Студопедия

Главная страница Случайная лекция


Мы поможем в написании ваших работ!

Порталы:

БиологияВойнаГеографияИнформатикаИскусствоИсторияКультураЛингвистикаМатематикаМедицинаОхрана трудаПолитикаПравоПсихологияРелигияТехникаФизикаФилософияЭкономика



Мы поможем в написании ваших работ!




Дене бітісіне байланысты атаулар

Үкі бас қой. Қойдың қозы күнінен бастап, бос жүндері үкінің басына ұқсас ербие түсіп, екі шекесінің үстін ала тіктеу шыққан кішірек екі айдары барын білдіреді. Тұлымды қой. Бұл атау қойдың екі шекесінің үстін ала мүйіз орнына тұлым сияқты біткен ұзындау, екі көзін баса келген жалбыраған жүні бар деген мағынаны білдіреді. Түймелі қой. Қойдың тамақ терісінің сыртын ала пайда болған жұмыр түйме тәрізді екі қатар біткен салпыншақ кішкене түймедей безі бар деген мағынада. Шұнақ қой. Бұл қойдың екі құлағы өте кішкене бүрісіңкі келгенін білдіреді. Салпаң құлақ қой. Қойдың құлағы ұзын келгені. Үш мүйізді қой. Әдетте, қойда екі мүйіз болады. Кейде тым сирек болса да үш мүйізді қойды кездестіреміз. Осыған қарап «үш мүйізді қой» деген атау қалыптасқан. Топал қой. Мүйізі жоқ қой. Арқар мүйізді қой. Бұл қойдың (қошқарының) жабайы ата-тегінің мүйізіне ұқсас біткен мүйізі бар деген мағынада. Тегене құйрық. Қойдың құйрық бітісі аумақты болып, тірсегіне жетпей, белдемесінен ұштаса (тұтаса) келіп, үлкен тегенеге ұқсас екенін білдіреді. Қалақ құйрық. Бұл атау қойдың құйрық бітісі жалпақ қалаққа ұқсас жұқалау келіп, тірсегіне түспей, тек санының ойынды етін баса, кемерлене келгенін білдіреді. Таңқыш (таңқы) құйрық. Бұл атау қойдың бітісі жар қабақтау келіп, белдемесіне таман бейімделіп тұрғанып білдіреді. Салпы құйрыққой. Құйрығының түп жағы жіңішкелеу болып белдемеден төмен түсе бітіп, төменгі екі жаны сыртына қарай шығыңқы келіп, тірсегін немесе санын соға біткенін білдіреді.

Шағылысу мерзіміне байланысты атаулар

Тоқты қашқан. Ұрғашы қозының күйлігінен алты айында қошқарға шағылысып, бір жасында қоздағапын білдіреді. Арамза қашқан. Бұл атау біріншіден, «уақытынан бұрын» деген ұғымды білдірсе, екіншіден, қошқарға шағылысып (қашып) кеткен, ерте қоздайды деген мағынада қолданылады.

Жүн бітісіне байланысты атаулар

Тірі жүн. Қойдың қалың болып ұйысқан қысқы жүнінің астынан жаз шыға жаңадан шыққан жүнін және сол ұйысқан жүнінің көтеріліп қырқылғаннан кейін шығып келе жатқан жүні. Боздақ. Қойға қарата қолданғанда, оның «тірі жүн» деген мағынасында. Өлі жүн. Қойдың қырқылатын уақытқа дейін түспеген, біріне-бірі жабысып қалған ұйысқақ жүні. Өлі жүн мата жасауға жарамсыз келеді. Ол морт, қатты болады, бояу алмайды. Жабағы жүн. Қойдың терімен, шайырымен өзара кірігіп, ұйысып тұтасқан жүні. Биязы жүн. Өте майда, жұмсак, әрі созыл- гыш, әрі мықты келетін қойдыц жүні. Қозы жүн. Биязы жүнді қойдың бір жасқа дейінгі қозыларының жүнінде кездесетін талшықтар. Қозы жүн өте ұзындығымен, талшықтарының жуандығымен және бұйрасынын аздығымен көзге түседі. Жабын жүн. Қойдың сирақтарында, жақтарында, құйрығы мен құрсағында өсетін қыска, тықыр жүні. Күзем жүн. Қой мен қозының күз айында (қыркүйекте) қырқылатын жүні. Қарын жүн. (кіші күзем). Қозының туғандағы жүні. Маусым айында қозының ең алғашқы жүні қырқылады, бұл қарын жүн деп аталады. Күзем айы (үлкен күзем). Қыркүйек айы. Бұл айда қойдың жабағы жүні мен қозының қарын жүнінен кейін тағы қырқылады. Күйек айы. Қараша айы. Ертеректе осы айдың он-он бесінде қошқардың беліне байланған күйегін алатын болған. Ал қазіргі уақытта қошқардың күйегін қазанда немесе қарашаның бірі мен бесі аралығында алған. Төл айы. Сәуір, мамыр айларын айтады.

