Студопедия

Главная страница Случайная лекция


Мы поможем в написании ваших работ!

Порталы:

БиологияВойнаГеографияИнформатикаИскусствоИсторияКультураЛингвистикаМатематикаМедицинаОхрана трудаПолитикаПравоПсихологияРелигияТехникаФизикаФилософияЭкономика



Мы поможем в написании ваших работ!




Дизель блогы мен цилиндрлік-поршендік топ. 2 страница

Май ағытқыш сақиналар қоспалы шойыннан әзірленеді. 8 жоғарғы сақинада бір май ағытқыш жиегі, 9-төменгіде екі жиегі бар. 10 кеңейткіш цилиндр төлкесіне сақина қысымының үнемділігін қамтамасыз етеді және оның май ағытқыш қабілетін жақсартады. Май ағытқыш сақиналардың поршендік саусақтардың білігінен жоғары орналасуы, тронкті майлауды жақсартады және төлке үстінің қажалуын болғызбайды. 3 поршень саусағы қоспалы құрыштан жасалған, азотталған немесе цементтелген. Поршень тронкі мен бастиегі төрт сұқпамен тартылған. Поршень ұшын суыту үшін май бұлғақтан бастиектің орта бөлігіне, кейін 6 арнаның бойымен а қуысына беріледі.

K6S310DR дизелінің поршені (2.31 сурет) жылу өткізгіштігі жоғары кремний-алюминий қорытындысынан құйылған. Поршень салмағы 42 келі.

Поршеннің жоғарғы бөлігі (бастиегі) кесілген конус тәріздес қалың қабырғалы болып жасалған. Конус пішінді бастиек температуралық кеңеюдің салдарынан болатын поршеннің сыналануын болғызбайды.

2.31. сурет. K6S310DR типті дизель поршені:

1- қақпақшалар үшін тереңдіктер; 2- ирекүтік; 3-тығыздаушы саусақтар астындағы жырашалар; 4,8- май ағытқыш сақиналар астындағы жырашалар; 5- саусақтар астындағы ауқым; 6-доға тәріздес жыраша; 7-тоқтату сақинасы астындағы жырашалар; 9-май төгу үшін; 10-монтаж қапсырмаларын бекіту үшін оймалық алқым; 11-тығын; 12-иректүтік өсіндісі.

Поршень бастиегі (түбі) кесігінің күрделі пішіні цилиндр ішіндегі ауаның отынмен жақсы араласуын қамтамасыз етеді. Поршеннің түбі цилиндр төлкесімен жән цилиндр қақпағымен бірлесіп жану камерасын құрайды.

Сығымдау камерасының биіктігі, яғни м.т. орналасқан поршень кесігінен цилиндр қақпағына дейінгі қашықтық 13 мм болғандықтан, цилиндрді үрлеу кезінде (қақпақшалар жүрісі 25 мм) жұмыс қақпақшаларының еркін ашылуы үшін түбінде төрт тереңдік 1 жасалған. Бастиектің сыр жағында поршень сақиналары астына бес сақиналық жырашалар (бұлақтар) ойылған, соның ішіндегі төрт жыраша (бұлақтар) 3 тығыздау (компрессиялық) сақиналарын қою үшін қызмет етеді, ал бесінші бұлаққа 4 жоғарғы май ағытқыш сақинаны қояды.

Цилиндр пішінді (диаметрі 309,6 мм) поршеннің төменгі жағы (етегі) цилиндрде поршенді бағыттауға арналған. Етектің сыртқы жағында бір бұлақ 8 төменгі май ағытқыш сақина астына ойылған. Цилиндр қабырғаларынан сақиналармен бірге ағытылатын майды төгу үшін, 4 және 8 бұлақтарда диаметрі 8 және 6 мм болатын тесіктер 9 бұрғыланған.

