Студопедия

Главная страница Случайная лекция


Мы поможем в написании ваших работ!

Порталы:

БиологияВойнаГеографияИнформатикаИскусствоИсторияКультураЛингвистикаМатематикаМедицинаОхрана трудаПолитикаПравоПсихологияРелигияТехникаФизикаФилософияЭкономика



Мы поможем в написании ваших работ!




Мiтiн жоймас адамзат ! 2 страница

Читайте также:
  1. Введение 1 страница
  2. Введение 10 страница
  3. Введение 2 страница
  4. Введение 3 страница
  5. Введение 4 страница
  6. Введение 5 страница
  7. Введение 6 страница
  8. Введение 7 страница
  9. Введение 8 страница
  10. Введение 9 страница

Алайда, байлықтың да байлығы болады. Кейбiреулер мал жинау, мүлкiн көбейту арқылы басқалардан озып, өзiн биiкке көтерiп, дандайсып кетедi. Екiншiлер кем-тарларға көмектесу, өзiн өзгелерден тәуелдi еткiсi келмес үшiн баюға тырысады. Соңғы жолды құдай қалайды. Нағыз адамға тән биiктеу - ол рухани самғау. Адамның абыройы оның сыртқы әсем киiмi мен жұрiс-тұрысында емес, оның iшкi таза ниетiнде,сол арқылы ғана бiздi құдай таниды. Руханияты биiк адам өмiрде кездесетiн өрескел қиын жағдайлардың өзiнде өз абыройын жоғалтпайды. Адамның өз-өзiн мадақтауы, басқа адамдарды төмендетуге тырысуы - оның тайыздығын көрсетедi. Абайдың бұл ойлары қазiргi қоғамдағы болып жатқан өзгерiстердi дұрыс тұсiнуге мұмкiндiк бередi.

Бүгiнгi таңдағы нарықтық экономиканың негiздерiн қалыптастыруда Абайдың өз дәуiрiндегi айтқан ойлары өзiнiң өзектiгiмен таңғалдырады. Оның ойынша, бақытты өмiрге жету адам өз ақыл-ойын, ынтасы мен қабiлетiн, өмiрден алған оң тәжiрибесiн бiрiктiрiп алға қойған мақсатын жұзеге асыруға жұмылдырса ғана iске асады. әйгiлi “Сегiз аяқта»:

“Болмағын кекшiл,

Болсайшы көпшiл,

Жан аямай кәсiп қыл !

Орынсыз ыржың,

Болымсыз қылжаң

Бола ма дәулет, нәсiп бұл ?

Еңбек қылсаң ерiнбей -

Тояды қарның тiленбей.

Егiннiң ебiн,

Сауданың тегiн

Үйренiп, ойлап, мал iзде.

Адам бол - бай тап

Қуансаң, қуан сол кезде»,- деген ақыл-ойын халыққа тартады.

Халықтың бойына сiнген кертартпа қасиет - ол ерiншектiк. Оны Абай надандық пен зұлымдықтың қатарына қояды.

Абай өзiнiң 1886 ж. жарық көрген “Базарға қарап тұрсам, әркiм барар» деген шығармасында былай дейдi:

“Базарға, қарап тұрсам, әркiм барар,

Iздегенi не болса, сол табылар.

Бiреу астық алады, бiреу маржан,

Әркiмге бiрдей нәрсе бермес базар.

Әркiмнiң өзi iздеген нәрсесi бар,

Сомалап ақшасына сонан алар.

Бiреу ұқпас бұл сөздi, бiреу ұғар,

Бағасын пайым қылмай, аң-таң қалар.

Сөздi ұғар осы кұнде кiсi бар ма ?

Демеймiн жалпақ жұртқа бiрдей жағар.