Қойдың топ-түрлеріне байланысты атаулар

Қойды негізінде төмендегідей үшке бөліп айтады: - Ұрғашы қой. - Еркек қой. - Қозы. Осы үш топқа бөлінген қойларды (қозыдан басқаларының әрқайсысын) өзара екіге бөледі. Ұрғашы қойлар: - қозылы қойлар; - ұрғашы бойдақ қойлар. Еркек койлар: а) қошқарлар; б) еркек тоқтылар, ісектер.

Саулық қойлардың атаулары:

Саулық. Қоздайтын қойлардың барлығын осылай айтады. Буаз қой. Күзде қошқарға тоқтап (шағылысып) кеткен қой. Қашып кеткен қой бес ай он күнде төлдейді. Саулық қой. Қозысы бар немесе қозысыз сауылатын қой. Қозылы тұсақ. Қозысы бар ұрғашы тоқтының екі жастан асқаны. Қозылы тоқты. Ұрғашы тоқтының қошқарға шағылысып кетіп, бір жасында қоздағаны. Тоқтылы қой. Сәуір, мамыр айларындағы төлдеген қойдың қозысы алты (қыркүйек) айға толғаны. Шар саулық. Қозысы сойылып, немесе өліп басқа қойдың қозысына телінбей семірген орта жастағы қой. Кенже тоқты. Ұрғашы қозының кошқарға кеш шағылысып, бір жасында (мамыр айының аяғында не маусым, шілде айларының ішінде) төлдегені және кенже туған қозының алты айдан асқаны. Алты тісті саулық. Қойдың қошқардан қысыр қалмай, бес-алты қоздайтыны. Сары қарын (саулық) қой. Саулық қойдың жеті-сегіз қоздағаны. Шар қой - «шар саулықтың» мағынасымен бірдей. Төл қой деп қозысы өлген қойды басқа қойдың қозысына телігенін айтады. Тоқтаған қой. Қошқарға тоқтап, қашып кеткен қойды және он екі жасқа келген қойдың қошкарға шағылысканда коздамайтындығы. Қой он екі-ақ жас жасайды.

 

Амандық күйі
Үй жануары
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: жұптұяқтылар
Тұқымдасы: Қуысмүйізділер
Кіші тұқымдасы: Caprinae
Тегі: Ovis
Түрі: O. aries
Екі-есімді атауы
Ovis aries

 

Көк кептер (лат. Columba livia) - Кептертәрізділер отрядының Кептерлер тұқымдасының баршаға белгілі және таныс кең таралған кептер.

 

Биологиялық сипаттамасы[өңдеу]

Орташа денелі (240-360 грамм), қанатының алымы - 60-70 см, басқа кептерлерден айырмашылығы; белі- ақ жіне қанатында екі көлденең қоқшыл жолақ болады. Дәл осы түр барлық мәдени формалар мен қолтұқымдардың ата тегі болып саналады.

Таралуы[өңдеу]

Көк кептер баяғыдан бері Солтүстік Африкада, Еуропаның оңтүстік бөліктерінде және Азияда ұялап келген. Алайда адам қолға үйреткен соң Еуразияға анағұрлым кең таралып кетті, енді оның табиғи қоныстанған жерін, жабайыланған үй кептерлерін қайда өмір сүретінін айтудың өзі қиынға соқты.

Қазақстанның оңтүстік жартысында шыңдарды, тау шатқалдарын, өзен жыраларын мекендейді. Әр түрлі өсімдік дәнімен қоректенеді.

Көк кептер бастапқыда жартастарда және өзендердің жарында өмір сүрді, ал енді құрылыстардағы әр алуан қуыстарды пайдаланады. Отырықшы құс болғандықтан, жылыстамайды. Салындыда екі ақ түсті жұмыртқа болады. Жұмыртқаларды аналығы мен аталығы 17 күндей басады. Балапандар ұядан бір ай мөлшерінде немесе одан да көп мерзімде ұшады.

