Студопедия

Главная страница Случайная лекция


Мы поможем в написании ваших работ!

Порталы:

БиологияВойнаГеографияИнформатикаИскусствоИсторияКультураЛингвистикаМатематикаМедицинаОхрана трудаПолитикаПравоПсихологияРелигияТехникаФизикаФилософияЭкономика



Мы поможем в написании ваших работ!




Дизель блогы мен цилиндрлік-поршендік топ. 1 страница

Айналу , ерсіл-қарсылы қозғалыстар жасайтын ПД1М дизелінде 2Д50М дизеліне қарағандайналшықтық-өздектік механизм детальдарының серпін күші мен цилиндрге поршенге газ қысымынан түскен ауыртпашылықтарды блок толық қабылдайды.

Блокты берік және қатты қылып жасайтын себебі, оған құбырлар, механизмдер, ортадан тепкіш үстемелі айдаушы, ауасалқындатқыш, су, отын май сорғылары және де басқа көмекші агрегаттар мен механизмдер,құбырлар блокка бекітіледі. Егер блок қатты болмаған жағдайда дизель бөлшектерінің әр түрлі қызуы мен күш салмағынан болатын формалардың өзгертілуіне қарсы тұра алмайды. Бұндай жағдай нәтижесінде иінді білік және басқа тораптардың жұмысы бұзылуы мүмкін.

Блок - дизелдің ең үлкен бөлшегі. Мысалы, Д100 типті дизел бдогының ұзындығы 4м. Ені 1,1м, биіктігі-1,8 м. Блоктың салмағы-5,5т.

Блоктың қаттылығы мен беріктігі берілген салмақ аясында жасалған материалы, пішімі, көлеміне байланысты. Кейбір дизелдерде блок шойыннан жасалған/ мысалы: Д50 типті дизелдерде/ 10Д100, 11Д45, 14,Д49 дизелдерінің блогы құрыш парақтарына дәнекерленген, сондықтан олардың жалпы салмағы шойыннан құйылған блоктардың салмағынан аз, меншікті салмағы/1 кВт-қа/ алюминь қорытындысынан жасалған блоктарға жақын. Бұл дәнекерленген құрамның негізгі жақсы ерекшелігі.

10Д100 типті дизельде /.24 сурет/ блок- негізінде көлденең, вертикалды және горизонталды парақтардан тұратын дәнекерленген құрыш конструкция.

2.24. сурет. 10Д100 типті дизель цилиндрлерінің блогы:

1- басқару бөлігі; 2- цилиндрлік төлкенің он бөлігі, 3- жоғарғы иінді біліктің бөлігі, 4- ауа ресиверінің бөлігі; 5- бүркігіштегі отын сорғысының бөлігі; 6- шығару жинағышының бөлігі, 7- төменгі иінді біліктің бөлігі,8- тік беріліс.

 

Вертикалдық /тік/ парақтарға негізгі күш салмағы түседі, олар блоктың алдыңғы жағында басқару бөлігін бөледі, артқы жағында ортадан тепкіш үстемелі айдама мен тік берілу/8/ бөлігін бөледі. Блоктың орталық бөлігінде вертикалды парақтар цилиндр орналасқан он бөлік /2/ құрады. Горизонталды парақтар блокты бес бөлікке бөледі: жоғарғы иінді білік/3/, ауа ресивері /4/, отын аппаратурасы /5/, шығару жинақтағышы/6/, төменгі иінді білік. Жоғарғы және төменгі иінді біліктің бөліктері бір-бірімен басқару және тік берілу арқылы қосылады. Блоктың бүйір бетінде басқарылатын жағынан екі турбоауа үрлегіш құрылғысы үшін мақсатталған жоғары бөлігінде- ұстамтемір мен басқару бөлігінің қақпасы, төменгі бөлігінде- шығару келте құбыры мен жетекті дизель агрегаты орнатылған тіреу тақтасы. Блоктың бүйір бетіне генератор жағының жоғарғы бөлігінде редуктор мен ортадан тепкіш үстемелі айдауыш пен ауаүрлегіш, төменгі бөлігінде- білікті бұрушы механизм мен иінді білікті тығыздау корпусы орналасқан.

