенi, көшпендiлiк өмiр салтының негiзгi факторы - жер көлемi - кедейленген орыс шаруаларын қазақ жерiне әкелiп отырғызу саясатының негiзiнде - жылдан жылға қысқара басталды. Ал мұның өзi кұйзелiсте тұрған көшпендiлiк мал шаруашылығын толығынан кұйретiп - елде аштық пен қатар мыңдаған жылдар бойы созылып келген өмiр салты, әдет-ғұрып құндылықтары адамдардың жан-дұниесiнен ажыратыла басталды. Бұл бiздiң ата-бабаларымыздың мыңдаған жылдардағы тарихында болмаған “зар заманды» тудырып, адамдар өз өмiрiнiң мән-мағнасын жоғалтып, қазiргi тiлмен айтқанда, экзистенциалдық вакуумге келiп тiрелдi. Халықтың өзiн-өзi жоғалту қаупы туды. Мұндай ақуалда көп жыраулар бұрынғы өткен өмiрдi көкседi (қазiргi кеңес қоғамын көксеп жұрген кейбiр саясаткерлер сияқты).

Алайда, Тарих өткен жолдарын қайталамайды, сондықтан, өткендi көксеу - тарихи тұйықтыққа әкелiп тiрейдi. Мұны тұсiнген халық ағартушыларыШоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Кұнанбаев секiлдi ұлы тұлғалар халықты жаңа өмiрге баулып, оны сауаттықты ашуға, бiлiмге, еңбекқорлыққа, белсендi өмiр салтына, жасампаздыққашақырды.

Қазақ даласындағы ағартушылық көшiн бастаған аса дарынды ұлы тұлғаШоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865 ж.ж.)болды. Өзiнiң қысқа өмiрiнiң шеңберiнде ол өте көп iстердi тындырып, тек қана қазақ халқының өткен тарихын, әдет-ғұрпын, жалпы руханиятын зерттеп қана қоймай, сонымен қатар, сол кездегi нақтылы өмiршеңдi мәселерге ат салысып, қалың бұқараның мүдделерiн аса батылдықпен қорғап, соның жолында “аққан жұлдыздай», өкiнiшке орай, ерте жанып кеттi.

Шоқанның онтологиялық (болмыстық) көзқарастарына келер болсақ, ол күнбе-күнгi адамның тәжiрибесiнен шығатын, сол кездегi жаратылыстану ғылымдарына сүйенетiн материалистiк бағытта болды. Оның тiкелей болмыс жөнiндегi еңбектерi болмағанмен, оны бiз Шоқанның қазақтардың шамандық (бақсылық) өмiрсезiмiн талдауынан байқаймыз. Шамандықты көшпендiлердiң алғашқы көне дiнi ретiнде қарап, ойшыл Табиғаттың сиқырлы да үрейлi күштерiнiң осы дiнде бейнеленгенi жөнiнде айтады. Яғни, Табиғат бiрiншi де, адамның өзi сол табиғаттың төл туындысы болғаннан кейiн өзiнiң сана-сезiмiнде жағалай ортаны дұрыс, я болмаса қияли бейнелейдi.

Ендi ойшылдың әлеуметтiк болмыс жөнiндегi көзқарастарына келер болсақ, ол “географиялық детерминизм» бағытын ұстағанын байқаймыз. қоғамның дамуына жағалай қоршаған ортаның жазықтығы, я болмаса, тау-тастығы, ауа-райы, жер құнарлығы т.с.с. факторлары жатады. Сондықтан, шегi жоқ жазық дала мал баққан көшпендiнiң енжарлығын, ерiншектiгiн т.с.с. қасиеттерiн қалыптастырса, тау мен тасқа толы, сарқырап аққан каһарлы өзен-сулары бар, неше-түрлi қауыпқа толы аймақтар, керiсiнше, адамның жинақтылығын талап етедi. Мұндай көзқарас Батыс Еуропадағы француз ағартушыларының ойларына сай келедi - мұның өзi ойшылдың тек Орыс ғалымдарымен ғана емес, сонымен қатар Батыс философиясымен де таныс болғанын дәлелдей келе, оның өз заманының ой-өрiсiнен қалмағанын көрсетедi.