 

Прзидент атындағы саябақ

Торғайтәрізділер [өңдеу]

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Торғайтәрізділер (Passerіformes) – құстар отряды. Қазба қалдықтары жоғ. миоценнен белгілі. Антарктида мен кейбір мұхит аралдарынан басқа Жер шарының басқа бөліктерінде кең тараған.Құрлықтарда кездесетін 5 мыңнан астам түрі белгілі, құстардың барлық түрлерінің бестен үш бөлігін құрайды, 4 мыңдайы сайрағыш құстарға жатады. 84 түрі мен 66 түртармағы қорғауға алынып, Халықар. табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген. Торғайтәрізділердің ең кішісінің ұзындығы 6 см, салм. 6 г-дай, ал ең ірі түрінің дене ұзындығы 67 см, салм. 1100 – 1500 г-ға жетеді. Аяқтарында 4 саусақ болады, 3-еуі алға қарай, ал ең ірі саусағы артқа қарай орналасқан. Торғайтәрізділердің арқа омыртқаларының саны басқа құстармен салыстырғанда аз. Шалғы қауырсындарының саны – 9 – 10, ал құйрық қауырсындары – 12. Негізінен бұталардың арасы мен ормандарды мекендейді. Жерде жүретін түрлері де бар. Ал суда тіршілік ететіндері жоқтың қасы, тек сушылқара ғана қорегін су ішінде жүріп ұстайды. Торғайтәрізділердің көпшілік түрі моногамды, жылына 2 рет ұрпақ береді, ұяларында 4 – 8 жұмыртқа болады, жұмыртқаларын мекиені де, қоразы да кезектесіп басады. Қоңыржай белдеулердегілері – жыл құстары, тропиктік аймақтардағылары – отырықшы құстар. Жейтін қорегіне қарай өсімдік қоректілер және жануар қоректілер болып бөлінеді. Торғайтәрізділер зиянды жәндіктерді жеп а. ш. мен орман ш-на орасан зор пайда келтіреді. Торғайтәрізділер 4 отряд тармағына бөлінеді: мүйізтұмсықтылар, тиранналар, қарапайым торғайлар және сайрағыш құстар. Мүйізтұмсықтылардың (Eurylaіmі) Африка мен Азияның тропикті аймақтары мен шығыста Филлипинге дейінгі жерлерде кездесетін 8 туысы, 14 түрі бар. Дене тұрқы 13 – 28 см. Қауырсындары жасыл, көк, кейде қызыл не қара түсті болып келеді. Тиранналардың (Tyrannіdae) Америкада (тек қиыр солт-нде ғана кездеспейді) және Галапагос, Фолкленд (Мальвин) аралдарында кездесетін 119 туысы, 365 түрі белгілі. Дене тұрқы 8 – 40 см, қауырсындарының түсі сұр, қоңыр және жасылдау болады. Қарапайым торғайлар (Menurae) Австралияда таралған. Бұлардың көмекейінде 2 – 3 жұп дыбыстық бұлшық еттері жақсы дамыған.

Торғайтәрізділердің Қазақстанда 23 тұқымдасы, 32 туысы, 220 түрі бар. 3 түрі: көкқұс, Іле жорға торғайы, үлкен құралай Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген; қ. Сайрағыш құстар.

Әдеб.: Ковшарь А.Ф., Мир птиц Казахстана, А.-А., 1988; Красная книга Казахстана, 3 изд., А., 1996.

Кәдімгі қараторғай [өңдеу]

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Кәдімгі қараторғай
  Кәдімгі қараторғай (Sturnus vulgaris)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Торғайтәрізділер
Тұқымдасы: Қараторғай тұқымдастар
Тегі: Кәдімгі қараторғай (Sturnus vulgaris)

Кәдімгі қараторғай (лат. Sturnus vulgaris)[1] - торғайтәрізділер отряды, қараторғай тұқымдастарға жататын сайрауық құс.

Мазмұны

[жасыру]

· 1 Биологиялық сипаты

· 2 Көбеюі

· 3 Қоректенуі

· 4 Таралу аймағы мен өрісі

· 5 Дереккөздер

Биологиялық сипаты[өңдеу]

· Дене тұрқы 22 см-дей. Қанатын жайғандағы ұзындығы шамамамен 10 см, құйрығының ұзындығы 7 см-дей.

· Мекиені қоразынан кішірек болады.

· Көктемде қауырсыны қара түсті болып, күзде оған ақ қауырсын араласады.

· Тұмсығы қара, сирағы қызғылт қоңыр.