Агрегаттар, механизмдер мен құбырлардың астам бөлігі блоктың ішіне сияды. Бұл тораптарды алып қарау үшін блокта сәйкестендірілген люктар бар. Шығару жинақтағышының бөліктері блокка аумақмаңдылық сұқпалар мен бұрандалармен бекітілген қатаң тақтамен жабылған. Тік парақтарға жоғары және төменнен иінді біліктің негізгі мойынтірегінің тірегі дәнекерленген / әр білікте 12/. Тірекке мойынтіректің құрыш қақпағы бекітілген. Мойынтіректі бұзып-жию ыңғайлы болу үшін жоғарғы қақпақтары блок тіректеріне сұқпалармен, төменгісі бұрандалармен бекітіледі.

10Д100 дизелінің блогы рамаға орнатылады. Рама - генератор мен дизель орнату үшін дайындалған қатал, дәнекерленген құрылым.

2.25.сурет.10Д100 типті дизель-генератор рамасы:

1-ортадан тепкіш сүзбеге май жинау ернемесі; 2 - мұқият тазалау сүзбесінен май алу ернемесі; 3- дизелді майлауға май жинау ернемесі; 4- тепловоздың көмекші агрегаттарынан май төгу ернемесі; 5- көбікбасу торлары; 6 - май деңгейін өлшеу сүңгіші; 7- май құятын мойынтесік орнатуға арналған саңылау. 8,9-ауа салқындағытқышқа суберуге арналған құбыр мен тесік. 10- картердегі майды құютесігі; 11- май тұрақтау орыны; 12- дизелді май құю; 13- май айдаушы агрегатқа май жию ернемесі; А,Г,Е,Ж,И- тесіктер; Б,Д,К,- беті; В- құйылмашық.

 

Раманың ішкі құрылысы майжинағыш ролін атқарады. Дизель Б бетте Е тесіктерге орнықтырылған 50 бұрандамамен бекітіледі. Блок пен рама аралығындағы сырттан бөтен әсерді өткізбеу қабілетін қамтамасыз ету үшін парониттік төсем салынады. Генератор Д бетте 8 бұрандамамен бекітіледі. Рама тепловоздың бас рамасына төрт құйылмашықта орналастырылған. Дизель-генераторды тепловоздың бас рамасына бекіту үшін И және Г тесіктері пайдаланылады, генератор жағынан раманың консолдік бөлшегі К нүктесімен серіппелерге сүйенеді. Рама бойында негізгі май сорғысының сору құбыры бекітілетін ернемекпен бітетін, май жинағыш орнатылған Майға бөтен заттардың түсуінің алдын –алу және көбік басу үшін раманың май деңгейінде алып-салынатын тор орнатылады 5. Картерден маймай жинақталу орынында тұрған тесік арқылы төгіледі. Дизель-генераторды көтеретін құрылғыны бекіту үшін алты А және алты Ж тесіктері бар.

Д49 типті дизелдерде V тәрізді құйылма-дәнекерлі иінді білік ілмелі мойынтірегі бар блок тұр. Блоктағы цилиндр қақпағын күшті сұқпамен бекіту құрылғы кестесі дәнекерлеу тігістерін азайтты. Қабылданған күш кестесінің негізі – блоктың жоғары жағын құраушы элементтердің дәнекерлеу тігістері сұқпаның тарту күшімен қысылған салдарынан тым жауапты дәнекерлеу тігістері созатын әсерден қорғалады. Бұл құрылымды айтарлықтай қарапайымдандырады, бөлшектер санын азайтады, бұл блоктарды үлкен серияламен өндіріп шығару жағдайларына жақындатады. Д49 дизелінің блоктары осы қасиеттерімен 10Д100 –дәнекерленген тігістері көп күш әсерін алатын дизелі блоктарынан ерекшеленеді. Д49 типті барлық дизелдердің блоктарының құрылымы бірдей және айналшық өздік механизімі бөлшектерін орналастыру үшін блок ұзындығы бойыншабөлік сандары мен ғана айырылады.