Жазған соң жерде қалмас тесiк моншақ,

Бiреуден бiреу алып, елге тарар». Бұл шумақтан Абайдың нарықтық қатынастарды жақтап, оның ертелi-кеш елге келетiнiн, сонымен қатар, сол кездегi ақуалға көңiлi толмағанын байқаймыз. Абайдың ойынша, қайсыбiр iскер адам артық пайданы, табысты халық игiлiгiне, қайырымдылыққа, мұқтаждық құрсауынан жапа көргендерге, кемтар, мүгедектерге, мәдениет пен бiлiмдi дамытуға жұмсауы керек. Тек қана “өзiң үшiн еңбек қылсаң - өзi үшiн оттаған хайуанның бiрi боласың. Адамшылдықтың қарызына еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бiрi боласың»,- дейдi Абай өзiнiң 37 қара сөзiнде. Ешкiмге қол ұшын бермей, мерседес мәшине мiңгенiне, оқтын-оқтын шет елге барып сауық құрып келгенiне мәз кейбiр iскерсымақ адамдар бұл Абайдың ойын ұғар ма екен ?!

Абай өзiнiң әйгiлi 2 қарасөзiнде қазақты өзбек, ноғай, тәжiк, орыстармен салыстыра келе қазақтар сол халықтардан үлгi алып егiн егу, сауда, ғылым, қолөнермен айналысып, тазалық пен тәртiпке, әскери қызмет атқарып, құдайды құрметтеуге және маңдай терiн төгiп еңбек етуге шақырады. Сонда ғана елге молшылық келедi. Тек бүгiнгi таңда ғана халықтың көпшiлiгi осы ойдың даналығын мойындаған секiлдi. Сонымен қатар, енжарлық көрсетiп, осы уақытқа шейiн мемлекетке қарап, қол қусырып отырғандар да аз емес сияқты.

Абай “байлық» атты ұғымның адамгершiлiк жағына аса көп назар аударады. Әуелi, құдайдан мал тiлейсiңдер,- дейдi Абай. “Құдай тағала саған еңбек қылып, мал табарлық қуат бердi. Ол қуатты халал кәсiп қыларлық орынға жұмсаймысың ? Жұмсамайсың ...Сенiкi бiреуден қорқытып алсаң, бiреуден жалынып алсаң, бiреуден алдап алсаң болғаны, iздегенiң – сол»(аталған шығарма, 27 б.). ґз ойын әрi қарай жалғастырып, Абай сол жолмен тапқан малыңды ендi сарып қылып, ғылым табу керек дейдi. -Өзiңе табылмаса, балаң тапсын деген талап қояды. “Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан руза, қылған қаж ешбiр ғибадат орнына бармайды. Ешбiр қазақ көрмедiм, малды иттiкпен тапса да, адамшылықпен жұмсаған» (атал. шығ, 28 б.),- деп қорытады ұлы ойшыл.

Қорыта келе, Абайдың нарықтық қатынастардың жетiк бiлгiрi болғанын айта келiп, оның көтерген мәселелерi осы кұнi де өзiнiң өзектiлiгiмен байқалады деуге болады.

Абайдың саяси-құқықтық көзқарастарына келер болсақ, онда да өнегелi көп терең ойларды табамыз. әрине, Абайдың еңбектерiнен “құқтық мемлекет» деген ұғымды iздеу бекер болар, адам қандай ұлы болса да өз заманының перзентi ғой. Бiрақ, Абайдың саяси-құқтық көзқарастары осы ұғыммен байланысты екенiн байқауға болады. Абай отарлық саясатты әшкерлей келе, “бөлiп ал да, билей бер» деген саясаттың негiзiнде халықтың iшiнде iрiткi пайда болып, жеке адамның құқтарының өрескел бұзылғанын әңгiме қылады. “Болыс болдым мiнеки»,-деген өлеңiнде Абай:

“Бұрынғыдай дәурен жоқ,

ұлық жолы тарайды,

өтiрiк берген қағаздың

Алды-артына қарайды.

Тауып алып жалғанын,

қылмысыңды санайды.

өзi залым зәкүншiк

Тонап алды талайды.

Көрмей тұрып құсамын

Темiр көздi сарайды»,- деп, Патшалық саяси тәртiптi әшкерлейдi.

