Студопедия

Главная страница Случайная лекция


Мы поможем в написании ваших работ!

Порталы:

БиологияВойнаГеографияИнформатикаИскусствоИсторияКультураЛингвистикаМатематикаМедицинаОхрана трудаПолитикаПравоПсихологияРелигияТехникаФизикаФилософияЭкономика



Мы поможем в написании ваших работ!




Желін мен емшек бітістеріне байланысты атаулар

Жынысына байланысты аталуы

Саулық қой. Үш жастан жоғары төлдейтін қой. Сауулы қой. Қозысы өліп немесе қозысын қасқыр жеп қойған саулық қойдың қозысыз сауылатыны. Қортық (шартық) қошқар. Бұл атау тұқымы жаман, қошқар болуға жарамсыз деген мағынаны көрсетеді. Тоқты қошқар. Бұл тоқтының жас қошқар екенін көрсетеді.

Жасына байланысты атаулар

Күйек қозы. Біріншіден, қошқардың беліндегі күйегі (тоқымдай киіз) алынғаннан кейін, шағылысуынан пайда болған төлді білдіреді, екіншіден, мерзімінде (уағында) туған қойдың алты айға дейінгі қозысы деген мағынада қолданылып тұр. Сары аяқ марқа. Бұл атау, біріншіден, тамыз, қыркүйек айларында туған қозыны білдірсе, екіншіден, оның сәуір, мамыр айларындағы туған қозыдан бұрын есейіп, өсіп, жетіліп піскен семізі, жеті-сегіз айға толған ірісі, үлкені деген мағынаны білдіреді. Лақ қозы. Алты айға толған жас қозысы өлген қойға теліп жіберілгені. Бағлан қозы. Ерте туып, жақсы семірген қозы.

Сауылуына байланысты атаулар

Үріптеу (үріптей сауу). Қойдың қозысы емізілмей сауылуы. Жебу (жебей сауу). Қозыны емізбей тұрып, бір рет сауып алып, сосын көп уақыт өтпей екінші рет сауылатыны. Астынан идіру (идіріп сауу). Қойды үріптеп алғаннан кейін, қозысын емізе отырып, идіріп сауу. Жанай идіріп сауу. Қозыны еркін емізіп қоя бермей, жанастырып "барып, қой исінген кезде саууды айтады.

Желін мен емшек бітістеріне байланысты атаулар

Сапты аяқ (сопақ) желін. Сапты аяқ тәрізді қойдың желіні. Кесе желін. Қойдың желінінің төңкерілген кеседей болып біткені. Бұл атау теңеу ретінде айтылады. Талтақ емшек қой. Қой емшегінің бітісі екі жағына қарай қисая біткенін, алшақтығын білдіреді. Түймелі (қос) емшек қой. Бұл атау қой емшегінің жанында немесе түбінде емшек тәрізді келген кішкене түйме емшексымақтың барын көрсетеді.


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
 | Дене бітісіне байланысты атаулар

Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 422; Нарушение авторских прав




Мы поможем в написании ваших работ!
lektsiopedia.org - Лекциопедия - 2013 год. | Страница сгенерирована за: 0.002 сек.