Блоктың төменгі картерлік бөлігі көлденең құйма элементтерден дәнекерленген. Дәнекерлеу тігістері цилиндр біліктері бойынша орын алған. Бұндай сұлба картер құраушы элементтерді контакттік дәнекерлеуді қолдануға мүмкіндік берді. Оны арнайы автоматтық контакт машинасында кңғөлденең периметр бойынша бір уақытта дәнекерлейді. Контакттік дәнекерлеу дәнекерлеу тігістерінің жоғары сапалылығын қамтамасыз етеді.

Блоктың ортаңғы бөлігі үрлеу ауасының ресивері болып табылады, огың ішіндегі қуысы- орталық май арнасы. Цилиндрлік комплектілерді бекіту сұқпалары картердің жоғары тақтасына сұғылады. Картер тірегіне бұрандамамен аспа ілінген. Ішпектермен бірге аспалар иінді біліктің негізгі мойынтірегінің тірегін құрайды.

ПД1М дизелінің рамасы мен цилиндрлер блогы./ 2.26 сурет/ жоғарыда қаралған құрылымдардан өзгеше. Дизель рамасы цилиндр блоктарын, иінді білікті, тартым генераторының статорын,май сорғысыжетегінің корпусын жинақтауға негіз болады. Бұл рамамен дизель тепловоздың негізгі рамасына бекітілген. Дизель рамасы қатты, науа тәрізді шойыннан құйылған, иінді білік айналшықтарын орналастыру үшін бөліктерге бөлінген қуысты құйма тәрізді.

2.26. сурет. ПД1М типті дизель рамасы:

1- рама; 2- ернемектер; 3- колонкалар;4- сұқпалар; 5- қақпақ;

6- көлденең бөлгіш; 7- май бұрушы арна; 8,17- ішпек, 9- төсем; 10,18,22- мойынтіректер қақпақтары; 11,15- бөлу білігі мойынтіректерінен май бұру штуцері; 12,14- негізгі мойынтіректерден май бұру штуцері; 13- итеруші тегершік; 16- негізгі мойынтірекке май бұру штуцері; 19- май құбыры; 20- әйнек; 21- тістегеріш саусағынан май бұру штуцері; 23- бөлу білігінің жетінші тірегінен май бұру штуцері; 24- жетінші тіректің сүйеніш-тірек ішпегі ; 25- бөлгіш тістегерішінің қуысы; 26-иінді білікті тығыздау корпусы.28- құбырша; 29,31, 32- тор;30- отын құюшы мойынтесік; 33- тесік; 34- негізгі мойынтіректіңқақпағын бекітуші сұқпа; 35-қармалауыш.

 

Жеті қалқа /6/ жоғары жағынданегізгі мойынтырекке төсем қызметін атқару үшін қалыңдатылған; ал төменгі жағында май жүру үшін тесік жасалған. Төсемдер бүйірлері рамаға цилиндр блогын бекітуші анкер сұқпасы өтетін тесіктері /3/ бар колонка жасай отыра кеңейе бастайды.

Көлденең қалқан тесіктеріне май сорғысы жетегі корпусының жонбасында орнатылушы ернемекті құбырдан тұратын майжүргізгіш/19/ орналастырады. Раманың артқы жағындағы құбырдың бүйір беті бітелген. Дизелдің жанасушы бөлшектеріне май жеткізу құбырын қосу үшін май жүргізгішке штуцерлер бұратылады.

Рама қуысының төменгі бөлігі/ май жинағыш/ алты тормен жабулы/31/. Рамада рама қуысынан май төгіп қысымдағы майды дизелге құйю үшін біруақытта қызмет ететін тесік пен май құю мойынтесігі бар. Ол май төгуші арнамен /7/ қатынасады, ал, май төгуші арна май сорғысының сорушы қуысымен және май жинағышпен қатынасады. Майжинағышқа кіре берісте майды ішінара тазалау үшін тор/ орнатылған. Май жиғыштағы май деңгейін өлшеу үшін картердің жанындағы қабырғасында щуп салуға келетін тесік бар.