Абайдың сот тәуелсiздiгi жөнiндегi ойларына келсек, ол да бүгiнгi күнгi талаптармен үндесiп жатыр. Бұл қағиданы iс жұзiнде өмiрге еңгiзу ұшiн сот қызметкерi сол жұмысқа өмiрлiк сайлануы қажет. “Әрбiр елден толымды-бiлiмдi кiсi билiкке жыл кесiлмей сайланса, олар түссе - жаманшылығы әшкере бiлiнгендiктен түссе - әйтпесе, түспесе»,- дейдi ұлы ойшыл. Егемен мемлекетiмiзде Абайдың айтқан бұл ойын iске асырдық, бiрақ етек жайып кеткен пара алатын “зәкүншiктер» осы уақытқа шейiн таусылар емес.

Абай бүкiл болмысымен, жан-тәнiмен өз халқын сүйген, сол себептi оның тарихи қалыптасқан кемшiлiктерiн әшкерлей бiлген. Өз кемшiлiгiн сезiну - одан жартылай құтылумен тең емес пе, қалған жартысын бiлiм алу, қажырлы еңбек ету жолында жоюға болады. Абай “Жарлы болсаң, арлы болма» деген мақалды талдай келе “Ардан кеткен соң, тiрi болып жүргенiң құрысын»(29 сөз.,аталған шығарма, 63 б.),- деп қынжылады. “қалауын тапса қар жанады», “Атың шықпаса, жер өрте», “Алтын көрсе, перiште жолдан таяды», “Ата-анадан мал тәттi, алтын үйден жан тәттi»,- деген мақал-мәтелдерге сындық көзбен қарап, қазақ дұниесезiмiнде қалыптасқан терiс кертартпа қылықтарды қатты сынға алып, оларды тұзеуге шақырады.

Бiз бұл мәселеге тоқталған себебiмiз - дербес мемлекет болып қалыптасып, жаңа өмiрге ұмтылып жатқан жағдайда, ұлттың өзiндiк сыны 100 жылдан аса уақыт өтсе де Абайдың деңгейiнен төмен болып тұрғандығы. Керiсiнше, қоғамдық санада “Жаманымызды жасырып, жақсымызды асырайық» деген сорақы пiкiр кең тараған. Сонда бiз халықтың терiс қылықтарынан қалай арыламыз ?! Я болмаса, бұгiнгi таңдағы қазақ халқының кемшiлiктерi жоқ па ? Олай болса, бiз неге басқа алға кеткен халықтарды озып кетпеймiз ? Бұл қойылған сұрақтарға қарсы “қазақ елi көпұлтты мемлекетке айналғаннан кейiн басқалардың алдында өз кемшiлiктерiмiздi әшкерлегеннiң жөнi болмас»,- деген пiкiрдi де естiп жұрмiз. Ал, басқалар сынаса, жатып алып долданамыз.

Әрине, көпұлтты елде бiрiн-бiрi сынау үлкен саяси қата болар едi. Сонымен қатар, “ауруын жасырған - өледi» дегендi еске алсақ, ұлттық сын керек сияқты, және оны жасайтын өз ұлтыңның зиялылары болу керек. Сонда ғана алға жылжулық орын алып, ұлттың сана-сезiмi өседi. Басқа жағдайда, орынсыз, Абай уақытында сынға алған, өркөкiректiкке келемiз. Ал жақсы жақтарымызға келер болсақ, оны басқа халықтар айтпай-ақ бiлiп, бiздiң ұлтымызды сыйлайды. Мiне, осындай ащы ойлар Абайды оқығанда еске келедi - ол да болса ойшылдың өсиеттерiн орындау парызынан шығады.