Поршеннің орта бөлігінде лықсулар (бөбешік) жасалған, олардың ішінде қимылы тоқтату сақиналарымен шектелген, поршень сақинасының астына диаметрі 130 мм 5 тесік жонылған. Бөбешіктерге сақиналар қою үшін сақиналық жырашалар 7 ойылған.

Поршень дизелдің май жүйесінен келіп түсетін май поршенінің бастиегін суытуға арналған иректүтікпен 2 бірге құйылған. Иректүтік 2 диаметрі 15 мм құрыштан жасалған спираль трубкасы түрінде жасалған, бір ұшында майды төгу үшін диаметрі 8 мм тесігі бар сопло астына ойма жасалған. Трубканың басқа ұшы тығынмен 11 жабылған, ал майдың иректүтікке кіруі үшін, трубкаға доға тәріздес жырашадан 6 шығатын поршень бөбешігінде өңделген өсінді 12 дәнекерленген. 2.31 суретте май қозғалысы бағыттауыштармен көрсетілген.

Поршендік сақиналар.Поршень цилиндр қабырғасы мен поршень арасындағы саңылау арқылы дизель картеріне газдар өтпейтіндей етіп жасалады. Саңылау қажет, өйткені дизелдің жұмысы кезінде поршень кеңееді және ол цилиндр төлкесінде сыналанады.Газдың саңылау арқылы шығуы дизель қуатының төмендеуіне әкеліп соғады. Газдар саңылау арқылы өту кезінде цилиндр төлкелері қабырғаларының кейбір жерлерін қыздыруға және майдың жануына алып келеді. Бұл төлке мен поршеннің тозуын тездетеді. Сығымдау кезіндегі ауаның шығып кетуі үнемдеуді төмендетеді, ал жану камерасындағы температура отынның жануына жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондықтан поршень мен цилиндр төлкесі арасында саңылау қалдырылады, поршеннің бүйір жағында серпінді (серіппелі) тығыздаушы сақиналар 5 салынатын сақина жырашықтары қайралады (2.30 сурет).

Барлық сақиналар поршенге кигізу үшін, кесікті (құлпы бар) етіп жасалады, ал цилиндрдің төлкесіне поршенді орнатқан соң, сақиналар төлке айнасына тығыз жақындап, созылады.Сақина ұштары сығымдалған күйінде ұштасады, алайда тоғысқан жерде саңылау қалады. Сондықтан сақиналар, көрші сақиналардың тоғысқан жерлері бір-біріне сәйкес келмейтіндей етіп қойылады.

Жұмыс барысында поршень мен цилиндр төлкесі арасындағы саңылау тозу салдарынан үлкейеді, поршень сақиналары кеңееді, яғни төлкеде өздігінен тығыздалады. Тығыздаушы (компрессиялық) сақиналар поршеннің жоғарғы жағында, ал ең жоғарғысы – поршень түбіне жақын орналасқан. 10Д100, 14Д40, 11Д45 дизель поршендерінде төрт тығыздаушы сақина қолданылады, Д49 дизелінде - үш, ПД1М дизелінде - бес.

Поршень төменге ауыса бастағанда, тығыздаушы сақиналар әрбір сақинаның төменгі және бүйір жазықтығының арасында маймен толтырылатын, (2.32., а сурет) бос кеңістік пайда болатындай етіп, поршеннің төбесіне жабысады. Поршень жоғарыға қозғалған кезде (2.32., б сурет), сақиналар жырашықтардың төменгі жазықтығына жабысады, сөйтіп жырашықтарға түсіп қалған майды жоғарыға, жану камерасына шығарады.

2.32. сурет. Тығыздаушы сақиналардың сорғылық әрекетінің сұлбасы:

1-цилиндр төлкесі; 2-поршень; 3-тығыздаушы сақина.