Олай болмақ түгiл, ол бүгiнгi таңдағы мәселелердi тереңiрек түсiнуге көмектеседi. Мысалы, реформалардың басында ауыл шаруашылығындағы iрi ұжымдық мекемелердi жойып, олардың орнына жеке шаруашылық қожалықтарын орнату саясаты жұргiзiлдi. әрине, мұндай саясатта елдiң географиялық ерекшелiктерi ескерiлген жоқ. қазақстан АқШ, я болмаса, Бразилия, немесе Франция емес. Ендi бұгiнгi таңда ғана бiз жiберген қателiктерiмiздi байқап талдап жатырмыз. Сонау көне заманнан бастап Жаңа дәуiрге дейiн елдiң сайын даласында тек қана көшпендi мал шаруашылығы ең тиiмдi шаруашылық формасы болғанын Шоқаннан кейiнгi бiзге де мойындауға тура келедi. Тек қана индустриалық-машиналық өндiрiс пайда болып, өндiргiш күштер зор даму қарқынын алған кезден бастап қана солтүстiк және орталық өңiрлерде жерге тұрақтану мүмкiншiлiгi пайда болып, сол кезден бастап қазақ жерлерiне басқа мемлекеттердiң “қызығушылығы» пайда бола бастады.

Шоқан Уәлихановтың әлеуметтiк-саяси, құқтық көзқарастарына келер болсақ, ойшыл жан-тәнiмен халықтың қамын ойлап, “әдiлеттi басқару» жүйесi арқылы “парасатты реформалардың» негiзiнде халықтың хал-ақуалын өзгертуге болатынына сендi және оны жақындату үшiн барлық күш-жiгерiн салды. Ол 1862 ж. Атбасар аймағының сұлтан-басқарушы лауазымын жеңiп алу үшiн сайлауға түсiп жеңгенмен, Патша үкiметi оны бұл орынға бекiтпей қойды. Одан кейiн Шоқан “Сот реформалары жөнiндегi жазбалар» атты өзiнiң ғылыми еңбегiн жазады. Осы кездегi Ресей мемлекетiнде буржуазиялық-демократиялық реформалар қомақты орын алып жүрiп жатқанымен “азиаттық деспотия», пара алу, заңды бұзу, қарапайым адамның ар-намысын аяққа басу т.с.с. кертартпалықтар бұрынғыдай болып жатты. Сондықтан, Шоқан Ресей мемлекетiнiң құқтығына зор күмән келтiредi. Құқтық мемлекетте заңдардың үстемдiгi әрқашанда сақталуы қажет - оны ешкiмнiң де аттап өтуiне құқы жоқ. Заңдар бұзылған жағдайда жаза әдiл сот арқылы берiлуi керек,- деп қорытады ойшыл.

Шоқан Патша үкiметiнiң Ресей сот институтын өзгертпеген, бейiмделмеген түрде қазақ қоғамының өмiрiне еңгiзуiне үзiлдi-кесiлдi қарсы шығып, оның негiзсiздiгiн көрсетедi. Ресей заңдары қазақ қоғамындағы әлеуметтiк қатынастардың ерекшелiктерiн, халықтың тарихи қалыптасқан құқтық көзқарастарын ескермейдi. Шоқанның ойынша, таяу болашақта қазақ даласында ұйреншiктi, халық алдында абыройы бар билер сотын қалдыра тұру қажет.

Ш.Уәлиханов қазақ халқының рухани өмiрiн зерттеуге де қомақты үлес қосты. Оның даналығы - болашақтағы халықтың рухани жаңаруындағы тарихи қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа жеткен жыр-дастандардың, аңыздардың, т.с.с. халық туындыларының маңыздылығын ұғып, олардың әр-тұрлi тұп-нұсқаларын қағазға түсiрiп, болашақ ұрпақтарға қалдыру болды. Солардың iшiнде “Қозы Көрпеш - Баян Сұлу», “Едiге», “Ер Қосай», “Ер Көкше» сияқты жырлар бар. Туысқан қырғыз халқының аса көрнектi туындысы - “Манасты» да алғаш рет қағазға түсiрiп, оны орыс мәдениет зерттеушiлерiне көрсеткен де Ш.Уәлиханов болды. Егер бiз орыс ұлы ойшылы А.Ф.Лосевтың - қайсы бiр халықтың мәдениетiнiң биiктiгi мен шоқтығы оның тарихи тудырған аңыздары мен жыр-дастандарының байлығына байланысты,- деген пiкiрiне құлақ түрсек, Шоқанның бұл еңбегiн асыра бағалау өте қиын жұмыс болар. Осы ойларға сәйкес, бiз қазақ халқының мәдениетiнiң әлi талай-талай шыңдарға жететiнiне күмәнiмiз жоқ, өйткенi оның iргетасы мықты - ғажап iнжу-маржандармен безенген, мыңдаған жылдарды артына тастап, бiздiң өмiрiмiзге дейiн жеткен - халық мифологиясы. Ол қазiргi қазақ тiлi мен мәдениетiне ерекше өзiндiк сипат беретiн сарқылмайтын бұлақ, рухани тiрек.