Келесi Абаймен ақылдасатын көкейкестi мәселе - Қазақстанның ғаламдасу (глобализация) үрдiсiне кеңiнен кiруi. Уақытында оның жолын ұлы Абай орыс мәдениетi мен тiлiн игеру керектiгi жөнiндегi ойларында терең көрсетiп кеттi. “Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да - бәрi орыста тұр. Зарарынан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға тiлiн, оқуын, ғылымын бiлмек керек» (25 сөз., аталған әдебиет, 51 б.),- дейдi ұлы ағартушы. Яғни, жақсы жақтарын алып, жаман жақтарынан безу керек. Олай болса, бiз шет елдерден жаңа технологияларды алып, өндiрiсiмiздi дамытып, сонымен қатар, Батыс мәдениетiнiң тұрпайы да дөрекi - зорлық-зомбылық пен тыйымы жоқ нәпсiнi көрсететiн - түрлерiнен өз дiлiмiздi алшақ ұстауымыз қажет. Ал iс жүзiнде бiрiншiсiнен гөрi екiншiсi - елдi жаулап алып, руханиятымызды улап жатыр. Ертең-ақ соның салдарынан төл мәдениетiмiзден жаттанып ХХI ғ “жаңа мәңгүрттерiне» айналу қаупы төнiп тұрғандай.

Абайдың ойынша, Жаратқанның тудырған бұл Дүниесiнiң кiндiгi - адам. Олай болса, “Адам бол !,- дейдi бабамыз. Яғни, әрбiр кiсi әрқашанда өзiнiң тұлғасының адам ұғымына сәйкестiгiн өлшеп өмiр-бақи соған жетуге тырысуы қажет. Тек сонда ғана адам өзiн жан-жақты дамытып, бойындағы ашылмаған табиғи дарындарын сыртқа шығарып, гүлдетiп, бұл өмiрде ерекше орны бар тұлғаға айналып, өзiн бақыттымын деп сезiне алады.

Бiрақ адам идеясы, ұғымы мен тiрi өмiрдегi пенденiң арасын қанша жақындатсақ та, олар бiр-бiрiмен толық қосылмайды. Мұны терең түсiне бiлген Абай да, қазiргi тiлмен айтқанда, экзистенциалдық ой-өрiстiң шеңберiнен көрiнiп, ХХ ғ пайда болған осы Батыс ағымы қойған адам мәселерiн қамти бiлдi - оны бiз 1-шi қара сөзден-ақ байқаймыз. “...әйтеуiр бiрталай өмiрiмiздi өткiздiк: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық...Ендi жер ортасы жасқа келдiк: қажыдық, жалықтық,... бәрi қоршылық екенiн бiлдiк. Ал ендi қалған өмiрiмiздi қайтiп не қылып өткiземiз? Соны таба алмай өзiм де қайранмын»(аталған әдебиет, 7 б.) ,- деген ойшыл сөздерiнен өмiр философиясын көру қиын емес.

Дегенмен де, “Дүние - үлкен көл, заман - соққан жел», бәрi де өзгерiсте болғаннан кейiн, ұлы Абай нағыз адам болу ұшiн болашақ ұрпақтарына өсиет ретiнде “Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол»,- дейдi.

“Тiлеуiң, өмiрiң алдында,

Оған қайғы жесеңiз.

Өсек, өтiрiк, мақтаншақ,

Ерiншек, бекер мал шашпақ -

Бес дұшпаның бiлсеңiз,

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой -

Бес асыл iс, көнсеңiз».

Әрине, Абай - телегей-теңiз, бiз оның кейбiр маңызды ойларына ғана талдау жасадық. Оқырманға Абайтану жолында сәттiлiк тiлейм

ХХ ғасырдағы Отандық философия

Қайшылыққа толы ХХ ғасыр қазақ халқының тарихында ерекше орын алады. Ресей империясының шеңберiндегi қысылған, езiлген халықтың ұлттық сана-сезiмi оянып, ерiктiкке, халықтың өз бостандығына деген iңкәрi оянады; халық зорлық-зомбылықтың негiзiнде жартылай қырылып, геноцидке (тұқымымен құру) түсе жаздап Кеңес заманының алғашқы кездерiнде түпкiлiктi түрде көшпендiлiк өмiр салтымен қоштасып жерге отырады,сауаты ашылып, мәдениетi дамиды . Жергiлiктi халықтың саны күрт төмендеген соң, оның кең байтақ бай жерiне басқа ұлттар мен ұлыстардың өкiлдерi өз еркiмен, я болмаса, қуғын-сүргiнге ұшырап көптеп келе бастайды, қазақ елi көпұлттық елге айналады. Жаңа қалалар бой көтередi, тау-кен өндiрiстерi тез қарқынмен дамиды, тың жерлер бұрыңғы-соңды болмаған қарқынмен игерiле бастайды.