 

Сонда поршень сақиналары жырашықтардың төменгі және жоғарғы жазықтықтарына кезекпен жабысып, бірде майды сорады, бірде сорғы секілді жану камерасына ығыстырып шығарады (2.32, в сурет). Сақиналардың «сорғылық әрекетінен» цилиндрдің ішкі жағына май, майлауға қажетті мөлшерден артығымен түседі де, оның артығы цилиндр қабырғаларында қалып, жану камерасына барады. Май толық жанбайды, смола секілді затқа айналады, ол дизель тоқтаған соң, поршень бастиегінде күйе түрінде қатаяды, поршень мен поршень саусақтары арасындағы саңылаулардың жырашықтарын бітейді де, тығыздаушы сақиналардың жылжуын нашарлатады.

Цилиндр төлкесінің төменгі жағынан май алу үшін, поршенге май ағытушы (май айырушы) сақиналар орнатылады.

Май ағытушы сақиналар тығыздаушылардан, жану камерасынан төменге қозғалыс кезінде майды цилиндр төлкесінен қырып алушы, кесілген үшкір жиегімен (2.33.сурет) ерекшеленеді. Сақинадағы тура саңылаулар және поршеннің сақиналық жырашықтарындағы арнашалар арқылы май дизель картеріне ағады. Кері жүрісте, поршень жану камерасына қарай жоғары жүргенде, сақина өзінің кесілген жазықтықтарымен май қабығының бойымен сырғанайды, бірақ оны әкете алмайды.

2.33. сурет. Май ағытқыш сақина жұмысының сұлбасы:

1- цилиндр төлкесінің ішкі жағы; 2- поршень; 3-май ағытқыш сақина; 4- сақинадағы саңылаулар; 5- поршендегі арналар; 6-дизель картеріндегі артылған май.

 

Поршень саусақтары. Поршендерді бұлғақтармен топсалы байланыстырушы поршень сақиналары поршеннен иінді білікке күш береді. Салмағын азайту мақсатында, 10Д100, 11Д45, ПД1М және Д49 дизелдерінің саусақтары іші қуыс болып жасалған. ПД1М типті дизелде саусақ арқылы ысқылану бетіне майлайтын май беріледі. ПД1М типті дизель жұмысы кезінде саусақ, поршень және бұлғақ бастиегінде еркін айналуы мүмкін, ол жүзуші деп аталады. Жүзуші саусақтар дерлік біркелкі тозады. Әркелкі тозу кезінде саусақ пен бұлғақ бастиегі арасында біржақтама саңылаулар пайда болады. Саңылау қаншалықты үлкен болса, саусақ бұлғақ төлкесіне соншалықты көп күшпен соғады, сөйтіп оны тоздырады және бұлғақтық-айналшақтық механизмде жоғары кернеу құрады.

Бұлғақтар поршеннен, саусақтан алынатын күшті, иінді білікке береді. Бұлғақ өзегіне кезекпен сығымдау, созылу, серпін күштері мен газдан бойлық иілім әсерін тигізеді. Бұлғаққа бойлық иілімге қарсу тұру үшін, екі таңбалық пішін берілген.

10Д100 дизель бұлғағының құрылысына (2.34. сурет) назар аударайық. Төменгі және жоғарғы бұлғақтар түзілісі бойынша біркелкі, бірақ өзара ауыстырмалы емес. Олар өзегінің қашықтығымен және бұлғақ бұрандаларының орнатылуымен өзгешеленеді: жоғарғы бұлғақта бұранда бастиегі бұлғақтың төменгі бастиегіне, ал төменгі бұлғақта – бұлғақ қақпағына сүйенеді.