Раманың алдыңғы өңделген бүйірі май сорғысы жетегі корпусының тіреу бөлшегі болып саналады. Ал, жоғарғы—цилиндр блогінің тіреуіш бөлігі. Раманың артқы жағындағы ернемек тартым генераторының станинасынбекіту үшін қызмет атқарады және жетінші негізгі мойынтіректің қалқанымен бірге бөлу тістегеріштері орналасқан қуыс құрады.

Осындай құрылым К6S310DR дизелі цилиндр блогы мен рамасында бар, бірақ олар дәнекерленілген.

2.27. сурет. 10Д100 дизелінің цилиндр төлкесі:

1- пайдаланылған газды шығаратын төменгі әйнектер; 2-цилиндрге ауа енгізушіжоғарғы үрлеу әйнектері; 3- блокка төлкені бекітуші ернемек; 4- көлденең қабырғалар.

2.28. сурет. Д49 дизелінің цилиндр төлкесі:

1- цилиндр төлкесі; 2- суға арналған қуыс; 3- төлке жейдесі; 4- цилиндр қақпағына төлкені бекітуші алты сұқпа; 5- тығыздауыш сақина

 

Цилиндр төлкесі (2.27., 2.28. суреттер) - ішкі диаметрі Д50 дизелдерде - 318 мм, Д49 дизелінде - 260мм, 11Д45 дизелде -230мм, 10Д100-207мм цилиндрлік форма. Цилиндрлік төлкенің ішкі жағына газ қысымы мен жоғары температура әсер етеді. Сақина мен поршеннің тозуын азайту үшін поршеннің төлке қабырғасына қажалуы аз болып, поршень сақинасы төлкеге жақын жатып, жақсы тығыздықты қамтамасыз етуі керек. Цилиндр төлкелерін көбінесе /Д100, 11Д45, Д49, Д50/ никель, молибден, хроммен жалатылған шойыннан құяды.

Уақыт өткен соң поршень мен сақиналары дизелдің жұмыс істеу барысында төлке бетін жоғары бір сыдырғы металлын өшіреді және сонымен қатар өзіде тоза бастайды. Цилиндр төлкесі блокпен бірге бүтін жасалған болса, қабырғалары тозған кезде бүкіл блокты ауыстыруға мәжбүр болынады, ал бұл ыңғайсыз. Сондықтан қазіргі дизелдерде блок ұясына салынатын цилиндрлік төлке қолданылады.

Цилиндр тығыздығына үлкен дәрежеде әсер ететін цилиндрлік төлкенің ішкі жағының сапасы, төлкенің геометриялық пішімінің дұрыстығы және талапқа сай тазалығына байланысты. Бұл талаптардың маңыздылығы соншалықты, бетінде жеңіл қырнау барысында да жоғарғы қабат тазалығын бұзатын 0.12- 0.2 мкм бүдір қалып қояды. Цилиндрдің жоғары қабатын тегістеу үшін негізгі әдіс ретінде хонингтау әдісі қолданылады, бұл әдісті қолданғаннан кейін тегістік 0,05-тен- 0,1 мкм болады, бұл қырнауға қарағанда біраз аз. Хонинг әдісін қолданғаннан кейін өңделген бет айнадаай жылтыр көрінеді, сондықтан оны цилиндр төлексінің айнасы деп атайды.

Осы ішкі бетке жағылған майдың ұсталуын қамтамасыз ету үшін фосфаттандырылады,яғни бетіне жұқа қабат қылып фосфат жағылады.

Төлкенің құрылымы дизель типіне байланысты/екі- , болмаса төрт тактілі/, яғни, қозғалтқыштың жұмыс процессі ерекшеліктері мен оның жылу кестесіне байланысты. 10Д100 дизелінде көптеген жылулық және механизмдік ауыртпалық орталық бөлігіне түседі, өйткені бұл жерде жану камерасы орналастырылған.