70-шi жылдардың аяғы, 80-шi жылдардың басында Кеңес Одағы iрiп-шiрiп, империя кұйзелiске ұшырайды - соның нәтижесiнде 90-шi жылдары Кеңес Одағы ыдырап, оның орнында жаңа тәуелсiз мемлекеттер пайда болады. Қазақ халқының жүздеген жылдар бойы армандаған ел бостандығы жүзеге асып Егемен қазақ Елi дұниеге келедi . Сонымен, ғасыр трагедиямен басталса, соңында халықтың шаттыққа толы жарқын үмiттерiмен, оның жаңа мемлекет орнатудағы құлшынысымен аяқталып, ХХI ғ ұласады. Мiне, жоғарыдағы айтылған тарихи өзгерiстер мен көлемдi оқиғалар философия саласында терең толғауларды тудырып, Отандық ой-талғамды жаңа сатыға көтередi. Ендi әңгiменi нақтылай келе ХХ ғ ұлы ойшылдардың философиялық шығармашылығына назар аударайық.

Шәкәрiм философиясы мен ағартушылық идеялары

Ұлы Абайдың туысы Шәкәрiм Құдайбердiұлы (1858-1931ж.ж.) - ХIХ ғ аяғы - ХХ ғ басында өзiнiң терең де жан-жақты рухани еңбектерiмен тарихта қалған, қазақ руханиятында ерекше орны бар ұлы ойшыл-философ, тарихшы, ағартушы, ақын. Оның философиялық көзқарастарының қалыптасуына ағасы, тәлiм-тәрбие берушiсi - Абайдың - ықпалы өте зор болды. Өзiнiң аса дарындылығының арқасында Шәкәрiм бес жасынан бастап сауатын ашып, араб, парсы, түрiк, орыс тiлдерiн өзiндiк жолмен оқып-бiлiп, соның нәтижесiнде Батыс және Шығыс философиясы, әдебиетi мен поэзиясынан сусындап өзiне тән ерекше дүниеге деген көзқарасын дүниеге әкелдi.

Шәкәрiмнiң онтологиялық (болмыстық) көзқарастарына келер болсақ, оны рационалдық дiни философияға, нақтылай келе деизм (құдайды Жаратушы ретiнде мойындағанмен, Табиғат әрi қарай өз заңдылықтарының негiзiнде өмiр сүре бередi) бағытына жатқызуға болатын сияқты. Өзiнiң “Тiршiлiк, жан туралы» өлеңiнде ойшыл Дүние жөнiнде былай дейдi:

“Жаралыс басы қозғалыс,

қозғауға керек қолқабыс.

“Жан» де, мейлiң бiр “мән» де,

Сол қуатпен бол таныс.

Әлемдi сол мән таратқан,

Қозғалмаса көшпейдi,

Көшпеген нәрсе өспейдi.

Өспеген нәрсе өзгермес,

Түрден ол түрге түспейдi». Бұл шумақтан бiз бүкiл дамудың қайнар көзi қозғалыста екенiн, ол жоқ жерде өсiп-өнудiң де жоқ екенiн байқаймыз. Бiрақ ойшыл сол қозғалыстың өзi бiр қуаттың арқасында болатынын айтады. Бұл жерде ерiксiз ХХ ғ өмiр сүрген әйгiлi француз дiни философы Тейяр де Шарденнiң дүниенiң негiзiндегi “тангенциалдық» (физикалық) және “радиалдық» (психикалық) энергиялар жөнiндегi ойлары есiмiзге түседi - Шәкәрiмнiң көзқарасы оған өте жақын. әрi қарай:

“Құс, балық, шаян, көп алуан,

Айуаннан өсiп болдық адам.

Кейiмiз естi, кейiмiз надан,

Жаралыс салған сондай мән».