Бұлғақ құрыштан жасалған, мөртабан басылған, өзегі екі таңбалы қималы. Иінді біліктің бұлғақтық мойнағынан бұлғақтағы поршенге май беру үшін арналар бұрғыланған: төменгі бастиекте екі қиғаш және өзекте жоғарғы бастиектен төменгі бастиекке қиғаш арнашалармен қиылысуға дейін баратын бір тік. Жоғарғы бастиек сыртқысы – құрыштан және ішкісі – қоладан жасалған екі бөліктен тұратын төлкемен 2 престелген. Төменгі бастиекте баббитті құймасы бар қоладан жасалған 3 және 4 ішпектер орнатылған. Бұлғақтағы және бұлғақ қақпағындағы ішпектер өзара ауыстырылмайды және олардың орнын ауыстыруға болмайды. Бұлғақта орналасқан 3 ішпекте орақ тәрізді арнашалар жасалған; әрбір арнаша ұшында бұлғақ бастиегінде қиғаш арнашаға біртектес болатын қиғаш тесік бар. Қақпақта орналасқан 4 ішпекте үзіліссіз сақиналық арнашалар және ішпектің орталық бөлігінде бір тесік жасалған. Ішпектер бұлғақтың төменгі бастиегінде 8 штифтпен орнықтырылған, оның бір ұшы бұлғақ қақпағының тесігіне престелген, басқасы ішпектің 4 орталық тесігіне кіріп тұрады. Бұлғақ қақпағы 5 бұлғаққа, сіргелермен орнықтырылған сомындары 6 бар, екі бұлғақтық бұрандамен 7 бекітілген.

2.34. сурет. 10Д100 типті дизель бұлғағы:

1- бұлғақ; 2- төлке; 3-жоғарғы ішпек; 4- төменгі ішпек; 5- бұлғақ қақпағы; 6-сомын; 7-бұлғақ бұрандасы; 8-штифт.

 

ПД1М және K6S310DR титі дизель бұлғақтарының құрылысы жоғарыда сипатталғанға ұқсас. 14Д40, 11Д45 жәе Д49 типті дизелдерде цилиндрлер V-тәріздес орналасқан, бұнда мүшелес бұлғақтар қолданылады. Олардың біреуі бас, басқасы тіркемелі деп аталады. Тіркемелі бұлғақ бас бұлғақтың төменгі бастиегіндегі арнайы дөңес жеріндегі тесікке қойылатын бас саусақпен жалғастырылған.

Д49 типті дизелдерде бас 2 және тіркемелі 15 бұлғақтан тұратын бұлғақтық механизм қолданылады. Цилиндрлер арасындағы салыстырмалы аз қашықтық, орнынан қозғалған және жабалы бұлғақтардың түзілісімен салыстырғанда бұлғақтардың ең аз салмағындағы иінді біліктің тым қаттылығы - мұндай түзілістің артықшылығы болып табылады. Алайда қос төлке- тіркемелі бұлғақ саусағының қанағаттанарлық тозуға төзімділігін және ұзақ уақыттық жұмысын қамтамасыз ету күрделі техникалық тапсырма болып табылады.

Бас бұлғақ 2 18 Х2НЧВА құрыштан әзірленген. Бұлғақтар, бетінің және қақпақтың төзімділігін арттыру үшін, нығайтылады. Ішпектер үшін, төменгі бастиектің ішкі жағы, сығымдау кернеуінің болуын және түйіспелік тоттануды ескерту үшін, роликтермен дөңгелету арқылы нығайтылған. Бұлғақтар саусақпен 13 жалғастырылған. Ол қоспалы құрыштан әзірленген, үйкеліскен жері азотталған немесе цементтелген және ажарланған. Тіркемелі бұлғақ саусағының төлкесі бас бұлғақтың сырғалы тесікпен престелген. Ол құрыштан жасалған және оған қорғасын қоласын ерітіп құйған.

Үйкелескен беті қалайы және қорғасын қоспасынан тұратын қосымша қабатпен гальваникалық тәсілмен жабылған. Жоғарғы бастиектер төлкелері құрылысымен бір-біріне ұқсас. Бас және тіркемелі бұлғақтардың 6 және 16 бұрандалары қоспалы құрыштан әзірленген. Олардың оймасы мен бұранда ұшындағы радиустық өтпелері, қажуға төзімділігін арттыру мақсатында, роликтермен дөңгелетілген. Бұлғақтың төменгі бастиегінің тоғысқан жері көлденең бағыттағы 7 қақпақты бекітеді.Тік бағыттағы қақпақ бұранда белбеушелерімен орнықтырылған.