Ш.Уәлиханов халықтың дiни өмiрiн де терең зерттеп, оны ағарту жолында көп еңбек етедi. Ол шамандықты (бақсылықты) көшпендiлердiң Табиғатқа табыну жолында тудырған дүниесезiмi ретiнде қарайды. Бұл iзденiс жолында халық осы Дүниенi жаратқан “Тәңiрдi», адамдарды әрқашанда қолдап отыратын бабалардың рухы - “аруақты» табады. Ислам дiнiнiң Орта Азия мен қазақстанға тарауы көшпендiлердiң рухани өмiрiнiң өзгеруiне әкелгенiн айтады. Дегенмен де, қазақ дұниесезiмiнде ислам қағидалары шамандықпен араласып, бiр жағынан, Аллаға тағзым етумен қатар, екiншi жағынан отқа табынумен жалғасып жатты,- деп қорытады ойшыл.

Жалпы алғанда, ойшыл ислам дiнiне терiс көзбен қарайды - молдалар халықты қараңғылық пен надандықтың шырмауынан шығармайды, сол кездегi қазақ жерiндегi мешiттердiң көп салынуына алаңдаушылықпен қарап, оларды халықты бодандаудың бiр құралы ретiнде қарайды.

Мұмкiн, бұл жаңа бодандық жағдайдағы халықтың өзiн-өзi сақтап қалу шараларының бiрi болуы да ғажап емес - бiрақ, Шоқан ондай ойға келген жоқ-ты. Дегенмен, оның кейбiр терең ойлары бұгiнгi таңдағы дiни салада болып жатқан кұрделi өзгерiстердi, соның iшiнде мистицизм, дiни фанатизм және экстремизм сияқты келеңсiз құбылыстарды сараптауға көмектеседi.

Ағартушылық ағымының көрнектi өкiлi Ыбырай Алтынсарин (1841-1889 ж.ж.) халықты аман сақтап қалудың, жаңа қалыптасып жатқан ақуалға сай келуiнiң бiрден-бiр жолы - оның сауаттығын арттыру, бiлiмiн жетiлдiру, орыс мәдениетi мен тiлiн игеру деп есептедi. Сондықтан, ол өзiнiң барлық күш-жiгерiн жаңа мектептер ашуға, балаларға арналған қызықты оқулықтар жазуға жұмсады.

Өзiнiң Дұниеге деген көзқарастарында ол дiни бағытта болып құдайды мойындағанымен, дiни фанатизмге қарсы шығып, шала-сауатты қазан мен Бухарадан келген молдалардың халыққа тигiзетiн терiс әсерлерiн әшкерлейдi. “Кел, балалар, оқылық !», «Жаз», “Өзен» т.с.с. оның өлеңдерi осы күнге дейiн өзiнiң эстетикалық әсемдiгi, гуманистiк идеялары, тәрбиелiк мүмкiндiктерiмен бiлiм беру саласындағы жас ұрпаққа оң әсерiн тигiзуде.