Бұл ақынның жолдарынан бiз адамның өзi табиғаттың төл туындысы екенiн байқаймыз, яғни ол бұл мәселеге жаратылыстану тұрғысынан қараған екен.

“Жанымыз кұннен келген нұрдан,

Тәнiмiз топырақ пенен судан.

Күн - атам, анық жер - анам,

Бiрi нұр берiп, бiрi - тамақ,

Бұзады бiрақ қайтадан.

Ер жетем, толам, қайта солам,

Әрi анам - бұл жер, әрi - молам...»

Қандай ғажап ойлар ! Күннiң сәулесiнiң арқасында жер бетiнде тiршiлiк дүниеге келдi емес пе ? Бұл шумақтан бiз Шәкәрiмнiң тiптi деизмнен гөрi пантеизмге (Табиғаттың өзiн Құдаймен теңейтiн iлiм) жақынырақ екенiн жорамалдаймыз. Сонымен қатар, бұл дұниеде ешнәрсе де мәңгi емес, өзiнiң сатыларынан өтiп (ер жетем, толам, солам) өмiр сүруiн тоқтатады. Бiрақ, ол iзсiз жоғалып кетпейдi, басқа бiр денеге, құбылысқа айналады.

“Электриядан не шықты,

Iстедiң талай қызықты !

Дәл өзiн көрген адам жоқ,

Шын затын оның кiм ұқты ?

Iсiнен бiлдiк барлығын», - дейдi ұлы ойшыл. Бұл жолдар бiр жағынан, ақынның өз заманының ғылыми жетiстiктерiн бiлгенiн көрсетсе, екiншi жағынан, оларды тұсiнуде идеалистiк жолға тұсiп кетпей, практика, iс-әрекет арқылы оның шындығы дәлелдендi деген ой ұсынады.

“Күннен неге түсiп тұр мұнша жарық,

Сегiз минут шерiкте жерге барып.

Әншейiн құр жарқырап тұрып алмай,

Жылылық нұрмен бiрге жұр қозғалып.

Барша әлем тапжылмай тұрып қалса,

Бола ма, уақыт деген өлшеу салып ?

Мақсат, тәртiп керексiз тозаңы жоқ,

Тексермей неге отырмыз мұны ойланып.Бұл шумақтан бiз ақынның сол кезде жаңа ғана ашылған ғажапғылыми жаңалықты - күн сәулесiнiң жылдамдығының 300 мың км/сек. екенiн бiлгенiн байқаймыз. Екiншiден, ойшылдың қозғалыс пен уақыттың өзара байланысын байқағанын, үшiншiден, табиғаттың терең сырларын әрi қарай зерттеп диалектикалық ұғымдармен ғылымды байыту керектiгiн терең сезiнгенiн көремiз.

Терең философиялық мәнi бар ерекше мәселе - жан мен тәннiңарақатынасы, өзара байланысы.

“Жансыз тән қалайша жүрмек ?

Сол жан емес пе денелердi қозғап өсiрмек.

Бас қозғалыс қой жанның атасы,

Ол жаратады түрлеп.

Сол жаннан талай жан өскен,

Жанына қарай тән өскен.» Сонымен, ақынның ойынша, жан мен тәннiң арақатынасында басымдылық бiрiншiде, тәуелдiлiк екiншiде, яғни, сана, ақыл тәндi билейдi.

Ендi гносеологиялық, танымдық мәселелерге келсек, Шәкәрiм өзiнiң“Анық пен танық», “Мұсылмандық шарттар» т.б. еңбектерiнде ол адамдарға қоршаған табиғи ортаның жұмбақ-сырын ұқ, танып-бiл, оның ашылған сырларын мақсат-мұратыңа жарат,- деген ой тастайды. Оның ойынша, тану, бiлу, нану, ұғыну - бәрi ақыл iсi, ал оның iргесi мида жатыр. Бiрақ, ол үшiн адам дүниеден белгiлi ақпараттар алуы қажет. Оны жеткiзетiн түйсiктер.

“Тән сезiп, құлақ естiп, көзбен көрмек,

Мұрын - иiс, тiл - дәмнен хабар бермек.