 

2.35. сурет. Д49 типті дизелдің бұлғақ механизмі:

1,17- бұлғақтың жоғарғы бастиегінің төлкелері ; 2- бас бұлғақ; 3,4-сомындар; 5,12- төлкелер; 6-бұлғақ бұрандасы; 7-бұлғақтың төменгі бастиегінің қақпағы; 14-қою төлкесі; 15-тіркемелі бұлғақ; 16-тіркемелі бұлғақ бұрандасы; В-арна; Г- тесік.

 

Жоғарғы 11 және төменгі 9 бұлғақ ішпектері құрыштан жасалған, жұқа қабырғалы, қорғасынды қоланы ерітіп құйған. Үйкелетін беті қалыңдығы 0,04 мм қалайы-қорғасын қоспасымен жабылған. Түйіспелік тоттанудан сақтау үшін, ішпектің үстіңгі қабаты қалыңдығы 0,01 мм қоламен жабылған. Ішпектер көлемдерінің пайдалануда сақталуы үшін, олар әзірлеу кезінде шеңбері бойлап пластикалық сығуға ұшырайды. Үйкелетін беті иінді білікті жүктеу кезінде бұлғақ мойнағы формасының өзгеруін азайту үшін, гиперболасы бойынша өңделеді. Ішпектер тартып қойылады, штифттермен орнықтырылады. Жоғарғы және төменгі ішпектер өзара ауыстырылмалы емес.

Бұлғақ айналмасы түпті айналмадан түсетін маймен майланады және суытылады. Май тесіктер және арна арқылы бас бұлғақ арнасына, тіркемелі бұлғақ саусағының төлкесіне және әрі қарай төлкелерге ағады. Бұлғақтардың жоғарғы бастиектері төлкелерінен май поршендерді суытуға барады.

2.4. Дизелдердің иінді біліктері

Төрт тактілі дизелдердің жұмыс цилиндрлерінде отын иінді біліктің (720 градус ) екі айналымынан кейін, ал екі тактілі – бір айналымнан кейін (360 градус) жанады. Отынның жануы әрбір цилиндрде бірдей уақыт аралығында кезегімен пайда болады. Солай, ПД1М алты цилиндрлік төрт тактілі дизелде иінді біліктің әр екі айналымында алты, 10Д100 типті он цилиндрлі екі тактілі дизелде біліктің бір айналымында – он рет тұтанады. Бірінші жағдайда екі кезекті тұтанудың арасында білік бұрылысының бұрышы 720:6=120˚ тең, екіншісінде – 360:10=36˚ градусқа тең. Демек, тұтану пайда болса, мысалы ПД1М дизелдің бірінші цилиндрінде: онда келесі тұтану бірінші цилиндр иініне қарағанда, 120˚ бұрышпен орналасқан иіні бар цилиндрде болады; үшінші тұтану біріншіге 240˚ бұрышта орналасқан иіні бар цилиндрде болады.

Иінді біліктің екінші айналымы кезінде қалған үш цилиндрде де 120˚ кейін тұтану пайда болады.

2.36. сурет. Айналшақтардың бір-бірімен салыстырғанда орналасу сұлбасы:

а - ПД типті дизелдің иінді біліктерінде; б - Д100 типті дизелдіңиінді біліктерінде.

 

V-тәріздес дизелдің цилиндрлерінде тұтанулар аралығындағы білік бұрылысы бұрышының мөлшері шектес цилиндрлердің «бұзылу» біліктерінің арасындағы бұрышқа байланысты. V-тәріздес дизелде қатар-қатар орналасқан цилиндрлердің саны бірдей болса, иінді біліктің иіндерінің саны 2 есе азаяды, ал иіндер арасындағы бұрыш екі есеге көбейеді.