Д49 және ПДІМ дизелдерінде температура мен газ қысымы өте биік болғандықтан, төлкенің жоғарғы бөлігі жоғары қысымда болып, қатты қызады. Төлкенің төменгі жағы жақсырақ жағдайда болады, өйткені қысым мен жылу салмағы азырақ түседі.

10Д100 титпі дизелдің әр төлкесі жоғарғы және төменгі поршендерге жалпы ортақ. Газ қысымы аз болған жерде қабырға қалыңдығын жұқартқаннан төлке ні жалпы беріктігі шамалы ғана өзгереді. Сондықтан ПДІМ типті дизелдің төлкесі жоғары жағында қалыңдатылған, Д100 типті дизель төлкесінің орта бөлігі суытуға қажетті құрыш жейдемен қалыңдатылған, бұл оның беріктігін көтереді. Төлкемен жейде тығыздау орыны болып төлкенің ішкі бетіндегі көлденең қабырғадан жоғары және төмен орналасқан жері саналады.

Төлкені тек қана берік қылып емес, сонымен қатар қатты қылып істеу қажет. Отын жану барысында пайда болған жылуды жүйелі түрде төлкеден аластатып щтыру қажет, әйтпесе дизелдің дұрыс жұмыс істеуі мүмкін емес. Төлке қабырғасының температурасы поршень жағынан 180° аспас үшін тепловоз дизелдері төлкесінің сыртқы бетінің ортаңғы бөлігі сумен салқындатылады.

Дизелдің әр кестемен жұмыс істеу барысында төлке қабырғасының температурасы өзгереді. Сондықтан дизель блогындағы төлке жеңіл ұзартылу мүмкіндігін қамтамасыз етердей болып орналастырылады.

10Д100 дизелінің әр цилиндрі цилиндр төлкесінен, жейде және шығару қораптарынан тұрады. Төлке цилиндрі арнайы қоспа шойыннан құйылған.

Цилиндр төлкесінде екі қатар әйнек істелінген. Енгізу/ жоғарғы/ әйнектер үрлеу ауасын цилиндрге енгізу үшін, шығару / төменгі/ цилиндрден жанған қалдық өнімдерді шығару қызметін атқарады. Төлке ернемегі блокка бекітіледі. Төлкенің жоғарғы бөлігі ернемекпен енгізу әйнегі арасында үрленетін ауамен салқындалады. Төлкенің сыртқы бетінде орталық бөлігінде көлденең қабырғалар жүргізілген. Құрыш жейде төлкеге нығыз пресстеліп орнатылған. Төлке мен жейде аралығында суытқыш су айналатын қуыс болады. Жейде біруақытта төлкенің қажетті беріктігін қамтамасыз ететін құрсау ретінде қызмет етеді. Төлкемен жейде арасындағы су қуысы резеңке сақиналармен тығыздалған.

Төлкенің ортаңғы бөлігі мен жейдедегі тігіс беті төлкемен күйдірілген мыс төсеммен, ал жейдеде резеңке сақинасымен тығыздалған үш тесік бар. Бейімдегіштер бейнелеу краны мен екі бүркігішті орнықтыру үшін керек. Тозым беріктігін көтеру үшін жейденің ішкі жэне сыртқы беті орталық бөлігінде бүрлеумен бекітілген, бейімдегіш тесіктерінің маңайы тотығудан сақтайтын құраммен жағылған.

Төлкенің төменгі бөлігі шығару жинақтағышына цилиндрден пайдаланылған газ шығатын құйма шойын шығару қорабына енеді. Шығу қорабында төлкені төменгі бөлігі мен салқындату қорабы үшін су айналатын қуыс бар. Төлке мен шығару қорабы арасында екі тығыздау сақинасы орналастырылған. Цилиндр блокта шығару қорабының белбеуі және жейде мен төлке орнықтыру белбеуінің көмегімен центрлендіріледі.