Ағартушылық философиясының аса алып тұлғасы Абай Құнанбайұлы (1845-1904 ж.ж.) - тек қазақ халқы емес, сонымен қатар бүкiл дұниежүзiлiк руханиятта өзiнiң өшпес iзiн қалдырған ұлы ғұлама. 1995 ж. ЮНЕСКО тарапынан ұлы ойшылдың 150 жылдығы бұкiл адамзат көлемiнде атап өтiлiп, қазақ халқының мерейiн биiк шыңға көтердi. Абайтану бүгiнгi таңда тек қана қазақ зиялыларының үлесiнде ғана емес, сонымен қатар, бүкiл дүниежүзiлiк құбылысқа айналды. Соңғы кезде бiрталай мәндi де терең зерттеулер жарық көрiп, қазақ халқының руханиятының дамуына өз үлесiн қосты. Бiздiң ойымызша, “Абайтану» саласының мерзiмдi түрде шығып тұратын өз журналының да шығуына көп уақыт қалмаған сияқты. Өйткенi, бiз әрi қарай дербес мемлекет ретiнде дамыған сайын Абайдың айтқан терең ойларымен сусындап, өз өмiрiмiзде дұрыс бағыт ұстауға мұмкiндiк аламыз.

Әрине, шағын оқулықта Абайдан қалған мұраны жан-жақты сараптау мұмкiн емес. Сондықтан, бiз Абайдың бүгiнгi күндегi көкейкестi мәселелермен байланысты ойларына көбiрек көңiл бөлсек деймiз. қосымша әдебиеттi талантты оқырман қиындық көрмей-ақ бұгiнгi кiтапханалардан табады. Осы орайда бiз белгiлi Абайтанушы проф. Ғ.Есiмнiң еңбектерiн ерекше ұсынар едiк.

Абай еуропалық мағнада айтылатын классикалық бiлiм алған жоқ (университеттерде оқыған жоқ). Бiрақ, өзiнiң iшкi жалыны, дұниенi, өмiрдi тануға деген зор iңкәрi мен шабытының арқасында, ол араб, парсы, орыс тiлдерi мен мәдениетiн терең игерiп, өзiнiң дұниеге деген көзқарасында олардың негiзгi нәтижелерiн қазақ руханиятымен бiрiктiре бiлдi. Абайдың шығармашылық еңбегi жан-жақты универсализмдiгiмен таңғалдырады : ол - ақын, сазгер, философ, аудармашы, құқтанушы, саясаткер. Уақытында М.Дулатов айтқандай “Зәредей шүбә етпеймiз, Абайдың өлген күнiнен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз. үнемi бұл кұйде тұрмас, халық ағарар, өнер-бiлiмге қанар, сол күндерде Абай құрметi кұннен кұнге артыларұ. Мiне, бүгiн сол күндер келдi, ал жастарға қойылатын талап - ұлы Абайды мұқият зерттеп өз жан-дүниесiне сiңiру болмақ. Ол бiздiң хакiм-ата алдындағы парызымыз.

Абайдың онтологиялық (болмыстық) көзқарастарына келер болсақ, онығажап та терең, өзiнiң ерекшелiгi мен маңыздылығын ешқашанда жоймайтын дiннiң шеңберiндегi философиялық антропология деп бағалауға болатын сияқты. Жаратқан, Дұние, Адам - мiне, осы үш категория Абай философиясының iргетасын құрайды. Абай өз философиясының осы негiздерiн өзiнiң 38-шi қара сөзiнде егжей-тегжей талдайды. Дұние Жаратқанның құдiреттi күшi арқылы пайда болып өмiр сүрiп жатыр және онда белгiлi бiр заңдылықтар, мақсатқа лайықтылық бар - соңғылардың негiзi - Ғылымда.Жаратқанның үшiншi сипаты - Хаят,яғни Тiршiлiк(қараңыз: Абай. Алматы. Ел.,1993, 84 б.) . Мұның сыртында Абай тағы Алланың 5 сипатын көрсетедi, бiрақ олар жоғарыда көрсетiлген негiзгi 3 сипатты нақтылайтын, тұсiндiретiн құндылықтар. Олар: Басар (қырағылық), Сәмiг (сергектiк), Ирада (қалау), Кәлам (сөз), Тәкин (жасампаздық, барлыққа келтiрушi).