Бесеуiнен мидағы ой хабар алып,

Жақсы жаман әр iстi сол тексермек»,- деген жолдар ақынның бұл мәселенi өз заманының деңгейiнде шешкенiн көрсетедi.

Сонымен қатар, дұниенi тану жолында соңғы ақиқатқа ешкiм де жете алмайды, оның соқпақтарында шындық пен қатар қателесiп кету де кездеседi. Сондықтан, бәрiн ой елегiнен өткiзу қажет.

“Тегiс тексер, сөз көрсең - сыр мен сынын,

Түзетуге именбе тапсаң мiнiн.

Әдеп сақта, жалғыз-ақ қате айтты деп,

Былшылдапты дей көрме, бiлсең шынын.» Бұл жолдарда ақын ғылыми этиканың - бүгiнгi таңда бiзге керек - негiзгi бiр қағидасын алға тартады. ґйткенi, гуманитарлық ғылым саласында, өткен Кеңес заманындағы жетiстiктердiң бәрiн сынап, “бәрi - терiс, қате, шындыққа бүгiн мен ғана жеттiм»,- деп лепiрiп жүрген ғалымсымақтар жоқ емес.

Ендi, мiне, ұлы ғалымның этикалық, ағартушылық идеяларына тоқталуға кезек келдi. Ол ойшылдың негiзгi еңбегi - “Үш анықты» -басынан аяғына шейiн самғап өтетiн негiзгi идея. Алғашқыда ақын екi анықты сөз қылады. Бiрiншi - ол ғылымдағы ақиқаттар, оған адамзаты мыңдаған жылдар бойы iзденiп, зерттеп жеттi. Екiншi - дiннiң берген аяндары.Бұл, әрине, философия саласында мыңдаған жылдар созылып келген “ақыл-ой мен сенiм ақиқаттарыұ, олардың ара-қатынасы. Осы «екi аныққа» ойшыл үшiншi - ар-ұжданды қосып оның iргелiлiгiн баса айтады. Яғни, Шәкәрiм Абайдың “жүрек», «нұрлы ақыл» категорияларын әрi қарай тереңдетедi. Оның ойынша ар-ұжданға ынсап, әдiлет, мейiрiм кiредi. Шәкәрiмнен кейiн жарты ғасыр өткен шақта Австрияның ұлы ғалымы В.Франкл ар-ұжданды “адамның iшкi құдайы» (В.Франкл. Человек в поисках смысла. М.,1990,с.90) ,- деген болатын. Мұның өзi де бабамыздың өз заманын озған ғұлама екенiн дәлелдемей ме ?

Ақынның ойынша, ар-ұждан - рухтың өзегi, сондықтан, бұкiл өнер-бiлiм оның сынынан өтуi керек.

“Еңбекпенен, өрнекпенен

Өнер ойға тоқылса,

Жайнар көңiл, қайнар өмiр

Ар iлiмi қосылса».

Бiз бұл мәселегеоқырманның ерекше назарын аударғымыз келедi. Өйткенi, ол бүгiнгi таңда бүкiл адамзаттың әрi қарай дамуының шешушi мәселесiне айналып отыр. Ар-ұжданның аясындағы ғылым тiршiлiктi сақтап, қоғамды гүлдетедi, ал оны еске алмайтын ғылым - бүкiл тiршiлiктi адамзатпен бiрге құртып жiберуi мүмкiн. Оған бүгiнгi таңда балама жоқ. Батыс ой-талғамы бұл пiкiрге екi Дүниежүзiлiк соғыстан, Бухенвальд пен Освенцимнен өтiп, миллиондаған адам өмiрiнен айырылып барып келген болатын.


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мiтiн жоймас адамзат ! 1 страница | Мiтiн жоймас адамзат ! 3 страница

Дата добавления: 2014-03-19; просмотров: 398; Нарушение авторских прав




Мы поможем в написании ваших работ!
lektsiopedia.org - Лекциопедия - 2013 год. | Страница сгенерирована за: 0.013 сек.