10Д100 типті дизель төлкесінің жоғарғы ұшы блокка сұқпа арқылы қатты бекітілген, ал төменгі ұшы төлке қызған жағдайда ұзарту үшін бос қалдырылған.

Поршеньжәне оның бөлшектері дизельдің жұмыс істеу барысында механикалық және жылу салмағын ғана көтеріп қоймайды, сонымен қатар үлкен жылдамдықпен қозғалады. Иінді білік бұрылған сайын поршень жылдамдығы нольден ең жоғары жылдамдыққа дейін көтеріледі. Қазіргі заманғы тепловоз дизелдері поршендерінің орташа жылдамдығы 7,2-11,5 м/с болады. Қозғалыстың ауыспалы жылдамдығы салдарынан инерция күші пайда болып, поршеньге әсер етеді.

Ыстық газдармен тікелей жанасуына байланысты /температура 1200-1800 градус/ поршень ұшы өте ауыр жағдайда болады. Поршенге газ әсері үлкен ауыртпашылық түсіреді. Мысалы: ПДІМ типті дизель поршенінің түп беті 800 см кв. Ұшына 450Н /46тс/ артық күш түседі. Бұл күш генератормен дизелдің салмағынан 2 есе артық. Сондықтан поршеннің сенімді құрылысын жинау өте күрделі жұмыс : біріншіден беріктік пен қаттылық қажет болса, екіншіден – жеңілдік, өйткені қозғалыс барысында пайда болатын инерция күшінің аз болуы поршень тобы детальдары салмағының аздығы қаншалықты болса, иінді біліктің айналу жиілігі соншама көп болады. Жоғары температурадан беріктігі төмендемеу үшін поршенді қарқынды түрде салқындатып отыру қажет.

Алюминдік қорытпадан жасалған поршендер /Д50 дизелі/ жылуды жақсы өткізеді. Дизель қатты салмақ алған жағдайда алюминдік поршеннің ұшы 300° С дейін көтеріледі, сұр шойыннан құйылған поршеннің температурасы 500°С жетіп арнайы салқындатуды қажет етуші еді.Шойын алюминии қорытпасына қарағанда жылуды 3 есе нашар өткізеді.

Сонымен алюминдік қорытпа шойынан 2,6 есе жеңіл болғандықтанкөптеген дизелдердің поршендері алюминии негізінен жасалған қорытпадан жасалады.

Пішімі бойынша поршень стақан тәріздес /2.29/, биіктігі диаметрінен үлкен, бірақ қатал түрде цилиндрлік емес. Егер поршень ұзындығы бойынша сыртқы диаметрі бірдей болса, жоғары температура аймағындағы ұшы төменгі бөлігіне қарағанда көбірек кеңейер еді, бұл кеңейу поршеннің цилиндрлік төлкеде қыстырылып қалуына әкеліп соғатын еді.

2.29. сурет. 10Д100 типті дизель поршені:

1-май ағытқыш сақиналар үшін жырашалар; 2- төлке; 3-саусақ; 4- тығыздаушы сырғақ; 5- сырғақ серіппесі; 6-бұрандама; 7-тығыздаушы сырақтар үшін жырашалар; 8-ұшы; 9-стакан; 10-жоғарғы тақта; 11-төсем; 12-қоспа; 13-төсем; 14-төменгі тақта; 15-кесуші тоқтату сақинасы; 16 – құлып тығырығы,17 – бұран.

 

Сондықтан поршень ұшының диаметрі әзірлеу кезінде етек деп аталушы төменгі жақтың диаметрімен салыстырғанда біршама азаяды, яғни поршенге конус пішінін береді. Мұндай поршеннің қызу кезіндегі пішімі цилидр формасына жақындайды. Отынның жану жағдайларын жақсарту үшін, поршень түбінің сырт жағы ойысталып әзірленеді.