Дизель айналымының біркелкі болуы үшін, цилиндрлерде бірдей уақыт аралығында тұтану алмасуы қажет. Сондықтан цилиндрлер көп болған сайын, иінді білік те, тартым генераторы да бір қалыпты айналады. Тұтанудың реттілігі цилиндр жұмысының тәртібі деп аталады. Олар сызықшалармен бөлінген, мысалы 1-3-5-6-4-2 (ПД1М) немесе 1-6-10-2-4-9-5-3-7-8 (10Д100 дизелі) цилиндрлердің реттік нөмірлерімен жазылады. V-тәріздес дизелі үшін цилиндр нөміріне «с» (цилиндрлердің сол жақ қатарын көрсетеді) немесе «о» (цилиндрлердің оң жақ қатары) әрпі қоса жазылады. Цилиндрлер жұмысының тәртібі иінді білік тіректерінің айналшақтарын шамадан тыс жүктемеу үшін, көрші цилиндрлерде бір мезгілде тұтанудың болуына жол қоймайды.

М.т. немесе н.м.т. жеткенде, поршень қозғалыс бағытын кері қарай өзгертеді. Серпін күші қозғалыс бағыты мен жылдамдық өзгеруінің себебі болып табылады, олар газ қысымынан пайда болатын, күштерімен бірге иінді білік айналшағына беріледі және маңызды мөлшерге жетеді. Иінді білік әзірлеу кезінде қозғалушы бөлшектердің серпін күшін азайту үшін, статикалы және динамикалы теңгеріледі, білік иіндері өзара бір мезгілде қарама-қарсы серпін күші пайда болатындай етіп орналастырылған. Осылай дизель иінді білігінің теңгерілуі жүзеге асырылады.

 

Иінді біліктердің құрылымдық ерешеліктері

 

Тепловоз дизелінің әрбір бұлғағы цилиндрдегі отынның тұтануы кезінде білік иініне 294-686 кН (30000-70000 кгс) күш беріледі. Өз салмағынан (2000 кг шамасында) иінді білік 1,5 мм-ге майысуы мүмкін. Қозғалтқыштың иінді білігі берік және қатты болып жасалады. Мұндай көрсеткішке диаметрді ұлғайту жолымен жетуге болады. Бірақ мұндай иінді білікті үлкендігі мен салмағына қарай қозғалтқышқа салуға болмайды. Сондықтан иінді білік бір айналшақпен жалғастыру ұзындығына тең учаскелерге бөлінген. Осылай айналшақ екі көрші айналмаға сүйенеді.

Сөйтіп айналшақтарға түсетін жүктеу азаяды, ал білік шамалы майысады. Біліктің айналшақтарға сүйенетін бөлігі негізгі мойнақ деп аталады, ал білік иінінің бұлғақпен жалғастыратын бөлігі бұлғақты мойнақ деп аталады.Негізгі және бұлғақты мойнақтар беттермен жалғасқан. 10Д100 дизелдерінің иінді біліктері он екі айналшаққа сүйенеді, ПД1М типті дизель білігі – жетіге, он алты цилиндрлік Д49 типті дизелдерінің білігі – тоғызға, ал 11Д45 дизелінің білігі - онға.

10Д100 типті дизелдің иінді біліктері арнайы шойынан құйылған. Цилиндрлердегі оты тұтануының ауысу тәртібіне сәйкес, иінді біліктердің айналшақтары 36˚ сайын орналасқан. 10Д100 типті дизелдердің жоғарғы және төменгі біліктерінде 10 бұлғақтық және іші бос 12 негізгі мойнақтар бар. Екі біліктегі он бірінші негізгі мойнақ тіректі айналмаларда айналу үшін қолданылады, арнайы тіректі белдемесімен жасалған және ұзындығы бойынша ұзартылған. Негізгі мойнақтан бұлғақтық мойнаққа май жүргізу үшін, білікте әрбір бұлғақтық мойнаққа солармен көршілес негізгі мойнақтан екі арна жүргізілген.