Ендi Абайдың Философиялық антропологиясына келер болсақ, жаратылған адамның ақыл-ойы, күш-қуаты бар, ал ол Алланың ғылыми-құдiреттiлiгiнен шығатын қасиеттер. Бұл арада ұлы Абай Рақымшылдыққа аса көп көңiл бөледi. Ол да Алланың 8 сипаттарына кiрмесе де Оның негiзгi қасиеттерiнiң бiрi, себебi оның аттары Рахман (Жарылқаушы), Рахим (Мейiрiмдi), Ғафур (Кешiрушi), Уадуд (Сұюшi), Хафиз (қорғаушы), Сәттар (Айыпты жабушы), Разақ (Ырыздық берушi), Нафиг (Пайда берушi), Уәкил (ґкiл), Латиф ( Iлтипатты) - бәрi де Рақымшылдықты көрсетедi (қараңыз: Абай. Алматы., Ел., 1993, 86 б.) .

Абай адамның ерекше пәнде ретiнде жаратылғанын ескертедi : “Адам баласынан махшарда (о дұниеде,- С.М.) сұрау беретұғын қылып, жаратқандығында һәм ғадаләт, һәм махаббат бар» (аталған әдебиет, 87 б.). Дүниедегi өлi табиғат, тiршiлiк болсын - бәрi де адам үшiн жаратылған : “...Жер мақтасын, кендiрiн, жемiсiн, кенiн, гүлдер гүлiн, құстар жүнiн, етiн, жұмыртқасын; хайуандар: етiн, сүтiн, күшiн, көркiн, терiсiн; сулар: балығын, балықтар икрасын, хатта ара балын, балаузын, құрт жiбегiн -һәммасы адам баласының пайдасына жасалып, ешбiрiнде, бұл менiкi дерлiк бiр нәрсе жоқ, бәрi - адам баласына таусылмас азық» (аталған әдебиет, 88 б.),- деп қорытады ұлы ойшыл. Ал мұның бәрi де Алла-тағаланың адамға деген сүйiспеншiлiгiн көрсетедi, олай болса, адам да Жаратқанды барлық жан-тәнiмен сүюi керек,- сонда ғана ол өз өмiрiнiң мән-мағнасын табады.

Сонымен, адам - Ғарыштың өзегi, ерекше пәнде. Бiрақ, соған қарамастан, ол шектеулi, өлшемдi, ал Алла-тағала өлшеусiз, шексiз. Сондықтан, “бiз Алла тағаланы өзiнiң бiлiнгенi қадар ғана бiлемiз, болмаса түгел бiлмекке мүмкiн емес... өлшеулi бiрлән өлшеусiздi бiлуге болмайды» (аталған әдебиет, 83 б.). Бiз бұл арада Абай ойының сол кездегi Еуропа топырағындағы ағартушылардан анағұрлым терең екенiн байқаймыз: әңгiме дүниенiң бәрiн қайта өзгертуде емес, ол тәкәппарлыққа, құдаймен теңесуге деген адам iңкәрiн туғызып, оны шайтан жолына түсiредi. Сондықтан, Абай:

“Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де - бiр кiрпiш дүниеге,

Тетiгiн тап та, бар қалан!,- деген ұран тастайды.

Абай - Жаңа дәуiрдiң перзентi. Сондықтан, ол Орта ғасырлардағы ойшылдардың аскеттiк философиясын қабылдамайды. Оның ойынша, егер барлық адамдар тариқат жолына түсiп, материалдық дүниеден бас тартса, онда “дүние ойран» болар едi. “Бұлай болғанда малды кiм бағады, дұшпанды кiм тоқтатады, киiмдi кiм тоқиды, астықты кiм егедi, дүниедегi Алланың пенделерi үшiн жаратқан қазыналарын кiм iздейдi (аталған әдебиет, 92 б.),- деген сұрақ қойып, ойшыл оны құдай алдындағы күнә ретiнде қарайды. Алла-тағала дұниенi адамға “рахатын көрмегiне бола жаратқан», қазiрет Ғосман, Ғабдурахман ибн Ғауф, Сагид ибн Абдукас сияқты Пайғамбардың жақындары да өз байлықтарымен даңқты болған.


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дiни экзистенциализм мен антропология | Мiтiн жоймас адамзат ! 2 страница

Дата добавления: 2014-03-19; просмотров: 482; Нарушение авторских прав




Мы поможем в написании ваших работ!
lektsiopedia.org - Лекциопедия - 2013 год. | Страница сгенерирована за: 0.005 сек.