15 серіппелік тоқтату сақинасына, 9 корпусқа қосылатын ойық пішіндес түбі бар, 9 корпус (стакан) пен 12 қоспа дизель поршенінің (2.29 сурет) бас бөлшектері болып табылады. Поршень корпусы бөлшектің төзімділігін күшейту үшін сұр шойынан, қоспалы хромнан, никельден, молибденнен және мыстан жасалады. 12 қоспаның екі тесігіне поршень саусақтары салынған 2 қола төлкелермен сығымдалған. Саусақ орта бөлігімен шатунның жоғарғы ұшына кіреді. Поршеннің мұндай түзілісі құрамалы деп аталады. Құрамалы поршенде дизельдің сығу камерасы 12 қоспа, және 10 жоғарғы және 14 төменгі тақтаның арасына орнатылатын, қалыңдығы әр түрлі (0,1мм-ден 3,0 мм-ге дейін) реттегіш төсемдермен өзгертіледі. Поршень корпусы мен қоспаның (сұқпасыз) бұндай құрамасы тек екі тактілі дизелде болуы мүмкін, ондағы газдар қысымдарының күштері поршень корпусын қоспаға әрқашан жақындатып отырады, өйткені олар екпін күшінен басым болады. 1974 жылдан бастап сұқпасыз поршендер 10Д100 дизелдеріне сериялы түрде орнатылады.

11Д45 екі тактілі дизель поршенінің де түзілісі құрамалы: поршень корпусы қоспамен бірге тоқтату сақинасымен біріктірілген.

Д 49 типті төрт тактілі дизель поршенінің түзілісін қарайық.

2.30. сурет. Д 49 типті дизель поршені:

1- сұқпа; 2,12 - төлке; 3-саусақ; 4- тоқтату сақинасы; 5- тығыздауыш сақина; 6-ұшы; 7-сығымдағыш сақиналар; 8,9-май ағытқыш сақина; 10-кеңейткіш; 11-поршень тронкі; 13-стакан; 14-серіппе; 15-сым; 16-сомын; а- қуыс; б, в – арналар.

 

Поршень, цилиндр қақпағы және бұлғақтық ішпектің жұмыс қабілеті дизелді бөлшектеумен байланысты ресурсты анықтайды. Бұлғақтық-айналшақтық механизм бөлшектеріндегі серпінді жүктемелер біркелкі болуы үшін, Д 49 типті барлық дизелдерде құрама түзілісті және шағын салмақты поршендер қолданылған. 6 поршень ұшы (2. 30 сурет) ыстыққа төзімді құрыштан қалыпталған, температураны төмендету үшін, маймен суытылады. Бірінші сақинаның үстіндегі температура 170˚ С-тан аспайды. Біркелкі температура, ыстыққа төзімді жоғары сапалы құрышты пайдалану, компрессиялық сақиналар бұлақтарының тозуға төзімділігі мен ұшының жоғары механикалық және термиялық беріктігін қамтамасыз етеді. 11 поршень тронкі қалыпталған, төзімділігі жоғары алюминий қорытпасынан жасалады. Цилиндр төлкесімен сырттай кірісті жақсарту үшін, тронк үсті молибден дисульфидімен жабылған. 7 компрессиялық сақиналар глобулярлы графиті бар төзімділігі жоғары шойыннан жасалады. Сақиналардың трапеция тәріздес қимасы, олардың бұлақтарда жануға қарсылығы мен жылжымалылығын арттырады. Сақиналардың жұмыс беті қалыңдығы 0,16-0,25 мм хроммен жабылған. 0,05-0,07 мм тереңдікте хром ұсақ тесікті. Цилиндр төлкесі бойынша сақиналардың сырттай кірісін тездету сақиналардың гальвандық тәсілмен қажалушы жағын қалыңдығы 0,01-0,015 мм мыс және қалыңдығы 0,006-0,01 мм қалайымен жабу арқылы жүзеге асырылады.


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Пайдаланылатын тепловоздар | Дизель блогы мен цилиндрлік-поршендік топ. 2 страница

Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 1527; Нарушение авторских прав




Мы поможем в написании ваших работ!
lektsiopedia.org - Лекциопедия - 2013 год. | Страница сгенерирована за: 0.007 сек.