Көбеюі[өңдеу]

Кәдімгі жыл құсы. Наурыз айында ұшып келіп, мекиені мен қоразы ағаш қуысына, жартас жарықтарына, інге ұя салады. 4-7-ден (көбінесе 5) жұмыртқалайды(көгілдір түсті), оларды мекиені мен қоразы кезектесіп 14 күндей басады. Балапандары жұмыртқадан шыққан кезден 21 күн өткеннен кейін ұядан ұшады.
Кәдімгі қараторғайлар солтүстік аймақта бір рет, оңтүстікте 2 рет балапан ұшырады.

Қоректенуі[өңдеу]

Көбінесе жәндіктермен, олардың дернәсілдерімен қоректенеді.
Күзде жеміс-жидектермен де қоректеніп, бақ пен жүзімдікті бүлдіреді.

Таралу аймағы мен өрісі[өңдеу]

Кәдімгі қараторғай негізі торпиктік және субтропиктік аймақтарда кездеседі. Бұлар Қазақстанның солтүстігіндегі орманды-дала белдемінде, оңтүстігі мен шығысындағы тау етектерінде ұя салады.
Қыркүйек-қазан айларында қыстау үшін Азияның оңтүстігіне, Африкаға, Австралияға ұшып кетеді. Кейде Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде қыстап шығатын кездері де болады.

 

Қара қарға (лат. Corvus corone) – торғайтәрізділер отряды, қарға тұқымдасына жататын құс. Қазақстанның барлық аймағында кездеседі. Қара түсіне күлгін немесе қара қошқыл түс қосылып құлпырып тұрады. Денесінің ұзындығы 47 – 50, қанатын жайғанда ұзындығы 100 – 104 см, қанатының ұзындығы 30 см, құйрығының ұзындығы 20 см. Салмағы 400 – 600 г-дай. Тұмсығының жоғарғы ұшы төмен қарай иілген. Тұмсығы қауырсынмен жабылған. Қара Қарғалар қорек талғамайды, кейде құстардың жұмыртқаларын жарып, балапандарын да жейді. Отырықшы құс. Ұясын ағаш басына кейде қамыс нуларына салады. Сәуірде ұясына 4 – 5 жасыл қоңыр дақты жұмыртқа салып, оларды аналығы 18 – 20 күн басады. Аналығы мен аталығы 30 – 35 күн ұядағы балапанын бірігіп қоректендіреді. Қара Қарға кемірушілер мен зиянды жәндіктерді жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді

 

 

Асыранды кептер , көгершін – кептер тұқымдасына жататын қолға үйретілген құс. Мұның хат таситын, әуестік үшін өсірілетін 150-ден аса түрі бар. Етті тұқымдарының салмағы 0,8 – 1 кг, жылына 8 – 12 балапан шығарады. Балапанның салмағы 45 – 60 күндігінде 0,5 – 0,6 кг-ға жетеді. Асыранды кептердің еркек-ұрғашысын бөліп, 20 – 30-дан топтастырып өсіреді. Қора еденінің әрбір м2-іне 3 жұп кептерден есептеп, аумағы 60×40 см екі жұп ұя жасалады. Кептерге дән,бұршақ, көк шөп беріледі. Балапанын енесі жемсауындағы сүт тәріздес қойыртпақпен асырайды. Асыранды кептердің 45 – 60 күндік балапанын союға болады

Асыранды кептер

 

Т.Рыфсқұлоа атвндағы саябақ

Тасбақалар [өңдеу]

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Тасбақалар Қазбалық ауқымы: Late Triassic– Recent, 215–0 Ma ПреК К О С Д Кр П Т Ю Б Пг Н
  Terrapene carolina
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Бауырымен жорғалаушылар
Ұлы сабы: Chelonia Macartney, 1802
Сабы: Testudines Линней, 1758
  Көк: теңіз тасбақалары, қара: жер тасбақалары
Кіші саптары
Cryptodira Pleurodira тағы басқалары

 

Құрлық тасбақасы
 
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Бауырымен жорғалаушылар

Тасбақалар (лат. Testudines) – бауырымен жорғалаушылар отрядының бірі. Триас кезеңінен белгілі, котилозаврлардан шыққан деген пікір бар. Қазір тіршілік ететін Тасбақалардың 250-ге жуық түрін 12 тұқымдасқа, 2 кейде 5 отряд тармағына біріктіреді. Тасбақалар барлық құрлықтарда (тек Антарктидада кездеспейді), негізінен тропиктік және субтропиктік аймақтарда таралған, әр тұқымдастың өзінің таралу орталықтары мен көбірек кездесетін жерлері бар. Тасбақалар ыстық шөлді жерлерді, тропиктік ормандарды, тау беткейлерін, өзен, көл, батпақ, елді мекендер маңын, теңіз жағалауларын, мұхиттарды мекендейді. Суық және құрғақшылық кезде қысқы, кейде жаздық ұйқыға кетеді.