2.37. сурет. 10Д100 типті дизелдің жоғарғы және төменгі иінді біліктері:

1- төменгі иінді білік ; 2- сұқпа; 3 -сомын; 4-тістегеріш; 5- жоғарғы иінді білік; 6-ернемек; 7-бағыттаушы сақина; Н,П-ернемектер

.

Н ернемегіне (2.37 сурет) тік берілістің конус тәріздес тістегершіктері бұрандаларымен мықталған. Жоғарғы білік төменгіден айналшақтардың қарама-қарсы орналасуымен және ұш жағының құрылымымен ерекшеленеді. Жоғарғы иінді біліктің 5 алдағы ұшында кілтекте отын сорғылары біліктерінің жетектерінің тістегершігі 4 орнатылған; қарама-қарсы ұшында білік ернемегіне ортадан тепкіш айдауыш редукторының торсионды білігінің жетегі үшін кілтегі бар жетекші ернемек бекітілген. Төменгі иінді біліктің алғы бөлігінде арнайы сағада антидірілдеткіш орнатылған және білікте сұқпамен бекітілген, ал біліктің қарама-қарсы ұшындағы П ернемегінде генератор жетегінің жалғастырғышы орналасқан. Екі қиғаш май әкелуші арналардан төменгі иінді біліктің негізгі мойнағынан антидірілдеткішті майлау үшін, арналар арқылы май тартылады. Төменгі біліктің артқы ұшының иректүтігіне генератор білігі орталықтанатын құрышты цементтелген бағыттаушы сақина престелген.

Д49 типті дизелде қоспалы құрыштан жасалған иінді білік тұр. (2.38 сурет)Иінді біліктің мойнақтары азотталған, ойыңдары төзімділігін арттыру мақсатында беріктелген. Қозғалыс бөлшектерінің серпінінен ішкі моменттерді азайту үшін иінді біліктің барлық беттеріне теңсалмақтар орнатылады, олар білікке сұқпалармен, тығырықтармен және сомындармен бекітіледі.

 

 

2.38. сурет. Д49 типті дизелдің жоғарғы және төменгі иінді біліктері:

I-VIII-бұлғақ мойнақтары; 1-10- негізгі мойнақтар; 11- төлке; 12,15 -бұрандалар; 13,21-сомындар; 14- тістегеріш; 16-бітеуіш; 17-төсем; 18-штифттөлке; 19 – теңсалмақ; 20-сұқпа; 22-тығырық; А- тірек бөртелері; Ж-тесік; К,М-қуыстар. .

Теңсалмақтардың орнынан көлденеңінен қозғалмауы үшін, иінді білік бетімен салыстырғанда штифт-төлкелер пайдаланылады. Тоғызыншы негізгі мойнақта иінді білікті осьтік шектеу үшін бөртелер жасалған. Ернемекке құрама антидірілдеткіш орнатылған. Қуатты сұрыптау ернемегіне жалғастырғыштың бастаушы дискі орнатылған. Төлке 11 кілтек білігі арқылы сорғылар жетегінің тістегеріштеріне айналма береді.Ол иінді білікке бұрандалармен бекітіледі және штифттармен тоқтатылады. Тоғызыншы және оныншы негізгі мойнақтар арасында ернемек бар, оған 13 тарату білігі жетегінің тісті доңғалақтарына айналма беретін аумақмаңылық бұрандалар 12 және сомындармен тістегеріш бекітілген. Негізгі айналмалардан, бұлғақтық айналмаларды майлау үшін, май иінді білік мойнақтарындағы тесіктерге келіп түседі.


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дизель блогы мен цилиндрлік-поршендік топ. 1 страница | Дизель блогы мен цилиндрлік-поршендік топ. 3 страница

Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 1272; Нарушение авторских прав




Мы поможем в написании ваших работ!
lektsiopedia.org - Лекциопедия - 2013 год. | Страница сгенерирована за: 0.006 сек.