Тасбақалардың ерекшелігі денесі сүйекті-мүйізді не сүйекті-терілі сауытпен қапталған. Арқа сауытын карапакс, ал бауыр сауытын пластрон деп атайды. Сауытының ұзындығы 12 см-ден 2 м-ге дейін жетеді. Карапакс теріден дамыған сүйек тақташықтарынан тұрады; оның ішкі бетіне омыртқа қанаттары және қабырғалар бекиді. Пластронның тақташықтары бұғана мен құрсақ қабырғаларынан құралған. Екі сауыттың біріккен жері тарамыс сіңірмен қозғалмалы түрде не сүйектері кірігіп жалғасады. Екі сауыт арасынан Тасбақалардың басы, мойны, аяқтары шығып тұрады, қауіп төнгенде бұларды сауыт ішіне жиып алады. Көру, иіс сезу органдары жақсы дамыған, нашар естиді. Жақтарында тістері болмайды, иегінде тұмсық тәрізді мүйізді қабыршақтары бар. Құрлық Тасбақалары негізінен өсімдік қоректі; тұщы суТасбақалары балықтармен, қосмекенділермен, омыртқасыз жануарлармен қоректенеді. Тіпті бірнеше айдай қоректенбеуі де мүмкін. Құрлықта шағылысады (бір немесе бірнеше жүз жұмыртқа салады). Жыныстық жағынан 2 – 3 жасында жетіледі. Кейбір түрлері жылына 3 рет, кейде одан да көп жұмыртқа салады. Шар немесе эллипс тәрізді жұмыртқаларының сырты әктасты қабыршақпен (құрлық Тасбақаларында), не терілі жабынмен (тұщы су Тасбақаларында) жабылған. Инкубация кезеңі көпшілік түрінде 2 – 3 ай (піл Тасбақаларында 6 – 7 ай). Табиғи жағдайда 150 жылдай тіршілік етеді.

Тасбақалардың Қазақстанда 2 тұқымдасы: тұщы су тасбақалары және құрлық тасбақалары, олардың бір-бірден түрлері (батпақ тасбақасы) бар. Екінші тұқымдастың жалғыз түрі – дала тасбақасы республиканың оңтүстігінде таралған. 38 түрі мен түр тармағы қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.[1]

Құрлық тасбақалары[өңдеу]

Құрлық тасбақалары , дала тасбақасы, Қазақстан шөлдеріндегі тасбақалар отрядының жалғыз өкілі. Ортаазиялық тасбақа деп те атайды. Аналығының ұзындығы 20см, салмағы 2,5кг, аталықтары кішілеу. Сүйекті сауыты қауіп төнген кезде басы мен аяқтарын жинап жасырынуға ыңғайлы. Ол құрлық тасбақаларын жыртқыштардан жақсы қорғайды. Бірақ кейбір қырандар тасбақаны биіктен тасқа лақтырып , сауытын жаруға машықтанған. Сауыты қатпаған кезде , жас құрлық тасбақаларын қарғалар да шоқып тастайды. Жағындағы мүйізді қаптары өсімдіктермен қоректенуге мүмкіндік береді. Құрлық тасбақалары не бары 3-4 ай, наурыздың соңынан маусымның соңына дейін, көбіне күндіз белсенді, қалған уақыттарында құмға 2м тереңдікке дейін көміледі де, ұйқыға кетеді. Сәуірде шағылысады. Аналығы сәуір-мамыр айлары аралығында екі рет 1-4 жұмыртқасын жердегі шұңқырларға салады. Олар көбіне құстар мен жыртқыштардың қорегіне айналады, сондықтан шөлде тасбақа жұмыртқасының қабығын көптеп кездестіруге болады. Жұмыртқаны жарып шыққан жас тасбақалар өз бетінше тіршілік етеді.[2]

 

 


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Желін мен емшек бітістеріне байланысты атаулар | Введение. Система информационной безопасности охватывает все компоненты информационной инфраструктуры, описанные в настоящем проекте

Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 1910; Нарушение авторских прав




Мы поможем в написании ваших работ!
lektsiopedia.org - Лекциопедия - 2013 год. | Страница сгенерирована за: 0.013 сек.